Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Құқықтық мемлекет:пайда болуы және белгілері
1.1 Құқықтық мемлекет идеясының пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Құқықтық мемлекет белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы
2.1. Кұқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғы шарттары ... ..18
2.2 Құқықтық мемлекеттің қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Қазіргі құқықтық мемлекет даму идеяларын қарастыру ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Құқықтық мемлекет:пайда болуы және белгілері
1.1 Құқықтық мемлекет идеясының пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...6
2. Құқықтық мемлекет белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы
2.1. Кұқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғы шарттары ... ..18
2.2 Құқықтық мемлекеттің қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Қазіргі құқықтық мемлекет даму идеяларын
қарастыру ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық
жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен
үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша
көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде
қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының
бірнеше түсіндірмелері бар.
Сонымен, мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін
ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын
бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді
орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның
айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып
табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа
ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде
жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының,
құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты –
тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы. Оның мәні биліктің барлық үш
тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп
кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса,
мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып
табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір
жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары
мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің
жоғары органдарына бағынады.
Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық
тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің
конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты
биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді
шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау
заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы
Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда
атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге
асырады.
Қазақстан тәуелсіздікке ие болған күннен бастап, әлемде дамыған елдермен
иықтас тұру үшін құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. ҚР - ның тәуелсіздігі
туралы Конституциялық заң оны “құқықтық мемлекет” деп жариялады. Содан
кейін мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықты және
оның негіздерін қайта құру қажеттігі туды және адамның құқығын қорғау
мемлекеттің басты міндетіне айналды.
Құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі ғана емес, сонымен
қатар адамның бүкіл өмір сүру барысындағы бостандық - теңдігін қорғап,
демократияны қалыптастыратын күш.
ҚР - сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты
”құқықты” пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға
бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта
тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады.
Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті
мәселесіне айналды.
Құқық адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың іс - әрекетімен тығыз
байланысты, олардың бостандығының шеңберін, мүдде - мақсаттарының орындалу
деңгейін анықтап, реттеп отырады.
Құқықтың қоғамға құқықтық мемлекет қаншалықты қажет екенін ұлы Абайдың:
”Егер менің қолымда закон билігі бар адам болсам, адам мінезін құқықпен
реттеу мүмкін емес деген кісінің тілін кесер едім” - деген сөзінен - ақ
ұғамыз.
Тақырыптық зерттелу деңгейі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту
адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің
ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен
мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен
дамуын армандады. Аристотель: "Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ", -
деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер
қүқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып
кеттік.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан
атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П.
Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.
Құқықтық білім берудегі негізгі қағидалардың бірі - тәртіпке баулу.
Онсыз оқу - тәрбие жұмысында табысқа жетуді қамтамасыз ету, жастарды
адамгершілік қасиетке баулу мүмкін емес. Құқықтық білім бере отыра -оқу
ұжымының алға қойған мақсаты - жастардың дүние танымын, сана - сезімін
құқықтық тұрғыда тәрбиелеу, олардың бүкіл өмірлік құндылықтарын қоғам
игілігіне жұмсай білуге бағдар беру[1.35б]
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995
жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған
Конституцияда анық тұжырымдалған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз
мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып,
тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу,
құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің
жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке
басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп
жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік
берілген.
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке
меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік
жасалған.
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына
қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын
қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет
болып дамуы және қалыптасуын зерттей отырып, тақырыптың мазиұнын ашу. Осы
аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- құқықтық мемлекет пайда болу тарихын анықтау;
- Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет болып дамуы және
қалыптасуын зерттеу.
Курстық жұмыстың пәні. Зерттеу пәні – мемлекет және құқық
теориясынан құқықтық мемлекеттің қағидалары.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Құқықтық мемлекет: түсінігі, түрлері және белгілері

1.1 Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің
орындалу әдістері

Құқықтық мемлекет — тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі
ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын,
теңцігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның
алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы
бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық
мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан
негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық,
парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: "Заң
үстемдігі болмаса демократия жоқ", - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли,
Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер қүқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп
қиялданып, біраз пікірлер айтып кеттік.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан
атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П.
Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.
Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан қүқықты екіге бөлді: табиғи кұқық
- адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл,
парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған
нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет
қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бо-стандығын,
тендігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет
адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі
мазмұны халықтың табиғи бостандығын, тендігін қорғау.
Кант - құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан
зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін,
арнамысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін
қалыптастыру деп түсіндірді.
Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық
философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді.
Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет
құқық пен моральдың бірлестігін дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-
жақты жақсартуы.
Маркс - құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған.
Таптар жойылса, құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда
құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқуалуға тиіс. Бостандық
Маркстің ұғымында, -қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға
бағындырып, халықтың мүдде - мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда
ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып,
дуниежүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас
қалыптасты деуге толық болады.
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде
болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп,
бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Құқықтық мемлекет пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті
түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Құқықытық мемлекеттің
пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория,
ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл
теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-
1274) болып табылады.
Сонымен, мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін
ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Құқықтық мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен
сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік
міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік
органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі
болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік
сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті
шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу
құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Құқықтық мемлекет билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты
– тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы. Оның мәні биліктің барлық
үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп
кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса,
мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып
табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір
жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары
мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің
жоғары органдарына бағынады.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қызметіне тоқталу,
мемлекеттік функцияларын жіктеу.
Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық
тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің
конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты
биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді
шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау
заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы
Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда
атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге
асырады.
Заң шығарушы уәзіпін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан
Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан республикасының
Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие.
Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең
алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол
ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.

Құқықтық мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде
қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі.
Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді:
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды
орындау, заңды қорғау органдары).
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді:
мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ
қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
категория а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б
бірінші топтағы лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың
орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс
жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани,
мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке
тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып
нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің фуикциясы - қоғамды әлеуметгік баска-рудағы
мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде - мақсаттарына қосып түсінік
береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып,
білуде өзгешілік кездеседі.[1]
Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны
мемлекеттің мүдде - мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау
дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың
мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп
бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама
түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің
шекарасы белгілі.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен
алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша
нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса
мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси,
рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды
мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді
түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету
нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның
арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін
басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм
ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті
анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделілігі мен көп аспектілігіне карай оның біржақты болуы мүмкін емес
және бірнеше қабатты қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне
тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты
қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан
қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге
бөлінеді:
1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылық;
2), Құқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт
арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі
жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.[2.47б]
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны
бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық ұйымдастырушылық,
халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске
мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру
қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік
орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл
қызметке нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік
беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-
қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б.
қүжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды
жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдар- ының
ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси
партияларды қатыстыруды ұйымдастыру
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет
істері.[3.39б]

2. Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері

Таптық қоғамдағы саяси биліктің негізгі құралы болып табылатын мемлекет
қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардың
түзілуінің нәтижесінде пайда болған.
Егер, мемлекетке дейінгі рулық қоғамда билікті ақсақалдар жүргізіп,
өмір әдет-ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттің құрылуына
орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда болды. Үстем таптың еркін жүзеге
асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін
қорғау үшін құқық пайда болды. Осылайша, үстем таптың мүддесін қорғау үшін
қалыптасқан құқық нормалары бірте-бірте әдет-ғұрыптарды ығыстыра бастайды.
Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстан мемлекет билігін жүзеге асыратын
айрықша органдар мен мекемелер жүйесі, яғни басқарудың айрықша қызметін
күштеп жүргізетін аппараты болуымен; мемлекет санкция берген белгілі бір
нормалар жүйесін бекіткен құқықтың, сондай-ақ осы мемлекеттің юрисдикциясы
жүретін белгілі бір аумақтың болуымен де ерекшеленеді. Сөйтіп, мемлекет
дегеніміз — өзі орналаскан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін
басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым.
Мемлекеттің пайда болуына орай, адамдар тура мағынасында айтқанда нақты бір
аумаққа "байланып қалады". Қондырма ретіндегі мемлекеттің мәні нақты
коғамдағы өндірістік қаты-настардың тиісті түрлеріне орай айқындалады.
Бүгінгі тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік
және қоғамдық істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі,
демократиялық қоғам кұру болып табылатындығында. Республика
Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы —
халық" деп көрсетілсе, 1-бабында Қазақстан Республикасы демократиялык,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады" деп атап
көрсетілген. Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын ізгілік іргетасының
қалануында, яғни азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-ожданы, ар-намысы
қорғалатындығында. Бұл — халықтың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде заңның
үстем болуы аркылы қол жеткізілетін нәрсе. Ол адамның құқығы мен
бостандығын, бейбітшіл азаматтық қоғам құруды және ұлтаралық татулықты,
сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз
етеді. Құқықтык мемлекетте мемлекет пен оның органдары Конституцияның 3-
бабында тиянақталғандай, заңдарда белгіленген өкілеттік шеңберінде әрекет
етеді.
Құқықтық мемлекеттің ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін
жауап беретін, ал азаматтар мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін толык
сезінетін мемлекет пен жеке адамның арасындағы өзара міндеткерлік болып
табылады. Құқықтық мемлекетте заңдар мен басқа да нормативтік актілерді
жүзеге асыру барысындағы пәрменді қадағалау мен бақылаудың маңызы зор.
Зандардың бұрмалануына ешқандай да жол берілмеуі керек.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтық мемлекеттің түрлі түсінігінің болуы — оның әлеуметтік мәнінің
де түрлі болуының негізі. Егер құқықты мемлекет тұлғалармен байланыстырса,
тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мемлекет мәртебесі қандай екенін
анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен
бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда
шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық мем леке
туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік
тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық мемлекет туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден
шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және
жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру жолында кең орын алып келді. Маркстік
ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана
зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық — үстем таптың саяси құралы, тек соның
жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша
құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын
құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар
екенін айтады. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар
тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-
ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке
теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы
мемлекеттерге төлуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін
болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап,
жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау
керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай
жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың
қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топка
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық
әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған.
Құқық мемлекет (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей
міндетті, құқықтық мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған
құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Енді, құқықтың мемлекет негізгі
белгілерін қарастырайық, мысалы жүйелілігі. Құқық мемлекет — бірнеше
бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі — табиғи құқықтың мазмұны
адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен
анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды
сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи
құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп
жазылған: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін
қиюға хақысы жоқ[4.22б](15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі —
мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық мемлекет
жүйенің үшінші бөлігі — субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған
бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын
түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге
құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе,
адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық
қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және
мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның
әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы —оны мемлекеттің тануы, қорғауы,
қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.[5.18б]
Құқық мемлекет негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың
пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің
мағынасы әнгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық
шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында
қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық мемлекет негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай
бола тұрса да құқық негіздері ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында
құқық мемлекет негіздері дегеніміз — қоғамдық қатынастарды реттейтін,
ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін
қоғамның ерік-жігері.[6.93б]
Әдетте құқық мемлекет негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер,
сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық мемлекет келісім-шарттар, нормативтік-
құқықтық актілер.
Құқықтық мемлекет әдеттер — қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-
қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде
бекітілген әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық мемлекет әдет-ғұрыптар қоғамдық
қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел Қасымханның қасқа жолы (XV ғ.), Есім ханның ескі жолы
(XVI ғ.), Тәуке ханның Жеті жарғысы (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ
қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық мемлекет
әдеттерін дамытқан, қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас
істерді қарағанда күші бар құқықтық мемлекет норма ретінде пайдаланылған.
XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар
жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ
қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық мемлекет әдеттер де коғамдық
қатынастардың реттеушісі болып отырған. "Құқық мемлекет проценті — жоғары
мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет
(сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінін
шыққан елі — Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ,
Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып
табылады.
Құқықтық мемлекет келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен
жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін
келісім-шарт.
Казіргі заманда құқықтық мемлекет келісім-шарттар халықаралық
қатынастарда құқыктың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықты мемлекет актілер — құқықтың мемлекет ен басты
қайнар көзі негізі ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық мемлекет акті (НКД) — мемлекеттік органдар ресми
түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, коғамдық қатынастарды
реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация
қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде
консолидацияның кодификацияға ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да,
бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.
Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер
түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық
салаларда қызмет істейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде
пайдаланады.[7.16б]

1.3 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ
та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан
да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту
қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында
ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау
міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси
саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті
республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа
жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.
Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше
ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ
диаспорасының рухани-мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы
Азаматтық қоғамның құрылымы
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Қоғамның құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Пәндер