Баспасөздегі жаңа технология


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

БАСПАСӨЗДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Журналист және қазіргі қоғамдағы компьютерлік техника.

3. Ақпаратты жинау және талдау технологиясы.

4. Интернетті баспасөзде қолдану.

«Баспасөздегі комьютерлік технология» пәні негізінен болашақ журналистерге баспасөзде компьютерлік технологияның жетістіктерін, фотожурналистика тарихын, фотосурет өнерінің қыр сырын пайдалануға көмегін тигізеді. Газет-журнал шығаруда өндірісте компьютерлік технологияның әдіс-тәсілдерімен ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін меңгеруде айқын да нақты бағыт бағдарын қалыптастыру. Атап айтқанда мерзімді басылымдардың дизайны, редакция жұмысының безендіру бағыты, басылымның стильдік ерекшеліктері, модульдік құрылымы сияқты негізгі мәселелер нысанаға алынады. Сонымен қатар интернеттің қоғамдағы орны мен жаңа терминдер сөз етіледі.

Біз дамыған елу мемелекет елдің қатарына қосылғандықтан адамдарымен қатар техникасы дамыған заманда өмір сүріп келеміз. Баспасөз БАҚ-тың бір сласы болғандықтан оны жеке дара алып қарастыру үлкен бір іс. Бүгінде баспасөздің компьютерсіз ісі бітпейтіні айдан анық. Мақаланы, ақпаратты теретін, оны өңдейтін, тіпті беттейтін де компьютер.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда. Баспасөздің жаңа технологиясы - қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты баспасөздің жаңа технологиясы қалыптасуда. Соған сай нарықтық жағдайдың әсері аз емес.

  1. Саяси баспасөз - саяси үрдістерді жазады, насихаттайды, соған орай көзқарас-пікірлер білдіреді. Әртүрлі партиялардың органы ретінде сөзін сөйлейді.
  2. Ақпараттық-коммерциялық баспасөз - ақпараттық нарықтың өрістеуіне байланысты пайда болған. Өз оқырмандарын жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге тырысады. Әсіресе коммерциялық құрылымдарды арқау етеді. Кәсіпкерлер мен іскерлерге арнап шығарылады. Бұған қоса өздері коммерциялық басылым ретінде пайда табуды көздейді.
  3. Іскерлік баспасөз - нарыққа байланысты кәсіпкерлер мен іскерлердің қажеттілігін өтеуге тырысады.
  4. Салалық баспасөз - түрлі салаларды қамти отырып бөлінеді. Министрліктер мен комитеттердің жұмысына арналады. Сондай-ақ оқу-білімге, өндіріске, ауылшаруашылығына, экология мен құрылысқа, т. б. арналуы мүмкін.
  5. Аймақтық баспасөз - жергілікті жерлерде шығарылады. Аудандық, облыстық, т. б. баспасөз түрлері -әдеби-көркем, қоғамдық-саяси, ғылыми, жарнамалық, анықтамалық болып бөлінеді.

Баспасөз сипатына қарай - ақпараттық, аналитикалық, көркем- публицистикалық тұрғыда қамтылады.

Тақырыптық - спорт, медицина, музыка т. б.

Әлеуметтік ерекшелікті топтарға - әйелдерге, жастарға, балаларға арналған баспасөз.

Журналист және қазіргі қоғамдағы компьютерлік техника.

Бүгінгі қоғамдағы акпараттық құралдарсыз елестету қиын, өйткені олар халықпен, бүкіл қоғамдық өмірмен біте қайнасып кеткен. Дүние жүзінде болып жатқан оқиғалар тек осы әр тілдегі, әр бағыттағы ақпарат құралдары өкілдері арқылы таралып жатады. «Журналистика - халық - қоғам» деп аталатын үштік бірінсіз бірі қызмет етуі мүмкін емес. Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі болғандықтан, журналист ұдайы ақпарат арасында өмір сүруі қажет.

Тіпті 2009 жылғы ҚР. президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында былай деген: «Қазір БАҚ адамдар үшін қиындықты қалай еңсеруге болады, мынандай қиын кезде қалай аман қаламыз, қалай төтеп береміз деген мәселелерде «Кеңесші» ретінде көрінуге тиіс. Азаматтарды басқа адамдардың оң тәжірибесі арқылы үйрету керек . . . Сенімділік және белсенділік, төзімділік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік секілді көңіл-күйлерді орнықтыратын материалды жиі беру керек».

Журналист-ол басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармасы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Журналистің қазіргі қоғамда жұмыста қолданатын техникасы - компьютер, ноутбук, қалта компьютері, iPhone, iPad смартфон, ұлы телефон т. б. Ал осы техникалардың қаншалықты пайдасын тигізуде, осыған кеңірек тоқталамыз. Жалпы ақапарат ұғымы информатикамен тығыз байланыста себебі информатикакның ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына сайыпчваву келеді. Бұл аталым француздың Informatique , яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан. Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым - Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды - документалистика және кибернетика. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні - құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Бұл информатиканың алғытарихын анықтайды, ол ауыз сөздің, жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму кезеңдерімен сипатталады.

Екінші дүниежүзілік сөғыстан кейін әртүрлі жүйелердегі (жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т. б. ) автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым - кибернетика екпінді дами бастады. Оның негізін 1948 жылы жарияланған американ ғалымы Норберт Винердің математикалық логикадан еңбектерін қалады.

Ақпаратты жинау және талдау технологиясы.

Ақпарат көзі - адам, ұжым және деректер. Деректерді жинау кезінде журналист ақпараттарды түрлі көздерден алады. Кейіпкер журналиске өзі немесе жолдастары жайында мәлімет беруге міндетті емес. Олардың экран алдында ашылулары үшін оған себеп, дәлел, сылтау керек. Егер олар жауап беруден бас тартқан жағдайда, қысым жасаудың қажеттігі жоқ. Мүмкін, сіз таңдаған кейіпкер туралы көпшілік пікірі басқаша болуы немесе сіз істейтін редакция жайындағы көзқарастың тым теріс бағытта да болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Ақпарат алудың ұжымдық түріне формалды және формалды емес қатынас, жиналыс, мәжіліс, конференция, дөңгелек үстел, баспасөз конференциясы т. б. жатады. Мұның бағалылығы: онда шыншыл көзқарастардың үстемдік алып, журналистің проблема, оқиға туралы дәл, айқын ой түйіндеуіне жол ашатындығы. Ал айда, кей сәттерде шындықтан алып жататын деректердің де хабарланатынын ескеру керек. Журналист көпшілігінде деректерге жүгінеді. Деректермен танысуға автордың рұқсатымен кірісу қажет. Автордың рұқсаты бар екенін ескеру де қажеттілік және онда дәлдіктің кейде сәйкессіздіктің болатынын да аудиторияға қоса хабарлау шарттылық. Ақпарат көздері - айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер. [1] . Сондай-ақ журналистің жазған материалына, дайындаған бағдарламасына арқау еткен дәйегінің түп негізі.

Ақпаратты үш процеске бөлу 1. Не туралы хабарлайтыныңды айту. 2. Не туралы хабарлап жатқаныңды айту. 3. Не туралы хабарлап болғаныңды айту. Бұл тікелей логикалық көзкарас тұрғысынан ұсынылған қағидалар.

Интернетті баспасөзде қолдану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтегі жарнама
Қазақ тілді басылымдардың пайда болуы
Жарнама нарығы туралы
Көркем деректі жанр түрлері
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Интернет арқылы жарнама
Біріккен маркетингтік коммуникация жүйесі
Баспасөздегі жарнама
Жарнаманың түрлері Жарнаманы дайындау технологиясы
Жарнаманы қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz