Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 2-10
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері . . . 11-23
1. 1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері . . . 11-15
1. 2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары . . . 16-23 ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі . . . 24-47
1. 1. Субъект қалыптасуының алғашқы кезеңдері мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары . . . 24-38
1. 2. Жоғары оқу орындары студентерінің кәсіби тәрбиелеудің мақсаты ретіндегі маманның субъектілік қалыптасуы мен оның моделі . . . 39-47
ІІІ -тарау. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибелік жұмысы . . . 48-59
Қорытынды . . . 60-63
Әдебиеттер тізімі . . . 64-67
Қосымша . . . 68
Кіріспе
Әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Жоғары оқу орындарындағы білімберу студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету керек, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей болуы керек. Қазіргі кезде қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білімберудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білімберу сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз. Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының қалыптасу проблемасы бойынша білімдер қоры жинақталған. Оларға философтардың жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М. М. Бахтин, В. С. Библер, Н. А. Бердяев, Л. В. Коновалова, О. Н. Крутова, М. К. Мамардашвили, А. Г. Шварцман, т. б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өмірлік өзінің орнын анықтау, экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей педагогикасы мен психологиясында адамның мәні келесі тұрғыда қарастырады: Б. Г. Ананьевтің, А. Г. Асмоловтың, Л. С. Выготскийдің, О. С. Газманның, Э. В. Ильенкованың, Н. Б. Крылованың, Л. Н. Куликованың, А. Н. Леонтьевтің, В. Н. Мәсищевтің, С. Л. Рубинштейнің, В. И. Слободчикованың және т. б. еңбектерінде адам өз өміршендігінің субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі ретінде. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білімберу сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л. Гумилев, Н. Джандильдин қарастырған /19, с. 304/. Келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар, оларда, нақты айтқанда, казақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы туралы сөз етіледі /25, 168с. /. Қазақ халық педагогикасының ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған, эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С. Ұзақбаева/51/, Э. Табылды /49, С. 3/ зерттеген. Қазақ халқының көркем мәдениеті дамуын М. Балтабаев зерттеген /8, 168с. / . Бірақ өкінішке орай, білім берудің қалыптасқан жүйесі, директивті педагогиканың теориялық көзқарасы мен әдістерінің жүйесі ретінде қаралады. Оның психологиялық мазмұнында оқушы-студент туралы пассивті, тәуелді және өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға қабілетсіз деп түсінік беріледі, яғни осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындай алмайды /3, 299с; 7, с. 3-12; 12, с. 22-26; 21, с. 34; 35, с. 28-38; 36, 80с., 43, с. 44-53/. Осы дағдарыс жағдайынан шығу жолы бірінші ретте, білімберуді тұлғалық ұстанымдарға және жеке көзқарасқа қайта бағдарлауда болады /5, 560с. ; 11, с. 3-9; 18, 160с. ; 20, 195с. ; 30; 31; 37, с. 90-95. ; 39, с. 3-10; 47, 11с. /. Білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағытталған көзқарас гуманистік парадигманы іске асырумен байланысты (оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясы мен әдістерінің жүйесі), яғни тұлғаның өзіне және оның құндылықтарына бағыттаушылық /5, 560с., 18, 160 с. ; 31; 39, с. 3-10; 47, 11 с. /.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білімберуге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді «қалыптастыру» деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әректі мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Осы проблема Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайымен күрделене түседі. Біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері жоғары дәрежелі мамандар дайындығын талап етеді. Осыған орай көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылған:
- Мұғалімдердің жалпыпедагогикалық дайындығы (Крупская Н. К., Кухарев Н. В., Сластенин В. А., Хмель Н. Д., Кудабаева М. И. және т. б. ) ;
- Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді қалыптастыру мәселелері (Степашин Б. И., Томин Н. А., Белокур Н. Ф. және т. б. )
- Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын жақсартудың аспектілері (Абдулина О. А., Кит Г. А., Камзабаев Т., Капбаев К., Клочко В. Және т. б. ) ;
- Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру аспектілері (Александров Н., Победоносцев Г. А. және т. б. ) ;
- Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері (Елканов С. Б., Зязин Б. П., Щербаков А. И. және т. б. ) .
Бірақ аталған еңбектерде кәсіби тұрғысынан өзін-өзі қалыптастыру проблемасы мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық негіздері жасалмаған.
Қазіргі зерттеулерде қоғамның кәсіби дәрежелі мамандарды талап ету және олардың тұлғасына ерекше талап қою арасында; дағдыларын өздігінен дамыту қажеттілігі мен маманның жеке қасиеттерін дамыту ретінде өзін-өзі дамыту және тәжірибеде осы қасиеттерді қалыптастыру стратегиясының болмауы арасындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Негізгі қарама- қайшылықтың мәні тұлғаның өзін-өзі дамуы белгілі бір жағдайда өзін-өзі ұсынудың объективті үдерісі ретінде қаралуында болады екен. Бірақ тұлғаның өзін-өзі дамуының ерікті процесі басталуы үшін белгілі бір қажетті жағдайлардың болуы маңызды және оған басшылық ету керек. Осы іс-әрекеттің мәні ғылымда да, тәжірибеде қарастырылмаған. Сонымен, осы зерттеудің өзектілігі бір жағынын тәжірибе талаптарына жауап беруімен байланысты болып, екінші жағынан осындай іс-әрекеттің теориялық негізін анықтау деп қарастырамыз. Осы қарама-қайшылықтың шешілуінің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру барысында зерттеуіміздің тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді: «Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері».
Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның өзін-өзі дамуын анықтайтын тиімді жолдарын, жағдайлары мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін жасау.
Зерттеудің объектісі : болашақ маманның өзін-өзі дамытудың үдерісі.
Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарында болашақ маманның білім беру ортасында өзін-өзі дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық-психологиялық шарттары.
Зерттеудің болжамы : жоғары оқу орындарының білімберушілік ортасы егер маманды дайындаудың бүкіл жүйесі болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда бір пәннің білім мазмұнымен шектелмей, оның маман ретіндегі қасиеттерін дамытуды көздеп, гуманистік, тұлғалық- әрекеттік, мотивациялық-құндылық бағыттарына сүйеніп жасалса, болашақ маманның өзін-өзі дамыту бағытында тиімді әсер ету мүмкіншілігін анықтауға болар еді. Және тұлғалық кәсіби өзін-өзі дамытуға бағытталған білімберу үдерісі мазмұнының, ұйымдастырушылық формалары мен технологияларының тиімді әсерін қамтамасыз ететін жағдайлары жасалып, студенттердің өзбетінше жұмысы мен аудиториядан тыс іс-әрекеті олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үдерісі өзін-өзі дамытудың, таным мотивациясы мен кәсіби іс-әрекетінің ұстанымдарына сүйенген жағдайларда болады.
Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан «өзін-өзі дамытудың» феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
- болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау;
- тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
- болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің методологиялық негізі:
- жоғары мектеп дидактикасы, білімберу теориясы, жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған көзқарас теориясы, Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар;
- өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға жалпы ғылыми категорияларды «тұлға», «тұлғалық өсу», «өзін- өзі дамыту» талдау жатады;
- дамыту педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі ережелері (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, И. А. Зимняя), тұлғаның жалпы психологиялық теориясы (А. В. Петровский), тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамасы (А. Г. Ковалев, А. И. Кочетов, Л. Н. Куликова), басқару теориясы (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина), білімберудің гуманистік идеялары (В. А. Сластенин, Е. И. Шиянов, О. Н. Газман, В. Д. Шадриков және т. б. ) ; диалогиялық тұлғалық әсер ету проблемасы бойынша еңбектер т. б.
- білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға қалыптасуының теориясы (А. П. Беляева, Л. С. Выготский, М. С. Каган, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Н, Ф, Талызина және т. б. ) ;
- іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі (Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, М. С. Каган, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Талызина және т. б. ) ;
- жоғары кәсіби білім беру аймағындағы жалпыдидактикалық зертеулері(В. С. Безрукова, А. А. Вербицкий, В. Д. Шадриков, Г. У. Матушанский, АүП. Егоршин, В. М, Филиппов, В, В. Краевский және т. б. )
- кәсіби дайындаудың теориялық негіздері, маманның қалыптасуы (Е. В. Ткаченко, А. И. Субетто, И. Д. Клочков, О. Ф. Федорова, Э. Ф. Зеер, И. П. Смирнов, В. М. Монахов және т. б. )
- кәсіби білім беру құбылысын зерттеудегі кіріктірілген модульдік тұжырымның іс әрекеттік және жүйелілік теориясы
- педагогикалық басқарудың әлеуметтік «педагогикалық басқаруы (К. Я. Вазина, П. И. Третьков. Т. И. Шамова, В. П. Симонов, Р. Х. Шакуров, Ю. В. Васильев және т. б. ) .
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес, келесі педагогикалық-психологиялық әдістері қолданылады (анализ, синтез, классификациялау, жобалау және т. б. ) ; эмпирикалық (педагогикалық-психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар, педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық диагностика) ; математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау, ранжирование) . Осы әдістерді экспериментальдық жұмыстың негізі болып, қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығы қамтамасыз етіледі.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан болашақ маманды дайындау үдерісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп дайындаса, әр пәннің «аппаратын» (методологиясын, негізгі ұғымдары мен ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда аланатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. «Жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым» екі мағынаны біріктіреді: «жүйелі көзқарас» пен «іс-әрекеттік көзқарас».
Жүйелі көзқарас негізінде біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да объектінің өзіндегі байланыстар мен өзараәрекеттестігін және қоршаған ортамен /166, с. 43/ анықтауға назар аударылады. Жүйелілік көзқарасы - жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген бағыттарды белгілейді. Жүйелілік көзқарасы - жүйелі талдау позициясы тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарының кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, жоғары оқу орындарында жүйелілік көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға мүмкіндіктерді ашады.
В. В. Краевский пікірі бойынша, «жүйе - біреуі өзгерсе, екіншісі өзгеретіндей бір-бірімен байланысты элементтердің тұтас кешені болады». Жүйе сипаттамаларының минимальды жиынтығына жататындар: әр элементтің құрамы (оған кіретін элементтердің жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) мен әр элементтің қызметтері, оның рөлі мен жүйедегі мағынасы. Жүйенің элементі, өз кезегінде, жүйе бола алады, анағұрлым кең жүйеге оның бөлігі немесе шағын жүйесі болып кіреді.
Жүйелі талдау, зерттеу әдістері жүйесі туралы оқу, іс-әрекет негізінде күрделі жүйе болып табылады. Ол педагогикалық -психологиялық мәселелер шешімінің негіздемесі мен іске асуына бағытталған. Талдау барысында, зерттелініп отырған проблемасы тұрғысынан, іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері қаралады: қажеттіліктері (мотивтері), мақсат орындаушылық, өзін-өзі басқару, басқару. Іс-әрекет философиялық тұрғыдан қоршаған ортаға белсенді қатынасының арнайы адами формасы болып табылады, мазмұнын мақсатты түрдегі және қайта құрылудың өзгерісін қамтиды. Кәсіби педагогикада іс-әрекеттік көзқарас - практикалық өмірдің түрлі аймақтарындағы іс-әрекеттің қанағаттануының және тиімділігі үшін қажетті, білімдер мен біліктердің бірінші меңгеруін қамтамасыз ететін, ұстанымдар, формалар мен әдістердің жүйесі. Іс-әрекеттік көз-қарастың мәні Б. Г. Ананьевтің, Л. П. Буеваның, Л. С. Выготскийдің, М. С. Каганның, А. Н. Леонтьевтің, С. Л. Рубинштейннің, Н. Ф. Талызинаның және т. б. еңбектерінде ашылады. Әлеуметтік және психологиялық іс-әрекет әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралатын нақты үдеріс ретінде анықталады (А. Н. Леонтьев) ; мәдениетті қалыптастыратын күш ретінде (Э. С. Маркарян) ; қоршаған ортамен субъектінің әрекеттестігі ретінде (Л. С. Рубинштейн) ; адамның өмір сүру тәсілі ретінде (М. С. Каган) ; әр адамның нақты өміріне қажетті белгілі бір формалардың жиынтығы ретінде (ойын, оқу, еңбек) және онтогенезде жетекші рольді атқаратын (Б. Г. Ананьев) болып табылады.
Зерттеу барысында келесі зерттеу әдістемелері қолданылды :
А) теориялық зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау;
Б) сұхбаттасу өткізу, сауалнама алу, тестілеу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, математикалық өңдеу әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
- зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттердің теориялық және салыстырмалылық талдауы жасалынады;
- болашақ маманның өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесінің жетілдіру механизмдерін анықтап қарастырылады (студенттердің өмірлік тәжірибесімен психологиялық-педагогикалық теориясының мазмұны мен іс-әрекеттік механизмдерін анықтайтын ішкі тұлғалық ұстанымдарға сыртқы әсерлердің ауысуы) ;
- студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар кешені жасалынады (арнайы және кәсіби дайындығының бірігуі мен кіріктіруі негізінде кәсіби дайындықтың тәсілдері мен жолдарын, мазмұнын талдау өз еркімен өзбетінше әрекетін қамтамасыз етеді; тиімді кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін өзбетінше шығармашылық іс-әрекеті үшін білімберу кеңістігін құру) ;
- болашақ маманның тұлға ретіндегі өзін-өзі дамытудың нәтижелілігі және кәсіби қалыптасуының өлшемдері жасалады (мотивациялық, мазмұндық, операционалдық және рефлексивті) .
Теориялық маңыздылығы: болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуы барысындағы өзін-өзі дамыту мәнінің теориялық негіздемесі жасалады.
Практикалық маңыздылығы: болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесін жақсартудың педагогикалық-психологиялық шарттары қарастырылады.
Зерттеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:
І-ші кезеңі зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу мен олардың теориялық-методологиялық талдауын жасау; болашақ мамандарды дайындаудың оң тәжірибесін зерттеу мен жалпылау; ғылыми аппараты мен болжауын жасау, тәжірибе-экспериментальдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау мен тәжирибелік материалдар жинақтау. ІІ-кезеңі - болашақ маманның тұлғалық-кәсіби моделін жасау. ІІ - тәжірибелік жұмыстың алынған нәтижелерін талдау мен жалпылау, алынған теориялық және тәжірибелік қорытындыларды нақтылау, зерттеудің теориялық және тәжирибелік бөлімдерін жүйелеу, диплом жұмысын әзірлеу.
Ғылыми нәтижелер, осы зерттеудің негізгі ережелері мен қорытындылары тұжырымдамалық көз-қарастарының методологиялық негіздемесімен; олардың теориялық талдауымен; тәжирибелік жұмыс барысында зерттеудің оң нәтижелерімен; зерттеудің ғылыми аппаратына сәйкес әдістер мен әдістемелерді пайдаланумен; алынған нәтижелерді тексеру мен таладаумен қамтамасызданады.
Қорғауға келесі ережелер ұсынылады:
- кәсіби өзбетінше қалыптасу - тұлғаның өзін-өзі дамуының көпаспектілі және көп факторлы үдерісі болып табылады. Ол болашақ маманның тұлғалық гуманистік, іс-әрекеттік, мотивациялық-құндылық кезеңдері мен мотивациялық-қажеттілік, когнитивті, тұлғалық-іс-әрекеттік, рефлексивті сфераларынан құрылады;
- болашақ маманның кәсіби өзін-өзі қалыптасуының педагогикалық-психологиялық қамтамасыздануы білім беру үдерісі мәнінің ауысуымен түсіндіріледі; ол өз кезегінде студенттің кәсіби өсуіне бағытталған ішкі ұмтылыстарына, тұлғасының өзін-өзі дамуына, өзбетінше оқу-танымдық іс-әрекеті мотивациясы дамуына, өзінің өзін-өзі дамуының кәсіби қалыптасуына бағытталып, болашақ маманның мақсатты түрдегі өзін-өзі құрудың және әр-қайсысының шығармашылық өздігінен іс-әрекетінің рационалды жағдайларын жасайды.
- Жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі іске асыруына, өзін-өзі көрсете білуіне бағытталған субъектілердің өзара әрекетінен тұратын педагогикалық процесінің кәсіби бағыттылығының түрлі шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі қалыптасуын қаматамасыз ететін, білім беру үдерісінде арнайы білімдер мен тәжірибелік дайындықтың кіріктіруі ретінде, педагогикалық жағдайлардың жиынтығын сақтау барысында болашақ маманның тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамуының нәтижелілігіне жетеміз.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
1. 1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
Басқа ғылымдар арасында психология ғылымының маңыздылығы туралы айтатын болсақ, басқарушылық қызметтегі адамдармен қарым-қатынас 80 пайызды құрайды, “адам-машина” жүйесіндегі апаттардың 70 пайызы операторлардың кінәсінен болады. Бүгін ел нарықтық қатынастарға ауысып, психология ғылымының жаңа бағыттары пайда болып, даму үстінде: нарық психологиясы, бизнес психологиясы, ақша психологиясы, жарнама психологиясы, кәсіпкерлік психологиясы және т. б. Психологиялық білімдер саясаткерлерге, менеджерлерге, дәрігерлерге, заңгерлерге, педагогтарға, инженерлерге қажет.
Қазіргі күні кадрлық менеджменттегі психодиагностиканы қолдану маңыздылығына тоқталып кеткеніміз дұрыс болады, мысалы, коммуникативтік қабілеттер менеджер іс-әрекетінде үлкен маңыздылыққа ие.
Д. Голланд тұлғаның белгілі бір мамандыққа сәйкес келуін анықтау әдістемесінің авторы болады, оның пікірінше вербальды белсенділіктің жоғары деңгейі кәсіпкер типіндегі тұлғаның маңызды қасиеті болып табылады (J. Holland, 1973) . Сондықтан да коммуникативтік қабілеттерді диагностикалаудың кадрлық менеджментте маңызы зор.
Психикалық құбылыстармен барлық мамандар кездеседі (психикалық бейнелер және ұғымдар, түйсіктер мен қабылдаулар, есте сақтау және ойлау қабілеттері, зейін мен ерік, эмоция мен түс көру, тұлғаның қасиеттері мен күйлері) . Психология адам белсенділігінің мінез-құлығының, қарым-қатынасының, іс-әрекетінің заңдылықтарын ашады. Психология басқа адамның мінез-құлығына әсер етудің жолдарын анықтап, өзін-өзі басқаруы бойынша нұсқаулар жасайды. Ол адам интеллектісі мен қабілеттерін, индивид қасиеттері мен топтарын анықтаудағы әдістерін береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz