Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І тарау. Ж. Нәжімеденов поэзиясындағы туған жер
тақырыбы . . .
ІІ тарау. Ақынның философиялық лирикасы . . .
ІІІ тарау. Ж. Нәжімеденовтің поэзиясындағы соғыс
тақырыбы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Біздің қарастырып зерттейтін нысанымыз: Ж. Нәжімеденов поэзиясының көркемдік ерекшелігі.
Ж. Нәжімеденов шығармашылық қырлары көп дарын. Ол - ақын, ол - жазушы. Пікір айтушы ғалымдардың пікіріне ден қойсақ: «Жұмекен сөз жоқ, ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын, өзіндік ақындық жаратылыс, өзіндік ақындық бейнесі бар, көп ойлап, көп оқитын, көп ізденетін ақын. Алған тақырыбын да оны өлеңге айналдыру жолдарын да Жұмекен оңайлатып, арзандатып алмайын дегенді үздіксіз ойлайды. Ол адамның, жаратылыстың сыртқы қалпынан көрі философиялық табиғатын ашқанды, адам мен жаратылыстың биік келісімін тереңірек сипаттағанды ұнатады» деп ақынға Әбділдә Тәжібаев жоғарғы баға берген болатын.
Ғалым атап көрсеткендей, Ж. Нәжімеденов қазақ поэзиясында өзіндік үні, өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті ақындардың бірі.
Қаламгердің поэзиялық шығармаларында адам өмірі, адам тағдыры ерекше орын алады. Жаратылысы терең ойлы ақынды адамның тек сыртқы кескін- келбеті ғана емес, ішкі жан иірімдері, ізгі ойлары, ниеті мен пиғылы да айрықша қызықтырады.
«Қасиетіңді білу үшін аяулы ел,
Қасіретіңді есіме алғым келеді» -
деген Ж. Нәжімеденов поэзиясының азамзаттық үні мен гуманизм сарындарына ерекше назар аударамыз.
Сондай-ақ, Ж. Нәжімеденов сезім мен ойы қатар өрбіген қысқа өлеңдер жазумен қатар, кең құлашты поэмалар да жазған ақын. Әсіресе, оның замана ағымы, қоғам мен адам тағдыры жайлы ой толғаған поэма, дастандарындағы философиялық элементтерді сол шығарманың мән мазмұнына, образдар жүйесіне көркемдеу құралдарын қолдану амал тәсілдеріне сүйене отырып, ой таразысына саламыз.
Диплом жұмысының мақсаты:
- Тақырыпқа сәйкес жасалынған жоспар бойынша, туған жер,
философиялық және соғыс тақырыбындағы жырларының идеялық,
эстетикалық мән-мағынасын ашып көрсету.
- Қаламгердің өмір, қоғам, адам тағдыры туралы ой толғаныстарының сыр-сипатын ашу.
- Ақын Ж. Нәжімеденов поэзиясының көркемдік ерекшелігін, шеберлігін өзімен замандас қаламгерлердің тақырыптас, идеялас шығармаларымен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату.
Бұл мақсаттрды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Ж. Нәжімеденовтің шығармалар жинағын түгел қарастырып, шығармаларына тән көркемдік ерекшелік, көркемдік ізденісті талдау.
- Жұмекен ақынға қатысты әдеби-сын еңбектер мен баспасөз материалдарын жинақтау.
- Поэзиядағы көркемдік ерекшелік мәселесіне байланысты әдеби теориялық еңбектермен танысу.
- Келтірілген өлең мәтіндеріне дәйекті түрде талдау беріп, тағылымдық, танымдық сипатын ашу.
Диплом жұмысын жазу барысында жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау т. б. зерттеу әдістері пайдаланылады.
Диплом жұмысының жаңалығы - көрнекті ақын Ж. Нәжімеденов поэзиясының ерекшелігін анықтауда оның ақындық, адамдық көзқарасын аңғартатын азаматтық, философиялық туындыларын идеялық тұрғыдан анықтау.
Ж. Нәжімеденовтің өз творчествосында теңеу, кейіптеу, деталь және символ т. б. бейнелеу құралдарын қолдану арқылы өлең өрімін, жыр кестесін құлпырту, ажарландыру әдіс тәсілдерін анықтау.
Жұмекен ақынның түрлі тақырыпта жазылған туындыларында көтерілген гуманистік, азаматтық, адамгершілік проблемаларды айқындаумен қатар адам характерін, кейіпкер психологиясын ашудағы шеберлігін анықтау.
Әдеби шығармалардың қай саласының болсын - болмысын, рух жарасымдылығын таразылайтын-алдымен сол шығарманың иесі-қаламгер. Әдебиет әлемінде көркем өрнектерімен, ғұмырлы жырларымен, азаматтық бітімімен соны із қалдыратын да шынайы ақындар мен жазушылар. Әрине, бұл пікір тек өз уақытының талап-тілегіне жауап беріп қана қоймай, келер ұрпақпен де үндесе алар дарындыларға ғана арналары даусыз.
Қазақ поэзиясы деген ұғымды саралар болсақ, тарқатар ойымыздың бір ұшы Жұмекен Нәжімеденовтей дарынға келіп тіреледі. Тағдыр оның ғұмырына сараңдық еткенімен, талантына тосқауыл бола алмады. Ақын азғантай өмірінде әлеуметтік көзқарасын да, қоғамдық пікірін де қалыптастырып үлгерді. Оның мұрасы-философиялық терең түйіндерімен, табиғи құбылыстарға шебер бойлауымен, таңқалдырарлық интуициясымен бағалы. Ақиық ақынның әр парағынан азаматтық үні айқын аңғарылады.
Француздың ұлы жазушысы Ромео Роллан: «Өнердің бірінші заңы: егер айтатының болмаса, аузыңды ашпа. Егер айтатының болса, адалын айт, алдама», - деп өсиет қалдырған екен. Бұл заңдылықпен Жұмекен ақынның поэзиядағы өсу эволюциясы да, азаматтық кредосы да толық үндесіп жатыр. Ол қазақ поэзиясында ақындар әлі бара қоймаған жайларға өзінше сүрлеу жол ашты. Осы күнге дейін жұмбақ ақын ретінде танылған Жұмекеннің көпшілік оқырманға түсініксіздеу көрінуінің себебі де - поэзияда қалыптасқан кейбір жаттандылыққа көнбей, өзінің оқырмандарын қалыптастыру мақсатынан туатын ойларының тереңдігінен, игерілер дүниесінің құпиялылығынан еді. Сондықтан оқырманынан өзіне көп үңілуді, табиғат әлемінің санқилы құбылыстарына бірге енуді талап етеді. [5. 184]
Көп ақындарды саралап, бағалап жүретін оқырман жұртшылықтың біразы Жұмекен ақынға келгенде пікір айта алмай, тұйыққа тірелетіні бар. Өйткені, өлеңдерінде өзге ақындарға ұқсамайтын дара мінезі мен ойлау диалектикасы бар, өнерді өмірге балаған қамшының сабындай тым қысқа ғұмырында поэзияның Рухын бір мысқал төмендетпей, өнердегі арзандықпен күресіп өткен Жұмекеннің дара бітім-болмысы мен өзіндік қолтаңбасы төңірегінде
әлі де пікір тиегі кең көлемде ағытыла қоймаған. [Амангелді Кеңшілік]
Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы туралы айтылған пікірлерге ден қойсақ, ақынның қылқаламынан туған туындылар күрделі. Бұл туралы Қадыр Мырзалиев: «Сақалдарына ақ кіргенше поэзияны сәбидің санамағы көретін жай сөзқұмарларға Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерін оқымаса да болады. Оның жыры әдеби мәдениеті өте жоғары, түсініктері терең, ұғымпаз оқырмандарға арналған» деген болатын. [9. 37]
Әділғазы Қайырбековтің: «Жұмекен - түсініксіз ақын деп міңгірлеп, Жұмекен - жұмбақ ақын деп күмбірлеп оқырмандары әлі күнге дейін айтысумен келе жатса, онда ақиқат жалғыз: Жұмекенді біз әлі ұғып, танып, түсініп болған жоқпыз. Ол - табиғаттың өзіндей күрделі жаратылыс. Ол - тағдырлы ақын. Ол - интеллектуал ақын» деген. [5. 184]
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданының Қошалақ деген жерінде дүниеге келген. Нұржау кеңесіндегі Ленин атындағы мектепті үздік бітіргеннен кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқып, кейіннен КСР Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын тамамдады.
Ол өзінің еңбек жолын жұмысшылықтан бастап, Қарағандыдағы көмір шахтасында комбайнер болып істеді. Содан кейін республикалық «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінің редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби консультанты, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы мемлекеттік Комитетінің көркем және оқу методика әдебиеттері бөлімінің редакторы, «Мектеп» баспасының бөлім бастығы болып жұмыстар атқарады. [5. 182]
Қазақтың намысшыл батыры Махамбеттің анасы Қосуан анамыздың төркіні - Алаша ауылы болса, сол ауылдан шыққан Жұмекеннің атасы Нәжімеден қарияны бүкіл Нарын елі әліге дейін аңыз қылып айтады екен. [7] . Өзі де сол эпос заманынан бүтін жеткен сом асылдың сойынан секілді. Жалғыз баласы Сабыр майданға аттанғалы жатқанда, ол жарықтық Ашақ-Мәші сорына ертіп апарып, аяғына биік тақалы әмірқан етігін кигізіп, тұзы шығып жатқан жентек сазға із түсіртіп алады. Тайға басқан таңбадай сайрап түскен сыңар ізге атына өңгеріп әкелген темір қазанды төңкереді. Онысы - жаңбыр жауса, әлгі ізді су шайып кетпесін деген амал еді. Бір жағынан, қан майданнан балам атамекеніне аман оралсын деген тілекші ырым болса, екінші жағынан жалғызын сағынғанда іздеп барып, көріп мауқын басатын көз жұбаныш еді. Расында да, бұл тек ақын көкіректен шығатын тосын тапқырлық еді.
Соған қарағанда, Жұмекен талантының алтын бастауында да сол Нәжімеден қария тұрса керек. [23. 4] .
«Алматыға мұғалімдікке оқуға келген Жұмекен мектепте озат оқып жүрген қазақ әдебиетінен шығарма жазғанда екілік алады. Содан не керек, бір баланың айтуымен комиссиядан әлгі жазған шығармасын тексеріп жіберсе, жазғандарына көлденеңнен сия төгіпті. Сонда Жұмекен: «Менің ең алғашқы маңдайыма тиген сәтсіздігім - шығармама төгілген сия болды» дейтін» деп еске алып отыратын дейді жұбайы Нәсіп апай. [8. 13] . Суық қолдың араласқанын сезсе де, дәлелдейтін дәрмен таба алмай, арыққа аяғын малып налып отырған баланы көшеде кетіп бара жатқан қазақ офицері Ғұбайдолла Ержанов байқайды. Бұрылып келіп, жағдайын біліп, үйіне апарып, Қарағандыға жұмысқа алынып жатқандарға іліктіреді.
Қарағандыдағы шахтадан босап шыққан соң өнер-білім қуып Алматыға жол алады. Осы жолда өнер сүйер, өлең сүйер қауымға өзінің өнерде енші алып, ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын тың жол салып, нағыз өлең, нағыз ән тарту ететінін айтып өз оқырманын қуаныш-шаттыққа бөлейтініне, өз жырларын кәусар бұлақтың мөлдір моншақтарындай шашып, жыр сүйер қауымды өз поэзиясымен сусындатпаққа халқының алдында серт бергендей болады. Жұмекеннің дәл осы ойын, көңіл-күйін, қуаныштан алып-ұшқан жүрегіндегі сезімін мына бір шумақтан көре аламыз:
Сәл шыдай тұр, ағайын, мен өнерде енші алам,
Ұқсамайтын ешкімге жаңадан бір жол салам.
Сай қуалап, жұрт ұқсап, соқпақ қуман жымысқы
Басқан ізін ешкімнің аңдымаспын тіміскіп,
Керек болса, ағайын, нағыз бұлақ, нағыз ән, -
Қара шыңның төбесін тесіп тұрып ағызам.
Расында да, ХХ ғасырдың 60-жылдарында қазақ әдебиетінің адуынды, ағысты дариясының суы кенересінен асып-тасып жатқанда, әсіресе, ақындардың ақ желкенді ағыстары айқын көзге шалынған шақта Қошалақ құмынан шыққан қоңыр әуен де көп ұзамай құлаққа шалынды. Жұмекеннің өлеңдері әу бастан-ақ табиғилығымен және сыршылдығымен, көркемдігімен баурады. «Балауса» (1961), «Сыбызғы» (1962), «Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, ұмытуға болмайды» (1965), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Көктем самалы» (1969), «Мен туған күн» (1972) - айналасы 11 жылда 9 жыр жинағын беріпті. Бұдан соң күтпеген бұрылыс жасап, едел-жедел оқырмандарына үш роман ұсынды: «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт». Жұрт «Жұмекен поэзиядан прозаға ауысыпты» деп пікір түйе бастағанда, ол болжалды жоққа шығарып, араға жеті жыл салып «Жеті бояу» (1979) өлеңдер жинағы жарық көрді. «Жеті бояу» - Жұмекен Нәжімеденовтің өзінің қайталанбайтын қолтаңбасы барын дәлелдеген, қазақ поэзиясының көгіне кемпірқосақ секілді керілген, көзге де, көңілге де ыстық туынды. [8. 13]
2001 жылы «Ана тілі» баспасынан «Отырар кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Мен -тамырмын» атты дастандар кітабы тағы да көп ойларға жетелейді екен. Ең алдымен, ктаптың құрылымы-14 дастанның басын қосып, біріктіріп, тұтас дүние ретінде оқырманға ұсынылуы ұтымды болған. Бұл дастандардың бір қатары бұрын ақынның жекелеген жыр жинақтарында жарық көрсе де, оқырмандарға алғаш рет ұсынылған дастандар да бар.
Ақын мінезі-жырында. Тумысында жайсаң мінезді Жұмекен жырында да сондай. Не айтса да толғана, тебірене өз оқушысына жүрегінің қанымен жазғандарын ғана ұсынады. Өмірге өлердей ғашық ақын өз жаны мен жүрегінің перзенттерін ағыл-тегіл сезіммен құндақтайды.
Жұмекен жыр әлеміне кіріп келген кездің өзінде-ақ ақын туындылары жырдың інжу-маржандары еді. Оның ең алғашқы өлеңдерінің өзі өне бойындағы ішкі қоңыр ырғағымен адамның жүрек түкпірінен үн тартып, тау суындай таза да, табиғи қасиетімен көңіліңді баурайтын қасиетке ие [5. 183] . Бұл айтылған пікірге ақынның мына бір алғашқы өлеңдерінен алынған үзінділер дәлел:
Жатыр жақпар . . .
Қарағайды аралайды жел ескен,
Жапырақтар сыбыр-сыбыр кеңескен.
Тау сулары таусылмайды, сылқып тұрып ағады,
Қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады.
Айдалада ақ боз мінген Алатау бір ақ батыр,
Айналада тал қайыңдар, тал қайыңдар сапта тұр.
Қызыл гүлдер «үзілдім» дер, баяула жел, баяула,
Қызыл гүлдер, қызыл гүлдер ұйқыда ма, ояу ма?
Бар табиғат - бір тіршілік, бір тіршілік баяғы,
Тартады ұрлап тамырдан нәр шіркін шыбық-таяғы.
Тастың өзі нұр шашады, бүгін-дағы кеше де,
Біздің мынау Алматыда күн жайлаған көшеде.
Тас балқытқан талма түсте - балқимыз біз күнге ұқсап,
Қызуынан алма пісті - айқасқанда мың құшақ.
«1961 жылы шыққан «Балаусаны» ашып қарайықшы, қайсысынан болса да балғындық пен олпы-солпы қарабайырлықты табу қиын, таба алмаймыз да. Тек қана Жұмекенге тән сонылық, тосындықпен қоса пайымдық тұтастық, қапысыз көркемдік, суреткерлік даралық, қысқасы талантты да дара ақындарға ғана тән қасиеттердің бәрі көзге көрініп тұнып тұрғанын байқаймыз. Тұңғыш кітабының өзінде бір фальш жоқ» деген Ә. Кекілбаевтің пікірін [8. 4] қаламгердің төмендегі өлеңі дәлелдеп тұр:
Анау келген кім болды екен, біліп келші, кім екен?
Батырлық па?
Өз төрімде күтіп алам, түнетем.
Кімде болса алдамасын, алданбасын өзі де
Қайғы болса, артында оның қуанышы бар шығар,
Бірі кірлеп, бірі жуып, кеудем менің аршылар.
Бақыт болса, денем әлсіз, көтере алман (өз ойым),
Арман болса өмірбақи арқалайын, төзейін . . .
Арманым боп арнап келсе - барым әзір, көңіл қош,
Түсір жылдам, атын байла, қырауын қақ, тонын шеш,
Шындық болса, кілем төсе, дастарханым жаямын,
Жалғандық па - тулақ таста, сүртіп шықсын аяғын.
Бұл Жұмекен Нәжімеденовтің нағыз ақындық, азаматтық кредосы» деп Ә. Кекілбаев әділ бағасын берген [8. 4] .
1-тарау. Ж. Нәжімеденовтің туған жер тақырыбындағы поэзиясы
Туған жер! Кез келген жұмыр басты пенденің жүрегіне жылы естілер, бойына махаббат пен сезімнің ұлы құдіретін, киесін жинаған осы бір мәңгілік ұғымға ат басын бұрмаған, төгілдіріп жыр арнамаған қазақ ақыны жоқ шығар.
«Тарихи тағдырлар шындығы, халық мұңын, қуаныш - қайғысын, болашаққа үмітін, арман-мұратын жеткізген күйлер сазы, ана сүтімен ең аяулы ізгілік қасиеттерін бойыңа дарытар туған жер, туған топырақ тақырыбы - Жұмекен Нәжімеденов үшін қашан да ұрпақ тәрбиесінің, патриоттық сезім жылуының бастау-бұлағы, қазына-қайнары іспеттес» дейді З. Серікқалиев. [28. 13]
Н. Оразалин: «Өмірге ХІХ ғасырдың ішінде келгенімен, кеше ғана есік қағып, босаға аттаған жаңа ғасырдың текті төрінен орын ала білген білігі мен білімі, таланты мен талғамы жетік туындылар жаратқан ортаның маңдайалдыларының бірі болу бақыты пешенесіне жазылған Ж. Нәжімеденовтің 1961 жылы жарық көрген алғашқы «Балауса» жинағындағы туған жерге деген кіршіксіз сезімі мен ыстық ықыласын білдіретін өлең жолдары назар аударарлықтай» дейді.
Жұмекен Нәжімеденовтің туған жер тақырыбына арналған поэзиясын сөз еткенде, ең алдымен бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанымыздың ән ұранына айналып үлгерген «Менің Қазақстаным» өлеңіне тоқталамыз. «Менің Қазақстаным» өлеңінің туу тарихы жайлы айтсақ, бұл өлең Жұмекен консерваторияда оқып жүріп курстас жолдасы Шәмші Қалдаяқовпен бірігіп 1959 жылы жазған өлеңі болатын. Сәрсенбаев Оразбектің «Жұмекеннің жүрегі» атты мақаласында «Менің Қазақстаным» өлеңінің туу тарихы жайлы мынадай естелік жазған еді: «Сол кезде Қазақстанның солтүстік облыстарын біржола Ресейге апарып қосып жібереді екен деген саяси өсек бұрқ ете қалды. Оның алдында ғана Оңтүстік Қазақстанның недәуір жерлері Өзбекстанға өтіп кеткендіктен, мұның жай қауесет емес, көп ұзамай шындыққа айналатыны бұрынғы бұрынғы Ақмола қаласының басына Целиноград қалпағын кигізіп, Тың өлкесі құрылғаннан-ақ белгілі болып қалған еді. Бірақ, ол тұста тырп етіп аяқ серпер шама жоқ» дейді [2] . Осындай кезеңде әрбір соғып тұрған қазақ жүректің патриоттық сезімін оятар «Менің Қазақстаным» сынды жалынды жыр жазуға отаным, елім, жерім деп өткен Жұмекендей ақындардың ғана батылы жеткенін көріп отырмыз. Жұмекеннің нағыз отансүйгіш ақын екендігін тек «Менің Қазақстаным» өлеңінен ғана көрмейміз. Туған жерге деген шынайы махаббаты «Қошалақ», «Ел-жұрт», «Менің елім», «Салмақ», «Туған жер» және басқа да өлеңдерінен көрініс табады.
Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
Көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
Саған тартқан өз ұлыңмын. Өзіңмін:
Тұла бойым тұтас құйған төзіммін!
Сен секілді мен де күнге күйіппін,
Сен секілді жұпар жұттым, сүйіп гүл.
Сен секілді аласамын тап-тайпақ,
Сен секілді таласамын - биікпін! - [20. 37]
деген бейнелі сөз бен сезімнің тұма бастауындай асқақтаған мынау ой тұтастығы мен сыртқы үлгілік тұтастығы шебер қабысып, оқырман ойы мен сезімін қым-қуыт әрекетке жетелер таза, саф өлеңнің табиғатына сүйсінбеу мүмкін емес. [24. 7]
Әрі қарапайым, әрі ойлы, салиқалы әрі салмақты жолдар ақынның кіндік қаны тамған туған жері «Қошалақ» атымен аталады.
Ақын Жұмекен үшін Ұлы Отанның қай жері болсын, жанына жақын, ыстық, оның жақсысына сүйініп, жаманына күйініп қарайды. Мысалы, «Туған жер» атты өлеңі:
- Туған жерің қай жер, - деді, - жаңа ақын?Ол жерде де аспан мен күн болатын. Туған жерің қай жер? - деді бір келіншек күлегеш, Қара жер! - деп жауап бердім, - су емес. Он жылдықты қайда оқыдың? - деді ер бір, Мектепте! - деп толқыдым мен, - оқытқанды өз ісіне ұсталар . . . Ауа райы қандай еді ол жердің?Жауатұғын жазда - жаңбыр, қыста - қар,
Бұлттар маңып жататұғын биікте,
Бар еді онда бұралқы ит те, киік те.
Шөптің басы сыбдырлайтын жел ессе . . .
- барлық жер де дәл осындай емес пе?!Міне, - дедім, - енді дұрыс ұқтыңыз,
Қайда да бар ойлы жігіт, мықты қыз.
Отанның қай жеріне де күн мен ауа тарайды,
Қай төбенің аспаны да арайлы,
Қай төбе де туған жер деп мақтануға жарайды. [20. 134]
Осы бір диалогқа құрылған «Туған жер» өлеңінің ерекшеліктерін Қуанышбай Құрманғалиев былай деп атап-атап көрсетеді: «Ақын өзін де, өзгені де қайталамаған. Оны ең алдымен өлеңнің диалог формасында жазылғанынан аңғарсақ, екіншіден, азамат ақын: «Қай төбе де туған жер деп мақтануға жарайды» деген түйін арқылы өз ауылынан алысты көре алмайтын, туған жер сынды қастерлі ұғымның аясын тым тар түсінетіндердің ойына түрткі салуынан саралаймыз. Үшіншіден, ақын туған жерді жақсы-жаман деп бөлуге болмайтынын қарапайым тілімен-ақ жүрекке жеткізе білген». [13. 180] .
«Балауса» жинағындағы ақынның қылқаламынан шебер өрілген «Менің елім» өлеңі керемет ұйқасын тауып тұрғандай:
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі -
Менің елім, менің елім - гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді -
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім - жыр елі!
Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім - гүлістан! [20. 12]
Ақын жанын шарлап, жүрек қылын шертіп шыққан осы өлеңді жан - жүрегіңмен қабылдайсың. Ақын туған жерге, елге деген тәтті сезімін, ыстық махаббатын осылай жеткізген.
Ақынның «Ел - жұрт» деген өлеңін алып қарар болсақ:
Жел екпінін маған берсе табиғат,
Маған берсе судың күшін табиғат,
Жаңғырығын берсе жақпар-таулардың,
Даладай ғып кеңдік берсе табиғат;
. . . Дала құсап кеңіген бір кезімде -
соның бәрін айналдырып мен үнге,
үш күн, үш түн айқайласам кемінде,
айқай салсам ел-жұртымды сүйем деп
айқай салсам топырағымды сүйем деп!. . -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz