Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Құқық бұзушылық: түсінігі, оның заңдық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2Заң жауапкершілігінің қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты алдын алу шаралары.24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Құқық бұзушылық: түсінігі, оның заңдық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Құқық бұзушылықтың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...7

II ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
2.1 Заң жауапкершілігінің түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2Заң жауапкершілігінің
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.3 Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты алдын алу шаралары.24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Адам баласы дамуының объективтік заңдары жалпы
түрде қоғамдық қатынастардың, көбінесе лайықтылау құрылымын белгілейді.
Олар белгілі объективтік жағдайларда адамдардың, оның индивидумдарының сол
қоғамның даму деңгейіне сай қалай әрекет жасайтынын көрсетеді.
Құқық субъектілерінің мінез – құлқы (тәртібі) құқыққа сай және
құқыққа қарсы болып келеді. Құқыққа сай дегеніміз мінез – құлықтың құқық
нормаларының талабына сәйкестігі. Құқыққа сай мінез – құлық қоғамның
мүддесін көздейтін қажеттілік болып табылады. Ол құқықтық нормалар арқылы
ынталандырылады, әрі мемлекет тағайындаған ережесі адамның саналылық
қатынастарының нәтижесі болып табылады. Кей уақытта адамның мінез – құлқы
(тәртібі) құқықтық нормалар талабын бұзғандығы үшін жазадан қорқу
негізінде жүзеге асырылады.
Демек, кез келген адамның мінез – құлқы (тәртібі) заңдық мәнді бола
бермейді, ол үшін оның белгілі бір құқықтық белгілеріне ие болуы керек
екен.
Құқық бұзушылықтың 4 белгісі бар: құқыққа қарсылығы, кінәлылығы,
қоғамдық қауіптілігі, жазаланатындығы.
Азаматтық теріс қылық – құқық бұзушылық, мүліктік және мүліктік емес
қатынастар аясында болады, адам үшін рухани бағалылық. Азаматтық
құқық бұзушылық – ұйымдарға не болмаса жекелеген адамдарға мүліктік зиян
келтірумен көрінеді, яғни келісім шарт бойынша міндетті орындамау,
азаматтың ар ұятына нұқсан келтіретін өтірік өсек тарату жатады.
Ең қауіпті құқық бұзуға қылмыс жасау жатады. Ол теріс қылықтан,
өзінің қоғамға қауіптілігімен бөлінеді және өте ауыр,зиянды жеке адамға,
мемлекетке, қоғамға тигізеді. Қылмыс – мемлекеттік және қоғамдық
құрылыстың негізіне, меншікке, жеке адамға және азаматтардың құқығына,
қарулы күштердің әскери дайындығына қол сұғып, қылмыстық жазалар мөлшерін
қолдануды талап етеді.
Құқық нормаларын бұзу мүмкіндігі адам баласы өмірінің өзіне берілген
сондықтан, мемлекет өзінің мәжбүрлеу күшімен қорғауды және құқық
нормаларын кедергісіз орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекет қоймасында оның
міндетті ұйғарымдарына, тәртіптері сай келмейтін адамдардың заңды
жауапкершілігін белгілейтін нормалар бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: құқық бұзушылықтың ұғымын және
жауапкершілігін көрсетіп беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-құқық бұзушылық: түсінігі, оның заңдық құрамын зерттеу;
-құқық бұзушылықтың түрлеріне тоқталу;
-заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлерін анықтау;
-заңдық жауапкершілік қағидаттарын қарастыру;
-Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты алдын алу шараларын
қарастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы
және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес
келеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: Қазақстан Республикасы
Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік
заң ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-
заңгерлердің,маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге
байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

I ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1.1 Құқық бұзушылық: түсінігі, құрамы және белгілері

Адам баласы дамуының объективтік заңдары жалпы түрде қоғамдық
қатынастардың, көбінесе лайықтылау құрылымын белгілейді. Олар белгілі
объективтік жағдайларда адамдарды
ң, оның индивидумдарының сол қоғамның даму деңгейіне сай қалай әрекет
жасайтынын көрсетеді.
Заңдар – заң шығарушы билікпен шығарылатын нормалар, (яғни, құзіретті
берілген адамдармен) танылған объективтік заңдарға сай адамдардың басқа
әрекет жасауға мүмкіндігі болса да, қалай әрекет жасайтынын белгілейді.
Объективті заңдар кешірім жасауды білмейді. Заңдар, субъективтік қызметтің
жемісі ретінде олардың белгілегендерін бұзуға да мүмкіндік береді. Заң
шығарушы, іс жүзіндегі тәжірибеге сүйеніп, ондай бұзу мүмкіндігін әдейі
жібереді. Осыған байланысты объективтік құқық, егер ол өте жоғарғы түрде,
қоғамдық өмірдің объективті заңдылығын көрсете алғанмен, барлық көпжақты
жекелеген адамдардың қажеттігін есепке ала алмайды. Мемлекетпен жалпыға
бірдей қабылданған және қорғалатын тәртіп жолын мойындамайтын адамдар
туралы да объективті құқық есептеп, қажеттіліктерін есепке алады, олардың
құқыққа қарсы әрекеттеріне міндетті түрде тиым салады.
Құқық нормаларын бұзу мүмкіндігі адам баласы өмірінің өзіне берілген
сондықтан, мемлекет өзінің мәжбүрлеу күшімен қорғауды және құқық
нормаларын кедергісіз орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекет қоймасында оның
міндетті ұйғарымдарына, тәртіптері сай келмейтін адамдардың заңды
жауапкершілігін белгілейтін нормалар бар.
Құқық бұзу деген не? Құқық бұзу - құқықтық және әрекеттілігі бар
құқық нормаларының ұйғарымына қарсы, басқа адамға келтіретін және заңды
жауапкершілікке шақыратын адамның кінәлі тәртібі.
Құқықтық тәртіпті бұзу қатаң түрде белгіленген нышандарымен
сипатталады, оны құқықтық емес тәртіп жолдарынан айырып көрсетеді (мораль,
ғұрып, қоғамдық ұйымдардың шешімдері) [1,].
1.Құқық бұзу - әрекетімен не әрекетсіздігімен көрінетін адамның тәртібі.
Құқық бұзушылыққа, адамның қимыл тәртібі жатад Он-

ың ойы сезімі жатпайды себебі, олар құқықпен реттелмейді. Әрекетсіздік
құқық бұзушылыққа тек сонда жатады, егер адам құқық нормаларында
көрсетілген белгілі қимылды (әрекет) орындамаса (мысалы,өмірі үшін қауіпті
жағдайдағы адамға қажетті көмек көрсетпесе).
2. Құқық бұзу – құқық нормаларының ұйғармына қарсы болатын адамның
тәртібі. Сондықтан, құқық бұзуды, құқыққа қарсы тәртіп деп айтуға болады
себебі, ол құқық нормаларының реттейтін және қорғайтын қоғамдық
қатынастарға қарсы бағытталған.
Құқықпен келісіп, құқықпен рұқсат етілген әрекет құқық бұзушылық
болып есептелмейді. Ең алдымен, құқық бұзушылық заңның қорғауындағы басқа
адамның мүддесіне қол сұғады (меншіктік мүдде, сөз және адамгершілік
бостандықтары). Дегенмен, адамның барлық мүдделері заңмен қорғалмайды
сондықтан, оларды бұзу әр уақытта құқыққа қарсылық, деп айтуға болмайды,
яғни құқық бұзушылыққа жатпайды. Мысалы, бәсеке (конкуренция) біреудің
жеке адамның экономикалық мүддесіне зиян келтіреді, бірақ мұнда құқық
бұзушылық жоқ. Құқық бұзушылықтың негізі, құқық нормаларына қарсы келетін
тәртіп, мемлекеттен шығатын тіпті оның тапсырмасы белгілі қоғамдық, не
болмаса жеке мүдделерге әр қашанда сәйкес келмесе. Керісінше жағдайда,
ұйымдастырылған өркениеттегі қоғамның болуы ойға кірмейді. Сондықтан,
құқықтық мемлекет рұқсат береді және қажетті қорғану институтын,
қорғанудың шегін және басқаларды қамтамасыз етеді.
3.Құқық бұзушылыққа құқықтың субъектілерінің кінәлі тәртіптері ғана
жататындығы мойындалады. Құқыққа қарсы тәртіп, құқық бұзушылыққа, тек сол
жағдайда айналады, егер құқық бұзушының әрекетінде не әрекетсіздігінде
кінәсі болса, себебі, адам біле отырып құқық бұзуға барады, өзінің
әрекетін сол сәтте ақылымен басқарады.
Кінә-құқық бұзушының өзінің құқыққа қарсы тәртібіне психологиялық
көзқарасы. Кінәнің екі нысаны болады: қасақана және абайсыздық.
Қасақаналық-сол уақытта орын алады, егер адам құқықты бұзғанда оның
тәртібінің нәтижесінде қоғамға зиян келетінін алдын ала білсе, соны тілесе
(мысалы, қарыздық міндеттілігін бұзса, өндірістің әкімшілігің жарлығына
бағынбаса, жеке адамның мүлкін ұрласа).
Абайсыздық – кінәнің нысаны ретінде екі түрге бөлінеді:
- өзіне-өзі сенушілік – адам өзінің тәртібінің соңында болуы мүмкін
зиянды нәтижені алдын -–ала біледі, бірақ жеңілтектікпен ондай нәтижені
болдырмаймын - деген есепте болады [2].
Ұқыпсыздық - адам өз тәртібнің нәтижесінде болатын қоғамға зиянды
нәтижені білмейді, бірақ оны білуге міндетті еді.
Мысалы, жүргізуші өзі біле тұра бұзылған машинамен жолға шығады,
жауапсыз түрде жолда тұрып қалмайтынына сенеді, бірақ жолда тұрып қалады
- бұл кінәнің өзіне - өзі сенгендік нысанына жатады. Бірінші кезде,
жүргізуші құқықтың бұзылу мүмкіндігін алдын – ала білді, себебі бұзылған
машинамен келе жатқанын білді. Екінші кезде, жүргізуші зиянды нәтиже
болатынын алдын ала білмейді, міндетті түрде оны білу қажетті еді.
Машинаның жолда сынбасы үшін, жүргізуші алдын – ала өзінің міндетіне
жауапкершілікпен қарап, машинаның техникалық жағдайын тексеріп
бұзылғанын жолға шыққанша жөндеп алу керек еді.
Сонымен, құқыққа қарсы тәртіп құқық бұзушылық болады, тек сол кезде,
егер өз ісіне өзі есеп бере алатын адаммен жасалса және жасаған қылықта
оның еркі көрінсе.
4. Құқық бұзу- қоғамға, мемлекетке, азаматтарға зиян келтіретін
тәртіп. Олар, үлкен зиянды саяси еңбек, мүліктік, жеке адамдардың құқығына
және бостандығына, ұйымның экономикалық мүддесіне, әскери бөлімдердің
әскери дайындығына келтіретіндігі мәлім.Себебі, құқық бұзу қоғамға зиянды,
азаматтардың және ұйымдардың мүдделерін бұзады, оларға мемлекетпен тиым
салынған.
5. Құқық бұзушылық, құқық бұзушыға мемлекеттік ықпалды, шараны
пайдалануды талап етеді.

1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері

Құқық бұзушылықты топқа бөлуді (классификациялау) әр түрлі негізде
жүргізуге болады [3,296б]:
-қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай – қылмыс және теріс қылық
(әкімшілік, азаматтық – құқықтық, тәртіптік, конституциялық);
-қоғам өмірінің саласына қарай – экономикадағы,саясаттағы, әлеуметтік-
тұрмыстағы, және; т.б.;
-заң қызмет түрлеріне қарай–құқықшығармашылық,құқық қолданудағы;
-кінә нысандарына қарай – қасақана жасалған;
-шаруашылық салаларына қарай - өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылы-ғындағы,
көліктегі, т.б..
Теріс қылық - қылмыспен салыстырғанда, қоғамдық қауіптілігі аз
сипатталатын құқық бұзушылық және қоғамдағы барлық тәртіптің жекелеген
жақтарына қол сұғады. Оларға жататындар тәртіптілік, әкімшілік және
азаматтық құқық бұзулар жатады.
Теріс қылықты бөлу, сол қоғамдық қатынастардың ортасына, яғни,
құқыққа қарсы тәртіпті бұзудың нәтижесінде болған зиянға байланысты
болады. Тәртіптілік – теріс қылық-құқық бұзу, қызмет жасайтын ортада
болады, қызметтік қатынастағы бір –біріне қызмет бойынша бағыну тәртібі
бұзылады. Тәртіптік теріс қылық, белгілі ұжым адамдарының қызметіндегі
міндетті тәртіпке қол сұғу: жұмысшылардың, қызметкерлердің, әскери
адамдардың тағы басқалардың еңбек, қызмет, әскери не болмаса оқу
тәртіптерін азайту арқылы.
Әкімшілік – теріс қылық – құқық бұзушылық, заңмен белгіленген
қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік органдардың атқару және жарлық жасайтын
қызметтеріне, қызмет істеу міндеттерімен байланысы жоқ жағдайларға қол
сұғу. Әкімшілік теріс қылыққа, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін,
санитарлық гигиенаны бұзу, билетсіз көлікте жүру жатады.
Азаматтық теріс қылық – құқық бұзушылық, мүліктік және мүліктік емес
қатынастар аясында болады, адам үшін рухани бағалылық. Азаматтық
құқық бұзушылық – ұйымдарға не болмаса жекелеген адамдарға мүліктік зиян
келтірумен көрінеді, яғни келісім шарт бойынша міндетті орындамау,
азаматтың ар-ұятына нұқсан келтіретін өтірік өсек тарату жатады.
Ең қауіпті құқық бұзуға қылмыс жасау жатады. Ол теріс қылықтан,
өзінің қоғамға қауіптілігімен бөлінеді және өте ауыр зиянды жеке
адамға, мемлекетке, қоғамға тигізеді. Қылмыс – мемлекеттік және қоғамдық
құрылыстың негізіне, меншікке, жеке адамға және азаматтардың құқығына,
қарулы күштердің әскери дайындығына қол сұғып, қылмыстық жазалар мөлшерін
қодануды талап етеді [4,320б.].
Жалпы құқық теориясы бойынша, құқық бұзу құрамы мынадай: объект,
субъект, объетивті және субъективті болып бөлінеді.
1.Құқық бұзудың объектісіне құқық нормаларымен реттелетін және
қорғалатын қоғамдық қатынастар жатады.
2.Құқық бұзудың субъектісіне жоғарыдағы көрсетілгендей, жекелеген
адамдар және құқықтық қабілеттілігі, әрекеттілігі бар ұйымдар жатады.
3.Құқық бұзудың объективтік жағына құқыққа қарсылық және субъект
тәртібінің қоғамға қауіптілігі жатады.
4.Құқық бұзудың субъективтік жағына құқыққа қарсылығы үшін
жауапкершілік, құқық бұзушының кінәсі болса. Кінә - құқық бұзушының
қажетті субъективтік белгісі, барлық құқық бұзушылықта орын алуға
міндетті, сондықтан кімнің жасағанына қарамай жауапқа тартылуы қажет.

II ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ

2.1 Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері

Құқық бұзушылық кінәлі адамның заң жауапкершілігін тудырады. Олар
құқық нормаларының санкцияларында көзделген. Санкцияны қолданудың негізі
адамның әрекет не әрекетсіздігіндегі құқық бұзушы-лықтың құрамын анықтау
болып табылады. Заң жауапкершілігі құқық бұзушыларға заңдарда көрсетілген
заңсыз іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) үшін санкцияны қолдану, яғни
бас бостандығынан айыру, айыппұл төлеу, мүлікті конфискациялау, т.б.
[5].
Әдетте, кез келген құқық бұзушыларға мемлекеттің күштеу шараларын
қолданса да, бірақ санкцияны қолдануға болмайды. Мысалы, есі дұрыс емес
деп танылған адамға, қоғамдық қауіпті әрекетті жасаса да сот Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодесінде көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін (16бап). Шынында да, бұл мемлекеттік
көндіру шарасы, бірақ заң жауапкершілігі емес, өйткені оны қолдануға
негіз жоқ, себебі – құқық бұзушылықтың субъектісі иелігінің басты белгісі
– деликто қабілеттіліктің болуы. Сөйтіп, құқық бұзушылықтың заңды
құрамының толық болмауы заң жауапкершілігін қолдануға кері әсерін
тигізетіні сөзсіз.
Заң жауапкершілігінің мынадай белгілерін айтуға болады [6,624б.]:
1) құқық бұзушыларға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануға
сүйену;
2) құқық нормаларын оны бұзушыларға қолданатын санкцияны іс жүзіне
асыруды білдіру;
3) мемлекет пен құқық бұзушылардың арасында туындайтын ерекше құқық
қатынастарын белгілеу;
4) құқық бұзушылықты жасағаны үшін заң жауапкершілігініің қолданылуы;
5) заңдарда көзделген белгілі бір іс жүргізу нысандарын сақтап
жауаптылықты жүктеу;
-құқық бұзушылықты жасауына байланысты кінәлінің орындамаған негізгі
міндеттерінен басқа қосымша міндеттерді атқаруды жүктеуге байланысты;
-құқық бұзушылар үшін қолайсыз зардаптардың көрініс табуы. Олар жеке
бастың сипаты болуы мүмкін (бас бостандығынан айыру, еңбекпен түзеу
жұмыстары, сөгіс, т.б.) және мүліктік мәнді (айыппұл салу, тәркілеу,
материалдық жауапкершілік және т.с.с.)
Сөйтіп, заң жауапкершілігі дегеніміз - құқық бұзушылықты жасаған
адамға заңда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі іс
жүргізу тәртібімен қолдану.
Заң жауапкершілігі, әрине, ең маңызды болып табылса да, бірақ
мемлекеттік мәжбүрлеудің түрі дара емес. Мемлекет онымен қоса еріксіз
қамтамасыздандыру шараларын және қорғау шараларын пайдаланады, мысалы,
тауардың төменгі сапасын оның жақсырақ сапасына айырбастау, заңсыз
жұмыстан (қызметтен) шығарылғандарды бұрынғы қызметіне қайтадан қабылдау.
Тұтастай алғанда қорғау шаралары дегеніміз- бұзылған құқықты қалпына
келтіруге және заңды міндеттерді орнындауды қамтамасыз етуге
бағытталған мемлекеттің еріксіз көндіру қызметі.
Заң жауапкершіліктің мақсаты: құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтарды
құқықты құрметтеуге тәрбиелеу, әлеуметтік әділетсіздікті қалпына
келтіру, жаңадан құқық бұзушылықты болдыртпаудың алдын алу болып
табылады. Ол белгілі бір принцип негізінде іске асуы тиісті. Оған
жататындар:
-заңдылық принципі (жауапкершілікті тағайындау процессі кезінде
заңдарды сақтау және орындау, құқық субъектінің жауапкершілігі тек
олардың кінәлі іс - әрекеті үшін ғана қолданылады);
-әділеттік принципі (жазаның іс -әрекеттің мөлшерімен тең болуы кінәлі
деп танылған адамға заңдардың тиісті бабында белгіленген шекте және
жауапкершілік жүктейтін ережелері ескеріліп отырып, әділ жазаның
тағайындалуы. Ол үшін жаза тағайындау кезінде жағымсыз іс - әрекеттің
сипаты мен қоғамдық қауіпті дәрежесі, кінәлінің жеке басы, сонымен бірге
құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез – құлыққа
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар, сондай – ақ
тағайындалған жазаның айыптының түзелуіне және оның отбасының немесе
асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына тигізетін ықпалы ескерілуі
тиіс);
-мақсатқа сәйкес (орындылық) принципі (құқық бұзушыға қолданылатын
шаралардың ықпалының заң жауапкершілігіне сәйкестігі. Бұл принциптің мәнісі
мынада: құқықбұзушылық жасаған әрі кінәлі деп танылған адамның жазадан
толық не ішінара босатылуы немесе жауаптылығы мен жазасы жеңілдетілуі
мүмкін, егерде ол келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз
еркімен толтырса, не зиянды жоюға бағытталған өзге де іс - әрекеттерді
жасаса, шын жүректен өкініп, айыбын мойындап келсе, сөйтіп, өзінің іс -
әрекетімен түзелгендігін білдіртсе, онда оны жазалау орынды болмас еді);
-ізгілік принципі (құқық бұзушыға адамгершілікпен қарау, яғни
кінәлінің жеке басының, отбасы мүшелерінің немесе өзге де ауыр мән -
жайлар тоғысуына байланысты ( денсулықтарының ауыр хәлге душар болуы,
отбасындағы бақытсыздық, т.б.) жауапкершіліктің тағайындалуын тоқтату не
одан мүлдем босату адамгершіліктің белгісі):
-заң жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (әрбір құқық бұзушылық
міндетті түрде жауапкершілікті тудыруы тиісті. Ол дегеніміз-әрбір кінәлі
адамның жауапсыз қалмайтындығы. Бұл принциптің іске асуы, әрине,
құқыққорғау органының дәйекті қызметімен және жазаны қолдануға тиісті
лауазымды адамның іскерілігіне, білімділігіне, өз қызметін жетік біліп,
үнемі дайындықта болуына, ұқыптылығына байланысты.
Жылдамдылық принципі (құқық бұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік
дер кезінде, өз уақытында қолданылуы тиісті).
Еліміздің жауапкершілігінің түрлеріне келетін болсақ, ол құқық
салаларына қарай конституциялық, қылмыстық – құқықтық, азаматтық –
құқықтық, әкімшілк–құқықтық, тәртіптік, жұмысшылар мен қызметшілердің
материалдық жауапкершілігі; жіктелуінің тәртібіне қарай – соттылық тәртібі,
әкімшілік тәртібі; жауаптылықты жүктейтін органдарға қарай – заң (өкілді)
органдарының, басқару органдарының, атқарушы органдарының жауаптылықты
жүктеуі болып бөлінеді [7].
Заң жауапкершілігінің түрлері құқық бұзушылықтың түрлерімен пара –пар.
Қылмыстық жауапкершілік тек қылмыс жасағаны үшін қолданылады, яғни,
қылмыстық құық нормаларында тыйым салынған қоғамға өте қауіпті іс-әрекет
(не әрекетсіздік), оның негізгі қайнар көзі – ҚР Қылмыстық кодексі.
Сондықтан қылмыстық жауапкершілік заң жауапкершілігінің ішіндегі ең қатаң
түрі болып танылады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру,
сондай – ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа
адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында
қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір –
қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға
негізгі жаза мынадай:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзету жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазсы қолданылуы мүмкін.
Бұдан басқа сотталғандарға мынадай қосымша жазалар:
-арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
-мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Бірақ айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың негізгі де, қосымша да
түрлері ретінде қоданылуы мүмкін.
Қылмыстық жазаны тағайындауды жалғыз мемлекттік орган – сот атқарады,
өйткені ол өзінің айыптау үкімінде қылмыстық жазаның мөлшерін анықтайды.
Әкімшілік жауапкершілік - әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін
қолданылатын шаралардан (мысалы, айыппұл салу, арнаулы құқықтан айыру –
жүргізушілік құқығынан, аң аулау ерекшелігі – мұнда лауазымды адам ғана
шараларды қолдана алады, ал құқық бұзушы ондай адамдармен қызметтік
бағыныста болмайды. Әкімшілік құқықтың бірден – бір қайнар көзі –
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі болып
табылады.
Азаматтық жауапкершілік – шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны
үшін және азаматтық заңдарда сәйкес мүліктік зиян келтіргені үшін
қолданылатын шаралардың бірі. Бұл жауапкершіліктің түрі құқықты қалпына
келтіру санкциясын жиі қолдану негізінде мүліктік нұсқаны өтеуді көздейді.
Заңдарда мұнымен қоса кінәлі адамға міндеттемелік шарттарды орындамағаны
үшін айып төлеу (айыппұл, өсім) шарасын қолдануы көзделуі мүмкін.
Айып төлеу дегеніміз - борышқор міндеттемесін орындамаған немесе
тиісінше орындамаған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен
немесе шартпен белгіленген ақша сомасн айып төлеу. Айып төлеу мөлшері
нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған
міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.
Тәртіптік жауапкершілік - бұл еңбек шартын бұзғаны үшін, яғни
қызметкерлердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалма-
ғаны үшін жұмыс берушінің тәртіптік жазаларды қолдануы. Ондайларға
жататындар: ескерту, сөгіс, кейбір жағдайларда жеке еңбек шартын жұмыс
берушінің бастамасы бойынша бұзу [8,11б.].
Материалды жауапкершілік – жұмысшылардың, қызметшілердің өздерінің
еңбек міндеттерін орындаған кезде мекемеге келтірілген зиянды (залалды)
өтеуі.
Заң жауапкершілігі ұғымының мазмұны толық болуы үшін одан босатылатын
және жауапқа тартылуға тиіс емес мән – жайларды еске түсіруіміз қажет.
Жауапқа тартылуды болдыртпайтын мән- жайлардың ішінде мыналар
көрсетілген:
- заңда көрсетілген жауаптылық басталатын жас шамасына толмағандар;
-есі дұрыс еместік, яғни өзінің іс - әрекетін (әрекет не
әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына
алмаған немесе оған ие бола алмаған адамдар;
-қажетті қорғану, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке
басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын,
қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті
қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру қорғану шегінен асып
кетушілікке жол берілмеген болса;
-аса қажеттілік - Қылмыстық кодексте қорғалатын мүдделерге аса
қажетті болған жағдайларда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немес
өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне,
қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті
жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін
болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетпеушілікке жол
берілмесе;
-объективті – құқыққа қарсы іс - әрекет (казус), яғни кінәсіздік
жағдайда жасалған іс - әрекет. Мұны кінәсіздік презумпциясы принципі деп
атайды.
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды
өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті
шаралар шегінен шығуға жол берілмесе;
Орынды тәуекел ету, яғни қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін
орынды тәуекел еткен ретте заңда қорғалатын мүдделерге зиян келтіру;
-күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу, яғни адам өзінің іс -әрекетіне
(әрекет не әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің
нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру;
-бұйрықты немесе өкімді орындау, яғни өзі үшін міндетті бұйрықты немесе
үкімді орындау жөнінде іс -әрекет жасаған адамның заңмен қорғалатын
мүдделеріне зиян келтіру. Мұндай зиян келтірген заңсыз бұйрық немесе өкім
берген адам жауаптылыққа тартылады.
Жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері болып мыналар табылады
[10,443б]:
1) шын өкінуіне байланысты, яғни бірінші рет кішігірім немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын
мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс
қелтірілген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе;
2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде, яғни қоғамдық қауіпті қылмыстан
болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану
шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, жауаптылықтан
босатуы мүмкін;
3) жәбірленушімен татуласуына байланысты, яғни бірінші рет кішігірім
немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен
татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянының есебін толтырса;
4) жағдайдың өзгеруіне байланысты, яғни істі сот қараған кезде ол
жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса;
5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты, яғни қылмыс жасалған күннен
бастап мынадай мерзімдер өтсе:
а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
6) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс
жасаған күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін
есептеледі.
б) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты, яғни қылмысы үшін
сотталған адам, егер айыптау үкімі оның занды күшіне енген күнінен бастап
есептегенде, мынадай мерзімдерде орындалмаған болса, жазаны өтеуден
босатылады:
а) кішігірім ауырлықтағы кылмысы үшін сотталғанда — үш жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда — алты жыл;
в) ауыр қылмысы үшін сотталғанда — он жыл;
г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда — он бес жыл.
7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде.
8) Ол адамның құқық бұзушылық жасағаннан кейінгі мүлтіксіз мінез-
құлқына байланысты іс сотта каралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп
есептеле алмайтындығы белгіленсе.

2.2 Заң жауапкершілік қағидаттары

Құқық бұзушылық дегеніміз - құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды
орындамау барысындағы әрекет (әрекеттілік немесе әрекетсіздік).
Адамдардың қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Құқық бұзушылықтың түрлері
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Құқықбұзушылық түсінігі
Құқық бұзушылық түрлері
Қылмыс - кінәлі қоғамдық қауіпті қылмыстық әрекет
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Пәндер