Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы



Жоспар.

Кіріспе

1.Коммерциялық банктер операциялары.қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы.
1.1.Банктік операциялар мінездемесі.
1.2.Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
1.3.Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
2.Коммерциялық банктерін активті, пассивті операцияларының өзара байланысы.
2.1. Активті, пассивті операциялардың өзара байланысының қажеттілігі.

Қорытынды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе.
Менің ойымша коммерциялық банктер қазіргі нарық заманында халыққа қызмет көрсетуде жоғарғы рөл атқарады. Коммерциялық банктер көптеген операцияларды жүргізеді.Банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметінде қызмет көрсетумен байланысты несиелендіру,есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.Банктер пассив операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстарын жинақтайды.Ал актив операциялары бойынша банк өтімділігін қамтамасыз етеді.Актив пен пассив операциялары әрқашанда өзара байланыста болу керектігін біз білеміз.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (каражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялык ақылы) және сенімді операциялар.Коммерциялық банктердің активінің қалыптасып және қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты - несие беру (несие есептеу) операциясы бағалы қағаздармен операция (қор биржасындағы). Бұл ациялар банк балансының 80%-ін құрайды. Коммерциялық банктердің өзгешелігі - олардың өзгенін қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90%-ке жуығы тартылғяи қаражат. Банктер үшін депозит олардың пассив одерацияларының басты түрі.
Сондай-ақ менің ғылыми баяндамамның мақсаты:
• Коммерциялық банк операцияларын талдап,олардың тығыз байланысын көрсету және сипаттама беру болып табылады.
Мақсатқа байланысты мынандай шешімдерге көңіл аудару:
• Банктік операциялар мінездемесі
• Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
• Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
• Активті, пассивті операциялардың өзара байланысының қажеттілігі.
• Активті, пассивті операциялардың банк бойынша өзара байланысына анализ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
2. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002
3. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. — Алматы, изд. 2-е, перераб. и доп. Қаржы-қаражат 1997.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе
1.Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында
негізгі факторы.
1.1.Банктік операциялар мінездемесі.
1.2.Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
1.3.Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
2.Коммерциялық банктерін активті, пассивті операцияларының өзара
байланысы.
2.1. Активті, пассивті операциялардың өзара байланысының қажеттілігі.
Қорытынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе.
Менің ойымша коммерциялық банктер қазіргі нарық заманында халыққа
қызмет көрсетуде жоғарғы рөл атқарады. Коммерциялық банктер көптеген
операцияларды жүргізеді.Банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметінде қызмет көрсетумен байланысты несиелендіру,есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.Банктер пассив
операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк
ресурстарын жинақтайды.Ал актив операциялары бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз етеді.Актив пен пассив операциялары әрқашанда өзара байланыста
болу керектігін біз білеміз.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (каражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялык ақылы) және
сенімді операциялар.Коммерциялық банктердің активінің қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты - несие беру (несие
есептеу) операциясы бағалы қағаздармен операция (қор биржасындағы). Бұл
ациялар банк балансының 80%-ін құрайды. Коммерциялық банктердің өзгешелігі
- олардың өзгенін қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90%-ке жуығы
тартылғяи қаражат. Банктер үшін депозит олардың пассив одерацияларының
басты түрі.
Сондай-ақ менің ғылыми баяндамамның мақсаты:
• Коммерциялық банк операцияларын талдап,олардың тығыз байланысын
көрсету және сипаттама беру болып табылады.
Мақсатқа байланысты мынандай шешімдерге көңіл аудару:
• Банктік операциялар мінездемесі
• Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
• Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
• Активті, пассивті операциялардың өзара байланысының қажеттілігі.
• Активті, пассивті операциялардың банк бойынша өзара байланысына
анализ.
1.Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында
негізгі факторы.
1.1.Банктік операциялар мінездемесі.
Операции - (латыннан opratio-әрекет)
қаражат,несие,өнеркәсіп,сауда,сақта ндыру немесе басқадай міндеттерді
орындайтын іс.
Коммерциялық банктер -өзінің қызметінде қоғамдық маныздылығын көптеген
операциялар арқылы көрсеті.Қазіргі таңда коммерциялық банктер клиенттер
үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс
жасаушысы әмбебап “буыны” ретінде қатысады.Банкте жасалған операцияларды
біз банк балансында көрініс алатынын білеміз.Осыдан коммерциялық банк
балансының құрылымын келтіруге болады.Банктің балансы ақшалай түрде
көрсетілген коммерциялық банк ресурстарының жағдайын,оларды қалыптастыру
көздері мен пайдалану бағыттарын,сондай-ақ есепті мерзімнің басы мен
аяғындағы банк қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды.Баланс деректері
бойынша ақша ресурстарын қалыптастыру мен оны орналастыруға,бағалы қағаздар
нарығын қоса отырып,несиелік,есеп айырысу және өзге де банк
операцияларының жағдайына базалауды жүзеге асырады.
Коммерциялық банктің баланстары олардың есеп беруінің басты бөлігі
болып саналады .Оларға талдау жасау банктердің өтімділігін
бақылауға,банктін қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер жылдық баланс деректерін және пайдалар мен зияндар
туралы есептерді заңдық тәртіпте жариялап отырулары тиіс.Қазақстанның бүкіл
коммерциялық банктерінің біріккен балансы тұтастай экономиканы және әр
облыс пен аймақтардың жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді.Банктердің
баланс деректері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие
саясатының негізгі бағыттарын әзірлеп-жасау үшін негізгі көздер болып
саналады.

Банк балансының мынадай бөлімдері бар:
• Пассив бойынша –банктің меншікті қаржылары мен қатыстырылған
ресурстары,ал актив бойынша –банк ресурстарының орналасуын
көрсететін баланстық есептер.
• Құндылықтар мен құжаттардың,сақтауға алынған құндылықтардың,чек
бланктері мен акциялардың есебі жүргізілетін баланстық емес
есептер.
Баланс өзінің қызметі үшін қатыстырылған ресурстар мен қаржыларды
бөлудің көздерін көрсетеді.

Актив операциялар Пассив операциялары
1.Несие-есептеу операция 1.Меншікті капитал
2.Инвестициялық операция 2.Акционерлік
капитал 3.Кассалық және есептеу операциясы 3.Жарғылық капитал 4.Басқа
операциялар Міндеттемелер
Депозит операциялары Талап еткенге дейінгі депозиттер.
- Шұғыл депозиттер.
- Сақтық кассалары.

Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операцияляры деп атайды.
Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:
1. несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі
қалыптасады;
2. Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін
құрайды;
3. кассалық және есептесу операциялары - банктің клиенттерге көрсететін
кызметтерінің бірі;
4. басқа операциялар.
Пассив операциялары - олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінін бағалы қағаздарын шығарып және басқа
да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын кұру және оны ұлғайту
операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив
операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен
жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор
мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
1. салым қабылдау (депозиттер);
2. клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-
банктерге) ашу және оларды жүргізу;
3. өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель,
депозиттік және жинак сертификаттары);
4. банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған
несие ресурстарынан;
5. репо операциялары;
6. еуровалюталық несие алу.

Банктің өз каражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге
бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы
кағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөліңген сомадан құрылады. Ол
ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын
шығындарды жабуға арналады
Бөлінбеген пайда шоты деген - ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер
арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда
жинақталады.

Басқарылатын ресурстяр банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және
банкаралық несиелерді біріктіреді.
Агымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы
қалдықтардан құрылады.
Салым (депозит) - ол белгілі бір шартпен иесінін банкке сақтауға салған
ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе акшаның қолма-қол емес
формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.

1.2.Банктердің активтік операциялары және коммерциялық банк
активтерінің сапасы
Кіріс алу және өтімділікті (ликвидтілікті) қамтамасьіз ету мақсатымен
банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті
операцияларының мазмүның анықтайды.Банктердің активтерін басқару меншікті
және қатыстырылған қаржыларды жоғары табыс пен тәуекелдің төмен болуына
ұмтылу арасында объективті қажетті тепе-теңдіктің тұрақты түрде қамтамасыз
етілуін ұстап тұратындай тәртіпте орналастыруын білдіреді.
Коммерциялық банктің активті операциялары активтердің құрылымына,
тәуекел активтердің көлеміне, активті операциялар мен өтімділіктің
(ликвидтіліктің) әртүрлілігіне қатысты, оның операцияларының негізгі және
айқындаушы бөлігін құрайды. Банктің активтерін мынадай 4 категорияға
(санатқа) бөлуге болады:
1. кассада қол ақшаның болуы;
2. бағалы қағаздар инвестициялары;
3. ссудалар;
4. ғимараттар мен құрылыстар.
Коммерциялық банк активтерінің бірінші категориясы (санаты) - кассада
қол ақшаның болуы, өтімділік дәрежесі жоғары, сонымен бір мезгілде табыс
әкелмейтін топ болып саналады. Активтердің екінші және үшінші категориялары
(санаттары) мол кірісті, бірақ тәуекелділігі жоғары болып саналады.
Төртінші категория (санат) - ғимараттар мен құрал-жабдықтар өтімді емес,
сол сияқты мол кіріс келтірмейтін активтер түрінде қатысады.
Банктердің активтерін құрамы мен құрылымы тұрғысынан зерделейді.
Несие-есептеу оперяциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп йөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті
үкімет органдарына, халыққа,басқа банктерге берілетін қарыз;
пайдаланатын мерзіміне байланысты - қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта
мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз
және айналыс аясына берілген карыз;
борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай өнеркәсіпке,
саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
қамтамасыз етілуі бойынша - кепілді, қорғаулы қауіпсіз және
қамтамасыз етілмеген (бланктік);
өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтелетін кдрыз.
Активтердің тиімді құрылымын белгілеу мен оны сақтау кезінде әрбір
банк бойынша проблемалар туындайды Банктер активтердің тиімді құрылымын
белгілей отырьш, өтімділік талаптарын, яғни олардың мерзімдері, сомалары
мен үлгілерін ескеру арқылы міндеттемелерге қатынасы бойынша жоғары өтімді
және өтімділігі аз қаржылардын жеткілікті көлеміне ие болу талаптарын
орындауға тиісті болады.
Активтердің сапасы олардың өтімділігімен, тәуекел активтерінің
көлемімен, сыни және толыққанды емес активтердің үлес салмағымен, табыс
әкелетін активтер көлемімен анықталады.
Банктің өтімділігі мен пайдалылығы арасындағы оңтайлы арақатынасты
ұстап тұру міндеті банкті басқарудағы негізгі проблема болып саналады.
Мәселен, өтімді активтердің тез арада ақшаға айналуындағы, бірінші талап
бойынша активтерді пайдалану есебінен уақытылы және толық қол ақша түрінде
төлеудегі банктің қабілеттілігін білдіреді.
Банкте сақталатын активтердің өтімділігі жоғары болса, онымен
байланысты тәуекел де аз болады, сонымен бірге осы активтерден алынатын
кірістер де соған сәйкес азаяды. Банкті басқару өнері өтімділікті
төмендетпестен, және талап етілген деңгейде төлемқабілеттілікті ұстап тұру
арқылы активке салынған капиталдан алынатын пайданың ең жоғары нормасын
қамтамасыз етуден түрады.
Активтерді басқару кезінде мынадай маңызды қағидаларды сақтай білу
көзделеді:
активті операцияларды жасау кезінде үнемділікке
қол жеткізу;
тәуекел қалыптары шегіндегі операциялар;
активтік және пассивтік қаржылардың тепе
теңдігі;
• кіріс келтірушілікті қамтамасыз ету.
Сыныптық және өтімділік дәрежесі бойынша активтердің
жіктеуін келесі түрде беруге болады:
Сөзбе сөз алғанда өтімділік термині өткізу мен сатудың,
материалдық құндылықтардың ақшаға айналуының жеңілдігін білдіреді. Банк
активтері олардың ақция формасына жеңіл айналушылығына қатысты өтімді немес
өтімді емес қаржы ретінде анықталады. Банк активтері олардың өтімділік
дәрежесі бойынша үш топқа бөлуге болады:
1. Тез арада дайын болатын өтімді қаржылар немесе бірінші сыныпты
өтімді қаржылар. Оларға жататындар касса, қор, есеп шоттағы қаржылар,
бірінші сынып векселдер және мемлекеттік бағалы қағаздар.
2. Ақшар айналуы мүмкін банктің иелігіндеғі өтімді қаржылар
биржада тіркелген, бағалы қағаздар түрінде шартты түрде өткізілетін,
банктің пайдасына таяудағы 30 күн ішінде орындалуы тиіс несиелер мен өзге
құндылықтар мен төлемдер.
3. Өтімді емес активтер - бұл кешіктірілген активтер мен қайтарылуы
белгісіз қарыздар, негізгі қорларға жататын банктің иелігіндегі ғимараттар
мен құрылыстар.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері қағидалары)
сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайшылдық, мерзімділік, төлемділік
және мақсаттылық.Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік
шектеумен (лимит) несие линиясын ашумен беріледі.
Контокоррентік шот деген несиелік шотпен ағымдағы (есептесу)
шоттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (қалдық)
клиентке несие беруді (көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта
өзінің қаражаты бар екенін керсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа
мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі.Ал кейбір мемлекеттердің
(Ұлыбритания, Канада) банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді
Овердрафт - клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі
немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы ш-тындағы қалдықтан артық болса
да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта
дебеттік қалдық қалады

1.3.Банктердің пассивтік операциялары жоне коммерциялық банктін
ресурстары
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша
ашып көрсететін болсақ, басты технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бүл
жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бүл
операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер
жасайтындығынан, сондай-ақ міндеітемелер бойынша банктердің жауапкершілігін
арттыратындығынан көрінеді.
Банк ресурстарын құру үшін банк каржылары қарастырылатын, содан кейін
актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік
операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы
олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.
Банк пассивтерін құру процесі, олардың құрылымдарын оңтайландыру, соған
орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының ресурстық
мүмкіндіктерді құруы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің бірі болып
саналады. Тұрақты ресурстық базасының болуы банктің активтік операцияларды
табысты жүргізуіне мүмкіндік береді.Банктің пассивтік операцияларды
жүргізуі нәтижелерінде банк капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұратын
банк ресурсы пайда болады.
Банктің өз каражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге
бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы
кағаздар нарығында акцияларды орналастыру аркылы жинақталады. Жарғылық
қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында
көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен
банктін тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі аз
мөлшерін бекітеді.
Меншікті капитал - бұл кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі. Ол Жарғылық, Резервтік қорлардан,
резервтерден және пайдалардан тұрады. Коммерциялық банктердің меншікті
капиталының рөлі мен мөлшерінің басқа қызмет түрлерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Банк жүйесі туралы ақпарат
Банктердің қызметтері мен операциялары
АҚШ-тың банктік жүйесі
Банктік қызмет көрсету шарты
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Банктік қызметтер нарығының теориялық негіздері туралы ақпарат
Екінші деңгейлі банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі
БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
Пәндер