Ислам дінінің бес парызы



Жоспар
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Дін туралы жалпы түсінік
1.1 Ислам діні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ислам дініндегі негізгі заң . Шариғат ... ... ... ... ... ... ... ...7

II Негізгі бөлім
Ислам дінінің бес парызы
2.1 Қажылықтың маңызы мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Тақырыбы: Ислам дініндегі Қажылықтың рөлі мен маңызы

Орындаған:
Жәнібекова М.Т

Тексерген:
Жаңабаев Ж.М

Ақтөбе 2011

Жоспар

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...3

Дін туралы жалпы түсінік

1. Ислам
діні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .4
2. Ислам дініндегі негізгі заң - Шариғат ... ... ... ... ... ... ... ...7

II Негізгі бөлім

Ислам дінінің бес парызы

2.1 Қажылықтың маңызы мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 11

Кіріспе
Дін туралы жалпы түсінік

Дін- қоғамдық құбылыс. Дін әрбір адамға таныс сөз (латынша religio-
байланыс деген мағынаны білдіреді). Діннің адамзат тарихында алар орны
ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге
деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғмда әрқилы болып келген. Дін-
қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол құдай мен адамның байланысы
арқылы адам өмірінің мәніне арналған сана формасы. Бұл мәнде дін қай
Халықтың болмасын мәдениетінің рухани негізі. Дін адамдардың жеке сеніміне
қатысты анықталғанымен, оның белгілі әлеуметтік топтарда және қоғамда
алатын орны ерекше.
Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз- оның қоғамдық
сана мен дүниетанымның формасы, діни мәдениет, белгілі әлеуметтік жағдайда
қызмет атқаратын құбылыс екендігін мойындау.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды. Бұдан
діннің биологиялық мәні анықталмақ. Қандай дінді алсақ та оның негізінде
адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді.
Қоғамдық сананың түрі ретінде дін өзіндік белгілермен ерекшеленеді. Ол
ерекшелік, біріншіден, қоғамдық сананың бұл түрі қоғамдық болмыстың қай
жағын, нені бейнелейді, екіншіден, ол бейнелеу қандай түрде өтетіндігін
белгілейтіндігінде жатыр.
Ф.Энгельс дін туралы анықтамасында осындай екі аспектіні қарастырған.
Біріншіден, Маркске дейінгі атеистердің дәстүрін жалғастыра отырып, дінді
дүниенің бұрмаланған көрінісі болып табылатын фантастика, бұл ретте жер
бетіндегі күштер құдіреттілікке ие болады деген. Екіншіден, ол адамдар
санасына фантастикалық діни бейнелерді туғызушы, адамдарға үстемдік етуші
күштерді көрсетті. Ол діннің әлеуметтік негіздері болатын.
Діннің басты белгісі- құдіретке наным. Құдірет діндарлар мен діни
ғұламалардың пікірінше ешқандай материалдық дүние заңдылықтарына
бағынбайды, ол объективті өмір сүреді. Ғылыми атеизм теалогиялық көзқарасқа
қарсы, құдіретті объективті өмір сүреді демейді, оны адам санасының
құбылысы, белгілі бір бейне, идея, ұғым деп қарастырады. Дін күрделі
құбылыс, ол мұндай белгілерден тұрады:1.діни елестеулер; 2. діни ғибадат,
іс- әрекет; 3. діни ұйымдар.
Діни елестеулер екі деңгейден тұрады: әдеттегі діни сана, яғни діни
психология мен діни идеология. Жалпы діни елестеулер- құдіретке сенуден
туындаған идеялар мен бейнелердің жиынтығы.
Діни психология- қарапайым діндарларға тән құдірет туралы жалпы
елестету. Ол бұрыңғыр, толық емес, жүйесіз, орнықсыз болып келеді.
Жалпы қай дінде болмасын өзіне тән ғибадаттық іс - әрекеттер бар. Олар:
зікір салу, құрмет тұту, құрбандық шалу, ораза ұстау секілді.

1.1 Ислам діні

Кәзіргі кездегі ұлттық діндердің қатары көп. Олар:
• Индуизм- қазіргі Үнді елінде көп тараған.
• Синтоизм – Жапонияда ежелгі феодалдық дәуірде жергілікті анимистік
нанымдар мен шаман діни нанымдары белгілерінің негізінде қалыптасқан
дін.
• Иудаизм - өте ертеде шығып, осы кезге дейін сақталып келген
еврейлердің діні.
• Будда діні – ең ерте шыққан әлемдік діндердің бірі.
• Христиан діні – кіші Азияда пайда болған әлемдік дін.
• Ислам діні – Аллах Та'аланың Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) арқылы жібеген
Ақиқат жолы, пендені құтқарар Тура жол , дүние жүзіндегі ең ықпалды
әрі кеңінен тараған дін.

Ислам сөзі арабшада бейбітшілік, бағыну, мойынсұну деген
мағыналарды білдіреді. Яғни ислам діні адамдық пен бейбітшілік діні деген
сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан ұлы жаратушының соңғы пайғамбары жер
бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген десек те болады.
Жаратушыны жалғыз, дара деп қабылдауымен Ислам монотеистік дін болып
табылады. Негізгі ұстанатындары – Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың
өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (сүннеті).
Деректер бойынша, хазірет Мұхаммедке (с.а.с) пайғамбарлық ақыл ойы
кемелденген 40 жасында қонған. Елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында
Хира тауының басында Жәбрейіл періште жеткізген делінеді. Періштенің
жеткізген аяндары уахи деп аталған.
Тауда үңгір ішінде оңаша отырған бір сәтінде Жәбрейл періште хазірет
Мұхаммедке (с.а.с) өз бейнесінде көрініп, алғашқы аяттарды түсірген.
Алғашында бұл оқиғадан хазірет Мұхаммед (с.а.с) қатты қорыққан. Кейіннен
өзіне елшілік міндеті берілгеніне нақты көзі жеткенде, түскен әмірлерді
қалтқысыз орындай бастаған. Жәбрейіл періште арқылы, Алла Та'аланың аян
түсуі өмірінің сонына дейін үзбей жалғасқан.
Ислам діні Арабияның жергілікті тұрғындарына жататын арабтар арасында
қалыптасты.
Ислам – біздің заманымыздың 609-632 жылдар аралығында (VII ғасыр) шығыс
пен батыс мәдениеттері тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болған әлемдік
діндердің ең жасы. Ол әлемде кең таралу жағынан екінші орында.
Бұл кезде Араб түбегіндегі діни наным – сенім өте күрделілігімен
ерекшеленді. Көне ғасырдан келе жатқан иудейлік пен христиандық діндері де
өз ықпалын сақтап тұрды.
Ислам діні басқа әлемдік діндер сияқты оппозициялық топтардың мүддесін
қорғады. Рулық – тайпалық ақсүйектер қоғамда үстемдік етіп, оған орташа
және ұсақ саудагерлер оппозицияда болды. Құранда байлық және өсім алу үстем
таптың , орташа топтардың мүддесін қорғау мақсатында айыпталынды.
Аллахтын құлы әрі Елшісі мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) 570 жылы Меккеде
дүниеге келген. Ол көшпелі Курейш тайпасынан hашим руынан. Ол жастайынан
керуен басшысы болып, Арабия түбегінің соқпақ жолдарымен талай шахарларды
аралайды. Сол кезде Меккеде Хадиша есімді бай жесір әйел тұрған. Мұхаммед
бірнеше жыл осы Хадишаның қызметкері болып, саудасын жүргізген. Ол 25
жасында 40жастағы Хадишаға үйленеді. Хадиша Мұхаммедпен 20 жыл отасып,
олардың Фатима атты жалғыз қыздары болады.
610 жылы шамасында Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) Аллах Та`аланың Сөзін алғаш
рет естіген. Ол: Аллах Та`ада мені Пайғамбар етті, бізге жаңа дін жіберді,
сендер сол жаңа дінді қабылдаңдар - деп Ислам дінін уағыздай бастайды. Ең
алғаш Хадиша Мұхаммедті Пайғамбар деп таныды. Одан кейін Аббас және Әбу
Тәліптің баласы Әли қолдады. Сөйтіп, бірнеше жылдан кейін Мұхаммед
Пайғамбардың төңірегіне Аббас Хазма, Әбу Бәкір, Омар, Оспан, Әли, Біләл –
барлығы 40 шақты адам топтасады. Бұлардың қауымы Мұхаммедтің үмметі деп
аталады. Үметтің мүшелері, яғни ең алғашқы мұсылмандар, мұхажирлер деп
аталған.
Алайда, тасқа, пұтқа, суға, әр түрлі нәрселерге табынып әдеттеніп кеткен
курейштер Мұхаммед Пайғамбарға қарсы шығып, оның қауымын қудалай бастайды.
Бірақ Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) Аллах Та`аланың Сөзін адамдарға жеткізуді
тоқтатпайды. Жеке арабтарды Ислам дінін қабылдамағаннан кейін Мұхаммед
Пайғамбар (с.а.с) сахабаларымен 622 жылы шілде айының 16 – шы жұлдызында
Меккеден Мәдинаға ауысып барады. Алғашқы мұсылмандардың бұл көшіп баруын
араб тілінде һижра дейді. Мұсылмандардың жыл есебі осы һижрадан
басталады.
Мәдиналықтар Ислам дінін қабылдағаннан кейін Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с)
Меккеге, Таифке, Санаға және басқа шәһарларға үгітшілер жібереді. 629 жылы
курейш әскерлерінің басшысы Халид ибн әл-Уалид Мәдинаға келіп, Мұхаммедті
Пайғабар деп таныды. Сөйтіп Мекке арабтары да Ислам дінін қабылдай бастады.
Мәдина мен Меккеден кейін Арабстанның басқа аймақтары да Ислам дініне кіре
бастады.
630 жылы Мұхаммед Пайғабарымыз Меккеге келіп, алғаш рет қажылық жасайды.
Мұхаммед 63 жасында Мәдина қаласында дүние салады.
Бүгінгі таңда Жер бетіндегі 1,5 миллиардқа жуық адам өзін мұсылманмын деп
санайды. Азия мен Африканың отыз бес елі мұсылман елдері қатарына жатады.
Ислам дінін қабылдап ақиқат жолына түскен мұсылмандар саны күннен-күнге
көбеюде.
Мұсылмандарда адам Құдайдың құлы, ең алғашқы пайғамбар Адам (а.с), ең
соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммед (с.а.с) болып есептелінеді. Екеуінің
арасында жіберілген пайғамбарлардың баршасына иман етіледі.
Адам Ата мен Хауа Ана шайтанның азғыруымен өздеріне тыйым салынған
жемісті жеуімен Жұмақтан жерге түскен.
Алайда, бұл христиандықтағыдай адам баласы о бастан күнәхар деген
ұғымды білдірмейді.
Исламда адамның ең үлкен жауы – шайтан мен нәпсі болып табылады.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с) бұрынғы пайғамбарлар сияқты белгілі бір
қауымдарға ғана емес, күллі адамзатқа жіберілген Алла Та'аланың елшісі
ретінде ерекшелінеді.Мұсылман діни ілімінің негізі қасиетті кіпап – Құран
деп айтып кеткендей. Құранды жинақтағаннан соң, бірнеше жылдардан кейін
исламның қағидаларын, әсіресе этникалық ілімді нақтылау қажеттігі туды.
Исламның нақтылығын этникалық ілімі Сүннә деп аталынатын Хадистер
жинағында баяндалған. Онда Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) өмірдің әр қилы
жағдайларнда адамгершілік, құқылық, күнделікті тіршілік мәселелерін қалай
реттегені айтылған.
Қасиетті кітаптарда исламның мынадай негізгі идеялары баяндалған.
Ислам жалғыз Құдай – Аллаға нанымды талап етеді. Алладан басқа құдай
жоқ, Мұхаммед оның елшісі қағидасы – ислам діни ілімінің формуласы.
Монотеизм принипі исламда басқа діндерге қарағанда дәйектірек. Осыған
байланысты қазіргі мұсылман діни ғұламалары оны барлық діндердің ішінен ең
жетілгені деп уағыздайды. Құран христиан іліміндегі құдайдың үш бірлігін
(триединство) мойындамайды. Құдай – бүтін, ол бөлінбейді, жалғыз.
Ислам монотеистік діндерден адамдар мен құдайдың арасындағы елшілік
туралы ілімді қабылдады. Мұсылман ғұламаларының көзқарасы бойынша, Мұхаммед
– құдай қалаған адам, сондықтан ол басқалар көрмегенді көріп, естімегенді
естиді, құдаймен жане періштелермен тілдеседі. Осылайша Мұхаммед құдірет
қасиетіне ие. Ол адамдарға Құдай ашқан, жаратылмаған және мәңгі Құранды
жеткізді.
Исламда монотеизммен тығыз байланысты нәрсе – құдайға мүлткісіз бағыныш,
оны тыңдап, бой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Ислам жайында
Абайдың исламиятқа қатысы
Ислам діні - араб мәдениетінің бастауы
ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ, ӘДЕТ - ҒҰРПЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ИСЛАМ
Мұсылманның бес парызы
Ислам діні, ислам дінінің негізгі ағымдары
Ислам дінінің таралу ерекшеліктері
Ислам діні жайлы ақпарат
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар туралы ақпарат
Пәндер