Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. тарау. Дүниежүзілік мұхитқа физикалық.географиялық сипаттама
1.1 Дүниежүзілік мұхитқа жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Мұхиттардағы табиғат байлықтарының игерілу және олардың экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ІІ. тарау Мұхиттардың экологиясы
2.1 Мұхиттардың ластануының негізгі көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.2 Дүниежүзілік мұхит сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қосымша
Кіріспе
Мұхиттардың әрқайсысы біртұтас табиғат комплексі болып табылады. Бірақ осының өзінде материктегі сияқты олардың әрқайсысының табиғат жағдайлары өте алуан түрлі болады. Мұхиттарды шқып білу нәтижесінде олардың әрқайсысының физикалық – географиялық орнының мұхиттың табиғатына әсерін, мұхиттар мен материктердің табиғат компоненттерінің арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты, мұхиттар мен құрлықтардың өзара әсер етуін, мұхиттардың табиғатындағы зоналылықтың көрінісі мен және мұхиттардағы шаруашылық әрекет түрлері мен олардың табиғатын қорғау жөніндегі шараларды қарастырамыз.
Тынық мұхит – көлемі жағынан ең үлкен және барлық мұхиттардың ішіндегі ең ежелгі мұхит. Оның басты ерекшеліктері – түбіндегі жер қыртысының жиі қозғалуы, өте тереңдігі, вулкандар мен аралдардың көптігі, суында жылу қорының молдығы, органикалық дүниесінің ерекше алуан түрлілігі.
Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын ролі аса зор, әрі сан алуан. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыс-тіршілігінде үлкен роль атқарады. Ал мұхит сол тіршілікте үлкен роль атқарады. Мұхит – зат алмасу мен климаттың қалыптасуында негізгі ролді атқарады. Жер бетінің ауданы 510 млн км2-ге тең. Бұл ауданның 361 млн км2-ге тең немесе 71 % бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Жер шарының су айнасы бірыңғай әлемдік мұхит деп аталатын су көзінен тұрады. Бірқатар ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік мұхит әртүрлі мұхиттарға теңіздерге байланысады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. тарау. Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
1.1 Дүниежүзілік мұхитқа жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4
1.2 Мұхиттардағы табиғат байлықтарының игерілу және олардың
экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14

ІІ. тарау Мұхиттардың экологиясы
2.1 Мұхиттардың ластануының негізгі
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.2 Дүниежүзілік мұхит сулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қосымша

Кіріспе
Мұхиттардың әрқайсысы біртұтас табиғат комплексі болып табылады.
Бірақ осының өзінде материктегі сияқты олардың әрқайсысының табиғат
жағдайлары өте алуан түрлі болады. Мұхиттарды шқып білу нәтижесінде олардың
әрқайсысының физикалық – географиялық орнының мұхиттың табиғатына әсерін,
мұхиттар мен материктердің табиғат компоненттерінің арасындағы ұқсастықты
және айырмашылықты, мұхиттар мен құрлықтардың өзара әсер етуін, мұхиттардың
табиғатындағы зоналылықтың көрінісі мен және мұхиттардағы шаруашылық әрекет
түрлері мен олардың табиғатын қорғау жөніндегі шараларды қарастырамыз.
Тынық мұхит – көлемі жағынан ең үлкен және барлық мұхиттардың
ішіндегі ең ежелгі мұхит. Оның басты ерекшеліктері – түбіндегі жер
қыртысының жиі қозғалуы, өте тереңдігі, вулкандар мен аралдардың көптігі,
суында жылу қорының молдығы, органикалық дүниесінің ерекше алуан түрлілігі.

Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын ролі аса зор, әрі
сан алуан. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық
процестерде және адамзаттың тұрмыс-тіршілігінде үлкен роль атқарады. Ал
мұхит сол тіршілікте үлкен роль атқарады. Мұхит – зат алмасу мен климаттың
қалыптасуында негізгі ролді атқарады. Жер бетінің ауданы 510 млн км2-ге
тең. Бұл ауданның 361 млн км2-ге тең немесе 71 % бөлігін әлемдік мұхит алып
жатыр. Жер шарының су айнасы бірыңғай әлемдік мұхит деп аталатын су көзінен
тұрады. Бірқатар ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік мұхит әртүрлі мұхиттарға
теңіздерге байланысады.

І. тарау. Дүние жүзілік мұхитқа физикалық - географиялық сипаттама
1.1. Дүниежүзілік мұхитқа жалпы сипаттама
Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын ролі аса зор, әрі
сан алуан. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық
процестерде және адамзаттың тұрмыс-тіршілігінде үлкен роль атқарады. Ал
мұхит сол тіршілікте үлкен роль атқарады. Мұхит – зат алмасу мен климаттың
қалыптасуында негізгі ролді атқарады. Жер бетінің ауданы 510 млн км2-ге
тең. Бұл ауданның 361 млн км2-ге тең немесе 71 % бөлігін әлемдік мұхит алып
жатыр. Жер шарының су айнасы бірыңғай әлемдік мұхит деп аталатын су көзінен
тұрады. Бірқатар ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік мұхит әртүрлі мұхиттарға
теңіздерге байланысады.
Бос суайрық құрлықты екі беткейге
1. Атлант және Солтүстік мұзды мұхиттарға құятын өзен ағындыларын құрайтын
(60 %) беткей;
2. Тынық және Үнді мұхиттарына құятын өзен ағындыларын құрайтын (40% )
беткей солардың ішінде олар негізінен 4 ірі әлемдік мұхиттан тұрады. Оларға
жеке сипаттама беретін болсақ мысалы, ең ірі мұхит тынық мұхиты. Оның
физикалық географиясына сипаттама.
Тынық мұхиты ұлы мұхит деп те аталады – планета бетінің 13-ін және
дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұхиттың пішіні
сопақша пішінді, экватор тұсында ерекше енді, сондықтан ол беткі жағы ең
жылы мұхит.
Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген, онда бірнеше
түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың көптеген
теңіздері жатыр. Бұл жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген
ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м –ден аспайтын қайраңды
теңіздер бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары (жапон, Охот және т.б.)
өзара әсер ететін зонада орналасқан. Олар терең әртүрлі мұхиттан арал
доғаларымен бөлінген. Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10
мыңнан астам.

Тынық мұхиты ең терең мұхит. Оның орташа тереңдігі 3980 м, ал оның ең
терең жері Мариан науасында 11022 м-ге жетеді.
Мұхит түгелдей дерлік бір литосфералы плитаның үстіне орналасқан, бұл
плита өзінің шекарасында басқа плиталармен өзара әсер етеді.
Тынық мұхит батыстан шығысқа қарай өте созылып жатқандықтан онда ендік
су ағындары басым болады. Мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі
су бетінде шеңбер тәрізді су ағыны пайда болады. Солтүстік бөлігінде судың
қозғалысы Солтүстік Пассат ағынынан, Куросио, Солтүстік тынық мұхит және
Калифорния ағыстарынан қалыптасады.
Ал органикалық дүниесіне келсек, тынық мұхиттың өсімдіктер және
жануарлар дүниесі ерекше бай және алуан түрлі. Мұхиттың мұндай ерекшелігі
оның көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігі мен жасына байланысты.
Онда организмдердің ең ежелгі түрлері мекендейді. Тропиктік және экваторлық
ендіктер, маржан рифтерінің аймақтары тіршілікке ерекше бай. Мұхиттың
солтүстік бөлігінде албырт тәрізді балықтар көп, оңтүстік шығысында,
оңтүстік Американың жағасында қамса балықтардың (дене тұрқы 16 см жететін
майшабақ тәрізді балықтар) орасан зор шоғыры пайда болады. Мұхитта киттер,
ескек аяқтылар, көптеген омыртқасыз жануарлар (сегізаяқтар, кальмарлар және
т.б) тіршілік етеді. Ал оның табиғат белдеулеріне келетін болсақ, тынық
мұхитты солтүстік полярлы белдеуден басқа табиғат белдеулерінің бәрі бар.
Олардың әрқайсымының өзіндік ерекшелігі болады. Субполярлық белдеу Перинг,
Охот теңіздерінің аздаған бөлігін қамтиды. Бұл теңіздердің суы жақсы
араласатындықтан олар байлыққа өте бай болып келеді. Мұнда минтай,
камбала, майшабақ ауланады. Солтүстік қоңыржай белдеу ұлан байтақ
территорияны қамтиды. Оған батыс желдері күшті әсер етеді, мұнда теңіз
дауылда(ры жиі болып тұрады. Бұл белдеудіңм батыс жағында организмдердің
алуан түрлеріне бай теңіз Жапон теңізі жатыр. Мұхиттың батысында оқта –
текте жойқын дауыл – тайфун күшті жел соғады.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері - Тынық мұхиттың жағасы мен
аралдарында 50 – ден астам жағалық мемлекеттер орналасқан, оларда шамамен
бүкіл адамзаттың тең жартысы тұрады.
Адам мұхиттың табиғат байлықтарын ежелден – ақ пайдалана бастаған.
Материктердің жағалауы мен аралдарда теңізде жүзудің бірнеше орталықтары –
Қытайда, Мұхиттық аралдарда, Оңтүстік Америкада пайда болды.
Қазіргі уақытта Тынық мұхит көптеген елдер мен халықтардың өмірінде
маңызды роль атқарады. Дүние жүзінде ауланатын балықтың тең жартысы Тынық
мұхиттан ауланады. Ауланатын организмдердің едәуір бөлігін әр түрлі
молюскалар, таңқы шаяндар, кребеткалар, балдырлар құрайды. Кейбір елдерде
теңіз суынан химиялық заттар алады және оны тұщыландырады. Қайраңдардан
металдардың қорымдарын өндіреді. Калифорния түбегінің жағасында мұнай
шығарылады. Мұнайдың кен орындары Австралия жағалауынан да ашылған.
Біздің планетаның ең үлкен мұхиты арқылы маңызды теңіз жолдары өтеді,
бұл теңіз жолдарының ұзындығы өте зор. Кеме қатынасы негізінен алғанда,
материктерді бойлай жүзетін кеме қатынасы жақсы дамыған.
Адамның Тынық мұхиттағы тіршілік әрекеті судың ластануына және
биологиялық байлықтардың кейбір түрлерінің таусылуына әкеп соқты. Мәселен,
18 ғасырдың аяғына қарай В. Беринг экспедициясына қатысқан бірі ашқан
сүтқоректілер – теңіз сиырлары жойылып кетті. ХХ ғасырдың бас кезінде теңіз
мысықтары жойылып кету шегінде тұрды, киттердің саны азайды. Қазіргі кезде
оларды аулауға шек қойылған.
Судың мұнаймен, кейбір ауыр металдармен және атом өнеркәсібінің
қалдықтарымен ластануы мұхитқа зор қауіп төндірді. Мұндай ластау АҚШ пен
Жапония жағалауындағы суда ерекше көлем алып отыр. Зиянды заттар ағыстармен
қоса бүкіл мұхитқа таралады. Тіпті, Антрактида жағаларында да теңіз
организмдерінің құрамынан осындай заттар табылған. Егер судыластануы
жалғаса беретін болса, онда мұның өзі орны толмас апатқа әкеп соқтырады.
Үнді мұхитының физикалық-географиялық орны бұл мұхит планетада ерекше
орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Мұхит
солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы
жоқ. Үлкен зонд аралдары мен Авсралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады.
Атлант мұхитымен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық
Мұхитпен шекарасы Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді. Мұхиттың жағасы
аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Аравия теңізі
құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана
ірі аралдар бар.
Мұхитты зерттеу тарихынан - Үнді мұхитының жағасы – ежелгі
цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа
мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп
жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршрутының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар
жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да
Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499жж) бері жинала бастады. 18 ғасырдың
сңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш
рет өлшеген.
19 ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды.
Челленджер кемесімен шыққан ағылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер
жүргізді. Алайда ХХ ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті
зерттелмеді. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған
экспедициялар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде – М.Ломоносов,
Океан және басқа ғылыми кемелер бар.
Түбінің жер бедері мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең
терең жері Ява шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен
емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты, мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып
жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Оны батыс бөлігінде су асты
жотасы созылып жатыр, ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты

ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең
жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай
шоғырланған. Жер қыртысының жарықтары қызыл теңізге дейін жалғасып, одан
құрлыққа өтеді. Қазіргі кезде олардың құрылысын орыс ғалымдары зерттеуде.
Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады.
Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан заттардың жағары көтеріліп, қызыл
теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының
түзілгенін көрсетеді.
Климаты мен ағыстары - мұхиттың географиялық орны климаттың
қалыптасуына күшті әсер етеді. Оңтүстікте мұхитқа Антарктиданың суық ағысы
әсер етіп, оның суын едәуір салқындатады; мұхиттың ең суық аудандары
осында орналасқан.
Су массаларының қасиеттері климаттың ерекшеліктеріне байланысты.
Мұхиттың жақсы қызатын әрі суық су құйылмайтын солтүстік бөлігі – оның ең
жылы бөлігі. Мұндағы судың температурасы басқа мұхиттардың осындай
ендіктеріндегі судың температурасына қарағанда жоғары (+300 С-ге дейін).
Оңтүстікке қарай судың температурасы төмендейді. Тұтас алғанда,
Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығына қарағанда, судың беткі қабатының
тұздылығы жоғары болады, ал Қызыл теңізде ол ерекше жоғары (42 % -ге
дейін).
Мұхиттың солтүстік бөлігінде ағыстардың пайда болуына желдердің
маусымдық ауысуы әсер етеді. Муссондар судың қозғалу бағытын өзгертеді,
оларды араластырады, ағыстар жүйесін өзгертеді.
Мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі ағыстар Дүниежүзілік Мұхит ағыстары
жалпы схеманың құрамдас бөліктері болып табылады.
Органикалық дүниесі - Үнді мұхиты тіршілікке бай. Балықтардан
солтүстік бөлігінде сарданелла, скумбрия, акула; оңтүстік бөлігінде – ақшыл
қанды балық, мысалы, мұзбалық және басқалары тіршілік етеді.
Маржан рифтерінің маңындағы қайраңдар мен суы таяз жерлер тіршілікке
өте бай. Балдырлар тоғайы су түбі шалғындарын түзеді. Африканың, Азияның
және Австралияның жағасында шаян тәрізділер өте көп шоғырланған.
Моллюскалардан каракатицалар мен кальмарлар көп.
Табиғат белдеулері - Мұхит бірнеше табиғат белдеулерінде орналасқан.
Тропиктік белдеуде қоршап жатқан құрлықтың әсерімен әртүрлі су массаларының
қасиеттері бар комплекстер қалыптасады. Тропиктік белдеудің батыс бөлігінде
жауын-шашын аз түседі, булану өте көп, сондықтан су мүлде құйылмайды деуге
болады. Су массаларынның тұздылығы жоғары. Мұхиттың солтүстік-шығыс
бөлігіне, керісінше, жауын-шашын мол түседі және Гималайдан басталатын
өзендер арқылы тұщы су көп құйылады. Мұнда беткі суы аса тұщы комплекс
қалыптасады.
Мұхиттың экваторлық белдеуінде оның түбін жоталар кесіп өтеді, маржан
аралдары көп, судың беткі қабатының да температурасы өзгереді. Аралдардың
маңайынан тунец балықтарын аулайды.
Оңтүстік қоңыржай белдеудің су массалары қыста суық, жазда біршама
жылы болады. Жиі соғып тұратын теңіз дауылдары судың беткі қабатын
араластырады. Бұл мұхит толқындары еш бәсеңдеместен, бірнеше жүздеген
километрге дейін жететін гуілдеуік ендіктер.
Субантарктидалық белдеудің суы балыққа, крильдерге (теңіз шаяндары)
бай; оларды киттер қорек етеді. Қыста мұхиттың бетін мұз басады. Суда теңіз
мұздарынан басқа, мыңдаған айсбергтер ығып көшеді.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері - Үнді мұхитының табиғат
байлықтары тұтас алғанда әлі де жеткілікті зерттеліп, игерілмеген. Мұхит
қайраңдары пайдалы қазбаларға бай. Парсы шығанағының түбіндегі шөгінді
жыныстар қабаттарында мұнай мен газдың орасан зор қоры табылған. Мұнайды
өңдеу және тасымалдау суды ластау қаупін туғызады. Мұхиттың солтүстік-батыс
жағалауына орналасқан, тұщы суы мүлде дерлік жоқ елдерде тұзды суды
тұщыландыру жұмыстары жүргізілуде. Мұхит жағасына орналасқан дамушы
елдердің техникалық мешеулігінен балық аулау кәсіпшілігінің маңызы онша
үлкен емес.Үнді мұхиты арқылы көптеген кеме жолдары өтеді. Мұхиттың осы
күнге дейін желкенді шағын кемелерді пайдаланатын солтүстік бөлігінде теңіз
жолдары айрықша көп.Олардың бағыттары муссондарға байланысты.
Атлант мұхитының - физикалық-географиялық орны - Солтүстіктен
оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатуы-мұхиттың географикалық орнының
ерекшелігі. Ол қоңыржай ендіктерде барынша кеңейеді де, экваторға қарай
тарыла түседі. Мұхит түбінің жер бедері. Литосфералық плиталар теориясына
сәйкес Атлант мұхиты әлі жас. (Ол қалай пайда болған?) Мұхиттың орташа
тереңдігі Тынық және Үнді мұхиттарына қарағанда таяз; ең терең жері 8742 м-
ге жетеді (Пуэрто-Рико шұңғымасы).
Климаты - Атлант мұхиты Жердің барлық климат белдеулері арқылы
өтеді, сондықтан оның климаты өте алуан түрлі.Климатының ерекшеліктері су
массаларының қасиеттерінен байқалады. Мұда су бетінің температурасы Тынық
және Үнді мұхиттарына қарағанда едәуір төмен (+16,5о C). Бұл солтүстік
Мұзды мұхит пен Антарктикадан ағып келетін су мен мұздың сақындатушы
әсеріне, сондай-ақ су массаларының жедел араласуына байланысты. Су
массаларының тұздылығы мұхиттың кейбір аудандарында орташадан жоғары
(37,5ооо) ,өйткені мұхит енінің біршама тар болуына байланысты буланған
ылғалдың едәуір бөлігі көрші материктерге өтеді.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері - мұхиттың екі жағасында да
шаруашылық жағынан дамыған елдер орналасқан. (Олар қандай елдер?)Атлантика
арқылы ең маңызды теңіз жолдары өтеді. Олардың ең бастылары-Европа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың физикалық – географиялық жағдайы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
Географиялық атлас картасы
Гидрология. Суды қорғау
Тынық мұхит аралдары
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Мұхит суының температурасы
Оқушылардың білімін бағалау
Пәндер