Қазақстан Республикасының ақша нарығының қазіргі жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .2

1.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША МАССАСЫ МЕН АҚША АГРЕГАТТАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ3
1.1 Ақша түсінігі 3
1.2 Ақша массасы мен агрегаттар түсінігі 3
1.3 Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша.несие статистикасы 3

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 3
2.1 Қазақстан Республикасының ақша нарығының қалыптасуы 3
2.2 Қазақстан Республикасының ақша нарығының 2010.2011 жылдарын талдау 3

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША НАРЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 3

ҚОРЫТЫНДЫ 3
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 3

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .3
1.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША МАССАСЫ МЕН АҚША АГРЕГАТТАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ5
1.1 Ақша түсінігі 5
1.2 Ақша массасы мен агрегаттар түсінігі 12
1.3 Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасы 14
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 15
2.1 Қазақстан Республикасының ақша нарығының қалыптасуы 15
2.2 Қазақстан Республикасының ақша нарығының 2010-2011 жылдарын талдау 17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША НАРЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 21
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қандай да болмасын елдің ақша - несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу - есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде ақша массасы тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері: Менің курстық жұмысымның мақсаты ақша айналымының құралдарын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай - ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.
Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады.
Зерттеудің объектісі: Ал осы курстық жұмыстың объектісіне қазіргі таңдағы ақша айналымының құралдары яғни, ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады.Жұмыс компьютерде терілген 29 беттен (оның ішінде 2 кесте, 2сурет, ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде келтірілген.
Ақша айналысы -- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы -- бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы -- қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар -- чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Айналысқа қажеггі ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
ақша айналысынын жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

1.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША МАССАСЫ МЕН АҚША АГРЕГАТТАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақша түсінігі

Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. "Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша".
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай).
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардң бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп , құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе ресiмделiнбеген ақша формасын , әр түрлi тауарлар қабылдады. Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады. Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе, ал тундрада - бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi "пекуния" (ақша) "пекус (мал) сөзiнен шыққан. "Рупа" (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы "рупия" негiзiнде жатыр.
"Капитал" сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.
Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ кари көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейнi өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ. 20 ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде бақалшақтардың үш түрi: ең арзаны - қара түстi (куррила), ақ түстi (галиа), аса қымбат - қызыл түстi (ронго) пайдалынады.
Әлемде әр түрлi экзоотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн феи акша айналысыда қызмет етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып диiрменнiң тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың диаметiрi бiрнеше метрге жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға феяға бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде құралдарды пайдалынған. Сонымен бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.
Өнер мен жер игертушiлердiң бөллiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi жалғасты. Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi - зәйтүн майы , күрiш , кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады . Ежелгi Спартта, Жапонияда , Африкада темiр , мырыш ,қорғасын , мыс , күмiс алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды . Рим императоры Диониссий сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды . Қытайда және Ежелгi Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды . XYII ғасырда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .
Металл ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi , төзiмдi , ұсақталынады. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебiнiң салмақтық жүйесi нақтылана түстi.
Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте басталды , өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие .
Әрине , металлдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ . Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi . Темiр ақшалар күрек, таға, шынжыр, шеге және т. б формаларда ұзақ уақыт бойы ғана сақталынды. Грек ақшасының атауы " драхма" " бiр уыс шеге" деген мағынаны бiлдiредi . Мыс ақшалар қазындық, құмыры , қалқан түрлерiнде ғана айналысқа түстi . Күмiс және алтын ақшалар жүзiк, сырға, бiлезiк түрiнде пайданалынды .
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi . Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр - бiрiнен бөлiнбейдi . Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды
Бiрақ XVI ғасырдың басында ( 1516 ж) утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң "Жаңа утопия аралы және мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы алтын кiтап" деген еңбегiнде:
"Алдау, ұрлау, тонау кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi, әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бiрге ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қағысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi де ұмытылар едi . Егер ақша адам өмiрiнен алыстанатын болса, онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жоғалар едi".
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: " Қай жерде барлық нәрсенi ақша өлшемiмен өлшейтiн болса , онда ол жерде мемлекеттiк табысы және дұрыс ағысының болуы мүмкiн емес".
XIX ғ. Социал утопистерi - Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға терiс көз қараста болды . Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып ақшаның жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды . Қазан революциясынан (1917) кейiн, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқалған кезде ақшаны жою сәтi келедi, яғни тарихтың өзi осыған алып келдi деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн өнеркәсiп өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрi сәтсiз аяқталды . С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бiрлiктерi - тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фалтьнер энергетикалық бiрлiктердi - энедаларда пайдалануға ұсынды.
Осыған байланысты К . Маркс былай дейдi : ақшаларды жоя отырып , бiз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкiн немесе ең төменгі сатыға оралар едiк. Қанша дегенмен коммунизм - ол , қиял сондықтан да ақша болған, олар бар және бола бередi.
Ақша тауардан дами отыры , тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бiрдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .
Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген . Алтынның басқа таурлардың құндылығын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды . Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген " .
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр . Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана " патша арағында" ( 23 тұзды және 13 азот ) қышқылында ерид. Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынға кететiн еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады . Алтынды тұтынуға жылдан жылға қүшейуде.Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады - электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар күйiнде кездеседi.
Ресей XIX ғасырдың 20 - жылдарында алтын өндiруден бiрiншi орында болды . Өткен ғасырдың 40- жылдарында оның дүниежүзiлiк алтын өндiрiсiндегi үлесi 40 % - құрады.
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi. Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның iшiнде 60 - сы жұмыс iстеп тұр және олардың жылдық өнiмi 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерiдi ғана құрамайды, сонымен бiрге электронды - есептеуiш және компьютерлiк техникалды, түнгi механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда.
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым - қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.
жалпыға тiкелей айырбастау;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез - келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тек қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңейдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары, олар несие беру,бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң қарыздық берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру. Ұлттық банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi .
Ғалым - эканомистердiң алтынның ақшалай тауар ретiнде ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейiк. Құнның жалпы формасынан немесе ақшалай формасына қайтiп келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi - қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.
Қайта құру кезеiне дейiн "ақша айналымы" мен "ақша айналасы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма - қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма - қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма - қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективтi негiзi - тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.
Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу - сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма - қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi. Осыған байланысты 1992 - 1993 ж.ж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр. АҚШ - та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма - қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.
Сонымен, бүкiл ақша айналысы : қолма - қол және қолма - қолсыз ақшалар болып бөлiнедi. Сондай-ақ:
өнiмдi өндiру және сату процесiн , яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл, қағаз , несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.

1.2 Ақша массасы мен агрегаттар түсінігі

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы -- жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты- яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты- ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты- ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты- ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда -- үш, Англия мен Францияда -- екеу, Ресейде -- үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (MB) -- бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.
ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:
1)ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);
2)ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
3)ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ -- ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);
Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Аудармалы депозиттер:
1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;
2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;
3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.
Басқа депозиттер -- негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.
Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

Ам = МЗ (ақша массасы) MB (ақша базасы)

Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2008 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәнін, өткен жылмен салыстырғанда 3,15-дан 4,36-ге дейін өсіріп отыр.
Ақша массаның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы экономиканың монетизациялану коэффициентін (Км) анықтауға болады.

Км = (МЗ (ақша массасы) ЖІӨ) x 100[1]

Қандай да болмасын елдің ақша - несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу - есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасының жиынтығы ақшалардың барлық түрлерін құрайды (қолма-қол ақша,қолма-қолсыз ақша,несиелік).
Ақша массасы көлемі мен оның өсу қарқынының өзгеруі маңызды экономикалық өзгерістерге ,сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге әсер етеді. Халықты еңбекпен қамтудың жоғарлылығы, бағаның тұрақтылығы,экономикалық өсу,төлем балансының теңгерілімдігі - бұл мәселелердің барлығы ақшаның жиынтық ұсынымы мен ақша массасының өсу қарқынының өзгеруімен тікелей немесе жанама түрда байланысты.

1.3 Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасы

М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);
М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдар арасында
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және несиелер арасында
М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен мемлекет арасында
Ақша массасы ақша жиынтығының бірлігінде қарастыратын болсақ мына түрде болады:

Қолда бар ақша
Қолда бар ақша
Ақша жиыны
Ақша жиыны
Кәсіпорындар мен тұрғындардың мерзімді депозиттік жинақтары
Кәсіпорындар мен тұрғындардың мерзімді депозиттік жинақтары
Бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар
Талап етілмелі салымдар
Талап етілмелі салымдар
Ақша емес өтімді қаражат
Ақша емес өтімді қаражат
Чектік жинақ салымы
Чектік жинақ салымы
Ақша жиынтығының құрамына алты элемент кіреді (сурет-1):

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Республикасының ақша нарығының қалыптасуы

Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Бағалы қағаздар нарығы және оның құрылымы
Қаржы нарығының құрылым
Бағалы қағаздар портфелін басқару
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Қазақстандық бағалы қағаздардың және қаржы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Пәндер