Қазақстандағы банктік сақтандырудың қазіргі жағдайын талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ: 1.
5: БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
8
КІРІСПЕ: 1. 1.
5: Тәуекелдерді сақтандырудың экономикалық алғы шарттары және қажеттілі
8
КІРІСПЕ: 1. 2.
5: Банктік тәуекелдердің ұғымы және түрлері
12
КІРІСПЕ: 1. 3.
5: Банктік тәуекелдерді сақтандырудың ерекшеліктері
19
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: 2.
5: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
23
КІРІСПЕ: 2. 1.
5: Қазақстан банк жүйесінің тәуекелдерін талдау
23
КІРІСПЕ: 2. 2.
5: Қазақстан Республикасындағы банктік сақтандырудың ерекшеліктері
29
КІРІСПЕ: 2. 3.
5: Банктік тәуекелдерді сақтандырудың шет елдік тәжірибесі
34
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: 3.
5: ҚАЗАҚСТАНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ САҚТАНДЫРУДЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
41
КІРІСПЕ: 3. 1.
5:

Қазақстан Республикасында банктік тәуекелділіктерді

сақтандыруды жетілдіру

41
КІРІСПЕ: 3. 2.
5: Қазақстандағы банктік тәуекелдерді қысқарту әдістері
45
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 49
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 54

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпкерлік қызмет сақтандырусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметте барлық жетістіктерге белсенділік, төзімділік, тапқырлық таныта алатын, дәстүрлі емес шешімдер қабылдай білетін тұлғалар ғана қол жеткізе алады. Ал бұлардың барлығы да нәтижесі анықталмаған, алайда табыс алып келуі мүмкін тәуекелдер болып табылады.

Жуырдағы уақытқа дейін тәуекелділікті сақтандыру ғылымы қаржылық менеджменттің салаларының біріне кіріп, оған маңызына сай көңіл бөлінбеді. Қаржылық жүйенің даму әрекеті бойынша тәуекелділіктер спектрі де кеңейді. Әртүрлі елдерде мемлекеттік қаржылар дағдарысының пайда болу масштабы мен жиілігі. Жекелеген компаниялар мен банктердің банкроттығы айтарлықтай өсті. Осының барлығы бірігіп тәуекелділіктерді басқару және сақтандыру ғылымының орны мен ролін қайта қарастыруды мәжбүр етті.

Тәуекел дегеніміз - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің қызметінің жағдайлы сипаттамасы, яғни белгісіздік пен сәтсіздік жағдайда болатын мүмкін жағымсыз салдармен бейнеленеді. Тәуекелділік пайданы жоғалту және берілген несиелер бойынша төлемеушіліктер салдарынан туындаған залалдар, ресурстық базаның қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру немесе т. с. с. қалаулы емес нәтижелерді алу ықтималдылығымен анықталады.

Банктік сферада жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы шарасыз оның қаржылық жағдайында қолданылатын жоғары тәуекелділікпен қабаттас жүреді. Олар жеке әрекеттерінің ықпалымен қатар, үкімет әрекеттері, қоғамның түрлі субъектілерінің әрекетінің ықпалынан да жақсаруы немесе нашарлауы мүмкін.

Банктердің қаржылық шамасыздығы клиенттер жағынан сенімсіздіктің себепшісі болады да, олардың сандық азаюына әкеліп, соның салдарынан табысты жоғалту немесе соңғы нәтиже - банкроттыққа әкеледі.

Бүгінгі таңда банк тәуекелділіктерін сақтандыру маңызды мәселеге айналып отыр, себебі банктік жүйенің тұрақтылығы толық негіздемесімен мемлекеттің экономикалық саясатының жоғары біріншілігінің бірі болып есептеледі, өйткені одан көп шамада макроэкономикалық тұрақтылық пен қазақстанның экономикалық өсуі тәуелді және байланысты болады.

Банктік бизнес тек қолма-қол және қолма-қолсыз ақша түрлерімен ғана емес, сонымен қатар түрлі банктік айналымды және айналымсыз құралдар түрлеріндегі ақшалай ресурстардың ірі шоғарлануымен сипатталады, ал бұндай жағдайда міндетті түрде тәуекелділік бірге жүреді. Сол себепті, банк үшін бірінші мақсаты тәуекелділігі жоқ іскерлік шешім, іздеу емес, альтернативті, стандартты емес шешім іздеу болып табылады.

Банк ісінде тәуекелділіктердің маңыздылығы мен шарасыздығы банктік қызметтің басында немесе қызмет процесінде жүзеге асырылатын экономикалық зерттеулердің міндетті элементі ретінде оның барлық аспектілерін жүйелі түрде қарастыруының қажеттілігін айқындайды. Бұл жүйеде ең маңыздыларының бірі болып тәуекелділіктерді сақтандыру есептеледі. Тәуекелділіктермен түрлі шараларды, яғни тәуекелділікті жағдайдың басталуын белгілі бір дәрежеде болжамдауға және оның салдарын жоюға мүмкіндік беретін шараларды қолдану арқылы басқаруға болады және басқару қажет.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - банктік тәуекелділіктер түрлері мен мағынасын анықтау, тәуекелділіктердің пайда болуын және оларды бағалау әдістерін айқындау, қазіргі жағдайда қолданатын тәуекелділіктерді сақтандыру ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар тәуекелділіктерді сақтандыруды жетілдіру жолдарын іздестіруге келіп тіреледі. Жұмыстың алға қойған міндеттері келесідей болып келеді:

  • банктік тәуекелдердің сипаттамасы және оларды сақтандырудың ерекшеліктерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасы банк жүйесінің және шет елдердегі банктік сақтандыруға талдау жасау;
  • Қазақстанда банктік тәуекелдерді сақтандыруды жетілдіру жолдарын іздестіру.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда жалпы сақтандырудың нарықтық экономикадағы ролі мен қажеттілігі, банктік тәуекелдердің ұғымы мен түрлері, сондай-ақ оларды сақтандырудың жалпы ережелері қарастырылған.

Екінші тарау банктік тәуекелдерді сақтандыруды талдауға арналған. Мұнда қазіргі таңдағы қазақстандық банктерге тәне тәуекелдер, оларды сақтандырудың ерекшеліктері талдауға алынатын болады. Шет елдердегі банктік тәуекелдерді сақтандыру практикасына қысқаша тоқталатын боламыз.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі банктік сақтандырудың қазіргі проблемаларына және оны жетілдіру жолдары туралы сөз қозғалатын болады.

Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде жалпы Қазақстан Республикасы бойынша екінші деңгейлік банктердің операциялары өздерінің тәуекелділігі тұрғысынан қарастырылатын болады.

Диплом жұмысы барысындағы зерттеу жұмысының теориялық және әдіустемелік негіздерін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары құрайды. Зерттеуге алынған объектіні қарастыру барысында экономикалық, салыстырмалы, статистикалық және логикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың ақпараттық негізі ретінде ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері, Қазақстан Республикасының ресми нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жылдық қорытынды есебінің мәліметтері, Қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері қолданылады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы - мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін сақтандыру мәселелерін шешу барысында қолданыла алады.

І. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ САҚТАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Тәуекелдерді сақтандырудың экономикалық

алғы шарттары және қажеттілігі

Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасы барлық бағыттар бойынша дамумен ипатталады. «Біздің экономикалық өсуіміздің стратегиясы мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді роліне және үлкен көлемдегі шет елдік инвестицияларға сүйенеді» деген Қазақстанның даму бағдарламасымен қарастырылған нарықтық қайта құрудың берік негіздері қаланған. /1/

Экономикадағы мемлекеттің белсенді ролі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ісіне билік құрылымдарының тікелей қатысуын білдірмейді. Мемлекет еркін экономиканың кепілі болуы тиіс. Оның міндеті - нарықтық ережелерді орнату және содан кейін олардың қадағалануын қамтамасыз ету болып табылады.

Социалистік экономикалық жүйеге тән мемлекеттік басқарудан арылған қазіргі кәсіпкерлер, меншік иелері және басқа да тұлғалар өздерінің мүдделерін қолайсыз және күтпеген оқиғалардан қорғанудың тиімді жолдарын өз беттерінше іздейді. Мұндай үнемді, ұтымды және қол жеткізерлік механизм - ғасырлар бойғы адазат тәжірибесіен жинақталған - сақтандыру болып табылады. /2, 12 б. /

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпкерлік қызмет сақтандырусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметте барлық жетістіктерге белсенділік, төзімділік, тапқырлық таныта алатын, дәстүрлі емес шешімдер қабылдай білетін тұлғалар ғана қол жеткізе алады. Ал бұлардың барлығы да нәтижесі анықталмаған, алайда табыс алып келуі мүмкін тәуекелдер болып табылады.

Көптеген экономикалық процесстердің қызмет етуі мен дамуына белгісіздік элементтері тән. Бұл бірдей нәтиже бермейтін жағдайлардың туындауына әкеледі. Кез келген экономикалық мәселенің шешуі тәуекелділіктің мағынасы мен оны зерттеу механизмінің дұрыс түсінігіне сүйенуі керек.

Нарықтық орта тәуекелділік түсінігінен ажырамасыз байланыста, тәуекелділік қаупі осы күнге дейін болды және ол болады да, сол себепті банктің бірінші орындағы мақсаты - тәуекелділігі жоқ іскерлік шешімдер іздеу емес, альтернативті және стандартты емес шешім іздеу болып табылады. Сонымен бірге тәуекелділікті бағалап үйреніп, оның мүмкін болатын шектерінен аспау қажет. Керісінше жағдайда банк басқарушысы ақпараттардан, сәйкесінше несиелік, депозиттік, инвестициялық саясат саласында қолайлы шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылады. /3, 127 б. /

Тәуекелділік бұл - банкті нәтижесінде шығындарға немесе жоспарланған табыспен салыстырғанда аз табыс алуға әкелетін жағдайлардың басталу ықтималдығы (қаупі) . Бұл жағдайлар болған кезде үш экономикалық нәтиже: кері (ұтылыс, залал, шығын) ; оң (ұтыс, пайда, табыс) және де нольдік нәтижелер болуы мүмкін.

Тәуекелділік дегеніміз - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің қызметінің жағдайлы сипаттамасы, яғни белгісіздік пен сәтсіздік жағдайда болатын мүмкін жағымсыз салдармен бейнеленеді. Тәуекелділік пайданы жоғалту және берілген несиелер бойынша төленушіліктердің болу салдарынан туындаған залалдар, ресурстық базаның қысқаруы, баластан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру және т. с. с. қалаулы емес нәтижелерді алу ықтималдығымен анықталады. Алайда, неғұрлым тәуекелдік деңгейі төмен болса, соғұрлым жоғары табыс алу мүмкіндігі де төмен болады. Сондықтан, бір жағынан, кез келген өндіруші тәуекелділік деңгейін минимумға жеткізуге тырысып, бірнеше альтернативті шешімдердің ішінен әрқашан тәуекелділік деңгейі минималды шешімді таңдайды, екінші жағынан, тәуекелділік деңгейі мен іскерлік белсенділік, табыстылық дәрежесінің қолайлы арақатынасын таңдау қажет.

Кәсіпкерлікті сақтандыру негізінен нарықтық кеңістіктің адам көріп білмейтін жағдайларынан қорғайтын, күтпеген оқиғаларға қарсы кепілдіктер жасау арқылы түпкі нәтижеге қол жеткізуге бағытталады. /4, 243 б. /

Нарықтық экономика жағдайларында коммерциялық, биржалық, валюталық, қаржылық, техникалық, құқықтық, саяси тәуекелдерді сақтандыру өзекті болып табылады. Сақтандыру бұл жерде тек қорғаныс қызметін атқарып қана қоймай, сонымен қатар нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы қаржылық және құқықтық қарым-қатынастардың факторларын реттеу ролін де атқарады.

Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсаты табыс алу, іске салынған капиталды көбейту болып табылады. Сол себепті түптеп келгендегі сақтандырудың маңызы болжамдалған табысты жоғалту мүмкіндігін немесе күткен табысты қолдан жіберіп алуды болдырмауға келіп тіреледі.

Табысты жоғалтуды (немесе қолдан жіберіп алуды) тудыратын себептердің барлығын да шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. табиғи апаттар, авариялар және сол сияқты басқа да оқиғалар болған жағдайда өндірістік процестің бұзылуы;
  2. нарықтық конъюнктураның өзгерістері, әріптестер тарапынан келісімдерді бұзу;
  3. жаңа техниканы немесе технологияларды, басқа да техникалық және технологиялық тәуекелдерді игеру.

Факторлардың аталған үш тобы да сақтандыру саласына қосылуы тиіс.

Көптеген елдерде сақтандыру көлемінде ең үлкен үлес алатыны - бұл кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру болып табылады. Бұл, өз кезегінде, сақтандыру нарығындағы қаржы ағындарын көптеген есе көбейтеді. /5, 221 б. /

Нарықтық экономика жағдайларында сақтандырудың өзі де коммерциялық қызмет саласы болып шыға келеді. Сол себепті, қандай-да бір тәуекелдерді қабылдай отырып, сақтандырушы алдымен өзі туралы, мұндай мәміледен қандай нәтиже алатыны туралы ойлайды. Демек, ірі тәуекелдердің жоғары қауіптілігі бар жерлерде сақтандырушы сақтандыру келісімін жасамайды.

Сақтандыру өнімдерінің ассортиментін кеңейту мүмкіндіктерін іздеу жолында сақтандыруға кәсіпкерлік қызметпен байланысты жаңа объектілер қосыла береді.

Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру объектісі ретінде ақшалай немесе басқалай ресурстарды өндірістің қандай-да бір түріне инвестициялауды және осы инвестициялардан табыс алуды қарастыратын сақтанушының коммерциялық қызметі қарастырылады. Қазіргі, яғни кәсіпкерліктің үлкен қарқындармен дамып келе жатқан кезіндегі аталған сақтандырудың маңызы өте үлкен. Әрине, өзінің бастаған қызметіндегі мүмкін болатын қауіптерден қорғануға тырысатын кәсіпкердің талпынысы түсінікті жағдай. Потенциалды сақтанушылардың саны жыл сайын, тіпті ай сайын көбейе бермек. Сақтандыру ұйымдары үшін тиісті операцияларды айналдыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Дегенмен де, аталған сақтандыру түрі сақтандырудың ең бір қиын түрі болып табылады - келісім жасау барысында да, оның бүкіл әрекет ету мерзімінде де.

Коммерциялық сақтандыру бойынша сақтандырушы ұйымның жауапкершілігі нарықтық конъюнктураның қолайсыз, күтпеген өзгерістері және кәсіпорынның коммерциялық қызметті жүргізуі үшін басқа да жағдайлардың нашарлауы салдарынан туындайтын сақтанушының шығындарын өтеп беруге келіп тіреледі.

Сақтандыру сомасы келісім бойынша жауапкершіліктің шегі ретінде сақтанушының өтініші бойынша, алайда міндетті түрде сақтандыру ұйымының келісімімен, анықталады. Сақтандыру сомасын орнатудың екі әдісі бар. Бірінші нұсқа - сақтандыру сомасы сақтанушының сақтандырылатын операцияларға капитал салымдарының шеңберінде орнатылады. Екінші нұсқа бойынша сақтандыру сомасы тек капитал шығындарын ғана емес, сонымен қатар белгілі (нормативті) табысты қамтиды.

Сақтандырудың негізгі арналымы белгілі бір мерзімнен кейін сақтандырылған операциялар күткен өтімділікті немесе табысты қамтамасыз етпейтін болса сақтанушының болжамды шығындарын өтеумен анықталады. Сақтандыру өтемақысы сақтандыру сомасы мен сақтандырылған коммерциялық қызметтің қаржылық нәтижелерінің айырмашылығы түрінде анықталады.

Сақтандыру сомасын орнату көзқарастарына қарай сақтандырудың мазмұны да өзгереді. Бірінші нұсқа бойынша сақтанушының шығындары сақтандырылады; оны инвестицияларды сақтандыру деп те атауға болады. Екінші нұсқа кезінде шығындармен қоса нормативті табыс та сақтандырылады, сол себепті оны табысты сақтандыру деп атаса да болады.

Сақтандырудың мақсаты инвестициялық салымдардың мүмкін болатын шығындарынан қорғау болғандықтан, сақтандыру келісімінің мерзімі капитал шығындарының өтелу мерзімімен негізделеді. Жалпы нормативті өтелу мерзімдері қызмет түріне қарай айтарлықтай өзгеше болады. Бір салада қызмет ететін, алайда ауқымына, қызметін ұйымдастыруына, орналасқан жеріне және басқа да факторларға қарай кәсіпорындар үшін де сақтандыру мерзімдері түрлі болады.

Айта кету керек, келісімнің мерзімін анықтау кезінде мүліктік сақтандырумен салыстырғанда сақтанушы мен сақтандырушының мүдделері басқаша көрініс табады. /6, 85 б. /

Сақтанушы кәсіпкерлік қызметтің тез өтелуіне тырыса отырып, объективті түрде сақтандырудың мерзімін қысқартуға тырысады. Сақтандыру ұйымы үшін қысқа мерзімді сақтандыру келісімі сенімді ақтамаған өтемақыларды төлеу тәуекелін арттырады. Сақтандыру мерзімін ұзарту өтелім нақты болады, демек, төленетін шығындардың пайда болу ықтималдығын төмендетеді.

Бұл сақтандырудың ерекшелігі сақтандыру өтемақылары сақтандыру мерзімінің соңында, яғни сақтандырылған коммерциялық операциялардың түпкі нәтижелері анықталған жағдайда ғана төленеді. Сақтандырудың басқа түрлері бойынша шығынның орнын толтыру қажеттілігі сақтандыру мерзімінің ішіндегі кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін. Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру кезіндегі сақтандыру төлемдерінің мерзімдерінің анықтылығы түскен сақтандыру жарналарын жоспарға сәйкес қолдануға мүмкіндік береді.

Сол себепті сақтандыру мерзімін келісу кезінде ғылыми негізделген ұсыныстарға, инвестициялардың өтелуі жөніндегі отандық және шет елдік тәжірибеге сүйенген дұрыс.

Шындығына келгенде, сақтандыру өтемақысы сақтандыру келісімінің мерзімі бітпей жатып та төленуі мүмкін, мысалға жаһандық масштабтағы оқикалардың салдарынан табыс алу былай тұрсын, салынған қаражаттарды да қайтарып алу мүмкін болмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар туралы дереу сақтандырушыға хабарлау керек. Алайда, нарықтық конъюнктурамен байланысты оқиғалардың басым көпшілігіне кейіннен өзгертулер енгізуге болады, қолайсыз өзгерістер уақытша болуы мүмкін. Сол себепті сақтандыру мерзімінің соңы ғана коммерциялық қызметтің нәтижелері және төленуі тиіс өтемақылар туралы жауап бере алады.

Сақтандыру келісімін жасау барысында сақтанушының міндеттерін қарастырып кету қажет, сақтандыру тәуекелінің деңгейіндегі барлық белгілі өзгерістер туралы мәліметтерді жеткізу және бұл тәуекелді күшейтетін немесе көбейтетін әрекеттерді болдырмау керек.

Басқа сақтандыру түрлеріндегі секілді, сақтандыруға қабылдау тәртібіне және сақтандыру жауапкершілігінде біршама шектеулерді енгізу қажет. Мысалға, сақтандыруға делдалдық қызметі, құмар ойындарға салымдарды, тотализаторларға салымдарды және сол сияқты операцияларды қабылдамаған дұрыс.

Бір сөзбен айтқанда, әрбір сақтандыру компаниясы өзінің жауапкершілігіне алған тәуекелдерді шектеуге немесе кеңейтуге құқығы бар.

Сақтандыруды ең төменгі франшизаны (мысалға, 5%) орнату арқылы немесе сақтанушыға оның мөлшерін арттыру құқығын беру арқылы жүргізу қажет. Сақтандыру өтемақысының ең жоғарғы сомасын да анықтап алған дұрыс (мысалға, жалпы шығынның 80%) .

Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша жарналардың мөлшерлемелері (тарифтері) көптеген факторларға тәуелді: қызмет түріне, сақтандыру мерзіміне, нарықтық қатынастардың тұрақтылық деңгейіне және т. с. с. Әрбір кәсіпорын үшін тәуекел жеке-жеке болып келеді, демек, мүмкіндігінше төлемдердің мөлшерлемелерін де жеке-жеке орнатқа дұрыс болады. /7, 69 б. /

1. 2. Банктік тәуекелдердің ұғымы және түрлері

Тәуекелдердің пайда болу көздерін және себептерін дұрыс түсіну үшін негізгі банктік тәуеклдердің жіктелуін және олардың сипаттамасын келтірдік. Бұл банктік тәуекелдердің жіктелу құрылымын осы пәннің белсенді зерттеушісі, біздің отандық экономист Новиков. И. А. ұсынған (1 сурет) . /8, 12 б. /

Пайда болу көздеріне қарай ішкі және сыртқы тәуекелдерді ажыратуға болады. Сыртқы тәуеклдер сыртқы ортада пайда болады және жартылай басқарылатын болып бөлінеді.

Басқарылмайтын тәуекелдерге келесілер жатады:

Апаттық тәуекел - бұл жер сілкінісі, тасқынның, дауылдың, өрттің және т. б. салдарынан банкке материалдық залалды келтіруді айтамыз. Бұл тәуекел банкке тікелей, сонымен қатар оның клиенттері мен қарыз алушыларына залал келтіре алады.

Саяси тәуекел - бұл саяси биліктің немесе мемлекетпен жүргізілетін саяси бағамның ауыстыруы салдарынан, сонымен қатар соғысты, революцияны, азаматтық соғысты жариялауынан банкке жағымсыз әсерін тигізетін тәуекел. Саяси тәуекел банкті ұлттандыру кезінде немесе банктің және оның клиентінің жағдайын төмендетуі мүмкін жаңа шектеулермен заңды өзгерістерді бекіту кезінде көрініс табады. Жақсы дамыған бағдарламалары бар банктернесиелік рейтингтің күрделі жүйесін құрастырады. Оның бірі - құрамдас рейтинг жүйесі. Бұл жүйеде әр мемлекет 1-ден 9-ға дейін шкала бойынша құрамдас рейтингті алады. Рейтингті негізінен несиені бағалау үшін қолдану қажет. Мысалы, АҚШ банктері елге төнуі мүмкін қауіптержөніндегі Үкіметаралық комитеті дайындаған рейтингтерін қолдана алады. Саяси тәуекелдің рейтингі сыртқы міндеттемелерін төлеуден белгілі бір үкіметтің қалауы мен саяси мүмкіншілігін өлшейді. Сонымен қатар бұл рейтинг үкіметтің тұрақтылығын және сыртқы қарызын төлеуге қатынасын бағалау үшін де қолданылады.

Жалпы экономикалық тәуекел - елдің экономикалық жағдайының төмендеуі, яғни ЖҰӨ деңгейінің төмендеуі, мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі, инфляция деңгейінің жоғарылауы, экономиканың құрылымдық дағдарысы, мемлекттің теріс төлем балансы үкіметтің тұрақсыз экономикалық саясаты, ұлттық валютаның құнсыздануы, мемлекеттік шенеуніктер арасындағы жемқорлықтың өсуі кезінде пайда болатын тәуекел.

Елдік тәуекел - шетелдік серіктестер мен несие берушілер үшін банктің орналасуы тәуекелін, сонымен қатар егер банктің клиенті экспорттық-импорттық қызметпен айналысса, не банктің контрактісі басқа елде болса, не банк шетел қарыз алушыларды несиелендіретін болса, онда осы тәуекел бел алуы мүмкін. Елдік тәуекел саяси, жалпыэкономикалық және заңнамалық тәуекелдерді қамтиды. Банктер әлемдік экономиканың интеграциясы нәтижесінде кез келген елдермен, олардың тәуекел дәрежесіне қарамай операцияларды жүргізуге мәжбүр болады. Демек, банк тәуекелі төмен елдермен ғана қарым - қатынас жасауға өз бетінше таңдау жасай алмайды. /9, 6 б. /

Сонымен қатар, сыртқы басқарылмайтын тәуекелдерге қаржылық тәуекелдердің бір бөлігін жатқызуға болады. Мысалы, банк егер әлемдік нарықтағы пайыздық ставкалардың өзгеруіне әсер ете алмаса, депозиттер ставкаларын басқаруға мүмкінлігі бар. Сондықтан да, бұл тәуеклдердің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне ұшыраған кездегі анықтамаларын беріп, ажырата алайық:

Депозиттік тәуекел - бұл сыртқы ортадан салымдарды, депозиттерді, зайымдарды және басқа да қаржыландыру көздерін тарту бойынша тәуекел. Яғни, егер олар банктен мерзімі жетпей алынса, онда банктердің осындай міндеттерін орындай алмау тәуекелі немесе банктің ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тартудың мүмкіндігінің жоқтығы салдарынан болатын тәуекел. Ішкі ортаның әсерінде бұл осы операцияларды орындау кезіндегі банктің пайыздық саясаттың дұрыс таңдалмауы немесе басқару кезіндегі қателердің пайда болу тәуекелі.

Несиелік тәуекел - бұл қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуімен немесе банкроттылығымен және несиенің толық немесе бір бөлігін, олар бойынша пайыздар сомасын қайтара алмаумен байланысты тәуекел. Ішкі ортаның әсеріне қатысты бұл банк қызметкерлерінің клиенттің нәтижелерінің қаржылық және нарықтық көрсеткіштерін және қызметінің болашағын дұрыс бағаламау салдарынан потенциалды несие қабілеттілігі жоқ клиентке несие беру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік сақтандыру қорлары
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Депозиттік сақтандырудың отандық және шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Сақтандыру операцияларына салық салу жүйесі, оны жетілдіру жолдары
Кооперативті банктердің сақтандыру қоры
Сақтандыру нарығының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz