Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері . . . 4

Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі мен негізгі белгілері . . . 7

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік право бұзушылық кодексінің (ӘПБК) 9-бабы бұл құқық бұзушылықтың түсінігін былай деп берген: «Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, социалистік меншікке (қазір социалистік жоқ-Б. Е), азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртіьіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық (теріс қылық) деп танылады»

Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және басқалардың) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруғаа ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с. с), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:

а) құқыққа қарсылық-бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.

б) кінәлік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, бірақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойлаған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.

Құқық теориясында қасақана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзақылық ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияқтылар-осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана жасалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияқтылар.

Кінә-әкімшілік құқық бұзүшылықтың міндетті белгісі; ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ деп табылады.

в) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады. Әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп ьабылатыны заңдармен белгіленеді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық салмағы қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаданады да, аса қатал емес жауаптылық белгіленеді.

Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің-жасы кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.

Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде он алты жасқа толғандары жауапты болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар туралы Ережеден көзделген шаруалар қолданылады.

16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13-бабының екінші абзацында көрсетілген (ұсақ бұзақылық, атылатын қарудан елді мекендерге және бұл үшін бөлінбеген орындарда, немесе белгіленген тәртіптің ережесін бұзып ату, полиция қызметкерінің немесе халық жасақшысының заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау және с. с) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.

Әскери қызметшілер және жиындарға шақырылған әскери міндетті адамдар, сондай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары әкімшілік құқық бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерін, кеден ережесін бұзған және контрабанда жатпайды.

Осы көрсетілген жағдайларда бұл адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Сосын, бұл санаттағы азаматтарды әкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.

Қазақстан аумағында тұратын шет ел азаиаттары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан республикасының азаматтығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Қазақстан республикасының әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаоанатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.

Лауазымды адамдар олардың қызмет жағдайларына байланысты әкімшілік құқық субъектілерінің ерекше санатын құрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы белгіленген ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету «өздерінің қызмет міндетіне жататын басқа ережелерді чақтамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың (теріс қылықтың) құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңдық құрамынан айырудың практикалық маңызы бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы- нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген белгілірдің (элементтердің) жиынтығы, солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық пайда болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері (элементтері) олып: объект, объективтік жағы, субъек, субъективтік жағы табылады.

Құқық нормалармен реттелген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Іс жүзінде объект ретінде нақтылы нормалар, тапсырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар болады.

Бұл нақтылы объектілер көрінісінің нысандары әртүрлі болатын мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, ұсақ бұзақылық қоғамдық тәртіпке қол сұғу деген сөз, бірақ ол заңда айтылған «ұсақ бұзақылық» түсінігінің тұжырымдамасында берілген үлгі тізімдегі іс-қимыл жасаудан көрінуі мүмкін.

Объективтік жағы әкімшілік құқықпен тыйым салынған әрекетке немесе әрекетсіздікке саяды. Жоғарыда айтылғандай, әрекет немесе әрекетсіздік көптеген құқық салаларымен (азматтық, еңбек, қаражат және басқа . . . ) реттелген нақтылы қоғамдық қатынастарға қол сұғуы мүмкін.

Құқық теориясында, сондай-ақ әкімшілік теріс қылықтың тектік, түрік және тікелей объектісін айыру бар. Құқық қолдану тәжірибесі тұрғысынан алғанда тіклей объект ерекше маңызды болып көрінеді, олай болатын себебі, әкімшілік санкция заңмен бекітілген қоғамдық қатынастарға шынайы зиян келтіргені үшін қолданылуы керек.

Әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы- бұл оны сыртқы көрінісінің актісі ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық нормаларымен қаралған белгілердің жиынтығы. Бұл белгілердің ішіндегі ең маңыздысы әрекеттің өзін сипаттайтын (ұсақ бұзақылық, қасақана бағынбау, ұрлық т. с. с) белгі болып табылады, оның түрлері әрекет не әрекетсіздік болуы мүмкін.

Әрекет- басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерекшеліктерімен (тәсіл, уақыт, орын жне басқа . . . ) толықтырылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамында орын мен уақыт белгілері, мысалы, қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін ішу (әкімшілік құқық бұзушылықкодексінің 178-бабы) өте жиі кездеседі.

Әкімшілік теріс қылық пен қылмысты аражігін айыруға мүмкіндік беретін белгі ретінде келтірілген зиянның мөлшері жиі қолданылады. Бұл ұрлық, жол жүру ережелерін бұзу туралы құрамдар және басқалар. Әкімшілік теріс қылықтың бірқатар құрамдарында болатын нақтылы, көпшілігінде лауазымды адамды көрсету де белгі ретінде танылады. Мысалы, Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген өкілеттігінен туындайтын прокурордың ұйғарымдарын, қаулыларын, сондай-ақ жазбаша ұсқауларын лауазыды адамның орындамауы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына енгізілген әкімшілік теріс қылық жасау үстінде пайдаланатын заттарды көрсету едәуір орын алған. Мұндай заттар: мемлекеттік немесе қоғамдық мүлік (ӘПБтК-тің 52 бабы), межелік белгілер (межелік белгілерді жою ӘПБтК-тің 56-бабы), аталатын қаруды сату тәртібін бұзу (ӘПБтК-тің 162-бабы) және юасқалар болуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам танылады. Субъектілерді сипаттайтын белгілерді екі топқа бөлуге болады: азаматтың жауаптылыққа қабілеті бар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның 16 жасқа толуы жалпыға жатады, ал арнайы топқа кәсіби қызметі, лауазым жағдайы, бұрынғы құқық бұзушылық фактілері, құқықтық мәртебенің ерекшеліктері (әскери қызметші, шетелдік т. с. с) жатады.

Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері

Әкімшілік жауапкершілік - бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған) . Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.

Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады.

Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Құқық бұзушылықтың түрлері
Басқару әдістемелері мен нысандары
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік процесте
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Құқық бұзушылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz