Азаматтық қоғамның негіздері және компоненттері


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
I. Тарау. Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конститутциялық негіздері: . . . 7
1. 1. Азаматтықтың жалпы мәселелері . . . 7
1. 2. Адам мен азаматтың конститутциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттер жүйесі . . . 18
1. 3. Қазақстан Респуьликасындағы шет елдік азаматтардың құқықтық жағдайлары . . . 25
II. Тарау. Азаматтық қоғамның негіздері және компоненттері . . . 27
2. 1. Азаматтық қоғамның анықтамасы . . . 27
2. 2. Азаматтық және демократия . . . 30
2. 3. Азаматтардың қатысуы . . . 32
2. 4. Азаматтық қоғамның бірігуі . . . 34
2. 5. Азаматтық қоғамның компоненттері . . . 37
III. Тарау. Қазақстандағы азаматтық қоғам . . . 48
3. 1. Қазақстандағы азаматтық қоғам тарихы . . . 48
3. 2. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның құрылуы . . . 52
3. 3. Мәдениет және азаматтық қоғам . . . 53
3. 4. Дін және азаматтық қоғам . . . 55
Қорытынды . . . 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 62
КІРІСПЕ.
Қазақстан қол жеткізген ХХ ғасырдың соңындағы жеңістерді ұстап қалу үшін, азаматтық қоғамды жетілдіруге құқықтық ролі ерекше зор экономика мен мәдениетті дамытуға, қоғамдық қатынасты нығайтуға, қоғамның мүддесін, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқық елеулі түрде ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы заңдары қоғамдық қатынастарды жөнге келтіріп, реттеп, қоғам мүддесіне зиян келтіруге әректтерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жүргізуге бағытталған. Сондықтан да жеке тұлғалар Қазақстан Конститутциясының, Қазақстан Заңдары қағидаларын, талаптарын терең түсініп, мүлтіксіз орындайды, өздері ғана орындап қоймай заңдарды жүзеге асыруға ат салысады. Қоғамдық тәртіпті сақтауда басқа да заң бұзушылықпен күреседі. Азаматтардың белсенді қатынасуы қазіргі кезде ерекше маңызға ие. Жеке тұлғалар, азаматтардың борыштарына, міндеттеріне неғұрлым сапалы түрде қараса, соғұрлым мемлекет, қоғам және жеке тұлға ара-қатынасының нәтижесі жемісті болмақ.
Қазақстан Республикасында 1995 жылы 30 тамызда Референдум арқылы конститутция қабылданды, ол Президенттік басқару билігін бекітті. Жаңа Конститутцияда « Адам және азамат » деген ерекше бөлім бар. Ата Заңымыздың 12 бабының 1 тармағында « Қазақстан Республикасында Конститутцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі » - деп атап өтілген 1 .
Қазіргі кезең - ірі тарихи өзгерістер заманы. Қазақстан Республикасының халықтары тарихи дамудың жаңа серпінінде өркениетті демократиялық қоғамды бірден батыл таңдап алды.
Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында « Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтың экономикасы мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те - үлгерген уақытта құру үстіндеміз»
Диплом жұмысының тақырыбын таңдауда « Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам мәселесіне » тоқтаған себебім осы қоғамдық құбылыстардың кәзіргі таңда да өзекті мәселе екендігіне де көз жеткізу. Сондықтанда жұмыс мазмұны « адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конститутциялық негіздері », « Азаматтық қоғамның негіздері және компоненттері », « Қазақстандағы азаматтық қоғам » деген тарауларға бөлініп қарастырылды.
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән - маңызын айрықша күшейтеді. Тауарлық ақшалық ( мүліктік ) және басқару қарым - қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конститутциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның конститутциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек және қылмыстық құқықтық салаларының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылды.
Азаматтық тәрбие идеясы азаматтық қоғамның өзі тәрізді баяғы заманнан бері келе жатқан көне ұғым, оның мәні - қоғам мүшелерінің өзара үйлесімді өмір сүруге тырысуға баулу, соған тәрбиелеу. Бұның бүгінгі таңда яғни қай кездегіден гөрі, мүмкін қауіп - қатері көбірек, мәселелері де молырақ жаңа заман жағдайында маңызы өсіп отыр.
Өзіміз ғұмыр кешіп отырған елдің белсенді һәм игілік өндіруші мүшесі болу үшін біздер қоғамның бізге қандай үміт артатынын білуіміз қажет; сыртқы дүниенің сырына қанығып, өз қажыр - қайратымызды қай мақсатқа жұмылдыруымыз қажет екенін анық аңғаруымыз шарт. Азамат болу үшін өз мемлекеттігіне ие әлдебір туу жеткілікті деп ойлау жаңсақтық боларт еді.
Азамат болу - өз құқықтарыңды және сонымен қатар, өз міндеттеріңді саналы да сындарлы түрде ұғыну. Адамдар тумысынан ажырамас болып табылатын әлдебір құқықтарға ие болатыны сөзсіз. Алайда оларды қорғайтын заң шығарушы жүйелер жұмыс істемесе, ондай құқықтардың құны жоқ. Уақыт ағымымен бірге дамып отырған күрделі саяси құрылымдар жүйесі өзіңді һәм өзгелерді зорлық зомбылықтан сақтап қана қоймайды, өз біздің әрқайсысымызға өз дарынымызды жетілдіріп, баянды бақыт табуымызға жол ашады.
Қоғам аясында қызғылықты жағымды да ұнамды өмір сүруге мүмкіндік бар. Қоғамның табысты өркендеуі үшін, сол қоғамның мүшелері саналы да мақсатты түрде әлеуметтік игілікке талпынуы шарт екені белгілі. Адамдар өздерінің саяси жүйелерін талай ғасырлар бойы ұйымдастырып келеді, және бұл жолда сан түрлі әдістерді пайдаланып көрдік.
Азаматтық саяси өмірге қатысты болуы мен бірге, жеке өмірден де тыс қалмайды өйткені бұл екеуі де азаматтардың өздері басқаратын және бірін - бірі сыйлайтын, болашағы бар, өміршең қоғамда аман есен ғұмыр кешу үшін қажет.
Азаматтықтың философиялық негіздері азаматтарға демократиялық жүйенің не екенін түсіндіру және олар өмір сүріп отырған елдегі саяси құрылым жағдайда қандай шараларға баруға болатыны туралы шындықты жеткізу. Қандай да адам өз іс - әрекетін, тұрмысын һәм өмірін басқалардың сыйлауын талап етуі құқылы. Азаматтық туралы бағдарлама азаматтық қоғамның пайда болуына алғы шарт жасайды.
Азаматтық қоғамның негіздері тарауында біз азаматтық қоғамның төрт түрлі түрін қарастырамыз:
1. азаматтық қоғамның анықтамасы;
2. азаматтық қоғам мен демократияның өзара байланысы;
3. азаматтардың қоғамдық өмірге араласуы;
4. азаматтық қоғамды ұйымдастыру;
Қазақстандағы азаматтық қоғам тарауында біз Қазақстандағы азаматтық қоғамға шолу жасаймыз. Бұл тарауда біз азаматтық қоғамның мына төменгідей жақтарын қарастырамыз:
1. Қазақстандағы азаматтық қоғамның тарихы;
2. Қазақстанда азаматтық қоғамның құрылуы;
3. Мәдениет және азаматтық қоғам;
4. Дін және азаматтық қоғам;
Диплом жұмысының жазылуына негіз болған 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы соған сәйкес қабылданған заңдар азаматтық қоғам, Қазақстандағы азаматтық қоғам туралы бекіткен құжаттар жиынтығы, адам құқығы теориясы мәселесінде ой қалдырған ғалымдар еңбектері және ағымды баспа сөз материялдары.
Диплом жұмысымның басты бағыты мен мақсатын күрделі саяси және басқа да өзгерістерге толық кезеңдегі құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәселесіне нақты, шынай баға беру, осы қатынастың қоғам үшін нәтижелі болу бағыттарын іздестіру және оны іс жүзіне асыру мәселесі.
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып, Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде бір мемлекеттік орган, бірде бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды.
I. ТАРАУ. АДАМ МЕН АЗАМАТ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУТЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Азаматтықтың жалпы мәселелері.
Азаматтықты әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде қарастырған жөн, өйткені ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемелекеттің саяси және құқықтық байланысы ретінде түсінсек, онда құбылыстың тұтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлық сипатты белгілерімен, қырларымен тұтас әлеуметтік - саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген құбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемелекеттің өмір сүруі жағдайында оның обьективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айырыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай - ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністермен қатысты болады.
Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқықтық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құқықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан - жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттің құқықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай -ақ, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін емес.
Біз көрсетілген екі құбылысты ( құқық және азаматтық ) азаматтықты жекелеген азамат арқылы анықтаудың нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай -ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, құқықтық нормалармен белгіленетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге азаматтық ретінде оның мәні, ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.
Азаматтықты тұтас саяси - құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде ғана, тек оның демократиялық мемлекет жағдайында обьективті қажеттілігін ғана емес, сондай -ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы мәнін де түсінуге болады. Азаматтық қоғамның табиғи - тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде азаматтық мемлекеттің өз тұрғындарының саяси - құқықтық көрінісі болып табылады. Ол мемлекет тұрғындары тудырады және ол оның « меншігі » болып табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті құратын факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтыққа, азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси - құқықтық маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтыққа осылай ықпал етеді.
Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың кеңестік кезеңіндегі саяси - құқықтық құбылыс ретінде қалыптасу ерекшелігін жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі азаматтық институтына таптық көзқарас болып табылады. Азаматтық институты да барлық әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол маркстік - лениндік ілімге негізделген және социалистік емес мемлкеттерде танылған, жалпыәлеуметтік көзқарастан түбірі мен жаңа көзқарас болды. Бұл көзқарастың мәні неде?
Азаматтық институтына таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи қалыптасқан біртұтас әлеуметтік қауымдастық ретінде қай тапқа жататындығына қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және қанаушыларға бөлінді. Азаматтық институтына мұндай көзқарас өзіндік қана емес, прогрессивті, демократиялық және ізгі, тарихи болашағы мол деп есептелді. Кеңес мемлекетінің азаматтық туралы заңдары нақ осындай идеялармен дамытылды. Алайда, азаматтық институты жоғарыда аталған қасиеттердің бір де біреуіне ие болған жоқ. Біріншіден азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның жартыкештігі азаматтардың екі бөлікке бөлінуінде: бір бөлігінде, яғни, еңбекшілерге, формальді түрде құқықтары мен бостандықтардың бүкіл кешені берілді. Бұл бөлік толыққанды азаматтар деп танылады. Қайталап айтамыз, еңбекші азаматтар құқықтар мен бостандықтарды формальді түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос қиял болды. Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің қожайындары деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін емес.
Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды немесе құқықтарынан шектелді. Олар - қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық саяси, көптеген әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан айырылды. Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықтан аластанған жоқ, мемлекеттің азаматтары деп есептеледі.
Азаматтық дегеніміз жәй саяси - құқықтық құбылыс емес, ол азаматтық қоғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты биік ұғымда көрінуі тиіс. В. Дальдың анықтамасы бойынша, - « білім ұғымы мен деңгейі азаматтық қоғам құруы қажет »1. Азаматтылық бір жағынан, ұлттық, сондай - ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси - құқықтық міндеттерді игеруден, екінші жағынан, оларды жүзеге асыру қабілеттігінен көрінеді. Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған кезде ғана емес, сондай - ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне қарсы тұрған кезде табады. Егер тұтас мемлекет, оның жекелекген органдары мұндай қылықтарды ізгі ниетпен қабылдай алса, онда олардың өміршең, болашағы болғаны. Егер де мемлекет, оның органдары « былғанған беделін » қорғаштаса, оның онда тарихи болашағының болмағаны. Сондықтан азаматтықтың жүйе негізделушілік қасиеті бар. Азаматтылықтың мұндай қасиеті мемлекет пен азаматтардың арасында қалыптасатын саяси және құқықтық қатынастарда, сондай - ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге асырылады.
Кеңес мемлекетінің саяси және құқықтық қатынастары ( байланыстары ) ішкі қарама - қайшылықта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бір жағынан КСРО - ның жартылай құқылы азаматтары өтпелі кезеңде, барлық азаматтар 1936 жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті органдарын қалыптастыру кезінде « жоғары » саяси белсенділік көрсетті. Бұл процеске азаматтарының барлығының біртұтас ойлап, саясатын біртұтас қолдануды ерікті түрде де, еріксіз түрде күштеу жолымен де жүргізген Коммунистік партия басшылық етті. Мемлекеттің « халықтық » сипаты туралы мықты идеялық тегеріш пен насихат азаматтардың маркстік (пролетарлық ) саяси санасын қалыптастырды. Осы сананы өз « биігінде » қолдау үшін мемлекет азаматтардың барлығын да « нысанада » ұстады, біресе азаматтардың үлкен тобына, біресе олардың жекелеген мүшелеріне қатысты саяси террор қолданды. Осындай жағдайда азаматтар санасының қалыптасуы бұлталаң сипат алды: отанды сатып кету мен саяси оқшаулану ұштасып кетті. Бүкіл құрылым ( мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық ) саяси сананың тек жағымды жақтарын ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және бірден - бір қасиеті деп есептеді. Саяси оқшаулау туралы айтып қана қойған жоқ, оның мүмкіндігін де қалт жібермеді. Өкілетті органдардың кез сайлауы (Кеңестердің барлық буындарында), әсіресе, 1936 жылдан кейін барлық уақытта сайлаушылардың депутаттыққа кандидаттыққа жүз процент дерлік дауыс беруімен өтті. Бұл барша өкімет билігінің « органдар жоғары азаматтылық көрсетудің нәтижесінде қалыптасқанын » куәландыруы тиіс болды. Кеңестер формальді түрде басқа мемлекеттік органдарды - үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын сайлады. Сөйтіп азаматтар мемлекеттік органдардың бүкіл жүйесін төте немесе жанама түрде « қалыптастырып », « жоғары » азаматтылық көрсетті. Алайда, іс жүзінде бұл мұндайды тарих бедерінен табу қиынға соғатын бұлжытпайтын саяси алдау - арбау болды.
Жоғары азаматтылықты азаматтар емес, мемлекет, оның органдары қалыптастырады. Құрылған мемлекетік органдардың да, бірден бір саяси факторы Коммунистік партия, дәлірек айтқанда, партиялық номенклатураның партия органдарына басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ азаматтар осы құбылыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде - ақ ( Раскольниковтың Сталинге жазған атақты хатын еске алсақ та жетеді ) түсіне бастағанымен не айтуға не жазуға рұқсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан кейін тарихта болып өткен құбылыс ретінде, айтыла да, жазыла да бастады. Кеңес азаматтарының саяси санасының шынайы болмысы туралы жазуға кеңес мемлекеті таратылғанға дейін рұқсат етілген жоқ. Саяси өмір туралы, Коммунистік партияның диктатурасы туралы шындықты батыл айтқан жекелеген азаматтар « өзгеше ойлайтындар » «диссиденттер » аталып, елден қуылды, азаматтығынан айырылды. Жоғары шынайы азаматтылық көрсеткен мұндай азаматтар мұндай қасиеттен жұрдай адамдар ретінде көрсетілді. Мемлекетті нығайтуға тұрақты « қамқорлық » жасаған Коммунистік партия дүниені кері айналдырып, сол мемлекетті ірітіп, ыдыратуға өзінің жағдай жасайтынын сезіне алмады. Адамдардың шағын тобының, тіпті миллиондаған азаматтарды саяси партияға біріктірсе де, өзі туып, өзі соған орныққан « тірегі » - шіріген мемлекетті ұзақ ұстап тұра алмайтынын ол санасына сіңіре алған жоқ. Ол тірек мемлекет пен партияның кінәсінен пісіп жетілмеген азаматтылық еді. Кеңес мемлекетін фашизмнен қорғау кезінде азаматтардың жаппай көрсеткен азаматтылығын бетке ұстап бұған қарсылық білдіретіндердің де кездесуі мүмкін. Алайда, мұндай қарсылық негізсіз. Аталған жағдайда азаматтардың жаппай ерлік көрсеткендері рас. Ол шынайы азаматтылық болды, бірақ мемлекетке емес, Елге, Отанға, қатысты азаматтылық еді. Аталған жағдайда мемлекет үлгісінің үлкен мәнге ие болуы екіталай. Өйткені буржуазиялық мемлекеттердің де (Англия, Франция және т. б. ) азаматтары сол мемлекеттерден гөрі, өз Отандарын қорғады. 1812 жылы патшалық қатал езгіге қарамастан Ресейді оның қол астындағы барлық халықтар француздардың шапқыншылығынан қорғады.
Тиісінше, мемлекет және отан - әр түрлі ұғымда, сондықтан оларға қатысты азаматтылық сезімі де әр - түрлі көрініс табуы мүмкін. Егер азаматтардың көпшілігі мемлекетті азаматтық қоғамның шын мәніндегі өкілі ретінде қабылдаса, онда ол отан ұғымына ұғынылады. Егер де мемлекет өзін - өзінің азаматтарына қатысты күштеу ұйымы ретінде ұстаса, онда саяси оқшаулану процесі туады және азаматтар мемлекеті отаннан дәл айырылады. Кеңес мемлекетіне, КСРО - ға қатысты, оның мемлекеттік нысаны ретінде, азаматтар қайшылықты көңіл күйлерін, сезімдерін, көзқарастарын білдірді. Бір жағынан, олар мемлекетті қолдайтын, оның жасампаздық, жетілдіру және басқа процестеріне белсенді қатысатынсияқты көрінеді. Ал барлық мемлекеттік: әкімшілік, бақару, өкілетті, құқық қорғау, шаруашылық, әскери және басқа органдарда тек азаматтар ғана емес, шетелдіктерде жұмыс істейді ғой. Тиісінше, мемлекет тек құрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге азаматтардың күшімен өмір сүрді де. Екінші жағынан, мынадай сұрақ туындайды: ал азаматтар « өз » мемлекетінің тағдырына, оның тарихи болашағына қалай қарайды? Бұл сұраққа Коммунистік партияның аталған идеологтарының теориялық жауаптары дайын болды. Социалистік мемлекет ең прогрессивті, демократиялық, гуманды мемлекет болғандықтан, ол бірте - бірте өзін - өзі басқаратын коммунистік қоғамға айналып, ұзақ өмір сүреді. Коммунистік идеологтар ең басты факторды: социалистік мемлекет қоғамның табиғи - тарихи дамуы нәтижесінде емес, саяси құрылым жаңаруының обьективті заңдылығынан тыс күштеу нәтижесінде пайда болғанын ескермеді. Сондықтан ол күштеу ұйымы құрылғандықтан, күштеу саясатын тұрақты жүргізді. Оның құрылуына, оның күштеу қызметіндегі сияқты, азаматтардың елеулі бөлігі қатысты. Кеңес мемлекетінің жасампаздығы мен өміршеңдігі азаматтылықтың елеулі түрдегі ізгі және прогрессивті көрінісі емес, керісінше болды. Азаматтылық - табиғатында прогрессивті құбылыс. Алайда, толыққанды азаматтылық болмағандықтан, оның сапасына ( азаматтылыққа ) да нұқсан келеді. Мұндай нұқсан тек мемлекет құрылымын жасақтауға ғана емес сондай - ақ оның қызметі мен қызмет нәтижесінде де, әсер етті. Өйткені күштеу, әділетсіздік мемлекеттің ресми өкілдері болып табылатын азаматтардың өздерінің, сондай - ақ жәй адамдардың қатысуымен жүзеге асырылды. Егер азамат мемлекет атынан сол мемлекеттегі өз азаматтарын олардың кінәсіз екендігін біле тұра, қуғын - сүргінге ұшыратса, олардың азаматтық ар - намысы бар еді деуге бола ма ? Тіпті, олар алдау - арбаудың жетегінде кеткеннің олардың обьективті түрдегі азаматтылық сезімі болған жоқ. Егер азаматтардың көпшілігі тұтастай халықтарға (чешендерге, ингуштарға, корейлерге, курдтарға, Қазақстанға күштеп көшірілген тағы басқаларына ) көрсетілген күштеу саясатына қарсылық көрсете алмаған жағдайда болса, демек, олардың бойында азаматтылықтың толық қалыптасып болмағандығы.
Күштеумен өмір сүретін мемлекет іргесінің берік болуы мүмкін емес. Азаматтық институтын сөз жүзінде жариялай және тани отырып, Кеңес мемлекеті тұрақты түрде іріткі салып, азаматтылық сезімнің қалыптасуына іс жүзінде мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, ол өз азаматтарының саяси оқшаулануына белсенді түрде ықпал етіп қана қойған жоқ, сонымен бірге өз көрін өзі қазуға әзірледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz