Д. Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері»


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Д. Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері»

Д. Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде (1817ж. ) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды. Әрбір ел ең әуелде өзіне неғұрлым мол табыс әкелетін, ондағы өз артықшылығын соғұрлым басым немесе бәсеңдеу болып келетін өндіріске мамандануға мүдделілік танытады.

Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс.

Сонымен, Рикардо салыстырмалы артықшылық заңын ашты: ол бойынша, әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда алады.

А. Смиттің “Абсолютті аршылықтар” туралы идеясы

Д. Рикардо А. Смиттің абсолютті аршылықтар туралы идеясы тек жеке жағдай ретінде ғана енген өзара тиімді сауда мен халықаралық маманданудың анағұрлым жалпы принциптерін қалыптастырды. Рикардо сыртқы экономикалық қызметтің ерекшеліктерін анықтауға көп үлес қосты. Ол өз еңбегінде былай жеп жазды: «Бір елдегі тауардың салыстырмалы бағасын реттейтін ереже екі немесе бірнеше мемлекеттер арасында айырбасталатын тауарлардың салыстырмалы бағасын реттей алмайды».

Салыстырмалы артықшылықтар теориясы әмбебап (универсалды) болып табылады. Ол тек ұлттар арасында ғана емес, сонымен қатар, аймақтар, кәсіпорындар және ұлттық шаруашылықтар ішіндегі адамдар арасындағы кез-келген еңбек бөлінісінің артықшылықтарын негіздейді. Алайда, ол, ең алдымен, халықаралық еңбек бөлінісінің қажеттілігін теориялық тұрғыдан растайды және экономикалық ғылым тарихында оны бірінші үлгісі ретінде қарастырады.

Модельдеу Батыстың экономикалық ғылымында халықаралық еңбек бөлінісі мәселелерін талдаудың негізгі әдісіне айналды. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы - халықаралық сауданың бағыттары мен себептерін түсіндіретін жұртгылыққа кеңінен танымал классикалық негіз болып табылады. Экономикалық теориядағы терең білімі жоқ адамдардың өзі де табиғи-географиялық айырмашылыққа байланысты сауданың қажеттілігі мен маңызын түсінеді. Әйтсе де елдер арасындағы сауда мемлекет барлық салаларда абсолютті үлкен тиімділікке ие болғанда ғана пайдалы. Рикардо атап көрсеткеніндей, айырбас белгілі бір елдің басқа бір елге қарағанда, барлық тауарларды неғұрлым төмен салыстырмалы шығындармен өндірген жағдайда да тиімді. Тек онда белгілі бір елдегі салыстырмалы шығындар арасындағы айырмашылық басқа елге қарағанда, көбірек болуы қажет.

Салыстырмалы артықшылықтар идеясы қарапайым болғанымен, оны абстракты түрде түсіну едәуір қиын. Осы тұжырымдаманы меңгерудің ең жақсы әдісі - оны бейнелейтін мысалдар мен үлгілерді қарастыру.

Өз заманының көптеген экономистері секілді, Рикардо да өз теориясын жетілдіру барысында мынадай нақты мысалға сүйенеді: Англия мен Португалия арасындағы шарап пен мата айырбасы. Басқа экономистер сияқты, Рикардо да осы тауарлардың құнын оларды өндіруге кеткен еңбек мөлшерінің өлшем бірлігін қолдану арқылы бағалайды (еңбек құны қағидасы) .

1-кесте

Өнім
Еңбек мөлшері, бірлігі
Португалияда
Англияда
Өнім:

Шарап, 1 бөшке

Мата, 1 дана

Еңбек мөлшері, бірлігі:

80

90

120

100

1-кестеде көрсетілгендей, шарап пен мата өндірісі Англия мен Португалияда әртүрлі еңбек мөлшерін қажет етеді: Англияда шараптың өлшем бірлігіне 120 еңбек бірлігі және матаның өлшем бірлігіне 100 еңбек бірлігі, ал Португалияда шараптың өлшем бірлігіне 80 еңбек бірлігі, матаның бірлігіне 90 еңбек бірлігі сәйкес келеді. Егер А. Смиттің концепциясына сүйенсек, онда Португалия осы екі елге қажетті мата мен шарап өндірісін бір өзі қамтамасыз етуі тиіс. Егер осы екі елдің тауарға қажеттілігі екі тауардың әрбірінің өлшем бірлігіне теңестірілетін болса, онда қажетті өндіріс (әрбір өнімнің екі өлшем бірлігі) Португалиядан 340 еңбек бірлігіне шығындалуды талап етеді: 2*(80+90) .

Егер екі тауарды да Португалия шығаратын болса, онда Англия таза тұтынушылар еліне айналып кетер еді. Олай болуы мүмкін емес. Нақтырақ айтқанда, бұл жағдай болашақта бүкіл ағылшын капиталының Португалияға ағылып кетуіне әкеліп соғады. Бұл, әрине, тиімсіз жағдай. Рикардо әрбір ел өз капиталын сақтауға тырысады дейтін принципке сүйене отырып, екі ел де өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс бөлісуге ұмтылады деп санайды. Бұл еңбек бөлісу өндірістің салыстырмалы шығынларына тәуелді жағдайда жүзеге асады.

Мысалда көрсетілгендей, Португалия тауарлардың барлық түрінен абсолютті артықшылыққа ие; өйткені ол 1 бөшке (баррель) шарапты да, сондай-ақ, 1 дана матаны да әлдеқайда арзанырақ өндіре алады, яғни Португалияда өндіріс Англияға қарағанда, неғұрлым абсолютті тиімді. Расында, егер осы елде өндіріс анағұрлым өнімді және тауарлар бағалары арзан болса, онда сол тауараларды өндірісі тиімсіз елдерден қымбатқа сатып алудың ешбір қажеті жоқтығы ақылға сыйымды болар еді.

Алайда Рикардо қағидасын қолданып, біз абсолютті емес, бұған керісінше, салыстырмалы тиімділік мәселесін (эффект) қарастыруымыз қажет. Португалияда матаның өлшем бірлігін шығару шығыны шарап шығару шығынының 9/8 бөлігін құрайды, ал Англияда ол-10/12, яғни салыстырмалы түрде алғанда, азырақ. Шарап шығынына қатысты жағдай басқаша. Шараптың өлшем бірлігін өндіру шығындары матамен салыстырғанда, Португалияда Англиядан кем: 8/9; 12/10. Ұлттық еңбекті үнемдеу мақсатында Португалияға еңбек пен капиталды шарап өндіруге жұмылдыру тиімдірек, ал оның мата өндірісін Англия импортына айырбастағаны жөн. Англия, бұған керісінше, шарапты импорттап, мата өндірісіне мамандануы керек, себебі оның мата өндіруден салыстырмалы артықшылығы бар(еңбек өнімділігі бойынша артта қалудың аздығы)

Рикардоның көрсеткеніндей, Португалия үшін шарап саудасы әлдеқайда тиімдірек, өйткені оның шарап өндірісіндегі артықшылығы матаға қарағанда, көбірек. Елдердің салстырмалы артықшылықтарындағы айырмашылқ елдердің тауар айрбасы кезінде пайда алуға мүмкіндік береді.

Португлия фирмасы 80 еңбек бірлігі жұмсалынғанған 1 бөшке шарапты Англияда 120 еңбек бірлігіне сатып және шығыны соған сәйкес келетін баға бойынша мата сатып алу арқылы Англияда 1, 2 дана матаға ие болады. Басқаша айтқанда, Португалияның ұтысы:

120 / 100 - 8/9 = 1, 2 - 0, 8 = 0, 32 дана мата

Сыртқы саудадан Англия да ұтады. Ол мата өндірісіне мамандану арқылы оны Португалияда табысты сатқан жағдайда: егер Англия шарап өндіруге 100 өлшем бірлігіне тең бастапқы еңбек мөлшерін жұмсай отырып алатын 5/6 баррельмен салстырғанда, 1 1/8 баррель шарап сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бырақ матаны сату үшін табыс:

9/8 - 5/6 = 7/27 = 0, 29 баррель шарап.

Егер елдер арасында сауда басталып кетсе, онда Англиядан әкелінетін арзан мата Португалиядағы өндірушлерді куйзелтіп кетері сөзсіз. Алайда, Португалиярың шарапқа, ал Англияның матаға мамандануы екі елге де пайда әкелетіні даусыз. Мұндай мамандану халққа да тиімді. Сол кундізгі еңбек ақының өзі енді португалдықтарға неғұрлм арзан ағылшын матасын, ал ағылшындарға көбірек арзан португал шарабын сатып алуға мүмкіндік береді, яғни нақты еңбекақы мөлшері өседі деген сөз.

Принцип негізінен әртүрлі екі тауардың бірлік өлшемдері ғана емес, сондай-ақ олардың кез келген мөлшері үшін де дұрыс болып шығады. Әрине, ол статистикалық жағынан икемді, инфляция мен жұмыссыздықты елемеген сыңай танытады. Әйтсе де, ол барлық жеңілдіктеріне қарамастан, елдегі өндірістің салыстырмалы тиімділігін бағалауға және халықаралық маманданудың бағыт-бағдарын алдын-ала болжамдауға мүмкіндік береді.

Рикардоның мысалында ұлттық еңбек өнімділігіне де экспорттық салалардың сапалық сипаттамаларында да бәлендей өзгерістер бола қоймайды. Елдер табатын пайда мамандану мен еңбек бөлінісіне негізделген анағұрлым тиімді өндіріс құрылымын жасаудан түседі.

Құрылымдық қайта құрудың пайдасын жақсырақ ұғыну үшін, айталық, мемлекет протекционистік шаралар қолданып жатыр деп болжам жасайық. Мысалы, португалдықтар жергілікті тігін өнеркәсібін қорғау үшін кедендік тарифтерді талап етуде. Мұндай қорғау кедендік баж салықтары, салықтар және басқа да шаралардың көмегімен ағылшын матасының бағасы жасанды түрде жоғарылаған кезде тыйым салынбайтын сипатқа ие болуы мүмкін. Португал матасына да баға көтеріліп кетеді. Ұлттық салалардың рентабельділігі теңесетін болады. Бұнда анағұрлым өнімді сала - шарап өндіруге капитал мен еңбек күшінің салааралық ауысуына ынталылық болмайды. Шын мәнінде, қалыптасқан экономикалық құрылым өзгеріске ұшырайды, артта қалған салаға жасанды қолдау көрсетілетін болады.

Мұның тағы бір жағымсыз салдары - сауда еркіндігін толық шектеу қойылуымен бірге тыйым салынатын тарифтер еңгізілуі мүмкін. Мемлекеттік қорғаудың «қолшатырының» астындағын өндірушілер мата өндірісі шарап өндірісінен тиімдірік деңгейде бағаны жоғарылатуы мүмкін.

Салыстырмалы артықшылықтар теориясының абстрактты болуы

Алайда «абсурд экономикасына» жол ашатын бұл пікірлер абсолютті абстракциялық схема емес. Өкінішке орай, еліміз неғұрлым жаңа технологияны тартудан гөрі қолда бар ресурстарын артта қалған салаларды қолдауға босқа шығындайтындықтан, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін материалдық өзгерістері жоққа тән болады. Онда капитал мен еңбек күші тиімсіз салаға «ағылады да», тиімдісі шетте қалып қояды.

Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, халықаралық саудадан түскен пайданың қатарына халықтың нақты жалақысының өсуі жатады. Кедендік тарифтер мен квоталарды еңгізу оның төмендеуіне әкеп соғады. Тұтынушылар жоғары бағаларға кез болып, тұтынуды азайтады. Сондай-ақ, протекционизм бағытын ұстанған елде тіпті табиғи ресурстары мол бола тұра, халқының өмір сүру деңгейі салыстырмалы, ал қайбірде абсолютті төмен болуы мүмкін және бұл таңданарлық жайт емес.

Салыстырмалы артықшылықтар доктринасы сыртқы сауданың нәтижелерін талдаудан ғана емес, басқа да жерлерде жиі басшылыққа алынады. Фирма немесе жеке адам өзінің салыстырмалы артықшылығы бар қызмет түрлерімен айналысқаны тиімді, ал басқа қажеттіліктерін айырбас арқылы да өтей алады.

Қарастырылған мысал абстрактты. Оны нақты өмірге жақындату үшін келесі шарттарды орындау керек:

1. Еңбек сауда жасаушы елдер емес, тек ел ішінде ғана мобильді (қарқынды) болуы керек, яғни басқа салаға ауысқанына қарамастан, жұмысшылардың жұмыс сапасы мен оның қарқындылығы өзгермеуі қажет.

2. Есептеулерде траспорт, кеден салықтарын төлеу, т. б. сауда-саттық шығындарды есепке алмау керек.

3. Жаңа технология, жаңа сапалы машиналардың үлгісін қолдану, т. б. арқылы еңбек шығындарының өзгеруін ескерусіз қалдырмау қажет.

Рикардоның жолын қуған ғалымдардың зерттеулері бұл айырбас орын алатын жағдайлар мен шектеулерге қатысты болып отыр. Шарап пен мата туралы мысал боынша Португалия әрбір баррель шарап үшін 9/8 дана матадан көп алса ғана саудаға қатысады. Ал Англия әрбір баррель шарап үшін 5/6 дана матадан көп бермесе ғана саудадан пайда алады.

Осы ойды дамыта келе Португалияда 1 баррель шарапқа кеткен еңбек шығыны Португалиядағы 8/9 дана мата мен Англиядағы 0, 8 дана матаның шығындарына тең екеніне көз жеткіземіз. Елдер арасындағы тауар айырбасы осы шектерде іске асады.

Сонымен, халықаралық сауда, халықаралық мамандандыруды ынталандыру арқылы әрбір ел үшін келесі басымдылықты қамтамасыз етуге болады: берілген тауар көдемін шығаруға қажетті еңбек уақытын мүмкіндігінше азайта отырып, мамандануға дейінгі тұтынуға қарағанда, сонша тауарды тұтынуға мүмкіндік береді.

Алайда мұнда айырбас шын мәнінде ақшаның қатысуымен жүретіні ескерілмейді. Елдер өзара есеп айырбасу үшін бір валютаны екіншісіне айырбастайды. Рикардо аталған басымдылықтар ұлттық валютаның айырбас бағамы белгіленген кезде де сақталынатынын дәлелдейді. Бұл жағдайда экспорт-импорт төлемдерінің өзара сәйкессіздігі фактісі да орын алуы ықтимал. Бұл сәйкессіздік қандай да бір елде валюта бағамын өзгерту немесе барлық бағаларға түзету еңгізу арқылы өтелінеді. Ал тәжірибеде салыстырмалы артықшылықтар доктринасына ықпал ететін жалпы нәтиже өзгеріссіз күйде қалады.

Осы доктринаға сәйкес сауда-саттық бағаларының кеңейтілген диапазонын қабылдауға болады. Португалдық шараптың 1 баррелі Англияда 80 адам-күнге тең ақша сомасынан арзан, сонымен қатар, 120 адам-күн ақша төлемі сомасынан қымбат сатылуы мүмкін емес. Осыған ұқсас ағылшын матасының Португалиядағы бағасы 90-нан 100 адам-күн аралығындағы ақша сомалары шегінде белгіленеді.

Экспортталатын және импортталатын тауарлар бағаларының арасындағы қатынас орнатылғаннан кейін «сауда шарттары» деген түсінік еңгізу қажет. Сол арқылы шарттарды анықтау үшін мынадай формула бойынша есептелетін индекс еңгізіледі:

Сауда Экспорт Импорт

шарттарының = бағасының / бағасының*100=Эи / Ии*100.

индексі индексі индексі

Мысалы, индекс мөлшерінің 100-ден 105-ке дейін өсуісауда шарттарының жақсарғанын білдіреді, яғни импорттың белгілі бір көлемінің ақысын төлеу үшін экспорттың азырақ көлемі қажет. Барлық елдер сауда шарттарын жақсартуға, яғни экспортталатын және импортталатын тауарлар бағаларының аралығындағы неғұрлым қолайлы арақатынасорнатуға тырысады.

Іс жүзінде сауда шарттары, біріншіден, баға өзгерісі салдарынан болатын сұраныстың өзгеруіне байланысты. Сұранысы тұрақты болатын тауарларды өндірушілер, баға өзгерісіне қарамастан, артықшылыққа ие болады (мысалы, мұнай өнімдерін) .

Екіншіден, сауда шарттары экспорт немесе импорттың икемділігіне қатысты болады. Тауар өндірушілер немесе оны

Ұсынушылар тауар бағасының өзгерісіне тез бейімделетін жағдайларда экспорттаушы ел бұл тауарға деген сұраныстың өсуінен пайда алуының ықтималдығы төмен. Осындай тауарлардың үлгісі ретінде өндірісі сұранысқа икемді машиналар мен құрал-жабдықтар болуы мүмкін.

Ең соңында, үшіншіден, сауда шарттары өндіріс шарттарының немесе тауар тұтынуының өзгеруіне байланысты өзгеретін болады.

50-70-ші жылдары экономистер арасында бастапқы шикізаттық тауарларға маманданатын дамушы елдердің сауда жағдайларының нашарлауы және бұған керісінше, дайын таураларды шығаратын елдердің сауда жағдайларының жақсаруы туралы пікір кең тарады.

Бұл кезеңде күрделі дайын өнімдердің экспортына маманданатын елдердің сауда жағдайлары жақсарады деген қорытынды жасалынды, себебі тіпті дамыған капиталистік елдердің өзінде шикізат бағаларына қарағанда, дайын тауарлардың бағалары тез өсе түсті.

Дамушы елдердің сауда жағдайларының нашарлығы дайын өнімдердің негізгі массасы өндірісінің монополияға сипатымен де түсіндіріледі. Технологиялық жаңалықтар еңгізумен қатар, өндірісті де жетілдіре отырып, дайын өнімге маманданатын монополиялар монополиялық табыс иеленіп қана қоймай, бағаларды да тұрақты деңгейде ұстауды жөн көреді. Сонымен бірге, минералдық шикізатпен ауылшаруашылық өнім өндірісіндегі технологиялық прогресс сатылатын шикізат бағаларының бір мезгілде төмендеуіне әкеледі.

Алайда ауыл шаруашылығы және минералдық шикізат өндірісін кеңейту мүмкіндіктері шектеулі. Бос жердің жетіспеушілігі, табиғи ресурстардың орнының толмауы сұраныстың өсуіне тез бейімделуге мүмкіндік бермей, сөйтіп, дайын өнім өткізу жағдайына қарағанда, шикізат өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтпай, жоғары бағаларды белгілейді.

Мұның мысалы ретінде 70-ші жылдардың басында мұнай мен басқа да шикізаттарға бағалардың қарқынды өсуін атап көрсетуге болады. 1973-1979 жылдар арасында мұнайдың қымбаттауына байланысты импорттық өнім бағаларының өсуі салдарынан АҚШ-тың сауда-саттық жағдайы 20 процентке нашарлаған.

Сауда жағдайларының индексі елдің дүниежүзілік саудадағы жағдайын сипаттайтын мәлімет береді, алайда оның бірқатар кемшіліктері де бар. Олардың аса маңыздыларының бірі - көрсеткіш жалпы жағдайлардың жақсарғанын білдіргенімен, сатылған өнім көлемін ескермейтіндігіне қарамастан, экспорттың азаюы және бұған керісінше, импорт көлемінің ұлғаюына сәйкес төлем балансы нашарлауы мүмкін.

Рикардо моделі сыртқы сауданың ұлттық әсерінің және жалпы сыртқыэкономикалық қатынастардың себеп-салдарын талдаудың кең тараған құралы болып табылады. Бірақ осы модель шындықты айқындай ма? Ол сол күнгі сыртқы саудадағы процестерге байыпты жауап бере ала ма? Осы сұрақтарға сенімді түрде «иә» деп жауап беруге де болады. Әрине, Рикардо моделінде бірқатар күмәнді жағдайлар да кездеседі. Біріншіден, ол өмірде жоқ халықаралық маманданудың ең ақырғы деңгейіне алдын ала болжам жасайды. Екіншіден, Рикардо ел ішіндегі табыс бөлінісіне сауданың әсер-ықпалын ескермейді, яғни тұтастай алғанда, сыртқы саудадан қатысушы елдердің бәрі ұтады деген қорытындыға келеді. Ал іс жүзінде сыртқы сауда елдегі табыс бөлінісіне өте үлкен әсер етеді. Үшіншіден, Рикардо моделі елдің ресурстық күш-куатының әртүрлі болуы халықаралық саудаға байланысты екеніне көңіл бөлмей, халықаралық сауданың маңызды аспектісін ескерусіз қалдырады. Ең ақырғы, Рикардо моделі өндіріс масштабындағы үнемдеу сияқты сауда себептерін қарастырмайды, ал ол барлық көрсеткіштері жағынан бірдей елдер арасындағы сауданың қай көлемде екенін түсіндіруге мүмкіндік бермейді.

Осындай кемшіліктеріне қарамастан, Рикардо моделінің негізгі шарттары, атап айтқанда, қандай да бір ел болсын экспортқа салыстырмалы жоғарғы өнімділігі бар тауар шығарады деген тұжырымы бірқатар зерттеулер арқылы дәлелденді. Мәселен, бұған венгр экономисі Бел Балластың 1951 жылы 26 өндірістік сала бойынша АҚШ экспортының Ұлыбритания экспортына қатынасы және осы екі елдегі еңбек өнімділігінің ара қатысы туралы зерттеуін жатқызуға болады.

Рикардо теориясы бойынша, егер белгілі бір салаға байланысты АҚШ-тағы еңбек өнімділігі жоғары болса, онда олсол тауарды экспортқа көбірек шығарады деген тұжырым жасалынады.

Аталған жылғы мәліметтер бойынша, американдық өнеркәсіп еңбек өнімділігі жөнінен Ұлыбританиядан орта есеппен екі есе жоғары деңгейге қол жеткізеді. Орын алған жаңсақ түсінікке байланысты мемлекет тек өнімділігі бойынша басқалардан басымдылығы бар өнімді ғана экспорттайды деген пікірге сүйенсек, онда аталған жағдайда АҚШ-тың Ұлыбританиядан экспорт бойынша барлық тауарлар жағынан басымдылығы болады деп күтуге болады.

Рикардо моделі тиісті тауарды экспорттау мүмкіндігіне ие болу үшін шет ел өндірушілерінен өнімділік жағынан сәл ғана болса да басымдылық танытуы керектігін ескертеді.

Сондықтан аталған саладағы салыстырмалы артықшылық осы елдегі басқа салалардан артық болуы тиіс. Мысал АҚШ барлық 26 сала бойынша Ұлыбританиядан өнімділігі жағынан басымдылыққа ие болған ( 11 ден 336 процентке дейін ) ; ал Ұлыбритания АҚШ-қа қарағанда, осы салалардың ішінен 12 салада көп көлемде экспорт өнімдерін шығарған. АҚШ-тың тек өнімділігі жағынан Ұлыбританиядан кемінде екі есе басым болатын салалардағы американдық экспорт қана британдық экспорттан әлдеқайда көп.

Егер 2 тауарлы модельден басқа өнімдердің көптеген түрін шығару жағдайын қарастырар болсақ, онда талдау күрделене түседі. Бірақ сауданы зерттеушілер қызық жайт байқаған: егер тауар саны өте көп болса, яғни ол шектелінбеген деп саналса, онда соның нәтижесінде модель жеңілдейді. Массачусетс Технология институтының ғалымдары Р. Дорнбуш, С. Фишер, П. Самуэльсон 1977 жылы жариялаған мақалада көп санды тауарлар моделі үшін Рикардо моделі құрастырылған.

Мысалы, отандық және шет елдік экономикада тек өндірістің бір ғана факторы - әрбір елде L және L* саны берілген еңбек қолданылды. Бірақ екеуі де көп көлемді тауарлар өндіріп, оларды тұтынуы мүмкін. Олардың ірқайсысына өз нөмірін берейік.

Кез келген отандық және шет елдік тауардың бір данасына қанша еңбек шығыны кететіні белгілі. Отандық экономикадағы Z тауры үшін a(z) еңбек шығыны жұмсалады делік, бұл шет елдік тауар үшін a*(z) түрінде белгіленеді. Онда a*(z) /a (z) - өнім бірлігіне шаққанда, отандық және шетелдегі еңбек шығынының ара қатысы. Біз оны A(z) / a*(z) / a(z) деп белгілейік. Тауарларды нөмірлеу келесі тәртіппен беріледі: бірінші нөмір А барынша көп өндірілген тауар үшін бұдан кейінгі А шамасы бойынша келетін тауар 2, т. с. с. нөмірлерді иеленеді:

A(1) > A(2) > A(3) > … (2)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Рикардоның өмірінен мағлұмат
Д. Рикардоның экономикалық ілімдері. Рикардоның «Саяси экономия және салық салудың бастамасы» еңбегі
А.Смит еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның онан арғы дамуы
Салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні және пайда болуы
Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы
Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері
Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы
Экономика ілімдерінің тарихы
Салықтың экономикалық мәні және олардың жалпы сипаттамасы
Жалпы экономикалық теорияның методологиясы мен даму кезендері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz