Негізгі құралдар есебі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА.ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы ... ... .6
1.2 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1 Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру ... ... ... ... ... 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы ... ... .6
1.2 Кәсіпорынның жалпы экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.3 Кәсіпорынның есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .26

ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалау әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Негізгі құралдардың түсу
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
6
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..52

ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1 Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... 59
3.2 Негізгі құралдар есебінің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .74

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..76

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік
есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және
басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты
және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және
субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің
негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың
талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне
есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі
экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық,
сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға),
оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны
сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық
құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және
тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен
мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму
заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде
пайдаланылады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы
білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін,
нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – негізгі құралдар түсінігі,
кәсіпорындағы оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру
жолдарын зерттеу.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі объектісі ЖШС Арай ұйымы
болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және
қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған
кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты
сипатталады; екінші бөлімінде – негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері
көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын түгендеу
есебі мен бағалау есебі, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру
жолдары
қарастырылады.

І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның
маңыздылығы

Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
стандарттарына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру,
тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға
беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен
артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана
актив ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда
алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау
мүмкін болса.
Негізгі құралджар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды
жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономикалық барлық
салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар-деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі
құралдарды айтады. Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік
емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа
салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық
үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.
Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық
негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы,
тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-
өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік
сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және ағы да басқа
салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде
олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен
қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса,
онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты
негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа
салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы
бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін
экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері
қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
- Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
- Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
- Көлік құралдары;
- Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құрлдар
жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа
бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істейтін негізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі
себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын
негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар
жатқызылады.
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
стандарттарына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар
объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның
ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар,
сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін
жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын
анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындржатады:
• алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау
шығындары;
• тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
• орнатуға байланысты шығындар;
• архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби
қызмет көрсетудің құны.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді
сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура
сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін
өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең
болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі табыс ондай негізгі құралдардың құнын
есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының
бөлімшелерінде, яғни мына активты шоттарда жүргізіледі:
2411-шот – жер;
2412-шот – үйлер мен ғимараттар;
2413-шот – машиналар мен жабдықтар;
2414-шот – көліктер құралдары;
2415-шот – компьютерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді
өңдеу жөніндегі жабдық;
2416-шот – кеңсе жиһазы;
2417-шот - өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.
Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни
көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы
көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық
бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық
объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект деп өзінің құрамына
кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып
алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке
құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе бірімен бірі
құрылымы бойынша біріктірлген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі
бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың
тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға
инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға
берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен
шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске
алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвертарлық номер негізгі
құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.
Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады.
Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек
сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі
құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсетілетіндей етіп
тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық
номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын
ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен
қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы
техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және
істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық
түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте
уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
- Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді
пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру
жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен
байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
-Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел
айқындау;
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік
есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек
құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде
атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс
саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

1.2 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы

ЖШС Арман Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына ағымдағы
жылдың аяғына қарай көшуді жоспалап отыр. Кәсіпорында жүргізіліп келе
жатқан бухгалтерлік есеп жүйесі автоматтандырылған түрде 1С: Бухгалтерия
7.7-ші бағдарламасы арқылы жүргізілуде. Ал осы жылы бухгалтерлік
бағдарламаның 8.8-не жоспарлануда. Жаңа бағдарламамен бірге жаңа
стандарттарға өту қолайлы болып келетіні сөзсіз. Дегенмен, Қаржылық
есептеменің халықаралық; стандарттарына көшу кәсіпорын үшін тиімді
болатынына күмәнім жоқ. Оның қыр-сырына тереңірек тоқталып кетейік.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық стандарттардан
артта қалған. Кәсіпорынның таза активтерінің нақты түрдегі бағалануын
қамтамасыз етуге бағытталған Қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына кіру қазақстандық кәсіпорындарға деген инвесторлардың
сенімділігінің деңгеін жоғарлату үшін бірден-бір қажетті қадам. Бұл
стандарттар кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты оның мүліктері
мен міндеттемелерінің нақты бейнесін алуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз
кезегінде, қазақстандық бизнестің тұрпатына оңды әсерін тигізеді.
Инвестор, бірінші кезекте, белгілі бір кәсіпорынға салған салымдарының
мүмкін болатын тәуекелі туралы толық түрде көрініс беретін ақпаратты алуға
қызығушылық танытады. Көптеген кәсіпорындардың басқарушыларының пікірі
бойынша Қаржылық Есептеменің халықаралық стандарттарына көшу инвесторлардың-
сенімділігін арттырады. Бірақ бұл мәселені талқылау барысында келесідей
сауал туылады: қандай кәсіпорындар бірінші кезекте Қаржылық есептеменің
халықаралық стандарттарына өтулері керек. Қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына қазақстандық немесе халықаралық қаржы нарығында қаражат
алуды көздеп отырған немесе сол нарық арқылы қазіргі уақытта өз қызметін
жүзеге асырып отырған кәсіпорындар көшу керек.
Капиталдың шетелдік нарығына шығуға бел буған қазақстандық
кәсіпорындар тартылатын қарыздар бойынша жолғары пайыздық мөлшерлемеге
ұшырауда. Бұл түсінікті, өйткені шетелдік қарыз берушілер қазақстандық
қарызгерлердің қаржылық есептемесінің сенімді еместігімен байланысты
туындайтын қосымша тәуекелдерден аулақ болуды қалайды. Ал Қаржылық
есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған есептеме
кәсіпорынның жағдайы туралы сенімдірек және объективтірек ақпарат береді.
Сонымен, бұл шығындардың азаюы мен бәсеке қабілеттілікті күшейтуге алып
келетін тартылатын капиталдың құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына шетелдік инвесторы бар
немесе акциялары Қазақстаннан шеткей жатқан елдерде айналымда жүрген
кәсіпорындар ғана қолданады.
Есептемені Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құру
керек деп шешкен кәсіпорындарға бірқатар ең тартымды факторлар әсер етті:
- іскерлік белсенділікті жақсартуға деген талпыныс (24%);
- нарықтың жаңа талаптарына сәйкес келу қажеттігі (18%);
- капиталдың халықаралық нарығына шығудың мүмкіндігі (18%);
Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған
есептеменің аудитін жүргізудің қызметінің құны орташа есеппен алғанда
қазақстандық стандарттар бойынша құрылғанынан 15-20%-ға жоғары болып
келеді. Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары бойынша аудиторлық-
консультациялық қызмет көрсетіп жүрген компаниялардың саны санаулы.
Кәсіпорындардағы есептемені жаңа стандарттарға сәйкес құра алатын
қызметкерлердің саны да санаулы.
Бұл стандарттарға көшу барысында есептің электронды түрде жүргізіліп
келе жатқан жүйесін түгелдей қайта құрудың қажеттігі туындайды. Халықаралық
есептеме ақпараттың үлкен көлемін иемденеді әрі оны ашудың нақтылығын
айғақтайды. Өзінің қаржылық есептемесін Қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құратын кәсіпорындар өзінің бюджетіне
трансформациялық шығындарды (қаржылық және кезең шығындарын) кіргізуі
қажет. Әрбір кәсіпорын Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына көшу
барысында ең басты мәселеге арнайы мамандандырылған қызметкерлердің
жоқтығына келіп тіреледі. Сондықтан бухгалтер тек бухгалтерлік есеп
ережелерін ғана емес, сонымен қатар арнайы қағидаларды меңгеруі қажет.
Халықаралық стандарттарға көшу нормативтік-құқықтық құжаттардың,
әдістемелік материалдардың жоғарғы кәсібилік деңгейімен қамтамасыз етілуі
керек. Осыған байланысты Қазақстанның білікті бухгалтерлерінің палатасы
Қаржылық есептеме бойынша комитетқұрды. Комитеттің негізгі мақсаты
кәсіпорындарға халықаралық стандарттарға жауап беретін қаржылық есептемені
дайындауға көмек көрсету.
Енді Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары бойынша құрылған
жұмысшы шоттар жоспарын айғақтауға бет бұрайын:
1) жұмысшы шоттар жоспарындағы бухгалтерлік есептің топтамалық шоттары
өтімділіктің төмендеуіне қарай орналасқан;
2) жұмысшы шоттар жоспарындағы шоттардың нөмірі төрт таңбалы болып
келеді.
Бірінші сан бөлімдерге қатысын білдірсе, екінші сан өтімділіктің
төмендеуіне байланысты орналасқан бөлімшелерге қатысын білдіреді.
Үшінші сан топтамалық шоттрдың тобына қатысын білдіреді. Ал төртінші
санды топтамалық шоттардың өтімділік бойынша орналасу тәртібінорнату арқылы
кәсіпорын өзі белгілейді.
Менің пікірімше, ЖШС Арман Қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына көшуі оның қржылық-шаруашылық қызметін, жалпы қаржылық
жағдайын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қаржылық
есептеменің халықаралық стандартаына бойынша құрылған жұмысшы шоттар
жоспарын қолдану қолайлы болып келетіні сөзсіз.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпорын Арман Қазақстан
Республикасының нарығында 1995 жылдан бері фармацевтикалық қызметпен
айналысып келе жатқан ірі дистрибьюторлық кәсіпорын болып табылады. Негізгі
қызметі дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыру. Бұл
кәсіпорын дәрі-дәрмектердің 114 шетелдік және 100 отандық өндірушілерімен
және жабдықтушыларымен іскерлік қарым-қатынас орнатып үлгерді.
ЖШС Арман заңды тұлға ретінде 13.09.1994жылы Қазақстан
Республикасының Заң министрлігі берген №28465-1910-ЖШС заңды тұлғаның
мемлекеттік тіркеуден өткенін көздейтін куәлік арқылы тіркелген.
ЖШС Арман міндетті лицензиялаудан өткен. Сол себептен ЖШС 2002 жылы
Денсаулықты сақтау істері бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі
фармацевтикалық қызметпен айналысуға берген мерзімі белгіленбеген
лицензияға ие болып отыр. Кәсіпорынның Басшысы әрі Бас директоры
Шайзаханова Мәриям Айдаровна.
ЖШС Арман заңды тұлға болып табылатындықтан өзінің қызметін
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің, Шаруашылық серіктестіктер
туралы заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығының,
басқа да заңнамалық және нормативтік актілердің, Жарғының және үлестік
келісім-шарттың негізінде іске асырады. ЖШС Арман өзінің жеке меншігін,
балансын, Тұран Әлем, Центр,Кредит банкілерінде есеп айырысу шоттары
мен влюталық шоттарын, кәсіпорынның атауы жазылған мөрі мен басқа да
деректемелерді иемденуге құқығы бар.
ЖШС Арман өзінің қызметін толық шаруашылық есептің негізінде жүзеге
асырады. Қазақстан Республикасында келісім-шарттарды өз атынан бекітеді.
ЖШС Арман іргесі 13.03.1995 жылы қаланып, оның жарғлық капиталы 600
мың теңге көлемінде бекітілді.Үлес қосушылыр өз үлестерін үлестік келісім-
шартта белгіленген мөлшерде қосқан:
- ЖШС Арман Бас директоры Шайзаханова М.А. үлесі: кәсіпорынның
жарғылық капиталының 90% құайтын 500 мың теңгенің мүлкі және ақша
қаражаттары;
- ГФР-ның азаматы Герберг Д. үлесі: жарғылық капиталдың 10% құайтын
100 мың теңге.
Кәсіпорынның қызметін ашып көрсететін негізгі үлестік құжат болып
Шетелден дәрі-дәрмектерді сатып алу жарғысы (жалпы тауар көлемінің 10%
құрайды) табылады.
ЖШС Арман қызметі Алматы, Астана қалаларын және Қазақстанның
облыстық орталықтары мен аймақтарын қамтиды. Кәсіпорынның Астана, Ақтөбе,
Атырау, Петропавл, Семей, Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында
орналсқан 9 филиалдары бар. Филиалдармен және аймақтармен бірге орнатылған
тығыз байланыс қысқа мерзім ішінде Қазақстанның барлық қалаларына
тауарларды жеткізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қызметінің басты мақсаты болып пайда табу тбылады.
Негізгі қызметі – дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды импорттау және
оларды Қазақстанның ішкі нарығында өткізу. Сонымен, жарғыға сәйкес ЖШС
Арман қызметі төмендегідей сипатқа ие:
• фармацевтикалық қызмет;
• сыртқы экономикалық қызмет;
• дәріханалар желісін құру;
• сауда-саттық, делдалдық қызмет;
• маркетингтік және жарнамалық қызмет;
• көтерме-бөлшек сауда желісін ұйымдастыру;
• көліктік қызмет көрсету;
• заңмен шек қойылмаған қызметтің басқа да түрлері.
ЖШС Арман өндірістік емес фармацевтиклық сектордың барлық саласын
қамтиды:
• кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларын;
• Республиканың барлық облыстар бойынша дәрі-дәрмектің ірі және
ұсақ көтерме саудасын;
• Өзінің бөлшек саудасын, оның құрамына Алматы қаласында
орналасқан 9 дәріхана кіреді.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорынның 2001 жылы Алматы
қаласында құрылған ауданы 5000 шаршы метр болып келетін қоймасы, жоғарыда
көзделіп кеткен Қазақстанның 9 қалаларында орналасқан филиалдары, маркетинг
бөлімі, сертификаттау бөлімі, әкімшілік-басқарушылық және тағы да басқа
бөлімдері бар.
Фармөнімдердің негізгі жбдықтаушылары – импорттық өндіруші елдер:
Швейцраия, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Үндістан, Түркия,
Литва, белоруссия, Ресей және тағы да басқалары. Қазақстан Республикасының
жабдықтаушылар болып табылатын өндіруші кәсіпорындар; Химфарм АҚ, ЖШС
Эйкос-фарм, ЖШС Елдос-фарм және тағы да басқалары. Сатып алынатын
өнімдердің жалпы көлемінің 75%-ын импортталған дәрі-дәрмектер және тек 25%-
ын ғана ішкі нарықтан сатып алынған дәрі-дәрмектер құрайды.
Бұл, біріншіден, Қазақстандағы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамығанына
байланысты. Сонда да, дәрі-дәрмектерге деген сұраныс өте жоғарғы деңгейде
тұр. Дәрі-дәрмектерді, негізінен, Қазақстанның аумағында орналасқан
дәріханалар, ауруханалар және жеке кәсіпкерлер сатып алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінің нәтижелілігін
жоғарлатудың басты мәселесі болып кәсіби біліктілігі жоғары қызметкерлер
табылады. Яғни, кәсіпорынның жеңісі оның қызметкерлерінің кәсібилігіне
негізделген. Сондықтан кәсіпорынның басқармасы дұрыс кадрлық саясатты
жүргізуге бел буған. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері әкімшілік-
басқарушылық, шаруа жөнінен қызмет көрсетушілік, фармацевтикалық және
көмекші топтарға бөлінеді.
Дәріханалардың фармацевтикалық және көмекші қызметкерлерінің саны
провизорлық қызметкерлер, орта фармацевтикалық және көмекші қызметкерлер
үшін жеке түрде бекітілген штаттық нормативтер арқылы бекітілген.
1. Провизорлық қызметкерлер құрамына провизор-технологтар, провизор-
талдамашылар, аға провизорлар, бөлімдердің жетекшілерінің орынбасарлары
кіреді.
2. Орта фермацевтикалық қызметкерлердің құрамына провизорлар, провизор-
талдамашылар, дәріханалар жеісінің фармацевттері, бөлімдердің жетекшілері
кіреді.
3. Көмекші қызметкерлер: жүк таситын, тазалық сақтайтын жұмыскерлер,
көлік жүргізушілер.
Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымы мен ұйымдастырылуын жете түсіну
үшін 1-кестені қарастырайық.
Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымында 2006 жылы үлесі жағынан ең
көп көлемді әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер (50%) алған. Бұл
кәсіпорынның фармацевтикалық қызмет көрсету нарығының мүмкіндігінше басым
бөлігін алуға талпынуымен байланысты.

Кесте 1
ЖШС Арман еңбек ресурстарының құрылымын талдау (адам).
Еңбек ресурстары 2006ж. 2007ж. Еңбек ресурстарының жалпы
көлеміндегі үлес салмағы
(%)
2006ж. 2007ж
Әкімшілік-басқарушылық 1 1
қызметкерлер: Бас директор
Атқарушы директор 1 1
Аймақтық директор 1 4
Бас бухгалтер 1 1
Бухгалтер 3 3
Менеджер 7 12
Сауда бөлімінің бастығы 1 2
Бағдарламашы 1 1
Кассир 6 6
Өкіл 11 15
Экспедитор 2 5
Барлығы: 34 51 50,0 36,7
Фармацевтикалық 1 1
қызметкерлер: Бөлім
жетекшісінің орынбасары
Қойма жетекшісі-провизор 3 6
Провизор-талдамашы 1 4
Аға провизор 1 17
Провизор 6 4
Дәріхана желісінің 2 6
фармацевті
Барлығы: 14 38 20,6 27,3
Шаруа жағынан қызмет 2 15
көрсететін қызметкерлер:
Тазалық сақтайтын жұмыскер
Кір жуатын жұмыскер 2 4
Еден жуатын жұмыскер 5 8
Жүк таситын жұмыскер 6 14
Көлік жүргізуші 5 9
Барлығы: 20 50 29,4 36,0
Еңбек ресурстарының 68 139 100 100
барлығы:

Осының нәтижесінде Қазақстанның аймақтарында кәсіпорынның
өкілдіктерінің саны көбейді. Жұмысшы күшінің ресурстарының, осы бөлігінің
2007 жылы 36,7%-ға кемуі сату көлемінің ұлғаюына және сәйкесінше,
фармацевтикалық және шаруа жағынан қызмет көрсету қызметкерлерінің қосымша
санының қажет болғандығынан орын алды.
ЖШС Арман негізгі күш болып фармацевтикалық қызметкерлер саналады.
Сондықтан осы санаттың мөлшерінің кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің
жалпы санындағы өзгерісін міндетті түрде зерттеу қажет. Үлес салмағының
өсуі (2007 жылғы 20,6%-дан 2007 жылғы 27,3%-ға дейін, яғни 6,7%-ға) қызмет
аясының кеңеюіннің және айналымдардың өсуінің белгісі болып табылады.
Шаруа жағынан қызмет көрсету қызметкерлерінің үлес салмағы да өсті
(2006 жылғы 29,4%-дан 2007 жылғы 36,0%-ға дейін, яғни 6,6%-ға). Бұл жаңа
сауда орындарының ашылуына және сату көлемінің ұлғаюына байланысты.
Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үрдісі тауарлы-материалдық
қорларсыз мүмкіне емес. ЖШС-тің материалдық қорлары да қарастыруды талап
етеді. Тауарлы-материалдық қорлардың құрамына төмендегілер кіреді.
1. Ыдыс және ыдыстық заттар. Қолданылуының сипатына қарай ыдыстар үш
түрге бөлінеді:
- Көпайналымды ыдыс. Бірнеше рет тауарды сақтау және тасымалдау үшін
пайдаланылады. Ыдыстың бұл түріне жататындар: әйнектен жасалғандар
(балондар, бөтелкелер), ағаштан жасалғандар (жәшіктер, дүңгіршектер),
металдан жасалғандар (битондар, бөшкелер) және қап түріндегі ыдыстық
заттар.
- шаруаға қажетті ыдыстар. Дәріхана ішінде шаруа ыдысы ретінде
қолданылатындықтан сатылмайды және жабдықтаушыларға қайтарылмайды. Бұл
ыдыстар қорларды сақтау үшін арналған және олардың құрамына бидондар,
балондар, металдан жасалған бөлшектер кіреді.
- Бірайналымды ыдыс немесе қаптағыш материал. Тауарларды бір рет
қаптау үшін арналған. Сатуға немесе қайтаруға арналмағандықтан актінің
негізінде шығысқа шығарылады. Оның құрамына картоннан жасалған жәшіктер мен
қораптар, өрілген кәрзеңкелер, қаптар кіреді.
2. Көмекші материалдар. Дәрі-дәрмектерді өткізгенде, сонымен қатар
дәріханаішілік реттеуде әр түрлі көмекші материалдар қолданылады. Олардың
құрамына кіретіндер: этикеткалар, қағаздан жасалған капсулалар, жіптер,
рәзеңкеден жасалған қолғаптар, клей және тағы да басқалары.
3. Шаруаға қажетті тауарлар. Шаруа жұмысына санитарлық киімді жуу,
еденді жуу, ыдыс-аяқтарды залалсыздандыру және тағы да басқалары жатады.
Осы мақсатта сабын, сода, кір жуатын ұнтақ, хлорамин, нашатыр спирті және
басқа да тауарлар пайдаланылады.

Кесте 2
ЖШС Арман тауарлы-материалдық қорлармен қамтамасыз етілуі (мың
теңгемен).
ТМҚ атауы 2006 ж. 2007 ж. Ауытқу (+,-)
Сату үшін алынған тауарлар 102 724,9 159356,2 56631,3
Шаруа жұмысына қажетті 18,4 21,2 2,8
тауарлар
Барлығы: 102743,3 159377,4 56631,3

2-кестенің мәліметтері бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестікте
тауарлы-материалдық қорлардың өскенін (2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы
56631,3 мың теңгеге) байқауға болады. ТМҚ-ды өсірудің тенденциясы
байқалуда. Бұл жағдай материалдардың үлкен көлемін қажет етумен байланысты.
Тауарларды өткізу жұмысын жеткілікті деңгейде жүргізу үшін негізгі
құралдарға деген қажеттілік туындайды. Дәріханаларға қатысы бар негізгі
құралдар натуралдық-заттық сипаты жағынан келесідей топтарға жіктеледі:
1. Үйлер мен ғимараттар барлық өндірістік және өндірістік емес
құрылыстар.
2. Машиналар мен жабдықтар – тоңазытқыштар, механикалық машиналар,
зертханалық жабдықтар, кассалық аппараттар және тағы да басқалары.
3. Өндірістік және шаруаға қажетті жабдықтар - үстелдер, конвеер,
сейфтер және тағы да басқалары.
4. Көлік құралдары – автокөліктер және тағы да басқалары. Иемделінуіне
қарай негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Ал
қолданылуына қарай қолданыстағы, қосымша қорда тұрған және қолданысқа
енгізілмеген болып бөлінеді.
1.01.2006 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің жеке
меншігінде тұрған негізгі құралдарын иемденеді. Олардың құрамына арнайы
жабдықтар, жүк таситын және жеңіл көліктер, компьютерлер, жер, кеңсе
жиһаздары және тағы да басқалар кіреді (кесте 3).
Кесте 3.
ЖШС Арман негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі (мың
теңгемен).
Негізгі құралдардың түрлері 2006 ж. 2007 ж. Ауытқуы
1. Материалдық емес активтер
1.1. Бастапқы құн 67,5 160,9 93,4
1.2. Есептелген тозу 32,0 66,7 34,7
1.3. Қалдық құны 35,5 94,2 58,7
2. Негізгі құралдар
2.1. Бастапқы құны 3314,3 4613,2 1 298,9
2.2. Есептелген тозу 194,3 526,1 331,8
2.3. Қалдық құны 3 120,0 4 087,1 967,1

3 кестенің мәліметтері бойынша негізгі құралдардың көлемінің едәуір
түрде ұлғаюы байқалуда. (2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 1 298,9 мың
теңгеге). 2006 жылы ЖШС-тің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі
жеткілікті деңгейде болған жоқ, оған қоса, олар әбден тозған болатын.
Мұндай жағдай, әсіресе, машиналар мен жабдықтар сияқты негізгі құралдардың
түрлеріне теріс нұқсанын келтірер еді.
Кез келген кәсіпорынның коммерциялық қызметінің мақстаы – табыс табу
және сол табысты жылдан-жылға өсіріп отыру. ЖШС Арман қаржылық-
экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері 4 кестеде келтірілген.
Кесте 4
2006-2007 жылдар аралығындағы ЖШС Арман қаржылық-шаруашылық
қызметінің көрсеткіштерін талдау.

№ Көрсеткіштер 2006 ж. 2007 ж. Абсолют %
т
і
1 2 3 4 5 6
2 Тауарларды сатудан түскен 248563,1 534 946,0 286382,9 115,21
түсім (мың теңге)
3 Сатылған тауарлардың өзіндік 217585,6 448 979,2 231393,6 106,35
құны (мың теңге)
4 Сатудан түскен табыс (мың 30977,5 85966,8 54989,3 177,5
теңге)
5 Кезең шығыстары (мың теңге) 24610,5 85190,4 60579,9 246,15
6 Салық салынғанға дейінгі 6367,0 776,4 -5590,6 -87,8
табыс (мың теңге)
7 Корпоративтік табыс салығы 1910,1 232,9 -1677,2 -87,8
(мың теңге)
8 Таза табыс (мың теңге) 4456,9 543,5 -3913,4 -87,8
9 Негізгі құралдардың орташа 1965,0 3686,0 1721,0 84,73
жылдық құны (мың теңге)
10 Мүліктің орташа жылдық құны 93261,4 201722,8 108461,4 116,3
(мың теңге)
11 Меншікті капиталдың орташа 4303,3 18397,8 14094,5 327,52
жылдық көлемі (мың теңге)
12 Қарыз капиталының орташа 3919,4 18109,4 14190,0 362,04
жылдық көлемі (мың теңге)
13 Қорлардың орташа жылдық 53085,6 118063,5 64977,9 122,4
көлемі (мың теңге)
14 Ақша қаражаттарының орташа 29012,0 39602,4 10590,4 36,5
жылдық мөлшері (мың теңге)
15 Дебиторлық борыштың 9180,9 40370,8 31189,9 339,73
орташа жылддық мөлшері
(мың теңге)
16 Кредиторлық борыштың орташа 102630,2 165215,5 625585,3 61
жылдық мөлшері (мың теңге)
17 Рташа тізімдік жұмыс істейтін23 48 25 108,7
қызметкерлердің саны (адам)
18 Қор қайтарымы (мың теңге) 126,5 148,5 22,0 17,4

4 кестеден көрініп тұрғандай 2007 жылдың соңына қарай кәсәпорынның
қаржылық жағдайы келесідей болды:
Жарғылық капитал – 600 мың теңге.
Кредиторлық борыш – 201 357 мың теңге.
Дебиторлық борыш – 228 737 мың теңге.

1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты

Есепке алуды және қайта есептеуді жүргізеді: мемлекеттік және
жергілікті бюджетке және бюджеттен тыс қорларға, филиалдың қызметтеріне
жалақыны, сондай-ақ басқа да қажетті төлемдерді, алғашқы құжаттардың және
бухгалтерлік жазба мәліметтері негізінде бухгалтерлік есепті дер кезінде
жасауды, оны белгіленген тәртіпте қоғамға және тиісті органдарға ұсынуды
қамтамасыз етеді. Ақшаны және тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз
жұмсауды болдырмау, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзу жөніндегі
шараларды қабылдайды. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, жоғалтулар мен
өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есеп беру
мәліметтері бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын
жүргізуге қатысады. ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасына қайшы операциялар
бойынша құжаттардың орындалуын және рәсімделуін болдырмау жөніндегі
шараларды қабылдауды жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайларында кәсіпорындарындағы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп пен
есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.
Есепті халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудыңсапасы мен
тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің
неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктерін, спецификасын,
өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техника мен технологиясын
көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 12 қарашадағы №3
қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне
қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына көшті.
Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын
әзірлеуді қажет етті.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын нұсқалар рұқсат еткен есеп
объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және
кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен
ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Яғни, зерттеліп отырған кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама
қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық
экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен мәнін арттыруда аса
маңызды болмақ.
Көптеген ұйымдарда кәсіпорынның барлық активтерінің жартысынан көбін
негізгі құрлдар құрайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және оның
тартымдылығын бағалаған кезде негізгі құралдардың құрылымы мен көлемі
туралы ақпараттың аса маңызы бар. 2400 негізгі құралдар кіші бөлімі
негізгі құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын
қамтиды:
2410 – Негізгі құралдар,
2420 – Негізгі құралдардың амортизациясы.
Негізгі құралдар дегеніміз – материалдық активтер, оларды ұйым
өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру
үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап
тұрады және бір кезңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар бірнеше түрге бөлінеді. Негізгі құралдардың түрі
дегеніміз- сипаты және ұйымның қызыметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас
активтердің бірлестігі. Мыналар:

• жер;
• үй және ғимараттар;
• машиналық құралдар; кемелер;
• ұшақтар;
• автокөліктік құралдар,
• жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымылы мүлік;
• кеңсе жабдығы жекелеген түрлердің мысалдары болып табылады.
Негізгі құралдарды бірнеше түрлерге бөлуге байланысты синтетикалық
шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық
жинақталған шығындарды қоспай, оның өзіндік құны бойынша немесе барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі
жинақталған шығындарды қоспай қайта бағлау күніне дұрыс құны болып
табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындарды шоғырландыруға
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы шоттар тобы арналған.Халықаралық
қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) – кәсіпорынның қаржылық жай-күйі
және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз
ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін
білдіреді. Мәселен, ЖШС Арман компаниясының басшылығы пайдаланушылырға
қаржылық есептерді сапалы, айқын және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында
ХҚЕС-на сай дайындалған алғашқы қаржылық есептілік жасау үшін іс-шаралар
жоспарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілік термині оның ХҚЕС-на айқын
және сөзсіз сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың барлық
талаптарын қанағаттандыратыны туралы мәлімдеме және оған түсіндірме бар
алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді.
Осындай мәлімдеме жасау үшін ЖШС Арман компаниясының кең көлемде
алдын ала жұмыс жүргізу қажет болады.
ЖШС Арман компаниясы жұмысының кезеңдерін негізгі құралдарды есепке
алу мысалымен қарастырайық, өйткені негізгі құралдарды есепке алу
бухглтерлік есептің аса күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады.
ЖШС Арман компаниясының мамандары мынадай алдын ала жұмыс жүргізеді:
- негізгі құралдарды есепке алуға қатысты компания қолданатын есепке
алу принциптеріне тлдау және бағалау жүргізіледі және олардың ХҚЕС-
ндағы принциптерге сәйкестігі тестен өткізілді;
- жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде ЖШС Арман
компаниясының Есеп саясатын халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарының ережелеріне сәйкес келтіру үшін белгілі бір
оқиғаларға, операцияларға және мәмілелерге қатысты кәсіби
пайымдаулар қалыптастырылды;
- қалыптастырылған кәсіби пайымдаулар ескеріле отырып, компанияның
ХҚЕС-дағы тиісті принциптерге сай келетін Есеп саясатының ережелері
әзірленеді.
Осыған байланысты іс жүзінде әрбір халықаралық стандарттың кәсіби
пайымдауды пайдалануды болжайтынын айта кеткіміз келеді.
Бухгалтерлік есептің әдіскерлері шаруашылық жағдайын сипаттау үшін
және шын мәнінде басқару шешімдерін қабылдау үшін ол жөнінде кәсіби
бухгалтердің әділ айтқан пайдалы пікірін кәсіби пайымдау деп түсінген
жөн.
ЖШС Арман мамандары негізгі құралдарды есепке алуға қатысты
қолданылатын есепке алу принциптеріне талдау жүргізді және оларды ХБЕС-дағы
принциптерге сәйкестеген өткізді.
Бүгінгі күні Республикада ХҚЕС-ның ресми бекітілген мәтінінің жоқ
екендігін ескере отырып, біз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі
әзірленген және ұсынған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын қолдану
жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды бағдарға алатын боламыз.Жоғарыда аталған
ХБЕС-ын қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар бухгалтерлерге іс жүзінде
көмек көрсету үшін әзірленгенін бірден айта кетеміз, олар шын мәнінде ХҚЕС-
ның дәл өзі болып табылмайды және нормативтік-құқықтық актілер болып
танылмайды.
Әдістемелік ұсынылымдардың мәтінін сіз 2006 жылғы Справочник
бухгалтера анықтамалығының 1-нөмірінен таба аласыз. Негізгі құралдар
объектілерін ХБЕС-на сәйкес есепке алудың және ҚБЕС-мен салыстырғандығы
айырмашылықтарының негізгі болып саналатын аспектілеріне тоқтала кетуге
тырысамын.
Негізгі құралдар ЖШС Арман барлық активтерінің едәуір бөлігін
құрайды, сондықтан негізгі құралдарды есепке алудың толық және шынайы
болуының принциптерін сақтау кәсіпорынның қаржылық жай-күйі туралы сенімді
ақпарат ұсынуға айтарлықтай ықпалын тигізеді. ХБЕС-да негізгі құралдарға
мынадай анықтама беріледі: Негізгі құралдар – бұл:
• компания тауарлар өндіру немесе жеткізу және қызмет көсету
үшін, басқа компанияларға жалға беру немесе әкімшілік
мақсаттар үшін пайдаланатын;
• және бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану болжанатын
материалдық активтер.
16 ХҚЕС-на сәйкес, негізгі құралдардың объектісі, компанияның активке
байланысты болашақ экономикалық пайдалар алуы ықтималдықтың көп үлесімен
расталған жағдайда, актив ретінде танылуы тиіс.
Болашақ экономикалық пайдалар алу компанияның:
- активке байланысты байлық алуына;
- өзіне тиісті тәуекелдер алатынына қатысты айқындаманы білдіреді.
Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оны сатып алуға жұмсалған
шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
16 ХҚЕС-да активті пайдаланудан болашақ экономикалық пайдалар алуға
көңіл аударады, сондықтан да 6 Негізгі құралдарды есепке алу ҚБЕС бойынша
негізгі құралдар объектілерін тану принциптерінен басты айырмашылығының
болуымен сипатталады.
Активті танудың екінші міндетті шарты оның құнын сенімді бағалау, яғни
активті сатып алуға жұмсалған нақты шығынды сенімді бағалау болып табылады.
Осыған қоса айтатыным, қажет болған жағдайда активтің өзіндік құнын сенімді
бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар таратылуы мүмкін, өйткені үшінші тараптың
пікірі жұмсалған шығынның сенімді дәлелі болып табылады. Осыны айқын түсіну
үшін мынадай мысалды қарастырайық:
Қызметкерлердің жэұмыс істеуіне және демалуына ыңғайлы жағдай жасау
үшін ЖШС Арман тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер, теледидар,
гүлдер, суреттер сатып алды. Мынадай сауал туындайды: осындай объектілерді
негізгі құралдар ретінде тануға бола ма?
Жоғарыда аталған объектілерді жіктеу кезінде компанияның бухгалтерлік
қызмет бөлімінде қиындықтар пайда болуы ақылға қонымды, өйткені оларды
пайдаланудан болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығының дәрежесін
бағалау едәуір қиындық туғызады.
Мынаны ескерте кетемін, экономикалық пайда алу негізгі құралдар
объектісі мынадай операциялар жүргізу барысында пайдаланылуы:
• ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек,
сол сияқты басқа активтермен үйлестіріліп пайдаланылуы;
• сатылуы немесе басқа активке ауыстырылуы;
• міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына берілуі;
• ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Менің пікірімше, біріншіден, тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер,
теледидар, гүлдер, суреттер сатып алу бойынша операциялар компания үшін,
атап айтқанда, активтердің туындауына немесе кәсіпорынның шығыстар
жұмсауына ғана әкеп соқты ма, соны айқындау қажет.
Мұнда алдыңғы жоспарда біз басында айтып кеткен кәсіби пайымдау
тұрады. Бухгалтердің активтерге енгізілген болашақ экономикалық пайданың
компанияға келіп түсу ықтималдығының бар екенін айқындаған жөн.
ЖШС Арман компаниясының қаржы директоры тоңазытқыш, ауыз суымен
бірге диспенсер, теледидар, гүлдер, суреттердің фирма қызметкерлеріне
ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау үшін ғана сатып алынғанын және алдағы
уақытта компания басшыларында оларды басқа мақсатқа пайдалану ниетінің жоқ
екендігін түсіндірді. Атап айтқанда: кәсіпорын тауарлар шығарғанда, жұмысты
орындағанда, қызмет көрсеткенде оларды жеке, сол сияқты басқа активтермен
үйлестіріп те пайдалануды жоспарламайды, сондай-ақ оларды сату немесе басқа
активке айырбастау, міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына беру, ұйымның
меншік иелері арасында бөлу ниеті жоқ.
Айтылғандарға байланысты мынаны қосқым келеді, кәсіпорындар негізгі
құралдарды, әдетте пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда алу
үшін сатып алады. Сондықтан негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда
әкелуінде болып табылады. Егер активтер кіріс әкелмейтін болса, онда оларды
кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ.
Осылайша, ЖШС Арман ыңғайлы еңбек жағдайын жасау үшін активтер сатып
алуда тек қана шығын шекті.
Сондықтан қарастырылып отырған жағдайда ХҚЕС-ның мына ережесін
қолданған жөн: егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оған жұмсалған
шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
Алайда бұл жерде бухгалтерлерде мынадай сауал туындайды: Осындай
объектілерді кәсіпорын ұзақ уақыт пайдалануды болжайтын болса, олардың
талдау есебін жүргізуді және сақталуын бақылауды қалай ұйымдастырған жөн.
Дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары
үшін компаниялардың:
- осындай объектілердің баланстан кейінгі есебін жүргізу;
- оларды материалды жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;
- ішкі бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы
түгендеу жүргізу қажет.
16 ХҚЕС-да қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер мен
жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық құндылықтар ретінде
есепке алынып, олардың пайдалануына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны
айқындалған.
Алайда, егер компания ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдықты бір
кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, компанияның
басшылығы олардың негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені
жөн.
Әдістемелік ұсынылымдарда жоғарыда көрсетілген 16 ХҚЕС ережесіне
түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту
жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек
амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуға тиіс.
Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып
алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізде алынатын факторды бөліп
көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.
ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану кезінде сатып алуға
жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.
Тікелей шығындардың мысалдары: алаңды дайындауда жұмсалған шығындар,
жеткізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы
Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Негізгі құралдар туралы түсінік
Негізгі құралдардың шығысының есебі
Ақ аудиттің жүргізілу тәртібі
Пәндер