Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 9
1. 1 Экологиялық білімді дамыту және жетілдіру 9
1. 2 Қазақстанның экологиялық мәселелері - халықаралық-экологиялық қозғалыстың негізі ретінде 11
1. 3 Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі және оларды Арал мен Балқаш мәселелеріне арнап қолдану 26
2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ, ОНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 39
2. 1 Қазақстан Республикасының экология саласындағы: қозғалыстары, мәселелері 39
2. 2 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтары 50
2. 3 Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың келешегі (жобалар, халықаралық көмек) 52
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
КІРІСПЕ
Қазіргі әлемде экология мәселесі өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген жер шарының аймақтарынан көруге болады. Осындай күрделі экологиялық жағдай Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Семей полигоны, Арал теңізінің тауқыметі, Байқоңыр ғарыш айлағы және т. б-үлкен мұздық тәрізді қауіптің тек бет көрінісі ғана.
Экология-гректің (oikos-үй, тұрақ, мекен және logos -ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді, Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі әлемде экология мәселесі өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Аймақтың қауіпсіздік жүйесінің маңызды бір бөлігі болып оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оның салдарын жою бойынша шаралар ұйымдастыру табылады. Адам тағдырында елеулі орын алатын жаһанды және жергілікті мәселелердің саналануы 1950-ші жылдардан басталды. Сол кездері Рим-92 клубы құрылып, қоғамдық өмірдің «экологиялануы» басталды деуге болады.
Өтіп жатқан үрдістердің талдауының көрсетуінше, экологиялық қауіпсіздік бұл тек қана бір ғана мемлекет мәселесі емес, барлық адамзат мәселелесі. Бұл жерде мәселенің пайда болуы мен шешілуі де адам баласының шаруашылық қызметі мен әрекетіне байланысты. Бүгінгі таңда жаһанды мәселелердің кешені ауқымды болып келеді:
- қалдықтардың жинақталуы,
- қайтада өндірілмейтін қорладың азаюы, жоғалуы,
- атмосфера мен жер қабатының өнеркәсіптік ластануы,
- генофондтың қысқаруы,
- желердің шөлге айналуы және т. б.
Жоғарыда көтерілген барлық мәселе әр мемлекеттің өзекті мәселелері болып табылады. Әсіресе өнеркәсіп қалдықтарымен ластану - жиі кездесетін құбылыс. Оның дамуы экономикалық тұрғыдан еліміздің (басқа да елдердің) қуаттылығын арттырса, экологиялық тұрғыдан шешуі күрделі мәселелерді тудырады.
Мысалы, дүние жүзінде ауаға күніне 5 млрд. тоннаға дейін көмірқышқыл газы тасталынады. Бұл тек бір ғана көрсеткіш, ал ондай қалдықтардың саны шексіз.
Сонымен қатар, қалдықтарды жер астына көму мәселесі бір мемлекттер үшін тиімді әдіс болып табылғанымен, екінші мемлекеттер үшін екінші мәселенің туындауына әкеледі. Мысалы, ТМД елдерінен біздің республика территориясына түрлі токсиндік қадықтар әкелінеді. Соның нәтижесінде ауру түрлері мен саны көбейеді.
Қазақстан Республикасының қоғамдық дамуында елеулi өзгерiстер пайда болғаннан бастап, мемлекеттік даму стратегиясына сәйкес құжаттар әзірленіп, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы"/1/, 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар /2/, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды /3/. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары /4/, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданды /5/. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.
Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы бірнеше халықаралық конвенцияларға қол қойды және оларды іске асыру жөнiндегi iс-қимылдың ұлттық жоспарларын әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда, қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық мәселелер мәртебесi сол күйiнде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Қазақстандағы, сондай-ақ халықаралық ауқымдағы экологиялық қозғалыс дамып келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесі Қазақстан үшін оның айрықша тиімді географиялық орналасуымен, бай қойнауларымен, дамыған көлігімен, сондай-ақ жоғары білікті ғалымдарымен, мамандары мен жұмысшыларымен әсіресе өзекті болып отыр. Алайда Қазақстанның жері жоғары кенттену дәрежесімен және адамның тіршілік етуі үшін жарамсыз болып келетін қуатты өнеркәсіптік конгломераттардың болуымен экологиялық апат аймағына айналды.
Мысалы, Семей өңіріндегі онкологиялық аурулар бойынша орта өлім деңгейі бүкіл Қазақстан бойынша екі есе жоғары болып келеді. Сонымен қатар өкпе, тыныс органдарының аурулары қарқынды өсіп келе жатыр. Мамандардың айтуынша, үлкен ықпал жер астындағы қалдықтар мен жер асты және жер үсті ядролық жарылыстардан қалған қалдықтардан тиеді.
Семей полигоны, Арал теңізінің тауқыметі, Байқоңыр ғарыш айлағы және жалпы ғылыми техникалық дағдарыс әсерлері біздің еліміз үшін, адамзат үшін және қоршаған орта үшін жоюшылық қаупін төндіруін күн сайын бәсеңдетуде.
Қазiргi кезде Каспий өңiрiнде мұнай компаниялары мұнай өнеркәсiбi аумағын жерге сiңген мазуттан тазарту жұмыстарын жүргiзуде. Бұрынғы ластануларды жою және ағымдағы ластанудың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды дер кезiнде жүзеге асыру, техногендiк ауыртпалықтарды азайтуға, аймақтағы экологиялық ахуалды тұрақтандыруға және қазiргi ластану деңгейiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
Аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесiнде қоршаған ортаны сауықтыру және су мен жер бетiндегi биоресурстардың мекендеу ортасын қалпына келтiру үшiн негiз құрылатын болады.
Балқаш өңірінің қоршаған ортасының экологиялық тұрғыдан қолайлы жағдайын қайта қалпына келтіру табиғат байлықтарын пайдаланудың қалыптасып қалған жағдайларында мүмкін болмай отыр. Табиғи ресурстарға деген қалыптасып қалған тотальдік-тұтынушылық көзқарас пен табиғатқа деген әсіре өзімшілдік көзқарастардың залалдығын әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдан жете түсінбеу тіршілік ету ортасының азғындау дәрежесімен ауырлай түседі.
Теңізді сақтап қалуға қатысты көптеген мәселелерді Қазақстанның өз бетінше шешуге күші жоқ.
Арал маңындағы аймақтың топырағы оған минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық құралдарды себудің, сондай-ақ өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірісі қалдықтарының кездейсоқ түсуінің салдарынан ластанады да, әлеуметтік мәселелер барған сайын шиеленісе түседі. Арал теңізінің қауызы ғарыштық объектілерді жөнелтудің полигоны болып қалып отыр. Мұны Байқоңыр ғарыш айлағының қызметі мен Арал теңізінің аралдарында бактериологиялық қаруды сынақтан өткізудің салдары, уран кендерін өндіру мен табиғи ресурстардың үнемсіз пайдаланылуы көрсетіп отыр. Сонымен қатар, ғалымдардың мәліметтері бойынша, XX ғ. соңында посткеңестік кеңістіктегі ресурстік потенциал 40 пайызға азайды Арал теңізінің экологиялық апатынан бәрінен де Орталық Азия елдері зардап шекті. Арал мен Арал маңы аймағындағы әлеуметтік экологияның мәселелері индустриалдық қоғамда өздерінің алдына қойған мақсаттары керісінше нәтижелерге әкеп соқтырғанын да көрсетіп отыр/6/.
Сондықтан Орталық Азия мемлекеттеріне туындап отырған мәселелерді бірлескен түрде шешуге мүмкіндік беретін заңнамалық базаны құру аса маңызды болып келеді.
Халықаралық қауымдастық назарынан атаулы мәселелер тыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда болар түрлі халықаралық қозғалыстардың ықпал-әрекеттерімен өз шешімдерін бірте-бірте тауып келе жатыр. Экологиялық қозғалыстар тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ тұтастай халықаралық қозғалыс үшін де өзекті болып келеді. Экологиялық мәселелерге көңіл бөліп, оларды шешу жолында Қазақстанда әртүрлі экологиялық қозғалыс жүйелері негізінен 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында құрылып, қызмет ете бастады. Ал ең алғашқы Республикадағы экологиялық партия құру әрекеттері 1993 жылы, мамыр айында бастау алған еді. Бірақ ол кезде бұндай әрекеттердің бастауы дами қоймады. Себебі сол уақыттағы халықтың сана-сезімінде «партия» деген түсінік болмаған еді. Қазіргі кездегі сонау алғашқы «Семей-Невада» қозғалысынан бастап, жүріп келе жатқан ең ірі экологиялық «Табиғат» партиясын қозғалыстардың ең көрнекті мысалы ретінде айтсақ болады. Бұл партияның алдына қойған мақсат-мүдделерінен басқа, тағы бір ерекшелігі - оның жалпы мемлекеттік саясаттан барынша тәуелсіз болуға тырысуында. Республикадағы қызмет ететін барлық экологиялық партия, ұйым, одақтардың көпшілігі мемлекеттік болып келеді. Осы еңбекте ұсынылып және қарастырылып отырған экологиялық қозғалыстың экологиялық-экономикалық стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың негізгі тұғырнамалық бағыттары әлем елдерінің әкімшіліктік-командалық жүйеден нарықтық қатынастарға ауысудың ауыр да ерекше жағдайларындағы тәжірибесі мен жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді, нақты экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік бюджетке қосымша жүктеменің түсуіне жол бермейді, қоршаған ортаның жағдайының тұрақтануы мен жақсаруына ықпал етіп қана қоюмен шектелмей, сонымен қатар біздің еліміздің терең әлеуметтік-экономикалық тығырықтан шығуына ықпалын тигізетін болады.
Берілген жұмыстың мақсаты - Қазақстан экологиясының мәселелері, оған қатысты жүріп жатқан қозғалыстарды және олардың келешегін қарастыру. Қойылған мақсатқа орай бірнеше міндеттер анықталды:
- халықаралық-экологиялық қозғалыстың негізі ретінде Қазақстанның экологиялық мәселелерін қарастыру;
- Экологиялық білімді дамыту және жетілдіру;
- Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі және оларды Арал мен Балқаш мәселелеріне арнап қолданылуын зерттеу;
- Қазақстан Республикасының экологиялық қозғалыс саласындағы мәселелері, келешегін, (жобаларды, халықаралық көмек) қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Атаулы тақырып отандық және шетел зерттеушілерімен, маман-ғалымдармен терең түрде қарастырылып, зерттелген. Бүгінгі таңдағы республикамызда өзекті мәселелердің қатарында жатқан Арал тағдырына қатысты зерттеулерге Н. Ф. Глазовскийдің «Аральский кризис» еңбегінде /6/ Арал аймағы маңындағы әр түрлі жағдайлар, соның ішінде су мәселесінің дағдарысқа ұшырап, тартылып жатқандығы сияқты мәселелер қарастырылады. Келесі А Нұрғазаринов және К. Шапшақовтардың "Арал маңының экологиясы" /7/ атты еңбегінде экологиялық жағдайдың төменгі дәрежеде екенін, ол басқа аймақтарға өз әсерін тигізіп отырғандығы түйінделген. Ал А. Х. Айдосовтың «Арал мен мен Арал маңының әлеуметтік экологиясы” атты еңбегінде /8/ Арал апаты туралы айтып қана қоймау, сондай-ақ әлеуметтік экологиясына назар аудартады. Әрине Арал маңында тұрып жатқан халықтар мен әлеуметтік топтың экологиялық жағдайын жақсартуда бірнеше ұсыныстар берілген, бұл ұсыныстар, әрине, бітіру жұмысын жазу барысында пайдаланылды.
Орыс ғалымдарынан В. Н. Грошевтың «Ирригация в Казахстане в средние века» /9/, Ю. В. Новиковтың «Природа и человек» /10/ еңбегінде жұмыс авторы адамзат пен табиғаттың тығыз байланыста екендігін жазып, адамзаттың қоршаған ортаны қорғауға мүдделігін, табиғаттың адам өміріндегі ажырамас бөлшегі ретінде қарастыруды негізге алып отыр. Ал В. И. Фаустовтың «Экологические проблемы окружающей среды» атты тақырыпқа жазылған еңбегінде /11/ жұмыс авторы тек Арал мәселесі емес, қоршаған ортаға өз зардабын тигізіп отырған Семей полигоны зардаптарын табиғатқа таралып жатқан улы газ бен көмір қосындыларын сипаттап, салыстырмалы түрде талдап, жазып өткен болатын. Сонымен қатар Н. Ф. Реймерстің «Экология. Теории, законы, правила, принципы и гипотезы» атты еңбегінде /12/ автор экологиялық жағдайдың негізгі теориялары мен заңдылықтардың ережелеріне, принциптеріне, ұсынылған гипотезаларына баса назар аударып, оқып-зерттеп, экологиялық жағдайларды анықтайтын негізгі приоритетті басымдылығы болып отыр деген шешімге келді.
Негізгі дерек көздері: Берілген жұмыста негізгі дерек көздері ретінде экологиялық қозғалыс саласындағы негізгі халықаралық келісімдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, статистикалық мәліметтер пайдаланылған. Оларға Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ қабылдаған Рио-92 декларациясы (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл, маусым), БҰҰ шектеулі конвенциясына Климатың өзеруі туралы Киото хаттамасы (Киото, 1997 жыл 11 желтоқсан), Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталығындағы ережелерге қатысты келісім (2000 жыл 12 мамыр), Трансшекаралық сулар және оларды пайдалану мен қорғау туралы конвенция (Хельсинки, 1992 жыл 17 наурыз), Трансшекаралық контекстегі қоршаған ортаға түсетін ықпалды бағалау туралы Конвенция (Финляндия, 1991 жыл, ақпан), 1994 жылғы 19 тамыздағы ҚР Министрлер Кабинетінің «Биоәртүрлілік пен оны көрсететін міндеттемелерінің орындалуын құрайтын конвенцияны КР мақұлдау туралы бекітімі», «Қазақстан Республикасының қоршаған орта туралы Заңы» және т. б. жатады.
Тарихи көздері ретінде А Нұрғазаринов, К. Шапшақовтардың «Арал маңының экологиясы» еңбегі, А. Х. Айдосовтың «Арал мен мен Арал маңының әлеуметтік экологиясы» еңбегі, В. И. Фаустовтың «Экологические проблемы окружающей среды», Н. Ф. Реймерстің «Экология. Теории, законы, правила, принципы и гипотезы» атты еңбектер, С. Мұқаұлы, Е. Үнішевтердің «Табиғатты пайдплану экономикасы» және т. б. еңбектер қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының экологиялық қозғалыс саласындағы өзара әрекеттесу мәселелері бойынша ынтымақтастығы, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтары қарастырылған.
Екінші тарауда Халықаралық-экономикалық қозғалыс және Қазақстан экологиясының мәселелеріне талдау жүргізіліп, - халықаралық-экологиялық қозғалыстың негізі ретінде Қазақстанның экологиялық мәселелері зерттелген. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі және оларды Арал мен Балқаш мәселелеріне арнап қолдану үрдістері қарастырылады. Қазақстандағы экологиялық қозғалыс мәселелері, келешегіне баға беріледі.
1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Экологиялық білімді дамыту мен жетілдіру
Қоғам экологиялық білімді әр-түрлі мәліметтік көздерден алады. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, радио, газет-журналдар) ; арнайы әдебиеттерден; жалпы және арнайы оқу орындарынан.
Қазақстан Республикасында экологиялық білімді жетілдіру мақсатында жалпы білім беру оқу орындарында(мектептерде) осы сала бойынша пәндер өткізіледі. Республика бойынша барлық мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында эколог мамандарды даярлайтын факультеттер ұйымдастырылған. Бұл шаралардың негізгі мақсаттары:
1 экологиялық-мәдени, әлеуметтік, құқықтық ой-сананы тәрбиелеу;
2 қоршаған ортаны қорғаудағы әдіс-тәсілдерді теориялық және тәжірибелік түрде оқып үйрену;
3 экономикасы дамыған мемлекет құру үшін экология саласындағы мамандарға тұрақты білім беру.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың жолдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғатты пайдаланудың көбiнесе шикiзаттық жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда жекешелендiрудiң экологиялық мәселелері, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғатты пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын /13/.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды. Олар - «Трансшекаралық контекстідегі қоршаған ортаға түсетін ықпалды бағалау туралы конвенция» (Эспо, Финляндия 25ақпан, 1991ж), «Трансшекаралық сулар және халықаралық көлдерді пайдалану мен қорғау туралы конвенция» (Хельсинки, 17наурыз, 1992ж), «Үлкен қашықтықтағы ауаның ластануы туралы трансшекаралық конвенция»(23қазан, 2000ж), «Табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесі құрылды. Ресей, Белоруссия, Қазақстан мен Қырғызстанның 1996 жылдың 16 наурызындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы бірігуді тереңдету туралы өзара жасасқан келісімі». 9-бабында тараптар экологиялық қауіпсіздіктің стандарттарын әзірлеу мен қабылдауды және экологиялық қауіпсіздіктің ортақ стандарттарын қабылдауды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуы, апаттарға жол бермеу және зілзалалардың, ядролық және экологиялық апаттардың салдарын жоюға арналған бірлескен шараларды қабылдауы тиіс деп айтылған /14/.
Аталмыш келісім-шарттың мақсаттарына қол жеткізу үшін тараптар бірігуді басқарудың бірлескен органдарын құрған болатын: Мемлекетаралық Кеңес, Бірігу Комитеті жән Парламентаралық Комитет.
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында бірқатар заңдар қабылданды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi /15/.
Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық мјселелер мәртебесi сол күйiнде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғатты пайдаланудың аса маңызды мәселелері бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады /16/.
1. 2 Қазақстанның экологиялық мәселелері - халықаралық экологиялық қозғалыстың негізі ретінде
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу мјселесі шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық мјселеге айналуы мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz