Тарбағатай



Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді.
Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі.
Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді.
Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар.
Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар.
Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тарбағатай
Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан,
ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан
климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс
қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан
территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді.
Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С,
шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын
шашынның көбі қыста түседі.
Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым
топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді.
Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды,
құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран
өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта 
тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар.
Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда
тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен
өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы
қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары 1400-1700 м
қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік
шалғындар өскен таулы зонасы бар.
Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай,
Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс.
Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік
дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан
шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай – жырлармен тілімделген ойыстан шөл
және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады.
Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, ақ құлақ
борсық, қос аяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар.
Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай,
қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қос мекенділер мен бауырмен
жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақа, тас бақа және дала сұр жыланы,
секіргіш кесіртке кездеседі.
Ауданның таулы өнірін қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, қосаяқ,
суыр, қоңыр аю, арқар, сілеусін мекендейді.
Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын
Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Уласты, Қандысу
Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады.
Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан
тущы көл.
Ұзындығы 100 км-дей, ені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км, жағасы көп жерінде
жайпақ.
Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтар. Көлде
балықтардың бежіре, ақ балық, таймен, шортан, аққайран, сазан т.б балықтар
ауланады. Кеме жүзеді. Көл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан
Туғыл кентінде балық аулайтын, аулаған балықты өңдейтін кәсіпорындар жұмыс
істейді.
Ауданның өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен
ерекшеленеді. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалды, өзен-
бастау жағалаулары құрақты далалы        
Жер қойнауынан қоңыр көмір, мәрмәр, никель, құрылыс материалдары бар
екендігі анықталған.
Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының
ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыны
Тастау 2991 м. Шығысында Алтай тауы мен,  батысында Сарыарқа мен ұласады.
Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік
шындары көп.
Осыдан бастау алған Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Қарасу, Шорға,
Тайжүзген, Қандысу, Құсты  Зайсан көліне құяды.
Біздің ауданда  ойлаған көсемдер,  шешендер,  әділ билер,  жауға қол бастап
шыққан  батырлар,  күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел
әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар
өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай Барқытбел атанған қарт Тарбағатай
ерте замандардың көнекөз куәсі.
Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте
көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді
обалар.
Қазақстан тарихи зерттеулерінде Алтын - оба аталып кеткен Шілікті
аңғарындағы қорғандардан осы дәуірдің көне мәдениет ескерткіштері табылған.
Археологиялық қазба кезінде 500-ден астам алтын бұйымдар шыққан. Бұлардың
көпшілігі еліміздің ұлттық мұражайында  және әлемдегі ең үлкен
мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы эрмитажда сақталуда.  Шыбынды елді-
мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағдан,
Кіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылған. Жермен
елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған
Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай
өңірінің тумасы екендігін, ұлы ерлігіне лайық дарабоз,  батыр атануы
ұрпақтар үшін зор мақтаныш.
Ел қорғаудағы ұлы ерліктер Тарбағатай өңірінде өткені белгілі. Аудан
жеріндегі Қалмаққырған, Долаңқара, Кергентас, Баспан, Майлышат, Құбас
кезеңі, Шорға, Мауқыбай, Шаманна тағы басқа тарихи жерлер осы оқиғаға
байланысты аталған.
Осы өңірдегі 1826 жылы орыс патшалығына бодан болмаймыз деп алғаш рет
анықтап, ашық қарсы шығып ақыры сол үшін құрбан болған Қожагелді батыр,
Сатының ұраны болған Бұтабай, Маңырақ айқасында аты шыққан Байотар, ел
бірлігін көксеген Сасан, Шәкі билер, Сатының биі қажы, бүкіл исі қазаққа
әйгілі Тана мырза мен Кенжелі шешен, Найман елінен алғаш рет қажыға барған
Шал қажы, Құрбан қажы, Әулие емші Ырғызбай, Оразбай дуана, қарадан шығып
аға султан болған Қисық, сұлтандар Тарбағатай жерін мекендеген.
1856—57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң
әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы
өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет
биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды
жаңалықтарының бiрi — Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы
жолғы еңбегi Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн
жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды.
19 ғ-дың 50—60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл.
сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу
тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань
тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен
бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын
жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-
геогр. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орт. Қазақстан мен
Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы
туралы нақтылы деректер жиналды. 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдiң
Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары
пайдалануға, т. ж-дың салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл
бөлiне бастады. Жалпы геогр. зерттеулермен бiрге арнаулы геол.,
топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар
жүргiзiлдi. 1865—79 ж. аралығында А.Татаринов Оңт. Қазақстаннан Ленгер,
Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау
түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары
жүргiзiлдi. Қазан төңкерiсiне дейiн Маңғыстау түбегiн зерттеу жұмыстарының
ең көрнектiсi — Н.И. Андрусовтың Мангышлак (Маңғыстау) атты еңбегi.
Мұнда автор түбектiң тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгiлi болған
барлық деректердi тұжырымдады. 1865—79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д.
Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солт-н, Балқаштың оңт-н,
Тарбағатайды зерттеп, Түркiстан аймағының алғашқы геол. картасын (1881)
жасады. Онда бүкiл Оңт. Қазақстан өңiрi камтылды. И.В. Мушкетов Орта
Азияның физ. географиясы мен геологиясына арналған Туркестан
(Түркiстан) еңбегiн жазды (1886—1906). Ол сонымен бiрге 1887 ж.
Верныйдағы (қазiргi Алматы) зiлзаланың себебiн және зардаптарын зерттедi.
19 ғ-дың 90-жылдарында Сiбiр т. ж-н салуға байланысты Солт. Қазақстанда
көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық
зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солт. және Орт. Қазақстанның геол.
құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары
(Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың
зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен
тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен
байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А.
Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар
аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геол., топырақ
тану, ботан., т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер
бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер
жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-
Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр.
құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген
бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне
эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-
Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас
Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол.
бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты
геогр. сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. зерттеу
жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал
шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi.
19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргiзiлдi,
бiрақ мұнда метеорол. ст-лардың саны өте аз болды және аумақ бойынша
орналасуы бiркелкi болмады.
1898 — 99 ж. Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Геогр.
қоғамының Бат. Сiбiр бөлiмшесiнiң тапсырмасымен Солт. және Орт.
Қазақстанның iрi көлдерiне зерттеу жүргiздi. 1899 — 1902 ж. аралығында Берг
Арал т-нiң гидрологиясын зерттедi. Нәтижесiнде Арал т. туралы бұрынғы
түсiнiктер түбiрiмен өзгертiлдi. Бұрын бүкiл Тұран ойпатын жауып, шығыста
Балқаш к-не дейiн созылып жатқан бiртұтас Арал — Каспий алабы болды деген
ұғым терiске шығарылды. Өз зерттеулерiнiң нәтижесiн Берг Аральское море
(Арал теңiзi) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз
деректерiнiң нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгiнгi
күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осыдан кейiнгi жылдары Берг Балқаш к-н жан-
жақты зерттедi.
20 ғ-дың басында қазiргi Қазақстан жерiнде топырақтану зерттеулерi етек
жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ
зерттеушiлер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық
еттi. Қазақстанның өсiмдiгiн зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов
үлкен еңбек сiңiрдi. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Iле
тауларын, Iле өз. алабын, Iле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бiрi болып
Тұран шөлiн жiктеп, онда шөлдiң саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң
түрлерiнiң бар екендiгiн анықтады. Геоботан. зерттеулердiң iшiнде В.В.
Сапожников Тянь-Шаньда, Жетiсу Алатауында, Алтайда ботан. және геогр.
зерттеулер жүргiздi. Ол бұл тау жүйелерiндегi өсiмдiктердiң таралуының
бiрқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Бат. Қазақстанда жүргiзген
геоботан. зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, шөл және дала белдемiнiң ауыспалы
сипатта екендiгi туралы пiкiр айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан
бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан
зерттедi. Ол өз еңбектерiнде, әсiресе, өсiмдiк ассоциациясының жер
бедерiмен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.
19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне
бастады. Iрi зоол. зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi.
Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын
анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал т-дерiнiң
фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиол.
коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геол. уақытта
Каспий мен Арал т-дерi арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге
алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң
зерттеулерi геогр. тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов
Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных
(Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы) деген күрделi
еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогр. аудандастырудың негiзiн қалады (Оңт.
Қазақстанды қоса).
Қазақстанның орнитофаунасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсуат ауылдық округі
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің географиялық орны
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Тарбағатай тауының топырақтарына жалпы сипаттама
Тарбағатай жотасы
БӨРІТАСТАҒАН ҚҰПИЯЛАРЫ
Тарбағатай ауданының тарихы
Үржар өңіріндегі Тарбағатай тауларындағы өсімдіктердің түрлік құрамы, оларды мектеп курсында қолдану
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Көкжыра ауылының климаты
Пәндер