Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару



Ж О С П А Р

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы. 2005

2. Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы, Қазақстан Республикасының заңы. –Алматы. 1998.

3. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы. – Алматы. 2002.

4. Заң газеті. 2007. 6 ақпан.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн
басқару.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқару.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы
жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы
қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу
ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым
не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған
кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының
кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және
заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-
құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары
немесе акционерлері бола алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және
(немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу
құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен
дербес жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр
мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы
активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым
не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған
кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының
кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және
заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-
құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары
немесе акционерлері бола алады.
Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды
тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып
табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің
тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды
тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар
тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар
Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық
ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы
керек.
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар
кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан
Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының
Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін
жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған
тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық
түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан
Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе
басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы
қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы
резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының
резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын
уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған
болады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның басшы қызметкерлерi
1. Атқарушы органның бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер
мен оның орынбасарлары, филиалдың (өкiлдiктiң) басшысы мен бас бухгалтерi
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы
қызметкерлерi болып танылады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға:
жоғары бiлiмi жоқ; өтелмеген немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынбаған
соттылығы бар; бұрын осы адам басшылыққа еткен кезде банкрот деп танылған
немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның
басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болған; уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен келісуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
басшы қызметкерінің кандидатурасы уәкiлеттi органмен оның нормативтiк
құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша міндетті түрде келісілуге
тиіс.
Уәкілетті орган зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) берілген
келісімді:
1) келісім берілгенде негізге алынған меліметтердің дұрыс еместігінің
анықталуы;
2) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметке байланысты
құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік
жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;
3) оcы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы
бойынша қайта қарауға құқылы.
4. Уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен беретін тиiстi бiлiктiлiк куәлiгi
болған жағдайда ғана азаматтың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымына ие болуға құқығы бар.
5. Уәкiлеттi органның келiсiмiн алғанға дейiн жеке тұлға үш айдан артық
басшы қызметкер мiндеттерiн атқаруға құқылы емес.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және
(немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу
құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен
дербес жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр
мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы
активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады,
шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару
туралы шарттың ережелерi қолданылады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын
жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен
олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы
жоқ.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
мiндеттерi мен қызметiн шектеу:
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн
инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы
активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы
есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi
туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат
жарияланып отыруға;
6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен
белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау
мақсатында:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын
мөлшерде заем қаражатын тартуға;
3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін
басқаруға шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы
активтері есебінен мәмілелер жасау;
4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып
алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа
сатулар") туралы шарттар жасасуға;
8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы
активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi
немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке
мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi
қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз
капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін
сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.
Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен
есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс
ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті
лицензиялау.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым
тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелін басқару
жөніндегі қызметті және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен
белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн
жүзеге асыруға құқылы.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
жауапкершiлiгi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн
бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы
активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге
құқылы.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз
міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы
қоры алдында жауап береді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу:
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы
қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар
бойынша төлеуге тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын
төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының
міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы
зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған
зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында
сақтауына жол берілмейді.
3. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен
адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын
төлеуден босатылады.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi
мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi
зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен төленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына
сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге
асырады.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге
болмайды.
7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және
(немесе) салық төлеушiнiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры нарығының құрылымы
Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы
Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесі
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Зейнетақы жүйесі туралы
Пәндер