Мемлекетің мазмұны және әлеуметтік құндылығы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

1. 1 Мемлекеттің пайда болу теориясы . . . 5

1. 2 Мемлекеттің функциясы . . . 7

ІІ МЕМЛЕКЕТІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ

2. 1 Мемлекеттің белгілері бойынша жалпы шолу . . . 11

2. 2 Мемлекет механизмі . . . 13

ІІІ МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ, ОНЫҢ қалыптасуына әсер ететін факторлар

3. 1 Басқару нысаны . . . 22

3. 2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаны . . . 24

3. 3 Мемлекеттің саяси режимі . . . 26

Қорытынды . . . 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32

КІРІСПЕ

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканын дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айырықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше "қабатты" қамтиды.

Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

  1. Малшылық
  2. Жер игеру
  3. Өндірістік
  4. Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

1) Ірі су каналдарын жасау;

2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;

3) Құрғақшылықпен күресу.

Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

  • оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
  • барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.

2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.

І МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

1. 1 Мемлекеттің пайда болу теориясы

Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси-құқықтық ойда бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылыған туғызып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық; Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының өзгермелі кезеңдерінде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор.

Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының сипаттамасы. Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл менімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша, құдай адамдарды жаратты, оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның өкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері, дін қызметкерлері) арқылы да, тікелей де көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау болып түсіндірілді, ал зайырлы (мемлекеттік) билік құдайдың билігінің жердегі аналогы саналды. Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы, мемлекеттік биліктің отбасы егесінің билігімен ұқсастығы мен туыстығын көре білді. Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады көне өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым-қатынаста отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету принциптерін туғызады Әсіресе әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың отбасылық-туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы алғанда оның ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз экстраполяция жүргізуі, отбасы егесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін асырып жіберу - міне осының бәрі патернализмнің осал жері еді.

Белгілі бір мөлшерде оған бір жағынан - мемлекеттік құрылым, екінші жағынан - тірі организмнің (атап айтқанда - адамның) арасында паралелль жүргізуші органикалық теория келіп жанасты. Соған ұқсас, жеке организмнің басы, денесі, қолы және т. б. дене мүшелері болатыны, және олардың әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болатыны сияқты, әрбір мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған және басқа мемлекеттік құрылымдардың ролі мен функциясын қайталамауға тиіс. Олардың бәрі өзара матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының қызметін анықтап, бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар өздсрінше бір бірлік құрды, Органикалық теория шеңберінде әр түрлі факторға акцент жасаған ағымдар бөлініп шықты. Алғашқы ағымның өкілдері Платон мен Аристотельдің ойы бойынша, дене болмаса қолдың өз бетінше әрекет ете алмайтыны сияқты, адам да мемлекеттен тыс тіршілік ете алмайды. Одан әлдеқайда кейін пайда болған ағымның өкілдері Герберт Спенсер және оның ізбасарлары, адамдардың пайда болуымен бірге пайда болған мемлекет қашан қоғам өзінің тіршілік етуін тоқтатқанға дейін өмір сүре береді және егер организм (мемлекет) жалпы алғанда сау болса, онда оның құрамдас бөліктері де сау болады деген ойды түйіндейді.

Бастауында Г. Гроцкий, Д. Локк, П. Гольбах, Ж. Ж. Руссо А. Н. Радищев секілді көрнекті ойшылдар тұрған қоғамдық келісім теориясы кеңінен тарады. Бұл теория бойынша, мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факторы жатыр. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайды қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғушылықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдеріне беріп, мемлекетке бірігуді шешті-мыс, Бұл мәселені шешкенде олар адамдардың саналы түрде көңіл білдіруі мен ерікті түрдегі келісімі негізінде әрекет етті. Халықтан басқаруға деген мандатты алғаннан кейін мемлекет әрбір адамның мүддесін қанағаттандыратын және барлығының игілігі үшін әрекет ететін бірден бір ұйымға айналады. Егер де ол өзінің бұл миссиясын нашар орындаса немесе мүлдем орындамаса, онда Ж. -Ж. Руссо мен А. Н. Радищев ұсынған келісімді теорияның радикалды ағымына сәйкес, халықтың оны өзінің сенімінен айырып, тіпті көтеріліс жасау арқылы өкіметті толық ауыстыруға қол жеткізуге құқығы бар.

Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. Сонымен, бұл теорияның кейбір өкілдері (ЕДюринг) ішкі озбырлыққа баса көңіл бөлсе, басқалары (Л. Гумполович, К. Каутский) - сыртқы озбырлыққа назар аударды. Ішкі озбырлық жағдайында халықтың қолы билікке жеткен бір бөлігі басқаларға өзіне қолайлы шешімді таңа бастайды. Осындай жолмен (еркін күштеп таңу жолымен) билік институттары» жеке меншік институттары, мемлекет құрылды, Сыртқы озбырлық жағдайында бір аумақта тұратын халық келесі бір аумақта тұратын халықты жаулап ала бастады; жауланып алынғандар құл болды, байлық пен жеке меншікті еселеп көбейту үшін пайдаланылды, ал бұл шаруаны мемлекет сияқты мәжбүрлеу ұйымынсыз жүзеге асыру мүмкін емес еді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болуы процестеріне қатысқанымен, аталған теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.

Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен - өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады, Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл қөзқарас Ф. Энгельстің "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы" деген еңбегінде және В. ИЛениннің "Мемлекет туралы" деген лекциясында кең түрде негізделді, Оларда, сондай-ақ К. Маркстің кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда болуының күрделі процесінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген. Алайда оларды түсіндіру кезінде бұл процестегі таптық фактордың ролінің бадырайып көрсетілетіндігін ескермеуге болмайды, өйткені шын мәнінде мемлекет билік етуші таптың қарсыластарын басып-жаншып, қанап, қысым көрсету үшін ғана құрылған жоқ, сондай-ақ тұтас алғанда қоғамды басқарып, оның қалыпты жұмыс істеуі және үдемелі дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін және құқық тәртібін қалыптастырып, сақтау үшін де құрылды ғой.

1. 2 Мемлекеттің функциясы

Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белеңді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет өкіметінің негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым-қатынас төртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады. Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т. б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымсн құқықпен байланысты қызметте (құқық шығармашылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау) кіреді. Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты

а) сенімді және мәжбүрлеуді,

б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын,

в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.

Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінің басты компонентінен) басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері (қоғамдық қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады. Аталған компоненттерді тұтас қалпында анықтап алғанда ғана мемлекет функциялары туралы ұғым қалыптастыруға болады.

Функциялар теориясы

а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды, оның ролін, мәнін, даму переспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды;

б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді;

в) соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сөйте тұра ол саясаткерлерді мемлекеттік қызметті дәл осы күндері қалыптасқан нақты жағдайдың ерекшеліктерімен творчестволық үйлестіруге және оның түрлі бағыттарына дер кезінде өзгерістер енгізудің қажеттігіне бағыттайды.

Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл-әрекетсіз болғанда, ол туралы айту да қиын. Керісінше, өз функциясын жүзеге асырып отырған мемлекеттің ісі де ол жайында және оның терең мәні туралы пікірді тез қалыптастыруға мүмкіндік береді. Демек, мемлекеттің мәніне қарай оның функциясы туындайтынын айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің мәні әртүрлі болатынын салыстыру кезінде олардың функциясын, сондай-ақ оларға тән функциялардың анатомиясын, құрылым мен бағыттылығын тізіп сипаттағанда біз, сөз жоқ, үлкен айырмашылықтарды сезінеміз. Егер мемлекетте жалпы әлеуметтік бастаулар белең алып тұрған болса, онда оның функциясы таптык билеуді жүзеге асырып отырған мемлекеттікіндей болмайды, өйткені соңғысының функциясы үстемдік етуші таптың қарсыласын басып-жаншуға бағытталған. Мәні бірдей мемлекеттерді салыстыру кезінде олардың функцияларының бір-біріне жақындығын да байқауға болады. Бірақ бұл ұқсастықтардың бояуын қалыңдатуға болмайды, өйткені мемлекеттердің функциялары тұрақты болмайды, оларда бәрібір айырмашылықтар кездеседі. Ондай мемлекеттердің функциялары ұқсас болатыны өз-өзінен түсінікті, өйткені бәрі де олардың мәнінің бірдейлігіне байланысты.

Мемлекеттің функциясы мәнін себептік қатынастарымен байланыстыра отырып, бұл тікелей байланыс еместігін естен шығаруға болмайды. Ол кейбір аралық факторлармен, атап айтқанда дамудың белгілі бір кезеңінде мемлекеттің алдында тұрған міндеттермен жанама байланысқа түседі, Мемлекеттің міндеті неғұрлым динамикалы фактор, демек мәніне қарағанда анағұрлым өзгермелі Мемлекеттің экономика, әлеуметтік және рухани қатынастар саласында, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресте, сыртқы саясаттағы нақты міндеттерінің жиі өзгеруі мемлекеттік қызметті тиісті түрлерінің ауқымы мен қарқыны олардың қатынасының пропорциясына ықпал етеді.

Мемлекет функциясының сипаттамасы. Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Фунцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру кең тараған Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғамда мемлекеттік ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілік) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің (барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады )

Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.

Адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі масштабы және өрісі түрлі мемлекеттер әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына жағдайларға ықпал ете алады:

  1. экономиканы дамытудың сара жолын таңдау (мысалы, нарықты дарективалық-жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау)
  2. мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау;
  3. экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру:
  4. жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметін түрлі субектілердің мәртебесін анықтау;
  5. экономикалық инфрақұрылым (шаруашылық басқарудың қаржы-ақша құралдары, несие, заем беру, инвестициялық саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның айырықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғандарға мына төмендегілерді қосуға болады, экономиканың нақты саласына мемлекеттің ықпал алу нысаны оның қандай секторға мемлекеттік пе, жеке немесе ұжымдық секторға жата ма, соған байланысты. Мемлекеттің кәсіпорындарға, ұйымдар мен экономиканың мемлекеттік секторының объектілеріне ықпалы мол; оған басқарудың шексіз құқығы берілген (кадр мәселесі, қаржы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бақылау, ағымдық оперативті басқару) . Экономиканың мемлекеттік емес секторының кәсіпорындарына, ұйымдары мен шаруашылық объектілеріне қатысты айтатын болсақ, онда мемлекеттің олардың қызметіне ықпалы шамалы болып табылады, ол нормативті реттеу нысандарымен, сондай-ақ олардың заңдылық талабы мен белгіленген тәртіпті сақтауын бақылаумен шектеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Құқық нормаларын талқылаудың түрлері
Қылмыс пен жазаның жалпы түсінігі
Конституциялық құқық туралы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
Ақпараттық база
Саяси режимдегі саяси партиялар
Ақтамберді жырау өлеңдерінің басты идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz