Исмаилизм: хасан ибн саббах және ассасиндер


ИСМАИЛИЗМ: ХАСАН ИБН САББАХ ЖӘНЕ АССАСИНДЕР
Орындаған: Омарханова Г. Ж.
Алматы 2007
Жұмыстың мазмұны
I. Кіріспе. . ……. 3
II. Негізгі бөлім : . . . 6
1тарау. Исмаилизм . . . 10
1. 1. Исмаилиттердің 765-1171 жылдар аралығындағы тарихы . . . 10
1. 2. Исмаилизм дінифилософиялық ұстанымы . . . 21
2тарау. Хасан ибн Саббах және ассасиндер . . . 27
2. 1. «Тау ақсақалының» өмірбаяны мен қызметі. Неоисмаилизм концепциясы . . . 27
2. 2 Аламут және ассасиндер мемлекеті және оның XIII ғасырдан
кейінгі тағдыры . . . 35
III. Қорытынды . . . 49
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 52
V. Қосымша мәліметтер . . . 54
Кіріспе
Бөлініс - адамзаттың баяғыдан келе жатқан соры. Бірақ бұл жаратылыстағы қозғалысты қамтамасыз ету үшін, яғни өмірөлім айналымын тудыру үшін қажет болғандықтан, адамдар еріксіз, тіпті бейсана қалыпта бұл үрдіске тартылып кетеді.
Бөліністің бір түрі жаратушыны тану мәселесіне қатысты туындайды. Осыған байланысты әлемде бірнеше дін пайда болды. Түп негізінің бір екені мәлім болса да, адамдар топтарға бөлініп алып, дінді саяси билікке талас құралына айналдырып, дүниені бөліпжарып қақтығыс тудырады.
XXI ғасырдың басы діни көзқарастар айырмашылығы негізіндегі қақтығыстарға толы екендігін көзімізбен көріп отырмыз. Мұның бәрі діннің түпкі мәнін түсінбеушіліктен болып отыр.
Әлемдік тарихта, әсіресе Шығыста дін саясиқоғамдық өмірде ежелденақ шешуші роль атқарып келеді. Шығыс (Орта және Таяу Шығыс) пен Солтүстік Африканың орта ғасыр тарихында дін тарих шеңбері айналуының басты факторы болды. Бұл VII ғасырда Шығыста ислам дінінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ислам иудаизм, христиандықтан кейінгі үшінші және соңғы монотеистік дін.
Ислам дінін ұстаушылар үлкен екі ағым сүнниттер мен шииттер болып бөлінеді. Қазіргі таңда шиизм Иран Ислам Республикасының ресми діни ұстанымы болып табылады. Иранда халықтың 97 пайызын шииттер құрайды. /21/
Диплом жұмысының тақырыбы «Исмаилизм: Хасан ибн Саббах және ассасиндер» деп аталады.
Бұл тақырыптың өзектілігі діни көзқарастарының айырмашылығы және мұрагерлікке талас негізінде пайда болған шииттік ағымның исмаилиттік тармағының шығу тарихы мен өзге діни ағымдардан айырмашылығы мен ұқсастығы айқын баяндалатындығында болып отыр. Өйткені 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін баспасөз беттерінде әлемнің түкпіртүкпірінде белең алған мыңдаған бейкүнә жандардың мәнсіз өліміне себепші болып отырған жанкештілердің өзінөзі өлтіру сияқты адамгершілікке жат әрекеттерінің төркінін тарихтан іздеп түсіндіру басталды. Олар көбіне ғасырлар бойы негізінен сүннит мұсылмандары тарихшылары мен кресшілер жорығының еуропалық тарихнамашыларының исмаилиттер жайлы қалыптастырған пайымдары мен деректеріне сүйенеді. Ал бұл авторлардың антиисмаилиттік бағыт ұстанғандығын білетіндіктен, мәліметтердің ақиқат ауылынан алыс болуы мүмкіндігін ескеру керек.
Диплом жұмысының мақсаты шиизмнің бір тармағы исмаилизм тарихын зерттеп, ондағы Хасан ибн Саббахтың атқарған ролін қарастырып, ассасиндер мемлекетінің тарихын баяндау болып отыр.
Диплом жұмысының міндеттері :
- Исмаилизм тармағының шығу тарихын нақтылап жазу;
- Исмаилизмнің концепциялық ерекшеліктерін талдау;
- Низариттік исмаилиттер мемлекетінің негізін қалаушы Хасан ибн Саббахтың тұлғасын зерттеу;
- Ассасиндер мемлекетінің тарихын жүйелеу;
- Исмаилиттер имамдарының тізбегін қалыптастыру.
Диплом жұмысының құрылымы алты бөлім - кіріспе , негізгі бөлім , қорытынды , қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымша мәліметтер бөлімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде диплом жұмысына жалпы шолу жасалады. Негізгі бөлім 2 тараудан, әр тарау 2 тармақтан тұрады.
- тараудың 1тармағында исмаилизмнің 765-1171 жылдар аралығындағы тарихы баяндалады. Исмаилизм тармағының пайда болуы, алғашқы исмаилиттердің дава - үгітнасихат жүргізу қозғалысын ұйымдастыру мен Фатимидтер мемлекетінің пайда болу, даму және құлдырау кезеңі сөз болады.
- тараудың 2тармағында исмаилизмнің пайда болуының дінифилософиялық негізінің қалыптасуы мен оған әсер еткен әртүрлі ілімдер қарастырылады.
- тараудың 1тармағында Хасан ибн Саббахтың өмірбаянымен қатар оның дінисаяси қызметі талданады. Низариттік исмаилиттік ағымның қалыптасуындағы Хасан ибн Саббахтың ролі аталып өтіледі. Хасан ибн Саббахтың «жаңа шақыру» концепциясының исмаилиттердің «ескі шақыру» ұстанымынан айырмашылығы баяндалады.
2тараудың 2тармағында Ассасиндер мемлекетінің 10901256 мен 1273 жылдар аралығындағы тарихы баяндалып, Персия мен Сириядағы низариттік исмаилиттердің дава - үгітнасихат жұмыстарының қарқыны анықталады. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі низариттік исмаилитердің қауымы мен мемлекетінің жағдайы сөз болып, Анджудан қайта өрлеу кезіндегі исмаилизмнің суфизммен астасып, ортақ дінифилософиялық көзқарастың туындауы баян етіледі.
Диплом жұмысынын жазу барысында зерттеу еңбектері, оқу құралдары, мерзімді басылымдар мен интернет ресурстары қолданылды.
Зерттеулер ішінен диплом жұмысын жазу барысында қолданған бірнеше еңбекті бөліп айтуға болады. Солардың бірі - Фархад Дафтаридің «Традиции исмаилизма в средние века»/1/ атты еңбегі. Бұл автор исмаилизмді зерттеу институтының академиялық зерттеулер мен басылымдар бөлімін басқарады. Автор бұл еңбегінде мұсылман тарихшылары мен еуропалық кресшілер жорығы кезі тарихнамашыларының деректерін салыстыра отырып, ғасырлар бойы исмаилиттер жайлы қалыптасқан жалған ой, теріс пікірге тойтарыс беріп, шындықтың бетін ашуға тырысқан. Автор баяндауындағы исмаилиттер қанішер ассасиндер емес, тәуелсіздік үшін басқыншылармен күрескен низариттік исмаилиттер бейнесінде көз алдымызға келеді. Біз автор сараптамасымен келісіп, оның көзқарасын қанағаттандырарлығ деп бағалаймыз.
Екінші еңбек - И. П. Петрушевскийдің «Ислам в Иране в VII-XV веках»/5/ атты кітабы. Бұл кітапта жалпы исламның пайда болуы, оның әртүрлі ағымдарының туындауы және Иранда шиизмнің басты ағымға айналуы туралы толық мәлімет беріледі. Автор өз еңбегінде тарих пен философияны астастырып, әр ағым туралы біртұтас ұғым қалыптастырады. Еңбектің Кеңес заманында жазылғандығына байланысты қолда бар мәліметтер біркелкі баяндалып, объективтілік толық сақталған.
Үшінші еңбек ӘлХасан ибн Мұса анНаубахтидің «Шиитские секты»/4/ атты кітабы. Бұл еңбекте шиизм ағымының пайда болу тарихы мен шиизмнің әр тармағының туындауының себептері мен салдарлары, айырмашылықтары мен ұқсастықтары кеңінен баяндалып, әр тармақтың кейінгі тағдыры сөз болады. Автор өзі орта ғасырда өмір сүргендіктен оның берген мәліметтері құнды деректер болып табылады.
Төртінші еңбек В. Бартольдтың «Культура мусульманства»/6/ атты кітабы. Бұл еңбекте ислам мәдениеті мен философиясының қалыптасуына әсер еткен барлық факторлар жүйелі түрде қарастырылып, ортағасыр мұсылман билеушілері тұсында өмір сүрген мәдениет қайраткерлері туралы мол мағлұмат беріледі. Автор баяндауында ислам мәдениеті адамзат тарихының ажырамас бөлігі, өркениет пен мәдениет алмасуының заңды жалғасы ретінде көрініс табады.
Бесінші еңбек - П. Куслийдің «Ассасины у границ России»/10/ атты мақаласы. Бұл мақалада соңғы жылдары халықаралық ылаңкестік мәселесі әлемдік қауымдастықты қатты алаңдатып отырғандығы туралы айтыла келіп, ылаңкестік актілерін орындайтын радикалдық діни ұйымдар өкілдері мен мұсылман әлемінде XI ғасырда пайда болған саясатта кісі өлтіру тактикасын қолданған ассасиндер салыстырылған.
Сонымен қатар М. С. Ивановтың «История Ирана»/3/ атты очеркі мен Фархад Дафтаридің тағы бір «Краткая история исмаилизма»/2/ атты еңбегі кеңінен пайдаланылды.
Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде исмаилиттер тарихының өткені қайта сараланып, бүгінгісі таразыланады.
Негізгі бөлім
Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Ислам әлемі өз біртұтастығын жойды. Оның бірден бір себебі ұланғайыр жерді алып жатқан аумақты мемлекетті саяси және діни тұрғыда басқаруды кімге тапсыру керек деген сауал төңірегінде болды. Әрине алғашқы төрт халиф кезінде барлық назар мемлекет аумағын кеңейту, ислам дінін тарату істерге аударылып ішкі іріткі көзден таса болып қала берді, бірақ бір мезет те толастамады. Алғашқы бөлінушілік басшы тандау (билікке таласу) ісінде болды:
1. сахабалар (пайғамбардын жақын достары) басшылыққа пайғамбарға жақын, дін таратуда айтарлыктай үлесі бар, ел ішінде беделді сахабалар арасынан бір адам таңдалу керек деп есептеді;
2. ансарлар (пайғамбар және оның жақтастарына Медине қаласында пана беріп көмектесушілер) ел билеуге олар да қатысуға құқылы деп санады;
3. хариджиттер (шетке бөлініп кеткен, теңдікті ұран еткен топ) ел басқаруға тек сахабалар мен ансарлар ғана емес, жалпы бүкіл ел қатысып, пайғамбар үмбеті арасынан лайықты адам тандалуы керек деп есептеді;
4. шииттер (пайғамбардың күйеу баласы Әлиді жақтаушы топ) билік пайғамбар ұрпақтарына, атап айтқанда, пайғамбарға ең жақын және «ізбасарым» деп пайғамбардың өзі нұсқап кеткен Әлиге беріліп, оның ұрпақтарына мұра етіліп қалу керек деп санады.
Осындай көзқарас айырмашылықтарына қарамастан, барлық мұсылман қауым төрт халифті заңды деп таныды.
VII ғасырдың орта шенінен бастап Ислам әлемінде тұғырнамалық айырмашылығы бар екі үлкен ағым - сүнниттер және шииттер қалыптасты. Сүнниттер негізгі бес парызды бекем ұстап, Құран Кәрім мен Мұхаммед пайғамбар хадистерін қасиетті деп танып, соған берік сенеді.
Ал шииттер осы бес парызға алтыншы имамат атты ұғымды енгізіп, Құран Кәрім, хадистермен қатар ахбарға (пайғамбардың жақын жолдастары куә болып баян еткен) сенім артты. Шииттер үшін пайғамбардың туысы ретінде және Алланың нұры жауған адамы ретінде Әли ибн Әбу Тәліп Мұхаммед пайғамбармен тең дәрежеде орын алады.
Шииттердің діни ағымы мен доктринасы Хұсейн ибн Әлидің қаза болған кезінен (680 ж. ) бастап Аббасидтер әулетінің билікке келуі (749/50 ж. ) жылдары арасында қалыптасты.
Шииттік діни доктринаның негізін қалаушы - Абдолла ибн Саба. Ол халиф Осман кезінде қызмет жасаған. Аңыз бойынша, ол Йемендік иудей болыпты. Кейін ислам дінін қабылдапты. Иудей, христиан және мұсылман ілімдері туралы білімі мол болыпты. Дін тақырыбында пікір таластыруды ұнатады екен. Ибн Саба ұлы пайғамбарлардың барлығының көмекшісі және өкілі - васидің болғандығы туралы айтады. Мысалы, Мұсада - Аарон, Йеремийде - Варух, Исада - апостол Петр. Дәл сондай васи Мұхаммед пайғамбарда Әлиден басқа ешкім де бола алмайды дейді. Сонымен қатар Ибн Саба Мұхаммед пайғамбардың қайтып келуі - раджа туралы ілім енгізді. Ол Исаның қайтып келуге тиістілігі сияқты Мұхаммед те қайтып келуге тиіс деп пайымдады. Кейіннен осы ілім шеткі (радикал) шииттерде Мұхаммед пайғамбардың Әлиде қайта туып (жанданып) және Әлидің жанының кейінгі имамдарда көрініс беруі туралы ілімдерге ұласты. /5, 39-40/
Абдолла Ибн Саба шеткі (радикал) шииттердің бастаушысы ғана емес, ол Әлидің құқығын жақтаумен қатар оны құдайылық дәрежеге дейін көтерді.
Имамат діндарлары өз ұстанымдары ретінде бес негізгі сенім догматикасын алға тартады:
- таухид(құдайдың бірлігін мойындау) - құдайдың бірлігі;
- адль(әділеттік) - құдай сотына сену;
- набувват(пайғамбарлық) Мұхаммед және оның алдындағы пайғамбарлардың миссиясын қабылдау;
- имаматӘли әулетінің мұрагер имамдарының қауымға қажеттілігін мойындау, қабылдау;
- кийамат(қайта тірілу), басқаша маад (құдайға қайтып келу орны) өлімнен қайта тірілуге сену, қиямет күніне және өлімнен соңғы өмірге сену.
Бес негізгі догматтың төртеуін - таухид, адль, набувват және кийаматты сүннитер де қабылдайды. Бірақ адльді шииттер мутазилиттер түсіндірмесінде қабылдайды, яғни алдынала жазылып қою дегенді теріске шығарады.
Имамат ілімі туралы шииттер мен сүнниттердің ойлары тоғыспайды. Шииттер имамның таңдамалылығы туралы принципті қабылдамайды. Олар бойынша мұсылман үмбетінің басшылығының жоғары билігі құдайдың тағайындауы арқасында заңды деп есептелінеді.
Шииттердің имаматхалифат ұғымы туралы түсінігі:
- исма- халифимамның күнәдан тазалығы және ешқашан күнәһар болмайтындығы;
- зухур(көріну, көрініс беру) - құдайдың мәңгілік нұры туралы ілім. Ол ілім «Нури Мухаммади», яғни «Мұхаммед пайғамбар нұры» деп аталады. Ол бойынша Мұхаммед пайғамбар нұры Әлиге беріліпті, содан кезекпекезек имамдарға беріліп отырған. Кейіннен бұлхулуль- тікелей құдай етуге, құдай деп есептеуге әкеліп соқтырды.
- «заман имамы»әр адам өз жанын құтқару үшін өз заманының имамын қабылдауға тиісті болды.
- иджма- белгілі бір заманның ең беделді адамы. Сол заманның имамы шииттер үшін ең беделді адам болып есептеледі.
- құпия білім - барлық имамдар Мұхаммед пайғамбардан Әлиге, атадан балаға беріліп келе жатқан Құранның ішкі (батин) сырын біледі. Имамдар өткенді де, болашақты да біледі деп есептелді.
- ғайбатуралы ілім - ғайыптағы имамға сену. Махди өлген жоқ, ол жерді жасырын бақылап отыр. Кейде таңдаулыларға, мысалы рухани жетекшілерге аян береді.
- шахидтер культыӘли мен Хұсейн қайтыс болғаннан кейін шииттер арасында дін жолында жанын пида ету ұғымы пайда болды. Барлық Әли ұрпақтары дін үшін өлуге туған деген ұғым қалыптасты. Олардың жерленген орындарына зиарат ету басталды.
- раджа- ғайыптағы имам Махдидің қайтып келуіне сену. Махди келген кезде әлемде әділеттік орнайды деп сенді.
- шииттер сенім символы ретіндегі «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед - оның елшісі» деген мұсылман формуласына «және Әли - Алланың жақын әулиесі» деп қосады. /5, 263-269/
Шииттердің басқа да ұстанымдары туралы:
- такийа- саналылық, сақ болу. Шииттер оппозицияда болғандықтан, басқа топ өкілдері арасында қуғынға ұшырамау үшін өзінің шын ұстанымын жасыруына болады.
- іштей жасырын түрде дұшпандарға қарғыс айту шииттер үшін моральды міндет болып табылады. Мысалы, Сефевидтер кезінде Абу Бекр, Омар, Османға халық көзінше қарғыс айту болыпты.
Әли қайтыс болғаннан кейін, халифатты Омейядтар әулеті басқарып тұрғандығына қарамастан, шииттер оның ұлдары Хасан мен Хұсейнді екінші және үшінші имам деп таныды. Кейінгі имамдарды танумойындау барысында шииттер ағымында имаматты басқаруда мұрагерлікті айқындау турасында келіспеушіліктер туындады. Олардың біразы шииттік ағым құрамындағы жеке топтарға айналып кетті. Мұның өзі шиизмді ұстамды және шеткі (радикалды) деп бөлінуге алып келді.
Шииттік ағымның тармақтарға бөлінуінің басты себебі - имам мұрагерін айқындау кезінде туған келіспеушіліктер.
Шиизмдегі негізгі тармақтар:
- Төртінші имам ретінде имам Әли ибн Әбу Тәліптің үшінші ұлы Мұхаммед ибн Ханафияны рухани мұрагер деп танушылар. Бастаушысы кетті. Ұстамдыларға жатады.
- Имам әлБәкір тұсында оның ырықсыздығына қарсы шығып, оның бауыры Зейд ибн Әлиді жақтаушылар. Бастаушысы атымензейдиттератанып кетті. Ұстамдыларға жатады.
- Әли ұрпақтарының мұрагерлік жолмен имаматты иеленуін жақтайтындар. Олар Мұхаммед ибн Әли әлБәкірден кейін оның ұлы Джафар ибн Мұхаммедті алтыншы имам деп таныды. Олардыимамиттердеп атайды. Ұстамдыларға жатады.
- Джафар ибн Мұхаммед асСадықты құдайлық дәрежеге көтеріп жібергендер. Бастаушысы ӘбулХаттаб. Олардыхаттабиядеп атайды. Шеткі шиизмге жатады.
- Джафар ибн Мұхаммед асСадықтың қайтыс болған ұлы Исмаилды жақтаушылар. Олар Исмаилдың ұлы Мұхаммедті жетінші имам деп таныды. Олардыисмаилиттердеп атайды.
Шиизмнің барлық тармақтары арасынан ең үлкен екі топты ерекше атап көрсетуге болады:
- Он екі имамды қабылдайтын имамиттер тобы. Олардыиснаашаритдеп атаған.
- Жеті имамды қабылдайтын исмаилиттер тобы. Олардысабийадеп атаған.
Исмаилиттер тарихы төменде баяндалады.
1 - тарау
Исмаилиттердің 765-1171 жылдар аралығындағы тарихы
Исмаилизм дінисаяси қозғалысының қалыптасуының бастапқы кезеңі құпияға толы. Бұл исмаилит ойшылдары өз ілімін жасырын ұстауы мен имамит немесе сүннит бағытын ұстаушы ғалымдар еңбектерінде исмаилизм туралы теріс, кейде бопса мәліметтердің көптігіне байланысты.
Исмаилизм деген ұғым бұл дінисаяси қозғалысқа кейіннен берілген атау болып есептеледі. Исмаилды жақтаушылар өздерін алдымен мубаракийа , кейіннен карматтар деп атаған /3, 134/.
Исмаилизм тарихы VIII ғасыр ортасында алтыншы имам Әбу Абдолла Джафар ибн Мұхаммед асСадықтың мұрагерін анықтау барысында туындаған даудан басталады. Джафар асСадық өзінің отыз жылдық имаматы кезінде ел ішінде дін ілімі саласындағы танымының жоғарылығымен ерекше әйгілі болған. Оның кезінде шииттердің иснаашарит (он екі имамды қабылдаушылар) және исмаилит ағымдарының өркен жаюына мүмкіндік берілді. Джафар асСадықтың айналасына әртүрлі ұстанымдағы интеллектуалдар жиналған еді. Ол өз ымырашыл саясатымен әртүрлі топтардың теориялық ұстанымдарының ресми дін мен көпшілік мұсылман қабылдайтын шектен шығып кетпеуін қадағалап отырды.
Басында имам Джафар асСадық өзінің мұрагері ретінде өзінің үлкен ұлы Исмаилды тағайындайды. Имаматты басқаруды кейінгіге беру насс принципі бойынша жүзеге асырылды. Ол бойынша имам Алланың еркімен өз мұрагерін тура атап көрсететін болған. Мұндай жолмен мұрагерді анықтау шииттер арасыда ешқандай шәк тудырмайтын. Сөйтіп, имам Джафар асСадыққа Исмаил мұрагер болуы керек еді. Бірақ ол кезде Исмаил бұл өмірде жоқтын, ол әкесінен бұрын қайтыс болған. Имам мұрагерінің өлімі Джафар асСадық жақтастарының арасында оның діни танымы мен имаматты басқару құқығына күмән туғызды. Алланың өзімен жетекшілік етіліп отырған имам Джафар асСадық мұрагерлік істе қателік жіберді. Сөйтіп, имамның көзінің тірісіндеақ шиит имамиттердің бір тобы одан бөлініп кетті. Исмаил шарап құмарлығының арқасында имаматты басқару құқығынан айырылды деген болжамдар бар. Бірақ имам Джафар асСадықта бұдан гөрі ауырырақ себептің болғандығы анықталды. Ол үлкен ұлының экстремистік топпен байланысы болуынан сескенді. Имам Джафар асСадықтың үлкен ұлының өлімінен кейін басқа ұлын мұрагерлікке тағайындағаны туралы мәлімет жоқ. Иснаашариттер мұрагерлікке Джафар асСадықтың кіші ұлы Мұсаны тағайындауды талап етті. Негізі мұрагерлікке Джафар асСадықтың қалған үш ұлы да таласты. Бірақ ешқайсысы нақ өзінің тағайындалғандығын дәлелдеп бере алмады. Сол себепті имамиттік шииттер алтыға бөлініп кетті. Оның екеуі исмаилизм қозғалысының негізін қалады.
765 жылы алтыншы имам Джафар асСадық қайтыс болды. Джафар асСадықтың қайтыс болғандығына бір топ сенбеді, олар имамның «махди» ретінде қайтып келуін тосуға бекінді. Олар өз көшбасшыларының Абдолла ибн анНавус атымен « навусия » атанды. Екінші бір топ Мұса ибн Джафардың туған бауыры Мұхаммед ибн Джафарды қолдап, көшбасшысы Йахйи ибн Әбу ашШумайта есімімен « шумайтия » атанды. Джафар асСадықтың жақтастарының көп бөлігі Исмаилдың туған бауыры Абдолла алАфтахты қолдап, « афтахия » атанды. Бірақ Абдолла ибн Афтахтың әкесінен кейін тез қайтыс болып кеткендігіне байланысты оның жақтаушылары имамиттердің жетінші имам деп танып алКазим деп атап кеткен Мұса ибн Джафар тарапына шықты.
Осы кезден бастап Исмаил ибн Джафарды қолдаушы екі топ имамиттерден бөлініп шықты. Олар негізі Исмаил өлімінен кейін пайда болған еді, бірақ тек имам Джафар асСадық қайтыс болғаннан кейін ғана имамиттерден бөлініп кетті. Бірінші топ Исмаилды Джафар асСадықтың құқылы мұрагері деп танып, оның өлімін қабылдамай, махди ретінде келуін күтуге бекінді. Бұл топтың айтуы бойынша, Джафар асСадық Исмаилдың өлімін ұлын қауіптен сақтап, мұрагердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында жария етті. Бұл топты белгілі тарихтанушылар анНаубахти мен әлКумми «нақ исмаилиттер» әлисмаилийа әлхалиса деп атады. Исмаилды имамдар тізбегінің ең соңғы имамы ретінде танығаны үшін бұл топ әлисмаилийа әлвакифа есіміне ие болды.
Екінші топ имам Джафар асСадықтың кезіндеақ Исмаилдың өлімін қабылдап, оның ұлы Мұхаммед ибн Исмаил имаматтығын қолдады. Олар Джафар асСадық үлкен ұлы Исмаил қайтыс болғаннан кейін өз немересі Мұхаммедты имам етіп тағайындап кетті дегенге сенді. Мұхаммед ибн Исмаилды жақтаушылардың пікірінше, Мұхаммед пайғамбардың немерелері Хасан мен Хұсейн жағдайынан кейін (шиизмде тек Алланың нұры жауған Әлидің балалары болғандықтан, Хасан мен Хұсейн бірінен кейін бірі имаматты басқару құқына ие болды, олардан кейін имамат Хұсейн ұрпақтары арқылы жалғасын тауып, атадан балаға беріліп отырды) имамат ағадан ініге беріле алмайды. Осы себепті олар Исмаилдың басқа ағайындарының имаматтыққа таласуын заңсыз деп тапты. Бұл топты тарихшылар мубаракийа деп атайды. ӘлМубарак (қасиетті) Исмаил ибн Джафарға берілген эпитет болса керек. Мубаракиттер Джафар асСадықтың Исмаилға имаматтықты тапсырып кетуін бұлтартпас дәйек деп біледі, сондықтан мубаракийа тобын исмаилийа қозғалысының бастамасы деп айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz