Пайыз және кәсіпкерлік табыс



Мазмұны
Кіріспе

1.тарау. Капитал теориясы және капитал мен инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы
1.2. Инвестицияның экономикадағы мәні
1.3 .Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы

2.тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1 Пайыз беретін капитал
2.2 Ақша капиталы

3.тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1 Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1-тарау. Капитал теориясы және капитал мен

инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы
1.2. Инвестицияның экономикадағы мәні
1.3 .Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы

2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1 Пайыз беретін капитал
2.2 Ақша капиталы

3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1 Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Капитал және пайыз теориялары . Ол 3
бөлім бойынша қарстырылған. Бірінші бөлімде капитал және инвестицияға
түсініктемені қарастырдым. Капитал дегеніміз – тауарлар мен қызметтер
өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал –
жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және
түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар.
Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және
айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым. Енді
инвестицияға тоқталайық, инвестиция – бұл күрделі қаржының алуан
түрлері. Инвестицияның экономикадағы мәні ерекше болып келеді.
Инвестицияның негізгі бағыттары мыналар: құрылыс салуға, жаңа техника
және технология сатып алуға, шикізат пен материалдарды қосымша алуға
және т.б.
Капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын
адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтарымен ақшалай
жинақтары.Капитал сөзі латынның caputa, яғни бас сөзінен шыққан
кейінен капитал сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда болды:
біріншісі - бас, басты, екіншісі - байлық.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде капитал сөзі жиі қолданылады,
сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір
капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде
бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы
бар.
Капитал жинақталған мүлікте және байлықта емес. Ол үнемі қозғалыста
болатын құн, осының нәтижесінде қосымша құн әкелетін құн. Капитал
әрдайым үздіксіз айналымда болатын құн. Осыларды тұжырымдай келіп
К.Маркс: Капитал дегеніміз қозғалыс, әр түрлі сатылардан өтетін
ауыспалы айналым процесінің үш түрлі формасын қамтитын процесс.
Сондықтан капиталды тыныштықта тұратын зат деп түсінбей, қозғалыс деп
түсінуге болады, - деп атап көрсетті.
Капитал ауыспалы айналымының салаларынан өткенде әр түрлі қызмет
атқарады. Оны капиталдың функциялық формасы деп те атаймыз.Олар: ақша,
өндіргіш және тауар формасындағы капиталдар.
Капиталдың ауыспалы айналымы дегеніміз – қозғалыс процесінде
біртіндеп бір формадан екінші формаға айналып, әртүрлі қызмет атқарып,
әдепкі формасына молайған көлемде қайта оралған капитал.
Ал екінші бөлімде пайыз және кәсіпкерлік табысты қарастырдым. Бұл
бөлімде пайыз беретін капиталды, несие және жалған капиталды, ақша
капиталы туралы тақырыпшаларға түсініктеме бердім. Жалпы алғанда ақшаның
капиталға айналуы, несиенің кең және тар мағынасының қолданылуы және
пайыз келтіретін капитал – қызмет атқаратын капиталға қарама-қарсы
меншіктегі капитал екені айтылған.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экономикада шетелдік
инвестициялардың рөлін қарастырдым. Шетелдік инвестициялардың
экономикадағы рөлі мен орны бойынша тура инвестициялар ішкі нарық
жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады,
басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т.б.,
сонымен бірге ұлттық экономиканың құрлымын өзгертеді. Қорыта келгенде
еліміздегі шетелдік инвестициялардың рөлі экономикадағы алатын орны
ерекше деуге болады.

1-тарау. Капитал теориясы және капитал мен инвестицияға түсініктеме

1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы

Капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын
адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтарымен ақшалай
жинақтары.Капитал сөзі латынның caputa, яғни бас сөзінен шыққан
кейінен капитал сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда болды:
біріншісі - бас, басты, екіншісі - байлық.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде капитал сөзі жиі қолданылады,
сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір
капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде
бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы
бар.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А.Смит
(1723-1790жж) пен Д.Рикардо (1772- 1825) және қазіргі белгілі американ
экономистері П.Самуэльсон, У.Нордхауздың ойынша, капитал - бұл өндіріс
құрал -жабдығы, Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж) және
ағылшын экономисі Джон Робинсон (1903-1983жж) т.б. , капиталды - бұл
ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан
басқада көзқарастар бар: капитал - бұл өндіріс саласында қолданылатын
адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал - бұл уақыт.
Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әр түрлі уақыт кезеңіндегі
көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс -
құрал жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Капитал қосымша құн өндіру сипатына қарай екі түрге бөлінеді:
тұрақты және өзгермелі капитал.
Тұрақты капитал дегеніміз - өндіріс құрал – жабдықтарына сіңген
және еңбек процесінде өз құнының көлемін бірден өзгертпейтін капиталдың
бөлігі.
Өзгермелі капитал – жұмыс күшіне сіңген және өндіріс процесінде өз
құнын дереу бірден өзгеретін капиталдың бөлігі.
Тұрақты капитал – С, өзгермелі капиталға - таңбасымен
белгіленеді. Бұлар осы ұғымды беретін грек сөздерінің бас әріптері.
Тұрақты капиталға (С) жататындар: үйдің, құрылыстардың,
ғимараттардың, машиналардың, құрал –саймандары, шикізаттардың, отынның,
қосалқы материалдардың және т.б. құндары.
Өзгермелі капиталға жұмысшы күшінің құны жатады.
Тұрақты және өзгермелі капитал әр кезде байланыста, өзара қатынаста
болады. Бұл қатынастың үш түрін ажырата білу қажет.Олар капиталдың
техникалық, құндай және органикалық құрылымы.
Капиталдың органикалық құрылымы дегеніміз - өндіріс техникасындағы
өзгерістерді белгілейтін тұрақты және өзгермелі капиталдардың арасындағы
қатынастар [1].
Осылардың арасындағы зат формасындағы қатынасты капиталдың
техникалық құрылымы, ал құн формасындағы қатынасты капиталдың құндық
құрылымы деп атаймыз.
Капитал жинақталған мүлікте және байлықта емес. Ол үнемі қозғалыста
болатын құн, осының нәтижесінде қосымша құн әкелетін құн. Капитал
әрдайым үздіксіз айналымда болатын құн. Осыларды тұжырымдай келіп
К.Маркс: Капитал дегеніміз қозғалыс, әр түрлі сатылардан өтетін
ауыспалы айналым процесінің үш түрлі формасын қамтитын процесс.
Сондықтан капиталды тыныштықта тұратын зат деп түсінбей, қозғалыс деп
түсінуге болады, - деп атап көрсетті.
Капитал ауыспалы айналымының салаларынан өткенде әр түрлі қызмет
атқарады. Оны капиталдың функциялық формасы деп те атаймыз.Олар: ақша,
өндіргіш және тауар формасындағы капиталдар.
Капиталдың ауыспалы айналымы дегеніміз – қозғалыс процесінде
біртіндеп бір формадан екінші формаға айналып, әртүрлі қызмет атқарып,
әдепкі формасына молайған көлемде қайта оралған капитал.
Сонымен қатар К.Маркс капиталданған құнның айналым әдістерінің
ерекшеліктеріне сүйенеді. Осындай бөлу тек өндіргіш капиталға тән қасиет
екендігін дәлелдеді.
Негізгі капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Құнның өндірген
өнімге тозөу дәрежесіне сай біртіндеп сіңіреді. Оның құны иесіне бірден
және толығынан қайтпайды. Керісінше тозу дәрежесіне сәйкес, ақша
формасында, біртіндеп қайтады[2].
Өндіргіш капиталының келесі бөлігі – айналмалы капитал. Құны
өндірілетін өнімге бірден, түгелімен сіңеді. Иесіне капиталдың әрбір
ауыспалы айналымынан кейін, ақша формасында, түгелдей қайтып келеді.
Капиталдың негізгі және айналмалы капитал болып бөлінуі олардың
өндіріс процесінде атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты.
Негізгі және айналмалы, сондай-ақ тұрақты және өзгермелі капиталдар
арасында қатынастар бар. Ол осы капиталдар неден тұратындығын
көрсетеді.Схема түрінде кескіндеуге болады.
Негізгі капитал табиғи және моральді түрде тозады.
Еңбек құралдары пайдалану кезінде тұтыну құнын біртіндеп шығарылған
өнімге сіңіру арқылы жоғалтып отыру процесін негізгі капиталдың табиғи
тозуы деп аталады.
Негізгі капиталдың моральдық тозуы, табиғи тозу дәрежесіне
байланыссыз тиімсіз болып қалуы.

1.2 Инвестицияның экономикадағы мәні

Инвестицияның экономикадағы мәні ерекше зор, сондай-ақ қызметтері
ерекше бағаланады.
Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін анықтайды.Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол
салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге
немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі – жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық
агенті жүргізіп, ал ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық
етуші субьектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция
көзі болып табылады.Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты
өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды
жүргізбейді.Инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп,
ауылшарушылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда
"жинақшы" мен инвестор сәйкес . Инвестиция мынадай факторларға тәуелді:
біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе
күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді.Егер инвестордың пікірінше
рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.Екіншіден,
инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті
мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент
ставкасының деңгейі болады. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда
нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер
процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса,
кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады [4].
Сонымен, инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ –
табыстың қызметі. Демек, қазіргі кейнсиандық концепцияның мәні мынада
болады: инвестиция мен жинақ қозғалысы, әр түрлі факторлар мен
анықталады. Ал қазір инвестициялық процеске ықпал ететін жайларды
анықтауды жалғастырамыз.
Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салмақ салудың
деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны
ынтыландырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе
төмен деп үзілді – кесілді айтуға да болмайды.
Инвестицияның негізгі мақсаттары мынадай:
Экономикаға инвестицияларды тартудың жоғары деңгейіне қол жеткізу
және лоарды тиімді пайдалану, экономиканың басым секторларына
инвестициялардың көлемін ұлғайту, республиканың салалары мен аймақтары
бойынша инвестициялар тарту көлеміндегі сәйкессіздікті кеміту.
Басты басымдықтар инвестицияларды мемлекеттік қодаудың ашықтығы,
салалық басымдықтарды белгілеу және инвесторларға берілетін кепілдіктер
жүйесін оңтайландыру болады.
Мемлекеттік инвестициялардың міндеті тиісті инфрақұрылымдарды
қалыптастыру жолымен экономиканың дамуы үшін жағдайлар жасау.
Мемлекеттік инвестициялар экономиканың жеке бизнес үшін тартымсыз
секторларына бағытталады.
Алдағы кезеңде мемлекеттік инвестициялардың басымдықтары көлік –
коммуникация кешенін, ең алдымен көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау
обьектілерін нығайту мен дамыту және электр энергиясын тасымалдау,
агроөнеркәсіп кешенін қолдау, ауылдың, экологияның инфрақұрылымдарын
дамыту, әлеуметтік секторды өркендету, басқарудың мемлекеттік органдарын
институционалдық күшейту және т.б дамыту.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және
инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық
процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына
айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі
болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да
қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру
өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса
жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз
етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық
пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет
деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті
талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін
әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық
іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым
мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен
тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың
әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де
табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының
әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса,
онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі
керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді
қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол
еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып
алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны
жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша
проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл
операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға
түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек
болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-
бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені
иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге
баруың шектеулі болып қалады [2].
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем
тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып
жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да,
"дезинвестирование" деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны
жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу
керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады,
басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс
үзіледі.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау
үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру
арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің
ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай
тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем
батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру
керек болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің
үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық
жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-
қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан
барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл
бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы:
әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға
үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және
кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа
жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан
өзгертіп, құрастыру керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп
есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде
асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық лаг бола береді.
Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің
шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта
даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу
керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл
ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып
кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ
нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп,
оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі
үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың
кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды
сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген
уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі
келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан
өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске
қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін
бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың
артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын,
үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт
осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл
инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына
сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі
келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды
арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс
технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп
шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде
машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың
технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа
салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті
әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса
шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз.
Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп,
оны сан жағынан да білдіреді.
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр
түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық
техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз
арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере
немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны
да есептеу қажет болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының
басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай
беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен
сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады
да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок
үнемі қозғалыста болып түрады.
6.Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын
нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің
көрсеткіш - қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) бұл активтерді
ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді
болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің
рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда,
артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа
үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық
болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным
бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай
кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны оның материалдық бөліктерін
орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,
мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.

1.3 Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы

Капитал - Маркстің 1851 жылдан бастап өмірінің соңына дейін
жасаған негізгі еңбегі. 1857-1858 жылдары Капиталдың тұңғыш нұсқасы,
алғашқы жобасы – Саяси экономия сыны қолжазбасы жарық көрді. Онда
алғашқы рет тауар арқылы жүзеге асқан, еңбектің екі жақтылық сипаты
туралы ереже алға жылжытылды, тұрақты және өзгермелі капитал түсінігі,
абсолютті және салыстырмалы қосымша құн түсінігі енгізілді, қосымша
құн және пайда категорияларының арқатынасы қарастырылды. 1859 жылы
алғашқы рет және жалғыз басылым – Саяси экономия сыны жарыққа шықты,
осыдан кейін Маркс зерттеушілік қызметпен және үлкен біртұтас туынды
Капиталды жарыққа шығару жұмыстарымен айналысты.
Маркстің Капиталының бірінші томы 1867 жылы жарық көрді. Жеті
бөлімнен, 25 тараудан тұратын бірінші том – абстрактылық категориялардан
бастап және нақты экономика туралы тұтастай түсініктермен аяқталды
(3үлгіні қараңыз).
Қорытындысында К. Маркс капиталзмнің табиғи түрде құруы және
жұмысшы табының жеңісі туралы идеяға келеді.
Бірінші томдағы зерттеу пәні қосымша құн өндіру мен капиталды
жинақтау процесін құрайды. Талдау, тауарлық өндірістің неғұрлым
абстрактылы категориясы – тауар категориясынан басталады. Маркс тауардың
ішкі қарама қайшылықтарының дамуын құн формасының дамуы: кездейсоқтықтан
толық ақшалай арқылы дамуын қарастырады. Капиталдың бірінші томының
бірінші тарауында құн және айырбас құны түсінігінің айырмашылығы
айқын түрде ажыратылады [3].

Тауар – жұмыс күшін көрсету, алғашқы рет еңбек құн теория
тұрғысынан, қосымша құнның өмір сүретінін түсіндіруге мүмкіндік берді,
Маркс капиталистік өндіріс процесінің екі жақтылық сипатын көрсетті,
тұрақты және өзгермелі капиталды, қосымша құнның екі формасы – абсолюті
және салыстырмалы формаларды, олардың қарапайым кооперация, мануфактура
және фабрика жағдайларында дамуының жалғастық кезеңдерін сипаттады.
Капиталдың бірінші томында құн формасының жұмыс күшінің бағасына
айналуы ретінде қатысатын – кесімді және мерзімді еңбекақының негізгі
екі формасы зерттеледі. Маркс капиталистік жинақтау процесі: капитал
құрылымы, жинақтау үлгілері, жинақтау процесінің жұмысшы табының
жағдайына тигізетін әсерін талдауға үлкен көңіл бөлді. Капиталдың
бірінші томы капиталистік жинақтаудың тарихи үрдістерін зерттеумен
аяқталады.
Капиталдың бірінші томы жарияланғаннан соң Маркс екінші томның
қолжазбасымен жұмыс жасады, алайда өкінішке қарай оның мезгілсіз қазасы,
бұл істі аяқтауға мүмкіндік бермеді. Екінші томның материалдарын өңдеуде
оны жарыққа шығаруда Ф. Энгельс өлшеусіз үлкен жұмыс атқарды.
Капиталдың екінші томы 1885 жылы жарыққа шықты. Ол алдымен жеке,
содан соң қоғамдық капиталға қолданылатын, өндіріс пен айналымның
біртұтастығы ретінде ұдайы өндіріс процесін зерттеуге арналған
Маркс капиталдың ақшалай, өндірістік және тауарлық үш функционалдық
формасының айналымын талдады. Осы томда негізгі және айналым капиталы,
сондай-ақ айналым шығындары категорияларын енгізді. Өндірістік
капиталдың екі жақты сипатын қарастыра отырып, Маркс мерзімді
экономикалық циклдер ретінде нақты айналымды атап көрсетеді.
Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісін зерттей отырып, осыған орай Ф.
Кэненің Экономикалық кестесіне (қисық сызықтары) сүйену арқылы,
Маркс қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс схемасын құрды. Онда
қоғамдық өндірістің екі бөлімі: өндіріс құралдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың негіздері
Қазақстан Республикасының бюджет қазынасын толтырудағы салық жүйесі мен салық салу
Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен саясаты
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Салықтардың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді бағалау
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар
Пәндер