Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі - әлеуметтік мәселе ретінде


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Социология кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСКЕРЛІГІ - ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ
Орындаған:
4-курс студені Мукеева Ш. Ш.
Ғылыми жетекшісі:
әлеум. ғ. к., доцент Абдірайымова Г. С.
(қолы, күні)
Норма бақылаушысы: Басыгариева Ж.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілген күні: “” 2006ж.
Кафедра меңгерушісі:
әлеум. ғ. д., профессор Садырова М. С.
(қолы, күні)
Алматы
2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
- Девиантты мінез-құлық түсінігі және түрлері . . . 5
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдердегі агрессия мәселелері . . . 11
- Жасөспірімдердің өзін-өзі реттеуі және құндылық бағдары . . . 16
ІІ Кәмелетке толмағандар құқық бұзуының себептері және алдын-алу шаралары.
2. 1 Кәмелетке толмағандар құқық бұзуының себептері және оған әсер
ететін жағдайлар . . . 21
2. 2 Қылмыстылықтың алдын-алу шаралары . . . 27
2. 3 Қазақстандағы Ювеналды юстиция . . . 34
ІІІ Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері.
3. 1Кәмелетке толмағанға тағайындалатын жазалардың түрлері мен шектері . . . 42
3. 2 Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орны . . . 47
3. 3 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
СІЛТЕМЕЛЕР . . . 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
Кіріспе.
Қазіргі қоғам мемлекетке, атап айтқанда, заң шығарушы, сот және атқарушы билік органдарына өсіп келе жатқан ұрпақ мәселесіне ерекше ден қою міндетін артады. Өйткені кәмелетке толмағандар мәселесі тек белгілі бір отбасы шеңберіндегі ғана емес, ол мемлекет тарапынан бүкіл қажетті іс-шараларды қолдануды талап ететтін, қажет десеңіз дүние жүзілік көлемде талқыланатын қандай да бір міндеттілікті жүктейтін қоғам бөлігі. Мемлекет кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, білім беру және тәрбиелеу сипатындағы мәселелерді шешеді, жас ұрпақ жаман жолға түсіп кетпеуі үшін үнемі құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізіп отырады.
Тақырыптың өзектілігі: Әр мемлекеттің ең қымбаттысы - балалар. Кез-келген ұлттың, халықтың, мемлекеттің болашағы көбіне балаларға, олардың тәрбиесімен, тұлғалық және психологиялық денсаулығының сапасына байланысты.
Өтпелі кезеңмен қатар жүрген тұрақсыздық пен алға ұмтылған әлеуметтік өзгерістер кезеңінде жасөспірімдер түрлі қиыншылықтарға тап болды. Жасөспірімдер алдында өзгерген жаңа дүниеге, жаңа құндылықтарға, нормаларға, өмір талаптарына бейімделу тұрды. Ал біз білеміз қоғамның кризистік жағдайында ауытқушы мінез-құлықтың ұлғаюына әкелетін көптеген факторлардың әсері күшейеді. Дағдарыстық қоғамдарда халықтың көпшілігінің өмірлік жағдайларының жалпы нашарлауымен, жұмыссыздықпен, өмір сүруге қажетті құралдарды табудан айырылумен, алдын-ала күтілмеген әлеуметтік статустың өзгеруімен қатар, адамдардың, соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің іс-әрекеттеріне қорғалмағандық, өз өмірі мен жақындарының өмірі үшін қорқыныштың өсуі, иллюзиялар билігі, ақыл-есінен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоғалтып алу т. б. әлеуметтік ауытқуларға әкеледі.
Жасөспірімдердің отбасы мен мектеппен байланысының әлсіреуі, бұрынғы жастардың бос уақытын ұйымдастыратын белсенділігін пайдалы істерге жарататын, тәрбиелік-тәртіптік функцияларды атқаратын жалпы жүйенің таратылуы салдарынан жастар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер, былайша айтқанда қараусыз қалды. Заман талабына сай өз еркімен өсті. Сол заман талабының көрінісінің бірі - «батысқа үлгіге» еліктеу кең тарады. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін, жаһандануға жол ашылды, ал оның оң жақтарымен, теріс жақтары да қатар жүрді. 90-шы жылдардың басында телеарналарда «батыстық» фильмдерді, бағдарламаларды тарату кең етек алды. Ал онда зорлық-зомбылықты, агрессия, қатігездікті насихаттайтын элементтер толы болды. Егер осы жылдары жастарымыздың бос уақытын негізінен телевизор алдында және видео фильмдерді көрумен өткізгенін ескерсек, әрине ол жастардың сана-сезіміне кері әсерін тигізбей қоймайды.
Осы айтылған өтпелі кезеңдегі ескі нормалардың, ұстанымдардың, құндылықтардың орнына жаңалардың келуі, олардың кей жағдайларда жастармен ауыр қабылдануы, жастардың заңмен конфликтілерге түсуіне әкелді. Осылайша, жастар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыскерлік өсті. Бұл бітіру жұмысының өзектілігі де осында - кәмелетке толмаған жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер ететін факторларды айқындау және олардың алдын-алу жолдарын іздестіру.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: Тақырыпқа байланысты материалдар жинақтау және сараптау, сол арқылы кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыскерліктің себептерін ашу, қазіргі таңда қылмыскерлікке қарсы қолданылып жатқан іс-шараларды қарастыру және нәтижелерін белгілеу. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты болдырмау мақсатында алдын-алу шараларын жүргізу.
Жұмыстың объектісі: Девиантты мінез-құлықты, құқық бұзушы кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер.
Пәні: Кәмелетке толмағандардың тәртіп бұзушылығы мен қылмыскерлігі.
Практикалық қолданылуы: Бұзақылық пен тәртіпсіздіктің алдын-алу мақсатында мектептерде құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесі құрылады. Ол кеңеске мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, құқық пәнінің мұғалімдері, психолог, жергілікті әкімшіліктен өкілдер қатысады. Онда мектепте тәртіп бұзған оқушылардың ісі қаралады. Әр сынып жетекшілері өз сыныптарындағы еңбек тәртібін бұзған, тәртіпсіздік жасаған оқушылардың тізімін береді. Кеңестің отырысында тізімге алынған оқушылардың тәртіпсіздік іс-әрекеті қаралады. Әр сынып жетекшісі жеке оқушының не себепті бұл Кеңеске шақырылғанына тоқталады. Мысалы: Ермек А. сабақтан себепсіз көп қалады, мектепте тәртіпсіз әрекеттер жасайды. Оқушымен жеке сөйлесіп, тәртіпке шақырылады. 1 ай мерзім беріліп, түзеу шаралары жүргізіледі. Сынып жетекшісі бақылау күнделігін жүргізеді. Онда әр пән мұғалімі оқушының сабаққа қатынасқанын жазып отырады. Келесі Кеңестің отырысында жаңағы оқушының тәртібі тағы қаралады. Егер оқушыда жақсы өзгерістер болып, тәртібі түзелсе, мектеп ішілік есепке (учетқа) алынбайды. Ал керісінше, тәртіпсіздік ары қарай жалғаса берсе, отырысқа ата-анасы шақырылып, тәртіп шаралары белгіленеді. Оқушыны мектеп ішілік есепке алып, бақылау қойылады. Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда 9 мың теңге көлемінде айыппұл белгіленеді. Бұл Кеңес әр айдың белгілі бір күнінде отырыс өткізіп тұрады. Мысалы, әр айдың 20-21-нде өткізіледі. Ал мектеп ішілік есепке алынған оқушылардың тәртібі түзелген жағдайда, оқушылардың сынып жиналысында қарастырылып, есептен шығаруға сұраныс жасалады. Кеңестің отырысында қаралып, оқушыларды есептен шығарады. (Еңбекшіқазақ ауданы, Н. К. Крупская атындағы мектеп) .
.
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1. 1 Девиантты мінез-құлық түсінігі және түрлері.
Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстанға әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттардың да өз бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.
Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаса қоймаған жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқуы жиі кездесетін құбылыс. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ оларды алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлық - бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық қызығушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс қоғамдық белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішімдікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т. б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
Девианттық іс-әрекет екі үлкен . Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекеттер еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса жәнеқылмыстық рет бойынша жазаланатын болса - қылмыс деп атайды.
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның объективті себебі, кәмелетке толмағандарда құқықтық әлеуметтену процессі (нормаларды меңгеру) және деликвенттік мінез-құлық (нормалардан ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты, жалпы қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз [1] .
Жеткіншек және жасөспірімдік шақ аса улкен қауіп тудыратын шақтар. Неліктен?
Біріншіден, психогормональды процестерден басталып, Мен-концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтары әсер етеді. Екіншіден, кәмелетке толмаған баланың әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.
Егер жасөспірімдік психопатологиясына жай қалыпты психолог көзқарасымен қарайтын болсақ, эмоция мен өзін танушылық мәселелерінің тығыз байланыстылығы көзге түседі. Жасөспірімдердің өзіне қиянат етуі - қиындықтан, ұрыс-керістен қашып құтылу емес, бұл мүмкін де емес, керісінше, жасөспірімнің өзін жалғыз, мүгедек және қабылданбаған, ешкімге мойындата алмаушылықты сезінбегендіктен өз өмірін тоқтату емес, көмек сұрағандағы айғайы болған.
Жоғарыда айтылғандай, Мен-концепциясының және эго-идентификациясының қалыптасу процессі қиын. Өтпелі кезеңде жатырқау синдромы, дереализация, деперсонализация, тұлғаның екіге бөлінуі сияқты жеке басты тәртіптің бұзылуының жиі кездесуі таң қаларлық емес.
Дара адамның қалыпты тіршілік әрекеті тек ортамен ақпарат алмасуы ғана емес, солармен бірге әлдебір эмоционалды, маңызды қарым-қатынас орнату. Стресс талабы болған жағдайда қалып өзгереді: индивидтің өзі шеше алмайтын, зор күшті кері эмоция тудыратын, оның психикасына және өзінің өмір сүруіне қарсы кедергі болатын ұрыс-керіс жағдайлары туады. Стресстен шығу үшін, ол өзінің «Мен» және жарақаттайтын ортамен байланысын үзуі керек немесе маңыздылығын азырақ етуге тырысу керек.
Сонымен, жасөспірімнің қанша және қандай әрекеттерді істегендігі ғана маңызды емес, оған қоса субъективтігі даралық сипаты да тән.
Девиантты мінез-құлық әр түрлі болса да олар өзара байланысты. Ішімдік, есірткі қолдану, жаулап алушылық және заңсыз, мінез-құлықтар бір блокты құрайды, солай жасөспірмнің оның біреуіне тартымдылығы өсуі мумкін. Заңсыз қылықтар қатты болмаса да психикалық қалыптың бұзылуына әсер етеді. Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік факторлар (мектептегі қиындықтар, зақымдалған өмірлік жайттар, басқа девиантты ортаның ықпалы) сәйкес келеді. Индивидуалды-жеке факторларға - өзіндік бақылау мен өзін сыйлау деңгейі маңыздылардың бірі болып табылады.
Өзін сыйлаудың төмендеуі зерттеулер бойынша жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлық, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.
Ғылыми әдебиеттерде осы мәселеге байланысты төрт басты гипотезалар бар:
- Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлауды түсіруге ықпал етеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қосаөзін де соған бейімдейді.
- Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.
- Кейбір топтар бойынша, әсіресе төменгі бастамалы өзін құрметтеу - девиантты мінез-құлықтың жоғарлауына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсер етеді.
- Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгереді [2] .
Әсіресе қиын отбасынан шыққан балалар уақытын үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпта жағдай. Себебі, ол жерге өздері сияқты әр түрлі балалар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің «Үй асты» моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени дағдылары бар. Мұндай жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді. Статистикалық мәліметтерге жүгенсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44% осы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың санының көбеюі отбасы құрылымындағы кемшіліктерге байланысты болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады. Олар қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Кейбір жағдайларда, ажырасу, ішімдікке салыну немесе ата-анасының біреуінің бейморальдық мінез-құлқына байланысты болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етуі мүмкін.
Біз қарастырып отырған мәселеде, профессор А. Е. Личконың пікірі анағұрлым құнды болып табылады. Отбасының сәтті дәрежесін талдай отырып, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:
- отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), баланың ішкі өмірінің барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы.
- немқұрайлылық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар, қоғамда туындап жататын әр түрлі қиыншылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығы девианттық іс-әрекеттердің бір қырының динамикасын көруге болады:
- бейнесінің жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;
- отбасында «золушканың » болуы - бұл ата-ананың өзіне көп көңіл бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі [3] .
Деликвенттік жасөспірімнің психологиялық құқықтық нысанасында қызуқандылық міндетті түрде болады.
Р. Бэрн және Д. Ричардсон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп көрсетеді: әлеуметтік, сыртқы, жеке және биологиялық.
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайлар деуге болады:
- жиі болатын ата-ана арасындағы ұрыс, жан-жалдар;
- ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;
- балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
- жасөспірімдердің пікірін елемеу;
- ата-аналары тиісті жылулықты бере алмауы;
- балалардың ар-намысына тию;
- тәрбие жүйесінің сапасыздығы.
Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемсітуге, жазалауға, үлкендер жағынан қатал қарауға ұшырағандар.
Қылмыстылықты зерттеуде, оған әсер ететін факторлардың көптеген сананың бар екендігі көрінеді. Қазіргі кезде қылмыстың тууына алып келетін себептер нарықтық экономикаларға қатысты пайда болған бәсеке, жұмыссыздық, дағдарыс. Шын мәнінде ішімдікке салыну біздің өмірімізге әлеуметтік дәстүр ретінде еніп отыр, ол арнаулы мерекелердің, кездесулердің, уақытты өткізудің тәсілі ретінде, жеке мәселелерді шешудің құралы ретінде қолдануда. Статистикалық мәліметтерге қарасақ, бұзақылықтың 90%-і, әйел зорлаудың 90%-і, 40%-і басқа қылмыстарды осы ішімдіктің арқасында болады екен. Өлім, тонау, қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70 %-і ішімдік ішкен кезде болған. Сол сияқты отбасында ажырасулардың 50%-і ішімдікке байланысты болған.
Республикалық психиатрия, психология және нашақорлық ғылыми-практикалық орталығының есебі бойынша психикалық және мінез-құлықтың (бұзылыстар) ауруларымен ауыратын адамдар саны 322671, оның ішінде ересектер 240729, жасөспірімдер 23487, балалар 58455. яғни әр бір сегізінші жасөспірім психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр деңгейлі патологияларға ұшыраған. 15 жасқа дейінгі балаларда - 22%, ал 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер - 32, 7% болған. Ал жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке келетін болсақ, соңғы төрт жылда 21 есеге өскен. 2002 жылы спирттік ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс-әреекеттік бұзылыстар психиатр дәрігерлерге 610 бала тіркелген. Есірткіге тәуелділік 1500-ге жуық жасөспірімде анықталып, 14-ке дейінгі балаларда 385-ке жеткен. Міне осындай девианттық іс-әрекетке ие болған балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс-әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының, мұғалімдер мен ата-аналарының және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады. Олар агрессиялар мен теріс әрекеттерге бейім болып келеді. Әсіресе көп қорқыныш туғызатын жағдай, соңғы жылдары 15-20 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен.
Егер де осындай өсім сақталатын болса, 2007 жылы психиатрға алғаш көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады, ал жалпы бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді. «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деп даналарымыз бекер айтпаған, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шығармай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес баланы дүниеге әкелер алдында тәрбиеге мән берсе . . .
Әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынандай тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және қоршаған ортасына байланысты болады.
Сот, медицина, педагогика, психиатрия тәжірибесінде ішкіштің қылмыскерге айналуы, ал ұсақ құқық бұзушының ауыр қылмыс жасауы, қылмыскердің нашақорға айналуы т. б. жиі кездеседі. Нашақорлардың 70%-ы 30 дейінгі жастар, ал 60%-ы 19 жасқа дейін нашаның дәмін алғандар. Сондықтан, нашақорлық мәселесі бүгінгі күндегі жастар мәселесімен тығыз байланысты болып отыр [4] .
Девианттық мінез-құлықтың бір түрі суицид, яғни бұл өз-өзіне қол жұмсау. Ауытқудың бұл түрі 55 жастан кейін және 20 жасқа дейін кездеседі, ол қазіргі таңда 10-12 жасар балаларда да кездесіп отыр. Бұл жағынан Қазақстанда да басқа ТМД елдерінен қалыспай отыр. Жастар арасындағы суицид саны бойынша ТМД елдері ішінде Қазақстан екінші орын алады.
15-19 жас арасындағы адамдардың өзін-өзі өлтіруінің ең жоғары деңгейі - Ресейде. Мұндай шешімге бүкіл посткеңестік аймақта проблеманы зерттеген ЮНИСЕФ эксперттері келді. Олардың пікірінше, ТМД елдеріндегі суицидтердің көрсеткіш қисығы соңғы жылдары күрт жоғарылаған. Мұндағы - ең алаңдататыны - жастардың көбі өз еркімен өмірден кетуде.
Жастар проблемасымен айналысатын отандық социологтар пікірінше, Қазақстанда да бүгінгі таңда өзін-өзі өлтіру санының өсуі және жиырмаға әлі толмағандардың арасында осындай амалдар байқалып отыр. Өз еркімен өлімге әкелген жағдайлардың жалпы санымен 30 проценттегі сан жайлы айтуға болады. Айтудан гөрі, айқайлау керек. Неге бұлай болып жатыр? Ең оңайы барлық өзін-өзі өлтірушілердің ақыл-есі кем, жан ауруларымен ауыратындар, нашақорлар мен маскүнемдер деп жариялау - сонда проблема өзі-ақ «жабылады». Бірақ шетелдік зерттеушілер сенімді: мұндай адамдардың өзін-өзі өлтірушілердің арасындағы саны, «кәдімгі» өліммен өлгендердің арасынан көп емес. Соңғы қабаттан секіріп кеткендердің есі ауысқан деп санау қабылданған. Бір жағынан бұл нюанспен қоғам өзінің жүйке жүйесін аздап алаңдатады, екінші жағынан - өзін-өзі жұбатады. Таңданып қорықты да ұмытты - баса кеткеннен не сұрайсың. Позиция ыңғайлы болғанымен, өтіріктің бет пердесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz