Бейбарыс сирасындағы жас бейбарыс бейнесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ӨМІРІ ЖӘНЕ "БЕЙБАРЫС СИРАСЫ"
1.1 Бейбарыс жайлы Мысырлық деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 "Бейбарыс сирасы" және оның жазылуы тарихы ... ... ... ... ... ... ... ..21
II "БЕЙБАРЫС СИРАСЫНДАҒЫ" ЖАС БЕЙБАРЫС БЕЙНЕСІ
2.1 Мысырлық халқының ауыздағы Бейбарыс тұлғасының көрінісі ... 28
2.2 "Сұлтан әз.Захир Бейбарыс сирасындағы" жас Бейбарыс бейнесі..47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .3
I СҰЛТАН БЕЙБАРЫС ӨМІРІ ЖӘНЕ "БЕЙБАРЫС СИРАСЫ"
1.1 Бейбарыс жайлы Мысырлық
деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 "Бейбарыс сирасы" және оның жазылуы
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . .21

2.2 "Сұлтан әз-Захир Бейбарыс сирасындағы" жас Бейбарыс бейнесі..47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..60
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...62
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген халық өзінің ұлттық тарихын
тереңінен зерттеп-зерделеуге ұмтылыс жасайды. Патшалық, кейін Кеңестік
дәуір тарихшылары түркі халқының бай тарихи мұраларын зерттеуде сыңаржақты
пікір қалыптастырды.
Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрмаланып тарих
бетінде ақтаңдаққа ұрынған жәйттерді қайта қолға алды. Егеменді ел
атанғанан бері тарихымызды түгендеп, кешегі өткен ата бабалар тарихын
олардың есімдерін халық жадына қайта әкелудеміз.
Әсіресе, орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы бүгінде бізге
жетпеген, тарихтың беймәлім беттері ғасырлар қойнауында зерттеуді күтіп
жатыр.Осынау қатпарлардан қазақ деген халықтың тарих саханасына келуіне өте
көп ықпал еткен қыпшақтар тарихы үлесі өте зор. Осы дәуірде қазақ
даласында қыпшақтар арасынан дүние жүзіне мәлім көптеген ғұламалар, даңқты
қолбасшылар дүниеге келді. Осындай тұлғасы биік дарабоздар арасынан Дешті
Қыпшақта дүниеге келіп, Мысырда ел басқарып, аты аңызға айналған Сұлтан
Бейбарысты ерекше атауға болады.
Сондықтан. біз қарастырғалы отырған бай тарихи мұраларды бітіру
жұмысының тақырыбына арқау етіп отырмыз. Бұл мәселе бүкіл түркі халықтарын
ойландыратын үлкен өзекті мәселе екенін айтқымыз келеді.
Әлем тарихының аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның
өзінің құрған мемлекеттің тарихы: мамлүктер кімдер, сосын тіпті де өз
жұрағаттары болып табылмайтын Мысыр еліне қайдан тап болды? – деген
сауалдар туындайды. Осынау мәселені тек саяси тарихты немесе әлеуметтік
қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай талпыныстар жасалса
да одан ешбір нәтиже шықпады.
Адамзат тарихынан алатын орнының орасан зор маңызына қарамастан,
олардың іс-әрекеттеріне әсер етпей тұра алмады. Демек, сұлтан Бейбарыс
бастаған мамлүктер мемлекеті мен дешті қыпшақ арасындағы әлеуметтік және
саяси тарихы бірге өріліп, байланысып кеткен, сондықтан да оқиғалар желісін
қалпына келтіру үшін біз олардың әрқайсысының тарихын назардан тыс
қалдырмауға тырыстық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Көне түркілер және қыпшақтар жөніндегі
зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде ірі тарихшылар еңбектерінен
көрініс тапты. Оның ішінде Н.Я.Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше.
Н.Я.Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары
туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті
құбылыс болды [1]. Бірінші еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды
ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың),
үйсіндердің, қаңлылардың, янцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі
негізгі ақпарат жинақталған.
Жалпы алғанда, мәмлүк дәуірінде қатысты өте бай архивтік мәліметтер
бар екендігін айта кету керек. Сирек қолжазбалар Таяу шығыс елдерінің Каир,
Дамаск, Бағдат, Алеппо және т.б. қалаларында ғана емес, Еуропа елдерінің
кітапханаларында да сақталуы тұр. Каирде орналасқан Мысыр кітап үйінің
өзінде ғана 70 мыңдай қолжаба, сирек темір шақалар бар. Оның басым
көпшілігі мәмлүк дәуіріне қатысты материалдар болып табылады.Осы кітап
үйінің жанындағы қолжазба орталығы ескі манускриптерді микрофильмдерге
түсіріп, ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады. Сонымен қатар, мұсылман
әлеміне белгілі атақты діни оқу орны- әл-Әзһар университеті
кітапханаларының қойнауында, Мысырдың дін істері мен уақыптар
министірлігінің кітапханаларында мешіт, зауия және т.б жылжымайтын
мүліктерге қатысты мәмлүк дәуірінің құжаттары сол күйінде тұнып тұр.
Ал, жалпы мамлүк тарихын зерттеу ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Батыс Европа
мен Ресейде басталған Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде бірқатар
зерттеулердің өзіндік тарихнамасы мен деректік негізі қалыптасқанына
қарамастан. Бүгінгі күнге дейін бұл мәселе бойынша арнйы толық зерттеу
жоқтың қасы. Бұл салада зерттеулер жүргізген алғашқылар арасында д Эрбело,
Ж. Дегино, И. Хаммер-Пургштальді атауға болады[2].
Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихына арналған зерттеулер Батыс Европада
ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басынан бастауын алады және алғашқы
зерттеушілердің назары Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихы, сыртқы
саясаты, батыс христиан елдермен қарым-қатынастары мен мемлекеттік құрлымы
сияқты салаларын ашуға бағыттаған зерттеулердің арасында Г. Уейль, Дж.
Саувагет, С. Лэн-Пуль, М.Уильямның еңбектері бар[3].
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси
тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан зерттеушілердің ішінде М. Гаудефре-
Демомбинес, А.Поляк, Е.Комбе, А.Атия, М.Конрадтың, ал Мамлүк мемлекетінің
әскери жүйесіне байланысты зерттеулерден Д.Айалонның еңбегін ерекше атауға
болады[3].
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарда араб зерттеушілері ішінде Амин-әл Холи,
Махмуд Ризқ Салим, Абд әл-Фаттах Ашур, Саад Маһирдың[4] аттарымен
байланысты болса, 80-жылдар Мамлүктер тақырыбында зерттеулер жүргізген тағы
бірқатар араб зерттеушілері белгілі болды, атап айтсақ Абд әл-Азиз Махмуд
Абд ад-Дайм, Али ас-Саййд Али өз еңбектерінде, бұл саланың өзекті
тақырыптарын ашуға арналған[5].
Ал, Қазақстанда мамлүктерге қатысты зерттеулер алғаш рет С.
Ақынжановтың Ортағасарлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар атты орны бөлек
ғылыми монографиясында аталып өтеді[6]. 1995 жылы жарық көргенше қазақ,
орыс тілдеріндегі ғылыми және көкем әдебиет беттерінен (мысалы, С.Н.
Марков, М. Симашко, Ю.Плашевский, І.Есенберлин, Ғ.Мүсрепов шығамаларында)
сирек көрінетін мамлүктердің қалған орасан зор мәдени мұраға қарап тұрып,
қыпшақтардың бөтен елде сұлтан болған ерекше қасиеттеріне тәнті боласың.
Мысыр мен Шам ( қәзіргі Сирия, Иордания, Лива, Израиль жәе Палестина) жері
қамтыған ораса зор мемлекет құрып, 132 жыл билеп –төстеген қыпшақтар
Бейбарыс пен Қалауынның және олардың ұрпақтарыың мәдениет пен ғылым,
экономика мен құрылыс салаларындағы жетістіктері мен қалдырған іздері ұлан
–ғайыр. Шын мәнінде, қыпшақтар мәмлүк тарихының алтын беттерін жазған.
Бұдан кейінгі жылдарда белгілі ғалым Б. Көмековтың атты еңбегін,
мақалаларын атап айтсақ артық болмас[8].
Әсіресе, бұл тақырып төңірегінде еліміз егемендік алғаннан кейінгі
жылдарда кең ауқымды зерттеле бастады, атап айтар болсақ Қайрат Сәкидың
"Сұлтан Байбарыс" атты еңбегі Мамлүктер тарихын зерттеуге тың серпіліс
әкелді[9]. Оның ізінше 2002 жылы қорғалған Батыршаұлы Бақыттының "Мысыр
Мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен ХІІІ-ХҮ ғғ. байланыстары(араб деректері
бойынша)" атты кандидаттық диссертациясының орны ерекше болмақ[10].
Деректік қоры:Бұл кезең ислам тарихындағы басқа кезеңдермен
салыстырғанда авторлардың көптігімен, тақырыптың ауқымдылығы және өзіндік
жаңа жанрлармен дүниеге келумен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, бұл кезеге жататын өзіндік ерекшеліктердің бірі
ретінде көптеген шығармалардың авторлары Мамлүк мемлекетінің мансапты,
лауазымды адамдар болуымен қатар сұлтан сарайына жақындығының болуы және
мемлекеттік істерге жаұын болуымен құнды. Солардың қатарында Ибн Абд аз-
Захир мамлүк сұлтаны аз-ахир Байбарыстың жеке хатшысы қызметін атқарған
және Сұлтан Байбарыстың жеке өміріне қатысты "Ар Рауд аз-Заһир фи сират әл
малик аз-Заһир" атты еңбегі бұл саладағы ең құнды еңбектер қатарына
жатады. Бұдан басқада, атап айтқанда Бейбарыстың сұлтандығы туралы Ибн
Уасил (1207-1297), Ибн Шаддад (1217-1285), Ибн Абдузахир (1223-1229), а-
Нуайри (1331 жылы қайтыс болға), Байбарыс ад-Дауадар (1325ж. қ.б.) Ибн Аби
Фадаил (1334ж еңбегін аяқтаған), Ибн Айбек (1336ж кейін қайтыс болды), әл-
Юнини (1362 ж. қ.б.) Абу-л-Фида (1273-1331), Ибн Шакир (1362 қ.б.), Ибн
Тәңірберді(1311ж .т), Әл Мақризи( 1356-1441), әл-Айни (1361-1451), Ибн-Йиас
(1448-1524) секілді мұсылман тарихшылар қалам тартқан болса[11], әл-
Габурти, әл-Джаһиз, Ибн-Асир, Ибн баттута, Ибн Касир, Ибн Фадлан, Ибн Фурат
, Ибн Хаджар ал-Асқалани, Ибн халдун, Ибн Халакан, Ибн Арабшаһ, Ибн Ибри,
Ибн ал – Уарди, Абу Шама, аз-Захаби, ас-Саути, ат-Табари және т.б. әр түрлі
ғасырларда өмір сүрген мұсылман тарихшылары да түркі, мәмлүк тақырыбын
айналып кете алмаған. Олардың еңбектерінің бір бөлігі зерттеліп араб
елдерінің баспаханаларынан жарық көрсе, келесі бір бөлігі дүниежүзінің
кітапханаларында қолжазба күйінде әлі күнге дейін өз зерттеушісін күтіп
жатыр.
Ислам тарихнамасындағы Байбарыс туралы “сира”- өмірбаян жанрында
жазылған бар болғаны үш шығарма бар. Оның өзінде де шығармалардың біреуі
қара сөзге түсірілген поэтикалық шығарма болып табылады. Тарихшы Ибн Уасил
өзінің ауқымды еңбегінің бір томын Байбарыс сұлтандығын баяндауға арнаған.
Байбарыс заманында өмір сүріп сүлтанның өмірбаянын жазға, мәмлүк
мемлекеттік жүйесінде қызмет еткен Ибн Абдузаһир, Ибн Шаддад жәе Ибн
Уасилдерге ерекше тоқталып өткеніміз жөн деп санаймыз\\. Олар мәмлүктер,
кресшілер мен монғолдар арасыдағы теке-тірес барынша қызған кез, ХІІІ-
ғасырдың екінші жартысында өмір сүрді. Ибн Абдузаһир, Мухиуддин абулфада
Абдулла би Рашидан Абдузахир бин Нашуан қади (1223-1292) ортағасырлық
тарихшы, Байбарыстың замандасы. Каир қаласында дүниеге келген. Сұлтандар
Құтұз және Байбарыс замандарында Диуан Иншада хатшы болып істеген. Өзінің
жұмыс сипатына қарай сұлтанға жақын болған. Байбарыстың оны жеңіс
сүйіншісін сұрауға, Хама қаласының уәлиінен адалдық антын алуға жолдауы
оған деген сенімін көрсетеді. Оның қаламынан сұлтан Байбарыстың моңғол мен
кресшілерге қарсы іс- әрекеттерін суреттейтін “Ар-рауд аз-заһир фи сира ал-
малик аз-заһир”, сұлтан Қалауын туралы “Ташриф ал-айам уа ал-асур фи сира
ал-малик ал-мансур” және “Ал-алтаф ал –хаффия ми сира аш-шарифа ас-султания
ал-маликия” секілді еңбектер шыққан[13]. Тарихшы өз шығармасының дайын
бөлімдерін сұлтанға оқып беріп отырған. Кейін қосымшалар енгізілген. 194
беттен тұратын қолжазба Стамбул қаласындағы Фатих сұлтан Мехметтің
кітапханасында сақтаулы тұр. Байбарыс туралы шығарманың бірінші және соңғы
бірнеше беттері жоғалған. Соған қарамастан Байбарыс туралы екі биографиялық
шығармалардың ішіндегі бізге бүтін жеткені болып табылады.
Ибн Шаддад, Иззуддин Абу Абдулла Мухаммад бин Али бин Ибраһим бин Шаддад
әл-Ансари әл-Халаби. 1217 жылы Алеппо қаласында дүниеге келген. Географ
–тарихшы. Байбарыстың замандасы. Моңғолдар 1258 жылы Бағдатты алып, Шам
еліне тақағанда Хулагу ханға Дамаск пен Алеппо билеушісі Юсуфтың атынан
елші болып барған. Бұл тарихшының еңбектерінің құндылығы бұл өзі куә
болған, өз көзімен көрген оқиғалардың егжей-тегжейлерін баяндауында. 1261
жылы Шамда монғол үстемдігі орнаған соң Мысырға жер аударып, сұлтан
Байбарыстың қол астында қызмет еткен. 1285 жылы Каир қаласында қайтыс
болып, Муқаттам тауының үстіне жерленген. Байбарыс сұлтанның ерекше
құрметіне ие болған. Тарихшылар Байбарыс сот арқылы шешілген екі іс бойынша
Ибн Шаддадтың куәлігіне сүйенді деп көрсетеді. Соған қарағанда
шыншылдығымен аты шыққан адам болса керек. Тарихшы әл-Юнин ол турал
“Сұлтандар алдында орны ерекше еді. Абыройлы, көп істерге ықпал жасай
алатын еді. Қол астындағы адамдары көп, алдына қойған мақсаттарын тез
жүзеге асыратын. Байбарыс қайтыс болған соң оның баласы Беркеханның да
сеніміне кіре алды. Ол оны өзінің кеңесшісі және уәкілі етіп тағайындады.
Беркехан онымен әкесі Байбарысты жерлейтін жерді таңдады ақылдасып, сол
істі атқаруды оған жүктейді”- деп көрсетеді[14]. Артына алты еңбек
қалдырған,оның ішіндегі біз үшін құнды шығармасы “ Тарих ал-малик аз-
заһир”. Бізге қолжазбаның 270 беттік екнші бөлімі ғана жеткен, оның өзі
Байбарысты қайтыс болғаннан кейін “саджғ” тәсілімен, яғни рифмалық қара
сөзбен жазылған. Сондықтан, жете мән бермей, көп уақыт тарихшылар назарынан
тыс қалып келген. Шығарманың бастапқы атауы белгісіз. Қолжазбаның Түркияның
Эдерне қаласындағы Салимия мешітінің кітапханасында сақтаулы тұрған нұсқасы
“Байбарыс тарихы” деп аталады, сондықтан осы атау ғылыми айалысқа енген.
Қолжазбаның бізге жеткен бөлігі Байбарыстың өмірінің соңғы жылдары- 1272
–1278 жылдар арасындағы оқиғаларды суреттейді. Сұлтан Байбарыстың саяси,
әскери, әлеуметтік өмірінң маңызды жақтарын өз көзіме көрге тарихының
қолжазбасы одан кейінгі тарихшылардың осы кесенге қатысты арқа сүйейтін
бірден-бір құжатқа айналған[15].
Ибн Уасил, Джамалуддин Абу Абдулла Мухаммад бен Салим бин Насрулла ал-
Хамауи аш-Шафиғи 1207-1298 жылдар арасында өмір сүрген. Хама қаласында
дүниеге келген. Білім іздеп Дамаск, Құдыс, Алеппо, Каир қалаларын шарлаған.
Фпанция королі Льюйс ІХ-ның Мысырға жасаған жорығы, мамлүк мемлекетінің
дүниеге келуі, монғол шабуылы нәтижесінде орталығы Бағдат шахарында
орналасқан аббасидтер халифатының күйреуі кезеңнң тірі куәгері. Сицилия
королі, қасиетті Рим мемлекетінің императоры Манфред Фредрикке сұлтан
Байбарыстың елшісі болып барған. Ол соңына мол тарихи, әдеби мұра
қалдырған. Біз үшін ең маңызды шығармасы –“Муфарридж ал-куруб фи ахбар бени
айуб”[16]. Атап айтқанда осы шығарманың соңғы бөліктері сұлтан Бейбарыстың
саяси сахнадағы өмірінің бастапқы кезеңі туралы мол мағлұматтар береді.
Сонымен қатар, тарихшы Ибн Аббастың Байбарыстың хатшысы, тарихшы, ақын
Ибн Абдузаһирдің Байбарыс туралы поэмасын қара сөзбен қысқартып жазып
шыққан “Ал –манақип ас-сиррия ал-маунтазиға мин ас сира аз заһирия” еңбегі
бар. Бұл шығармада Бейбарыстың сипаты туралы мол мағлұматтар кездеседі[17].
Осы заманғы араб тарихшылары да мәмлүк тарихын зерттеуде. С.Ашур, М.Сурур
бастаған мысырлық тарихшылар сұлтан Байбарыс туралы өмірбаяндық жеке
кітаптар жазған[18]. Француз тілінде де сұлтанға арналған жекелеген
еңбектер бар.
Кресшілердң қасиетті жерлерге – Палестинаға жорықтары заманында ағылшын,
француз, неміс, италиян және т.б. еуропалық тілдерде дүниеге келген
хроникалық, тарихи шығармаларда да мәмлүктер туралы мол мағлұматтар бар.
Мәмлүк мемлекетімен тығыз сауда байланыстарын орнатқан Сицилия, Генуя,
Венеция және Испания қалаларының кітапханаларында қыпшақтарға қатысты мол
материалдар жатыр.
Сонымен қатар бұл жерде мәмлүк дәуіріне қатысты терең зерттеулер жүргізіп
отырған француз шығыстану институтының Каир қаласында орналасқан филиалын
айтуға болады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Дешті Қыпшақ даласының
перезенті ірі саяси тұлға Бейбарыс туралы жазылған деректер мен
зерттеулерді талдай отырып, біз алдымызға мынадай мақсаттар мен міндеттерді
қойдық:
• Сұлтан Бейбарыс туралы деректерді талдау
• Бейбарыс жайлы Мысырлық деректерге сараптама жасау
• "Бейбарыс сирасы" және оның жазылуы тарихына тоқталу
• Мысырлық халық ауыз әдебиеттеріндегі Бейбарыс бейнесін анықтау
• "Бейбарыс сирасы" және жас Бейбарыс бейнесіне қатысты шығарманың
құндылығын анықтау
Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1.1 Бейбарыс жайлы Мысырлық деректер
Бейбарыс Еділ мен Жайық өзендерінің жарасындағы кеңістікте, яғни
қазіргі қазақ топырағында дүниеге келген.
XIV ғасырда өмір сүрген Мысырлық тарихшы Әл-Айни Иқду ал-джуман Фи
тарих аһл ал-азман атты еңбегінде Бейбарыс бин Абдулла ұлты Қыпшақ
түркінің Беріш ұлы тайпасына жатады деп жазады. Тарихшы арабша бугрдж
жазады. Тарихшы сонымен Бейбарыстың титулына айбатты арыстан сөзін қосып
жазады[19].
Сонымен қатар тарихшы ал-Нуайри Ниһая ал-адаб атты еңбегінде
Мысыр жеріндегі түркі мемлекетінің төртінші патшасы нағыз патша сұлтан
Бейбарс ас-Салихи ұлты түркі, Бөрілі (ал-Бурули) тайпасынан - деп жазғанын
айта кеткен жөн[20]. Сұлтан Бейбарыстың жеке хатшысы болған Ибн Абдузахир
өзінің Ар-рауд аз-захир фи сира ал-малих аз-захир (жеңімпаз мәлік
өмірбаяны) туралы гүлденген бақ атты еңбегінде сұлтанның тегі Ал бурули
деп жазады[21]. Тарихшылардың сұлтан Бейбарысқа жақындығына қарай олардың
сұлтанның шыққан тегі туралы мағлұматтары да түрленіп отырады.
Мысалы: Тарихшылардың көпшілігі Бейбарысты шыққан тегі жағынан
Түркі Қыпшақ деумен шектелсе, оның замандастары атап айтқанда сұлтанның қол
астында қызмет еткен Ибн Шаддад, Ибн Абдузахир секілді тарихшылар өздерінің
шығармаларында сұлтан Бейбарыс шыққан тегі жағынан Түркі, Қыпшақ, оның
ішінде Бөрілі немесе Бершіл ұлы руынан деп көрсетіп отырады. Тарихшы
Бейбарыс ад-Дауадар өзінің еңбегінде қыпшақ тайпаларының тізімін береді.
Олар: Тоқсаба, Тиба, Бурш уғлы Бурули, Қунғур уғли, Шуртан Қара Туркулли
және Кутун деп атап көрсетеді[22]. Тарихшының өзі түркі қарақытай
тайпасынан шыққан, сондықтан ол бұл мәселені жетік білгеніне күмән жоқ.
Ал, оның тұтқынға түсуіне байланысты да тарихшылар арасында сан алуан
пікірлер баршылық. Оның себебі сол заманғы деректердегі баяндалатын
оқиғалар желісіне байланысты болып отыр. Кейбір тарихшылар Бейбарыс Хама
қаласында сатылды десе кейбіреулері Дамаскінің құл базарында деп
көрсетеді[9]. Алайда, әмір Айтегін Хама қаласының абақтысында жатады,
сондықтан Бейбарыстың екінші рет сатылуы да осы қалада болса керек. Бір
өкінштісі Байбарыстың аузынан жазылған әңгімеде жалпы алғанда тарихи
шығармаларда олардың өздерінің бұл жағдайда Бейбарыстың әке-шешесі туған
туыстары немесе шыққан тегі туралы ешбір мәлімдемелер кездеспейді. Ал,
керісінше бұндай мәліметтерді "Бейбарыс сирасындағы" оқиғалар желісі де
растай түседі[23]. Тарихшы Ибн Тәңірберді Бейбарыстың туған жылы шамамен
1223 жыл десе Ибн Ийас 1221жыл, оның қол астында қызмет еткен тарихшы Ибн
Шаддад Бейбарыс Сұлтанның емшектес досы, бауыры десе болады, Әмір
Байсарының аузынан жазып алған дерек бойынша 1225 жылы дүниеге келген.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылы 2000 жыл Байбарыс бабамыздың туғанына 775
жыл толды. Сонымен көріп отырғанымыздай Байбарысты құлдыққа сатқан
монғолдар емес бұлғарлар болып шығады. Әл-Юнинидің көрсетуі бойынша
сұлтанның туған жылы шамамен 1225 дей келе, Байбарыс тұтқынға 1239, яғни 14-
15 жасында түседі[16]. Қалай болғанда да Байбарыс және оның қандастары
құлдыққа 1239-1240 жылдары монғол қосындыларының шабуылдары нәтижесінде
сатылады. Тарихшы Ибн Тәңірберді Бейбарыстың туған жылы шамамен 1223 ж
десе Ибн Инас 1221 ж оның қол астында қызмет еткен тарихшы Ибн Шаддад
Бейбарыс сұлтанның емшектес досы бауыры десе болады, Әмір Байсараның
аузынан жазып алған дерек бойынша 1225 ж туған деп көрсетеді[15].
Дамаскіде құл базарында Бейбарысты сатып алған адам көзінің
кемістігі бар деп, оны иесіне қайтарып береді. Бейбарыс оның қолында біраз
уақыт болғанын тарихшы Ибн Инас көрсетеді[24]. Кейбір тарихшылар
Бейбарыстың бір көзінде кемісті болған десе, көпшілігінің сөздері оның
көзінде иненің жасауындай ғана дақ болған дегенге ғана саяды. Сондықтан
Бейбарыс бар болғаны 800 дирхемге (12 күміс дирхем-1алтын динар), яғни
сегіз жүз кесек күміске сатылады. Құл базарындағы ол кездегі нарық
бойынша бұл өте төмен баға саналатын. Тарихшы Ибн Тәңірберді Мысыр
және Каир патшалығының ішіндегі жарқыраған жұлдыздары деген еңбегінде
Бейбарыстың сатылуына байланысты қызық оқиғаны келтіреді.Аюбидтер
әулеті билеп тұрған Кама қаласының намбы әл-Мансұр жас болғандықтан
қаланы басқару ісіне қатысты тәселелерді шешуде анасымен ақылдасып
отыратын болған. Сондықтан, мәмлүк сатып аларда да оларды алдымен шешесіне
көрсетеді екен.Бейбарысты серігімен патша сарайына алып келгенде,
перденің тасасынан қарап тұрған анасы: Мына қарасұрдың көзінде ашық
жаулық бар. Араларында дұрыс қатынас болмайды-деп Бейбарысты алдырмай
тастайды. Сол кезде Мысыр мен Шам билеушісі сұлтан Наджмуддин Аюптың
бұйрығымен Хама абақтысында жатқан Әмір Айтегін әл Бундуқтар жас
Бейбарысты серігімен сыртынан сатып алады. Әмір бостандыққа шыққан соң
мәмлүктерімен Мысырға қайтады.Сөйтіп Бейбарыс Әмір Айтегіннің мәмлүгі
ретінде Мысыр жеріне аяқ басады. Жаңа иесі – Әмір Алауаддин Айтегін бин
Абдулла әл Бундуқтар ас-салихи ан-наджами бастапқыда Әмір Джамалуддин бин
нағмурдың мамлүгі болған. Кейін Шам билеушісі Наждмуаддиннің иелігіне
өтеді. Әмір деңгейіне көтеріліп, бундуқтар Мансабын иеленеді. Ірі әмірлер
қатарына қосылады. Бейбарыста сұлтан болғанша тек әл-Бундуқтари деген
атпен ғана белгілі болады. Кейін сұлтан болғанда Бейбарыс Әмір Айтегіне
үлкен құрмет көрсетіп, оны пір тұтатын мәмлүкше айтсақ Ұстазының тәрбие
ақысын білетін болған. Әмір Айтегін де өзінің кешегі мамлүгі, бүгінгі
сұлтан Бейбарысқа ісімен, ақылымен барынша қызмет көрсетеді. Бүлік шығарған
Әмір Санжарды жазалауда, Дамаск пен Шамның бір бөлігін қайтаруда шешуші
рол ойнайды.Тарихшылар оны қарапайым жинақы болатын деп сипаттайды.
1285 ж жасы жетпістен асып барып, Каир қаласында қайтыс болады[9,16б.].
Бейбарыстың Әмір Айтегіннің иелігінен сұлтанның қол асытына көшу
себебі, әл - Юнинидің айтуы бойынша 1245 ж Аджалун қаласы сұлтанның
билігіне көшкенде сол жерде әскерімен Әмір Бундуқтарды
орналастырады.Әмір Айтегін өзінің иесі сұлтанмен ақылдаспастан Әмір
Сефуддин қылыштың канизактарының біріне үйленеді. Канизак сұлу болды ма,
әлде Әмірінің еркінсігеніне ашуланды ма, әйтеуір сұлтан кектеніп, Әмір
Айтегінді қуып сұлтан иеліктерінен кетіп өз күнін өзі көрсін деп бұйрық
береді. Алайда алғашқы райынан қайтып Иракты бетке алып кетіп бара жатқан
Әмір Айтегінді жолдан қайтарып алып абақтыға тастайды да Әмірдің мүліктер
мен басқа да мүліктерін сұлтан өз меншігіне алады. Сол кезден бастап
мамлүк Бейбарыста сұлтан мамлүктерінің қатарына енеді. Қызмет сатысымен
одан әрі жылжуға мүмкіндік алады.Оның өміріндегі жаңа кезең сұлтанға
жақын адамдардың қатарына енеді. Бейбарыстың өмір жолы -оны періштелер
қолынан жетелеп отырғандай әсер қалдырады.Сөйтіп Бейбарысқа иесінің есімі
Әл -Бундуқтари әл- алаи аты жалғанады. Бундуқтар сөзі Әмір Айтегіннің
мәмлүк мемлекетіндегі мансабын білдіреді, яғни сұлтанның құс ататын
бундуқ деп аталатын қаруын тасушы бундуқ қазақтың құс ататын соқпаны
деген мәлімет береді[14]. Бұл мәліметтерді нақтылау үшін Ибн Тағри Берди
еңбегіне назар аударалық. Онда: Бейбарыстың тағдырдың тәлкегіне ас-Салихи
Сұлтан Бейбарыс шамамен 1225 ж. қыпшақ даласында туған. Моңғол
шапқыншылығы кезінде жаудан қашқан Бейбарыстың елі Бұлғар ханы Анар
ханнан Қырымдағы Судақ теңізі арқылы өткізуді, жер беруді сұрайды. Хан
оларға екі тау бөктеріндегі өңірді береді де, көшіп келе жатқандарында
зорлықпен шабуыл жасап, біраз адамдарын өлтіріп, біразын тұтқынға алады.
Тұтқынға түскендердің ішінде мен және Бейбарыс бар еді.Сол кезде оның жасы
шамамен он жетіде болған.Тұтқынға түскендерді Кіші Азиядағы Сиуас құл
базарына жөнелтеді.Содан мен Бейбарыстан ажырап қалып, кейін Халаб
қаласындағы хан Ибн Қылыш базарында кездестік. Оның иесі Әмір Айтегін Әл-
Бундуқтари тұтқындалғанда, Бейбарыс сұлтан иелігіне көшті-дейді[22].
Осы заманғы араб тарихшылары Байбарыс туралы арнайы жазылғандардың
өздері де сұлтанның сипатына мінез-құлқына келгенде ат үсті сыдырта салады.
Батыс ғалымдары У. Мулер, С.Рансиман Байбарысты Шығыс деспоты, қылышынан
қан тамған зорлықшы етіп көрсетуге тырысқан[10].
Бейбарыс Еділ мен Жайық өзендерінің жарасындағы кеңістікте, яғни қазіргі
қазақ топырағында дүниеге келгені басы ашық мәселе. Бейбарысқа қатысты
алғанда әл-Бундуқдари, себебі, Бейбарыс сұлтанның бундуғын тасушы емес, сол
мансапты иеленуші әмірдің мәмүлігі “и” қытыстық сын есімі осыны білдіріп
тұр. Бұл 1245 жыл. Ол осы кезде бар болғаны 19 жаста еді. Әмір Айтегін жаңа
мәмүліктерін сырттан сатып алса да жас Бейбарыс текті, өжет, ержүрек болып
шығады. Тарихшылар айтқандай “Тек сұлтанның қармағында болатын мамлүк”
екен. Шынында “Алмас пышақ қап түбінде жатпас” – деген, Бейбарыс Мысыр және
Шам сұлтаны Наджмуддин Аюп назарынан тыс қалмай біраз уақыт өткен соң,
сұлтанның күзет қызметіне алынып кейін осы топтың басшысы болып
тағайындалады[9,17].
Тарихшы Ибн Таңірберді “Патша оны сатып алған соң оның азаттығын беріп,
өзінің мәмүліктерінің қатарына қосты” деп көрсетеді. Сұлтан жасағына қазына
есебінен немесе сұлтанның жеке қаржысын сатып алынған мәмүліктер ерекше топ
болып саналатын. Осы уақыттан бастап, Бейбарыс әмір атағына ие болдады да,
өзінің бұрынғы аттарына қосымша “ас-Салихи ан-Наджами әл-Аюби” деген
тіркеспен қоса аталатын болады, яғни Аюп әулеті Наджиддин ол – Салихидың
мамлүгі деген мағынаны білдіреді[9,18].
Бейбарысты өз көзімен көргендер не дейді? Оларға сөз берсек, сұлтанның
хатшысы Ибн Абдузапир “ ... сұлтан келесі бір шатырға кіріп, киініп шықты,
келбеті қараңқы түнде жалт етіп шыққан айдай. Басында алтын жіппен
зерленген қара сәлде. Үстінде алтын жағалы сия көк сауыт. Бір қылыш беліне
байлаған қалғандарын артында қарушылары көтеріп келе жатыр. Олардың ішінде
екі үлкен байрақ, екі үлкен садақ, қалқан және таға басқа өзі әдеттенген
қарулары бар. Сұлтан алдында мойнында қара өмілдірігі бар, үстіне қара
тоқым жабылған сұр ат тартылды. Сұлтан әмірлерді бір-бірлеп шақырып алып,
оларға мол сый-сияпат көрсетті... ” – деп жазды[15].
Ибн Абдузаһир “халық оның заманында соғыс істерін одан артық білетін, одан
епті, одан батырлығы артық бірде-бір атқа мінген батыр жоқ деп санайды ” –
деп тұжырым жасайды. Патшалықты тек қылышының күшімен алды дейді[15].
Ибн Ииас өзінің “Бадиғ аз-Зурур фи уақаиғ ад-дурир” (ғасыр жаңалықтарының
әдемі шешектері) атты еңбегінде Сұлтан Бейбарыстың түр сипаты тұралы:
“Жеңімпаз мәлік Бейбарыс айбарлы да айбатты, атақ-даңқы асқан, сұлтандаққа
лайық данышпан, мемлекеттің жағдайын білетін, алдында шығыс мәліктерімен
насрани мәліктер тізе бүккен ұлы патша еді. Ол бір орында отырмайтын, оның
Шалда-Дамаск пен Алеппода шерулет * бар еді. Жорыққа көп шығатын,
батырлығымен аты шыққан, соғыста ержүрек еді. Қысы-жазы ат үстінен
түспейтін. Мемлекет шекарасындағы жерлерді қосып алғанына қарай оған “абу
футухат” -“жиһангер” деген лақап ат тағылған еді.
Батырлығымен ержүректілігінің белгісі ретінде тамғасында (герібінде)
арыстан суреті бейнеленген еді. Әскерін соғысқа ынталандыру үшін соғыста
түскен олжаны оларға бөліп беретін, жорықтарды ұйымдастыру үшін көп қаржы
жинайтын, ауқатты адамдарды көп тәркілейтін. Бейбарыс келісті ұзын бойлы
аққұба, дөңгелек сақалды еді. Сақалында бір тал ақ жоқ. Шеру тартқанда
халық тарапынан қатты дәріптелетін. Шариғаттың алмас қылышы Бейбарыс
ғұламалар мен діндарларды құрметтейтін, қайырымдылық жасауды жақсы көретін
” – деп жазды[23].
Ол сонымен қатар Бейбарыс туралы “Ержүрек ” еді. Тураншахтың кезінде
фаранджалармен * болған. ал-мансура шайқасында көз көріп, құлақ естімеген
ерліктер көрсетті. Жаратқан көмектесіп, сұлтан құтыздың атабегі - әскер
басы деңгейіне көтерілді” – дейді.
Ортағасырлық келесі бір тарихшы Ибн Айбек ад-Дауадари өзінің “Ад-дурра аз-
закия фи ахбар ад-даулат ат-туркия” (“Түркі мемлекеті туралы маржан
моншақ”) атты шығармасында Бейбарыс ер жүрек, даңқты мәлік, жаужүрек батыр
еді. Өлімнен қорықпайтын. Айла әдісі мол, саясаты жайлы, істері әдемі,
қимылы сәтті, соғыста ақжолтай, ешқашан қорғалақтамайтын, қатал, жылдам
және аяусыз еді. Алымдарды өзі жинайтын. Халықты, әсірессе Дамаск
тұрғындарын, мекемелерді көп тәркілейтін. Оларды жеккөретін. Бейбарыс екі
рет Дамаскіні өртеп жоқ етпек болды” – деп жазды[24].
ХIV ғ. өмір сүрген мысырлық тарихшы әл-Айни “Икду ал-жуман фи тарих аһл ал-
заман” (заман тұрғындары туралы маржан моншақ ) атты еңбегінде Бейбарыс
ұлты қыпшақ түркінің ұлты Бури ұғлы тайпасына жатады дей келе, Бейбарысты
сипаттауда теңдеулерді аямайды. “ Жеңімпаз патша қарасұр, көкшіл көзді.
Даусы жер жаратын. Бойында ұлылық және еріксіз құрметтеу сәзімін тудыратын
айбындылық бар еді. Бойы ұзынға келетін. Қайсар, ер жүрек, сақи, жігерлі,
тұңғиық, өжет, көзсіз батыр сұлтандық ісіне көп көңіл бөлетін, ислам және
мұсылмандардың жеңісіне және патша ресімдерінің орындалуына ұмтылған еді” –
дейді. (26-бет) Тарихшы ан-Нуайра “Ержүрек, көпшілік құрметтейтін, саясаты
әдемі патша тұрғындарды және диқандарды, әсірессе, Димасиқ тұрғындарын көп
тәркілейтін. Өте сақ болатын, жігерлі, жауларының көзін жоюда және ислам
жеңісі жолында күндіз түні бір тынбайтын. Тамақ пен киімге келгенде
қанағатшыл, үнемді еді. Әскері де сондай болатын”-деп дәріптейді[20]. Ибн
Касир Бейбарыстың атқарған істеріне ерекше көңіл бөледі. Ол туралы
“Жеңімпаз мәлік ер жүрек. жігерлі, тұңғиық, көзсіз батыр, сұлтандық ісіне
көп мән беретін. Шарап ішуге тыйым салды. Жезөкшелікті тыйды. Күш-жігері
қуатын жемқорлық, кесір мен бұзықтықты тиюға жұмсады.”
Шамда жүрген кезінде Мизр* ішімдігін тию туралы хат жолдайды. “Адамдар
үшін кұт етіп Алла жаратқан бидайды аяқ асты етпейік ” – дейді. Сұлтан 1262
жылы есірткіні рұқсат беретін хашни думанын жойып, оны жейтіндерді тәртіпке
шақыруды рәсімдейді[9,26].
Тарихшы Ибн Тәңірберді “Жеңімпаз мәлік ержүрек, батыл, жиһангер, муджахид
*, елді сақтаушы, патша болуға жаратылған, жеңіл, жылдам ұрысқа өзі бастап
кіретін” – дей келе, “Бейбарыс мемлекет басқару ісінде Шыңғыс ханның Ясасын
және түріктің Турасын басшылыққа алатын болған. Тура түрікше жол, бағыт
дегенді білдіреді. ” – деп жазды[22,26].
Тарихшы аз-Захаби “жихангер, дін жолында күресуші муджаһед, айбаты зор,
патша болып жаратылған, ерліктері аңызға айналған, кейбір зұлымдықтары
болмаса, әділетті патша еді. Ислам діні үшін көп еңбек сіңірді. Атақты
шайқастары, көп жеңістері болды.” – деп жазды[26,27].
әл-Мақризи “Әмірлер одан қатты қорқатын, ол ауырып жатқанның өзінде де
үстіне ешкім оның рұсатынсыз кіре алмайтын. Ержүрек, өмірі ат үстінде өтті.
Мәмлүктері мен бекіністерінің хал-жағдайын жақыннан білу үшін жасырын пошта
аты мен желмая мініп жүре беретін ” – деп тұжырымдайды[27]. Бұл Бейбарысқа
тарихшылар тарихшылар тарапынан берілген жоғары баға, оның үстіне, Әл-
Мақризи ортағасырлық мұсылман тарихшыларының ірісі болып саналады.
Тарихшылар Бейбарыстың ержүректілігі және батырлығы жөніндегі сөздері бір
жерден шығып отырады. Біздің пайымдауымызша, Бейбарыс заманына сай қатал
болған кездері болған, алайда көзсіз қатыгездік пен зұлымдыққа жол
бермеген. Әділетті сұлтан қарапайым халыққа, оның ішіндегі кедей-
кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп көмектесіп отырған. Оған Бейбарыстың “
Барлық кедейлерге жететін азық-түлігім болса үлестіріп берер едім” – деген
сөзі куә бола алады. Бейбарыс жыл сайын кедей-кепшік бейшаралар мен
сопыларға 10 мың ардебб (1 ардебб – 197,75 литерге тең) бидай садақа
беретін болған. Көптігіне қарамастан қаза тапқандардың бала-шағасына көмек
көрсететін. Каир мен Мысырда иесіз өліктерді кебіндеуге арнап арнайы уақып
* ашып, оның түсімін соған бағыштайтын болған. Бейбарыс ораза кезінде
күніне бес мың адамға ауыз ашар беретін болған. Жыл ішінде үлестіретін
киміне қосымша нашарларға 600 киім беретін. Күн сайын жалпы көлемі бір
жарым мың қаңтар * үлестіретін.(28 бет Сұлтан Бейбарыс) “Жетім көрсең жебей
жүр ” – деген Бейбарыс, медресенің жанынан жетім балаларға арналған құран
оқыту мектебін ашады. 20 ғ. қалыптасқан жетім балаларға деген мейірімді,
адамгершілік көзқарасқа Бейбарыс ортағасырлар қойнауында көтеріле
білгендігі әрине өте қызық ерекше факт[9,29].
Әл-Мақризи Мысырдағы бір ашаршылық кезінде әңгімелей келіп, “Сұлтан
Бейбарыс Каир мен Мысыр қаласы маңындағы кедей-кепшік, кембағалдарды жинап
тізімдеп алдыртты” – деп жазды. “Олардың саны бірнеше мың болады. Сұлтан
тізім бойынша кедейлерді барлық наиб, әмір саудагерлер мен байларға бөліп
беріп, үш айлық мерзімге тегін тамақтандыруға бұйрық берді. Сопылар
жиналатын зауияларға * арнап мемлекеттік қамбалардан күніне 100 арбед бидай
бөлгізеді. Ибн Гулун мешіті қасынан тегін нан үлестіретін орын ашады. Осы
орайда тарихшы келесі бір диалогты мысалға келтіреді. Бейбарыс Каир
қаласының уәлиіне “жүз пақырды құдай үшін тамақтандыр” дейді. Уәли “Онсызда
жүзін тұрақты түрде тамақтандырып жүрмін” – деп жауап қайтарғанда Бейбарыс
“оларды өзіңнен бастап аларсың, мен үшін жүзін ал”- деп уәлиге өтініш
жасайды[27].
Шынында Бейбарыс “дұшпанға тастай қатты, досына балдай тәтті ” болған.
Бірде, ол әмірлерін жинап алып, “Уа, әмірлер мен тұтқынға түсіп қалсам не
істередіңдер?” – деп сұрақ қояды. Әмірлер жабылып “малымызды, жанымызды
сұлтанды қиындықтан шығару үшін аямас едік” – дейді. Сонда Сұлтан Бейбарыс
“Сендер, ұмыттыңдар, мен ғана оны естен шығарғам жоқ. Ол - әмір Сұңқар әл-
Ашқар сис патшасы (кіші Армения королі) баласы үшін (баласы Бейбарыстың
қолында тұтқында болатын) ақшасын да жерін де аяп отырған жоқ. Ешқайсысына
да көз салмадым. Сұңкарды сұрадым. Бүгін хат алдым. Ол (сис патшасы)
сұңқарды ордадан алдыртыпты” – дейді. Бейбарыстың бір қасиеті – іс отлық
шешілмейінше жарияламайтын. Бұл жолыда сол қасиетіне адал болады. Сөйтіп,
Сұлтан Бейбарыс Хулагу хан Шамды басып алғанда қолға түскен әмірлерінің
бірі сұңқарды жер түбінен тапқызып, өзінің қолында тұтқында отырған кіші
Армения патшасы Хемумның ұлына айырбастайды. Сұңқар Алеппо қаласының
абақтысында жатқанда қолға түсіп моңғол қолбасшыларының бірі сұлтан Исахтың
қармағында Иран елхандарының иеліктерінің түгірінде болады. Сұлтан
тұтқыннан босап келе жатқан досын алдынан шығып қарсы алады. Түнімен
әңгімелеседі. Әмірге қажеті мәмлүк, қаржы, көлік және т.б. жабдықтарды
бөлгізеді. Каир төңірегінде орналасқан бекініс ішінен үй салып береді.
нөкерлерінің қатарларына қосады Ибн Абдузаһир айтқандай “сұлтан оған адам
өз баласына жасамайтын жақсылықты жасады. Бұдан артық достық бола ма
екен!”дейді[15]. Әл-Мақризи Бейбарыстың қасындағы үзеңгілес достарына асқан
қамқорлықпен қарайтынына мысал келтіреді. Онда “Сұңқар Бейбарыс Шамға бет
алғанда Ғаззаға дейін ақ сулап барды. Аңшылық олжалы болды. Әмір Шамсуддин
сұңқар ар-руми атынан құлайды сұлтан атынан түсіп әмірдің басын тізесіне
сүйеп, тері дорбасынан мумис алып ішкізеді. ” – деп қөрсетеді[27]. Бейбарыс
кресшілерге қарсы жорықтарының бірінде сафад бекінісін тартып алғанда елмен
жолығады. Әмірлерімен сол жердегі тауға шығыды. Күн ыстық болады. Елді шөл
қысқанда бір адам жақын жерде бұлақ бер екенін айтады. Сұлтан сол бұлақтың
басында тұрып өз колымен елге су құйып береді. Халық сұлтан қолынан су
ішкендерін жыр қылып айтып жүреді.
Бейбарыс заманында өмір сүрген және оның қол астында қызмет еткен
ортағасырлық тарихшы Ибн Шаддад “Тарих ал-малик аз-заһир” () деген
еңбегінде сұлтанның өмірі мінез-құлқы істеген істері жөнінде жандақты әдеби
кең сипаттамалар берген. Ол Бейбарысқа бір істі істеуге белбұса алған
бетінен қайтпайтын, қолынан келгенін істейтін, тек қана өзінің пікірін
басшылыққа алатын. Кеш, түнге қалмас үшін алдын алуға тырысатын ” – деп
жазды. Бейбарыстың биографы “ сұлтан аңда жүріп өзі бөлек жүріп жасырын
кетіп қалады, адамдардан өзінің нынайптары және орындаушылары туралы
сұрайды. Егер ойлағаны расталса орнынан алады, тәртіпке шақырады немесе
жұмыстан босатады. Ол әрдайым ғылыммен өнер майталмандарын өзіне тартатын,
тарихшыларды ерекше жақсы көретін, “тархиты тыңдау үлкен ғибарат” ” - деп
отыратын. “Бейбарыс ешқашан жолдан қайырылмайтын, әскерін бір шығарса жарты
жолдан қайтпайтын” – деп жазып қалдырған. Ибн Шаддаттың көрсетуі бойынша
Бейбарыстың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігі туралы “жұлдыздан жоғары
дәрежесі болсада жас баладай қарапайым еді” дейді. Бейбарыс әсірессе халық
арасында үлкен сыйға ие болды. Ол шейхтарға ерекше көңіл бөлетін. “ Бір
күннің әділеті қырық жылғы ғибадатқа тең ” – деп атап өтеді[15].
Бейбарыстың нағыз көшпенділерге тән қасиеттерді бойында сақтағандығы оның
дүниеге қызығушылығынан да намысшыл ер көкірек екендігін келісі бір оқиға
көрсетеді. Шамда орналасқан Химыс қамалының найбы Сұлтан Бейбарыстан
қажылыққа баруға сұранады. Жазбаша өтінішімен бірге өзінің меншігіндегі
барлық байлығын сұлтанға беретіндігі жөнінде күәлігін қоса жолдайды.
Найыптың бұл қадамы ұнамаған сұлтан оған қажылыққа баруға рұқсат бермейді.
Найып келесі қажылыққа жетпей дүние салады. Орнына басқа найып тағайындалып
одан қалған байлыққа саусағында тигізбейді. Бейбарыс өзінің әміршілерінің
хал жағдайын қадағалап отыратын. Ол үшін майда-шүйде істер болмаған, бәріне
мұқият қараған. Қоластындағы әмірлер қарапайым халыққа сол кездегі түсінік
бойынша қоғамдағы ең төменгі топ саналған християндар мен жебрейлерге де
тізе батыра алмайтын. Сұлтан оларға қатысты істерді қарағанда әділеттілік
тұрғыдан шешім қабылдайтын деп жазады тарихшы. Сондықтан Бейбарыстың
әділеттілігі халық арасында аңыз болып таралады[9,34].
Жалпы алғанда Бейбарыс ұлы адамдарға тән қасиетпен өзінің жауларын досқа
айналдыра білген. Кезінде өзіне ашық қарсышыққан әмірлерге
кішіпейілділікпен қарап “жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі – дұр” демекші
оларға кешірім жасап өзінің басқалардан кісі бойы артық екендігін көрсетіп
отырған.
Шам елдерінде кезіп жүрген қиын шақта қыр соңынан түскен әмірлер кейін
кейбір істері үшін Құтұздың қапасында торға түскен торғайдай болып
жатқандарында олардың барлықтарына бас бостандықтарын беріп, оларды әмірлік
мәнсапқа көтеріп, өзіне адал қызмет етуге мүмкіндік береді. Қуғында жүрген
кезінде Бейбарыстың бір атқосшысы болады, ол аздаған ақыға бола Бейбарыстың
жүрген-тұрғандарын, айтқан сөздерін жеткізіп тұрады. Бейбарыс оның бұл
тірлігін білгенімен білмеген құсап жүре береді, оны ауыстырмайды, жанынан
құмайды, кейін сұлтандық таққа отырған да да сол атқосшы жанында болады.
Бір күні сұлтан ат қораға кірсе ешкім жоқ екен, сұлтан өзінің ертоқымын
қарап таба алмайды, сол кезде қасына келе қалған ат қосшысына көзі түсіп “
Дамаскде тың тыңдаймыз, Каирде тың тыңдаймыз, қайтып келгенімде таппасаң
дараға асыласың дейді. Сасап қалған ат қосшы “ ертоқымды қарамасам бала-
шағамды қайтып асыраймын” деген екен. Бірақ Бейбарыс оны жазаламайды, қайта
басқа жұмысқа ауыстырып “ендікәрі көзіме түспе ” деп шарт қояды. Сол
атқосшы Бейбарыстың өмірінің соңына дейін сұлтанның көзіне шалынбай нанын
тауып жеп жүреді.” Ибн Шаддад: "Байбарыс бес уақыт намазын жолға шықса да
қаза етпейтін. Ол қасындағы мәмлүктерге арнайы мұғалім тағайындап , бірге
намазға жығылатын имамдарына дейін сайлады.Сөзіне сенуге болатын адамдардың
сөзіне қарағанда сұлтан шарапты өмірінде аузына алған емес. Сұлтандық таққа
отырысымен 1261 ж барлық ішімдіктерге тиым салды "- дейді тарихшы. Сұлтан
Байбарыс ішімдік ішүге тиым салды тұрғындар мен әмірлерге бірдей жүретін.
Мадина қаласында пайғамбардың зиратының басына аурухана тұрғызып, онда
жатып және келіп емделетін аурулар үшін қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықтап
тұрды[15].
Сұлтан қажет кезде қара жұмыстан қашпайтын болған. Кресшілер бекіністерін
қиратуы өз қолымен бастап жұмысқа барлық әмірлер қосылғаны туралы талай
әңгімелер бар. Қолы бос кезде Бейбарыс жебе де жасайтын болған. Оған
әміршілері мен нөкерлері қосылатын. Ол тұралы ұлына, намбтарына жазған
хаттарынан көрінеді. "жананында жұмыс істей отырған адам қалмады, сұлтан өз
қолымен біраз жебе жасап, олардың ұштарын қадап, қанатын иді"- дейді Ибн
Абдузаһир[13]
Кресшілердің қамалдарының бірін құрсауға алып тас ататын қондырғылардың
бөлшектерін сұлтан Байбарыс әміршілерімен бірге тасыды сол оқиға туралы
әміршілердің бірі тарихшы Ибн Абдузаһирге сұлтанның төзімділігіне қайран
қалған әміршілердің бірі әңгімелеп береді. Ол мен бірнеше рет дем алсам да
сұлтан тынбастан жұмыс істеп жүреді деп көрсетеді.
Жалпы, сұлтан Байбарыс басқа сұлтандарға қарағанда аң аулау, спорт
ойындарына ерекше құмар адам болған. Аптасына екі рет әмірлерімен поло
ойнайтын. Қолы қалт еткенде аңға шығатын қанына сіңген әдет еді. Кірешілер
қамалдарын алу үшін шайқасып жүрген кездерінің өзінде аңға шығуды
ұмытпайтын. Бейбарыс сұлтан сонымен қатар құспен аң аулауға өте әуес –
тұғын. Сұлтанның қаршыға, бүркіттерінің баптап ұстайтын мемлекет есебінен
лайық алып тұратын баздор- құсбегілері болған. Әрине, тазысыз қандай
аңшылық сұлтан итпен де аң-құс аулауға шығатын. Тарихшылар Бейбарыс құстары
мен иттерді түр-түрілеріне қарай бөліп ұстаған, ит-құстарға арналған арнайы
асханасы, арнайы тамақ дайындасын деп көрсетеді. Сұлтан аң құмарлығының
арқасында саяхатта жүріп аттан құлаған фактілері кездеседі. Тарихшы
Абдузахир " сұлтан 1261. ж Рабиға ал-ахар айының соңында аңға шыққан
кезінде аттан құлап, бет терісін жыртып алды. Шыдамдылық көрсетіп Юбна
деген елді мекенге жеткенше жүре береді" – дейді[13].
Әл-Мақризи "сұлтан Бейбарыс Каирден шығып Шамға бет алды. Ғазаға жеткенше
аң аулап барды аңшылық олжалы болды" – дейді. Химс әмірі сұлтанның алдына
келгенде "бүгін атып алғанды саған арнадым деп бір күнде қанжығаға байлаған
жетпіс киікті оның қанжығасына байлады"
Ибн Абдузаһр "сұлтан Кракқа бет алғанда алдынан дудақтар ұшып мәмлүктер
құстарды жаман қолдарымен ұстамай, сұлтан бұны жақсы ырымға санады" – деп
жазады.
Бейбарыстың тілі туралы Ибн Абдузаһир "... мәжіліс аяқтағанда сұлтан
әділет үйінің қараушысы, осы үкіметтің атқарушысы сұлтанның арабшадан
аудармашылығы ата бекке мол сый–сиапат көрсетеді" –деп жазды. Осы күндерден
көрініп тұрғандай Бейбарыс арабша мен тілмаш арқылы сөйлескен бірақ,
Бейбарыс араб тілін білген. Ибн Уасил өзінің " Мафраж ал-курубфи ахбар беи
аюб" атты үлкен еңбегінде төмендегідей оқиғаны келтіреді: Бейбарыс
Мансұрдың елшісі шайху шуйух Шарфиддермен сөйлескенде басында әмір
Фарысуддин ақшалай аударып тұрады (әскер басы болса да тілмаш қызметін
атқаруға намыстанбаған). Содан соң Бейбарыс Мейхке "аудармашы арқылы
сөйлескен себебім, қызғаныш болмасын, тұрған әмірлер осы істің мәнін
түсісін дегенім" – деген мәліметтер келтірген[16]. Соған қарағанда Бейбарыс
арабша білген. Әрине он төрт жасынан жат жұртта жүрген сұлтан арабша білген
деп болжаса да болады. Алайда мамлүктер арасындағы тәртіп бойынша бір-
бірімен түрікше, тарихшылар айтпақшы қыпшақша сөйлеген. Мысалы Бейбарыстан
кейін сұлтандық құрған Қалауын туралы тарихшылар "араб тілін білмейтін,
бірақ түрікше және қыпшақша шешен сөйлейтін"- деп атап өтеді. Мәмлүк
қыпшақтардың басшылары өздерінің ана тілдерін үстем ұлт ретіндегі орнын
сақтап қалудың мызғымас негізі деп санағандығы әлі күнге дейін маңызын
жоғалта қоймағанын байқатады[9,40].
Ұстазының өзінін мәмлүктеріне әкедей болғандығы сұлтан Бейбарыстың 1271 ж.
Мысырдағы мәмлүктеріне Дамашқыдан жазған хатынан көрінеді. Онда ол "
сендерді сағынған балаларың, қалғандары үшін ағаларының, әкелерінің
сендерге сағынышты сәлемін жолдайды".-деп жазады.бұл хат Бейбарыстың тек
сұлтан ғана емес біреуге әке, біреуге аға екенін көрсетеді[9,48].
Мәмлүкті сатып алған, одан соң оның бас бостандығын беріп, тәрбиелеген
ұстазбен іні арасындағы байланыстар өте тығыз болғандығы тұралы көптеген
мысалдар бар мысалы Бейбарыс сұлтан тағына отырғанда өзінің ұстазы Әмір
Айтегінді ұмытпай мәмлүк мемлекеттік құрылымындағы жауапты қызметтерге,
атап айтқанда Бейбарыс мемлекетінің екінші ірі бөлігі болып табылатын Шам
елдеріне өзінің Найбы орынбасары етіп тағайындайды. Сол кезде негізгі
табыс көздерінің бірі болып табылатын Ніл дариясының бойындағы суармалы
егістіктен үлкен иеліктер береді Бейбарыс оған әрдайым сый-құрмет
көрсетіп, тарихшы Ибн Тәңірберді жазғандай оны " мені тәрбиелеген ұстазым"-
деп көтермелеп отыратын болған. Бейбарыс тек қана азының ұстазымен ғана
шектелмей өзінің ұстазының ұстазы Әмір Яғшурға да құрметпен сенім
білдірген[24]. Бейбарыс таққа отырғанда Рауда қамалындағы қамалды қайта
қалпына келтірді. Бейбарыстың кесене ескерткіштері қалпына келтіру ісінде
сіңірген еңбектері ғажап оны өз кезегінде сөз етерміз, бұл жерде Бейбарыс
күрделі жөндеуден өткізген Каирдегі Тулун мешіті, Әл-Азхар мешіті және
Мәдинадағы пайғамбардың мешітін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz