Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы.
- ХІХ ғасырлардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуының алғышарттары.
- Қазақстанға сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары.
- Қазақстанда сауданың жаңа түрін - жәрменкелік сауданы пайдаланудағы рөлі.
ІІ тарау. Қатынас жолдарының дамуы, халықтың товар айналымының
дамуына әсері.
2. 1. Қазақстандағы банк пен несие қатынастары.
2. 2. Қазақстан қалаларының әлеуметтік - экономикалық жағдайы.
2. 3. Кәсіптіліктердің дамуы.
ІІІ Қортынды.
ІҮ Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Ү Сілтемелер тізімі.
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі:
Ресей көпестерінің қазақ даласымен саудасы көбінесе айырбас сипатында болды да, айырбастың үстем формасы ретіндегі тауар - ақша айналысына ұласты. Қазақ даласымен сауда жасалғанда орталық сауданың белгілері, оның балапамыздығы айқын білініп тұрады алайда ол айырбас сауда атымен бүркемеленді. Орыс саудагерлері арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы шикізатқа айырбастап мол олжаға кенелді мәселен, петропавл кеденінің бастығы Чернявенский деректеріне қарағанда, шойын қазан қымбат аң терісіне айыр басталады. Соның өзінде шеңберінің әрбір 22 см-і үшін 1 түлкіден немесе 4 қарсақтап немесе тұлыптың ең жақсы 3-5 теріден алды. Мұндай айырбас жағдайында салмағы 1 пұт, шеңбері 2 метрдей болатын қазанның бағасы ақшаға шаққанда 50 сомға жуықтады. Ал сол қазан Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиынға сатылды. Осының өзі-ақ көпестердің пайдасының мөлшері туралы түсінік берсе керек. Екінші бір айқын мысалды Красовсий келтіреді: «Орыс саудагерлері 5 тиын тұратын шытты 30 тиынға сатты, ал сапасы нашар мақпал қойдың жарты етіне сатылды. Яғни, қырғыз бұл матаның бір аршыны үшін күміспен 1 сом төледі. Ағаш ыдыс қойға яғни 1 сомға сатылды. Орынбордағы орыс көпестерінің алдын-ала арақ ішкізіп, аңғал қазақтарды қалай алдайтындығын егжей-тегжейлі суреттей келіп, граф Ян Потоцкий былай деп жазады: «Өздеріне орыс көпестері алдап өткізіп жіберетін тауарлардың бағалары туралы қазақтардың мүлде дерлік ешқандай түсінігі болмағандықтан, мұндай айырбас сауданың пысық көпестерге мол табыс келтіретіндігін оп-оңай түсінуге болады. Сауданың отарлық сипаты қазақ даласына сапасы ең төмен тауарлар сатылғандығынан да байқалады. Көп жағдайда қазақтардың өздерінен сатып алынған шикізаттан қылшық жүнді мата жасалып, ол сол қазақтардың өздеріне сатылды». Саудагер Владимир Кузнецов былай деп жазды: «Семейге орыстардан сапасы орташа, тіпті сорты төмен тауарлар жеткізілді, ал кяхтада міндетті түрде ең жоғары сапалы тауарлар талап етілді».
А. Тетеревников та осыны атап көрсетті, ол былай деп жазды: «Шетке шығарылған тауарлардың арасында «біздің Мәскеудің Қытай жібегі тік, боз, әсіресе өте ірі, айқын әр түрлі-түсті бедері бар шыт сияқты маталардан тұратын кездеме тауарлары басты орын алды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады.
- Қазақ халқының капиталистік қатынастарға еніп, товар-ақша қатынастарының дамуына әсері.
- Қазақстанның біртіндеп қалыптасып келе жатқан өнеркәсіптік келбеті бірінші кезекте кен - зауыт саласы.
- Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың пайдаланудағы ролі.
- Темір жол құрылысы негізінен қазақтар арасынан жұмысшы кадрларының қалыптасуының шапшаңдауы.
- Қазақстанда банк - несие қатынастарының дамуы.
- Реформадан кейінгі кезеңдегі қалалар тарихы әлеуметтік-демографиялық үрдістері.
- Қазақстанда кәсіпшіліктердің дамуы.
Тарихнамасы.
А. Г. Серебренниковтың мұрағат қорының қазақтардың сауда-экономикалық қатынастарына қатысты деректерді қамтудағы сыңаржақтылығы мен танымдық шектеулігі де айқын байқалады. Біріншіден, қор материалдары ХІХ ғасырдың 30-70 жылдары аралығындағы кезеңмен анықталғанымен ондағы деректердің көпшілігі орыс әкімшілігі мен жергілікті халықтар арасындағы саяси байланыстарды айғақтайды, сауда-экономикалық байланыстар жөніндегі құжаттар жүйелі түрде құрастырылмаған, тіпті олар арнайы ізденіс нысаны болмаған сияқты. Қорда қазақтардың сауда-экономикалық байланыстарын сипаттайтын арнайы құжат кездеспейді. Екнішіден, бұл материалдар бірыңғай, Орта Азиялық хандықтары мен қазақтардың іс-әрекетін теріс пиғылда көрсетуге бағытталып жинақталған.
Аймақтағы сауда-экономикалық қатынастары мен жәрмеңкелер тарихы отан тарихының белгілі зерттеушісі П. Г. Голузо монографиясында кең орын тапқан. Автордың пайымдауынша, Қазақстан мен Ресей мемлекетінің Орал-Оңтүстік арасындағы сауда байланыстары және тауарлы қатынастардың дамуы туралы мәселелерге арнаулы тарау бөлінген. Тараудың мазмұны және қойылған мақсаты жағынан тым өзекті бірінші тақырыбы жаңа мал мен мал өнімдерін сату және өнеркәсіптік тауарларды алып келу жөнінде баяндайды. Еңбекте мал санының өсуі туралы статистикалық мәліметтер толық жинақталып, олар салыстырмалы тұрғыда қаралған. Қазақстан тарихы ғылымында терең із қалдырған зерттеуші ғалым Сүлейменов өзінің «Аграрный вопрос в Казакстане в последный трети ХІХ века и начале ХХ века» атты еңбегінде қазақ даласындағы жер даму мәселесіне тоқталып, қазақ егіншілерінің орыс шаруаларының егіншілік тәжірибесімен танысуы көп жағдайда қазақ даласына егіншіліктің даму процесін тездетіп, бірқатар прогрессивті, сапалы өзгерістерге әкелгендігін атап көрсетеді.
Добромысловтың зерттеулерінде Қазақстандағы шаруашылықтың құрылысы, экономикалық жағдайы, аграрлық қатынастардағы өзгерістер, соның ішінде отырықшы шаруашылық пен егіншіліктің дамуы көрсетілген.
Автордың айрықша көңіл аударған мәселесі өнеркәсіптік мал және мал өнімдерінің Торғай облысы арқылы транзиттік тасымалдануы. С. Е. Толыбеков, Е. Б. Бекмаханов және тағы басқа авторлар өздерінің еңбектерінде қазақ даласына әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы, қоныс аударуға байланысты аграрлық мәселелерді мал шаруашылығындағы өзгерістер мен қазақ ауылының экономикалық жүйесіне көңіл бөлген.
Түйін
Қазақстанда өндіргіш күштердің төмен деңгейде дамуы, қатынас жолдарының болмауы, шалғай аудандардың сауда орталықтарынан қол үзіп қалуы ескі өндіріс әдісінің сақталуын туғызды. Сауда өсімқорлық капиталдың үстемдік етуі «Өндіргіш күштерді дамытудың орнына», олардың тек қана әлсіреуіне апарып соқтырады, «сонымен бірге осы кесірлі (капитализмге дейінгі - Е. Б. ) қатынастарды мәңгілік етеді, ол бұл қатынастардың тұсында қоғамдық еңбек өнімділігі капиталистік өндірістегідей еңбектің өз есебінен дамымайды. Қазақстанда айырбас сауданың дамуына байланысты өсімқорлық істер кең тарады. ХІХ ғасырдың орта шенінде орыс көпестерінің едәуір бөлігі өз тауарларын қазақтарға қарызға берді, бұл үшін қазақтар осы қарыз бен оның процнттерін өз малына өтеуге міндеттелді. Бұл жөнінде Красовский былай деп жазды: «Тек көпестер ғана емес, бірсыпыра уақыт бойы егіншілік пен айналыспай келген казактарда қырғыздардың есебінен сауда-саттық жасайды. Олар көпестерден тауарлар алады да, оларын қырғыздарға апарып кем өлшеп таразыдан жей отырып, несиеге береді». Сөйтіп сауда капиталы айырбастағы делдал болып қана қоймай, сонымен бірге процент беретін капиталға, яғни өсімқор капиталға айналды. Маркс өсімқор капиталын сауда капиталының «егізі» деп атайды.
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, сілтемелер, пайдаланылған әдебиеттер.
ІІ Негізгі бөлім
Қазақ даласына капиталистік қатынастардың еніп, товар-ақша қатынасының дамуы нәтижесінде қазақ ауылының мал шаруашылығында болған жаңа құбылыстар қазақ шаруаларының әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді тереңдете түскені белгілі. Қазақ ауылының еңбекші шаруалары өмірінде көрінген сияқты, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ байларының өмірінде де әлеуметтік жіктеліс тереңдей түсті. Егер, біз зерттеп отырған кезеңге дейін қазақ ауылының байлары байлығын тек малдың санымен ғана есептеп отырса, ХІХғ. Екінші жартысына қарай, әсіресе ғасырдың аяғына таман өз шаруашылықтарын рынок қажетіне сай құрған, капиталистік өндірістік қатынастармен тығыз байланысты қазақ байлары шыға бастады.
Қазақ даласына товар-ақша қатынасының таралуы және капиталистік қатынас-тардың қазақ ауылына енуі ұсақ шаруашылықтарды күйзелтіп, бар байлықты аздаған адамдардың қолына шоғырландырды. "Натуралды шаруашылықтың негізін күйреткен капитад біріншідең дала пролетариатының армиясы-жатақтарды көбейтті, екіншіден, ірі жер шаруашылықтарының пайда болуына және олардың қарқындап өсуіне жағдай жасады. Торғай облысының Ақмола, Қостанай уезінде кездесетін осындай ірі шаруашылықтар орыстардың ауыл щаруашылығына қажетті жаңа еңбек құралдары бар, ондаған мың пұт бидай сататын жеке қожалықтарына ұқсас келеді. Жердің, сондай-ақ, малдың да жекелеген ру ақсақалдарының қолына шоғырлануы елкенің барлық уездерінен байқалады, әсіресе, шикізат көздеріне жақын аудандарда айқын көрінеді", - деп жазады XX ғасырдың басындағы қазақ ауылының өмірі туралы еңбек жазған Беротов [1] .
Қазақ шаруаларының жатақтарға айналып, кедейленуінің себебі - олардың негізгі күнкөріс көзі болып отырған жерінен және малынан айырылып қалуы болды. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының нәтижесінде ең соңғы жайылымдық жәнө егістік жерінен айырылған қазақ шаруалары кедейлікке ұшырап, тігерге тұяғы қалмаса, ал қазақ ауылындағы феодалдық-рулық аристократиялық топтар, байлар, керісінше, қорлана түсіп, кедейлердің қолындағы бар мал мен жерді өз қолдарына алып қойды.
Далалық облыстарда қазақ ауылдарының әлеуметтік емірінде болған жіктелістің тереңдей түскені туралы патша чиновниктерініңжазып кеткендеріне қарағанда, бұл процестің себебі мал шаруашылығында болған мүлік төңсіздігінің тереңдей түскендігінен екенін анық байқауға болады.
Байлар шаруашылығын сипаттауда зерттеушшілердің пікірлерінде айырмашылықтар бар. Мысалы, зерттеуші Толыбеков С. Е. капиталистік қатынастармен байланысты қазақ байларын жаңа әлеуметтік категория деп есептейді. Байлар әлеуметтік топ ретінде тіпті монғол шапқыншылығына лейін болғанын жазады [5] . Автордың айтуынша, қазақтар кез келген малы көп адамдарды "бай" деп атағзгн. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін қазақ байлары қазақ қоғамындағы жаңа әлеуметтік категория емес, бұрыннан бар топ екендігін айта келе, С. Е. Толыбеков, XIX ғасырдың екінші жартысында тек олардың қоғамдағы ролінің күшейе түскендігін айтады [6] .
Байлардың қоғамдағы рөлінің өсе түсуін зерттеуші төрт түрлі себептермен түсіндіреді: 1) хандық биліктің жойылуымен, осыған орай хандардың тірегі болып тұрған билер құқының әлсіреуіне байланысты; 2) қазақтарды әкімшілік басқарудың аға сұлтандық және сұлтан-билеушіліктің жойылуына; 3) жаугершілік заманның саябырсуына байланысты батырлардың (әлеуметтік топ ретіндегі-Т. Н. ) азайып кетуіне; 4) Қазақстандағы товар-ақша қатынасының дамуына орай деп топшылайды [7] . С. Толыбековтың пікіріне ұқсас тұжырымды ез еңбектерінде С. З. Зиманов тып, ортада мол байлыққа кенеліп қалатан. Осындай тәсілмен сауда жасау мал сатумен айналысатын байлардың шыққан шығынының орнын толтырып қана қоймай, оған қосымша пайда келтіріп, одан әрі қорландыра түседі.
Феарлюцияға дейінгі қазақ ауылының тарихын зерттеуші П. П. Румянцевтің айтуынша қазақ байларының байлығы малының санымен есептелеген. Кейбір байлардың үйір-үйір жылқыларының саны он мыңдап саналатын. "Мал сату, - деп жазады П. П. Румянцев, - бай шаруашылықтарға ондаған мың сом қаржы әкелетін негізгі табыс көзі болып табылады. Мұндай табыс қайтадан айналымға түскен кезде ол жүздеген мың сомдарға жетеді" [16] .
Қазақтың мал сатумен кәсіптенетін байлары өз малдарын жергілікті жердің базарларынан гөрі, Еуропалық Ресейдің, тіпті шетел базарларына шығарып көптеп сатуға тырысты. Олар Ресейлік енеркәсіптердің мал және мал енімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп тұратын жабдықтаушылары қызметін атқарды.
Ресей мен қазақ даласы арасындағы сауда операциясының дамуына темір жолдардың салынуы кеп жағдай жасады. "Сібір темір жолының салынуына байланысты, - деп жазады-дала генерал-губернаторы өз есебінде; - Еуропалық Ресейдің көптеген ірі түтыну рыноктары қырғыз (қазақ - Н. Т. ) базарларымен байланысқа түсіп, тірі малмен, оның шикізатымен және сиыр майы есебіндегі сүт өнімдерімен өз қажетін қанағатандыруда" [17] .
Ресейге темір жолдар арқылы мал көптеп әкетіле бастады. Мал шаруашылығындағы товарлылықтың артуы сауданың дамуынан болды. Бүл кезде сауда тіке-лей ақшалай сипат ала бастаған. Шаруашылықта товар-ақша қатынасының дамуы оның томаға-тұйықтық сипатын жойып, ыдырата бастады.
Ақшамен сауда жасаған мал сатумен кәсіптенген қазақ байларының товар айналымдары күн өткен сайын өсе берді. Мысалы, Қостанай уезінің байлары Байғабыл Букиннің 1890 жылы товар айналымы 150 мың сом, Оразбай Құраниевтің 100 мың, Әлімбай Жантөреевтің 80 мың, Сүлеймен Тастамыровтың 60 мың, Міржан Тастамыровтың 40 мың, Данияр Тастамыровтың 25 мың, Ораз Жантуаровтың товар айналымы 20 мың сом ақшаға жеткен [18] . Ол кездегі жылқының жөрмеңкесі бағасы 15-20 сом болғанын айта кеткен жөн.
Ақшаның ролі туралы Крафт И. И. былай деп жазады: “Деньги сделались кумиром в глазах кочевого народа; они уничтожают патриархальность отношений между людьми, создают "влияние" бргачей среди должников. Стонет бедный народ, обираемый и угнетаемый богачами” [19] .
Мал сатумен кәсіптенген алғашқы қазақ ауылының сауда буржуазиясы малдың шикізат енімдерін өңдейтін, қайта өңдейтін фабрика-завод сияқты кәсіпорындарының да иелері болды. Мысалы, Кекшетауда май шығаратын заводтың иесі - Ысқақов, осындай заводтың иесі - Оспанов, тері илейтін заводтың иесі Қошқаров, май заводының иесі - Момынжанов, ірі үн тартатын заводтың иесі - Кикин дегендер өздерінің сатқан малдарынан түскен қаржыға осындай ендіріс орындарын ашқан [20] . Көптеген кәсіпкер-байлар ірі орыс фирмаларымен және банктерімен байланыста болған. Мысалы, Ақмолалық бай, тері илеу заводының қожасы Өзбеков тері өңдеумен айналыса отырып мануфактуралық және бакалейлік товарларды кептеп сатып алып, қайтадан сатумен айналысқан. Оның қаржы операциясы мен вексельдік есебін Мемлекеттік банктің Ташкент бөлімшесі, Одессалық бөлімшесі, Волга-Кама коммерциялық банкі, Мемлекеттік банктің Варшавалық конторы және басқалар жүргізді. Оның қаржылық құжаттарымен Мемлекеттік банктің ең ірі Петербургтік бөлімшесі де есептесті [21] .
Қазақ ауылдарынан шыққан мал сатумен кәсіптенген байлар өздеріңің қызметтері арқылы Ресей өнеркәсібі үшін орасан зор пайда келтірді. Мүны Көкшетау уезінің бір топ байларының мына бір хабарламасынан анық байқауға болады: "Мы - элемент полезный, чем крестьяне - хлебопашцы, но, к сожалению, в оценку знания киргиз в экономическом быте России никто не входип Мы безнедоимочные плательщики всяких повинностей, мы даем десятки тысяч дешевых лошадей в Европейскую Россию, мы даем столько жёскота туда же, мы даем миллионы пудрв на европейский рынок сала, шерсти, кож, овчин. Словом, мы деятельная живаяісила в общей экономике государства" [22] .
Жекелеген байлар (скотопромышленники) шетелдік фирмалармен де коммерциялық байланыстар жасаған. Деректерге сүйене отырып айтар болсақ қазақ байлары өз малдары мен мал өңімдерін экспортерлер арқылы Батыс Еуррпа мемлекеттері мен Америкаға да шығарған екен [23] .
Қазақстанда шетелдік, әсіресе Еуропалық фирмалардың ашылуынан кейін кейбір заттардың бағасы кетерілді. Ал шетелдік фирма өкілдері мал шикізатын аса кеп мелшерде сатып алды. Мысалы, 1909 жылы даниялық Ландруп дейтін Семей уезінде 300 000 сомға сиырдың сары майын алса, германиялық Ургенфн 500 000 сомға сауда жасады [24] .
Ресей Федерациясының Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатында жинақталған құжаттарға қарағанда қазақ байлары Тюмень жәрмеңкесі арқылы Лондонға, Берлинге, Нью-Иоргке мал және мал шикізаты товарларын жіберіп тұрған [25] .
Қазақ ауылындағы сауда буржуазисының қалыптасуына Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ашылған банктер мен әр түрлі кредит беретін мекемелер ролі өте зор болды. Бұлардың жұмыс істеуі қазақ даласында товар-ақша қатынасының өрістеуіне орасан зор жағдай жасады. Алайда, товар-ақша қатынасының дамуы ұлттық капиталдың қорлануын жылдамдата алмады. Өйткені, патриархалдық-феодалдық қатынастар үстем болып тұрғанда, натуралды қазақ шаруашылығы мен патша үкіметі тарапынан жүргізіліп отырған отаршылдық саясат жағдайында ол қорлану мүмкін болмады.
Капиталистік даму жолына түсе бастаған қазақ байларының шаруашылықтарын сипаттағанда таза мал шаруашылығымен айналысқан қазақ байларын капиталистер деп айтуға болмайды. Алайда, Ресей экономикасының әсерімен бай шаруашылықтарында ірі өзгерістердің болғаны ақаиқат. Капиталистік жолға түсе бастаған байлар шаруашылығында шаруашылық қызметтің ескі және жаңа түрлері түрлері қатар жүріп, қанаудың патриархалдық-феодалдық және буржуазиялық әдістері қатар қолданылды. Байлар өз табыстарын көбейту үшін ауыл шаруашылық (машиналарын пайдаланды. Қаржысының біраз белігін егістік жерлерді арендалауға бөлді. Қазақ байлары негізінен орыс енеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар (поставщики) ролін атқарды. Олар орыс капиталистерімен бақталас бола алмады. Өйткені орыс капиталистерін өз қолына барлық билікті және ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін барлық өндірісті біріктірген отаршылдық әкімшіліктер қолдап отырды. Қазақ байлары өз қапиталдарын өнеркәсіп өндірісіне емес, сауда саласында ғана жандандыра алды.
1. 1. Қазақстан өнеркәсібінің дамуының алғышарттары
ХІХ ғасырдың аяғында Россия капиталистері Қазақстанда өнеркәсібі өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің капиталдарын әкеле бастады. Бұл үшін өлкеде қолайлы жағдайлар болған еді: жер мен шикізат арзан, жұмысшылдардың жалақысы төмен, басы артық жұмыс күші мол болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz