Ссудалық пайыздың мәні



Ссудалық пайыз тауарлы өндіріс жағдайында және қоғамда несие қатынастары дамығанда пайда болады. Несие болмаған жағдайда ссудалық пайыз болмайды.
Ссудалық пайыз несие ретінде – ссудаға (қарызға) уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіретін объективті экономикалық категория. Ссудалық пайыздың мәні мыналарды білдіреді:
А) ссудаға берілген құнды пайдаланғаны үшін төленетін тқленетін төлемді;
ә) несиеге қосылатын үстемені;
б) несие берушінің шығыстарының орнын толтыру әдістерін.
Ссудалық пайыздың көзінен өарыз алушының несиені өнімді пайдалануына оныі ссудаға берілген құнды пайдаланудың нәтижесінде алған пайда жатады. Сол себепті де ссудалық құнды ұсынушы несие мен оны пайдаланатын қарыз алушының арасындағы экономикалық мүдделердің қайшылыңы ұдайы болып тұрады. Бұл қайшылықты шешу процесінде несиені пайдаланудан түскен пайданы ссудалық пайызға бөлу жүзеге асырылады.
Ссудалық пайызды төлеу қажеттілігі қарыз алушыны ссудалық құнды барынша тиімді пайдалануға салым капиталында пайданы арттыруға мәжбүр етеді.
Ссудалық пайыз банктің қарыз алушыға несиені берудегі негізгі мақсаты болып табылады. Ол банктің негізгі табысын құрайды, сондықтан банк пайызды саласын толық алуға мүдделік танытады. Осы активті пайыздың есебінен пассивті пайыз төленеді (банк өз клиенттеріне ақшаларын банкке салғаны үшін төлейді). Активті және пассивты пайыздардың арасындағы айырмашылық банк маржасын немесе банктің таза табысын құрайды.
Ссудалық пайыз бойынша экономикалық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері болғандықтан оларды несиелік қатынастарымен қатар қоюға

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ссудалық пайыздың мәні
Ссудалық пайыз тауарлы өндіріс жағдайында және қоғамда несие
қатынастары дамығанда пайда болады. Несие болмаған жағдайда ссудалық пайыз
болмайды.
Ссудалық пайыз несие ретінде – ссудаға (қарызға) уақытша пайдалануға
берілген құнның бағасын білдіретін объективті экономикалық категория.
Ссудалық пайыздың мәні мыналарды білдіреді:
А) ссудаға берілген құнды пайдаланғаны үшін төленетін тқленетін
төлемді;
ә) несиеге қосылатын үстемені;
б) несие берушінің шығыстарының орнын толтыру әдістерін.
Ссудалық пайыздың көзінен өарыз алушының несиені өнімді пайдалануына
оныі ссудаға берілген құнды пайдаланудың нәтижесінде алған пайда жатады.
Сол себепті де ссудалық құнды ұсынушы несие мен оны пайдаланатын қарыз
алушының арасындағы экономикалық мүдделердің қайшылыңы ұдайы болып тұрады.
Бұл қайшылықты шешу процесінде несиені пайдаланудан түскен пайданы ссудалық
пайызға бөлу жүзеге асырылады.
Ссудалық пайызды төлеу қажеттілігі қарыз алушыны ссудалық құнды
барынша тиімді пайдалануға салым капиталында пайданы арттыруға мәжбүр
етеді.
Ссудалық пайыз банктің қарыз алушыға несиені берудегі негізгі мақсаты
болып табылады. Ол банктің негізгі табысын құрайды, сондықтан банк пайызды
саласын толық алуға мүдделік танытады. Осы активті пайыздың есебінен
пассивті пайыз төленеді (банк өз клиенттеріне ақшаларын банкке салғаны үшін
төлейді). Активті және пассивты пайыздардың арасындағы айырмашылық банк
маржасын немесе банктің таза табысын құрайды.
Ссудалық пайыз бойынша экономикалық қатынастардың өзіндік
ерекшеліктері болғандықтан оларды несиелік қатынастарымен қатар қоюға
болмайды. Ссудалық пайыз бойынша қатынас несиелік қатынаспен шектеліп
қалмайды. Егер несие бастапқы қайтарылымдағы құн қозғалысын білдіретін
болса, онда пайыз төлемі баламаны алмай-ақ (алусыз) құнды табыстауды
(құнның табысталуын) сипаттайды.
Несиені пайдаланғаны үшін алынатын пайыз қайтарылмайды, оның сомасы
қарыз алушыдан несие берушіге толықтай өтеді, сонымен қатар несиені беру
барысында меншік құқығы сақталып, құн қарызы алушыға уақытша пайдалануға
беріледі. Әрі нақты мерзімі біткен соң өзінің бастапқы межесіне
қайтарылады.
Несие беруші мен ссудалық пайыздың арасындағы экономикалық және
құқықтық даму несиелік келісімге – несиені қайтару және пайызды төлеу
міндеттемелерінде көрініс табады. Несиеге аванс пен қаражат беру тән. Ал
пайыз төлемі құн айналымының аяқталуын, пайданың алынуын және несиенің
пайызға ұлғаю мүмкіндігін білдіреді.
Несие мен пайыз бір-бірінен өздерінің пайда болу көздері бойынша
айрықшаланады. Несие айырбас саласының (қайта бөлу) туындысы болатын болса,
пайыз бөлу саласында пайда болады. Бұл арада пайыз несиенің арқасында ғана
пайда болған жоқ. Осы жерде ссудалық пайыз ұғымы алға шығады, ол – банк
қызметінің нәтижесіне жатпайды, оның шығу тегі өндіріс саласындағы
жұмысшылардың еңбегінде жатыр. К. Маркс ссудалық капиталды пайыздың
иррациональды баға - деп атады. Егер пайызды ақшалай капиталдың бағасы
деп айтатын болсақ, онда бұл тауар бағасы ұғымына мүлдем кереғар
иррациональды баға формасы болмақ. Пайыздың иррациональдығы мынаған
байланысты: баға тауар құнының ақшалай білдірушісі болатын болса, осыған
орай уақытша пайдалануға берілетін ақша да баға болып табылады. Екінші
жағынан, пайызды шынайы баға деп санауға болмайды, өйткені ол қарыз алушы
алған несие құнының ақшалай көрінісі болып табылмайды, яғни ол ссудаға
берілген бастапқы құнның шамасына тең емес.
Ссудалық пайыз қарапайым ұғымда несиені пайдаланғаны үшін төленетін
төлем ретінде болады. Біздің ойымызша, біріншіден, оны несиені пайдаланудың
нәтижесінде қайтадан жасалған құнның бөлігі ретінде, екіншіден, қарыз
алушыдан несие берушіге өтетін несиені пайдаланғаны үшін төленетін төлем
ретінде, үшіншіден, ссудалық қордың қозғалысында несие берушіні
ынталандыратын табыс (ол экономиканың және халықтың несие алуын өсіруге
мүдделі) ретінде қарастырғанда ғана ашылады.
Осылайша, ссудалық пайыздың мәнін талдау ссудалық қордың қозғалысын
ынталандыратын және қайтадан жасалған құнның есебінен кредитті пайдаланғаны
үшін пайыздық соманы төлеу себептері бойынша пайда болатын несие берушімен
қарыз алушының арасындағы экономикалық қатынасты сипаттауға мүмкіндік
береді.
Қарыз алушыға несие беру белгілі бір қауіп-қатермен, яғни
тәуекелдікпен байланысты. Қарыз алушының төлейтін пайызы осы тәуекелдікке
қарыз алушы банктің алдында өзінің міндеттемесін орындай алмай қалуы мүмкін
- барғаны үшін несие берушіге берілетін өзінше сыйақы ретінде
қарастырылады.

ССудалық капиталдың қызметі мен ролі
Қызмет экономикалық категорияның өзіндік ерекшелігі бар мәнін
білдіреді. Экономикалық әдебиеттерде ссудалық пайыздың мұндай қызметтерінің
екеуін атап көрсетеді: үлестіргіш қызмет және ссудалық капиталдың ұлғаюын
(өсімін) сақтау.
Ссудалық пайыздың үлестіргіш қызметі қайтадан жасалған құнның
(пайданың) бөлінуін білдіреді.
Пайыз арқылы пайданы бөлу меншік иелерінің ауысуымен қатар жүреді,
яғни қарыз алушы пайызды несие берушіге береді жіне меншік құқығы да оған
өтеді.
Пайданы бөлу процесінде ссудалық пайызды алушы мен төлеушы (қарыз
алушы) орындарын ауыстырады.
Несие беруші ссуда алушы болуы мүмкін, пайыз қозғалысы өз бағытын
өзгертеді – пайданың бір бөлігі қарыз алушыдан несие берушіге аударылады.
Сонымен қатар, несие беруші банктер өз пайдасының бір бөлігін – несиені
қарызға алған өз клиенттеріне пайызды төлеуші болуы ықтимал.
Пайыз арқылы пайданы бөлу салалық емес, қоғамдық сипатқа ие. Халық
шаруашылығы деңгейінде ссудалық пайызды төлеу ұлттық табысты бөлумен
байланысты.
Ссудалық пайыз қарыз алушының өзіндік кәсіпкерлік қызметі үшін алған
несиені толық әрі тиімді пайдалануға және несиені пайызымен толық әрі
уақтылы қайтаруы үшін пайда алуға екінші қызметін орындайды.
Ссудалық капиталды сақтайтын әрі ұлғайтатын ссудалық пайыздың қызметі
несие беруші ретінде банктік несиелік әлеуетін сақтаумен және арттырумен
байланысты. Ссудалық пайыз қарыз алушыны банк берген несиені толық әрі
уақтылы өтеуі ушін экономикалық тұрғыдан ынталандыра отырып, ссуда қорын
сақтайды әрі ұлғайтады. Қарыз алушыдан банк алған пайыз бен оған депозит
үшін төленген пайыздың арасындағы айырмашылық ссудалық қор мен оның
несиелік ресурстарын арттырудың көзін құрайды.
Пайыз еркін ақшалай капитал мен табысты ссудалық капиталға
айналдыратын, оны сақтап, көбейтетін қозғаушы күш болып табылады.
Пайыз қызметі оның экономикадағы рөлін де анықтап береді. Жалпы
шаруашылық тұрғысынан ссудалық пайыз ең алдымен несие беруші мен қарыз
алушының экономикалық мүдделерін білдіреді.
Ең алдымен бөлуші категорияға жататындықтан пайыз қарыз алушы
кәсіпорынның өкіміне қалған пайдадан тікелей шегеруші болып табылады.
Банкке төленетін пайыз сомасы неғұрлым аз болатын болса, ссуда алушының
таза табысы соғұрлым көп болады. Шаруашылық жүргізуші суъектілердің
несиені тиімді пайдалану есебінен оны үнемдеуге және арзан несиені алуға
ұмтылысы осында жатыр. Міне осы арада пайыздың алынған несиені тиімді
пайдаланудың ынталандырушы факторы ретінде рөлі көзге түседі.
Несие беруші банктің экономикалық мүддесі пайыздан білінбек. Ссудалық
пайызды алу оның қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Пайыздың
есебінен оның ақпаратты, материалдық-техникалық базасы бойынша және басқа
да операциялық шығындары өтеледі. Пайыз есебінен өз пайдасын алып, ссудалық
қорды арттырады. Бұл арада банк қызметінің нәтижелігін несиелік
операциялардың ауқымын ұлғайту арқылы арттырылмайды. Сонымен бірге, қарыз
алушының өз шаруашылығында ссуданы ұтымды пайдалануына ынталандыратын
сараланған пайыздың мөлшерлемелерді қолданып, несие айналымын жылдамдату
жолымен де арттырылады.
Ссудалық қор құнының сақталуына кепілдік беретін пайыз экономиканың
алға басып дамуына объективті алғышарттар тудырады.
Экономикада пайыздың рөлі - өзінің қаражатын және қарызға алынған
қаражатты ұтымды ұштастыруға ықпал ету болып табылады. Яғни, оның рөлі
өзіндік қаражат пен қарызға алынған қаражаттың ұтымды ұштасуына ықпал етуі
болып табылады. Нарықтың қалыптасу жағдайында қарызға алынатын қаражаттың
айналымына тартылатын ссудалық пайыздың деңгейі қарыз алушының уақытша және
аса қажетті қосымша қажеттіліктерін несиемен өтеуде ғана пайдалы болмақ.
Несиені шамадан тыс артық қолдану пайдалылықтың жалпы деңгейін тқмен
түсіріп жібереді.
Пайыз арқылы банкке таратылатын депозиттердің көлемін реттеу жүзеге
асырылады. Несиеге деген өсе түскен шаруашылық қажеттіліктері несие берудің
көзі ретінде банк депозиттерінің тиісті деңгейінде өсуімен өтелуі керек.
Мұндай жағдайда пайыз депозиттердің ұсынысы мен оған банк тарапынан
сұранысты теңестіруші фактор ретінде алға шығады, әрі банк айналымына ең
тұрақты қаражатты тартудың ынталандырушысы ретінде де пайыз рөлінің маңызы
арта түседі.
Ссудалық пайыздың рөлі елдегі ақша айналымын реттеуде танылады. Пайыз
мөлшерлемелерін саралап белгілеу арқылы экономикадағы ақша массасын
арттыруға немесе кемітуге болады.
Экономикада ссудалық пайыздың рөлін тұтастай күшейту әрі оны
экономикалық ахуалдың жағдайымен және реформаның барысымен тікелей
байланысты. Қазақстандағы осы заманғы экономикалық қатынастардың ссудалық
пайыз рөлінің күшеюі оны реттеуші қызметінің пайда болуы нәтижесі ретінде
тән болып отыр.

Ссудалық пайыздың формалары
Ссудалық пайыздың әр түрлі формалары бар. Оның жіктелуі бірнеше
белгілермен анықталады.
Ссудалық пайыздың формаларын жіктеу
Жіктеу белгілері Ссудалық пайыздың формалары
1 2
Несие формалары бойынша Коммерциялық пайыз
Банк пайызы
Тұтыну пайызы
Лизингтік мәміле бойынша пайыз
Мемлекеттік несие бойынша пайыз
Несие мекемелерінің түрлері ҚР Ұлттық банктің есептік пайызы
бойынша Банк пайызы
Банк несиесін тарту, Ломбард операциялары бойынша пайыз
инвестициялық түрлері бойыншаҚаражат айналымындағы несие бойынша пайыз
Негізгі қорлардағы инвестиция бойынша пайыз
Құнды қағаздардағы инвестиция бойынша пайыз
Несиені беру мерзімі бойынша Қысқа мерзімді ссуда бойынша пайыз
Орта мерзімді ссуда бойынша пайыз
Ұзақ мерзімді ссуда бойынша пайыз
Несие мекемелерінің операция Депозиттік пайыз
түрлері бойынша Вексельдік пайыз
Банктік есептік пайызы
Ссудаға қойылатын пайызы
Банкаралық несие бойынша пайызы

Пайыз мөлшерлемелері және олардың қалыптасуы
Ссудалық пайыз сандық тұрғыдан пайыз мөлшерлерінен білінеді. Пайыз
мөлшерлемелерінің мына түрлері көрсетіледі:
• Базалық мөлшерлеме – бұл сенімді қарыз алушыға немесе банктерге
олардың депозиттерін орналастыру арқылы ссуда беру бойынша
орташа пайыз мөлшерлемесі, яғни бірінші класты клиентке арналған
тәуекелдігі жоқ мөлшерлеме банк ресурстарының құнын анықтайтын
базалық мөлшерлемеге үстемені есептеу жолымен пайыз
мөлшерлемелері белгіленеді. Бұл үстемелердің мөлшерін ссуданың
сипатына жіне онымен байланысты қатер деңгейіне тәуелді
болмайды;
• Номиналды мөлшерлеме несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасын және инфляция қарқынын ескеру арқылы белгіленеді;
• Нақты пайыз мөлшерлемесі номиналды мөлшерлемеден нақты
инфляцияның қарқынын шегеру жолымен анықталады;
• Тіркелген мөлшерлеме несиенің келісімшарттың барлық әрекет ету
мерзіміне өзгеріссіз белгіленеді;
• Құбылмалы мөлшерлеме нарық коньюктурасына, экономика жағдайына
және т.б. сәйкес өзгереді;
• Реттелетін мөлшерлеме – мемлекетпен, Ұлттық банкпен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы
Несие капиталы
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде
Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі
Несие. Несие формалары мен түрлері
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
Банктің несиелік операциялары мен маңызы
Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның атқарымдары
Пәндер