Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНУ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ:

а) 1991.2011 жылғы өзгертулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
б) Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Тәуелсіздік декларациясының құқықтық табиғаты

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНУ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...8

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ:

а) 1991-2011 жылғы
өзгертулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .13
б) Тәуелсіздіктің 20
жылдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Парламенті,
мемлекеттіліктің ойдағыдай орнығып, нығаюы жолында ел тәуелсіздігінің
тарихи маңызын сезіне отырып, конституциялық құндылықтарға,
республикамыздың Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халық игілігін
көздеген сарабдал саясатына адалдық таныта отырып, Қазақ елі
мемлекеттілігін құру мен оның негіздерін жетілдіру ісінде қазіргі және
болашақ ұрпақтар алдында жауапкершілікті бөлісе отырып, Қазақстанды
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырудың конституциялық міндетін негізге ала отырып, ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН
салтанатты түрде қабылдайды[1].
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде
Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты,
халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде
қалыптасты[2].
Этносаралық, конфессияаралық келісім мен төзімділікті қамтамасыз етудің
өзіндік үлгісін іске асыру нәтижесінде және халқымыздың ұлтжаңдылығының
арқасында елдің ішкі саяси тұрақтылығы мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық
өсуіне қол жеткізілді.
Халықаралық ынтымақтастықтың жалпыға ортақ қағидаттарына адалдық,
жаппай қырып-жоятын қарудан бас тарту, ықпалдастық байланыстарды тереңдету
қадамдары еліміздің әлемдік қоғамдастықта жоғары беделге ие болуына
септігін тигізді.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен
Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда
бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент - Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты.
Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси
және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.
Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш
Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы
татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы
мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы
ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес
қосты.
Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының
арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай,
дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп,
ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.
Тәуелсіздікке ие болған жиырма жыл ішінде Қазақстан жаңа ғасырдағы
бәсекеге қабілетті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға жетті.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Тәуелсіздік декларациясының құқықтық
табиғатын зерттеу барысында Тәуелсіздік декларациясының құқықтық
қалыптасуының алғышарттарын, Тәуелсіздік декларациясының құқықтық сипаты
мен жүзеге асырылуын зерттеу.
Осы аталған мәселелерге байланысты жұмыстың міндеттері айқындалды:
- Тәуелсіздік декларациясының құқықтық қалыптасуының
алғышарттарын;
- Тәуелсіздік декларациясының құқықтық сипатын;
- Тәуелсіздік декларациясының жүзеге асяряуын зерттеу.

1. ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Тәуелсіздік Декларациясы (АҚШ), Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін
Соғыс кезінде 1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда өткен 2-Құрлықтық
конгрессте қабылданған. Тәуелсіздік декларациясының негізіне республикалық
және демократиялық рухта жасалған Т.Джефферсонның жобасы алынды. Онда 13
ағылшын отарының метрополиядан бөлініп, дербес, тәуелсіздік мемлекет –
Америка Құрама Штаттарының құрылғанын жарияланды. Тәуелсіздік Декларациясы
адамдардың заң алдындағы теңдігін, олардың өмір сүруге деген табиғи
құқығын, бостандығы мен бақытқа ұмтылуын жариялады. Алайда құл
иеленушілердің қысымымен декларация мәтінінен құлдықты айыптаған жолдар
алынып тасталды. Кейіннен Тәуелсіздік Декларациясының қабылданған күні
америка халқының ұлттық мейрамына айналды. [3]
Тәуелсіздік декларациясы - егемендікті білдіретін мәлімдеме ғана емес,
шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да Егемендік туралы
декларация кейін 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі туралы декларациясымен терең үндестік тапты. Арада 20 жыл
өткенде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Нұрсұлтан
Назарбаев Тәуелсіздіктің 20 жылдығы декларациясын қабылдау туралы
депутаттардың бастамасын қолдады.
Мен Парламент басшылары мен оның депутаттарының Қазақстан
Тәуелсіздігінің 20 жылдығы туралы декларация қабылдау туралы бастамасын
білемін. Бұл ұсынысты қолдаймын. Өйткені бұл кезең - біз үшін, барша
халқымыз үшін аса маңызды кезең болып табылады. Ал декларацияның біздің
қоғамды біріктіретін жаңа құжат болатынына сенімім мол, - деді
Н.Назарбаев.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы декларациясын талқылау және оны қабылдау
барысын ақпараттық тұрғыда қолдап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын
жүргізу қажет. Бұл шараларға Парламент депутаттары белсенді түрде қатысуы
тиіс. Өйткені, Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы
атап өткендей, ол біздің қоғамымызды топтастырудағы жаңа маңызды құжат
болады, – деп атап көрсетті Парламент Сенатында өткен Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясының жобасын талқылауға
арналған Кеңесте Палата спикері Қайрат Мәми. Бұл алқалы жиынға Қазақстан
Республикасының мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев, Президент әкімшілігі
басшысының орынбасары Т.Донақов, Сенат төрағасының орынбасары А.Судьин,
Мәжіліс төрағасының орынбасары Ж.Кәрібжанов, Білім және ғылым министрі
Б.Жұмағұлов, Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев, Мәдениет министрі
М.Құл-Мұхаммед, Премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғ.Әбдірахымов, сондай-
ақ, жұмыс тобының мүшелері – Парламент палаталарының депутаттары қатысқан
болатын[4].
Кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде Қ.Мәми Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясын қабылдауға әзірлік аясындағы бұл
кездесудің маңыздылығын атап өте келіп, осы бастама Парламент және оның
депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 13-бабына сай
екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Сенат төрағасы құжат бойынша пікір алмасу
оның мазмұнын жақсартуға, талқыланып отырған жобаға түзету енгізу
мүмкіндігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
Қ.Мәмидің айтуынша, құжат жобасында қазіргі заманғы табысты мемлекет
құрылысындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың көрнекті рөліне орын берілген. Онда Мемлекет басшысының
жетекшілігімен елімізде экономикалық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге
асқаны, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы белгілеген бағыттың өзін-
өзі ақтағаны және Қазақстанның даму жолы ретінде дүниежүзінде
мойындалғаны айтылған.
Құжатта, сондай-ақ, халықтың әл-ауқатының арта түсуін және сыртқы
қатерлерге орнықтылықты қамтамасыз еткен экономикалық реформалардың
қорытындылары көрсетілген. Индустриялық-инновациялық даму, әлеуметтік
жаңғырту, кадрлар стратегиясы, еңбекпен қамту жүйесі салаларындағы
мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріне ерекше назар
аударылған.
Ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше орын беріліп, қорғау жүйесімен
қамтамасыз ету стратегиясы мен Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту
көрсетілген. Декларация жобасында Қазақстанның сыртқы саяси қызметіндегі
негізгі басымдықтар бекітілді, онда еліміздің халықаралық беделді ұйымдар
ЕҚЫҰ және ИЫҰ-ға төрағалық етуі мен дүниежүзіндегі дін лидерлерінің Съезін
шақыруы атап өтілді. Одан басқа, құжат жобасында ядролық қаруды таратпау,
өзара тиімді экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған интеграциялық
үдерістерді дамыту және аймақ пен тұтас әлемдегі қауіпсіздік шараларын
нығайту саласындағы Қазақстанның бастамалары жария етілген.
Өркендеген егемен мемлекеттің бейнесіне айналған, тәуелсіз Қазақстанның
жаңа елордасы – Астанаға арнайы орын берілді.
Кеңес отырысында, сонымен бірге, Сенат төрағасының орынбасары,
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы декларациясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс
тобының жетекшісі Александр Судьин сөз сөйледі. Ол кеңеске қатысушыларды
атқарылған жұмыстар туралы хабардар етіп, құжаттың құрылымы мен мазмұнына
тоқталды. Құжаттың тарихи маңызын, оның ізгілікті-идеялық бағдарын атап өте
келіп, А.Судьин декларацияның негізгі мәні – қазақстандықтарды өзінің
тарихи өміршеңдігін айғақтап отырған мемлекеттікті дамытуға және нығайтуға
қуатты үндеу екенін атап өтті. Декларация жобасын жетілдіру жөніндегі
жұмыстар жалғасуда, таяу уақытта жұмыс тобы мүшелерінің ескертпелері
ескеріле отырып, құжаттың түпкілікті нұсқасы әзірленеді, – деді А.Судьин.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНУ СИПАТЫ
Тәуелсіздік декларациясының жобасында қазіргі заманғы табысты мемлекет
құрылысында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті
рөл атқарғандығы, Мемлекет басшысының жетекшілігімен экономикалық және
саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асқандығы, сондай-ақ тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында Елбасы белгілеген бағыттың өзін ақтағаны және
Қазақстанның даму жолы ретінде дүние жүзінде мойындалғаны айтылады. Онда
сонымен қатар халықтың әл-ауқатының арта түсуін және сыртқы қатерлерге
орнықтылықты қамтамасыз етуге ықпал еткен экономикалық реформалардың
қорытындылары туралы мағлұмат беріліп, индустриялық-инновациялық даму,
әлеуметтік жаңғырту, кадрлар стратегиясы, еңбекпен қамту жүйесі
салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріне
тоқталады. Ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше орын беріліп, қорғау
жүйесімен қамтамасыз ету стратегиясы мен Қазақстанның қорғаныс қабілетін
нығайту көрсетілген.
ҚР Парламенті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің 20
жылдығы Декларациясын қабылдады.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы Декларациясы қабылданды[5].
Осынау салтанатты құқықтық құжатты қабылдауға арналған отырысқа Үкімет
басшысы К.Мәсімов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев, ҚР Жоғарғы сотының
төрағасы Б.Бекназаров, ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаев, ҚР ҰҚК төрағасы
Н.Әбіқаев және ҚР Президентіне тікелей есеп беретін басқа да мемлекеттік
органдардың басшылары мен Үкімет мүшелері қатысты. Отаншылдық рухымен
туған елге деген мақтаныш сезімімен өрілген Декларация ең әуелі патриоттық
мақсаттарға қызмет ететін болады. Замандастарымыз бен болашақ ұрпаққа
арналған осынау салтанатты құқықтық құжатта Қазақстанның 20 жыл ішіндегі
барша жетістіктері айқындалады. Осы бірегей құжатта Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ елі
мемлекеттігін құру жолындағы баға жетпес рөлі атап көрсетілген. Ата Заңымыз
– Конституциямыздың мән-маңызы декларация жобасының негізгі өзегі болып
отыр , - деді Сенат төрағағсы Қ.Мәми. Бұдан соң Декларация жобасы туралы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов баяндама жасады.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Декларациясында қазақ халқының мемлекет құрушы
ұлт ретінде барша отандастарымызды біріктіруші және топтастырушы рөлі атап
көрсетілген. Декларация заманымыздың аса көрнекті қайраткері, еліміздің
Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның тәуелсіздік
жылдарындағы жетістіктері айшықты көрсетілген. Сонымен бірге Декларация
халқымызды жаңа жасампаз істерге бастайтын мазмұнды тарихи құжат болатыны
сөзсіз, - деді сенатор Ақан Бижанов. Осыдан соң сенатор Мұхтар Алтынбаев
Декларация мәтінін ресми түрде жариялады. Парламент Сенаты құқықтық құжатты
бірауыздан қабылдады.
Елімізде жаңа мереке пайда болды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті
күні деп аталады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы
отырысында осындай шешім қабылданды. Бұл шешім Қазақстан Республикасындағы
мерекелер туралы заңына толықтырулар түрінде рәсімделді.
Осыдан жиырма жыл бұрын, 1991 жылдың 1 желтоқсанында еліміз
бүкілхалықтық сайлау арқылы өзінің тұңғыш Президентін сайлады. Елімізде
Президент институты пайда болды.
Жалпы, осы тарихи күнді тағайындауға Елбасы Н.Назарбаев та қарсы
еместігін білдірді. Ондай дүниежүзінде бар. АҚШ-та да Президент күні
деген бар. Басқа елдерде де кездеседі. Менің оған қарсылығым жоқ, – деді
Елбасы. Мұндай күннің белгіленуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы
еңбегін лайықты бағалау деп білеміз[6].
Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Тәуелсіздіктің 20 жылдығы
декларациясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобында: - Замандастарымыз
бен келешек ұрпаққа арналған бұл саяси-құқықтық салтанатты құжатта біздің
мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін берік негіз болатын Қазақстанның
басты жетістіктері көрсетілетін болады, - деді. Жұмыс тобының құрамына
Сенат депутаттары А.Судьин, Ә.Ахметов, Б.Мұхаметжанов, А.Бижанов,
А.Башмаков және Ж.Ерғалиев енді.
Рас, ел тәуелсіздігінің тарихы ғасырлармен астасып жатқан елдердің
егемендігін нақтылайтын декларациясының тарихы да сан ғасырлармен
сабақтасып жатыр. Бірақ олардың бәрі бастапқы қалпында, сақталып қалды деп
айтуға болмас. Кез келген елдің Тәуелсіздік декларациясында уақыт өз
таңбасын қалдырады. Осыдан 20 жыл бұрын, 1991 жылы 25 қазанда Жоғарғы
Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы
мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды
құжат - Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация
қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы декларацияны қабылдау оңайға
түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті
болатын. 1991 жылы 16 қыркүйекте Мемлекеттік егемендік туралы
декларацияның жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Осындай сын сәтте Салық
Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж
айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен
құлдық сана арпалысқан сессияда декларациядағы 17 бап сегіз сағат бойы
талқыға түсіпті. Бұл құжат бойынша еліміз халықаралық қатынастарда дербес
толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап,
халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік
декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-
техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан территориясындағы
барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша
Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші
жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа
жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Қазір дүние
жүзінде 190-нан астам тәуелсіз ел бар. Әрқилы жағдайда тәуелділікке түскен
олардың тәуелсіздік алулары да тарихи және саяси жағдайларға қарай әртүрлі
жолмен шешілді. Олардың кейбірі бірнеше жылдарға созылған қиян-кескі ұлт-
азаттық күресі нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткізсе, кейбірі тарихи
қалыптасқан себептерге байланысты өз тәуелсіздіктерін алды. XX ғасыр әлем
тарихында тәуелсіздік шеруі науқанымен де әйгілі. Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде отарлы ірі елдер мен тәуелді елдерде болып өткен терең экономикалық
және саяси өзгерістер бодан халықтардың күресіне қолайлы жағдай жасады.
Соның нәтижесінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ Азияның және
Африканың ондаған мемлекеті өз тәуелсіздіктерін жеңіп алды. Тек 1960 жылы
ғана Африканың 17 мемлекеті тәуелсіздікке қол жеткізді. Өткен ғасырдың 1990-
жылдардың басында социалистік жүйе мен КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде 20-ға
жуық ел (Югославияның құрамындағы республикаларды қоса есептегенде)
тәуелсіздіктерін жариялады. Кейбір елдер үшін тәуелсіздік алу қантөгіспен
келіп, оны орнықтыру оңайырақ соқса, Қазақстан және басқа да КСРО
құрамындағы республикаларға тәуелсіздік алу оңай болғанымен, оны орнықтыру,
тұғырын бекемдеу, әлемдік қоғамдастықтан лайықты орын алу оңайға
соқпады[7].
Егемендік туралы декларацияға дейін Қазақ КСР-інің меншікті ішкі әскері
болмады. Республиканың мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары
Одақтың тиісті органдарының бөлігі болды және республиканың жоғары
мемлекеттік органдарына бағынбады. Ал мұның өзі республиканың егемендігі
жоқ екенінің елеулі көрсеткіштерінің бірі еді. Ал Егемендік туралы
декларацияда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-і Президентіне
бағынатын және солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік
қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-і толық құқықты
деп ерекше атап көрсетілді. Декларацияның келтірілген ережелері оның
Қазақстанда социалистік мемлекеттік машинаны ығыстыруға, демократиялық
құқықтық мемлекет құруға және одақтық мемлекеттегі өзінің мәртебесін
түбегейлі өзгертуге негіз қалағаны туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті
негіздеме береді. Осылайша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
егемендігі туралы декларацияның қабылдануы дербес, егемен Қазақстан
мемлекетін құрудың негізін қалады. Ол Қазақстан Республикасының дербес
конституциялық заңдарының алғашқы конституциялық құжаты ретінде тарихқа
енді. Бірақ егемендігіміздің іргетасын бекітуге себеп болған
жетістіктеріміз бар. Қазақстанның 20 қол жеткен жетістіктері ғана емес,
алдағы бағыт-бағдары да декларацияда көрініс табуы керек. Сол кезде ғана
жас ұрпақ мемлекеттің Бас құжатына қарап көш түзейді.
1990 жылы 16 қыркүйекте Мемлекеттік егемендік туралы декларация
жобасында жер, ел иесі қазақ деген ұлттық рух анық байқалып тұрды.
Бұдан кейін 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияны жария
еттік. Әлбетте Егемендік туралы декларациямыз әлі заң емес еді, бірақ бұл
біздің келешекте не істейтінімізді, болашақта қандай бағыт ұстанатынымызды
білдірді. Бұл біздің Тәуелсіз ел боламыз, өзінің елтаңбасы, әнұраны,
органдары болуы тиіс деген заңды талабымызды көрсетті. 1991 жылы 9
желтоқсан күні, яғни Кеңес Одағының күйреуінен соң Жоғарғы Кеңестің
төралқасының мәжілісінде Тәуелсіздік туралы заң қабылдау керек деп мәселе
көтерілді.
Халықаралық тәжірибе бойынша, тәуелсіздікті жариялау - бұл өз алдына
дербес мемлекеттіліктің бастапқы кезеңі, оны нығайту үшін келешекте көп күш
жұмсау қажет
Мемлекеттіліктің заңдылығын қамтамасыз ету - күрделі міндет, әсіресе,
енді пайда болған мемлекеттік құрылым үшін егемендіктің алғашқы кездерінде
жүйелі түрдегі бейберекетсіздік пен өмірдің барлық саласындағы тәртіпсіздік
тән болатынын ескерсек, одан да күрделене түседі. Ал екінші жағынан,
дәуірдің алмасуы елді нығайту мен дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оның
стратегиясын дұрыс айқындау, алға жылжу мен өсіп-өркендеудің бірден-бір
шарты болып табылады.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ:
а) 1991-2011 жылғы өзгертулер

Қазақстанның Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тұсында жеткен жетістіктері:

1991 жыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздіктің жариялануы

1991 жыл 2-қазан – Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты

1991 жыл 1-желтоқсан – Н.Назарбаев – ҚР Президенті болып сайланды

1991 жыл 21 желтоқсан – ТМД құрылды

1992 жыл 2- наурыз – Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды

1992 жыл қазан-қараша айлары – Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы өтті

1992 жыл 4 маусым – Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды

1993 жыл 28 қаңтар – Конституция қабылданды

1993 жыл 15 қараша – теңге айналымға шықты

1995 жыл 30 тамыз – Конституция қабылданды

1995 жыл 1 наурыз – ҚР Халықтар Ассамблеясы қабылданды

1997 жыл Қазақстан – 2030 стратегиясы жарияланды

1998 жыл 10 маусым – Астананың тұсаукесері

2010 жыл – Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті

2011 жыл 7-қысқы Азия ойындары өтті

2011 жыл – Ислам саммиті болып өтті.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының құқықтық
іргетасы болып табылады.
Ата Заңымызда адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең
жоғары құндылықтар деп тануға тұғыр болатын мемлекеттік егемендіктің саяси-
құқықтык негіздері қаланды, қоғамның материалдық және рухани өмірін
жаңғыртудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін басты қағидаттар бекітілді.
Қазақстан ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін
саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасады.
Конституциялық эволюция мен құқықтық жүйені сатылап реформалау
нәтижесінде елімізде мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйесі
қалыптастырылды.
Республикада мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот тармақтарына
бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекетті басқарудағы жүйе
түзуші рөлді президенттік институт атқарады. Республика Президенті
Конституцияның сенімді кепілі, елді жаңғыртудың бастамашысы және іске
асырушысы болып табылады.
Қазақстанның дамуы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың
негізінде жүзеге асырылып келеді, олардың ішінде барлық қазақстандық-тардың
өсіп-өркеңдеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейтін
Қазақстан-2030 президенттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Билікті бөлу қағидасын жүзеге асыру
Заңдар – Қазақстан Республикасы тарихының дерек көзі (1990-2007 жж.)
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Адам құқығы туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1993 жылғы конституцияның қабылдану себептері туралы
Қазақстан тарихындағы тіл саясаты
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Пәндер