Жапон соғысы кезіндегі әдебиет


Мазмұны
Кіріспе. . . . 3
Негізгі бөлім
- 1937 - 1945 жылдар аралығындағы Қытай әдебиетінің дамуы1937 - 1945 жылдар аралығындағы Қытай әдебиетіне жалпы шолу . . . 6Ұлттық форма мәселесі жөніндегі талқы . . . 12
- Жапон соғысы кезіндегі әдебиетЖапон басқыншыларына қарсы соғыстың алғашқы мезгіліндегі әдебиет - көркемөнер саласында туылған идеялық күрес . . . 18Жапон соғысы кезінде әдебиеттің дамуына үлес қосқан ақын - жазушылар . . . 59
- 1945 - 1949 жылдар аралығындағы әдебиет1945 - 1949 жылдар аралығындағы әдебиеттің дамуы . . . 64ҚКП -ң ресми билікке келуінің жаңа заман қытай әдебиетіне тигізген әсері . . . 68
Қорытынды . . . 70
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 72
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. 1937 - 1945 жылдар аралығында Қытай әдебиеті біраз қиындықты басынан кешірді.
Жапон басқыншылары империалистік саясатпен Қытайға шапқыншылық жасаған кезде, Қытай әдебиетшілері де қиындыққа ұшырады. Өлең, кітап жазу, журналдар шығару күрт бәсеңсіп, ақын-жазушылардың біразы жаумен күресу үшін, орталықтан қашықтағы әскери базаларға аттануға мәжбүр болды. Ол жерде жүргенде де қатардағы күрескерлерге дем беріп, жалынды өлеңдерімен, сөздерімен, шығармаларымен алдыңғы сапта бола білді.
1938-39 жж. бұқаралық әдебиет-көркемөнер қимылы қалыптасты. Әдебиет-көркемөнер журналдары да көбейді, әдебиет-көркемөнер ұйымдары да пайда болды. Көше жырлары, жапон басқыншыларына қарсы әндер., Ян-анда және кейбір базаларда кеңінен таралды. Алдыңғы шепке, жаудың артқы сабына барған кейбір әдебиет-көркемөнер қызметкерлері жан тебірентерлік өлеңдер жазды.
1940 жылы драма үйірмелерінің саны 100 ден асты.
Жазушылар қаламды қару етіп, бұл қасиетті ұлттық қорғаныстық соғысты түрлі қырынан суреттеп, шапқыншылардың қатыгездігін әшкереледі, халықтың қан кешкен қайсар ерлігін жырлады.
Қытай әдебиетшілері өздеріне ғана тән ұлттық форманы іздей бастады. Көне форманы қолдаушылар да табылып, олар сынға ұшырады. Біраз айтыс-тартыстан кейін, қытай әдебиетінің өзіндік жаңа стилі қалыптасты. Өлеңдер, әңгімелер, фельетондар көптеп жарық көре бастады.
Зерттеу нысаны . Қытай әдебиетінің 1937-1945 жж. дамуы.
Жұмыстың мақсаты. 1937 - 1945 жылдар аралығындағы Қытай әдебиетінің даму бағыттарына анализ жасау.
Зерттеу міндеттері:
- 1937 - 1945 жылдар аралығындағы Қытай әдебиетіне жалпы шолу.
- Ұлттық форма мәселесі жөніндегі талқы.
- Жапон басқыншыларына қарсы соғыстың алғашқы мезгіліндегі әдебиет - көркемөнер саласында туылған идеялық күрес.
- Жапон соғысы кезінде әдебиеттің дамуына үлес қосқан ақын - жазушылар.
- 1945 - 1949 жылдар аралығындағы әдебиеттің дамуы.
- ҚКП - ң ресми билікке келуінің жаңа заман қытай әдебиетіне тигізген әсері.
Негізгі сипаттамалар: Жапон басқыншыларының саясаты кезіндегі қытай әдебиетінің сөніп қалмай, көне форманың жетегінде кетпей, ақындардың, жазушылардың қаламдарын қару етіп, күреске бел шешіп кіріскендері көрсетіледі. Сол заманда жарық көрген журналдар, кітаптар, жинақтар алынды. Кейбір ақын-жазушылардың шығармаларына баға берілді.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Жұмыстың ең негізгі материалы ретінде «Қазіргі заман қытай әдебиеті» атты әдебиет пайдаланылды. Төте жазумен жазылған. Бұл кітап Қытай әдебиетінің қалай дамығаны туралы түсінік алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар кітапта коммунистік идеяны алға тұтып, өз елін шамалары келгенше қорғаған әдебиет саласындағы қайраткерлердің шығармашылығы, өлеңдері, фельетондары қарастырылған. Сол кездерде жарық көрген әдебиет заманының айнасы іспетті болды. Барлығы дерлік батылдықпен күрескен жаужүрек азаматтарды суреттейді. Сонысымен де ел - жұртты ұйқысынан оятып, халықты күреске шақыра білді. Әдебиет саласындағы тәжірибелері аздау болса да, бойларындағы рухы мықты ақын - жазушылар үлкен ағаларына еліктеп, өлеңдерін, әңгімелер жинағын жазып, шығарып жатты. Шынайы өмір суреттелді, олқылықтар да назардан тыс қалмады. Тар аяда қалып қоймай, кең, ауқымды образдар жасалды. Халықтың сезімі, рухы баяндалды. Ел өмірі жан - жақты суреттелді. Осы қазіргі жаңа қытай әдебиетінің қалыптасуында Қытай Коммунистік партиясының ықпалы да зор болды. Партия басшылығының рөлі әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекет пен халық алдындағы парызын түсінуге, бұқарамен біте қайнасып тұруға көмектесті, халыққа қызмет етуге талпындырды, алдынғы қатарлы идеяны, маркстік - лениндік көзқарастарды басшылыққа алып, әдебиет пен өнер саласындағы кертартпа, социализмге қарсы ағымдармен күресуге шақырып, бұқараға жалынды үндеу тастай білді. Яғни, бұл кітап осындай тақырыптар аясында баяндалды, сонымен қатар бұл кітаптың көмегі зор болды деп айтуға аса тұрарлықтай . . .
Көркемөнердің алуан түрлі салаларының ішінде ең бір бағалауға, қадірлеуге тұратыны-әдебиет. Себебі әрбір ұлттың өзгеден бөлек өз тілі болады, ал әдеби шығарма сол тілде жазылатындықтан, әдеби тіл өнердің басқа да салалары сынды әрбір адамға жетімді, тусінікті бола бермейді. Сол сияқты кез келген әдеби шығарма белгілі бір ұлттың мәдени өмірінің, ұлттық дүниетанымының, әдет-ғұрып, салт-санасының айнасы болғандықтан, қазіргі таңда әдебиетке ерекше көңіл бөліп, терең зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да маңызы зор. Қай елде болмасын, халық мәдениетінің асқар шыңын, халық санасының шалқар жеңісі мен тұнық тереңін, рухани өмірдің ең жоғарғы күмбезін танытатын ардагер, абзал есімдер болады. Жаңа заман қытай әдебиетіндегі сондай есімдердің бірі Чян Жұншу есімі ерекше көз тартады. Бұл есім бүгінде қытай халқы үшін ардақты.
Бұл менің бітіру жұмысымның екінші негізгі еңбегі ретінде пайдаланылды.
Чян Жұншу - қанат жайып келе жатқан қытай әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің бірі болған, оның қытай әдебиетінің алтын қорына қосқан үлесі зор. Чян Жұншудың сан қырлы салихалы қызметі жалғыз көркемөнермен шектелген жоқ. Бүгінде ол жаңа заман қытай әдебиетінің бейбітшілік жолындағы жалынды күрескер ретінде әйгілі. Мәселен, уәкілдік шығармалары аса зор көмек болды. Романы - «Қамаудағы қала», әңгімелер жинағы - «Адам, айуан, албасты», Қытай мен батыс поэзиясын салыстыра зерттеп, өнер әлеміне танылған «Өнер туралы сөз» атты жинақ, әдебиет әлемін сусындатқан - «Тіршілік жиегінде», «Сұң өлеңдерінен таңдамалыларға түсінік», «Толғаныстар», «Жеті құрақ».
Қазіргі жаңа заман қытай әдебиетінің өкілі ретінде Ба Жиннің еңбектері де аса зор көмегін тигізді.
Ба Жин - Қытайдың қазіргі заманғы әдебиет тарихындағы ең әйгілі
жазушылардың бірі. Оның шығармалары ХХ ғасырдың ғылым және гуманитарлық идеясының үлгісін бейнеледі. Жарым ғасырдан астам уақыттан бері, ол жаратқан көркем образдар Қытайлардың көңілінен мықтап орын алып, көптеген жас оқырмандар осынау кейіпкерлер арқылы өз бейнелерін көрді. Ба Жиннің есімі ХХ ғасырдың 30-жылдарында-ақ жас оқырмандардың қадірлеуіне бөленді. Оның шығармалары дүние әдебиет сахнасында өзгеше түспен шұғыла шашуда.
Ба Жин, жазушы халыққа, қоғамға жауапкер болуы, турашыл, ізгі ниетті болуы, көз аясы тар, қоян жүрек болмауы тиіс деп қарайды. Шығармаларынан тыс Ба Жин қалдырған мол мұра - оның асыл рухани дүниесі мен кемелді кісілік қасиеті болатын.
Ба Жин мырза - Қытайдың осы заман әдебиетінің ірі ұстазы еді. Ол өзінің көл - көсір әдеби еңбектері мен асыл кісілігі арқылы дүниеге сүйіспеншіліктің құнын, шынайылықтың ұлылығын, дарынның нұрлылығын дәлелдеді.
Жұмыстың негізгі материалы ретінде төте жазумен жазылған «Қазіргі заман қытай әдебиеті» атты әдебиет пайдаланылды. Сонымен қатар орыс, ағылшын тіліндегі оқулықтардың көмегі де аса зор болды.
- 1937 - 1945 жылдар аралығындағы Қытай әдебиетінің дамуы1937 - 1945 жылдар аралығындағы Қытай әдебиетіне жалпы шолу
1937 жылы 7 шілде айында жапон империялистері Қытайға шапқыншылық жасап «Лугочияу оқиғасын» тудырып, тұтас Қытайды жалмай салмақшы болды. Бүкіл ел халқы жауға қарсы соғыс жүргізуді бір ауыздан талап етті. Оқиға туылған күннің ертеңінде Қытай коммунистік партиясы бүкіл елге жарнама жариялап, партия - топтарды, түрлі жіктегілерді жапон шапқыншыларына қарсы тұрып, ұлттық бірліксап құруға шақырды. Тамызда шақырылған Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің Лугочиян мәжілісінде Маузудың жолдасы алға қойған « жапон басқыншыларына қарсы тұрып, отанды құтқарудың 10 ірі программасы» мақұлданды. Бүкіл ел халқы жұмылып жапон басқыншыларына қарсы соғыстың жеңісіне қол жеткізуге шақырылды. Бүкіл ел халқының күшті тілегінің қысымымен Жияң Жиеші үкіметі оқиға туылып 10 күн өткеннен кейін жапон басқыншыларына қарсы соғыс жүргізетіндігін жариялауға мәжбүр болды. 15 шілдеде Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің Гоминдаң партиясына жарияла деп тапсырған екі партияның істестік орнату жайындағы жарнамасын Гомиңдаң жақ қыркүйекте еріксіз жариялады. Сонымен бірге Жияң Жиеши Қытай коммунистік партиясының заңды орнын мойындайтын келіссөз өткізуге мақұл болды. Сөйтіп Гоминдаң мен коммунистік партия өзара істестік орнатқан жапон басқыншыларына қарсы ұлттық бірліксап ресімі құрылды. 1938 жылы қазанға дейін (Ухан қолдан кеткеннен бұрынғы) бір жылдан аса уақыт ішінде жапон шапқыншыларының кең көлемді шабуыл жасауына және бүкіл елде ұлттық кектің өршуіне байланысты Гоминдаң саясатының негізгі салмағын жапон шапқыншыларына қарсы тұру жағына аударды. Бұл жапон шапқыншыларына қарсы соғыста сәтті өрлеу қалыптастырып жалынды жағдай тудырды.
Жапон шапқыншыларына қарсы соғыстың бұрқ етуі тұтас қоғамдық өмірде және жазушылардың шығарма жазу шарт жағдайында орасан зор өзгеріс тудырды. Теңіз бойындағы ірі қалалардың, әсіресе мәдениет орталығы болған Шанхайдың қолдан кетуі әдебиет - көркемөнер қимылын баспасөз саласын бір мезет тұнжыраңқы күйге кіріптар етті. Тарихи біршама ұзақ, ықпалды әдеби журналдар мәселен: «Әдебиет», «Әдебиет алсыны», «Нұр», «Орта ағын» қатарлы журналдар арт-артынан тоқтады. Кітап басу жұмысы да өте қиынға соқты, қыруар жазушылардың шығармалары жарияланбай қалды. Халықтың рухы күйіндегі өзгеріс, көп жердің қолдан кетуі, аумалы-төкпелі соғыс өмірі жазушылардың тынышын алып, олардың көңіл-күйін әптер-тәптер етті. Бірсыпыра аядай қала үйлерінен шығып, тар өмір шеңберінен құтылып, ішкі аудандағы ауыл-қыстақтарға, жапон басқыншыларына қарсы алдыңғы шепке аттанды. Көптеген жазушылар бұрынғы жазу жоспарларын өзгертіп, жауға қарсы үгітке кірісті. Жапон басқыншыларына қарсы тасқынға араласты, көлемді шығармалардың өзін қолма-қол ет қататын, жауға қарсы мазмұндағы шағын шығармалар, соғыс хабарлары, Баугауыншуе көше драмалары көше жырлары, өлеңдер басты. Әдебиетке едәуір жаңа талап қойды. Жазушылар соғыс отында шынығып, жұртшылықпен біте қайнасты. Өмір тәжірибесіне ие болып, тақырыптың көлемін кеңейтіп, терең тәрбие алды. Жаңа өмір жолын, жасампаздық жолын іздестіруге өтті. «4-майдан» жаңа әдебиет қозғалысынан бері жаппай өмір сүріп келген әдебиет - көркемөнермен бұқаралық өмір арасындағы алшақтық өзгере бастады. Мұның өзі жазушылар үшін аса бағалы аяқ алыс болды.
Жапон басқыншыларына қарсы соғыс көрнекті әдеби қимыл драма саласында байқалды. «Қытай драматургтер қоғамы» мен «Шаңхай отанды құтқару драма қоғамының» құрылуы, жүзге жуық жазушы мен әртіс бірлесіп жасаған және орындаған «Лугочиауды қорғау» драмасының жарыққа шығуы жауға қарсы әдебиет қимылында тең жағдай тудырды. Шаңхай қолдан кеткен соң бір мезет Ухан медениет орталығына айналды. Тұс-тұстан келген жазушылар көркемөнерпаздар осында бас қосты. Ой ортақ болса да, олардың үгіт жасампаздық жұмыстарында көбірек көсіздік бас-бастақылық жиі кезігіп отырды. 1937 жылы желтоқсанда қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің алғашқы өкілі болып ұлттық бірліксапқа қатынасып, әскери комитет саяси бөлімінің орынбасар бастығы болған Жоуынлай жолдас та Уханға келді. Ол мұнда келуімен-ақ жапон басқыншыларына қарсы әдебиет - көркемөнер қимылына ерекше көңіл бөлді. Әдебиет саласындағыларға терең араласып, партиямыздың қуаттамаларын таратып, жазушыларды өмірге, бұқараға араласуға, қалам арқылы күресуге кірісуге тәрбиеледі. Түрлі жолдармен Ухандағы әдебиетшілерді жиып, оларды күресуге ұйымдастырды. Бір бөлімін Ян-анға, жапон басқыншыларына қарсы базаларға аттандырды. Қыруар әдебиет - көркемөнер қайраткерлерін «Жуңхуа әдебиет -көркемөнер саласындағылардың жауға қарсы қоғамы» мен Гоморо басқарып отырған әскери комитет саяси бөлімінің 3-меңгермесі арқылы жауға қарсы ұлттық бірліксапқа қабылдатып, олардан жапон басқыншыларына қарсы жойқын әдебиет - көркемөнер қосынын ұйымдастырды. Бір мезет Уханда жапон басқыншыларына қарсы жыр шалқып, драма көркейіп, журналдар қаулап, авторлар рух жақтан серпіле түсті, бұл жаңа саяси жағдайға сәйкескен тең жалынды әдеби қимыл болды.
«Қытай әдебиет-көркемөнер саласындағылардың жауға қарсы қоғамы» (төменде қысқартылып «Әдебиетшілер қоғамы» деп аталды) драма саласындағылардың жауға қарсы қоғамы құрылғаннан кейін ең алдымен дүниеге келген ұлттық бірліксап ұйымы болды. Бұл 1939-жылы 27-наурызда әдебиет саласындағы 97 адамның қатынасуымен Уханда құрылды. Оның құрылу салтында Жоуынлай жолдас маңызды сөз сөйледі. Гоморо, Маудун, Фың Найчау, Шия Ян, Ху Фың, Тиян Хан, Диң Лиң, Оу Зушияң, Шуи Дышан, Лаушы, Ба Жин, Үй Дафу, Жу Зычиң, Жоу Гуаңти, Яу Фыңзи, Чин Шиң, Уаң Пиңлиң, Жың Жындуо қатарлы 45 адам тұрақты жоралыққа сайланды. Жоуынлай, Сұнки, Чин Лифу құрметті жора болды. Жоралар кеңсесі Лаушыны жалпы істер бөлімінің меңгерушілігіне сайлап, оған қоғамның күнделікті жұмысын басқаруды тапсырды. Қоғам мемлекеттің жер-жерінде бөлімшелер және хабарласу тораптарын ұйымдастырды. Партия осы қоғамға мүше коммунистермен алға басар жазушылар арқылы жапон басқыншыларына қарсы әдебиет-көркемөнер қимылына пәрменді жетекшілік етті және оған дем беріп отырды. Қоғам құралуымен өзінің көз алдындағы міндеттерін ашық белгіледі. Қоғамның негізгі міндеттері жөнінде жарияланған мәлімдемеде былай деп көрсетілді: «Ынтымақтаса отырып, алдыңғы шептегі жауынгерлердің қолына қару алғаны сияқты бізде қалам арқылы бұқараны жұмылдырып, отанды қорғауымыз, қарақшыларды талқандауымыз, жеңіске қол жеткізуіміз керек. Ұлттық тағдырды - әдебиет-көркемөнердің де тағдыры әдебиет-көркемөнер жауынгерлеріміз өзінің ұлы күшін сәулелендіруі Жоңхуа ұлтының ұлы әдебиет-көркемөнер нұр шуағын бүкіл дүние жүзін, тұтас адамзатты нұрландыруы керек», осыдан кейін әншілердің де, суретшілердің де, кино қызметкерлерінің де жауға қарсы мемлекеттің қоғамдары құрылды. Драмашылардың да қимылы жандана түсті. «Әдебиетшілер қоғамы» құрылған жиында «Мақалалар ауыл-қыстақтарға бет алсын, қосыныға қабылдансын» дейтін ұран алға қойылды. [8. 3] . Бұл жазушыларды күреске араластыруға демеу болды. Қоғам жазушылардан соғыс майдандарын экскурсиялауға үйірмелер ұйымдастырды. 1938-жылы 4-мамырда «Басқыншыларға қарсы әдебиет-көркемөнер» дейтін журнал шығарды. Оның (1946-жылы мамырда тоқтағанға дейін) 71 саны шықты. Бұл басқыншыларға қарсы соғыстың басынан аяғына дейін тоқтаусыз шыққан журнал болып, жапон басқыншыларына қарсы әдебиет қимылының өрістеуінде тамаша роль атқарды. Бұл қоғамның ұлт азаттық соғысына қосқан үлесі тарихта қадірлі орнын мәңгі сақтайды.
«Әдебиетшілер қоғамы» құрылумен бірге Гомороның басқаруымен 1938 жылы сәуірде Уханда әскери комитет саяси бөлімінің 3 меңгермесі құрылды. Әскери комитет саяси бөлімінің орынбасар бастығы Жоу Ынлайдың және Қытай коммунистік партиясы ерекше жібуінің тікелей басшылығында 3-меңгерме жер-жерден Уханға келген әдебиет-көркемөнер қызметкерлерімен әдебиет-көркемөнер ұйымдарын жиып, жапон басқыншыларына қарсы әдебиет-көркемөнер қимылын кеңінен өрістетті. Оларға көшелерде үгіт айтқызды, ойын қойдырды. Оларды соғыс майдандарында ойын қоюға жіберіп, жанды қимыл қозғады. 1938 жылы тамызда 3-меңгерме Уханға келген отанды құтқару драма үйірмелерімен көркемөнершілерді жиып Шаңхай драма дүйін ұйытқы ете отырып, жауға қарсы 9 драма дүйін, 4 үгіт дүйін, бір драма үйірмесі мен кино дүйін құрып, оларды еліміздің жер-жеріне аттандырды. Оларға ереже белгілеп берді. Жоуыңлай жағдай және міндет жөнінде баяндама жасап, үйірмелерде партия ұйымын құру жайлы нұсқау айтты. Олардың жер-жердегі қимылына назар аударып отырды. Бұл үйірмелер 11 жыл жұмыс жүргізді. Еліміздің бар өңірін аралады. Кейбір үйірмелер теріс жолға да түсті, бірақ олардың дені Гомиңдаң кертартпашыларының сан рет өзгертіп құруына, ылғауына, адам араластыруына, бөлшектеуіне төтеп беріп, тиімсіз саяси ортамен машақатты жағдайға шыдап, күресті батыл жалғастырып, басқыншыларға қарсы күресте белсенді роль атқарды. Кейбір үйірмелер Гоминдаң үкіметі жағынан ұзақ уақыт құрсауланды. Кейбір әртістермен әйгілі қайраткерлер, мәселен: бұрынғы солқанат драматургтер одағының Шу Жиі, Лию Баулау қатарлар төңкеріс жолында құрбан болды.
1938 жылы қазанда Ухан қолдан кеткен соң жапон шапқыншылары Гоминдаң билеп-төстеп отырған аудандарға шабуыл жасауды тоқтатып, негізгі әскери күшін коммунистік партия басшылық етіп отырған базаларға жөткеді. Сонымен бірге Гоминдаңды саяси жақтан тізе бүгуге азғырды. Сөйтіп, Гоминдаң үкіметінің саясатында өзгеріс бола бастады, ол негізгі бағдарын жапон басқыншыларына қарсы тұрудан коммунистік партияға халыққа қарсы тұруға бұрды. Гоминдаң өз шеңгеліндегі ауданда жапон басқыншыларына қарсы тұратын қимылдарға тиым сала бастады. Жапон басқыншыларына қарсы тұруды дәріптеген алғабасар қайраткерлерге өте-мөте коммунистерге жантүршігерлік зиянкестіктер жасады. Және оларды жаныштады, коммунистерге қарсы бірнеше рет кең көлемді толқын қозғады. 1941 жылы қаңтарда дүниені түршіктірген «Оңтүстік Анхуэй оқиғасын» тудырып, жапон басқыншыларына қарсы ұлттық бірліксапты болдырып, ауыр дәрежеде ішкі соғыс қаупін тудырды. Өздері билеп отырған аудандағы жапон басқыншыларын қарсы сипат алған алғабасар әдебиет-көркемөнер қимылына шектеу, жанышау сияқты кертартпа шаралар қолданды. Мәдениет жақта да террорлықты күшейту үшін кітап-журналдары тексеру комитетін құрып, бұл торды бүкіл мемлекеттің жер-жеріне дейін жайды. Кейбір әдебиет-көркемөнер үйірмелерін бұйрықпен өзгертіп құрды немесе таратып жіберді. Кейбір әдебиет-көркемөнер қызметкерлерін (мәселен: Фың Шуефың қатарлыларды) жиып алу лагеріне әкеліп қамады, тіпті жауыздықпен өлтірді. Бір мезет Гоминдаң қолындағы аудандарда да көркейе түскен жапон басқыншыларына қарсы әдебиет-көркемөнер қимылы ауыр дәрежеде ойраншылыққа ұшырады. Жоуынлай жолдастың тікелей қамқорлығымен бір бөлім әдебиет-көркемөнер қызметкерлері (бір бөлім драма үйірмелерінде қамтыған) арт-артынан Ян-Анға, төңкеріс базаларына жөнелтілді. 1941 жылы көктемде және бір тобы Шияңгаңға жөткелді. Гоминдаң қолындағы аудандарда қалаған қыруар алғабасар жазушылар керітартпа саяси қысым мен машақатты қиын жағдайда Чуңчиң, Гуилин, Кунмиң қатарлы ірі қалаларға тарала тұруға мәжбүр болды. Олардың қимылына қатты тиым салды. Сондықтан бұл кезде Гоминдаң районындағы әдебиет қозғалысы бір мезет тым-тырыс күйге түсті. Басқыншыларға қарсы мазмұндағы шығармаларда, драмалық қимылдарда күрт азайды. Шығармалардағы бір шақтағы үмітшеңдіктің орнын дағдару, құсалық алды. Кейбір жазушылар тар өрісте өмір шеңберіне қайта түсті. Ал керісінше көптеген жазушылар Гоминдаң ауданында машақатты күресті жалғастыра берді. 1940 жылы «Тұманды Чучиң» драмасының дүниеге келуі «Хауауи мырза» дейтін шығармадан басталған Гоминдаң ауданындағы қараңғылықты әшкерелейтін алғабасар әдебиет қимылын тең белеске көтерді. Оның артынан «Шіріту» «Чүй Юан» атты шығармалар жазылып реалды және тарихи тақырыптар арқылы Гоминдаңның халыққа қарсы фашистік үстемдігі әшкереленді және шенелді. Авторлар әдебиет қаруынан пайдаланып, тоңмойындармен қиянкескі күреске өтіп, тамаша табысқа қол жеткізді. 1940 жылы қыркүйекте әскери комитеттің саяси бөлімі қайта ұйымдастырылғанда, Гоморо Гоминдаң үкіметінің 3-меңгерме қызметкерлерін коллективті түрде зорлықпен Гоминдаңға кіргізбекші болғандығына наразылық білдіріп, Жоуынлай жолдастың тікелей басшылық етуімен 3-меңгермеден шығып кетті. Сол жылы (1940 жылы) қарашада айырым мәдениет комитетін құрды. Оған Гоморо меңгеруші, Яң Ханшың орынбасар болды. Шын Жонру, Маудун, Лаушы, Жиян Байзан, Дуго Шияң, Тиан Хан, Хуң Шын комитеттің белді мүшелігіне белгіленді. Комитет халықаралық мәселелерді зерттейтін, көркемөнерді зерттейтін жау жағдайын зерттейтін (драманы, поэзияны, музыканы, көркемсуретті қамтыған) 3 топ ұйымдастырып жұмыс бастады. Ол басқыншыларға қарсы соғыстың соңғы дәуірінде-ақ ауданындағы алғабасар мәдениет қайраткерлерінің ұйытқы органына айналып 1945 жылы 30 наурызға дейін (Гоминдаң керітартпашылары бұйрықпен таратып жібергенге дейін) іс жүргізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz