Зорлау үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылық


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Алматы Заң Академиясы

сырттай оқу факультеті

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы : Зорлау үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылық

Орындаған: сырттай оқу факультетінің

КЗВ-201 топ студенті Кадышева Э. Б.

Ғылыми жетекшісі: қылмыстық құқық және

криминология кафедрасының доцент м. а.,

з. ғ. к. А. Қ. Жұмағали

Жұмыс қорғауға жіберілді 2007 ж

Қылмыстық құқық және криминология

кафедрасының меңгерушісі з. ғ. д., профессор

Нұртаев Р. Т.

Алматы, 2007ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . … . . . 3-5

І. Адамның жыныстық МЫЗҒЫМАСТЫҒЫ жӘне жыныстық

бостандығына қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы . . . 6-10

  1. Адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың түсінігі . . . 6-7
  2. Адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстардың түрлері . . . 7-10

ІІ. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша зорлау құрамын заңдық талдау . . . … . . . 11-41

2. 1. Зорлаудың объектісі . . . … . . . 11-12

2. 2. Зорлаудың объективті жағы . . . …… . . . 12-29

2. 3. Зорлаудың субъектісі . . . …… . . . 29-33

2. 4. Зорлаудың субъективті жағы . . . …… . . . 33-41

ІІІ. Ауырлататын жӘне аса ауырлататын МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР

зорлау үшін қылмыстық жауаптылық . . . 42-59

3. 1. Адамдар тобы, алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топпен жасалған зорлау . . . 42-49

3. 2. Өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатігездікпен жасалған зорлау . . . …. 49-53

3. 3. Жәбірленушінің соз ауруымен жұқтырып алуына әкеп соққан зорлау . . . 53-54

3. 4. Бірнеше рет немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамның зорлауы . . . ……… . . . …54-55

3. 5 Көрінеу кәмелетке толмағанға жасаған зорлау . . . 55-57

3. 6. Абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырған зорлау . . . 57-57

3. 7. Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соғатын зорлау . . . 58-59

Қорытынды . . . 60-62

Қолданылған Әдебиеттер тізімі . . . 63-65

Кіріспе

Жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі. Оның қоғамға қауіптілігі мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылыққа қасақана қол сұғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан зиян келтіре отырып, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер туғызады.

Әйелдерді зорлау мәселелері барлық әлемдегі ең өткір мәселелердің бірі болған және қазіргі кезде де өзектілігін жойған жоқ.

Біздің мемлекетіміздің Конституциясының бірінші бабында - Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Адамның зорлаудан оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралардың ішінде маңызды орынды қылмыстық-құқықтық шаралар алады. Әйелге зорлық жасаудың ең бұрмалаушылықтың түрі - зорлау болып табылады. Осы қылмыс түрінің қауіптілігі - жәбірленушіге үлкен физикалық және моральдық зиян келтіруден тұрады. Зорлау жыныстық қылмыстардың ішіндегі ең ауырлардың біріне жатады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігі ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылған, ал ҚК-тің 120-бабының, 3-бөлігі аса ауыр қылмыстарға жатқызылған.

Зорлау - тұлғаға қарсы қылмыстардың ең қауіпті және кеңінен таралған түрі.

Әйелдерге қатысты күштеудің ішіндегі ең бір ауыр қылмыстардың бірі - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабымен қарастырылған әйел жынысты адамды әйел жынысты адамды зорлау қылмысы. Әйел жынысты адамды зорлау салдарынан әйел адамға тек қана физиологиялық және психикалық зиян келтіріліп қана қоймай, моральдықта зиян келтіріледі.

Әйел адамдарды күштеумен күресу әлемдегі ең бір маңызды, өткір және шешілмес мәселелердің бірі болып отыр. Оның дәлелі халықаралық деңгейде қабылданған БҰҰ-ның 2000 жылға дейінгі әйелдердің жағдайын жақсарту стратегиясы, «Әйелдерге қатысты күштеуді түпкілікті жою туралы» БҰҰ-ның Декларациясы, «Әйелдерге қатысты күштеудің алдын-алу, жазалау және тамырымен жою туралы Америкааралық Конвенциясы және басқа да құжаттар болып отыр. Халықаралық деңгейде мұндай маңызды құжаттардың қабылдануы халықаралық қауымдастықтың, мемлекеттердің өз ішіндегі шешілмес бұл мәселені бірігіп шешуге және онымен күресудің оңтайлы жолдарын іздестіруге деген батыл ниеттерінің көрсеткіші.

Әйелдерге қатысты күштеумен күресуден біздің мемлекетімізде тыс қалмауда. Өйткені Кеңес Одағы ыдырауы, Қазақстанның нарықтық қатанастарға көшуі қоғамның әлеуметтік жіктелуіне, кейбір әлеуметтік топтардың кедейленуіне, жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты қоғамда бір-бірін күштеудің тез арада өсуіне әкелді. Яғни, бұл мәселе Қазақстан үшін де тән.

Сонымен берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 120-бабымен жауаптылық көзделген әйел жынысты адамды зорлау қылмысын зерттеу. Қойылған мақсатқа әйел жынысты адамды зорлау қылмысының құрамын оның объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын толық ашу арқылы және оның элементтерін толық ашу арқылы, әйел жынысты адамды зорлаудың мазмұнын ашу арқылы, әйел жынысты адамды зорлауға қатысты құқықтық әдебиеттердегі қылмыстық құқық саласындағы ғалымдардың пікірлері мен көзқарастарын және қазіргі кездегі осы саладағы Қазақстандық ғалымдардың көзқарастарын келтіре отырып, сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын зерделеп сұрыптау арқылы қол жеткіземіз.

Берілген жұмыстың соңында осы жасалған жұмыстың нәтижесіне қорытынды беріледі.

Бұған қатысты соңғы кезде 2002 жылы 20 қырқүйекте №-949 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасын айтуға болады.

Бұл тұжырымдамада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығын заңмен қорғалатын ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде танудан шығуы тиіс делінген. Ал, әйел жынысты адамды зорлау қылмысының жәбірленушісі болып табылатын әйел адамдардың жыныстық бостандығын бұзатыны бізге мәлім.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты гуманистік бағытта бірінші кезекте қылмыс жасаған жүкті әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз әйелдерге, кәрі жастағы тұлғаларға қолдануы тиіс, сонымен бірге оны қылмысты бірнеше рет жасаған тұлғаларға, рецидивисттерге және ауыр, ерекше ауыр дәрежедегі қылмыстарды жасаған тұлғаларға қатысты күшейту керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделген әйел жынысты адамды зорлау қылмысы ауыр қылмыстардың қатарына жататыны бізге мәлім. Яғни, тұжырымдама әйел жынысты адамды зорлауды бірнеше рет жасаған тұлғаларға, рецидивисттерге және әйел жынысты адамды зорлау жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық саясат күшейтілуі тиіс.

Осы жұмыстың мақсаттары зорлау қылмысының құрамына талдау жасай отырып, саралау мәселелерін қарастыру.

Осы аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттерімізді шешуіміз қажет:

1) Адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың түсінігін беру;

2) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша зорлау құрамын заңды талдау;

3) Зорлаудың объектісін, объективті жағын, субъектісін және субъективті жағын қарастыру;

4) Ауырлататын және аса ауырлататын жағдайлардағы зорлау үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыру;

Жалпы, осы дипломдық жұмыс кіріспеден үш тараудан қорытындыдан және қолданлыған әдебебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың бірінші таруында адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы көрсетілді.

Жұмыстың екінші таруында зорлау қылмысының құрамына заң тұрығысынан талдау жасалынды.

Жұмыстың үшінші таруында зорлау қылмысының ауырлататын және аса ауырлататын түрлеріне талдау жасалынған.

Бүгінгі күні зорлау қылмысына байланысты көптеген ғалымдардың көз-қарастары және ой пікірлері бар. Осы жұмыстың екінші тарауындағы зорлау құрамының объектісіне байланысты келесі ғалымдардың ұсынған ой-пікірлерінің негізінде жазылған: Н. И. Каржанский, А. Б. Куринов, П. П. Осипов. Зорлау құрамының объективтік жағына байланысты: Б. А. Блиндер, Ю. К. Сущенко, Л. А. Андреева, Ю. В. Алекскандров, А. Н. Игнатов, Г. Б. Елемисов. Зорлау құрамының субъектісіне байланысты: С. П. Молдабаев, Р. Орынбаев, Я. М. Яковлев, Л. Я Мильман. Осы қылмыс құрамының субъективтік жағына қатысты: П. С. Дагель, Д. П. Котова, Н. И. Трофимов, А. А. Примаченовк, И. А. Рарок. Жұмыстың екінші тарауындағы ауырлататын және аса ауырлататын мән-жайларға байланысты төмендегі авторлардың көз-қарастары бойынша жазылған: А. А. Пятковксий.

Осы жұмыста зорлау қылмысына байланысты ресми статистикалық мәліметтер келтірілген және сот тергеу тәжірибесінен мысалдар қолданылған.

І. Адамның жыныстық мызғымастығы жӘне жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы

  1. Адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың түсінігі.

Зорлаудың тікелей объектісі әйелдің жыныстық еркі және бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі әйелдің денсаулығы, ар-намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі тек қана әйел жынысты адамдар болады.

Зорлаудың объективтік жағы - жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбiрленушiмен жыныстық қатынас жасауда. Бұл ретте әйел мен ер адамның кәдiмгiдей бiрiгуiн жыныстық қатынасқа бару деп түсiну қажет. Егер жыныстық қатынас әйелдiң ықтиярсыз, оған күш жұмсалып немесе оны не басқа адамдарды қорқытып, не оның дәрменсiз күшiн пайдаланып жасалса, ол зорлау болып танылады. Алдап немесе өзiне деген сенiмдi терiс пайдаланып жыныстық қатынасқа барудың әйелдiң келiсiмiн алса, онда зорлағандық болмайды.

Зорлауды жүзеге асырудың тәсілдері заңда (120-бап) атап көрсетілген. Олар:

  1. жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану;
  2. немесе оны қолданбақшы болып қорқыту;
  3. жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау деп тура көрсетілген. Күш қолдануға жәбірленушінің қарсылығын басу үшін оны ұрып-соғу, жарақаттау, басқа да тәнін ауырлатын жарақаттар келтіру, қол-аяғын байлау, тұрғын жайға қамап ерекше ұстау, көмек шақыруға мүмкіндік бермеу әрекеттері жатады.

Күш қолданбақшы болып қорқытуға кінәлінің жәбірленушіні, оның балаларын немесе жақын туыстарын, өзгеде оған жақын деген адамдарды ұрып-соғып, сабайтынын, азаптайтынын, немесе басқадай зорлық әрекеттерін жасайтынын білдіретін әрекеттері жатады.

Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалйнуға оның дене бітімі немесе психикалық жай-күйіне байланысты (өте жастығына, кемтарлығына, есінің кіресілі-шығасылы болуына, басқадай ауыр науқастығы немесе ессіз күйге келуі салдарынан) өзіне қарсы істеліп жатқан әрекеттердің сипаты мен мәнін түсінбеушіліктен немесе оны түсінгенімен жәбірленушінің оған қарсылық көрсетуге мастығынан, немесе басқадай негіздер бойынша шамасы келмеген жағдайлары жатады.

Зорлау құрамы болу үшін кінәлі адам заңда көрсетілген тәсілдердің бірін қолдана отырып, жәбірленушімен физиологиялық жағдайда жыныстық қатынаста болуы қажет. Яғни көрсетілген қылмыс жыныстық актіні бастаған уақыттан, яғни кінәлінің өз жыныс мүшесін жәбірлеушінің жыныс органына енгізген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Қолданылып жүрген қылмыс заңы алдау арқылы жыныс қатынасын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілемейді. Сондықтан да әйелді алдап, яғни оған үйленемін деп сеніміне қиянат жасау жолымен жыныс қатынасын жасауда әйелді зорлау қылмысының құрамы жоқ.

Ал күш жұмсау арқылы жәбірленушімен жыныс қатынасын жасауға бағытталған, бірақ кінәліге байланыссыз себептермен орындалмай қалған қасақана әрекет зорлауға оқталу деп саналады.

Зорлауға оқталуды басқа қылмыстардан ажыратқанда кінәлі жәбірленушімен жыныс қатынасын оның еркінен тыс жасауды мақсат қылғанын және қолданылған күш осы мақсатқа жету үшін жұмсалғанын анықтау керек. Бұл жағдайлар анықталмаса, онда кінәлінің әрекетінде зорлауға оқталғандық үшін қылмыс құрамы жоқ.

Жәбірленушіні жыныс қатынасын жасауға көндіруге бағытталған дәмелену, жалыну, сондай-ақ алдау сияқты әрекеттерді зорлау немесе оған оқталу деп саралауға болмайды. Нақты жағдайларға байланысты мұндай іс-әрекеттер егер кінәлінің әрекетінде мәжбүрлеу фактісі орын алса ҚК-тің 123-бабымен саралануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі осы қылмыс жөніндегі айтылған Қаулысында әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту мәселесін дұрыс анықтаудың маңызына ерекше тоқталған. Осы Қаулыға сәйкес қылмыс жасауға кіріскен адам зорлауға оқталу кезінде оны ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұра зорлаудан өз ықтиярымен бас тарта оның әрекеті әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту деп саналады.

“Зорлаудан өз еркімен бас тартуға дейінгі жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер (соққыға жығу, денеге жарақат салу, киімді жырту және т. б. ) нақты жағдайларға қарай денеге қасақана жарақат салу, қасақана мүлікті жою және басқа жауаптылықты белгілейтін Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

Жыныс қатынасын жасауға физиологиялық жағынан қабілеті жоқ адамның жыныстық қатынастар жасау әрекеттері нақтылы жағдайларға байланысты бұзақылық, қорлау немесе өзгедей жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін. Мұндай әрекеттер зорлауға оқталғандық деп танылмайды1.

Субъективтік жағынан зорлау тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам жәбірленушімен оның еркінен тысқары жағдайда заңда көрсетілген тәсілдерді қолданып жыныс қатанасын жасайтынын біледі, сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.

Зорлаудың субъектісі -зорлап әйелмен жыныстық қатынасқа барған адамдар, сондай-ақ жәбiрленушiнi зорлау кезiнде оларға көмектескен адамдар. Көмектескендер әйелдер де болуы мүмкiн. Зорланғандық үшiн жауаптылық 14 жастан басталады.

1. 2 Адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың түрлері

ҚК-тің 120-бабының 2-тармағында зорлаудың мынадай ауырлататын түрлері көзделген:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау. Адамдар тобы жасаған зорлауға екi немесе одан көп адамның зорлаудың объективтiк жағына кiретiн тым болмаса бiр әрекеттi алдын ала келiспей жасаған зорлауы жатады. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының зорлауы дегенiмiз - сол қылмысты жасауға алдын ала өзара келiскен адамдардың қылмысқа қатысуы. Ұйымдасқан топ жасаған зорлауға бiр немесе бiрнеше қылмысты жасау үшiн бұрыннан бiрiккен тұрақты адамдарды тобы жасаған зорлау жатады.

Топтасып зорлағандық үшiн тек тiкелей зорлық көрсетiп жыныстық қатынасқа барған адамдар ғана емес, сонымен қатар жәбiрленушiге күш қолданып немесе оны қорқытып жыныс қатынасының жасалуына көмектескен адамдар да жауапқа тартылады Олар топтасып әйел зорлауға қатысқандар болып танылады. Жәбiрленушiге қарсы күш қолданбаған, бiрақ оны басқа бiреудiң зорлап жыныстық қатынас жасауына көмектескен адамдар қылмысты ұйымдастырушы, арандатушы немесе оған көмектесушi ретiнде ҚК 28-бабы бойынша және 120 -баптың тиiстi бөлiгi бойынша жауапталады.

Бiрнеше адамның бiр әйелдi топтасып зорлағаны емес, бiрнешi адамның өзара келiсiп және күш қолданы немесе қорқытып бiрнеше әйелдiң әрқайсысын топтасып зорлауы да топтасып зорлағандыққа жатады.

б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау. Өлтiремiн деп қорқытқанда оны ауыша айтады немесе ған сай әрекет жасайды. Мысалы, жыныстық қатынасқа баруды талап етiп жәбiрленушiнi қылқындырады, оған қару, пышақ, ұстара көрсетедi, оларды қолдануға ұмтылады. Өлтiремiн деп қорқыту арқылы жәбiрленушiге психикалық қысым жасалынады, ол өз өмiрiн сақтап қалуды ойлап еш қарсылық көрсетпейдi. Қорқыту нағыз шындық болуға тиiс және тiкелей жасалынады. Жәбiрленушiнi дәрменсiз ететiндей сол қорқытудың қаншалық рас болғанын әрбiр жағдайда сот анықтайды.

Өлтіремін деп қорқытуға жәбірленушінің өзін, балаларын, жақын туыстарын, басқа да жақындарын шын мәнінде өлтіруге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға негіз боларлық сөздер айтуы, қимылдар көрсетулері (мысалы: қару-жарақ, жарылатын зат, суық қаруды кезенуі) жатады. Жәбірленушіге және басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен зорлауда осы қылмыстың ауырлататын жеке түрі көрсетілген. Қатыгездіктің түсінігіне ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының “д” тармақшасына талдау жасағанда тоқталамыз.

в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан зорлау. Өзінде сөз ауруы бар екенін білетін адам әйел зорлауды жүзеге асырса немесе зорланған жәбірленуші осы аурумен ауырса кінәлінің әрекеті осы тармақ бойынша тікелей сараланады.

г) бірнеше рет немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам.

Бірнеше рет зорлау деп аяқталғаны немесе аяқталмағанына, сондай-ақ кінәлінің осы қылмысты жүзеге асырудағы атқарған роліне қарамастан Қылмыстық кодекстің 120-бабын қамтитын екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін айтамыз. ҚК-тін 120-бабының 2-тармағының “г” тармақшасы бойынша саралауға істеген қылмысы үшін кінәлінің бұрын сотталғандығы немесе сотталмағандығы есепке алынбайды. Бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамның (121-бап) әйел зорлағаны да (120-бап) осы баптың 2-тармағының “г” тармақшасымен саралануға жатады.

Егер кінәлі адамның зорлағаны немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасағаны үшін бұрын сотталғандығы жойылса немесе ол адам жаман атақтан арылса, онда ол осы қылмысты бірнеше рет жасаған деп танылмайды.

Кінәлі адам шамалы уақыт ішінде бірнеше ретпен жәбірленушімен бірнеше рет жыныс қатынасын жасаса, онда оның осы әрекетінде зорлаудың бірнеше мәрте жасалған құрамы бар.

д) көрінеу кәмелетке толмаған адамды зорлау 14 пен 18 жастың арасындағы жәбірленушіні олардың кәмелетке толмағанын кінәлінің көрінеу біле тұра зорлау әрекеттері баптың осы тармағы бойынша саралануға жатады. Егер кінәлі адам жәбірленушінің жасы жөнінде шын мәнінде қателессе, онда оны осы тармақ бойынша жауапқа тартуға болмайды.

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-тармағында зорлаудың өте ауырлататын мына түрлері үшін:

а) абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырған;

б) абайсызда жәбірлеңушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан;

в) жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;

г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған зорлық үшін жауаптылық көзделген.

Абайсызда жәбірленушінін өліміне әкеп соқтырған зорлау да кінәлінің екі нысаны орын алады. Зорлап жыныс қатынасын жасауды кінәлі тікелей қасақаналықпен жүзеге асырады, ал одан болатын зардап - жәбірленушінің өлуіне абайсыздықпен жол береді.

Қасақана кісі өлтірумен ұштасқан зорлау әрекеті орын алса, онда кінәлінің әрекеті ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының “к” тармақшасының және ҚК-тің 120-бабының тиісті тармақтарымен қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады2.

120-баптың 3-тармағының “б” тармақшасында көрсетілген өзге де ауыр зардаптарға - жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуы, бала туу, жыныстық қатынас жасау қабілетінен айырылуы, т. с. с. жатады.

ІІ. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша зорлау құрамының заңды талдауы

2. 1. Зорлаудың объектісі

Қылмыстылықпен қылмыстық-құқықтық күрес, қылмыстық заңнаманың нормаларын дұрыс қабылдануы білдіреді, яғни, жасалған қылмысты дұрыс саралануы.

Қылмысты саралау - қылмыстық заңнамамен көзделген әрбір қылмыс құрамының түсінігін және мазмұнын ашуды талап етеді. Қылмыс құрамы - “қылмыс белгілерінің қатаң жүйесі”3. Осы белгілердің бірінші орнында - қылмыс объектісі тұр.

Қылмыс объектісінің маңызы - Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тарауларындағы көп қылмыс құрамдары ол бойынша тұрады.

Қылмыс объектісінің үлкен маңызы - онымен ұқсас қылмыс құрамдарының ажыратылуында. А. Б. Куринов айтқандай: “Қолсоғушылықтың жалпы, тектік және тікелей объектінің дұрыс анықталуы қылмыс саралағанда қажетті бірінші кезең болып табылады”4.

Шыныменде, зорлау сияқты, осы құрамда осы қылмыстың тікелей объектісін орнату маңызды болып табылады. Яғни, жыныстық ер жеткенге толған әйел адамдарың жыныстық бостандығы сонымен қатар, 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған әйел адамдардың дұрыс рухани және физикалық дамуы және жыныстық тиіспеушілігі.

Қылмыс құрамын оны 3 буынға бөлу жолымен классификациясы - жалпы, тектік (немесе арнайы, топтық) және тікелей біздің мемлекетіміздің қылмыстық заңнамасында ғана емес сонымен қатар, КСРО құлауынан кейін құрылған мемлекеттердің және кейбір шет мемлекеттердің қылмыстық құқығында бар5.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зорлау жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстардың бір түрі ретінде
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Зорлық зомбылық қылмыстарды алдын алу
Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz