Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе



Кіріспе 3

І тарау. «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

1.1. «Әділ сөз» қорының мақсаты мен міндеті 5
1.2. Қазақстандағы сөз бостандығы мен журналистер құқығының қорғалуы 21

ІІ тарау. Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
2.1. Ресейдегі журналистер құқығының қорғалуы 39
2.2. Ақпараттық соғыс. Теке тірес аймағындағы журналистер құқығының қорғалуы

Қорытынды 53
Қосымша 56
Сілтемелер тізімі 51
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 52

jktyЖОСПАР

Кіріспе
3

І тарау. Әділ сөз қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

1.1. Әділ сөз қорының мақсаты мен міндеті
5
1.2. Қазақстандағы сөз бостандығы мен журналистер құқығының қорғалуы

21

ІІ тарау. Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе

2.1. Ресейдегі журналистер құқығының қорғалуы
39
2.2. Ақпараттық соғыс. Теке тірес аймағындағы журналистер құқығының
қорғалуы
46

Қорытынды
53

Қосымша
56

Сілтемелер тізімі
51

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
52

Кіріспе
Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде
белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір
қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын
да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден
басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады.
Осыған орай Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын
қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. Әділ сөздің
негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды,
сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны
сияқты тақырыптарды көтердім.
Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999
жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде
еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының
негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің
құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан
сауаттандыру. Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің
заң саласынан сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар
мен өмірдегі түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі
артықшылығы – бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге
заң тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін
қорғау болып табылады.
Журналистер құқығын қорғаудағы Әділ сөз сөз бостандығын қорғау
халықаралық қордың алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда сөз бостандығын бұзу,
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқығы мен ар-намысының аяққа
тапталуы жиілеп барады. Сондай-ақ, еліміздегі сөз бостандығы күннен-күнге
тарылып бара жатқан сияқты. Сондықтан дипломдық жұмысымның мақсаты бүгінгі
таңда журналистердің құқығын кімдер және қалай қорғап отырғанын анықтап,
олардың жұмысымен танысу.
Журналистерді құғындау, соққыға жығу, сотқа сүйреу оқиғалары
Қазақстанға таңсық емес. Бұл көбіне-көп сөз бостандғына берілген
кепілдіктің декларативті сипаттан ары аса алмауының жемісі екенін
журналистер жақсы біледі. Біле тұра лаулап тұрған ойға қойып кетеді.
Журналист қызметінің қызығы да осы шығар. Ал ақиқатында, еркін баспасөз
ешқашан мемлекеттің жауы болған емес. Ақпарат үшін жан тапсырғандардың қай-
қайсысы болмасын өзі өмір сүрген қоғамның алға жылжуын қалағаны анық. Егер
осы міндетін өмірінің құнымен өтейтін болса, шындықты айтудың қажеті бар ма
деген сауал туады.
Бүгінгі күні Қазақстандағы журналистердің құқығын қорғайтын
орталықтардың кемшіліктері болса да, олар Қазақстанның журналистерін
қорғап, оларға қолдау көрсетіп жүр.

І тарау. Әділ сөз қорының қызметі мен қоғамда алатын орны
1. Әділ сөз қорының мақсаты мен міндеті
Репортерлер шекарасыз халықаралық ұйымы жыл басталмай жатып
жорналшылардың қатарын үйреншікті дәстүр бойынша түгендеп шықты.
Нәтижесінде өткен жылы 63 журналистің өз кәсібін атқару барысында мерт
болғаны анықталды. Ең қызығы, осы қаралы тізімнен бір орын қазақстандық
журналистке беріліпті. Халықаралық ұйым жерлес журналисіміздің атын атап,
түсін түстемеген. Осыдан келіп Қазақстандағы журналистер қауымы осы сауал
төңірегінде бас қатырып, өз беттерінше жорамал жасауға мәжбүр болып отыр.
Дуалы ауыздар өз қызметі жолында шейіт болған қазақстандық журналист
туралы алғашқы болжамын жариялап үлгерді. Әзірге бұл жорамалдар мен
білсем, пәленшенің баласы деген көшедегі құмалақшының тұспалы дәрежесінен
асып кете алмады. Сөйтіп, әркім өзінше болжам жасап, сан-саққа жүгірді.
Соның біріне құлақ түрсек, Әділ сөз сөз бостандығын қорғау
халықаралық қорының президенті Тамара Калеева былай дейді: Мүмкін ол
бұзақылардың жанжалы кезінде өз үйінің қасында мерт болған журналист шығар.
Бірақ бұл оқиға қызмет барысында емес, кездейсоқ орын алды ғой 1.
Шынында өткен жылы Рахат телеарнасының тілшісі Алуа Әбенова өз ауласында
қаңғыған оқ тиіп мерт болған. Бірақ бұл оқиғаны журналистің қызметімен
байланыстырудың ешбір қисыны жоқ. Бұл жерде Калеева ханым оқиғаны кездейсоқ
орын алды деп дұрыс бағалаған. Солай дей тұра, тисе терекке, тимесе
бұтаққа деп, кәсібилікпен жымдаспайтын мінез көрсетті. Оқыс өлімдерді тізе
берсек, бір Қазақстаннан ондаған журналистің есімін атауға болады.
Қалай болғанда беделді халықаралық ұйым келтірген қаза болған
қазақстандық журналистің есімі икс күйінде қалатын түрі бар. Халықаралық
ұйымның санақ кезінде қателесу мүмкіндігін жоққа шығаруға да болмайды. Енді
келіп жарияланған жұмбақ сан Ойлан. Тап. деген балалар ойынына айналып
отыр.
Уақыт өткен сайын журналистер саяси ойын алаңындағы кикілжіңдер мен
экономикалық ықпал ету тетіктерін уысына шоғырландырған алпауыттардың
мүдделі әрекеттеріне шырмалуда. Бұл екі түйенің сүйкеніп, ортасындағы
шыбынның жан тәсілім болатын міскін халін еске түсіреді. Журналистердің
белгілі бір топтың қарымта соққы беретін қолшоқпары қызметін атқаруы бүгін
пайда болған құбылыс емес. Тек ақпараттық соғыстың заң шеңберінен шығып,
басбұзарлардың қодыраңбай әрекетіне ұқсап кетуі қоғамның бет-пердесін
сыпырып, анық келбетін әйгілеуде.
Соңғы он жылда кәсіби қызметтерін атқару кезінде әлемде 339 журналист
көз жұмған. Бір қызығы, журналистерге соғыс жағдайынан гөрі, бейбіт өмір
қауіптірек. Жоғарыдағы 339 журналистің 67-сі ғана қарулы қақтығыста мерт
болған. Қалғандары билік пен байлықты бөлісе алмағандар мен кеудемсоқтардың
құрбандары 2.
Журналистерді қуғындау, соққыға жығу, сотқа сүйреу оқиғалары
Қазақстанға таңсық емес. Бұл көбіне-көп сөз бостандғына берілген
кепілдіктің декларативті сипаттан ары аса алмауының жемісі екенін
журналистер жақсы біледі. Біле тұра лаулап тұрған ойға қойып кетеді.
Журналист қызметінің қызығы да осы шығар.
Ал ақиқатында, еркін баспасөз ешқашан мемлекеттің жауы болған емес.
Ақпарат үшін жан тапсырғандардың қай-қайсысы болмасын өзі өмір сүрген
қоғамның алға жылжуын қалағаны анық. Егер осы міндетін өмірінің құнымен
өтейтін болса, шындықты айтудың қажеті бар ма деген сауал туады. Жауабы
күрделі сұрақ осы.
Репортерлер шекарасыз халықаралық ұйымы жыл сайын өз кәсібін атқару
барысында мерт болған журналистер туралы берген дерегінен қанша БАҚ өкілі
белгілі бір топтың немесе адамның құрбаны болғанын көреміз. Қуантатыны,
басқа мемлекеттермен салыстырғанда біздің елімізде мерт болған
журналистердің саны өте аз. Алайда мемлекеттімізде ондай бұқаралық ақпарат
құралдары өкілдерінің саны жыл өткен сайын артуда. Тағы бір назар аударатын
жайт, Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры үстіміздегі жылдың
басында жариялаған статистика бойынша жыл сайын қайтыс болатын немесе
белгілі бір адамдардың қудалаушылығына түсетін журналистердің басым
көпшілігі Алматы тұрғындары екен. Қазақстанның басқа қалаларымен
салыстырғанда журналистерді өлтіру, олардың жұмысына кедергі жасау сияқты
қылмыстық істер оңтүстік астанамызда жиі орын алады. Репортерлер
шекарасыз халықаралық ұйымы іспеттес елімізде баспасөз өкілдерінің құқығын
қорғайтын бізде Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры бар.
Аталған қор жеті жыл қатарынан Қазақстандағы журналистердің құқығын, сөз
бостандығының жағдайын зерттеп, 12 айда бір рет қорытындысын жариялап
отырады екен.
Сондай-ақ, Әділ сөз қорының жұмысына Ресейдегі әріптестері қол ұшын
беріп, тәжірибесімен бөлісуде. Мәселен, Қазақстандағы сөз бостандығын бұзу
бойынша мониторигті жүргізуге Әділ сөз қорына Ресейде Жариялылықты қорғау
қорының президенті Алексей Кириллович Симонов батасын берді. Ресейдегі
Жариялылықты қорғау қоры (ЖҚҚ) мұндай жұмыспен көптен бері айналысады. Ал
одан басқа Мәскеуде журналистердің құқығын қорғайтын өзге де қоғамдық
қорлар мен ұйымдар бар. Әділ сөз қоры өз жұмысын бастаған кезде
Қазақстанның БАҚ жүйесіндегі құқық қорғау саласы шынында игерілмеген тың
болып шықты. Осы және басқа көптеген себептермен Әділ сөз қорына
мониторингтің құрылымы мен формасын көп жағдайда еліміздегі БАҚ-тың жағдайы
мен талап-қажеттілігінен шыға отырып дербес жасап шығаруға тура келді, -
дейді қордың президенті Тамара Калеева. Ал сөз бостандығының жағдайын
әрдайым бақылау үшін аталған қор өзінің тұрақты өкілдері бар 9 облысты
қамтып, олармен тығыз жұмыс істеуде. Олар – Батыс Қазақстан, Атырау,
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан,
Қарағанды облысы мен Алматы қаласы. Ал Әділ сөз қоры өз жұмысын
бастағаннан кейін, көп ұзамай-ақ, қордың қатарына өз еркімен қосылған
журналистер қордың жұмысына араласып, ақпарат таратып отырды. Дегенмен олар
үшін ақпарат алу оңайға түскен жоқ – журналистер өздеріне көрсетілген қысым
мен қудалаушылық туралы ашық айтуға тәуекелге бара алмады. Сондықтан,
көптеген ақпарат баспасөздің, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының
беттерінде жарық көрді 3.
Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының тіркелген күні
1999 жыл 12 сәуір. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін,
объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі
бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын
қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру.
Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің заң саласынан
сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар мен өмірдегі
түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі артықшылығы –
бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге заң
тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезінде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін
қорғау болып табылады.
Журналистердің құқығын қорғайтын қор елімізде әзірше біреу. Өз жұмысын
7 жыл бұрын бастаған Әділ сөз халықаралық қоры бүгінгі күні өз міндетін
атына кір келтірмей атқаруда. Ал Әділ сөз сөз бостандығын қорғау
халықаралық қордың президенті Калеева Тамара Мисхадқызы. Бүгінгі күні
Тамара Калееваны барлығы құқық қорғаушы ретінде таниды. Өйткені соңғы жеті
жыл қатарынан Тамара Мисхадқызы журналистердің құқығы мен бостандығын
қорғаумен айналысып келеді. Сондай-ақ, Әділ сөз қоры БАҚ жұмысына
байланысты заң жобаларын шығаруға көмектеседі. Бұрын Тамара Калеева Қазақ
радиосының алдыңғы қатардағы журналистердің бірі болғанын, сондай-ақ,
Казахстанская правда басылымында құқық тақырыбына жазғанын көпшілік біле
бермейді. Сондықтан республикалық БАҚ-тағы жұмысын тастаған соң Тамара
Калеева журналистердің құқығын қорғаумен айналыса бастады. Өйткені бүгінгі
күні төртінші билік өкілін кез келген адам ренжіте алады. Ал жазаға
тартатын да, жазаға тартылатын да ешкім жоқ.
Қордың негізгі жұмысы - республикада сөз бостандығын бұзу жайында
мониторинг жүргізу. Ал мониторинг дегеніміз –деректерді тек жүйелі түрде
жазып, оны тіркеп отыру. Бірақ Әділ сөз қорының алдына қойған басты
мақсаты журналистерге көмек көрсету болып табылады. Өйткені аталған қор
өзін БАҚ өкілдеріне жәрдем беруге міндетті деп санайды. Оның басты себебі
қазіргі кезде көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында заңгерлік көмек
беретін қызмет жоқ. Журналистер өздеріне қатысты қандай да бір құқықтық
(әсіресе, бейқұқықтық) қимыл-қарекеттерді қалай қабылдауды, оған сауатты
түрде қалай жауап қайтаруды білмейді.
Әділ сөз халықаралық қор мониторингті 1999 жылдан бастап жасап
келеді. Онда ай сайын цензура, журналистерге қысым көрсету, БАҚ өкілдеріне
ақпарат беруден бас тарту сияқты оқиғалар туралы мәліметтер жиналады. Ал
бұл заң бұзушылықты Қазақстан Республикасының қазіргі заңы мен халықаралық
құқық нормаларына сәйкес топтастыру мекеменің негізгі жұмысы болып
табылады. Қордың 2000 жылы жасаған мониторингін толыққанды, жан-жақты деуге
болмайды. Өйткені ол Әділ сөз қорының алғашқы жылдары жасаған бірінші
тәжірибесі. Ал сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының құқық
латентін бұзу сияқты оқиғалар Әділ сөз қорының тәжірибесінде жиі
кездеседі. Алайда ондай кемшіліктерді аталған қордың президенті Тамара
Калеева жасырмайды. Дей тұрсақ та, мониторингтің көмегімен Қазақстандағы
сөз бостандығын бұзу туралы, бұқаралық ақпарат құралдары өмірінің толық
болмаса да, шынайы жағдайын көруге болады 4.
Қазақстандағы сөз бостандығын бұзу жайлы мониторингті Әділ сөз қоры
2000 жылдан бастап ай сайын жүргізуде. Мониторинг Әділ сөз қорының
тілшілері мен өз еркімен жұмыс істеушілердің ақпаратынан және бұқаралық
ақпарат құралдарында жарық көретін мақалалардан жиналып, қорытынды
жасалады. Жиналған мағлұматтардың заңдық дәрежесі Қазақстан Республикасының
қазіргі заңнамасы мен халықаралық құқыққа сәйкес топтастырылады. Сондықтан
мониторинг жұмысы тарауға, бөлімдер мен тармақтарға бөлінеді екен. Мәселен,
І-ші тарауда бұқаралық ақпарат құралдарындағы дәйектілікті анықтайтын
еліміздегі саяси, әлеуметтік, әкімшілік пен құқықтық жағдайдың ерекшелігі
жайлы жазылады. Бұл жерде мемлекет немесе белгілі бір облыс, аймақ
басшылығының сөз бостандығына тікелей ықпал ететін іс-әрекеті, арыздары,
бұйрықтары мен өтініштері жайлы сөз қозғалады. Сондай-ақ, тараудың бөліміне
журналистер мен БАҚ құқығын тікелей немесе жанама түрде анықтайтын жаңа
заңнамалық актілер енгізілген. Сонымен қатар, мониторингтің бірінші
тарауында шетел мен жергілікті беделді сарапшылардың Қазақстандағы сөз
бостандығына берген объективті бағалары көрсетілген. Басқа БАҚ өкілдерінің
тәжірибесімен танысу мақсатында, олар алған сабақтан бір түйін жасап шығару
ниетінде, елімізде журналистер өз құқықтарын қалай қорғайды екен, олардың
іс-әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығы жайлы аталған тарауда баяндалады.
Ал екінші тарауда журналистер мен БАҚ құқығын бұзу туралы мол ақпарат
пен тәжірибе топтастырылған. Бұл тарауды қарап отырып мемлекетімізде орын
алған заң бұзушылықтардың қаншалықты сан алуан екенін көруге болады.
Мәселен, қоғамдық маңызы бар ақпаратты беруден бас тарту, цензура, қорқыту,
қысым көрсету, жалақы төлемеу, журналистің кәсіби жұмысына кедергі жасау
және т.б. проблемалар осы тарауда мысалымен көрсетілген. Ал заң
бұзушылықтың барлығы заңнамаға сәйкес бөлімдерге топтастырылған. Сондықтан
заң қызметкерлері өз ақыл-кеңесімен бөлісіп, мүмкін болғанша, әр заң
бұзушылықтың себеп-салдарын талдап беруге тырысады. Сондай-ақ, кез келген
БАҚ өкілінің басына іспеттес жағдай түскен кезде, тарауда жазылған
кеңестердің пайдасы мол. Ал соңғы, яғни үшінші тарауда дау-жанжал, БАҚ пен
журналистерге айып тағу сияқты проблемалар қарастырылған. Аталған бөлімде
журналистердің жарық көрген мақалалары үшін айып тағу сияқты мысалдар
келтірілген. Қылмыстық пен әкімшілік іске байланысты барлық заң бұзушылық
пен айып түрлері қарастырылған. Мәселен, бұл тарауда өсек-жала, жәбірлеу,
ұлтаралық шағыстыру және т.б. мәселелер көтеріледі. Сондай-ақ,
журналистерге қойылатын талаптар, БАҚ, журналистер мен мақала авторларының
ісіне қатысты жүргізілген сот ісі туралы ақпарат енгізілген. Бұл тараудың
әр бөлімінде де заң қызметкерлерінің ақыл-кеңесі жазылады 5.
Қазіргі кезде біз әрбір қордың, ұйымның, мекеменің соңғы жаңалықтарын
олардың жеке сайтынан оқып, өзімізге керек мағлұматты ала аламыз. Сол
сияқты Әділ сөз қорының да ең маңызды әрі соңғы жаңалықтары оның жеке
сайтында топтастырылған. Соңғы жаңалықтар деп аталатын айдардың жұмысы
соған арналады. Бірақ, қор сайтының жұмысы тек орыс және ағылшын тілдерінде
жүргізіледі. Ал қазақ тілі жетім баланың күйін кешіп қалды.
Нарық заманында бір мамандықпен шектеліп қалуға болмайды. Өйткені тек
журналистер емес, осы кезеңде өзін білімді санайтын әрбір адамның көзқарасы
жан-жақты, білімі терең болу керек. Ал БАҚ өкілдері үшін заң саласынан
хабардар болу ауадай қажет. Себебі олар күнделікті өмірінде өз құқықтарын
жетік білмеген соң заң немесе құқық бұзушылықпен жиі кездеседі. Ал Әділ
сөз қоры журналистердің құқығын қорғайтын халықаралық қор болғандықтан,
заң саласына өте көп көңіл бөлуі шарт. Аталған қордың заң қызметінің
жетекшісі Кальсин Иллиодор мен мекеме заңгері Красильникова Ганна қаламы
ұшқыр адамдардың алдынан шығатын қиыншылықтарды шешуге көмектеседі. Алайда
олардың жұмысы тек кеңес берумен шектелмей, сот ісіне қатысты құжаттарды
дайындау, БАҚ пен журналист құқығы мен мүддесін қорғау сияқты міндеттері де
бар.
2003 жылдың басында Әділ сөз қорының қарамағында ақпараттық дауды
шешетін тәуелсіз қоғамдық сараптама Орталығы ашылды. Бүгінгі күні Орталық
жұмысына филология, өнертану, психология, философия, теософия мамандығының
20-дан астам кандидат пен ғылым докторлары өз үлесін қосуда. Бұлардың басым
көпшілігі қазақстандық жоғары оқу орындарында дәріс береді. Ал қордың
тәуелсіз сараптама Орталығын басқаратын Аженова Ғалия Хакимқызы.
Сондай-ақ, өз білімін заң жағынан толықтырып, жетілдіремін деушілерге
Әділ сөз қоры ай сайын Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының
заңнамасы мен тәжірибесі деген ақпарат бюллетенін шығарады. Мұнда БАҚ
жұмысына тиісті жаңа заңдар, нормативті мен ведомстволық актілер және заң
жобалары жарияланады. Сонымен қатар, заң мамандарының түсініктемесі,
жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының проблемалары, шетел
әріптестерінің тәжірибесі туралы мақалалар жазылады. Сан алуан жаңалықтар
мен тәжірибені бір басылымға топтастыратын бюллетень редакторы – Степенко
Людмила. Ал Әділ сөз қоры жұмысының қорытындысы кітап пен кітапша түрінде
басылып шығарылады. Аталған басылымдармен де қор сайтының Біздің
басылымдар атты айдарынан танысып шығуға болады 5.
Әділ сөз қоры бірқатар саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен,
мәжіліс депутаттарымен, Бас прокуратурамен, Қазақстан Республикасының
Жоғарғы сотымен тұрақты түрде жұмыс істейді. Сондай-ақ, қор мемлекеттік
органдар мен қоғамдық ұйымдар өткізетін ресми форумдарға, бейресми шаралар
мен баспасөз маслихаттарына қатысады. Ал кездесу кезінде екі жақ ақпарат
алмасып, кейін оны дерек пен дәйек үшін пайдаланады. Мәселен, Әділ сөз
қоры мониторинг жасаған кезде баспасөз маслихатынан алынған мағлұматтың
көмегі мол тиеді.
2003 жылы Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Тәжікстан
тәуелсіз БАҚ-ң Ұлттық Қауымдастығымен, Өзбекстан-Интерньюсімен және Қырғыз
Республикасының Журналистер Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып,
Орталық Азия мемлекеттерінде сөз бостандығының демократиялық қағидаларын
қорғау атты жобаны іске асырды 6.
Ал осыдан екі жыл бұрын Әділ сөз қоры Астана, Ақмола, Жамбыл,
Павлодар, Қостанай облыстарында тілші орындарын ашты. Енді қор жаңалықтарды
дер кезінде, тікелей өз журналистеріне хабарласып алады. Бұл да аталған
қордың жетістігі. Өйткені осыған дейін аймақтардағы журналистерге қысым
көрсету, түрлі жағдайларда олардың құқықтарын сақтамау сияқты заң
бұзушылықтар назардан тыс қалатын. Ал енді Әділ сөз халықаралық қоры алыс
жерлердегі төртінші билік өкілдерінің жақсылығы мен жамандығы, жетістіктері
мен кемшіліктері жайлы уақтылы құлағдар болып отырады.
Әділ сөз қорының жұмысын қолдап, жобаларына көмегін аямай көрсетіп
жатқан ұйымдар мен мекемелердің саны аз емес. Аталған қордың жобаларын Ашық
қоғам мен Сорос-Қазақстан Ұйымы, халықаралық даму Американдық агенттігі
(ЮСАИД), ЕуроОдақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы мен IFEX
халықаралық ақпарат жүйесі сияқты ұйымдар демеу болып, қолдау көрсетуде
7. Ал аталған ұйымдардың Әділ сөз қорына деген оң көзқарасы
Қазақстандағы журналистердің құқығын қорғайтын жалғыз қордың дұрыс бағыт
ұстанғанының айқын дәлелі екені сөзсіз.
Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жұмысы заң
саласымен, журналистер мен БАҚ-ң құқығын қорғаумен тікелей байланысты
болғандықтан, төртінші билік өкілдері қандай заңды білу керек, шатасқан
кезде қандай құқықтық актілерді негізге алу керек сияқты мағлұматты да
аталған қор назарсыз қалдырмады.
Мәселен, Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық
негіздерін мыналар құрайды:
Қазақстан Республикасы Конституциясының еліміздегі демократия мен сөз
бостандығының негіздерін салған және оған тікелей де тура әсер ететін
тиісті нормалары (демек, ешбір заң, ешбір заңға қосымша акт бұған қарама-
қайшы болмауы керек және мемлекеттік, заң шығарушы, атқарушы һәм сот
органдарының барлығы да осы нормаларды тікелей басшылыққа алуы тиіс). Бұл
ретте Қазақстан Республикасы Президентінің күнделікті өмірде онша
ескерілмейтін және Конституцияның көлеңкесінде қалғандай көрінетін
Қазақстан Республикасындағы Конституция туралы Жарлығын да атап айту
керек. Дей тұрғанмен, бұл құқықтық акт шын мәнісінде еліміздегі билік
келісім-шартының негізінде дүниеге келген және оның өкілеттілік ауқымын заң
жүзінде бекітті.
Халықаралық, оның ішінде ТМД және Кедендік Одақ аясында жасалған көп
жақты және екі жақты конвенциялар, келісім-шарттар және келісімдер. Оның
ішінде, Әділ сөз қорының ойынша, отандық БАҚ үшін импортталған баспа
өнімдерінің айналымға түсу режимі туралы, Қазақстан 1997 жылы бекіткен және
бізде күні бүгінге дейін беймәлімдеу 1950 жылғы Флоренция келісімінің,
сондай-ақ ақпараттық саладағы қызметтестік туралы Минск, Бішкек және Алматы
(1998 жылы) келісімдердің ерекше маңызы бар. Бұл келісім- шарттармен Әділ
сөз қоры, ең болмағанда, Кедендік Одақ аясында жалпы ақпараттық кеңістік
жасауға, ал Флоренция келісімі бойынша импортталған газет-журнал
өнімдерінің салықтық режимі отандық БАҚ-тың салықтық режимінен нашар
болмайтынына кепілдік береді;
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдесіндегі Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы Заңы. Бұл Заң Қазақстан Республикасының
Конституция белгілеген және кепілдік берген азаматтар мен бұқаралық ақпарат
құралдарының сөз бостандығын, ақпарат алу мен таратуды, олардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты қамтамасыз
етуді іске асыруға бағытталған және онымен байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейді 8.Алайда, аталған Заң, Әділ сөз қорындағылардың ойынша, кейбір
кемшіліктері, күмілжіңкі және толық емес тұстарына қарамастан тұтастай
алғанда Конституция кепілдік беретін құқықтар мен бостандықтар арнасында
жасалған;
Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17 сәуіріндегі, кейіннен
өзгерістер мен толықтырулар жасалған, радио және телехабар таратудың
лицензиялық тәртібін бекіткен Лицензиялау туралы Заңы; Яғни, жеке және
заңды тұлғаның теледидар және радио хабарларын тарату саласында радиожиілік
спектрін пайдалана отырып және пайдаланбай да қызмет етуі лицензия
негізінде жүзеге асырылады. Теледидар жәненемесе радио хабарларын таратуды
ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялауды уәкілетті орган іске асырады.

Қылмыстық Кодекстің тыйым салатын және шектейтін тиісті ережелері. Оның
ішінде сөз бостандығын бұзуды шектеуге бағытталған да ережелер Қазақстан
Республикасы Қылмыстық Кодексінің 154-ші бабы (азаматқа ақпарат беруден
бас тарту) және 155-бап (журналистің заңды түрде кәсіби қызметін жүргізуге
кедергі жасау);
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің заңды және жеке тұлғалардың
абырой, қадір-қасиет және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін күмәнді
ақпараттарды таратқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті анықтайтын
9, 141-145 және 951 баптары;
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің ұлтаралық араздықты қоздатуға
бағытталған, материалдарды жариялауға және осындай сипаттағы материалдарды
республикаға әкелуге рұқсат бергені, сондай-ақ баспасөз және басқа да
бұқаралық ақпарат құралдары заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті
анықтайтын 188-6, 188-7, 188-8 баптары;
Қазақстан Республикасының 1998 жылы 26 маусымдағы, Қазақстан
Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарындағы шетелдік тұлғаның тікелей
немесе жанама қатыстылығы 20 пайыздан аспауын бекіткен, сондай-ақ
республика аумағында ұлттық қауіпсіздігімізге зиянды баспа өнімдері, теле
және радио хабарларының таралуына тыйым салатын Ұлттық қауіпсіздік туралы
Заңы;
Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Заңы, атап айтқанда, осы заңның газеттік және
журналдық өнімдерінің өндірістік айналымы мен таратылуына салынатын қосымша
құн салығынан босататын 57-бабының 17-тармағы;
Қазақстан Республикасының сырттан әкелінетін газет-журнал өнімдерін
мерзім-мерзіммен толығымен көрсетпеуге, сондай-ақ оларды уақытша сақтау
қоймаларын айналып өтуге мүмкіндік беретін ҚР кеден ісі туралыЗаңы;
Үкіметтің 1996 жылдың 25 қарашасындағы, телекоммуникация саласындағы
кәсіпкерлік пен радиожиілік спектрді пайдалануды лицензиялау тәртібі туралы
Ережені бекіткен №1443, 1999 жылдың 13 қыркүйегіндегі радиожиілік
ресурстарды пайдалану үшін қаржы төлеуді бекіткен №1387 қаулылары;
Үкіметтің 1997 жылдың 29 маусымындағы Қазақстан Республикасы аумағында
шетел мемлекеттері бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін тіркеу және
тілшілік бөлімдерін ашу туралы №903 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары, оның
ішінде 1992 жылдың 18 желтоқсанындағы Азаматтар мен ұйымдарды ар-намысы
мен қадір-қасиетін қорғау туралы №6 және 1995 жылдың 22 желтоқсанындағы
Моральдық зиянды өтеу туралы №10 қаулы;
Қазақстан Республикасы министрлігі мен ведомстволарының өз құзыры
аясында қабылданатын нормативті құқықтық актілері (егер олар белгіленген
тәртіп бойынша Әділет министрлігінде тіркелген болса); Оның ішінде:
1. Мәдениет және ақпарат министрлігінің 1999 жылдың 24 желтоқсанындағы
№228 және 2000 жылдың 5 қаңтарындағы №4 бұйрықтарымен бекітілген бұқаралық
ақпарат құралдары мен ақпараттық агенттіктерді есепке алу туралы Ережесі,
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жанында журналистерді тіркеу
Ережесі;
2. Қазақстан Республикасындағы Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі №338 бұйрығымен бекітілген дәрілік
заттарды жарнамалауға рұқсат беру және жарнама берушінің тиісті рұқсат
қағазын көрсетпеген жағдайда БАҚ-тың мұндай жарнамаларды жариялауына тыйым
салатын Ережелер:
а) Электронды бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін лицензияға
нормативті-құқықтық акт еместігінен де өзінің құқықтық табиғатында жекелік-
нақтылық сипаты болуы тиіс қосымшалар. Осыған қарамастан олардан шектеу
және тыйым салу сипатындағы азаматтық-құқықтық нормалар бар.
б) Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің нормативтік-құқықтық
актілері 9.
Келтірілген заңдар мен құқықтық актілер тізімінен көрініп тұрғандай,
БАҚ қызметін реттеу үшін шығарылған заңдар аумағы көлемді, сонымен қатар
кей тұстарда қарама-қайшы, мұның өзі оны түсінуде және тәжірибе жүзінде
дұрыс қолдануда елеулі қиындықтар тудырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін қандай да бір деңгейде реттеп
отыратын ведомстволық нормативті актілерге келсек, олардың саны көбейіп
отырғанын және іс жүзінде заңдардың өзінен де асып кеткенін айту керек.
Және бұл ретте мұндай актілер тиісті заң актілерінің құқықтық аясынан шығып
кететін, яғни кейде заңды толықтыратын, ал кейде оған мүлдем қарама-қарсы
болатын жағдайлар аз емес.
Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры журналистер мен БАҚ-
тың құқығын қорғап қана қоймай, оларға көмекші құрал болатын жыл сайын
басылымдар да шығарады. Төменде келтірілген басылымдардың журналист үшін
пайдасы мол. Өйткені онда кең ауқымды тақырыптар қозғалған. Әрине,
журналистің құқығы жайлы сөз қозғаған кезде, ең бірінші оның еңбек
құқығынан бастау керек. Осы тақырыпқа арналған Әділ сөз халықаралық
қорының Сенің еңбек құқығың атты журналистерге арналған оқу құралы бар.
Кітап авторы Тамара Симахина. Жас маман жұмысқа тұрған кезде, әрине,
бірінші күннен бастап оған оның құқығын түсіндіріп отыратын, анасындай
жаманшылық пен өмірдің қиыншылығынан қорғайтын пана бірден табыла қоймас.
Өйткені кез келген адам жұмыс істей бастаған күннен бастап жеке өзі шешім
қабылдап, алдынан шыққан қиыншылықтарға тозады. Өйткені тек қателіктердің
арқасында журналист өзі үшін пайдалы түйін жасайды. Алайда қателесу бір
бөлек те, еңбек құқығыңды білмеу, ол бір бөлек. Журналист өз құқығын
білмегендіктен, осыны пайдаланып алатын адамдар заңды жиі бұзады. Мәселен,
заңсыз жасалған келісім-шарт немесежурналистің келісім-шартсыз жұмыс
істеуі, қалыпты жұмыс күнінің болмауы, ең төмен жалақы, әлеуметтік және
медициналық сақтандыру және т.б. Журналистер басынан бастап оңы мен солын
ажырата білу үшін, өз құқығы мен міндеттерін біліп қана қоймай, алдынан
шыққан қиыншылықтарға қарсы тұра алатындай дәрежеге жету үшін аталған
көмекші оқу құралы шығарылып отыр.
Қызметінде қателіктер жіберетін журналистердің саны аз емес. Кейбіреуі
өз міндеттерін түсініп отырса да, болады және болмайды деген екі сөздің
мағынасы мен шекарасын ажырата алмайды. Сондықтан Әділ сөз халықаралық
қоры ЕҚЫҰ-ң көмегімен Болмайды. Керек. Болады. атты қалталы кітапша басып
шығарды. Аталған басылым авторы Ганна Красильникова. Бұл қалталы кітапша
журналистерге арналған тәжірибелі оқу құралы болып табылады. Кітапшаның
бірінші Болмайды атты тарауы –журналистердің не үшін жауапқа тартылатыны
туралы, заң бойынша рұқсат етілмеген ережелер жайлы жазылған. Керек деген
тарауы келеңсіз жағдайларға түсіп қалмау үшін өз құқығыңды қалай пайдалану
керектігін, қалай сақтану керек екендігі жайлы хабардар етеді. Ал қорытынды
тарауы, Болады - БАҚ өкілінің кәсіби құқығы туралы айтып береді 10.
Сондай-ақ, заңгер Ганна Красильникованың тағы бір шығарған кітабы
Ақпарат таратсаң! деп аталады. Елімізде сөз бостандығын бұзуда жиі
кездесетіне жайт, ол ақпарат беруден бас тарту. Алайда Қазақстанның
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы бойынша мемлекеттік органдар,
қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары
әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен,
шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуына мүмкіндік беруді қамтамасыз
етуге міндетті. Автор ақпарат алуға тиісті қазақстандық заңның барлық заң
актілерін топтастырып, тізімдеп шықты. Оқу құралына қосымша ретінде
журналистерге тәжірибе жүзінде көмектесетін сұрақ қоюдың, шағым түсірудің
және т.б. құжаттардың үлгісі, сондай-ақ, ақпарат алу мен оны таратуға
қатысты заң актілердің тізімі берілген.
Журналистер өз құқықтарын білмегендіктен қызмет барысында түрлі
жағдайларға ұрынып жатады. Кейбірде сол білмеушіліктің салдарынан сот
табалдырығын аттауға тура келеді. Журналист соттық тосқауылдың іргесінде
атты басылым 1996-2000ж.ж. еліміздің журналистері мен бұқаралық ақпарат
құралдарына қатысты болған соттық істер жайлы шығарылған жинақ. Аталған
жинақты Әділ сөз қоры Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотымен бірлесе
құрастырды. Сондай-ақ, кітап соттың Демократия мен Адам құқығы саласында
Еуропалық бастау бағдарламасының гранты бойынша жарық көрді. Жинақтың осы
уақытқа дейін 2 кітабы басылып шығарылды.
Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын бастаған
жылдан бастап мониторинг жасауда. Ал оның қорытындысы жыл сайын
Қазақстандағы масс-медиа. Заңдар, даулар, құқық бұзушылық атты кітап
болып басылып шығарылады. Жинақта әр жыл бойынша БАҚ пен журналистердің
құқығын бұзу мониторингінің нәтижесінен алынған ақпарат жинақталған.
Сараптамалық есепте журналистер мен БАҚ құқығын бұзу мен ақпараттық дау-
жанжалдың пайда болуына әкеп соқтыратын объективті және субъективті
факторлар көрсетілген. Сондай-ақ, жинақта бұқаралық ақпарат құралдарының
жұмысына қажетті нормативті актілердің толық тізімі берілген.
Халықаралық қордың жарық көрген тағы бір кітабы Қазақстан
журналистері: автосуреттеу мүмкіндігі. Әлеуметтік зерттеу деп аталады.
Аталған басылымда мемлекеттік БАҚ журналистері мен жекеменшік баспасөз
өкілдері қоғамда өз маңыздылығын қаншалықты бағалайды, олардың сөз
бостандығына әсер ету қаншалықты жоғары екені, қоршаған ортамен қарым-
қатынасы жайлы әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, қорытындысы салыстырмалы
кесте түрінде берілген.
Әділ сөз халықаралық қоры сөз бостандығын бұзбауын қадағалайтын,
журналистердің құқығын қорғайтын қор болғандықтан, аталған басылымдарда
журналист пен БАҚ-ң құқығы, олардың алдынан шығатын проблемалары жайлы
толық баяндалған. Ал заңды жете білмейтін журналистер үшін көмекші оқу
құралдарының күнделікті қызмет барысында әкелетін пайдасы мол. Сондағы
мысалдарды оқи отырып, журналистер іспеттес жағдайға түсіп қалса одан қалай
қорғану керектігінен хабардар болады. Сондай-ақ, алғашқы кәсіби қадамын
жасаған жас мамандар үшін, олардың еңбек құқығының бұзылмауын қадағалайтын,
көмекші оқу құралы болмақ. Аталған басылымдар журналистің кәсіби өсуіне,
жұмыс барысында көмектесіп, заң жағынан білімдерін толықтырады.

2. Қазақстандағы журналистердің құқығын қорғау
Азаттық радиосы жүргізген журналистік зерттеуге сүйенсек, Қазақстан
сөз бостандығы жөнінен 167 мемлекеттің ішінде 119-ші орында тұр. Ал
Freedom house үкіметтік емес ұйымы 2005 жылды қорытындылап, сөз
бостандығы бойынша сап түзеген 194 мемлекеттің ішінде Қазақстанға 165-орын
бұйырыпты деп мәлімдеді. Халықаралық ұйымның Қазақстандағы өкілі Антонио
Стангоның айтуынша, 2005жылы Қазақстан сөз бостандығы мәселесінде бір
қадам да ілгері жылжымаған. Есесіне, кері кетудің белгілері байқалған.
Сөз бостандығының деңгейі құқықтық реттеу, саяси бақылау және
экономикалық реттеу секілді үш бағытта анықталады екен. Көрсеткіш неғұрлым
жоғары болса, сол елдегі сөз бостандығының халі соғұрлым мүшкіл деген сөз.
Мысалы, 0-ден 30 ұпайға дейін жинаған елдер – еркін елдер екен. 31 мен 60-
тың арасы жартылай еркінге жатады. Ал 61-ден 100-ге дейін жетсе, ол елде
сөз бостандығына кепілдік жоқ. Қазақстан осы соңғы қатарда екен.
Посткеңестік кеңістіктегі елдердің арасында Беларусь, Түркіменстан және
Өзбекстан елдерінде сөз бостандығына қауіп төніп тұр екен. Тәжікстан да
Қазақстанмен қатарлас. Ал Қырғызстан бізден 28 саты жоғары тұр 11.
Ал үстіміздегі жылдың 17 қаңтар күні Әділ сөз сөз бостандығын қорғау
халықаралық қоры 2005 жылы орын алған қазақстандық журналистер мен БАҚ-тың
құқығын бұзу жайында жария еткен дерекке көз жүгіртсек.
Елімізде сол жылы қайтыс болған журналистер саны – 9 (2004 жылы – 2):
Рустам Қатқадамов (Ирбис ТВ, Павлодар), Жанар Әбдилдина (Хабар
агенттігі, Алматы), Батырхан Дәрімбет (Азат, Алматы), Алуа Әбенова
(Рахат телеарнасы, Алматы), Гүлбану Тілеубаева (31-арна, Алматы),
Сергей Иванов (Авангард, Жітіқара), Арай Алпысбаева, Айгүл Нұрсұлтанова
(ТДК-6, Семей), Андрей Прокопьев (31-арна, Алматы).
Келтірілген статистика бойынша 9 журналистің ішінде жартысынан көбі,
дәлірек айтатын болсақ 5 журналист, Алматыда қайтыс болған. Ал қалған
төртеуі Павлодардың, Жітіқараның, Семейдің журналистері екен.
БАҚ өкілдері мен редакцияға түрлі қастандық жасау – 20 (2004 жылы –
14): Дмитрий Пыхтин (Хабар арнасының тілшісі, Өскемен), Сергей
Константинов (Отырар телекомпаниясы, Шымкент), Александра Алехова
(Литер, Жетіген қаласы, Іле ауданы), Александр Бранов (Час пик,
Павлодар), Жукел Хамай (Алатау, Талдықорған), Виталий Югай (Қазақстан,
Астана), Андрей Лысенко (Вести Сарыарқа, Қарағанды), Ардабек Солдатбай
(Хабар агенттігі, Павлодар), Есенбек Санатұлы (Азаттық радиосы,
Павлодар), Бекжігіт Мауленов (Отырар телекомпаниясы, Шымкент),Людмила
Павлова (Голос Экибастуза, Екібастұз), Нина Цысь (ІІД-нің баспасөз-
хатшысы, Павлодар), Қажымұрат Әбілкалиев, Азамат Доспанов (Алтын ғасыр,
Атырау), Михаил Мысиков, Владимир Таран (Новый регион, Регион плюс,
Қапшағай), Әсет Құндақбаев (Рейдер, Алматы), Гүлнұр Оразымбетова (Страна
и мир, Алматы).
Ал бұл дерекке сүйенсек, журналистерге ең көп қастандық Павлодарда
жасалынған екен (4), екінші орында Алматы – 2, Қапшағай - 2, Шымкент - 2,
Атырау - 2, ал соңғы орынды Өскемен – 1, Жетіген -1, Талдықорған – 1,
Астана - 1, Қарағанды – 1 және Екібастұз -1 қалалары бөлісті.
Журналистерді қорқыту – 9.
Журналистердің кәсіби жұмысына кедергі жасау – 53
Басылымдар данасын тауып алып, көзден таса қылу – 69 (2004 жылы – 3):
Сеть kz, Сөз, ДВК Дауысы, Жұма Таймс (Алматы), Республика. Деловое
обозрение, Жұма таймс – DAT, Азат, Финансовое обозрение (Екібастұз),
Искра, Аssandi Times Лад, Наша газета (Қостанай), Казачий
вестник, Эпоха, Нағыз Ақ жол (Орал), Анау-Мынау, ДАТа недели,
Правда Казахстана (Павлодар), Эпоха, Свобода слова, Азат, Правда,
Апта kz, Жұма таймс (Ақтөбе), Горд 326 (Тараз), Республика.
Аналитический еженедельник, Пятое измерение, Ауыл (Астана), Эпоха,
Азат, Жұма таймс, Діл, Свобода слова (Шымкент), Эпоха, Свобода
слова, Правда Казахстана, Жұма таймс, Апта.kz, Азат (Қарағанды
облысы).
Басылымдарды тауып алып, көзден таса қылу 2004 жылмен салыстырғанда 23
есеге өсті. Бұл елімізде оппозиялық басылымдар біреулер үшін үрей
тудыратынының айқын дәлелі. Өйткені тізімде келтірілген газет аттарына
назар салатын болсақ, басым көпшілігі мемлекеттік емес газеттер болып
табылады. Сонымен статистика бойынша: Ақтөбе – 6, Қарағанды – 6, Шымкент
– 5, Алматы – 4, Екібастұз – 4, Қостанай – 4, Орал – 3, Павлодар – 3,
Астана – 3, Тараз – 1 рет сондай жағдайға тап болғанын айтады. Сондай –ақ,
Республика. Аналитический еженедельник, Республика. Деловое обозрение,
Сеть. Kz (Алматы), Замечательная газета (Петропавловск) сияқты
газеттердің есепке қою құжаттарының тіркеу нөмірлері заңсыз деп танылды.
Қылмыстық қудаланушылық – 14 (2001 жылы – 21): өтірік жала жабу – 9,
Қазақстан Республикасы Президентінің ар-намысына қол сұғушылық деген
айыппен – 3, сот шешімін орындамау – 1.
Қоғамдық маңызы бар ақпаратты таратудан бас тарту – 426 (2004 жылы –
435) 12.
Әзірше қолда бар мәлімет осындай. Бірақ бір өкініштісі, өз кәсібін
атқару барысында мерт болатын журналистердің саны жыл сайын артуда. Ал
қылмыстың жартысынан көбі ашылмай, жабық қазан күйінде қалуда. Мәселен,
Азаттық радиосы жүргізген журналистік зерттеуге сүйенсек, Қазақстан сөз
бостандығы жөнінен 167 мемлекеттің ішінде 119-ші орында. Қазақстанда да
ондаған журналист әртүрлі жағдайда қаза болып жатыр. Бірақ әдетте оларды
кездейсоқ оқиғаның құрбаны деп қарайды. Мысалы, жол апатының. Осыдан төрт
жыл бұрын оппозициялық журналист Алексей Пугаевты көлік қағып кетті.
Алексей тілге келмеді. 2002 жылдың 16 қарашасында Нұри Муфтахты да көлік
қағып кетті. 2004 жылдың шілдесінде көліктің астына түсіп Навигатор
интернет газетінің редакторы Асхат Шәріпжанов қаза тапты. Өткен жазда
оппозициялық Азат газетінің бас редакторы Батырхан Дәрімбеттің ажалы қара
жолдан болды, - дейді Азаттық радиосының тілшісі.
Кездейсоқ оқиға демекші, Хабар агенттігінің бас директоры Жанар
Әбілдина да жол апатынан қаза тапты. Рахат арнасының журналисі Алуа
Әбенова қаңғыған оқтың құрбаны болды. Ал қызмет барысында қаза болған
қазақстандық жалғыз журналист кім?
Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара
Калеева оның кім екенін тап басып айта алмағанымен, еліміздегі сөз
бостандығының күннен-күнге тарылып бара жатқанын жасырмайды. Мәселен, Жұма-
таймс газетінің үнін біржола өшіруге бағытталған әрекетті, бір арнадан бір
мезгілде 14 журналистің қызметтен кетуін алға тартады.
Қызмет бабында қаза болған журналист кім болуы мүмкін? Бұл сұраққа
өзгелерден гөрі журналистермен етене араласатын Қазақстан Журналистер
одағының төрағасы Сейітқазы Матаев жауап берді.
- Шынымды айтайын, тап басып айта алмай тұрмын. Менің топшылауымша,
Батырхан Дәрімбет болуы мүмкін. Өйткені Батырхан жұмыс барысында қаза болды
ғой. Әлде 31-арнаның тілшісі Гүлбану Тілеубаева ма екен... Батырхан
шығар... 13.
Өткен жылы Алматыда бес БАҚ өкілі қайтыс болды. Алайда олардың ішінен
өз жұмысын атқару барысында мерт болған журналистің есімі әлі күнге дейін
белгісіз. Ал Әділ сөз халықаралық қоры жыл сайын сөз бостандығын бұзу
мониторингін, журналистер құқығын шектеу, оларға қысым көрсету жайлы
деректер жинайды. Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының
президенті Тамара Калееваның 2005 жылы өз жұмысын орындау барысында қайтыс
болған журналистің есімін атай алмады. Алайда көз жұмған БАҚ өкілдері жайлы
ақпарат жинау аталған қор үшін бірінші орында тұру керек сияқты. Егер
Қазақстанда журналистер құқығын қорғайтын қор ондай дерек бере алмаса,
Репортерлер шекарасыз халықаралық ұйымы қандай дерекке сүйеніп, өткен
жылы елімізде өз қызметін орындау барысында мерт болған журналист саны
біреу деп алға тартады екен. Сондай-ақ, ол журналистің есімі кім?..
Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара
Калеева айтқандай, аталған қор жұмысын бастаған кезде ол журналистер
құқығының аяққа тапталуы, ар-намысы қорғалмауы соншалықты төмен дәрежеде
екенін білмепті. Шынымен де, қазіргі таңда төртінші билік өкілінің құқығын
екінің бірі бұза алады. Оған мысал ретінде, алысқа бармай-ақ, жас маман
жұмысқа тұрғанда жасалатын заң бұзушылықтарды айтуға болады. Мәселен,
келісім-шарттың болмауы, жалақының толықтай төленбеуі, бір қалыпты жұмыс
күннің болмауы, т.б. Әрине, мұндай жағдайға журналистер өз құқығын
білмегендіктен ұшырайды. Осы себептен Әділ сөз қоры БАҚ өкілдерінің жиі
қателеспеуі үшін, өз міндеттері мен құқықтарын білу үшін арнайы оқу
құралдарын шығарып, өмірде жиі кездесетін мысалдарды баспасөз бетінде
жариялайды.
Әділ сөз қоры журналистердің еңбек құқығының бұзылуын қадағалап, орын
алған заң бұзушылықты әрдайым тіркеп отырады. Мәселен, 2003 жылдың ақпан
айында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек және қоғамды әлеуметтік
қорғау Министрлігінің жүргізген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша
БАҚ иелері мен басшылықтың тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтың
тізімі жасалынды: жұмыс күнін ұзарту, үстеме жұмыс үшін жалақының 1,5
мөлшерде төлемеу, мейрам және демалыс күндері жұмыс істегені үшін ақының,
заңда жазылғандай, 2 есе мөлшерде төлеуден бас тарту, себебі мен
қажеттілігі көрсетілген демалыс күндері жұмысқа шығу керектігі туралы
арнайы жазылған жарлықтың болмауы, және т.б. Бұл тізімде орын алған құқық
бұзушылықтың аз-мазы ғана. Ал 2000 жылдың 1-ші қаңтар күні қабылданған
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы, бұл жұмыс беруші мен
жұмысшының арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі нормативті акт
болып табылатынын естен шығармаған жөн 14.
Ал 2003 жылы Әділ сөз сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен
Алматыдағы Еуропаның қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының орталығы, Эберт
қорының қаржылық көмегімен, қазақстандық журналистика тарихында алғашқы рет
әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу Қазақстан Республикасы бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерінің проблемаларына арналды. Ал істелген жұмыстың
басты мақсаты, қазақстандық БАҚ өкілдерінің жағдайын көрсету болды.
Мәселен, журналистердің өздері жергілікті БАҚ-қа қандай баға береді,
Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы қандай дәрежеде, төртінші билік
өкілдері кәсіби жұмысында қандай қиыншылықтарға тап болады, оны қандай
жолмен шешеді, өз әріптестерін қалай бағалайды және т.б. проблемалар
көтеріліп, әлеуметтік зерттеудің негізгі тақырыбы болды.
Зерттеу сауалнама түрінде жүргізіліп, сауалнама парақтары бүкіл
Қазақстан бойынша таратылды. Басты БАҚ редакциялары (теледидар, радио,
газет, жорнал) орналасқан мемлекетіміздің 13 қаласында әлеуметтік зерттеу
жүргізілді. Сол жылы барлығы 1100 сауалнама парағы таратылған болатын. Оның
68 пайызы, яғни 753 данасы толтырылған күйінде қайтарылды. Мәліметтер бүкіл
Қазақстан бойынша алынған. Сауалнама жүргізілген қалалар мен оған жауап
берген адамдардың санын №1 қосымшадан көруге болады. Респонденттердің
негізгі бөлігі жекеменшік теледидар мен газетте жұмыс істейді екен. Алайда,
ең қызығы, сұралған адамдардың 8 пайызы өздері жұмыс істейтін БАҚ-тың
меншік түрін білмейді. Сұралғандардың әлеуметтік статусы – жалдамалы
жұмысшылар. Қызметтік статусы – көбісі тілшілер. Респонденттердің басым
көпшілігі жоғары білімді. Алайда жартысынан астамы өз мамандықтары бойынша
жұмыс істемейді. Отандық БАҚ өкілдерінің негізгі бөлігі Қазақстан мен
Ресейде білім алғандар. Негізгі жұмыс тілі: респонденттердің көбісі қазақ
және орыс тілінде жазады. Ал сұралғандардың 0,3 пайызы негізгі жұмыс тілін
өзбек тілін атады. Қосымша жұмыс тілі: неміс - 3,9%, корей - 0,4%, украин -
0,4%, итальян - 0,1%, армян - 0,1%, болгар - 0,1%, араб - 0,1% және жапон
тілінде журналистердің 0,1 пайыз жазады екен.
Ал Қазақстандағы БАҚ жағдайына баға беру үшін, журналистер өздері жұмыс
істейтін баспасөздің жағдайы оларды қанағаттандыра ма, соны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерзім ұғымы
Сөз бостандығы және оның келешегі
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бала асырап алудың өзекті мәселелері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЫҚПАЛЫ
Жетім балалар құқығы және журналистика
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары туралы ақпарат
Пәндер