Жануарлар психикасының негізгі түрлері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Психика мен сананың дамуы
1.2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары
1.3 Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.

3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері
3.1. Жануарлардың инстинкті.
3.2. Жануарлардың дағдылары.
3.3. Жануарлардың интеллекті.

4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер тізімі

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жануарлар интеллектісінің мәселесі

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Психика мен сананың дамуы 3
1.2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары 6
2. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы. 9
3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері 10
3.1. Жануарлардың инстинкті. 10
3.2. Жануарлардың дағдылары. 11
3.3. Жануарлардың интеллекті. 13
4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар 14
ҚОРЫТЫНДЫ 17
Әдебиеттер тізімі 18

КІРІСПЕ
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған,
ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен
жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя
дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден
ағзаның әсер алуы. Мәселен, Мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол
тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін
білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық
жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі
мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым
жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте
дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың
тууына әкеліп жеткізді.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі
кезеңнен түрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым
қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады)
2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің
ерекше формасы.
Адамзат жер бетінде пайда бола бастағаннан бастап өмір сүріп отырған
табиғи ортаны өзінін сезім мүшелері арқылы қабылдап, одан әрі ақыл-ой
арқылы талдап, сараптап, жүйелейтін жағдайға көтерілген де, болып жатқан
құбылыстардағы белгілі бір қайталанушылық, тұрақтылықты жадында сақтап,
логикалық ой қорытындылар жасауға дейін жетілген. Өмір сүріп отырған ортаны
сезініп тану бар. Ол таным процесінің негізі болып табылады.

1. Психика мен сананың дамуы
Жоғарғы жүйке қызметі - психиканың физиологиялық негізі. Психика -
жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам
мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы
жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.
Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге
бөлінеді. Орталың жүйке жүйесі - бүл ми (бас миы жэне омыртқа жүлыны).
Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы
жүйкелер бас миы мен омыртқа жүлынынан адамның барлық денесіне
тарап жатады.

1-сурет. Жүйке жүйесінің құрылысы: 1. Бас миы. 2. Омыртқа жұлыны.
3. Жүйкелер.
Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен - бірі жалғасып жататын
жүйке жасушаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы
жұлын қарапайым қозғалысты реттейді.
Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып келеді.
Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400- 500
грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір сүруінде
ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми
сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол
орта есеппен алғанда 14-15 миллиард нейроннан тұрады. Ми қыртысының
маңдай жазығы неғүрлым маңызды роль атқарады.
Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі
соғұрлым көбірек болады.
Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының бірсыпыра
маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан мидың
салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп-пішіп айтуға болмайды. Мәселен,
Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм, ал
кейбіреуінде кем, Анатоль Франстам миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми
сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.
Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады,
айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған. Бұл
нейройдардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі -ұзын
тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты
дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп
бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бүлар орталық перифериялық (шеткі)
жэне вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойында орналасқан.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып
табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы тәжірибелік зерттеулер
арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің
құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы
бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі
жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі
-жұлын (жуандығы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы
ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында
сұр зат орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ
затпен қоршалған.
Жұлыннан жан-жаққа 31 жүп нерв талшықтары тарайды, олардың бір
тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ал қарапайым
қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жүмысын басқаратын
орталық болып табылады. Мәселен, жаңа дүниеге келген нәресте емуге
әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның
шартсыз рефлекстері, олар ағзаға туысынан тән болады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі - ми. Оның орташа салмағы ересек
адамдарда 1400 грамм. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми, бәрі қосылып
- ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың
өмірінде ерекше роль атқарады.
Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан
айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру,
шайнау, жүту сияқты түрлі реакцияларымыз - сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына әқсас мишық
орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын
басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың
үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғары орналасқан орта мида құлақ
пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін
жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен жэне төмпешік асты аймағынан тұрады.
Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің
барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі-
афференттік талшықтардың жиынтығы болады.

1.2 Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы
проблемалар өзара тығыз байланысты. Соңдықтан да психика дамуы туралы жалпы
көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен
сипатталады. Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт
қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р.
Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары.
Оның мәні психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика
тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін
тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі
күнде де өз қолдауын табуда.
Бұған қарама-қарсы, екінші теория "панпсихизм", яғни бүкіл табиғаттың
жан-рухани қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі
көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған "бопсихизм" теориясы бар.
Биопсихизмшілдердің пікірі - психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның
тек жанды бөлегіне ғана тән нәрсе. Қойылған проблеманың шешіміне орай
өрістеген және бір көзқарас психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал
олардың арасындағы жүйке -жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай
тұжырым "нейропсихизм" деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың
бірде-бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша
психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі
формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен
байланыстырады.
Тіршіліктің пайда болуының негізгі шарты - қоршаған ортамен тұрақты
зат алмасуға икемделген күрделі аққуызды молекулалардың түзілуі. Өздерінің
тірлік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды
сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын
сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция жэне диссимиляция деп аталған бұл екі
процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды
түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
Мұндай молекулалар тек қоректік заттарға ғана емес, сол заттарды
қорытуға себебін тигізетін жарық пен жылуға да ұнамды әрекетпен жауап
береді. Ал шектен артық механикалық не химиялық қалыпты жасауына кедергі
болатын әсерлерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ,
бейтарап әсерді тіпті елемейді.
Каоцерваттардың иңдиферент әсерлерді елемей, зат алмасу процесіне
себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену
құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында
көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды әрқандай тірі организм сыртқы
тітіркендіргіштерге тандамалы қатынас жасап, тірі материяның өзіндік реттеу
деп аталатын жаңа сапалық қасиетін танытады.
Тітіркену -бұл биологиялық бейнелеудің ең қарапайым формасы болумен,
өсімдік және жануарлар эволюциясының барша кезендеріндегі тірі
организмдерге тән құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биологиялық
мәнді әсерлерге жауап беру қабілеті. Осылай, органикалық дүниеге өту
барысында бейнеленудің сапалық жаңа формасы келіп шығады, әлбетте, бұл
бейне айнадағыдай дәл сипатты бере алмайды
Тіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің
жоғары маманданған формаларының қалыптасуы жэне олардың Ү-рпақтан үрпаққа
беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына
айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының терендеуі, дарақ
діңінің қисық болуы, өсімдіктің күн сәулесін бағуы сияқты құбылыстар бәрі
осы биотикалық әсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсімдік өмірі үшін
мәнді және бір жағдай бар. Биотикалық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап
беруші өсімдіктер нақты зат алмасу кезінде өзге әсерлерді байқамайды. Олар
қоршаған ортада белсенді бағыт-бағдар таңдай алмайды. Мысалы, адым жерде
күн сәулесі жарқырап түсіп тұрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай
алмайды.
Мұндай өмір сүрудің енжар формасынан тіршілік эволюциясының келесі
кезеңі жәндік-жануарлар дүниесі айрықша сипатқа ие. Бұл кезендегі жалпы, ең
қарапайым тіршіліктің даму барысында пайда болған бейнелеудің бастапқы
формасы - сезу екені жөнінде ғылымдық болжам бар (А. Н. Леонтъев). Бұл
болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап әрбір тірі организге тән құбылыс
жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге жауап беріп
қоймастан, биологиялык мәнсіз не "бейтарап" әсерлерге де, егер олардың
өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ,
жануарлар, тіпті ең қарапайымдары да, қоршаған ортада белсенді түрде бағыт-
бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңіректегі
барша өзгерістерді байқастырады. Мұңдай алғаш биологиялық маңызсыз, ал
сонан соң өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті - сезу деп
аталады. Сезу құбылысы психиканың туындауында объектив биологиялық белгі
қызметін атқарады.
Тіршілік иесі қоршаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып
жатқан әртүрлі өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, есімдіктерге тән
емес, әрекет-қылықтың жеке-дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.
Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуы өте баяу
болды, солай да болса, бұл процесті эксперимент жағдайында (Брамштедт)
байқауға қол жетті. Бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты
қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншісі қараңғы, суы
тендей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың
бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа келіп жиналады. Егер
камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп жылы жағын қараңғыласа,
жануарлар әрекеті өзгере бастайды, яғни енді біржасушалылар температураның
көтерілуінен хабар беруші сигналға айналған жарықты сезе бастайды.
Өсімдіктерден жануарларды ажырататын жекелеген әрекет-қылық баяу өзгереді
және пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады.
1.3 Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі
кезеңнен тұрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым
қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).
2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның
өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен
байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда
қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен,
маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.
Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан
әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының,
қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар
мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін
ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан
көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен
салыстырғаңда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге
бейімделуінен. Ағаш арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психиканың пайда болуы және дамуы
Зоопсихология пәні
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Жануар мен адам психикасының айырмашылықтары
Психика туралы түсінік, оның даму эволюциясы
Психикалық әрекетті зерттеу әдістері
Зоопсихология - жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көріністері жайлы ғылым
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Жануарлар психикасының дамуы
Пәндер