Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі



Жер салығы . тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндеттіақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Қазақстанда елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. жер салығы салынбайды.
Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара.бар сарапталып бекітіледі.Бонитет балы 50.ден 100.ге дейін және 100.ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай.ақ, бала кезінен мүгедектердің ата.анасының біреуі, діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе:
Жер салығы.
Негізгі бөлім:
Мемлекет  меншігіндегі жер  телімдерін берудегі жер  үшін төленетін
төлемдер.
Қорытыңды.

Кіріспе
Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер
үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндеттіақшалай төлемдер. Жер
салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын
сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер
салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Қазақстанда елді
мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы
мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі
бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. жер
салығы салынбайды.

Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және
оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне,
немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері
республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын
жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-
бар сарапталып бекітіледі.Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден
жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық
салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті
органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді
төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен
қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу
жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық
жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары,
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар,
мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектердің ата-анасының біреуі, діни
бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай
жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары төлейді. Бірыңғай
жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны
анықтау Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңында (2001) белгіленген
тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер телімін бағалау
құнына 0,1 пайызды ставканы қолдану жолымен жүргізіледі

Негізгі бөлім

Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудғы немесе  бастапқы  уақытша өтеусіз
жер   телімдеріне  Қазақстан Республикасының  салық  заңдарына сәйкес  жер 
салығы  салынады.
Мемлекеттік уақытша  өтеулі  пайдалануға (жалға)  берген жер телімдері
үшін  жер телімдерін  пайдалану төлемақысы  алынады. Жер телімдерін
пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттік кірісіне төлеу тәртібі
Қазақстан  Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Жер  учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру өтеулі 
негізде,  өзінің жер  учаскелерін беру  жөніндегі құзыреті шегінде облыстың
(республикалық маңызы  бар қаланың, астананың),  ауданның (облыстық 
маңызы  бар  қаланың)  жергілікті атқарушы органының шешімі  бойынша 
ақысы  бірден төленіп  не төлеу мерзімін  ұзартып  сату арқылы жүргізіледі,
бұған:
1)Қазақстан  Республикасының азазматтарына – тұрғын үй – жайлардың меншік 
иелеріне кондоминиум  обьектілеріндегі мінсіз  үлесі  ретінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген нормалар шегінде
өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын және
саяжай құрылыстары үшін;
3) Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын 
халықаралық  қатысуы  бар ғылыми орталықтарға;
4) осы  Кодексте және  Қазақстан  Республикасының заң  актілерінде
көзделген  өзге  жағдайларда, жер  учаскесі меншікке  өтеусіз негізде
берілетін  жағдайлар қосылмайды.
Жер учаскесіне  жеке  меншік құқығын өтеулі  түрде  беру (сату) (бұдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жер салығының кейбір мәселелері
Жерді қорғау
Тікелей салықтардың құрылымы
Салық объектісі
Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар
Салық мемлекеттің бекітімі
Жерді пайдалану
Жер салығының қалыптасу тарихы
Ауылшаруашылығына арналған жерлерге салық салу ерекшеліктері
Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру және есеп міндеттері
Пәндер