ҚР Банктік құрылымы мен дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I ҚР Банк жүйесі
1.1. ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. ҚР Банктік қызметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..10

II ҚР Банктік құрылымы мен дамуы
2.1. Банк операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Банктің қаржылық операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Қазақстандағы банк жүйесіне «скорингті» қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.4. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарының дамуының кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .2

I ҚР Банк жүйесі

1.1. ҚР Банк жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6
1.2. ҚР Банктік қызметтерді ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 10

II ҚР Банктік құрылымы мен дамуы

2.1. Банк
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..13
2.2. Банктің қаржылық
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.3. Қазақстандағы банк жүйесіне скорингті
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.4. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарының дамуының
кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 27

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2

Кіріспе
Банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының
болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның
сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елің
ақшаларымен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда
операциясына тікелей қатысуына байланысты түсіндірімді.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан қарастыруға болады: заңи және
экономикалық. Бірінші жағдайла, ең басты банк операциялар ұғымының маңызы
артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар
тізімі жатады.
Банк деген ұғым Италия сөзі bank - орындық, айырбас орындығы,
айырбас орыны мәнді білдіреді.
Курс жұмысының құрылымы 3 тақырыптан және бірнеше тақырыпшалардан
тұрады.
Бірінші таруда Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму
тенденциясы. Оның ішінде ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы. ҚР Банктік
қызметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының банк жүесінің құрылымдары мен
операциялары. ҚР Банк жүйелерінің құрылымы ҚРБ операциялары.
Үшінші тарауда қолайлы экономикалық конъюктура сондай-ақ 2004 жылы ТМД
– ның барлық елдеріндегі экономикалық жағдайдың айтарлықтай тұрақтылығына
ықпал етті. Негізі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны салыстырмалы
түрде жоғары болды. Мәселен, бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсуі орташа алғанда
Достастық елдері бойынша 8% (2003 жылғы - 8%), өнеркәсіптік өнімі - 7%
(8%), бөлшек сауда айналымы - 13%, негізгі капиталға инвестициялар-14%
болды.
ТМД елдерінің көпшілігінде макроэкономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-
ақ Қазақстандағы саяси және қаржылық тұрақтылық республика экономикасы
өсуінің 5 жыл бойы байқалып отырған үрдістерінің нығаюына ықпал етті. ЖІӨ-
нің жиынтық өсуі соңғы 5 жылда 52% -ға жуық болды, бұл Қазақстанға
экономиканың даму қарқындары бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болуға
мүмкіндік берді.
Қазақстан экономикалық жағдайының жақсаруын мойындау Қазақстанға
Standard & Poor’s – 2004 жылғы мамырда және Fitch Ratings агенттіктерінің –
2004 жылғы шілдеде Moody’s рейтінг агенттігі Қазақсанның тұрақтыдан
оңға өтетін рейтингтері жөніндегі болжамды қайта қарады.
Сонымен бірге, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының
республикаға 5-деңгейден 4-деңгейге дейінгі рейтинг беруі елдің әлемдік
аренадағы іскерлік беделінің жоғарлауының куәсі болды. Экономикалық
дамыған елдердің экспорт-импорт банктері мен экономикалық кредиттерін
сақтандыру жөніндегі агенттіктердің осы елдердің жобаларына қолдау көрсету
мәселелерін қараған кезде осы рейтінгтік көрсеткіш ескеріледі.

І ҚР Банк жүйесінің даму тенденциясы

Банк жүйесінің маңызды элементі – банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең басты, Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция) ХIV-XV – ғғ. пайда болған олардың еңбектерінде банк тауар
шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезінде,
яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу
үшін пайда болынған делінді.
XVI-XVIIғ.ғ Венецияда, Генуеда, Миланда, Амстердамда, Тамбургте
Нюрбиргте саудагер клиттер арсында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін жиролбанктер құрылды. Жироибанктер өздерінің клиенттері
арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізілді өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиролбанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында
пайда болған дейді. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі
делдалдық қызметінің қажеттілігінше пайда болғандығын білдіреді.
Дегенімен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк сөзі banсo деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мекемелер мен қалалардың, жекелеген тұлғаларының
әр түрлі манеталармен жасалған ол уақытта металдардың бір тұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі елдің ақшаларына
айырбастауға мамандалып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл
салымдарды сонлай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу
үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналды.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттілігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар
салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызыметін де көрсетті. Есеп
айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару
арқылы жүргізілді.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің
банктік билеттердің шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста
жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы
құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
1716 – 20 ж.Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш
рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым
барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды
көздеген банк өнеркәсіппен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне
тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірушілерге
борышқорлық міндеттемелер арқылы кредит беруге және клиентінің ағымдағы
есепшотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын
ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорыны ретінде өріс алды. ХХ ғасырдың
басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы банктердің
ролін едауір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде
кредит беруге көше бастады.
Олар көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 – 10 жылға дейін) ұмытылды.
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр
деңгейде дамып келеді.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енді, нәтижесінде
Ресейлік орталық - өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы
одан ары кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХIХ ғасырдың аяғы таман
қамтиды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие
жүйесіндегі – орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз
ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі
барлық акционерлік, комерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының
үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысымен көбін
тартып отырған. Басқа мемлекеттердің орталық эмиссиялық банктерінен Ресей
мемлекеттік банкінің айырмашылығы, сол сияқты өнеркәсіп сауда және дайындау
ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан тереториясында ірі сауда-
өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын. Оралда (1876),
Қызылорда(1881), Семейде (1887), Омбыда (1895) және бұрынғы Верныйда
(қазіргі Алматы) (1912) ашылып жұмыс жасды.
Ірі комерциялық банктер қайтарымда саналатын Сібір сауда-банкісінің
(1872) филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аудандарында, Омбыда (1894),
Семейде (1898), Қызылорда (1905), Верныйда (1908), Ақмолаға (1909),
Қостанайда (1911) орналасты.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы
банктер –бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды
жүзеге асырды:
- векселдерді есепке алу;
- тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;
- тауар құқықтарын кепілге ала атырып, ссуда беру;
- қайта есеп жүргізу;
- вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;
- бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;
- ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру;
- барлық есеп-судалық операциялармен айналысу;
- меншікті бағалы қағаздар шығару;
- салымдық және ағымдығы шоттар ашу.
Векселдерді есепке алу операцияларымен айналысу мемлекттік банктің
1960 жылғы жарғысына сай көзделген.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің филиялдарының қызметі активті
операциялары бойынша вексельдерді еске алу; тауарларға және тауарлық
құжаттарды есепке ала отырып, ссуда беру; бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар қамтылды.
Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру екі формада жүзеге асады:
1) Заттай, яғни кепілдікке берілген тауарлар шотымен басыла отырып
сақталынады, немесе оларды жауапты адамдардың сақтауына қалдырады.
2) Жеке – заттай, яғни бұл жағдайда тауарларға кепіл берушінің жауапты
сақтауына болады.
1909 – 1913 жж. өнеркәсіптік орлеу жылдарында мемлекеттік және
акционерлі-коммерциялық банктермен қатар сауда және өнеркәсіптік
кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара несие
беру қоғамдары және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып отырды.
Қазақстанда Ресейдің басқа аудандармен салыстырғанда өзара несие беру
қоғамы кеш пайда болды.

1.1. ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де Қазақсандағы банк жүйесінің бір
тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260,
жинақ кассасының 4147 мекемесі жұмыс істеді. Тек Қазақстан дербес
мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік
ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк
т.б.)
Қазақстанда 1995 ж. басталған банк реформасының нәтижесінде қос
деңгейдегі банк жүесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚР Ұлттық
банк. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және
уәкілеттігі ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы
Заң күші бар Жарлығында (30.03.1995) белгіленген. Өзге банктердің бәрі банк
жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар коммерциялық
банктер деп аталады. Себебі, олардың жарлық қолары мемлекеттік меншіктен
шығарылып, жарналық акционерлік капиталдан құрылады. Ұлттық банк эмиссиялық
айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық
банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді
белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды.
Екінші деңгейдегі банктер халық шаруашылығы мен халыққа сан-салалы
қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған.
Қазақстанда алғанқы коммерциялық банктер (Интеринвесбанк, Крамдбанк) 1989
жылдан пайда бола бастады. 1992 ж. олардың саны 232-ге жетіп, 1994 жылы
күрт қысқарды. 1994 жылдың басында Ұлттық банк пен Үкіметтің арнайы ақша –
несие саясатының нәтижесінде (жарғылық капиталды өсіру арқылы) бактер саны
бұрынғыдан да азайып, олардың өзіндік капиталы 53,7%-ке (41,2 млрд. теңге),
активтердің жалпы көлемі ұлттық валюта есебінде 22-мллд-тан асты (1999,
қаңтар). Ұлттық банктің перспективалық жоспарында банктерді одан әрі
шоғырландыра түсу көзделген. Осыған орай олардың жарлық капиталдың ең
төменгі мөлшерін 300 млн. Теңгеге жеткізіп, оны бірте-бірте 1 млрд. теңгеге
дейін өсіре беру межеленген.

ҚР соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәлімет
1 кесте. ҚР-ғы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнің соңында
Несие жүйесінің 12.2001 12.2002 06.2003
элементтері
Екінші деңгейлі 44 38 35
банктер
Оның ішінде
мемлекеттік 2 2 2
Мемлекетаралық 1
Шетел капиталының16 17 16
қатысуымен
Оның ішінде 96 96 104
100%,50% дан ас
Оның ішінде 11 11 10
елшілес банктер

1 кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің саны жылдан жылға азаюд 90-
шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты.
Еліміздегі барлық несие жүесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алды.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу ғана емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк
жүйесіне жетекшілік бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі
келесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында;
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз
акционерлік қоғам формасында;
- орталық банктің функцияларын бір тұтас атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі.
2004 жылдан бастап, Ұлттық банкі туралы ҚР заңына жасалған соңғы
толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті –
еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынандай қосымша міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден тұрады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінше;
- ҚР төңірігінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен
Қазақстан Ұлттық Банк – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді Ұлттық банк басқару органына.
Басқарма және директорлар кеңесі жатады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиалы Ұлттық банк
атынан жұмыс істейді. Ұлттық банктің орталық аппаратында мынандай
департаминттер мен дербес басқармалары бар:
- зерттеу статистика департаминті;
- шетел операциялары басқармалары;
- монитарлық операциялар департаминті;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- қолма – қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаминті;
- операциондық басқарма;
- төлем жүйесі басқармасы;
- бақылау және аудит департаминті;
- персаналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Қазақстан Ұлттық банк құрлымына мынандай дербес бөлімшелер де кіреді:
- мемлекеттік сақтау қоймасы;
- Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілдігі;
- Банкноттық фабрика;
- Монета сапайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырылысу орталығы;
- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
- Банктік сервистік бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы;
2004 жылдан бастап, Үкіметтің қауылысымен Ұлттық банктің құрлымынан
қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызыметіне бақылау және қадағалау
жөніндегі қаржы агенттігі бөлініп шықты.
Оның құрлымына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаминттері кіреді.
Ұлттық банк мынандай классикалық қызметтерді атқарады:
- ақшаны емиссиялау;
- ақша-несие саясатын жүргізу;
- төлем жүйесін ұйымдастыру;
- төлем балансын құру;
- валюталық реттеу және валюталық бақылау.
Ұлттық банк мынандай операцияларды жүргізді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару
мерзімдегі міндеттемелерді есепке алады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық
бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы
қағаз, басқа да құндылықтарды сақтануға және басқаруға қабылдайды;
- қаржы құралдары мен операцияларды жүзеге асыру;
- қажет кезінде банктерді және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чектерді жазып векселдерді береді.

1.2. Қазақстан Республикасының банктік қызметтерді ұйымдастыру
ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995
жылы 30 наурызда қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31
тамызында қабылданған ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР
заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер – бантік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастп
қалыптасы, яғни Қазақстандық банктік жүйенің небары он бес жылдық тарихы
бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 2 кестеде
берілген.
2 кесте. ҚР-ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы кезеңнің басына
Банктердің түрлері01
1996
Мемлекеттік 4 4 6
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері 1 0 0
Меншікті капиталдың жектілікті 2 3 0
коэффициенті (К1)
Меншікті капиталдың жеткілікті 2 3 0
коэффициенті (К2)
Банкпен ерекше қатынасы бір қарыз 6 1 1
алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы
мөлшері (К3.1)
Жалпы клиенттері бойынша 1 қарыз 5 1 0
алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы
мөлшері
Ағымдағы өтімділік клэффиценті 3 3 0
(К4.1)
Банктің негізгі құралдарға және 3 2 0
қаржылық емес активтерге жұмсаған
инвестициясының жоғарғы мөлшері
(К5)
Ашық валюта пруденциясы лимиті 7 2 0
Пруденциялық нормаларды бұзушы банк
саны

ІІ ҚР банктік құрылымы мен дамуы

Ұйымдық құрылым Ұлттық банктің құрылымы және жалпы штаттық саны (4000
адам) Президенттің Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің ережесі мен
құрлымын бекіту туралы 1999 жылғы 11 тамыздағы №188 жарлығымен бекітілген.
Ұлттық Банктің ұйымдық құрлымына орталық аппарат, 16 аумақтық
филиалАлматы қаласындағы екі филиал (Банкнот фабрикасы және кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы), Ұлттық банктің Ресей
Федерациясындағы өкілдігі, бес бағынышты ұйым (Қазақсан банкаралық есеп
айырысу орталығы, Банктік сервис бюросы, Қазақстан теңге сарайы,
Ұлттық банктің Автобусы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық
мемлекеттік кәсіпорыны (қазыналық кәсіпорыны) кіреді. 2003 жылы Ұлттық банк
орталық аппаратының құрылымында 9 департаминт, 11 дербес басқарма және 1
дербес бөлім жұмыс істейді.
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстаны Республикасының қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттіктің құрылымына
және оған Ұлттық Банктің жекелеген функцияларын беруге байланысты Ұлттық
Банктің ұйымдық құрлымы өзгерді.
Ұлттық банк Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру
қоры, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы және Қазақстан Актуарлық
орталығы мен ЖАҚ-ның және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоы,
Қазақсанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры АҚ-ның 100%
құрылтайшысы, Процессинг орталығы (Ұлттық Банктің үлесі-67,3%) ЖАҚ
құрылтайшыларының бірі болып табылады.

2.1. ҚР Банк операциясы
1.Банктің инвестициялық операциялары.
Банк қызметіндегі инвестициялардың өзіндік ерекшелігі бар.
Банктік инвестиция пайда табу мақсатында банктк ресурстарын орналастыруға
бағытталған активтік операциялардың жиынтығы. Банктік инвестиция – табыс
немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынандай бөлімдерді
қамтиды:
- инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
- баланс активі мен пассивіндегі квартинвестициялық операциялардың шегін
анықтау;
- инвестициялардың құрамы мен құрлымы;
- портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизімі;
- сақтау тәртібі мен сақтандыру механизімі;
- пайдалар мен зияндардың есебі;
ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты.
Түрі Шығару мақсаты Орналастыру Айналыс Номинал
тәсілі мерзімі құны
1 2 3 4 5
ҰБ қысқа мерзімді Айналыстағы Аукционсату 7 күннен 90100 теңге
нотасы ақша массасын күнге дейін
реттеу
ҰБ арнайы валюталықЕркін өзгермеліНоталар 35 күн 100 АҚШ
нотасы валюта бағамынапортфелін доллар
өтуге жинақтаушы
байланысты зейнетақы
жинақтаушы қорларымен
зейнетақы айырбастау
қорларының
активтерін
қорғау
Арнайы валюталық Жинақтаушы мемлекеттік 5 жыл 100 АҚШ
мемлекеттік зейнетақы облигациялар доллары
(облигациялар) қорларының портфелін
(АВМЕКАМ) активтерін жинақтаушы
қорғау зейнет ақы
қорымен
айырбастау
ҰБ Үкіметтің Акцион 10 жыл 1000
Мемлекеттің арнайы қарызын қайтара теңге
қазыналық рәсімдеу
міндеттемелері

Мемлекеттің қысқа Республикалық Акцион 3,6,9 100 АҚШ
мерзімді қазыналық бюджеттің және12 ай доллар
валюталық ағымдағы
міндеттемесі тапшылығын
(МЕКАВМ) қаржыландыру
Мемлекеттің Республикалық Акцион 3 ай дәне 1000
индикацияланатын бюджеттің одан жоғарытеңге
қазыналық ағымдағы
міндеттемесі тапшылығын
(МЕНКАМ) қаржыландыру
Мемлекеттің орта Республикалық Акцион 2 және3 жыл1000
мерзімді қазыналық бюджеттің теңге
міндеттемесі ағымдағы
(МЕОКАМ) тапшылығын
қаржыландыру
Мемлекеттің қысқа Республикалық Акцион 3,6,9 және 1000
мерзімді қазыналық бюджеттің 12 ай теңге
міндеттемесі ағымдағы
(МЕККАМ) тапшылығын
қаржыландыру
Мемлекеттің ішкі Республикалық Жазылу жолымен 364 1000
займдық ұлттық бюджеттің теңге
жинақ облигацияларыағымдағы
(УЖО) тапшылығын
қаржыландыру

Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға
салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада
қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен
болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы
қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар
жатады:
акциялар;
облигациялар;
депозиттік және жинак, сертификаттары;
ипотекалық куәліктер;
депозитаралық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға
байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами
қойған жоқ.
Акция — бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын
куәландыратын және басқ,ару ісіне қатысуға қүқық беретін. Сондай-ак, иесіне
табыс әкелетін бағалы қағаз.
Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты
акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына
байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа
қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамның табысына
байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, біраң басқару ісіне араласуға
немесе акционерлер жинылысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты
акцияның келесі бір артықшылығы — қоғам борыштың тұрақсыздыққа ұшыраған
жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.
Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты (сертификатпен)
түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы).
Облигация — оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және
эмитентін осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру
туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге
бөлінеді:
— Купондық облигация — инвестор банкке пайыз
мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір
рет табыс әкелетін түрі;
— Дисконттык, облигация — инвестор банктің облига-
цияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада са-
тып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма
түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Мысалға, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі — 10%,
онда облигацияның ағымдағы табысын мынадай түрде есептеуге болады.
Купонбаға х 100 = 10100 х 100 = 10%.
Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:
10150 х 100 = 6,66%.
Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және
олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым
жоғары болып келетініне байланысты банктер, оларға қаражат салуда әлі де
болса пассивтік танытуда.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділіктіқ қолдау және
банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы
корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік
шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік
операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке
табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг
және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг сөзі leasing ағылшын етістігінен аударғанда, жалға беру
дегенді білдіреді. Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне
тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларың
өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға
(жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға
беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық
лизингтер.
1. Шұғыл лизинг — бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.

2. Қаржы лизингі — бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі
ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі
өтеуімен байланысты сипатталады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қалай беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Лизинг операцияларының техникасы 15-суретте көрсетіледі.

5-сурет. Лизинг операциясының сызбасы.
1 — банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жаса-лып,
несие беріледі; 2 — лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін
жабдықтаушыға төлейді; 3 — жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын
сатады; 4 — лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік
келісімшарт жасалады; 5 — жабдыктаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 —
лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7
— лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі —
факторинг.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын
кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде
рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг — клиенттің
айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының
бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін
төлеу шартымен сатып ала-ды. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік
операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін
шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағылшын тілінен £асіог, аударғанда маклер, делдал деген
мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда — бұл делдалдық операция.
Факторинг операциясы — жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған тауары
мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын)
банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) —өздерінің
клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
Клиент ('тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен
келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі.
Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң, факторинг компания немесе банктің
фактор бөлімі 1—2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдаиын
зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор
бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып
алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша
клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-
фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2
— 3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты
жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 16-сурет көрсетілген.

16-сурет. Факторингті ұйымдастыру сызбасы.

Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандық ақша нарығында дами алмай отыр.
Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс
банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг
операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың 6асындағы төлем
дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап,
нәтижесінде отындық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға
салғырттық танытуда.
Форфейтинг сөзі француз тілінде, аударганда, құқықтан бас тарту дегенді
білдіреді. Форфейтинг — тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету
барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті
міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг операциясы — форфейтордың яғни коммерциялық банктін немесе
арнайы компанияның экспортерга төлеуге тиісті импортердің берген төлем
құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

Форфейтинг операциясы 17-суретте беріледі.

17-сурет. Форфейтинг мәмілесінін, техникасы.
1 — мәмілеге ңатысушылар арасында келісімшарт жасалады; 2 — та-уарын
несиеге береді; 3 — аудармалы вексельді (5—7 жылға) жазып береді; 4 —
аудармалы вексельді қайта сатады; 5 — аудармалы вексельді есепке алып, оның
70% -дай мелшерінде банк ссуда береді; 6 — мерзімі жеткенде төлеуге
ұсынылады; 7 — вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты
құрайды, кей жағдайларда — 7 жыл. Форфейтингтегі дисконт
мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:

• еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР — Лондондық банкаралық
пайыз мөлшерлемесі);

импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны
0,5-тен 6%-ға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды;
несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0,5%-ға дейін жылдың);
міндеттеме үшін алынатын комиссия (1-1,5% жылдық).

ҚР Банк жүйесінің дамуы

Қазақстан экономикасы 2004 жылы қарқынды түрде дами түсті, бұл көп жағдайда
жүргізілген реформалардың табыстарына, сол сияқты әлемдік экономикадағы
қолайлы ахуалға байланысты еді.
Реттеу және қадағалау функцияларын бөлу ТМД-дағы жалғыз орталық банк
болып табылатын, қызметі классикалық орталық банкке тән функцияларды
орындауға толық шоғырландырылған Ұлттық Банктің ерекше мәртебесін
айқындады.
Өмірдегі жаңа болмыстар Ұлттық Банк саясатындағы акценттердің орын
алмасуына себеп болды.
Ұлттық Банк жүргізіп отырып ақша – кредит саясатының аумағында
инфляцияны төмен деңгейде ұстауға ерекше көңіл бөлді. Айырбас бағамының
саясаты саласатында айырбас бағамының режимі сақталды, бұл Қазақстан
тауарларының сыртқы нарықтардағы бағалық бәсекелік қабілетін сақтауға
және елдің әлемдік экономикалық кеңістікке шоғырлану дәрижесін
жоғарылатуға ықпал етті.
Жалпы ішкі өнімнің көлемі 2004 жылғы деректер бойынша ағымдағы
бағаларда 5542,5млрд. теңгені құрады. ЖІӨ-нің нақты өсуі 2003 жылмен
салыстырғанда 9,4% болды. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік – экономикалық
дамудың 2004-2006 жылдарға арналған орташа мерзімді жоспарының шеңберінде
берілген ЖІӨ-нің болжамдық бағаларынан едәуір асып түсті (ЖІӨ-нің болжамы
нақты 7% өсе отырып, 4877 млрд. тг болды).
ЖІӨ-нің нақты өсуі экономиканың барлық салаларда өндірістің нақты
көлемінің: өнеркәсіпке - 10%, ауыл шаруашылығында – 0,1%, құрылыста –
11,2%, көлік және байланыс қызметін көрсетуде – 12,2%, сауда және басқа
да қызмет көрсетуде – 10,4%-дан ұлғаюына байланысты еді.
ЖІӨ-нің құрлымында тауарлар өндірісінің үлесі 45%, қызмет көрсету
50,6% болды.
Ел экономикасының өсуіне көбінесе отандық және шетелдік капиталдың
инвестициялық белсенділігі ықпал етті. Мұнай өндіру саласында шетелдік
инвесторлардың қатысуымен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру,
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық –
инновациялық даму стратегиясының ауқымында алдағы уақытта іс-шаралар
жүргізу, сондай-ақ бірқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Банктік жүйе
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Пәндер