Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуындағы темпераменттің теориялық және методологиялық негіздері
1.1. Темперамент және тұлға туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері және темпераменттің физиологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
1.3.Бастауыш сынып оқыушыларының тұлға ретінде қалыптасундағы темпераменттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Бірінші бөлімінің қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ІІ Эксперименталды.тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген психологиялық диагностика ... ..55
2.2 Тұлғалық қалыптасудағы темпераменнтің рөлін анықтайтын эксперименттік жұмыстың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
2.3. Зерттеудің нәтижесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуындағы темпераменттің
теориялық және методологиялық негіздері
1.1. Темперамент және тұлға туралы жалпы ұғым
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері және
темпераменттің физиологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.3.Бастауыш сынып оқыушыларының тұлға ретінде қалыптасундағы
темпераменттің рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .40
Бірінші бөлімінің қорытындысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
ІІ Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен
әдістері
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген психологиялық диагностика

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
2.2 Тұлғалық қалыптасудағы темпераменнтің рөлін анықтайтын эксперименттік
жұмыстың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
2.3. Зерттеудің нәтижесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
Кіріспе
Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ
тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие
үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан-2030стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы
инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді,
бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000
жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған Білім мемлекеттік бағдарламасы да
шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп
отыр. Ал, жалпыға білім беру моделі әр адамға таңдау бойынша білім беру
моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында,
ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше
орын алады деп санаймыз.
Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума
қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және
мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп
тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді
шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық.
Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол
қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені
даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың
қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: Жастар ертеңгі жарқын болашақты
армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары
тиіс. Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды,
бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен
қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет
проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат
болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз.
Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының
менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту
қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен
қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше
орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды
қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап
өтейік.
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан
қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және
нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті
адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның
негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы
бойнша,адамдар төрт дене шырындарының(сұйықтарының)-қан, өт, запыран,
шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете
отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет
темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде
жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол
біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник,
флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі
жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді.
Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның
сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам;
меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды,
мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым
жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен
байланыстырып қарастырады.
Конституциялық теория темпераменттің биологиялық негізі ретінде дене
құрылымын, дене мүшелерінің пішінін және өлшемдерін қарастыра отырып, әр
адам өз дене құрылымына қарай өзіндік психикалық ерекшелікке ие деп
санаған. Бұл теорияның авторлары темперамент түрлерін адам организімінің
конституциялық айырмашылықтарымен байланыстырған. Осыған орай
темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінен кеңінен
тараған Э.Кречмердің Дене құрылымы және мінез атты еңбегімен берілген
конституциялық типология болды. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын
тапты. Осы ғасырдың 40-шы жылдарында АҚШ-та бұл теорияны одан әрі
У.Шелдонжалғастырды. Шелдон да темперамент типтерін дене құрылымына қарай
ажыратты, бірақ оның қосқан жаңалығы эмбриологиядан алынған терминологиясы
болды.
Нейрофизиологиялық теория адамның бойындағы психикалық процестер
жүйке жүйесінің қызыметімен байланысты екендігін көрсетті.Бұл теорияның
негізін қалаған және эксперименталды түрде дәлелдеген И.П.Павлов пен оның
шәкірттері: Б.М.Теплов, П.С.Купаловтар болды.
Сонымен, темперамент – ғасырлар бойы ғылыми ойды қызықтырып келе
жатқан мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адам бойында
болатын дара өзгешеліктер. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің
биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса,
екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола
алуында. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция
тереңдігі,қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы
темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен осы күнге дейін темперамент
мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Себебі, әр
адамның темперамент типі тума екендігі қалтықсыз дәлелденгеніне қарамастан,
қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы әлі ғылыми
шешімін таппаған. Бірақ темперамент проблемасына байланысты көзқарастардың
көптігіне қарамай, оның жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының
биологиялық, яғни табиғи ірге тасы екендігін ғалымдар мойындап отыр
.Сондықтан, тұлғаның дамуы әрқашан даралаған және қайталанбас процесс
болғандықтан жоғарыдағы деректерге сүйене отырып бізде өз диплом
тақырыбымызды: Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына
темпераменттің ықпалы деп таңдадық.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының темперамент
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға ретінде
қалыптасуындағы темпераменттің ықпалы.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға ретінде
қалыптасуындағы темпераменттің ролін анықтау.
Зерттеу болжамы: Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға ретінде
қалылтасуына темпераменттің ықпалы бар болуы мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
1) тұлға мен темпераменттің теориялық және методологиялық негіздерін
талдау;
2) темпераменттің физиологиялық негіздерін қарастыра отырып, бастауыш
мектеп оқушыларының таным процестеріндегі психологиялық
ерекшеліктерін анықтау;
3) бастауыш мектеп оқушыларының таным процестеріндегі психологиялық
ерекшеліктерімен санаса отырып, оқушының тұлға ретінде
қалыптасуындағы темпераменттің әсерін көрсету.
Теориялық және методологиялық негіздері: Бастауыш мектеп оқушыларын
зерттеудегі қазіргі жаңа психология ғылымындағы базалық теориялар мен
концепциялар негізге алынды.Гуморалды теория (Гиппократ, Гален, И.Кант),
конституционалды немесе морфологиялық теория (П.Ф.Лесгафт, Э.Кречмер,
У.Шелдон), нейрофизиологиялық теория (И.П.Павлов, Б.М.Теплов,
В.Д.Небылицин). Гуманистік бағыт өкілдері: Т.Кампанелла, Д.Локк, Д.Дидро,
Ш.Фурье, Р.Оуен және Сен-Симон. Тұлға мәселесін тереңінен қарастырған:
Н.В.Савин, Б.Г.Белинский, Ж.Қоянбаев, З.Фрейд, К.Юнг, Э.Эриксон, А.Бандура,
А.Маслоу, т.б.
Зерттеу әдісі:
- психолого-педагогикалық бақылау;
- әңгіме (оқушылармен және мектеп мұғалімдерімен);
- тест Ойша санай білу, Кубик Рубика және Матрица Равена
- тест Темперамент формуласы
Зерттеудің ұйымдастырылуы және кезеңдері: зерттеу процесі екі
кезеңнен құралып, 2007-2008ж.ж. аралығында өтті .
І-ші кезең – зерттеу тақырыбын анықтау,бұл проблемамен айналысқан
психологиялық теориялық арқылы оның зерттелінген деңгейін білу, зерттеудің
ғылыми аппаратын анықтау, зерттеудің жоспарын және мазмұнын құрy (2007-
2008ж.ж.).
ІІ-ші кезең-осы проблемаға байланысты әдебиеттерді қарастырып талдау,мектеп
психолгі және бастауыш сынып оқушыларымен әңгімелесу, тәжірибе барысында
алынған мәліметтерді жалпылау, жүйелендіру және нәтижесін қорытылындау(2007-
2008ж.ж.).
Тәжірибелік мәні: Экспериментальды зерттеулер нәтижесі келешекте
мектеп психологының жұмысына ата-аналармен, мұғалімдермен және мектеп
оқушыларымен жұмыс істеуге нұсқау ретінде көмек береді.
І.Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуындағы темпераменттің
теориялық және методологиялық негіздері.
1.1. Темперамент және тұлға туралы жалпы ұғым.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек
дәрігері – Гиппократ (б.э.д. Vғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт
дене шырындарының - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен
ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние
дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. І Іғ) алғашқы рет темперамент түрлеріне
ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған
шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға
дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius - қан),
флегматик (phlegma – шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole
– запыран).Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүз жылдықтар
желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Сонау көне заманнан бері адамзат өзінің іс қимылын, мінез-құлқын,
ұстамды-ұстамсыздығын, олардың себептерін білгісі келген. Неге адамның
мінез-құлқы, өмірге бейімделгіштігі әр түрлі? – деген сұрақтарға адам
баласы талай ғасырлар бойы жауап іздеген. Ең алғаш осы мәселелерге жауап
берген гректің ғұлама ғалымы Гиппократ екені мәлім. Ол барлық адамдарды
төрт темпераментке, яғни мінез-құлық топтарына бөлген. Холерик-албырт.
Мінезі өте шапшаң, қызба, белсенді, қайратты көңілді адамдар жатады. Олар
өте іскер, жылдам қимылдап, шаруаның бұлқан-талқанын шығарып істеп
тастайды. Сангвиник-ширақ. Пысық, ұстамды, іскер, жайдарлы, көпшіл,
көңілшек адамдар тобы. Олар мақсатына жетуге жігерленіп, қайраттанып,
аянбай еңбек етеді. Флегматик-салмақты. Байсалды, сабырлы, аздап енжарлы,
самарқау, іс-әрекеті баяу жандар тобы. Істеген жұмыстары көпке созылады,
бірақ нәтижелі болады. Мақсатына жету үшін табандылық, төзімділік көрсете
алады, бірақ жайбарақаттылық байқатады. Меланхолик-ынжық. Бұған жұмсақ
мінезді, әлсіз, өкпешіл, дәрменсіз, мұңшыл, жасқаншақ, жуас, сескеншек
адамдар жатады. Өмір өзгерістеріне өте баяу, қиналып бейімделеді.
Сезімталдығы өте төмен, тұйық мінезді көңілсіз жандар. Осы аталған
мінездемелерді бірінен бірін ажыратып қалай анықтауға болады? – деген
сұраққа Гиппократ өзінің шәкірттерімен бірге жауап бермекші болған. Олардың
пікірінше, ағзаның бойындағы қан, өт, шырыш сияқты жылжымалы сұйық
заттардың азды көпті болуынан мінез қалыптасады. Егер бауырдан шығатын өт
көп болса, холерик, қаны толық адамдар – сангвиник, шырыш көбірек болса –
флегматик, ал өт қапшығынан шығатын қара өт көп болса – меланхолик болады
деп тұжырымдаған. Гиппократтықтар ғылымының сол дәуірдегі деңгейімен
мінездемеге түсініктер берген. Ал қазіргі психофизиологиялық деректерге
олардың айтқандары сәйкес келмейді, өйткені мінез-құлық жоғары жүйке
әрекетінің сипаттамасының бірі, жүйкенің қызыметімен қалыптасатын ағзаның
қызметі. Бірақ Гиппократтың темперамент туралы ілімдегі мінез топтары осы
уақытқа дейін маңызын жойған жоқ .[2.с,31-32].
Қазақтың әйгілі жазушысы Ж.Аймауытов Гиппократтың іліміне көп көңіл
аударған. Психология және өнер тану, Психология деген өзінің ғылыми
еңбектерінде мінез туралы өте жақсы пікірлер айтқан. Ол күйгелек, ыстық
қанды, салқын қанды, қызбалы аяныш жанды, құмартпалы, ұйытқымалы, сары
уайымшыл деген сипаттамаларын берген.[8].
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы
және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-
қылықтарды топтап, ретке келтіруге атсалысқан. Осыған орай темпераменттің
көп түрлі типологиясы қалыптасты. Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті
организімдегі химиялық заттардың құрамына байланысты екендігін түсіндіруге
тырысты.Кейінен темперамент организмнің түрліше физологиялық
өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрлысына, зат
алмасуға,ішкі секреция бездеріне т.б.байланысты деген пікірлер де тарады.
Неміс философы И.Кант(1724-1804)өзінің Антропологиядеген еңбегінде
темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді.Бірақ
ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде қарастырды.
Темперамент туралы теориялар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс
ала бастады. Мәселен,неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы
жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе,орыс антропологы ЗеландН.Л.(1833-
1902)ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен
біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт
(1987-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне
байланысты деп тұжырымдады [1,б. 226-234] ,[4,5] .
К. Юнг, Г. Аизенг барлық адамдарды экстраверт, интраверт және
невротиктерге бөлуге болады деген. Экстраверттерге әр алуан сыртқы
әсерлерге еліктегіш кісілер жатады. Интроверттерге, керісінше тұйық
мінезділер, невротиктерге жабығу күйі басым адамдар топтасады. Егер
де біз Юнгтің ұстамына жүгінетін болсақ, әрбір индивидтің
экстроверсия және интроверсия миханизмдеріне ие екендігін және бір
механизмнің басқаларға қарағанда салыстырмалы күші ғана тип жөнінде
сөз етуге беретінін көреміз... Осындай психикалық функциялардың
жиілікпен алмастырылып отыруы қалыпты тіршілік әрекетін сипаттайды.
Сырытқы жағыдайлар және ішкі бағдарлар көбінесе бір механизммге
жәрдемдессе- басқасын қиындатады немесе тежейді. Мұның, әрине, бір
механизімнің басқасының алдындағы үстемдігіне әкелетіні анық. Егер
мұндай үстемдік қандай да бір себептермен тұрақты болатын болса,
онда біз тип жайлы үйреншікті үстем механизм ретінде айта
аламыз... Тип ұғымы ешқашан механизімді басқасы толық жоққа
шығаратын мағынада тіршілік ете алмайтынын оңай түсінуге болады.
Біз Юнгтің еңбектерінен осындай көптеген дәйексөздер де келтіре
аламыз әрі солардың бәрі барлық адамдарды экстарверт немесе
интроверттерге бөлу Юнгтің ойына кіріп те шықпағанын дәлелдейтін
болады. Ол адамдардың көпшілігі эксстравертті және интровертті
механизмдердің белгілі бір балансымен сипатталып, үстемділігімен
ерекшеленеді деп есептеген. Сонда оның типтер тұжырымдамасының
негізі неде? Психологиядағы типология жөніндегі көзқарастары
Юнгтің пікіріне жақын болған және осы мәселеге қатысты ойын
таңғаларлық айқындылықпен анықтаған Кречмердің сөздерін келтіре
отырып, осы сұрақтың жауабын таба аламыз: Тип ұғымы билогияда
неғұрлым маңызды және іргелі болып табылады. Табиғатта баяу
асулардың ұшы-қиырсыз теңізінде ешбір нақты және обьективі еш
нәрсе тіршілік ете алмайды деп есептегеніміз қате болар еді,
қайта-керісінше болар. Белгілі бір салаларда үнемі бізге
деректердің қайталанушы топтары кездесіп отырады, біз оларды
обьективті түрде зерттей бастағанда қандайда бір заңдылықтармен,
байланысқан бітістер жиынтығымен істес болғанымызды ұғына
бастаймыз... Биология үшін, клиникалық медицинадағыдай, жеке
корреляциялар емес, корреляциялардың тобы маңызды; тек солар
ғана шынайы ішкі байланыстарды дәлелдей алады [8.б, 110-112],
[15].
Э. Кречмердің Строение тела и характер атты
еңбегінде: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық
ерекшелікке ие деп көрсеткен. Осындан, дене мүшелерінің (қол,
аяқ, бас, кеуде т.б) сырыттай өлшемдеріне байланысты төрт
конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик-бойшаң нәзік денелі, көкірек тұсы
жайылынқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын сидыған.
Пикник-мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны
қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик-бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым,
берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүкетері
тартылған.
Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар-әрқилы мүшелік
зақым-сырқаттарға ұшырағандар.
Алалған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі
сай:
Шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик-дене құрылымы нәзік,
әлсіз дамыған, тұйық, эмоциалары ауспалы, тұрақсыз, талаптар мен
көзқарастарға өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға
икемдесуі қиын. Иксотомик-денесі мығым, мінезі байсалды,
сезімталдығы кем,ымишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне
ұаймашыл. Циклотомик-семізшең, домаланған денелі, эмоциалары қайғы
мен қуаныштың арасында бірдей; тіл табысқыш, көзқарастары
шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының
негізін қалаған-Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын
тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың
40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл
ғылымның да темперамент типтерін айруда ұстанған принципі-адам
дене қырлымы және оның өзінің жаңалығы-эмбриологиялық белгілер.
Конституциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға
алынады. Бұл теориялық негізгі кемшілігі-тұлғаның психикалық қасиеттердің
қалыптасуына қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі.У.Шелдон
теориясын сынға алған Я. Стреляу былай жазады: Адамның тамаққа әуес
болу, ұжымшыл болу не қайрымды болу сияқты темпераменттік
қасиеттері оның дене құрлымындай нәсілдік белгілі емес, мұндай
қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негізгі ие болғанымен тәрбие
және әлуметтік ортада ғана қалыптасады. Ал ғылым шындығына
келетін болсақ; адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы
жүйке жүйесі қызыметімен байланысты екендігі ежелден-ақ белгілі
болған. Темперамент түрлерініғң кейбір жалпы психикалық процестер
ерекшелігіне тәуелді келуі И. П. Павлов және оның шәкірттерінің
еңбектерінде эксперименталды дәлелденген. И. П. Павлов және оның
шәкірттерінің еңбектерінде тәуелді келуі И.П. Павлов және оның
шәкіртерінің еңбектерінде эксперименталды дәленделген.И.П.Павлов иттің
шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктердің зерттей отырып, олар қылық-
әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды.Мұндай
айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозулары мен сол қозулардың
сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке
процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер-қозу және тежелеуге байланысты
екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П.Павлов темперамент
типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелеу күшін, тепе-теңдігін және
қозғалмалылығын атап көрсетті. Қозу күші мен тежелеу күші-бір біріне
тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері.Қозу күші жүйке жасушаларының
әрекетшендік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не
қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелеуге бейімделеді. Ал
тежелеу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып. Сөну және біріктіру
шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады. Жүйке жүйесі
процестерінің тепе-теңдігін қозу мен тежелеу құбылыстарының өзара бірдейлік
сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір
процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не
ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті – жүйке
процесінің қозғалмалығы – бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу
жылдамдығында көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалығы
адам қылық - әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу
қабілетінде танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшеміне бір
әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту
шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалығына қарсы құбылыс – жүйке
жүйесінің селқостығы. Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты
көп уақытпен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша
үлкен болғаны. Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке
жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым
түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер
бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-
теңдігі, қозғалмалығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке
процесінің күшіне орай және күшті типпен әлсіз типті айыра, дәстүрлі
Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.
- күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;
- күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;
- күшті, қозуы басым – холерик;
- әлсіз тип – меланхолик;
Сонымен, И.П.Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі,
тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке
жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған
темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті –
жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық
бейнесі. И. П. Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы
саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50- жылдары
жүргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П.Павловтың шәкірттері
В.М.Теплов, кейін В.Д.Небылицин темперамент типологиясын жаңа элементтермен
толықтырды. Соңғы жылдары көнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың (1896-1965)
лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті.
И.П.Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М.Теплов пен
оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде
И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт типі туралы ілімі адамдардың жеке
өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз
алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті.
Б.М.Тепловтың шәкірттерінің бірі В.Д.Небылицин (1930-1972) осындай
зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше
варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп
саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозуы мен тежелуі
теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болады.Әлсіз иптің де сезімталдылығы
күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол
екендігі зерттеледі. Ересек адамның жүйке жүйесін эксперименталды талдауға
ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лобилдік және
динамикалық. Жүйке жүйесінің лобилділігі – жүйке процесінің туындау және
сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы – қоздырғыш, ұнамды және
кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен
байқалады. Көп зерттеулер нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық
тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие. Нақты жүйкелік
типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұнын
құрайды.
Сонымен, темперамент – бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын
айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша
түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс
береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара
байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент
типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана
емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да:сезімде, ниет пен
әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т.б.-байқалады.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің
бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер
топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник,
холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін
көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:
Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда
болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-
әрекеттің туындау шапшаңдығы.
Жауап - әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған
ырықсыз жауап әрекеті.
Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасауы
және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы.
Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс-әрекетінің өзін
пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіру: кездейсоқ сыртқы
немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалар), болмаса ниет,
мақсат, талғам т.б.
Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты
жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат
қылық көрсетуі.
Жауап әрекет қарқыны - әр қилы психикалық әрекеттер мен процестер,
сөйлеу, ым-ишара қозғалыстарымен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия, интроверсия – адамның жауап әрекетімен іс қимылына
себеші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен
болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі
әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттерді ескеру мен қазіргі заман психологиясында
темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типтің сипаттамасы
төмендегідей:
Сангвинник – жоғары дәрежелі әрекетшіл адам, бұл әрекетшілдік оның
белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның
бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі және
шапшаң. Сол нәрседен қарқылдап күледі, болмақшы себептен көңілі қалып,
мұңайып қалады. Бет-жүзінен көңіл-күйі , заттар мен адамдарға болған
қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол соншама
әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі
белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске
қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талап-шаршамастан қызметін жалғастыра алады.
Зейінің таңдаған обьектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса,
өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті
жедел, ақыл-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-
күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып
отырады. Сангвинник төңірегіндегілер мен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен
жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ацыса алады, қажет
болса қайта үйреніп, жаңа дағдылар қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам
өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив пайымдауларының
жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағалауға бейім,
экстраверт.
Холерик. Сангвинник сияқты жай әселерлерге берілмейді, әрекетшіл және
белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан
ол ұстамсыз шыдамсыз қызба. Сангвинникке қарағанда салғырттау, икемі
кемірек. Осыдан – ниеттері мен қызығулары тұрақтылау,\ табанды, зейін
ауыстыруы қиындау, сезімі көбірек сырттай көрінеді, сондықтан – толық
экстраверт.
Флегматик - әректі енжар, сезімталдылығы мен көңіл шарпулары кем
көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес. Төңіректің бәрі күлкіден
жығылып жатқанда, ол мізбақпаз. Қай жағдайда да сабырлылығы мен
байсалдылығын жоймайды. Ым – ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған
жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да
болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге
берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге
төзімді. Бар білгені ішінде – интроверт.
Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы
нәрседен көзіне жас уйріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен
қабылдай. Ым-ишара жоқтың қасында, даусы мен қозғалысы өте
сылбыр.Әдетте,өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан
шегінеді.Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болысыз.Зеиіні
тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз.Көпшілік меланхоликтердің
өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне туйгені көптолық
интроверт.[3,б 227-229]
Сангвиник темпераментінің, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы,
ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-керген істі бастап тастап журе береді.
Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа басқа адамдармен тез тіл таба
кетеді.Флегматик темрераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы
келеді.Олар кез-келген темпераменттің бір осал жері іс жоқ кезде сылбыр
күйге түсіп кетеді. Олар кез – келген нәрсеге сезім білдіре бермейді,
асықпай, баппен жүріп-тұрады. Осы темпераменттің – қыймыл – қозғалыстың
баяулығы өмірде болып жатқан жағдайларға селқос қарайтындығы, оңтайлылықтың
жоқтығы. Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ,бірақ
әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді неде болса ішінде
жүреді. Тұйықтық өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалық – осы
темпераменттің ең бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз
шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен,
Л.Толстойдың соғыс және бейбітшілік романындағы қарт князь Волкомский
холерик темпераментінің, Анна Каренинадағы Степан Облонский сангвиник
темпераментінің, Н.В.Гогольдің Өлі жандардағы Собакеевич флегматик
темпераментінің, мұндағы Тентетников – меланхолик темпераментінің нағыз
айқын өкілдері болып табылады (Қ.Б.Жарықбаев)
Табиғи жағдайда темпераментердің таза түрін ажырыта алу, көбінесе
қиынға со түрін ажырыта алу, көбінесе қиынға соғады.Өйткені олар адамның
өзі барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көленкесінен жөнді
көрінбей қалуы да мүмкін. Темпераментердің адам психикасынан алатын орнын
топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады.Өйткені
темперамент-адамның табиғи жағын көрсететін басты белгелерінің бірі.
Темперамент-нерв жүйесінің тума қасиетерінен туындайтын адамның жеке
өзгешіліктерінің бірі.( Қ.Б Жарықбаев)
И.Павлов темпераментке мынандай анықтама береді: Темперамент
жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуымның барлық
әрекетіне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын
психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.
Сонымен, қорыта келгенде темперамент деп жеке адамның қылығы мен
түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешілігін айтатын болсақ,
онда жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен тығыз
байланысы екені анық.Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері деп белгілі бір
адамға тән оның мінез-қылқындағы, ақыл-ойындағы, қабілетіндегі, т.б. басты
қасиеттерінің басқа адамдардан елеулі айрмашылығын айтуға болады.
Психологиядағы соңғы уақытта болып жатқан ең маңызды өзгеріс –
психологиялық процесті талдау ( анализ) тұрғысынан тұтастық немесе
қырылымдық тұрғымен ауыстыру болып отыр.Қазірігі писхологиялық көптеген
беделді өкілдері тұтастық көз қарасты ұсынады және оны барлық психологиялық
негізіне салады.Жаңа көзқарас бірінші орынға өзіндік ерекше қасиеті бар
және құрамына кіретін бөліктердің қасиеттері мен функцияларан анықтайтын
тұтастық мәнін шығырумен маңызды.Қазіргі таңда тұлға мәселесі ерекше өзекті
мінге ие. Тұлғаның дамуы әрқашан дараланған және қайталанбайтын процесс.
Адамның сыртқы болмысы туралы мәселер және оны дене құрылымының
ерекшеліктері тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріндегі адам
конституциясының негізіне сүйенбей қараластырылуы мүмкін емес. Тұлға
теориясында әдеттегі У.Шелдон конституциясына, Айзенк факторына, И.П.
Павловтың жоғарғы жүйке іс-әрекетініңтиптеріне толқталмай өтү мүмкін емес.
Адам баласының дамуы бір-бірімен өзара байланысты екі жағдайда-
биологиялық және әлеуметтік салада жүзеге асады.Бала жарық дүниеге келгенде
биологиялы тұрғыдан тірі жан иесі, яғни адам туды дейді.Бірақта ол тұлға
деп аталмайды. Оған Мағжан Жұмабаевтің тәрбие жайлы айтқан пікірінен мысал
келтірейік: Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы
туғанда өте әлсіз, зағип осал болып туады. Малдың төлі туа салып
аяқтанады, тауықтық балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Адам
баласы туғанда інгалаған айғайы мол бір кесек ет, ақылы есі жоқ, денесі тым
әлсіз, өсуі, ұлғаюы тым сараң өсетіндіктен, оның денесіне, жанына азық
беріп, өсуіне көмек көрсетпей яғни тәрбие қылмайды, - дейді. Ол
диалектикалық заңдылықтарға негізделген. Бұл көп жағдайда ішкі және
сырттқы қайшылықтарғы байланысты . Ішкі қайшылықтар деп баланың
организімімен нерв жүйелерінің дамуы негізінде қалыптасуын айтады.
Организімнің дамуы- орталық жүйке жүйесі, сезім мүшелері, психологиясы:
түйсігі, ерік, сезім, қаылдауы, есі, қиялы, зейін т.б. жатады.Баланың
организімі мен нерв жүйесінің даму жүйесінде, оның психикалық қызметінің
дамуы жетіледі. Сыртқы қайшылықтарға баланың өскен ортасы, мектеп жағдайы,
еңбек әрекеті, қоғамдық пайдалы істері, қарым-қатынасы, өзін-өзі
тәрбиелеуі; бұқаралық ақпарат қыралдары, мәдениет ошақтары т.б. жатады.
Даму әр кезде бірыңғай процесс. Өйткені баланың сыртқы әсерді қабылдауы,
оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Сондықтан сыртқы ортаның ықпалын
қабылдауда баланың санасында ішкі қайшылық туады.Бұл дамудың қозғаушы күші.
И П Павловтың ілімі бойынша, даму – ішкі нерв процестерінің және сыртқы
жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі .
Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы жайындағы пікірлер осы кунге дейін
ғылыми еңбектерде әртүрлі көзкарастар өрбиді. Олар негізінен бір-біріне
қарама-қарсы екі бағытта қалыптасқан, бір ыңғай немесе ортақ ой жоқ . Соның
біріншісі, жеке тұлғаның дамуы табиғаттан, тумысынан белгіленген, яғни
тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлдейді. Олар ертедегі грек ойшылдары
Платон және Аристотель. Олар құл болушылықты немесе бағынушылықты
табиғаттың заңы деп дәлелдейді. Х.VІІІ ғасырда реакциялық бағыт ұстанған
буржуазиялық философияның өкілдері, реформистері американың психологы
Эдуард Торндайк (1874-1949) мен философ - педагог Джон Дьюи (1859-1952)
австрия дәрігері Зигмунд Фрейд жеке тұлғаның дамуында биологиялық фактордың
маңызына ерекше тоқталып, қоғам мен тәрбиенің рөлін жоққа шығарады. Олардың
айтуынша, жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылық жетекші рөл атқарады,
адамдардың бойындағы барлық қасиеттері ұрық кезінде пайда болып сан жағынан
жетіледі деп түсіндіріледі. Бұл бағыттың өкілдері өз идеяларын кейіннен
діни ұғымдары мен ұштастырады, яғни даму құдай әмірімен деген пікірді
уағыздайды. Екінші, гуманистік бағыттың өкілдері социал-қиялшылдар Томас
Мор және Томмазо Кампанелла (ХVІ-ХVІІ),ағылшын философы Джон Локк (ХVІІ),
француз материалисі Д. Дидро (ХVІІІ ғ.), Ш. Фурье, Р. Оуэн және Сен-Симон
(ХІХ ғ.), жеке тұлғаның дамуын әлеуметтік жағдайларға тәелді екендігін,
адам-жағдайлар (орта) мен тәрбиенің ғана жемісі деп дәлелдейді. Томас Мор
Утопия атты еңбегінде адамды жан-жақты дамытудың негізі – жалпыға бірдей
және міндетті оқу , оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі
салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру деген қағидасын
ұсынады. Джон Локк жас нәрестенің жаны ақ тақта секілді таза, тек өмір
жағдайлары мен тәрбие ғана адам қасиеттерінің көзі, бұлағы деп бала дамуын
өзінің осындай көз қарасы арқылы дәлелдейді. Дегенмен гуманистер жеке
тұлғаның дамуындағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің мәнін ашып, оның негізгі
– қоғамдағы адамдардың бәріне ортақ білім беру мен тәрбиелеу қажеттігін
уағыздағанмен, жеке меншік пен адамды адам қанау жағдайында оны жүзеге
асырудың жолын көрсете алмады. Олар өздерінің ойларын таптық қоғам
жағдайында бейбітшілік жолмен жүзеге асыруға болады – деп дәлелдеуге
тырысты [16.с, 381-394].
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы қоғам мен тәрбиенің маңызын
ғылыми түрде дәлелдеген К. Маркс пен Ф. Энгельстің айтуынша жеке адам
дегеніміз – қоғамдық дамудың нәтижесі, белгілі қоғамдық қатынастардың
жемісі. Олар қоғамның даму заңдарын ашып,адам баласының жан-жақты дамуына
мүмкіндік туғызатын тапсыз жаңа қоғам орнату қажеттілігін дәлелдейді.Жеке
тұлғаның дамуы жайлы Н. В. Савинның Педагогикаоқулығында: Жеке адамның
дамуы – бұл ең алдымен оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі, жеке адам
үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларда: іс-әрекетте, өзін қоршаған
өмір шындығының бейнелеуінде, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген
қарым-қатынаста, таным білім процестерінде болатын сапалық өзгерістер
процесі - деп тұжырымдайды [25].
Ж. Қоянбаевтың Педагогика оқулығында ол туралы: Жеке адамның дамуы
дегеніміз – оның нерв жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің,
білімнің, көзқарастың, оқу қабілетінің адам баласының жасаған материалдық
және рухани байлықты келешекте жасаудың даму тарихы - деген пікірді
қуаттайды. Бала жарық дүниеге келгенде бала туады дейді, бірақ ол жеке
адам деп есептелмейді. Себебі оның қалыптасуы және дамуы біртіндеп тіршілік
етумен байланысты болып келеді. Яғни, ол жас ерекшелігінің кезеңдеріне
байланысты биологиялық жетіліп, әлеуметтік қасиеттері қалыптасып дами
бастайды. Қорыта айтқанда, адам биологиялық фактор ретінде өзінің тіршілік
ету барысында көптеген әлеуметтік қасиеттердің қосылу негізінде анықталады.
З. Фрейд, К. Юнг, Э. Эриксон, А. Бандура, К. Роджерс, А. Маслоу, Л.
С. Выготский, А. Н. Леонтьев т.б. тұлға мәселесін тереңінен қарастырып, әр
қайсысы өз үлестерін қосқан. Мысалы, гуманистикалық және трансперсоналдық
психология Жоғары дәрежелі, Табиғи Мен проблемасына негізделіп бағытталған.
Соған байланысты өзін-өзі актуалдайтын тұлға деген түсінік ендірілген,
мұндай тұлға өзінің шығармашылық, рухани қорын үнемі дамыта отырып оны
өзінің адамдық даму процесінде іске қоса алады. (А.Маслоу) [6,12].
Жеке тұлға жайлы Н. В. Савинның Педагогика оқулығында: Жеке
адамның дамуы – бұл ең алдымен оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі,
жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларда: іс-әрекетте, өзін
қоршаған өмір шындығының бейнелеуінде, өзін қоршаған құбылыстарға,
адамдарға деген қарым-қатынаста, таным-білім процестерінде болатын сапалық
өзгерістер процесі - деп тұжырымдайды.
Сонымен қорыта келгенде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында оған
ықпал ететін факторларға бір жақты көзқарас, шешім болмауы қажет. Мысалы 30-
шы жылдардың аяғында, кейбір совет педагогтары жеке тұлғаның дамуында
ортаның рөлі басым деген идеяны қуаттап, тәрбиенің жетекші рөлін бағалайды.
Сод секілді дамуда тәрбиенің рөлін тұқым қуалаушылықпен әлеуметтік ортадан
жоғары қою факторлары кездеседі. Джон Локктың дәлелдеуінше бала жаны
табиғатынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет
тапса, солақ тақтаға жазылуы тиіс деген сыңаржақ қорытындыға келсе, Б. Г.
Белинский керісінше бала жаны не болса соны жаза беретін таза ақ тақта
емес, оған өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазу құралына және сол
тақтаның өз сапасына байланысты деген көзқарасы жеке тұлғаның дамуымен
қалыптасуында биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық факторлардың
маңызын бірыңғай қарастыруды қуаттайды. Себебі жеке тұлғаның қалыптасуы
біртұтас болып есептеледі. Бізде өз зерттеуімізде жеке тұлғаның
қалыптасуында баланың биологиялық ерекшелігі темперамент сипатын білу
қажет деп санаймыз. Өйткені әр баланың темперамент ерекшелігін оның жас
ерекшелігімен байланыстыра отырып қана оқыту мен тәрбие жұмыстарын тиімді
жүргізуге болады. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған,
белсенді тұлғаны қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі – балалардың жас
және дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеріп олармен санасу,
білу міндетті қажет деп білеміз. Жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі
тәрбиелеудің маңызы ерекше. Өзін-өзі тәрбиелеудің ерекшелігі оның
мақсаттылығы. Өзін-өзі тәрбиелеу – баланың саналы, белсенді әректінің түрі.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері және
темпераменттің физиологиялық
негіздері.
Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің
жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің І-ІІІ
кластары). Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңдегі негізгі белгі мынада: бұл
жаста жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында
мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен
ұштастыратын өтпелі кезең.Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында
күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез-келген
өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды
дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық
қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және
әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш класс
оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді
пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты
дайындауға мүмкіндік береді. Бастауыш мектеп шағындағы балалардың
психикалық дамуын жете түсіну үшін бастауыш класс оқушыларының анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктеріне тоқтап өтуді жөн көрдік.
Бастауыш класс оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер
болады. Мысалы, омыртқаның барлық бүгілістері (мойын, арқа, бел және
сегізкөз) дамиды. Әйтседе скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса
иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және
спорттың көптеген түріменайналысу үшін елеулі мүмкіндіктер ашады. Бұл
жастағы оқушылардың бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың
көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан
ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де
кең құлашты қимылдар жасауға көп қабілетті, алайда оларға дәлдікті талап
ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы
тоғыз – он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он – он екі жасқа қарай
аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш класс оқушысы неліктен әр
кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады.
Оның білегі тез талады да, ол өте тез және ұзақ жаза алмайды. Бастауыш
класс балаларына, әсіресе І – ІІ класс оқушыларына жазбаша тапсырмаларды
аса көп беруге болмайды. Бастауыш класс оқушыларының жүрек бұлшық еттері
шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол
салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Күре тамырлардың диаметрінің
үлкендігі арқасында ми жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа қабілетті
болуының маңызды шарты болып табылады. Мидың салмағы жеті жастан кейін
айтарлықтай артады. Әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның
психикалық іс-әрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функциялардың
қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу
(ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың негізі) мектеп жасына дейінгі
балаларға қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де
аса күшті, бастауыш класс оқушыларының қолды-аяққа тұрмайтындығы осыдан.
Саналы да дұрыс тәртіп,үлкендердің жүйелі тәртіп қойып отыруы – балалардың
қозу және тежелу прцестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына
қажетті сыртқы шарттар. Сонымен қатар жеті жасқа орай олардың жалпы
байланысы тәртіпке,орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мектеп
талаптарына сай болады.
Осылайша мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш сынып
оқушыларының скелет тірі булшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр
салыстырмалы түрде тұрақтанады, жүйкенің қозу және тежелу процестері
көбірек тепетеңдікке ие болады. Мұның бәрі – мектеп өмірінің бастамасы –
баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен дене
төзімділігін де талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы болғандықтан
ерекше маңызы.
Орыс физиологы Н.И.Кросногорский (1918) тұңғы рет балалардың жоғары
дәрежелі жүйке қызметін анықтауға тырысты. Ол О нервности в детском
возрасте и о мерах борьбы с ней деген жұмысында аса қозғыш және енжар
тежелетін екі тип туралы жазады, мұнда ол классификациялаудың негізінде
қозу және тежелу күйін, сондай ақ бұл процестердің ми қыртысындағы
ширақтығын алады. Кейінірек балалардың жүйке қызметін зерттеуге бірнеше
әрекет жасалады: 1926 жылы В.Н:Осипова, 1930 жылы Я.М.Лобач пен
Д.Х.Шапиров,1936 жылы Н.Г.Сорохтин және басқалары осындай қызмет жасады.
Алайда ұсынылған классификацияның әр қайсысында балалардың жүйке қызметінің
белгілі бір жақтары (күші, ширақтығы,және т.б.) ескерілмей қалып отырады.
А.Г.Иванов – Смоленский мен оның лабораториясының қызметкерлері
мектеп жасына дейінгі, бастауыш мектеп жасындағы және ортаңғы сынып
балаларының жоғары дәрежелі жүйке қызметінің классификациясын ұсынады, онда
мынадай типтер көрсетіледі: тұрақсыз, енжар, қозғыш және тежегіш типтер.
Олар екі принципті классификацияны негізге алады: жүйке процестерінің
ширақтығы мен байсалдылығы. Мұнда жоғары дәрежелі жүйке қызметінің ұшқалақ
(ерекше қозғыш) типіне жататын балалардың ортаңғы және жоғағы сыныптардан
гөрі бастауыш сыныптарда жиі кездесетіні байқалған.1954 жылы
Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің жаңа
классификациясың ұсынады, онда сигналдық системалардыңөзара қарым-қатынасы
мен ми қыртысының қыртыс асты түзінділермен өзара әсері ескерілген. Қазіргі
кезде осы классификация неғұрлым толық болып есептеледі және төрт типті
қамтиды.
Бірінші- күшті, тиімді қозатын, байсалды,тез-сангвиникалық тип, мұнда
шартты рефлекстер тез түзіліп, тез өшеді және тез арада қалпына келеді.
Мұнда қозу мен тежелеу тез ауысып, нәзік жіктеу тез арада болады.
Мұндай балалардың мінез-құлқы жақсы, темпераменті ширақ болады және олар
тәрбиелеу үшін қиындық туғызбайды. Олар екпін мен дауыс ырғағын дұрыс
қойып, тез және дауыстап айқын сөйлейді,сөздер қоры мол, кейде күшті ымдап,
мәнерлі ишарамен сөйлейді.
Екінші-күшті, тиімді қозатын, байсалды, баяу-флегматикалық тип. Жоғары
дәрежелі нерв қызметі осындай типтегі балаларда шартты рефлекстер тез әрі
берік түзіледі, тежеу әсері мықты болады. Балалар шартты тітіркендіргіштің
күшіне оңай бейімделеді, жақсы оқиды, олардың мінез-құлқы үлгілі болады.
Далалар дұрыс сөйлейді, сөз қоры жеткілікті, айқын байқалатын эмоциясы, ым-
ишарасы болмайды. Қиынтапсырмаларды орындауда белсенділігін арттырып,
оларды орындауға тырысады.
Үшінші-күшті, тез қозатын, ұстамсыз ұшқалақ-холерикалық тип, қыртыс
асты қызметі күшті, оның ми қыртысы үнемі толық дәрежеде реттей
алмайды.Алғашқы екі типтегі балаларға қарағанда, шартты байланыстар
баяуырақ түзіледі . Мұндай балалар қанағаттанарлықтай оқиды, бірақмектептің
талаптарына қиындықпен көндігеді. Олардың эмоциясы жоғары, тез қозады және
қызба болады, оларға қалыпты дамып, дауыс ырғағыәркелкі болып тұрса да,
ширақтықпен ұштасатын дәлелсіз әсерлерден шытынап шыға келу тән. Мұндай
балаларды тәрбиелеу көптеген қиындықтар туғызады.
Төртінші- әлсіз, баяу қозатын, байсалды – меланхолик тип, ми қыртысы
мен асты түзінділері жалпы алғанды баяу қозады, бірінші және екінші
сигналдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz