Христиан діні
Біздің дәуірімізге дейінгі VІ.ІІ ғғ Вавилон, парсы, македон басқыншылығынан және жателдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық яхудилер (еврейлер) аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Б.д.д. 140 жылдан бастап, тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник.патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар, тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Ал б.д.д. 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының бір бөлігіне айналады. Иудея мен Самария өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланады. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес . Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтеді. Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралады. Бұл яхудилердің діни.ұлттық топтары . хасидейлер (ізгі яхудилер) мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін жат.жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырады. Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып.жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның яхуди халқын құтқарып, “яхуди патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш.жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмайды, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермейді. Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан діні шығады
Жоспар
Кіріспе:
# Қысқаша христиан дінінің шығу тарихы
# Христиан діні
# Православие, Католицизм, Протестанттық
# Қазақ даласындағы христиандық тарихы
# Қазақстандағы христиан діні
Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-ІІ ғғ Вавилон, парсы, македон басқыншылығынан және жателдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық яхудилер (еврейлер) аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Б.д.д. 140 жылдан бастап, тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар, тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Ал б.д.д. 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының бір бөлігіне айналады. Иудея мен Самария өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланады. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес - Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтеді. Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралады. Бұл яхудилердің діни-ұлттық топтары - хасидейлер (ізгі яхудилер) мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін жат-жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырады. Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) "құдай белгісі бардың" келетінін және оның яхуди халқын құтқарып, "яхуди патшасы" болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмайды, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермейді. Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан діні шығады.
Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятады. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланады. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болады. Жер асты шіркеулері салынады. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастайды. Христиан діні догматикасы 4- 6 ғасырларда қалыптасса, онда каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 - 390), Григорий Нисский (335 - 394), Василий Кессарийский (330 - 397) маңызды рөл атқарады. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленеді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмайды. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келеді. 5 ғасырдың ортасында ортодокстық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктеледі.
Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынады. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналады.Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырады. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтса, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырады. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді. Бастапқыда негізінен қоғамның төменгі таптары - құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқалардан тұрған дін ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қолөнершілерді, саудамен айналысушыларды, жер иелері мен шонжарларды, сенаторлар және әскери атағы бар адамдарды да өзіне тарта білді. Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты.Ол заманда Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналатын. Христиандар бұл рәсімді ұстанудан бас тартқандықтан, императорлар Траян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж. шамасы), Диоклетиан (245-316) және т.б. кезінде христиандар қатты қуғынға ұшырады. Ал азап шеккендердің культі христиандықтың таралуына және христиандардың одан сайын бірігуіне ықпал етті. Қуғыннан запа шеккен көптеген христиандар шөл далаларға қашып, христиан монахтығының пайда болуына негіз қалады.Қанша қуғындалса да христиан дінін ұстанушылардың бірте-бірте әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Осылайша шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға мүдделі болатын. Өйткені, империя аясындағы халықты бір дінге ұйыстырудың мемлекеттің тұтастығына, нықтығына алып келетінін ұққан империя үшін ол таптырмас құрал еді. Осы ойдан туған империяның ұлттық діндерді біртіндеп, атап айтқанда, римдіктердің көп құдайлы дінін әлемдік дінге айналдыру ойы сәтсіз аяқталды. Сондықтан империя халқының бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды. Осыдан барып император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті. Христиан ілімі Қасиетті Жазу - Інжіл мен Қасиетті Хикаяға - шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ежелгі христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер - "игі хабарлар" арқылы таралды. Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі Інжілдер, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн Інжілдері, аталған Матвейден келген Інжілдердің әртүрлі нұсқалары бар еді. Сонымен қатар, топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған інжілдер де, мысалы, назорейлер, эбиониттер, еврейлер інжілдері де пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 хауарилер (апостол) ілімі ("Ди-дахе"), Герма "Пастрі" сияқты аян алу жанрына жататын кітаптар да кездесті.
Христиандар арасындағы кикілжіңнің себебін түсінгісі келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп, канонды жасақтау ісін тездетті. Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға сәйкес келетін ортақ ілім негізінде шіркеулерді біріктіру болды. Константин көз жұмғаннан кейін, 363 жылы Лаодикей соборы канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, Жаңа Өсиет құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаген соборында бекітілді. Жаңа Өсиет құрамына 4 Інжіл, Хауарилердің 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады.
Христиан діні. Интернеттегі дін жайындағы сансыз көп мәліметтерге сүйеніп, осы мақаланы жазғандағы ұққанымыз - христиан діні әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі екендігі. 2 миллиардтан астам ұстанушылары бар христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. "Христос" сөзі грек тілінен алынғанда мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиеттен жеткен мәлімет бойынша Иисус Христос сүндеттеліп, Тауратты оқып, Шаббат шарттарын сақтап синагогаға барып, иудаизмнің діни мерекелерін қабылдаған. Алайда оның жарық дүние есігін ашуы да Жаратушының дегенімен болған. Жаңа Өсиет айтқандай, Мәриам қыз құдіреттің күшімен жүкті болып, Иисус туар алдында аспанда оның дүниеге келетінінен хабар беретін Вифлеем жұлдызы пайда болады. Жұлдызды көрген ғұламалар оны бетке алып жүріп отырып, Ирод патшаға жетеді. Иродқа келіп, дүниеге жаңа құтқарушының келгенін айтқанда, қорыққан патша 2 жыл бойына Вифлеемде және оның маңында жаңа туған сәбилерді өлтіруге бұйрық береді. Бірақ Ирод күнәсіз сәбилердің қанын босқа төгеді, себебі, Иисус Христостың қасиетті отбасы ол кезде Египетке қашып үлгерген болатын. Осылайша олар Египетте Ирод өлгенше бой тасалайды. 30 жасына дейін, жоғарыда айтылғандай, яхуди (иудей) дінін ұстанған пайғамбар 30-ында уағызға шығады. 3 жыл Құдайдың барлығына куәлік етіп, Көне өсиетте жазылған жәйттерді түсіндіріп, ақиқат дін турасында уағыз айтып, жұртшылықты өлген адамдарды тірілтіп, ауруларды жазып, соқырлардың көзін ашып, екі нан, бес балықпен 5 мыңнан астам халықты тойындыру сияқты құдіреттерді көрсету арқылы соңынан ерген 12 хауариларымен бірге 3 жыл бойына пайғамбар екенін танытады. Інжілде Иса пайғамбардың соңғы күндері жайындағы тәмсіл оның Иерусалимге кірген уақытынан басталады. Аптаның алғашқы күні (Інжіл бойынша ол жексенбі) Иерусалим қақпасынан есегімен өткен Иисус Христостың ғажайып істерінен хабардар болған халық оны Осанна, яғни яхуди тілінен тікелей аударғанда Құтқарушы деп ұрандап қарсы алады. Ол қалаға кірген соң Иерусалим храмдарынан саудагерлер қуылады. Бұл - барлық ізгілікті істердің басынан таза емес адамдарды қуғандағыдай әсер етеді. Ал аптаның бесінші күні (бейсенбіде) пайғамбардың өз шәкірттерімен Жаңа Өсиет бойынша хауариларымен қоштасатын кешкі асы өтеді. Осы дастарқан басынан бір хауари искариоттық Иуда ерте кетіп қалып, жауларға пайғамбарды сатады. Иса пайғамбардың құтқарушы екенін алғашқы лек осылайша мойындаған кезде Рим империясының яхудилар жеріндегі басқағы Понтий Пилат оны креске керу жайында үкім шығарады. Христос шегемен қағылып өлтірілгенімен, 3 күннен соң қайта тіріліп, біраз күннен кейін көкке ұшып кетеді. Христиан дінінің өзінен бұрынғы ілімдерге қарағанда халықты тарта білуінің негізін ғалымдар бірнеше ерекшеліктердің тұңғыш рет осы дінде пайда болуымен түсіндіреді. Оның алғашқысы - монотеизм, яғни бір құдайлық. Иудаизмнен басқа діндер христиан діні туғанда көп құдайға табынатын. Ал бір империяға біріккен тұста монотеизм табиғи әрі қажеттілік болатын. Екіншісі - діннің адамгершілік, гуманистік идеяларды басты мұрат етуі. Әрине, белгілі бір дәрежедегі гуманистік, адамгершілік қағидаттары сол кездегі өзге діндерде көрініс беретін, алайда христиан дінінде ол одан тереңдетілген күйде болды. Үшіншісі - өзге діндерге қарағанда христиандарда о дүние қалың бұқара халық үшін, әсіресе, мына дүниеде қиналғандар үшін екінші, нағыз өмірде жақсылықтар беретінін уағыздады. Жұмақ пен Тозақ туралы айтылды. Төртіншісі - христиан діні нәсілдік, ұлттық бөліністерден аулақ, керісінше, осы дінді ұстанған барлық адамды бір-біріне бауыр санады. Бесіншісі - өзгелердей емес, христиандарда діни рәсімдерді атқару арзанға әрі оңайға түсті. Қарапайымдығымен көпшілікті тарта білді. Алтыншысы - христиандар құлдықты сынады, пенде атаулы құдай алдында бірдей деді. Ал бұл сол империялық үстемдік кезінде халықтың көкейіндегі ізгі мұраттарға жауап беретін.
Кейіннен, яғни 900 жылы қасиетті Рим империясы сансыз графтықтарға, герцогтықтарға, епископтықтарға, аббаттықтарға бөлініп кетті. Олардың билеушілері өздерін тәуелсіз қожайындар санап, императорларға да, корольдерге де бағынуды қажет деп санамады. Дәл осы тұста христиан жыл санауының бірінші мыңжылдығының аяғында шіркеу де Батыс және Шығыс деген екі бөлікке ажырап, ерегестің түбі 1054 жылы христиан дінін шығыстық гректік, православиелік тармақ пен батыстық латындық, католиктік шіркеулерге бөліп тынды.Ұлы бөліну немесе Ұлы схизманың орын алуын зерттеушілер оның бірнеше себебі болғанын айтады. Бірінші себеп - Константинополь патриархының христиан әлеміндегі шіркеулердің басында болғысы келген ниетінен десе, екінші себеп - Рим папасының Оңтүстік Италияны өз билігіне бағындырғысы келуінен дейді. Қалай болғанда да 1054 жылғы ажыраудың сылтауы формальді түрде Византияның қарамағындағы Оңтүстік Италияда константинопольдік діни рәсімдерге қысым көрсетіледі деген хабары болып, патриарх Керуларийдің Константинопольдегі латын рәсіміндегі шіркеулерді жабуына алып келді. Бұған қоса, ол Римнің өзін әлемдік патриарх есебінде мойындауын талап етті. Папа Лев IX оны қабылдамай, Константинопольге кардинал Гумбертті елшілікке жібереді. Патриарх оны қабылдамайды, арадағы дауда олар бір-біріне анафема жариялап, ақыр аяғында осыған дейін екі орталыққа, бір-бірінен қашықта жатуына байланысты екі қаладағы - Рим мен Константинополь арасындағы догматтық және діни рәсім өткізудегі айырмашылық оларды дербес екі тармаққа бөліп жібереді. Осылайша христиан дінін әуелі екіге, ал артынан Інжілді христиан діні ұстанатын халықтардың тіліне тәржімалау мәселесіндегі даудан католик дінінде протестанттық ағым пайда болады.
Православие - құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады.Православиеге егжей-тегжейлі белгіленген тәртіп тән, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz