Мектепке дейіңгі балалардың құрдастармен қарым-қатынасына ата - аналардың тәрбие стилінің әсерін зерттеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Психологиядағы қарым.қатынастың теориялық көзқарастары ... ... ... .
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым.қатынас ерекшелік тері мен негізгі формалары ... ... ... .
1.3 Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық дамуындағы жанұялық қарым. қатынастың маңызы..
1.4 Жанұялық тәрбие стилінің баланың қарым.қатынас қабілеттілігінің дамуына әсері ... ... .
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Эксперименттік зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамы ... ... ... ... ..
2.2. Әдістеменің сипаттамасы мен қолдану аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Эксперементтік зерттеу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Мәліметтердің сапалық психологиялық талдауы ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы психология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Мектепке дейіңгі балалардың құрдастармен қарым-қатынасына
ата - аналардың тәрбие стилінің әсерін зерттеу
Орындаушы,
4 курс студенті___________________________ ________Абдуллаева А.Л.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші,
аға оқытушы _____________________________Құдайб ергенова
С.К.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы,
этникалық және педагогикалық
психология кафедрасының
оқытушысы ___________________________________ Баймолдина Л.О.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
__________2007ж
жалпы психология
кафедрасының меңгерушісі
биол. ғыл.к., доцент____________________________Б айшукурова .А.Қ.
(қолы, күні)
Алматы 2007ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.1. Психологиядағы қарым-қатынастың теориялық
көзқарастары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшелік
тері мен негізгі формалары 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық дамуындағы
жанұялық қарым- қатынастың 17
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Жанұялық тәрбие стилінің баланың қарым-қатынас
қабілеттілігінің дамуына әсері 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. Эксперименттік зерттеу мақсаты, міндеттері, 30
болжамы ... ... ... ... ..
2.2. Әдістеменің сипаттамасы мен қолдану аясы 31
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
2.3. Эксперементтік зерттеу 33
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
38
2.4. Мәліметтердің сапалық психологиялық
талдауы ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
ӘДЕБИЕТТЕР 42
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Жас сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әр адамның өзіндік,
қайталанбас психологиялық өмірбаяны басталады. Қоршаған ортаны танып
білуге көмек беріп , сүйеніш, қамқоршы болатын оның өз ұясы, жақын
туыстары. Баланың ана мейірімін сезінбеуі оның келешектегі ақыл-ой дамуына
кенжелеп қалуымен мінез - ұлқының нашар болуының негізін қалайды.
Отбасында бала үлкендерге еліктеуді үйренеді, өмірге қажет тәжірибе
жинақтайды. Отбасының балаға ықпалы өзіндік ерекшелігімен көзге түседі,
бала өз үйінде ғана шын мәнінде еркін сезінеді, дамиды, ойнайды,
ересектерден жылы сөз, мейірім күтеді. Басқа жерде байқала
бермейтін шығармашылық ойлау қасиеттерінің бойына сіңіруіне үй іші
қарым – қатынасының ықпалы өлшеусіз маңызды.
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек мектеп
жасына дейінгі балалардың тұлғалық творчестволық қабілеттерінің
қалыптасуына жанұя, жанұялық қарым-қатынас , жанұяның психологиялық
ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн.
Бір ортада өскен , бір әке, бір шешеден туған балалардың өзара бір-
бірінен тұлғаның саналарымен қатар шығармашылықлық қабілет икемділіктері
табиғаты жағынана да бір-бірінен ерекшеленеді.
Баланың дүниеге келгендегі бірінші көретін адамы ата-анасы,
жанұясы. Оның әлеуметтік ортасы бала дамуына жан-жақты әсер етеді.
Өйткені, әрбір от басының мүшесі дара тұлға болғандықтан бір-бірінің
дамуына едәуір ықпал жасайды.
Әсіресе жанұяда ересектердің арасында жалғыз өзі тәрбиеленіп,
балабақшаға бармайтын бала өзімен құралпас балалармен қарым-қатынас ты
қатты қажетсінеді. Олар үшін жанұяда жырақ жерде құралпас балалармен қарым
қатынас орнату үлкен ресмилікті қажет етеді. Бала қарсыласының мінез-
құлқымен санасып барып онымен қарым-қатынас орнатуна керек болады.
Баланың өзімен құралпас балалармен қарым-қатынасты қалай орнатқанына
байланысты оның болашақ қоғамдағы адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады.
Қолымызда бар деректер балалардың өзімен құралпас балалардың қарым-қатынасы
туралы ерекшеліктерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жанұялық тәрбие стилінің мектеп жасына
дейінгі балалардың бойында қарым – қатынас қабілетінің дамуына әсерін
психологиялық зерттеу.
Жұмыстың болжамы – мектеп жасына дейінгі балалардың қарым – қатынас
қаблетінің қалыптасып дамуы жанұялық қарым-қатынаспен тәрбие
стилінің ерекшеліктеріне тікелей тәуелді болады.
Зерттеу нысаны – мектеп жасына дейінгі балалары бар жанұялар тобы
Эксперименттік зерттеу барысында “ Ата – ана қатынасын анықтау
сұрақнама тесті (A. Варга , В. Столин), және проективті
әдістемелер (бақылау проективті интервью , “Жанұя “ суреті )
қолданылады.
Кілттік сөздер: стиль, қарым-қатынас, мектепке дейінгі балалар, ата-
аналардың әсері.
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. Психологиядағы қарым-қатынастың теориялық көзқарастары
Бүгінде қарым-қатынас проблемасы әр түрлі маман иелерінің назарын
аулап отыр. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын философия,
жалпыпсихология, психологиялингвистикалық сияқты әр түрлі салалар
зерттеуде.
Л.С.Выготскийдің адамдардың өнімді әрекетіне, адамдардың бір-бірімен ара
қатынасының арқасында жүзеге асып, дамитын қарым-қатынастарына анализінінің
арқасында ішкі әрекет туралы түсінік қалыптасты.
Осы түсінікті басшылыққа ала отырып Л.С.Выготский адамда болатын
психлологиялық процесстердің ерекшелігін айқындайтын екі жағдайды ұсынды.
Ол - әрекеттің мінез құлқы және оның басқа адамдармен қарым-қатынас
жүйесіне батып кетуі. Адамды тек заттық әлеммен ғана емес әрекеттің
жанамасы болады дейді ол.[1]
Психологиялық ғылымның ары қарай дамуына әрекет теориясы ықпал етті. Осы
теорияның төңірегінде зерттеулер жүргізудің арқасында субьектің өзін
қоршаған ортамен қарым-қатынасының ерекшелігін айқындауға мүмкін болды.
Әрекет пен қарым-қатынас адам болмысының маңызды жақтарын айқындайды. Сол
үшін де олардың арасындағы байланыс- жалпы психологиялық ғылымға ғана емес
оның барлық салаларына маңызды.
Осы жанамалықтық арқасында адам жекеленген және қоғамдық тәжірбиені
үйренеді. Адам баласында психикалық процесстер тек қарым-қатынас кезінде
ғана дамиды. Алдымен олар интерпсихологиялық болады. Сосын жекеленген
әрекетінің сыртқы келбетін жоғалтқаннан кейін интрапсихологиялық болады.
А.Н.Леонтьев еңбектің байда болу көзін қарастырып қана қоймай, еңбек
қарым-қатынас құралмен қатар коллективті әрекет нәтижесінде жасалатынын да
атап өтті. Адам тек табиғатпен қарым-қатынас жасау арқылы ғана емес, оны
қоршаған адамдармен яғни қоғамның мүшелерімен қарым-қатынас орнату арқылы
еңбек процессіне түседі. Тек басқа адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы
адам тікелей табиғатқа шыға алады.
Тіршілік процессі кезінде, еңбек процессі кезінде адам әрдайым басқа
адамдармен өзара іс-әрекет жасасқанда қарым-қатынасқа түседі. Онымен қоймай
жекеленген сананың дамуы сөйлеудің қалыптасуы тек өзара қарым-қатынастың
арқасында ғана жүзеге асады. Жекеленген сананың дамуы оның қоғамдық-тарихи
процесін қайталамайды.
Басқа адамдарда қалыптасқан түсінік сияқты әрекеттің саналы кескіні
адамның миына тікелей проекцияның нәтижесінде пайда болмайды. Оның санасы-
басқа адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы қол жеткізген оның әрекетінің
нәтижесі. Соның нәтижесінде оларға адамзаттың рухани байлығы деген атақ
беріледі.[2] Осылайша субъектің тіршілік әрекетінің жағдайын толық суреттеу
әрекет категориясы мен қарым-қатынас категориясын қатар қарастырғанда ғана
мүмкін болады.
Қарым-қатынас ұғымы көп мәнділілер қатарына жатады. Қарым-қатынасты
зерттеудегі ғылымдар дифференцияциясы зерттеу деңгейін шектеу арқылы жүзеге
асады.
Әлеуметтік-психологиялық деңгей әлеуметтік әрекетті жүзеге асыру
процессіндегі қарым-қатынасқа қа жасалған анализбен тікелей байланысты. Бұл
деңгейдегі қарым-қатынас операциялық, мінезқұлықтық жағынан зерттеледі.
Қарым-қатынастың әсер ету механизімінің адамдардың санасы мен мінез-құлқына
қалай әсер ететіні қарастырылады.(2)345 Бүгін келесі көз-қарастарды шартты
түрде атап өтуге болады. Олар: қарым-қатынас ол әрекет түрі, қарым-қатынас
–субьект белсенділігінің өзіндік формасы, қарым-қатынас әрекеттің өзі де
болады, әрекеттен басқа бір түрі де бола алады.
Қарым-қатынас субьектің әрекеті, оның обьектісі басқа адам, қарым-
қатынастағы серігі деген көз-қарас кеңінен таралған. Сонымен бірге қарым-
қатынас субьектісі бір уақытта келесі адамға обьект болады, немесе
керісінше. Қарым-қатынастың обьект және субьект түсінігінен , серіктердің
бір-біріне хабар беру, әрекет етуге түрткі болу сияқты түсінік қалыптасады.
Бұл процесстің жемісі ретінде обьекте болып жатқан өзгерістер, сонымен
бірге оның дүниетаным дәрежесі мен оған деген қатынастың мінез-құлығы
қарастырылады. Яғни қарым-қатынасты кең ұғымда өзара әрекет деп
қарастыруға болады. Ол -өте қиын және көп қырлы процесс, сонымен бірге
информациялық процесс, бір-біріне ықпал ету процесі, және бір-бірімен
түсінісу процесі.
Тар шеңберде қарым-қатынас тікелей бақыланатын шындық және барлық
қоғамдық қарым-қатынасты айқындау, тұлғалық қалып, адами қатынастың сырт
келбеті деп түсіндіріледі.
Шет елдерде қарым-қатынастың көптеген дефинициялары яғни анықтамалары
ұсынылған. А.А.Леонтьев[18] Д.Денсаның жазғандарына сілтеме жасай отырып,
1969жылы тек ағылшын тілінде жарық көрген әдебиеттердің өзінде қарым-
қатынастың 96 анықтамасы ұсынылған екен. Қарым-қатынас дегеніміз жәй
әншейін әрекет қана емес, өзара әрекет болып табылады. Ол қатысушылар
арасында жүзеге асады және әрқайсысы белсенділік танытып өздерінің
серіктеріне осы әрекетті ұсынады.
М.И.Лисинаның пікірінше қарым-қатынас дегеніміз екі немесе одан да көп
адамдардың өзара қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында ортақ нәтижеге қол
жеткізу әрекеттері.
Адамдардың қарым-қатынас кезінде маңызды сипаттамасы: оған қатысушы
әрбір адам белсенді, яғни әрқайсысы өз алдына субьект. Белсенділік адамның
қарым-қатынас кезінде өзінің серігіне ынталылығын білдіруінен, және
серігінің оның іс-әрекетін қабылдап соған қарсы жауап беруінен байқалады.
Екі адам сөйлесіп тұрған кезде екеуі кезек бір-бірінің әрекеттеріне қарсы
әрекет жасайды.
Сол себепті М.И.Лисина бір жақты белсенділікті қарым-қатынасқа
жатқызбайды. Мысалға, лектор радио арқылы өзіне белгісіз аудиторияға
сөйлесе немесе сыныптың ішінде емес теледидар арқылы сабақ берсе ол қарым-
қатынасқа жатпайды дейді. [6]
Сонымен бірге қарым-қатынасқа түскен адамдар зат яғни құр дене ғана
емес жекелеген тұлға болулары керек. Сөйлесу барысында адамдар олардың
сөзіне жауап қайтарылады деп күтеді. Осыған сүйеніп Б.Ф.Ломов қарым-
қатынас дегеніміз адамдардың субьект ретінде өзара әрекетке түсулері дей
келіп, Қарым-қатынас болу үшін ең құрымағанда екі адам қажет, олардың әр-
қайсысы субьект ретінде сөйлеулері қажет дейді.[7] Отандас психологтар
болатын болса олардың арасындағы әртүрлі пікірлерге қарамастан, бәрі
бірауыздан қарым-қатынас әрекетсіз, әрек қарым-қатынассыз болмайды деген
пікірге келіп отыр.
Қарым-қатынас пен әрекеттің байланысын әртүрлі түсінуге болады.
Мысалға, Г.М.Андрееваның пікірінше олардың екеуі жеке адамның әлеуметтік
болмысының кескінін көрсететін бір-біріне пара пар категория ретінде
қарастыруға болады. Сонымен бірге сөйлесуді әрекет жағынан, ал әрекетті
сөйлесудің шарты ретінде қарастыруға болады. Оның үстіне қарым-қатынас
әрекеттің ерекше түрі деп те қарастыруға болады дейді Г.М.Андреева.
Г.М.Андреева әрекет пен қарым-қатынастың арасындағы байланысты одан да
кең мағынада түсіну керек дейді. Ол қарым-қатынасты өзара әрекет ретінде
(себебі әрекет тек еңбек қана емес еңбек кезіндегі қарым-қатынас та бола
алады) және оның өзінше бір туындысы ретінде қарастыруға болады дейді.[8]
.Н.Леонтьевтің концепциясын әрекеттің ерекше түрі ретінде қарым-қатынасқа
жасалған анализін қолданып оны коммуникативті әрекет дген терминмен атай
аламыз.Бұл пікірдің батыстық әлеуметтік психологияда коммуникативті
процессті сыртқы мінез-құлықтың көрінісі деп қалыптасқан пікірге
ұқсамайтынын атап өту керек. Қарым-қатынасты әрекет ретінде түсік
зерттеушінің бірінші орынға маңызды жағын қойып, оның қажеттілігі мен
мотивациялық аспектілерін назарға алуға итермелейді.
Қарым-қатынастың әрекеттері келесі құрылымдарға бөлінеді: Қарым-қатынас
нысанасы- ол қарым-қатынас кезіндегі субьект ретіндегі серігі, басқа адам.
Қарым-қатынасқа қажеттілік адамның басқа адамдарды тануға және оларды
бағалауға ұмтылудан тұрады. Ал ол арқылы, соның көмегімен зін-өзі тауға
және өзін өзі бағалауға қол жеткізеді. Адамдар өздері туралы және өзін
қоршаған орта туралы әртүрлі әрекеттердің арқасында қол жеткізеді. Себебі
адамдар солардың әрқайсысының бөлігі. Бірақ қарым-қатынас бұл қатынаста
ерекше орынға ие. Себебі қарым-қатынас басқа адамға өзінің нысанасы ретінде
бағытталады. Осылайша танушының өзі танылушы болып қарым-қатынасқа қатысушы
болады.
Қарым-қатынас болу үшін жасалатын шара коммуникативті мотивтер деп
аталады. Жоғарыда келтірілген қарым-қатынас әрекеті түсінігі қарым-қатынас
мотиві іске асу керек деген тұжырым. Немесе А.Н.Леонтьевтің
терминологиясы бойынша заттанады. Ол дегеніміз адамның бойындағы
қасиеттердің маңайындағы адамдарға әсер етуі. Қарым-қатынас әрекеті ол
коммуникативті әрекеттің бірлігі, өзінің объектісі ретінде басқа адамға
бағытталған толық бір акт. Қарым-қатынас әрекетінің екі негізгі
категориялары олар: ынталылық акті және жауап беру акті.
Қарым-қатынас міндеті – адамның коммуникативті әрекетінің мақсаты нақты
жағдайларда өзінің қарым-қатынас кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Міндеттің пайда болуына ересектермен қатынасы кезінде баланың әлеуметтік
актісі мүмкіндік туғызады. Баланың алдында қарым-қатынастың қандай да бір
міндеті туады ( сұраққа жауап беру, өзі сұрақ қою, осындай жағдайларда
қолайлы қарым-қатынас түрін орнату). [9]
Қарым-қатынас міндеттерінің мазмұны бір қатар шарттарға тәуелді. Бұл
шарттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі шарттарға а) баланың қарым-
қатынасты қолдануы және б) оның бұрын ол адаммен қарым-қатынас орнату
тәжірбиесі жатады. Ал сыртқы қатынасқа а) баланың ересектермен қарым-
қатынас орнайтын ортақ жағдай б) баланың жүрегінде қалып қойған серкінің
жеке қарым-қатынасы жатады. Қарым-қатынас құралы деп баланың ересектерге
сөйлеуі арқылы олардан өзіне керегін біліп алу операциясын айтады. Қарым-
қатынас құралының үш негізгі категориясы бар. Олар: Экспрессивті
-мимикалық, локомоцияның өзгеруі және нысана әрекеті, сөйлесу.
Қарым-қатынас нәтижесі дегеніміз қарым-қатынас кезінде материялды және
рухани мінез-құлықтың я болмаса құндылықтың қалыптасуы. Оларға бірінші
орында жоғарыда қарым-қатынас түсінігін талдаған кезде айтқанымыздай
ортақ нәтиже. Сонымен бірге өзара қарым-қатынас, таңдаулы жақсы көрушілік
және ең бастысы өзіңнің бейнеңнің және басқа да адамдардың, яғни қарым-
қатынасқа қатысушылардың бейнесінінің қалыптасуы. Зерттеліп отырған
түсініктің болмысын анықтау қарым-қатынастың негізгі функциясы болады.
1. Адамдардың бірігіп әрекет ету ұйымы (ортақ нәтижеге қол жеткізу үшін
ымыраға келік күштерді біріктіру)
2. Тұлғалардың арасында қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуы
( қарым-қатынас орнату мақсатында өзара әрекет ету).
3. Адамдардың бір-бірін танулары.
Бұл функциялар бір жағынан қарым-қатынастың негізгі жұмысын көрсетсе,
ал екінші жағынан адам өміріндегі қарым-қатынастың маңыздылығын көруге
мүмкіндік беріп, бұл мәселені психологиялық ғылымның барлық жүйесінің даму
барысында зерттеу қажеттілігін түсіндіреді.
Осылайша, қарым-қатынасты әрекет деп қарастырған оң нәтиже береді. Қарым-
қатынас яғни сөйлесу екі немесе одан да көп адамның өзара қатынас орнатып,
ортақ нәтижеге қол жеткізу үшін ымыраға келіп ортақ күш жұмсап әрекет
жасаулары. Қарым-қатынас субъект, объект, мотив, құрал, мақсат, нәтиже
сияқты құрылым бөліктерден тұрады. Қарым-қатынас әртүрлі функцияларды
жүзеге асырады. Ол функциялардың негізгілері: бірігіп әрекет ету ұйымы,
тұлғалардың арасында қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуы және адамдардың
бір-бірін танулары.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері
мен негізгі формалары
Баланың ересектермен қарым-қатынас орнатуы жайында қалыптасқан
пікірлердің дамуының тарихы бар. Ұзақ уақыттан бері бұл қарым-қатынаста
негізгі роль ересектердің қолында деген пікір қалыптасып, балаға ең
пассифті функция беріліп келген еді.
Алайда біртіндеп басқа көз қарас қалыптасты. К.Лоренц қалыптасқан
түсінікті жоққа шығаруға тырысып зерттеу жұмыстарын жасады. Ол өз
зерттеуінде баланы активті жаратылыс ретінде ал ересекті пассивті жаратылыс
ретінде қарастырды.
Біртіндеп баланың да ересектің де қарым-қатынаста белсенділігі бірдей
деген позиция кеңінен тарала бастады. Ос шеңберде жасалған зерттеулер
қарым-қатынастың бастапқы кезінің өзінде-еқ сәби мен ересек адам арасындағы
қарым-қатынастың белсенді және пәс болуы мүмкін екендігін көрсетті.
Мысалға, Белл балалардың дауысын зерттеуі кезінде бала 49-61 пайз жағдайда
белсенді болып шықты.
Баланың психикалық дамуындағы проблемаларды зерттеп жүрген ғалымдар
олардың қарым-қатынасы алдында өмір сүрген ұрпақтың тәжірбиесінен
тұратынын, яғни әлеуметтік мұрагелік болатынын айтады.
Ересекпен қарым-қатынас орнату баланың даму бағыты мен шапшаңдығын
анықтайды деген тезистің шын екенін балаларға қоршаған адамдардың қарым-
қатынасының жетпеуі кесірінен болған жаман зардаптары дерек бола алады.
Кейінгі жылдары психологтар госпитализмнің жаман түрі баланың денесі
мен психолгиялық дамуының кешігуі және оның мінез-құлқы мен жүріс
тұрысындағы ауытқуларды зерттеп келді. Сол кезден бастап баланың
ересектермен арадағы қарым-қатынас мәселесі де терең зерттеле бастады.
Жекеленген аспектілірдің өзгеруі қарым-қатынастың дамуындағы әр-түрлі
құрылым компоненттерін көрсететін қажеттілік, мотивтер, операциялар мен
басқалары, бірлескенде ортақ құрылымды тудырады коммуникативті әрекеттің
даму деңгейін көрсетеді. Қарым-қатынас онтогенезінің этаптары болып
табылатын бұл сапалы спецификалық құрылымды М.И.Лисина қарым-қатынас
қалыбы деп атады.[11]
Сонымен қарым-қатынас қалыбы деп белгілі бір даму кезіндегі
коммуникативті әрекетті айтады. Оны бірнеше параметрмен қарастырыды. Оның
негізгілері төменде келтірілген бес параметр:
1. Бұл қарым-қатынас қалыбының мектепке дейінгі уақыт аралығында пайда
болу уақыты;
2. Баланың тіршілік әрекеті жүйесіндегі орны;
3. Осы қалыптағы қарым-қатынас кезіндегі балалардың қанағаттанатын
қажеттіліктің негізгі мазмұны;
4. Баланың даму кезінің белгілі бір кезеңінде қоршаған адамдармен қарым-
қатынас орнату үшін қоздыратын жетелеуші мотивтер;
5. Қарым-қатынастың негізгі құралдары, оның көмегімен баланың адамдармен
коммуникациясы жүзеге асады.
М.И.Лисина баланың туғаннан жеті жасқа дейінгі кезеңінде төрт түрлі
қарым-қатынас түрі болады деп қарастырыды.
1. Оқиғалы-тұлғалық қарым-қатынас түрі.
Қарым-қатынастың бұл түрі баланың екі айлық уақытына дейін ғана
жалғасады. Кейде баланың алты айлығына дейін де жалғасып жатады.
Ситуативтi тұлғалық қарым-қатынастың ерекшелiгi ересектердiң жылы
қабағына мұқтаж баланың қанағаттануында. Сәби үшiн ересек адамның жылы
көңiлi өте қажет. Оның себебi түсiнiктi де. Барлық назары сәбиде болып
айналып толғанып жатқан ересек сәби үшiн қауiпсiздiк пен мейiрiмдiлiктiң
обьектiсi болып сезiледi. Бұны сәбилер ересек тарапынан көрсетiлетiн ең
маңызды әрекет деп түсiнедi.
Алғашқы алты айлық кезiнде ересек тарапынан көрсетiлген суық қабақ пен
енжарлық балаға ерекше әсер етедi. Сәбиде үрей мен қауiп, ренiш сияқты
сезiмдер пайда болады. Сол себептi сәбиде жауап беру мiнез-құлқы бiрден
тежелiп қалады.
Алты айға дейiнгi сәби ересек адамның интинсивтi яғни, жымыйу, сөйлесу,
еркелету сияқты көңiл күйiн тез аңғарып қояды. Алайда олардың ашулану,
шаршау сияқты терiс көңiл күйiн аңғара алмайды.
Тек алты айдан асқанда барып ересек адамның терiс көңiлiн сезедi, алайда
ол өз тарапына ондай мiнез құлықтың көрсетiлгенiне қарсы екенiн өзiнiң
әрекеттерiмен көрсетедi. Мәселен, қабақтарын түйiп алады, аулақ кетуге
тырысады, кейбiрi өкпелеп қалады немесе жылайды.
Ситуативтi-тұлғалық қарым-қатынас шеңберiнде ерсек адамның жылы қабағына
қажеттiлiк сәбидiң бойынан терiс көңiл күйге мән бермеушiлiктi оятады. Бала
ересек ұрсқан кезде тек өзiне көңiл аударылып жатқандығына ғана мән берiп,
қалғанын елемей қояды.
Тағы бiр ситуативтi-тұлғалық қарым-қатынастың ерекшелiгi коммуникативтi
әрекет шеңберiнде сәбилер ересектердiң оларға көрсеткен көңіл күйлерiн ғана
ажырата алады. Сонымен бiрге сәби ол кезде бiр ересек адамды екншiсiнен
ажырата алмайды.
Алты айға дейiнгi бала өзiне жақын ересектердi ажыратқанын бiз тек
мынандан байқай аламыз. Сәбилер жақындарын көрген кезде бөтен адамды көрген
кезден көрi қатты қуанып шаттанады. Бөтен адамдарға олар жақындарына сияқты
қарым-қатынас орнатады бiраћ көңiл күйлерiнің бұлай көтерiлуi сапаға
байланысты.
Жоғарыда келтiрiлген ерекшелiктер өмiрiнiң осы уақытында баланың
адаптациясына өте қажет. өзiндiк мiнез- құлқысы жоқ сәби өмiр сүрудi
есектер арқылы үйренедi. Баланың кез келген ересектiң оған назар
аударғанына қуана алуы балаға ересек тарапынан жағдай жасалатынына кепiлдiк
бередi.
Айтып отырған кезеңiмiзде баланың негiзгi қарым-қатынас мотивi тұлғалық
мотив болады. Бұл тұлғалық мотивтiң өте ерекше түрi. Себебi бала бұл кезде
ересектердi емiс-емiс ажырата алады. Ересектермен баланың өзiмен қарым-
қатынас орнатуының негiзгi себебi бiрлесiп дүние танудан немесе тұлға болу
мақсатындағы ортақ әрекеттен бөлек. Сол үшiн де бүлдiршiндердiң
ересектермен қарым-қатынасы олардың қандай да бiр басқа әрекетiне қызмет
көрсетпейдi. Тек мейiрiмдiлiк пен еркелету сияқты iс-әрекеттердiң алмасу
эпизодын ғана көрсетедi. Бұл қарым-қатынас орташа болып есептелiнедi.
Балалардың ересектерге қарасты қуаныштары мен назарлары шарттардың
түрленуiне пассивтi реакция заңы бойынша емес активтi акциялар ережесi
бойынша өзгередi. Ол рекция ересектердiң аз әрекет еткен кезiнде күшейiп,
көп әрекет еткендерiнде әлсiреп қалады. Сол үшiн де анасының қолында
отырған бала тып-тыныш отырады. Ал егер оны алыстан көрiп қалса өзiне келе
жатпаса да, бiр орнында тұрмай мазасы кетiп, түсiнiксiз гуiлдей бастайды.
Туылғаннан кейiн екi айдан кейiн бала ересектерге өздерiнiң
махаббаттарын көрсете бастайды. Ол махаббат анасының еркелiгiне қайтарған
жауабы ғана емес, ынтасымен жақсы көре бастайды. Тiрiлу комплексiнiң
құрамына кiретiн компоненттер қоршаған ортадан баланы ересек адамнан
ажыратуға мүмкiндiк бередi. Ол ересек адаммен мимикасымен яғни күлкiсiмен
сонымен бiрге өзiне тән дыбыстаумен яғни гулеумен қарым-қатынас жасай
алады. Оған қоса сәби саусақтарын, денесiнiң басқа да мүшелерiн қозғалту
арқылы ересек адамды қарым-қатынасқа шақыра алады.
2. Қарым-қатынастың оқиғалы-iскерлi формасы
Қарым-қатынастың бұл түрi екiншi онтогенезде пайда болып, алты айлық
кезден үш жасқа дейiнгi аралықты қамтиды. Балалардың нысанды-манипулятивтi
әректi алдыңғы әрекет болып табылады. Балалардың ересектермен қатынасқа
келуiнiң негiзгi себебi олардың ортақ iстерiмен байланысты. Сол үшiн де
барлық мотивтердiң арасынан iскерлiк мотив жоғары қойылады. Бала үшiн
ересектiң заттармен не iстейтiнi өте қызық. Сондықтан да бала үшiн
ересектер заттарды шебер қолдана алатын нағыз шебер ретiнде қарайды.
Бала өзi қиналған сәттерде, жеңiлiп қалған кездерiнде, ересектердiң
көмектескендерiн, ал жетiстiкке қол жеткiзген кезiнде мақтағандарын қатты
қажетсiнедi. Оқиғалы-iскерлi қарым-қатынас кезiнде балаларға ересектердiң
үнемi мейiрiмдi болып, қолпаштаулары өте қажет. Бiрақ бұнымен ғана шектелiп
қалмау керек, бала әрбiр iс-әрекетiнде ересектердiң қатысқанын қалайды.
Оқиғалы-тұлғалы қарым-қатынас кезiнде сәбидiң өз өмiрiне үйренуiне
қандай маңызды болса, оқиғалы-iскерлi қарым-қатынас та баланың ерте кездегi
өмiрiнде өте маңызды. Ересектермен тығыз байланыс жасау арқылы жылы
қатынасқа бөленген бала қалыптасып қойған қоғамдық-тарихи нысаналардың
құпияларын ашуға және ол нысаналарды немесе заттарды-не үшiн жаратылғанына
байланысты қолдануға мүмкiндiк алады. Ересек адамға деген үйренушiлiк
балада оған деген елiктеуiштiктi тудырып, оны үлгi тұта бастайды. Бұл
табиғи құбылыс. Ересекпен тiкелей қатынасудың арқасында заттарды қалай
дұрыс қолдану керек екенiн үйренедi. Ересек адамның оның тарапына жасаѕан
ескертпелерi мен мақтаулары ол үшiн үлкен мәнге ие болады.
Оқиғалы-тұлғалы қарым-қатынас кезеңi дегенiмiз баланың заттармен
спецификалық емес манипуляциялауынан спецификалыққа жақын әректтерге, сосын
барып заттармен мәдени әрекеттене бастауы.
3. Қарым-қатынастың ситуациядан тыс танымдық формасы.
Мектепке дейiнгi баланың алғашқы жылдарында баланың бойынан
коммуникативтi әрекеттiң үшiншi формасын байқауға болады. Қарым-қатынастың
екiншi түрi сияқты бұл қарым-қатынас та бала ересекпен практикалық серiктес
емес ортақ танымдық әрекетте болады. Тiптi бұл кездi теориялық серктестiк
немесе бiрлестiк деп айтуға болады. Мектепке дейiнгi бала көп те аз да
бiлгiсi келедi яѕни өзiне қажеттiсiн ғана бiлгiсi келедi. Мәселен, бұл әлем
қайдан пайда болды, қалай пайда болды, табиғаттағы өзара байланыс қайдан
келдi, заттарда қандай құпия бар деген сияқты сұрақтар төңiрегiнде бiлгiсi
келедi.
Бiрақ бұл мәселелрдi жалғыз өзi танып бiлу үшiн баланың мүмкiндiктерi
шыктеулi. Тығырықтан шығуға көмектесетiн жалғыз жол ол айналадағы
ересектермен араласу, сөйлесу. Балалар өздерiнiң бiтпейтiн неге деген
сұрақтарын ересектерге қарша боратады. Сол үшiн де қарым-қатынастың үшiншi
формасында танымдық мотив iлгерiлейдi.
Ендi ересек адам баланың көз алдында басқандай қалыпқа енедi. Бала оған
барлығын бiлетiн, күмәндарын сейiлтетiн керек информациямен қамтамасыз
ететiн тұлға ретiнде қарай бастайды.
Теориялық серiктестiк кезiнде бала дүниеге келгеннен бастап ересек
адам мен бала арасындағы әрекеттен ада мәселелер талқылынатын болғандықтан
қарым-қатынас оқиғадан тыс сипатқа ие болады. З.М.Богусловская мен
Б.О.Смирнованың айтуларынша мақтау сөз мектеп жасына дейiнгi баланы қатты
қуантады екен. Өз тарапына мақтау сөз естiген бала қуаныштан айқайлап,
секiрiп, қол шапалақтайды дейдi ғалымдар. Бiрақ сәл ғана кейiс бiлдiрсңiз
бала оны көтере алмай қалуы мүмкiн. Ол бiрден дауласып, ренжiп, тiптi жылап
та қалулары мүмкiн. Қарым-қатынастың ситуациядан тыс танымдық формасы үшiн
балангың ересектердiң өздерiн силауларын қалайтындығы тән. Бала әрдайым тек
мақтау ғана естiгiлерi келедi, өздерiнiң тарапына айтылған ескертпелердi
мойндағылыры келмейдi. Ескертпелердi олар қарсыластың көрсеткен ренiшi деп
түсiнедi.
Балаларда ситуациядан тыс танымдық формасы кезiнде қарым-қатынастың
негiзгi құралы тiл болады. Тек сөйлесу ѕана баларға шектелген жағдайдан
шексiз қоршаған әлемге шығуға мүмкiндiк бередi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларда белсендiлiктердiң iшiндегi ең
маңыздысы ойын болады.
Ойынның алғашқы этаптарында балалар оның сырт келбетiн ересектердiң
қимылына ұқсатқылары келедi. Ересектерге елiктеп ойнауды бастайды. Сол
үшiнде олар ойын барысында ересектердi еске түсiретiн зеттарды я болмаса
қимылдарды қолдануға тырысады. Бұлай ойнау балаға адамзаттың қолданып
жүрген заттарын толық түсiнуге мүмкiндiк бередi. Осындай тәсiлмен
балдырған адамзат мәдениетiнен алғаш хабарлар ала бастайды. Осылайша
танымдық қарым-қатынас баланың ойынымен тығыс байланысып кетедi.
Белсендiлiктiң бұл екi түрiнiң араласуы баланың қоршаған орта туралы
түсiнiгiнiң кеңеюiне жағдай жасайды.
4. Қарым-қатынастың оқиғадан тыс тұлғалық формасы.
Мектеп жасына дейiнгi баланың соңғы жылдарында балада қарым-қатынастың
соңғы, төртiншi, уақиғадан тыс тұлғалық формасы пайда болады.
Төртiншi формадағы қарым-қатынастың тұлѕалық мотивi коииуникативтi
әрекеттiң басқаларға қарағанда мүлдем бөлек сипатқа ие. Ересек адам баланың
көз алдында беделi өсе түседi. Ол үшiн ересек адам өмiрлiк тәжiрбиесi мол,
дарынды тџлѕа болады. Мектепке дейiнгi жастаѕы балаѕа жеке тџлѕа немесе
абстрактiлi тұлға ғана емес, нақты тарихи немесе әлеуметтiк тұлға, қоѕамның
белсендi мүшесi болып көрiнедi.
М.О.Смирнованың зерттеулерi бойынша мектеп жасындағы балалар қарым-
қатынастың танымдық мотивiн таңдайды екен. Олар көбiнеки табиғат, жан-
жануар, заттар туралы әңгiмелегендi жақсы көредi екен. Ал мектепке дейiнгi
жастағы балалар тұлғалық мотивтi таңдайды. Олардың қызықушылығы адамдар
болғандықтан әңгiмелерi де солардың төңiрегiнде болады. Олар көбiнеки
өздерi, ата-анасы, достары туралы айтып бергендi, ал ересектерден олардың
өмiрлерi, жұмысы , отбасы туралы сұрап бiлгендi жақсы көредi. Қарым-
қатынастың төртiншi формасында да балалардың ересектермен қатынасы
теориялық сипатқа ие болып, танымдық әрекетпен ұштасып жатқанымен, бұл
жерде баланың заттарға емес адамдар әлемiне көп назар аударатыны
байқалады.
Мектепке дейiнгi жастағы балалардың үлкендерiнде ересектерден тек жылы
көңiлдi ғана қалыптастыруды емес өзара түсiнiстiк пен алаңдаушылықты да
қалыптастыруға ұмталатынын байқауға болады. Коммуникативтi қажеттiлiктiң
жаңалығы сол, бала ендi тек мақтауды ғана талап етпейдi, ол үшiн ендi
маңыздысы дұрыс я дұрыс емес екенiн бiлу. Яғни ол өзiнiң қателiк iстегенiне
кейiсе де, сол қателiгiн түзету керек екенiне келiсiп, қателiгiн түзетуге
тырысады. Ол ересектердiң дәрежесiне жету үшiн барлық қателiктерiн түзетуге
күш салады. Өздерiнiң позицияларымен ересектердiң позициялары сәйкес
келетiн болса ол бала үшiн қандай да бiр iстi дұрыс жасағанының белгiсi
болады. Бұл кезде бала дауласуға асықпайды. Алдымен ол ересектердi түсiну
үшiн мұқият тыңдап алады. Ол үшiн ең маңыздысы, ересек неге олай, неге
басқалай ойламайтынын түсiну.
Қарым-қатынасытың жаңа формасы мектепке дейiнгi жастағы баланың ойнайтын
ойындарының деңгейiмен тығыз байланысты. Бала ендi маңайында болып жатқан
оқиғалардың заттық жағына аз мән берiп, оның орнына жанұяда қалыптасқан
қарым-қатынастың қиын түрiне қызығып, соған көп мән бере бастайды. Оны
адамдар арасындағы қарым-қатынас қызықтырады.
Ересек адамдармен араласқан кезде бала өзiнiң ойынына жаңа материял
iздейдi. Сол үшiн ол үлкендердiң жүрiс-тұрысына, мiнез-құлқына, өзара қарым-
қатынас кезiнде жiтi қадағалайды.
Оқиғадан тыс түлғалы қарым-қатынастың маңыздылығы сол, соның арқасында
бала ересектi ұстаз ретiнде танып, бiртiнедеп өзiнiң шәкiрт екенiн
түсiнедi.[12] Осылайша, баланың еректермен арасындағы қарым-қатынасты төрт
формаға бөлуге болады -оқиғалы тұлғалы, оқиғалы ісскерлi, оқиғадан тыс
танымдық және оқиғадан тыс тұлғалы. Осылардың барлығы бiрiгiп баланың
дамуының динамикасын көрсетедi.
Құрдастар тобындағы баланың өзара қарым-қатынас ерекшелiктер Мектепке
дейiнгi балалалық шақ баланың тұлға болып қалыптасу кезеңi. Бұл кезде өсiп
келе жатқан адамның психикасы, әлеуметтiк жүрiс-тұрыстың әдетi қалыптасады.
Дәл осы кез басқа адамдарға деген мейiрiмдiлiк сезiмдердiң қалыптасуына өте
қолайлы. Бұлай қалыптасудың негiзi тек үйренiп және бiлiм алып қана қою
емес, сонымен бiрге баланың өмiрлiк позициясының өзгеруi. Және де қоршаған
адамдармен жаңа қарым-қатынас орнатуы мен жүрiс-тұрыста жаңа мотивтердiң
қалыптасуы да оның негiзi бола алады,-дейдi А.В.Запорожец.
Ересектермен қарым-қатынас ерте пайда болып, қалыптасады. Бұл кейiн
баланың өзiмен жасты балалармен қарым-қатынас орнатуына өзiндiк ерекше
көрiнiстер бередi. Яғни баланың өзiмен жасты баламен қалай арасаласытыны
сол қатынастарға байланысты болады.
Бұл жастағы балаға тәрбиешiшiнiң педогогикалық ықпалы (әсерленгiштiк,
иланушылық, қызбалық яғни эмоцияға тез берiлушiлiк) аса зор. Тәрбиешiнiң
немесе ересек адамның эмоцианальды бағалауы бала үшiн өте маңызды. Мектепке
дейiнгi жастағы баланың топтағы орны, көңiл күйi, әлеуметтiк орны қандай
болатыны дәл осы эмоционалды бағалауға тәуелдi болады. Баланың баламен
бала жүйесiндегi қарым-қатынас кешiрек пайда болады. Ол қоршаған
адамдармен қарым-қатынасқа түсудiң екiншi саласын құрайды.
Егер қарым-қатынастың бiрiншi саласында (бала-ересек) психикалық дамудың
бағыты мен мазмұны қарастырылса, екiншiсiнде баланың өзiн-өзi дамыту шарты
пайда болады. Бұл өзiмен жасты баланың серiк болатындығынан. Жасты бала
қарым-қатынаста өзiмен тең болады. Бұл балаға өз мүмкiндiктерiн ешқандай
шектеусiз ашуына жағдай жасайды. Ол өзiмен жасты баламен белсендi әрекет
жасау арқылы оны тануға мүмкiндiк алады. Жасты бала оған айна iспеттi.
Өзiн және маңайдағылырды тану нүктесi сияқты.(13)
Жасты балалардың қарым-қатынас мәселесiн зерттеудiң тарихы бай. Бџұ
тақырып бойынша Я.Л.Коломинский, М.И.Лисина, Т.А.Режина сияқты ғалымдардың
зерттеу жұмыстарында егжей-тегжейлi анализ жасалған.
Мектепке дейiнгi балалардың қарым-қатынасын зерттеу бойынша былай деп
бөлiп қарастыруға болады:
баланың психикалық және тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас рөлiн зерттеу.
онтогонез процессiнде жасты балалармен қарым-қатынастың қалыптасуын
зерттеу.
әртүрлi әрекеттердiң қалыптасуы мен даму тұсындағы қарым-қатынастың
мiндетiн зерттеу.
балар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу.
Басқа балалармен қарым-қатынастың қажеттiлiгiнiң пайда болуы, қарым-
қатынас құралы мен мотивтерi, оның жемiстерi М.И.Лисина және оның
әрiптестерiмен терең зерттеген болатын. Мектепке дейiнгi балалардың
өздерiмен жасты балалармен қарым-қатынастың даму кезеңдерге бөлiндi. Олар
қарым-қатынасқа қажеттiлiк мотив, форма және қарым-қатынас қарым-қатынастың
қалай өзгеретiнiн көрсетiп бере алады.
Р.А.Смирнованың зерттеулерi балада мейрiмдi көңiл мен серкітестiкке
қажеттiлiк болатынын көрсеттi. Мектепке дейiнгi жастағы баланың соңғы
кезеңiнде ортақ уайымдауға қажеттiлiк туады.
В.С.Мухинаның зерттеулерi болса, мектепке дейiнгi жастағы баланың
ересектермен болған қарым-қатынаста пайда болған шындыққа қажеттiлiк
болатынын көрсетедi. Коммуникативтi қажеттiлiктiң даму деңгейi бар нақты
бiр жас кезеңiнде баланы осында қарым-қатынасқа итермелейдi. Бұл қатынас
оның осы қажеттiлiктерiн қанағаттандаратын едi. Бұндай механизмге
балалардың өзара жақсы қарым-қатынас орнатудың негiзi болады дейдi
М.И.Лисина. Бiрқатар авторлардың зерттеу обьектiсi балалардың өзiмен жасты
баламен қарым-қатынаста туатын қиындық болып отыр.
Баланың өзi туралы пiкiрi мектепке дейiнгi жастасында ересектер мен
өзiмен жасты балалардың келбетiнде болады. Яғни бала өзiн тура солар
сияқтымын деп ойлайды. Құралпас балалармен араласу тек салыстыру функциясын
ғана орындап қоймай, бiрiн бiрi бағалау құралы бола алады. Бұл жағдайда
А.И.Сильвестрдiң зерттеу жұмыстары қызық жайттарға ерiксiз назар
аудартады. Зерттеу кезiнде баланың құралпас баламен араласқан кезде өзi
туралы төмен пiкiрде болатыны белгiлi болды. Өзiн төмен санаған балалар
бiрден тiл табыса алмай, тез өкпелеп, өздерiнiң күшiне сенбей, тұйық болған
екен.[17] Өзi туралы жоғары пiкiрдегi балаларда сабырсыздық болатыны
байқалыпты. Ондай балалар iстеген әрекетi сәтсiз болып шықса бiрден ренжiп
қалады.
Кез келген кiшкентай топтарда топ мүшелерi арасында ерекше тартымды
бiреу болатыны психологияда кеңiнен мәлiм. Бұл құбылыстың мектепке дейiнгi
жас аралығында пайда болатынын жасалған бiраз зерттеу жұмыстары дәлелдедi.
Бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасаған кезiнде таңдау жасайтындығы балалардың
өте кiшкентай кезiнен байқалады. Мектепке дейнгi жасты балалардың қарым-
қатынасы қиын жүйе.
Көптеген ғалымдар достық қарым-қатынас кезiнде табысқа қол жеткiзуiне
баланың жекелеген ерекшелiктерi маңызды дейдi. Негiзiнен ол ерекшелiктер
баланың достарымен қарым-қатынас кезiндегi стилiн көрсетедi. Олар
мейiрiмдiлiк, көңiл аудару, сабырлылық, және ойындарды ойнай алуда мықты
болу.
Эксперименттік жұмыстарда топтық қарым-қатынас жүйесiндегi баланың
сандық жағдайы социометрлiк статуста көрсетiлген топтың мүшелерiнiң қарым-
қатынасы қалаудан туатыны да айтылады. Социометрлiк статустың жоғары болуы
баланың өзiмен құралпас балалардың арасында беделдi және атақты екенiн
көрсетедi.
Атақты бала дегенiмiз басқа балалар онымен ынтамен араласады деген сөз.
Оған басқаларға қарағанда қаратпа сөздердi жиi айтылады, оның барлық
ұсынысын құптайды, я болмаса жауап бередi. Ол баланы бәрi жақсы таниды,
оның өмiрi туралы бiр-бiрiне айтып бередi. Оның қолынан келетiн шеберлiгi
туралы бiр-бiрiне әңгiмелеп, ерекшелiктерiн бағалайды. Оны тек жақсы
амалдар ғана iстей алады деп ойлайды. Топтың статустық құрылымы балаларды
жағдайы жақсы немесе жағдайы төмен деген статустi позициялармен кiшкентай
топтарға бөледi. Бұл жағдай да психологтардың зерттеу обьектiсi болып отыр.
Балалардың өздерiнiң арасынан бiреудi сайлаулары топта қалыптасықан
бағалау қарым-қатынас жүйесiнiң қалыптасуымен тығыз байланысты. Мектепке
дейiнгi балаларда құндылық ұғымының өзiндiк жљйесi бар екенi аныћталады.
Осылайша, бұл мәселенi шешу үшiн кейбiр шараларды қарастыруға болады.
1. Балалардың бағасы әлеуметтiк психологиялық бiлiм ретiнде қарастырылады.
Олардың өз-ара қарым-қатынасын белгiлеп, оны дербес сфера ретiнде
көрсетедi. Балалардың өздерiн бағалаулары ересектердiң бағалауларымен
жанасып жатады. Және де тек жасты балармен қарым-қатынасын ғана емес
ересектермен де қарым-қатынасын көрсетедi.
2. Балалардың бiр-бiрiн бағалаулары қарым-қатынасты бақылау мен түзеу
тәсiлi сияқты.
3. Балалардың бiрiн-бiрi бағалаулары олардың тұлғасының жақсы жақтары мен
рухани дамуының көрсеткiшi сияқты. Жоғарыда қарастырылған балардың
бағалауларының аспектiлерi өзара тығыз байланыста. Сол арқылы топта болып
жатқан бағалау қарым-қатынастың көрiнiсiн айқындай аламыз. Зерттеушiлердiң
көпшiлiгi балалар арасындағы әртүрлi қарым-қатынастың қалыптасуының негiзгi
факторы ретiнде өзара әрекеттiң сәттi дамуында дейдi.
Мектепке дейiнгi жастағы баланың әрекетiнiң негiзгi көрсеткiшi ол
ойын. Я.Л.Коломинский балалар арасында жақсы қарым-қатынастың орнауына ойын
ойнаудың маңызын зерттей келе, дәл рольдiк ойындарда мектеп оқушылырының
қарым-қатынас жүйесi қалыптаса бастайды деген пiкiрге келдi. Ересектердiң
қарым-қатынасы мен әрекетiн модельдейтiн бұндай ойын әрбiр балада жақын
зона психикасын ғана тудырмай, балалар коллективiнiң жақын зонасының дамуын
тудырады.
Осылайша, баланың өзiмен жасты балалармен қарым-қатынас орнатулары кеш
пайда болады. Бiрақ ересектермен қалыптасқан қарым-қатынастан көрi жемiстi
болады. Бала тұлғаның қалыптасыуына септiгiн тигiзедi. Ол баланың
белсендiлiк таныту, жекеленген тұлғалық мiнез қалыптастыру өзiн және өзiмен
жасты балаларды тану сияқты өзiн өзi дамыту процесiне әсер етедi.
1.3 Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық дамуындағы жанұялық
қарым- қатынастың маңызы
Әрбір адамның өмірінде ата ананың орны ерекше. Олар балаға жүріс
тұрыстың жаңа үлгісін береді. Солардың көмегімен ол өзін қоршаған әлемді
таниды. Ол барлық іс әрекетінде соларға еліктейді. Бұл тенденция баланык
ата анасымен арасындағы жағымды эмоционалды байланыстардың арқасында күшейе
түседі. Бала әкесі мен анасына ұқсауға тырысып бағады. Балаға үйреткісі
келетін барлық адами қасиеттерді өз әрекеттерімен тырысатын болады. Бұндай
тәрбие процессін саналы деп айтуға болады. Себебі басқа адамдармен қарым
қатынас кезінде өзін өзі қадағалау жанұяға үлкен мән беру баланы қолайды
жағдайларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осындай жанұяда бала жан жақты
болады.
Жанұя ересектерге бала тәрбиелеу арқылы ғана ықпал етпейді. Жанұяда
әртүрлі ұрпақ өкілдерінің ара қатынасы үлкен роль атқарады. Жанұя кішкентай
әлеуметтік топ болғандықтан, өзінің мүшелеріне ықпалын тигізеді. Олардың
әрқайсысы жеке ерекшеліктерімен өздерінің жүріс тұрыстарымен жанұя өміріне
әсер етеді. Бұл кішкентай топтың жекелеген мүшелері, оның басқа мүшелерінің
рухани құндылықтарының қалыптастыруына және бүкіл өмірлік қағидаларымен
мақсаттарының қалыптасуына ықпал ете алады.
Жанұя тұлғаның дамуында үлкен маңызы зор. Оған туысқан, жақын адамдардан
тұратын кішкентай топтың өміріне араласа алмайтын бала яғни жанұясы жоқ
бала көп нәрсені жоғалтады, әсіресе бұл жанұядан тыс балалар үйінде немесе
сол сияқты жерлерде тәрбиеленіп жатқан кішкентай балаларда қатты байқалады.
Бұл балаларда тұлғалық даму жанұяда тәрбиеленіп жатқан балаларға қарағанда
өзгеше болады. Бұл балалардың ақыл-есімен әлеуметтік дамуы кешігіп жатады,
ал эмоциялық дамуы тежеліп қалады. Ересек адаммен де дәл осындай жағдай
болады. Жекелеген қатынастардың аз болуы жалғыздықтың болмысы болып келеді.
Ал бұл көптеген теріс құбылыстардың көзіне айналып тұлғаның күйреуіне
әкеліп соғады.
Көптеген адамдардың жүріс тұрыстарына басқа адамдардың қатынасы әсер
ететіні бегілі. Көптеген адамдар басқа адамдардың көзінше өздерін жеке
қалған кездегіден өзгеше ұстайды. Егер адам достық қатынасты сезетін болса.
Ол адамда осындай әрекеттерге деген стимул пайда болады. Ал ол өз алдына
қоршаған адамдардың қолауын тауып оған жақсы жағынан көрінуге көмектеседі.
Егер адам қастық қатынасты сезетін болса, ол адамда қасарысушылық пайда
болады. Ол бар күшін салып қасарысатын болады. Жақсы тәрбие көрген адам
бұндай қастықты саналы күрес арқылы жеңеді.
Достық қарым-қатынас орнаған кішкентай топтарда, коллективтің тұлғағаға
үлкен ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе рухани құндылықтардың қалыптасуында,
жүріс-тұрыс үлгілерінің, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуынан
көрінеді. Жанұя кіші топ ретінде өзінің ерекшелігінің арқасында өзінің
мүгешелерінің эмоциональді қажеттіліктеріне жағдай жасайды. Ол адамның
қоғамға қажет екенін сезінуне, сол арқылы басқа адамадарға көмек көрсеткісі
келетін сезімдердің оянуына көмектеседі.
Ата-ананың ролі жан-жақты. Ата-ана баланың өмірлік позициясын таңдауына
ықпалы зор болғандықтан, үлкен жауапкершілікке ие. Баланың дүниеге келуі
және оның дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету жанұялық өмірдің қандай
да бір ұйымдасқандығын талап етеді. Баланы асыраудан басқа, ата-ана баланың
тұлға болып қалыптасуында да ролі жоғары. Баланың гармониялық дамуы тек
ата-ананың әрқайсысы белсенді әрекетімен және қатысуына ғана байланысты
емес. Олардың тәрбиелеу кезінде бір-бірімен бір келімге келулеріне
байланысты. Ата-ана бір ымыраға келмей баланы әрқайсысы өз жақтарына
тартқылайтын болса, бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай есі
шығады. Онымен қоймай ата-ана арасындағы ымыра бұзылып, ұрсысып жатса, оның
үстіне бұның бәрі соның кесірінен болып жатқан күнде естіп жүретін болса,
ондай бала өз өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Бұндай жағдайда ол
өзін қауіпсізмін сезінбейді. Бұдан келіп балалық үрей туады. Бала қорқақ
болып, тіпті жүйке ауруна шалдығуы мүмкін. Бада үшін жанұя мүшелерінің ара-
қатынасы өте маңызды. Әсіресе ересектердің оған деген қарым-қатынасы қандай
екенін сезіну ерекше маңызды.
Ата-ананың балаға деген эмоциональді қарым-қатынасының сипатын ата-
аналық позиция деп атауға болады. Бұл фактордың басымдықтан бастап толық
бей-жайлыққа дейін бірнеше вариациялары бар. Оларды балаға үнемі телу де,
балаға мүлдем қармай қою да балаға зиян. Бала саған өз тарапынан жылылық
көрсеткісі келген ата-анаға баламен қатынасты дұрыстап алу өте маңызды.
Баланы тым еркелетіп те, тым өзіңнен алыстатып та қажеті жоқ. Баламен
арадағы қарым-қатынас еркін болу керек. Бала шынымен нені қалайды соны
түсінуге тырысу қажет. Және сол қажеттіліктерді беруге ұмтылу керек. Балаға
тек бұйрық беріп, немесе тек оның айтқандарын істей бермеу қажет. Белгілі
бір деңгейде оған еркіндік яки тәуелсіздік беріп, дұрыс емес жақтарын
көрсетіп отыру қажет. Баламен ортадағы қатынастың бұзылғанын шамадаг тыс
агрессивті болудан немесе баланың мінез-құлқын толық түзеуге күш салудан
байқауға болады.
Өте ерте жастан бастап баданың даму прцессінің дұрыс болуы бірінші
орында ата-ананың мейіріміне байланысты. Кішгкентай бала ата-анасынан
ойлауды, сөйлеуді, түсінуді, өзінің реакцияларын қадағалауды үйренеді. Ата-
анасының тұлғалық үлгілерінің арқасында ол басқа жанұямүшелерімен қалай
араласк керек екенін үйренеді. Қалай жақсы көру керек, кімнен аулақ болу
керек, кіммен санасу керек, кімге өзінің симпатиясын я болмаса антипатиясын
көрсету керек, қай кезде өз реакцияларын ұстап қалулары керек деген сияқты
қатынастарды бала бірінші орында ата-анасынан үйренеді. Жанұя баланы
қоғамда болашақ жеке өмір сүруге дайындайды. Ол рухани құндылықтарды,
моральді нормаларды, жүріс-тұрыс үлгілерін, салт-дәстүр, өзі өмір сүріп
жатқан қоғамның мәдениетін дәл осы жанұядан үйренеді. Ата-ананың келісіліп
жасалған тәрбие тәсілдері баланы аламгершілік қасиеттерге сай өзінің сезімі
мен әрекеттерін басқара алуға үйретеді. Балада құндылықтар әлемі
қалыптасады. Бұнлай жан-жақты дамудың барысында ата-ана өздерін үлгі
ретінде көрсетіһу арқылы балаға үлкен көмек көрсетеді. Алайда кейбір ата-
ана өздерінің балаларының жүріс-тұрысын қиындатып, тежеп, тіпті бұзылуына
себеп болып жатады.[28]
Тұлғалық үлгі ата-ана болған жанұяда тәрбиеленген бала келесі әлеуметтік
рольдерге дайындық алады: әйелдер немесе еркектер, әйелі неме күйеуі, ана
немесе әке. Онымен қоймай әлеуметтік қысым өте күшті. Балаларды әдетте
оның жынысына қарай мақтайды, ал ұрсіанда қарсы жынысқа зиян тигізгенде
даттап, ұрсады. Дұрыс жыныстық тәрбие, өзінің жынысына тән сезімнің
қалыптасуы тұлғаның ары қарай дамуының бірдін бір негізі болады.
Дұрыс мақтау, қолпаштаулар көрсету арқылы адамды тұлға ретінде тез
қалыптасуына себеп болуға болады. Егер балаға жазалау керек болатын болса
онда оның намысына тиіп кетпейтіндей әділ жазалау қажет. Бала ата-анасы
жазадап жатқан кезде не үшін жазалап жатқанын өзі түсінуі қажет. Егер
баланы тым қатты жазалап қойса балада қорқыныш немесе ашу сияқты сезімдер
пайда болуы мүмкін. Балаға қол жұмсалатын болса онда балада кез келген
ұнамсыз нәрсені күшпен жеңуге болады екен деген теріс пікір қалыптасуы
мүмкін.
Баланы. жүріс-тұрысы көбіне үйдегі көрген тәрбиесіне байланысты болады.
Осылайша, ересектер тарапынан көретілегн теріс яки дұрыс қатынас балада
өзін өзі бағалауы қалыптасады. Өзін өзі бағалауы төмен балалар өздеріне
көңілі толмай жүреді. Бұл ата-ана көп ұрсып баласының алдына тым жоғары
мақсаттар қоятын жанұяларда болатын жағдай. Онымен қоймай ата-анасының бір-
бірімен тіл табыспай жүргендерін көрген бала, оған өзін кінәлайды.
Нәтижесінде өзін өзі бағалауытөмендеп кетеді. Бұндай бала өзін ата-анасының
қалауына мүмлдем сәйкес келмейтін сияқты сезінеді. Бірақ тым тәкәппарлық
деген де проблема бар. Әдетте тәкаппар балалар не бүлдірсе де бәрән аузына
тосып, мүлдем жазаламайтын жанұялардан шығады. Өзін дұрыс бағалай алмайтын
бала кейін өзіне де маңайындағыларға да қиындық тудырып жатады. Сондықтан
да ата-ана өз балаларының бойында қалыпты бағалаудың қалыптасуына тырысу
керек. Бұд жерде жазадау мен мақтауда сақтық танытқан жөн болады. Баланың
көзінше таң өалып тым мақтауға болмайды, және тым қатал жазаны да қолдануға
да болмайды.
Өзін өзі бағалаумен қатар ата-ана талаптану деңгейін де береді.
Талаптың жоғары деңгейіне ие, өзін өзі бағалауы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz