Мемлекет механизміндегі президент пен үкіметтің өзара әрекеттесуі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ АЖЫРАМАС ҚҰРЫЛЫМЫ РЕТІНДЕ
1.1 Билік бөлісу механизміндегі Президенттің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Атқарушы билік жүйесіндегі Үкіметтің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 ТМД елдеріндегі Президент институтының пайда болуы және қалыптасуы ... ... ... .11

2. МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҮКІМЕТТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
2.1 ҚР мемлекеттік аппаратындағы Президент және Үкіметтің өзара қатынасы ... ... ... ... ... 15
2.2 Қазақстан . Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ... ... .18
2.3 Президенттік биліктің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет механизміндегі Президент пен Үкімет

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ АЖЫРАМАС ҚҰРЫЛЫМЫ РЕТІНДЕ
1.1 Билік бөлісу механизміндегі Президенттің алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Атқарушы билік жүйесіндегі Үкіметтің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 ТМД елдеріндегі Президент институтының пайда болуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҮКІМЕТТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
2.1 ҚР мемлекеттік аппаратындағы Президент және Үкіметтің өзара
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет ... ... .18
2.3 Президенттік биліктің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 31

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының
Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел
ішінде және халықаралық қатнастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең
жоғарғы лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президент - мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті - мемлекеттік биліктің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді[1].
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен
әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ
оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту
мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің
базалық негіздерін жасау аяқталды [1].
Президент – Қазақстан даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген,
бұрынғы кеңестік өкімет органдарының нұсқандарына орасан зор өзгерістер
енгізуіне байланысты пайда болған жаңа тұрғыдағы мемлекеттік институттардың
бірі. Бұл 1990 – 1991 жылы КСРО деп аталған тоталитарлық мемлекет өмір
сүріп тұрғанда, соның іргесінен шыққан президенттік қызмет, содан кейін
ғана бүкіл одақтас республикаларда да таратыла бастады.
Қазақстан Республикасында Президенттің саяси - құқықтық мәртебесі
өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті. Бірінші сатысы 1990 жылғы 24
сәуірдегі Қазақстан КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңынан
басталады[2].
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік
және қоғамдық істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі,
демократиялық қоғам кұру болып табылатындығында. Республика
Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы —
халық" деп көрсетілсе, 1-бабында Қазақстан Республикасы демократиялык,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады" деп атап
көрсетілген[1].
Қазақстан Республикасы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы болып
табылады. Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын,
атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық
жасайтын, жалпы құзыреттерге ие алқалы орган болып есептеледі.
          Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке
тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді.
Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын
анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік
негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен
Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік
механизмін белгілейді.
          Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
1995 жылғы 18 қазандағы Конституциялық Заң реттейді[3].
Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың жұмысының негізгі
бағыттарын айқындайды.
Үкімет бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал
Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің
алдында жауапты.
         Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Қазақстан
Республикасының Президенті құрады. Премьер-Министрге кандидатураны
Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны
Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Палата депутаттарының жалпы
санының көпшілік дауысымен Премьер-Министрді тағайындауға келісім алғаннан
кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді. Республика Премьер-
Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс
енгізеді. Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері – Республиканың Премьер-
Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де
лауазымды адамдары кіреді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқына және
Президентіне ант береді.
Зерттелу дәрежесі. Теориялық және методоголиялық құндылықтың
қарастырылатын тақырыбын мағыналау және әзірлеу үшін қазақстандық
саясаткерлер мен заңгерлер көрсетеді, атап айтқанда Абдулпаттаев С.И.,
Борбасов С., Майлыбаев Б, Сафинов К.Б., Баймаханов М.Т., Сапарғалиев Г.С.,
Сарсенбаев Т.С., Сартаев С.С. және басқалар.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мемлекет механизміндегі Президент пен
Үкіметтің алатын орнын, қызметтерін және құрылымын анықтау, өзара
қатынастарны анықтай отырып тақырыпты зерттеу.
Қазақстан Республикасы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің,
Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық
бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына
көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді.
Сондықган Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президенттің мемлекет
билігінің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-
біріне жатпай, оның барлық тармақтарының келісіммен қызмет етуін қамтамасыз
етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа зандарының
сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігің тамасыз етуі
тиіс.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- билік бөлісу механизміндегі Президенттің алатын орнын;
- атқарушы билік жүйесіндегі Үкіметтің рөлін;
- ТМД елдеріндегі Президент институтының пайда болуы және қалыптасуын;
- ҚР мемлекеттік аппаратындағы Президент және Үкіметтің өзара қатынасын
т.б. зерттеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ АЖЫРАМАС ҚҰРЫЛЫМЫ РЕТІНДЕ

1.1 Билік бөлісу механизміндегі Президенттің алатын орны

Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары
лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының
бағыттарын айқындап береді.
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, оның ең жоғары
лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады,
көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан
сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет
атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік
біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com
тармақтарына бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық Заңмен
реттеледі.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.
Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін
және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
ететіндігін орнықтырды.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның
мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі
және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып
табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық жалпыға
бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес
жыл мерзімге сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді.
Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның,
мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының
жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі
талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды
тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат
кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек.
Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының 40 жасқа
толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді.
    Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам,
міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін
белгілейді.
Заң шығарушы билікті - Парламент, атқарушы билікті - Үкімет, сот
билігін - соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы
белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы
күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек.
Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып
табылады.
Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және
тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай
сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен
бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан
Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге
сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика
азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін
меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика
азаматы сайлана алады.
2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті
сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент
халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт
инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.
Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл
өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық
заңда көрсетілген.
Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген.
Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет
атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз
өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады.
Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана
мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан
Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бұл институт
импичмент деп аталады[4].
Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде
және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар
жарлықтар мен өкімдер шығарады. Конституцияда көзделген ретте Президент
зандық күші бар заңдар, сондай-ақ жарлықтар шығарады. Қазақстан
Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң
шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол
қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады.
Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде
қаралады.
Мемлекеттік органдардың құзыреттілігі Конституцияда анық бөлініп
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президентті мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және
халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның жоғарғы
лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президентті конституциялық заңға
сәйкес, ҚР жасы толған азаматтармен жалпы, тең және тікелей сайлау
құқығымен 7-жыл мерзімге сайланады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы 1-суретте
көрсетілген.
Суретте экономикалық дамуға жауапты биліктің үш бұтағы
белгіленген.

1-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы

Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган, сенат пен
мәжілістен тұратын парламент болып табылады.

1.2 Атқарушы билік жүйесіндегі Үкіметтің рөлі

Қазақстан Республикасы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы болып
табылады. Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын,
атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық
жасайтын, жалпы құзыреттерге ие алқалы орган болып есептеледі.
        Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы
болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан
Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды,
биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін
белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің
өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін
белгілейді.
Үкімет бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал
Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің
алдында жауапты.
         Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Қазақстан
Республикасының Президенті құрады. Премьер-Министрге кандидатураны
Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны
Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Палата депутаттарының жалпы
санының көпшілік дауысымен Премьер-Министрді тағайындауға келісім алғаннан
кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді. Республика Премьер-
Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс
енгізеді. Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері – Республиканың Премьер-
Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де
лауазымды адамдары кіреді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқына және
Президентіне ант береді[5].
Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі:
1) Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің
алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан
сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды.
Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім
қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
2) Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін
тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен
босатуға хақылы.  
3) Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген
міндеттерді одан әрі жүзеге асыруы мүмкін емес деп есептесе, олар
Республиканың Президентіне өз орнынан түсетіні туралы мәлімдеуге хақылы.
4) Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген
жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.

Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені
Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау
Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі
тоқтатылғанын білдіреді. Ал Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі
қабылданбаған жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды
тапсырады.
Атқарушы органның жоғарғы органы ретінде Үкіметке Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының Үкіметі
туралы Конституциялық Заңда кең өкілеттіктер берілген.
         Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының
негізгі бағыттарын, экономикалық бағдарламаларды, Парламентке республикалық
бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.
        Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік
бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйесі мен
шартын, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекетттік тұрғыдан әлеуметтік
қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды
әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
        Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылыми-
техникалық даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; Ғылым мен
техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі
мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.
        Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші
органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады,
олардың Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын бақылайды;
министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі
қызметін басқарады, олардың заңдарды орындауын бақылайды[6].
       Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық
реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін,
республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның
аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп,
жүзеге асырады.
        Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық
келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет
мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын
дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру
жөнінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады;
халықаралық қаржы ұйымдармен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.
       Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және оның
жұмысы үшін дербес жауап береді;
2) Үкімет қаулыларына қол қояды;
3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды
барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады;
4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа
да қызметтерді атқарады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі, біріншіден, Парламент депутаттары мен
Президент жүзеге асыратын заң шығару процессіне қатысады; екіншіден, өз
құзыреті шеңберінде норма шығарушылықты жүзеге асырады; үшіншіден,
министрліктер мен ведомтсволардың норма шығарушылық қызметін бақылайды;
төртіншіден, атқарушы биліктің жергілікті органдарының норма шығарушылық
қызметін бақылайды.
Үкіметтің заң шығару бастамасы құқығы болады. Ол өз құзыретіне
кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын әзірлеп, оны Мәжілістің
қарауына енгізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретінің мәселелері бойынша
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.
Республиканың Премьер-Министрі Республиканың бүкіл аумағында міндетті
күші бар өкімдер шығарады.

1.3 ТМД елдеріндегі Президент институтының пайда болуы және қалыптасуы

Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес, Ресей Федерациясы - Ресей
республикалық басқару формасына ие демократиялық федеративтік құқықтық
мемлекет болып табылады.
Ресей Федерациясының заң арқылы сипатталатын және мемлекеттің ресми
белгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздері бар. Ресей Федерациясының
федерациялық құрылымы оның мемлекеттік біртұтас басқару жүйесіне
негізделген. Ресей Федерациясы өлкесінде оның мемлекеттік тілі - орыс тілі
болып табылады. Ресей Федерациясы өзінің барлық халқына ана тілін сақтауға
және оны үйренуге құқығына кепілдік береді.

Өлкелік құрылым

Ресей Федерациясы республикалардан, аймақтардан, облыстардан,
қалалардан, автономды облыстардан, автономды округтардан тұрады.
Ресей Федерациясының құрамындағы республикалардың өзіндік конституциясы
мен заңнамалары бар. Республика статусы Ресей Федерациясының және сол
республиканың конституциясы арқылы беріледі. Республикалар өздерінің
мемлекеттік тілдерін енгізуге құқылы.
Республикалардағы мемлекеттік басқару орындарында, жергілікті басқару
орындарында, мемлекеттік мекемелерде Ресей Федерациясының мемлекеттік тілін
пайдаланады.
Аймақтар, облыстар, қалалар, автономды облыстар, автономды округтар
Ресей Федерациясының субъектілері болып табылады.
Бұл субъектілердің статусы Ресей Федерациясының Конституциясы мен
аймақтардың, облыстардың, қалалардың, автономды облыстардың, автономды
округтердің жарғыларымен анықталады.

Билік

Ресей басшысы болып Ресей Федерациясының Президенті табылады.
Ресейдің Заң шығарушы және өкілді орыны болып Федеральды жиын - Ресей
Федерациясының Парламенті табылады. Федеральды жиын екі палатадан тұрады:
Федерация Кеңесінен және Мемлекеттік Думадан. Ресей Федерациясының атқарушы
билікті Ресей Федерациясының Үкіметі жүргізеді.
Федерациясының Үкіметі оның төрағасынан, төраға орынбасарынан, және
федеративті министрден тұрады.
Ресей мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру тәжірибесі
Ресей Федерациясы — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет.
Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресейдің мәдениеті
дүниедегі ең ұлы мәдениеттердің бірі, жетістіктері орасан көп. Саяси
жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты
мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде,
бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі. Орасан зор табиғи
байлықтары, қуатты қарулы күштері мен білім деңгейі өте жоғары халқы -
Ресей қуатының кепілі.
Ресей тарихы мың жылдан асады, әрі оқиғаларға аса бай. Ресей - көптеген
қиындықтарды бастан кешіріп, өзіндік бетін сақтап қала білген ұлы ел.
Бірнеше ғасырлар бойы Ресей мен Орталық Азия халықтары әртүрлі
өркениеттер аясында дамығанымен де сауда-экономика және мәдениет
салаларында жан-жақты қатынастарды дамытып отырған. Экономика мен
мәдениеттің өзара сіңісуі аймақтың КСРО құрамында болуы кезеңінде
айтарлықтай күшейген болатын. Сонымен қатар КСРО-ның ыдырауы жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің пайда болуына әкеп соққанын тарихи шындық ретінде
қарастырған жөн. Жаңа, бұрынғы кеңес мемлекеттері: Қазақстан, Қырғызстан,
Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан өзіндік даму жолын таңдауға
мүмкіндік алып, халықаралық қатынастардың тәуелсіз субъектісі мен әлемдік
саясаттың тәуелсіз объектісіне айналды. 1993 жылы қаңтар айында өткен аймақ
мемлекеттер басшыларының кездесуінде Орталық Азия термині бекітіліп,
аймақ мемлекеттеріне Еуразияның орталығы ретінде географиялық қана емес,
енді саяси мағына берілген болатын Орталық Азия мемлекеттері енді аймақтагы
халықаралық саясат пен экономикаға қарқынды түрде араласуын бастайды.
Аймақта болып жатқан бүл үрдістерді әлемдік қауымдастық үлкен
қызығушылықпен бақылаған болатын.
Өз тарапынан Ресей басқармасы да бұл аймаққа ден қойған. Кеңестік
кезеңнен кейінгі аралықта Ресей Федерациясының Орталық Азияға қатысты
саясаты әрдайым өзгеріп отырды: аймақ елдерін толығымен елемеуден (XX ғ. 90-
шы ж. басында байқалған болатын) олармен, негізінен, институциялық және
мұнай-газ салаларында ынтымақтастықтың дамуына дейін (қазір байқалып
отырған үрдіс). Кеңестік дәуірден кейінгі Ресей сыртқы саясатының орталық-
азиялық бағытын қарастырғанда тәуелсіз өзбек зерттеушілері шартты түрде үш
негізгі кезеңді көрсетеді:
- бірінші кезең - 90-шы ж. басы - 90-шы ж. ортасы аралығын қамтиды және
Батыстың құрама бөлігі болу бұлдыр үміті жағдайында Орталық Азияның РФ
басымдылықтарынан тыс қалуымен байланысты;
- екінші кезең - 90-шы жылдардың соңына, Ресейдің өзінің сыртқы саясаты
нәтижелерін, онын ішінде орталық-азиялық бағытын қайта қарастыруына тап
болды;
- 2000 ж.
В.Путиннің билікке келуімен басталған үшінші кезенді Ресейдің
халықаралық позициясын күшейту үшін аймақты Мәскеудің ықпал ету аймағына
айналдыру мақсатымен сипаттауға болады.
Көптеген мемлекеттер Ресейдің болжаусыз және аймақтан кету қате
саясатын пайдаланып, онда өзінің позицияларын нығайтуға талпынды. Сондықтан
Орталық Азияға қатысты өзінің саясатын өзгерткеннен кейін РФ аймақта
бәсекелестерге тап болды. АҚШ және Қытай, Түркия мен Иран сияқты
мемлекеттер Орталық Азияны өздерінің өмірлік маңызды мүдделері аясына
қосып, әртүрлі себептерге сәйкес аймаққа өз саясаттарында маңызды орын
бөлуі жағдайды шиеленістірді. Осының барлығы еуразиялық континенттің бұл
бөлігі жоғарыда баяндалған және өзге де мемлекеттердің геосаяси
мүдделерінің тоғысу сахнасына айналғанын білдіреді.
Бұл жайттарға сәйкес Орталық Азия державаларды неге соншалықты
қызықтырады деген сұрақтар туындауы мүмкін. Негізінен Еуразияның әлемдік
тарихтағы ерекше орны туралы XX ғ. өзінде айтылған. Танымал зерттеуші X.
Маккиндер Географическая ось истории атты 1904 ж. еңбегінде Орталық
Азияға байланысты болжау жасаған. Оның ойының негізгі мәні ұлы географиялық
ашулар дәуірінен кейін Еуразия арқылы өтетін құрлық жолдарының маңызы
артады, аймақтың құрлық жолдарына бақылау жасау үлкен артықшылық береді
деп, кейін Еуразия хартлэнді (Орталық Азия, Орал мен Сібірдің көп бөлігі)
әлемдік саясатта үлкен орынға ие болады [4] деген тезиске айналған.
Орталық Азия Ресей үшін геостратегиялық және геосаяси, экономикалық
және саяси себептерге сай маңызды орын алуда. Еш күмәнсіз, Орталық Азия
Ресей сыртқы саясатындағы басымдылықтардың біріне айналды. Бұл позиция
президент В.В.Путин кезінде пайда болған алғашқы екі негізгі сыртқысаяси
құжаттар -РФ ұлттық қауіпсіздік концепциясы мен РФ сыртқы саясат
концепциясында, В. Путиннің I 2000-2007 ж. Д. Медведевтің жыл сайын
беретін жолдауларынан өз орнын тапқан. 2000 ж. РФ сыртқы саясат
концепциясында аймақтың басымдылықтары ретінде ТМД төңірегінде
ынтымақтастыққа қысқаша тоқталған болса [11], енді 2008 ж. жаңа
президент Д.А. Медведев қабылдаған концепция Ресейдің бұл бағытта I нақты
мақсаттарын белгілеуімен ерекшеленген, яғни бұл бағытқа институционалды
несие. ЕурАзЭҚ аясында ортақ экономикалық кеңістік құру мақсатында жұмыс
атқару, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында ҮҚШҰ шеңберінде
ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне көңіл бөлінген [7].
Сонымен, Ресей Федерациясы - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан
мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресейдің
мәдениеті дүниедегі ең ұлы мәдениеттердің бірі, жетістіктері орасан көп.
Саяси жағынан Ресей - ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің
тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен
өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі. Орасан зор
табиғи байлықтары, қуатты қарулы күштері мен білім деңгейі өте жоғары халқы
- Ресей қуатының кепілі.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік
Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста –
Украинамен, батыста – Финландиямен,Беларуспен, Эстониямен, Латуиямен,
Норуегиямен шектеседі.

2. МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ҮКІМЕТТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ

2.1 ҚР мемлекеттік аппаратындағы Президент және Үкіметтің өзара қатынасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып
табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың іс-
әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге
асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді.
Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді және жаңадан
сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет мүшелерінің
өкілетті органдарда (мысалы: Парламент, мәслихат) депутат болуға, өзге де
ақы төленетін жұмысты атқаруға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық
қызметтерді қоспағанда), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның
басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жок.
Үкіметке кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің бәрі -
Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген[3].
Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан
әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе (белгілі бір жағдайда,
себептермен) өздерінің орнынан түсетіндігі туралы (мысалы, Үкімет
мүшелерінің өз бастамасымен кызметтен кетуі) Президентке мәлімдеуге құқылы.
Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген ретте Үкімет орнынан түсетіні
туралы Президентке мәлімдейді. Президент өз бастамасы бойынша Үкіметтің
өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін
қызметтен босатуға құқылы. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің
қабылдауы немесе оның қызметтен босатылуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі
тоқтатылғандығын білдіреді.
ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы. Ол сонымен бірге
еліміздегі атқарушылық қызметті іске асырады, атқарушы органдардың жүйесін
басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы
болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан
Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды,
биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін
белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің
өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін
белгілейді.
Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.
Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Премьер-
Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға
келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің
келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді.
Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс
жасайды. Үкімет мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. Өз
қызметіне тағайындалғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр
Парламентке Үкімет бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы
негізінде жұмыс істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады[8].
Атқарушы биліктің жоғарғы органы ретінде Үкіметке Қазақстан
Республикасы Конституциясымен және Президенттің “Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы” 1995 жылғы конституциялық заң күші бар Жарлығымен кең
өкілеттіктер берілген.
Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі
бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын
әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді
және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге
асырады.
Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік
бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйесі мен
шартын, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекетттік тұрғыдан әлеуметтік
қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды
әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық
даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; Ғылым мен техниканы, мәдениет
пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты
әзірлеп, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші
органдарды құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады,
олардың Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын бақылайды;
министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады;
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі
қызметін басқарады, олардың заңдарды орындауын бақылайды.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық
реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін,
республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның
аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп,
жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық
келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет
мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын
дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру
жөнінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады;
халықаралық қаржы ұйымдармен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.
Премьер-министрдің мынадай өкілеттігі болады:
- Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет
мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі;
- Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны
Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге
қол қояды;
- Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы;
Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен
орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет
Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар
туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметтерінен
босату туралы ұсыныс түсіреді;
- Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландырылатын
барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің
бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;
- Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттарын және оның барлық
ең маңызды шешімдері туралы баяндайды;
- Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар
басшыларының есебін тыңдайды[9].
ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде
және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз
өкілеттілігін тоқтатады. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл
Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Үкімет және оның кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті олдан
әрі жүзеге асыруы мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін
Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның
жекелеген мүшесінің орынынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда
көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған Парламент
пен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әр түрлі мән-жай негіз болуы
мүмкін. Үкіметтің өз ішінде еңсерілмейтін әр түрлі көзқарастар, басқа да
себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан түсуіне олардың Үкімет
Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс стилімен келіспеуі, сырқаты және
тағы басқалары себепші болуы мүмкін.
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Конституцияда
көзделген жағдайларда:
1) егер Үкімет Бағдарламасын Парламент екінші мәрте қайтарса (53-баптың
6-тармағы);
2) егер Паламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса (61-
баптың 7 тармағы) Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке
мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан кетуді
қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер Президент орнынан
түсуді қабылдаса, онда ол оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет механизмінің түсінігі
Орталық басқару органдары
Мемлекет механизмін ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
Шетелдегі мемлекет басшысының түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны
Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары
Мемлекет – басқару функциясы
Мемлекет механизмінің ұғымы
Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
Мемлекет механизмы
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Пәндер