Құқықтың қайнар көздері


Мазмұны
Кіріспе. 3
1. Құқықтың қайнар көздері. 5
2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлері. 6
Қорытынды7
Пайдаланған әдебиеттер тізімі8
Кіріспе
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті омірде және кызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құкық» - ресми түрде танылған жеке және занды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншікиесіболу, кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъектиивтік (тұлгалар) құқық - тұлғалардың мүддесін канағаттандыру мақсатымен құкықтық нормалардың құкық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтык қатынастарға катысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғанын құқығы құкыктық қатынасқа катысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтык міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет - ғұрып, салт - дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте - бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді: - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп - басқаруға өте қажет. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Құқықтың қайнар көздері
Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін. Құқықтың қайнар көздері - бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:Құқықшығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады Санкциялау жолы арқылы ; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды(әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді. Құкық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқыктын. пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушыкүштердің мағынасы әңгімеге аркау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің қүкық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғам-ның материалдық түрмыс жағдайлары. Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» үғымының тар мағы-насы да бар. Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге белінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құкықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер. [1]
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері
1) Нормативтік заң актілері - бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2) Санкцияланған әдет нормалары - бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет - ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3 ) Заңды прецедент - бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4) Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5) Құқықтың жалпы қағидалары - бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар - ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері) .
6) Діни мәтіндер - бұлар, әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран - бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап . Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ [2]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz