Істі мәні бойынша қарау бөлімдері


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Осы бітіру жұмыста бірінші инстанцияда азаматтық істерді талқылаудың мәселелері, сонымен қатар апелляциялық және қадағалау инстанцияларында іс қарау ерекшеліктері қарастырылған.

Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми жария жұмыстар, ғалымдардың монографиялық зерттеулері, нормативтік-құқықтық актілер мен оқулар пайдаланған.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарау сұрақтары бойынша теориялық мәселелерді талқылау.
  2. Қазақстан Республикасында азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарау бойынша нормативтік құқықтық базасын талдау.

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Бірінші бөлімдеазаматтық процестің негізгі сатысы ретінде сот талқылауының түсінігі, мәні, маңызы жайлы айтылған.

Жұмыстың екінші бөлімінде сот мәжілісінің бөлімдеріне арналған. Әр бөлімде соттың атқаратың процесуалдық әрекеттері туралы баяндалған. Сот мәжілісін шешім шығармай аяқтау және сот отырысының хаттамасы туралы жазылған.

Үшінші бөлімде апелляциялық және сот инстанцияларында істі қараудың ерекшеліктері, яғни сот талқылау пәні, шегі және процессуалдық тәртібі қарастырылған.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. бөлім Азаматтық істі соттың бірінші инстанциясында мәні бойынша қарау сатысы және оның маңызы . . . 5

1. 1. Сотта істі қараудың бөлімдері және дайындық сатысы . . . 12

1. 2. Сот мәжілісінің тусінігі және мәні . . . 20

ІІ. бөлім Істі мәні бойынша қарау бөлімдері . . . 23

2. 1. Соттағы жарыссөз және прокурордың қорытындысы . . . 26

2. 2. Сот шешімін шығару және жариялау . . . 29

2. 3. Апеляциялық және қадағалау инстанцияларында

азаматтық істі қараудың ерекшеліктері . . . 51

Қорытынды . . . 58

Пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер мен әдебиеттертізімі . . . 61

КІРІСПЕ

Азаматтық істі соттың бірінші инстанциясында қарау азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде соттардың республика саясатын өмірге келтіруінің негізгі құралы болып табылады.

Азаматтық процесс толығымен әділеттілік міндеттерін атқаруға бағытталған, дегенмен осы міндеттерді сот тікелей сот талқылауы кезінде жүзеге асырылады. Сот талқылауы дәрежесіне, оның толықтылығы мен обьективтілігіне азаматтық істер бойынша қазақ сотының беделі, соттың жұмысының сапасы байланысты болады. Құқық нормалары мен дәл сәйкестікке әртүрлі азаматтық істерді қарап және шеше отырып, сот мемлекеттін өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыруына үлкен үлес қосады, осымен, ақыр аяғында, азаматтық процестегі сот талқылауының маңыздылығы анықталады.

Сот талқылауы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша қарайды, обьективтік шындықты анықтайды және мемлекет атынан іс бойынша шешім шығарады.

Сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар.

Сот азаматтарға азаматтық іс бойынша дұрыс және сенімді шешім шығарумен ғана емес, сонымен қатар, сот талқылауының процедурасының өзімен де тәрбиелік әсер етеді. Істі қараудың қатаң және нақты процессуалдық тәртібі, процесте соттың заңдылықты дәл, нақты сақтауы, соттың тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін барлық шараларымен қорғау тек шешімнің сенімділігін, заңдылығын және негізділігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, азаматтарға үлкен тәрбиелік әсер етеді.

Сот талқылауы сатысында азаматтық процестін барлық қағидалары - бұл ең алдымен сот талқылауының қағидалары.

Азаматтық процестің сатысы ретінде сот талқылауы процестің осы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша шешетіндігі - іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттейді және іс үшін маңызы бар фактілерді анықтайды, тараптар арасындағы құқықтық қатынасты тараптардың шынайы құқықтар мен міндеттерін анықтайды, тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдана отырып іс бойынша мемлекет атынан шешім шығаратындығымен сипатталады.

Азаматтық процестегі сот талқылауы азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген азаматтық істі сот отырысында мәні бойынша қарау кезінде қатысатын процестің басқа да қатысушыларының қызметі.

Азаматтық істердін сот талқылауына көптеген монографиялық еңбектер, жария жұмыстар арналған. Бұл сот талқылауының маңыздылығы мен мәнділігіне байланысты болып отыр.

Бұл жұмыста азаматтық істірдің сот талқылауының түсінігі, мәні мен маңызы, сот талқылауының бөлімдері, шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау, апелляциялық және қадағалау сатыларында сот талқылауының ерекшеліктері туралы баяндалған.

Азаматтық Кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот арқылы жүзеге асады. Белгілі бір жағдайларда бұрмаланған азаматтық құқық

басқа да тәсілдермен қорғала алады. Заңда көзделген ретте мұндай қорғау әкімшілік тарапынан жүзеге асуы мүмкін. (АК- тің 9 бабы 2 тармағы) .

Азаматтық кодекске дәстүрлі қорғау шараларына басқа қорғаудың жаңа да, арнайы тәсілдері енгізілген. Арнайы заң құжаттарында көзделген

жаздайда нақты және заңды әрекеттер мен тікелей құқығы бұзылған адамның

құқығын қорғауға (өзін-өзі қорғау ) заң жол береді. Өзін-өзі қорғау ұғымы қылмыстық құқықтың аясына жатады, бірақ өзін-өзі қорғау жазалауға жатпаса, онда ол занды әрекет болып табылады. 1

Сот органдарының алдындағы міндеті азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және қорғалатын мүделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңддарында белгіленген ережелер бойынша тек сот жүзеге асырады.

Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

Әрбір адамның бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін АІЖК - те белгіленген тәртіппен сотқа жүгінүге болады.

Мемлекет органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар зағда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгілі бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінүге құқылы.

Азаматтық істерді сотта жүргізу, шешу тәртібі заңмен белгіленген.

Қазақстан Республикасы АІЖК бекітілген соттың бірінші инстанциясында істі қарау тәртібі мен ерекшеліктері осы жұмыс барысында толық қамтылған.

І БӨЛІМ

Азаматтық істі соттың бірінші инстанциясында мәні бойынша қарау сатысы және оның маңызы.

Соттың бірінші инстанциясында іс қарау азаматтық сот өндірісінің негізгі және міндетті сатысы болып табылады.

Сотта істі қарау дегеніміз - ол азаматтық істі мәні бойынша қарастырып шешу болып табылады. Мұндай құқық тек бірінші инстанция соттарына тән. Басқа бір де бір сот инстанциясы істі негізгі мәні бойынша қарастырмайды. 2

Сонымен бірге Қазақстан Республикпсы АІЖК бойынша аппеляциялық сатыдағы соттар құқылы. Алайда олардың өздері, соттың бірінші инстанциясы шығарған шешімге берілгн арыз бен наразылық щенберінде ғана қарастыруы керек. Аппеляциялық инстанция соттың негізгі мақсаты іс бойынша жинақталған материалдар арқылы соттың бірінші инстанциясы қараған істің заңдылығын және негізділігін тексеру.

Соттың бірінші инстанциясын аттай іс бірден аппеляциялық немесе басқа сатыларда қаралуы мүмкін емес. сотта іс қарау бірінші инстанциядағы іс өндірісімен аспайтын, азаматтық процестің басты сатысы болып табылады. Онда дәлелдемелерді жан-жақты және обьективті зерттеу негізінде істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілік мән-жайлар анықталады.

Нақты құқықтық қатынас шеңберінде тараптардың құқықтары мен міндеттері анықталып, даудың мәні бойынша Республика атынан шешім шығарады. 3

Негізінен осы сатыда сот әділдікті жүзеге асырады.

Басқалар да оны жүзеге асыруға дайындық жүргізеді, немесе істі қарау заңдылығы тексерілнді немесе шығарылған шешім орындалуға жатады.

Осы сатыда сот басқалардың субьективтік құқықтарын қорғап және заңмен қорғалатын мүдделерін көздей отырып, іске қатысушы және сот отырысы залында отырғандарға тәрбиелік жағынан әсер етуге ынталанады.

Сот ісін қарау барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды. Заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныштылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуі тиіс.

Істі қараушы сот обьективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және обьективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

Іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және АІЖК көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.

Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот істі қарауда тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.

Сотта іс қарау іске қатысушы тұлғаларды негізгі сот отырысы болатын уақытты хабарлау арқылы жүзеге асырылады.

Кейбір әдебиеттерде «сот отырысы» және «сотта іс қарау» ұғымдарын бірдей синонимдер ретінде қарастырады. 4

Бұл терминдерді бір мағына ретінде қарастыруға болмайды. Сот отырысы сотта іс қараудың және аппеляциялық тәртіпте істерді қараудың іс жүргізу нысаны болып табылады. Сот отырысында шешімді түсіндіру, қосымша шешім шығару, шешімді орындау тәртібі мен тәсілі жайында сұрақтар қарастырылады.

Сотта істі қарау дегеніміз - тарапрардың және басқа да тұлғалардың іс бойынша мүддесі және іс сараптама, тілмаш, куәгер ретінде шақырылатың тұлғалардың қатысуымен болатын және алдына іс бойынша нақты болған шындықты айқындауды мақсат етіп қойған соттың бірінші инстанциясында қараудың іс-әрекеті.

Сотта іс қарауға дейінгі барлық іс жүргізу әрекеттері, судьямен АІЖК 170-175 баптары негізінде жүргізілетін, толығымен сотта іс қарауды қамтиды.

Сотта іс қарау барысында судья тек қана занға бағынуы керек. Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясының, АІЖК басқа да нормативтік құқықтық актілердін талаптарын дәлме -дәл сақтауға міндетті. 5

Заңды және негізді сот шешімін шығарудың кепілі болып сотта іс қарауды дұрыс жүргізу болып табылады. Сотта іс қарау шынайы демократиялық принциптерге сәйкес жүргізілуі керек. Демократизм соттарды ұымдастыруда да және олардың заңмен белгіленген іс - әрекеттерінде де байқалады. Соттардың қызметін ұйымдастыру сот жүйесі бірлігі принциптеріне негізделген.

Барлық АІЖК мен бекітілген, яғни сот төрелігін тек қана соттардың жүзеге асыруы, адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қарау, барлық адамдардын заңмен сот алдындағы тиімдігі, сот ісін жүргізу тілі, тараптардың айтысуы мен тең құқықтығы, заңдылық, диспозитивтік және тағы басқа принциптер өзінің толық және айқын көрінісін осы сотта іс қарау сатысында табады.

Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін көтереді.

Тараптар азаматтық істі қарау барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және сотпен, басқа органдармен адамдардан тәуелсіз таңдап алады.

Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасы мен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптардың дәлелді өтініші бойынша оған осы АІЖК көзделген тәртіппен қажетті материалдар алуға жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы АІЖК 14 бабына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе дұрыс білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы АІЖК белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойыша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.

Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылып беріледі.

Егер талапкерден арыз берілген тілді өзгерту туралы өтініш келіп түссе, онда судья АІЖК 14 бабы 2 бөлігіне сәйкес сот талқылауы жүргізілетін сот өндірісінің тілі туралы ұйғарым шығаруға міндетті.

Сотта іс жариялы түрде қаралады. Тек мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін немесе істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән- жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, істі қарау барысында оған қатысушы азаматан жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Ал ондай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі.

Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде қолданылады.

Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.

Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса, немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.

Сотта істі қарауды ашық жариялы түрде жүргізу тараптардың қорғану құқығын, судьяның іс-әрекетін қоғамның бақылауына және күллі тұлғалардың сот процесіне қатысуына мүмкіндік береді.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтарды сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар.

Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. 16

Бұл іс - әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

Жоғары Сот Пленумы соттарға берген ұсынысы бойынша, олар керекті жағдайларда, тәрбиелеп, алдын алушылық, құқықтық мәдениетін көтеру, насихаттау мақсатпен тараптардың тұрғылықты жерінде немесе жұмыс орындарына шығып сот отырысын қарастыруға болады деп көрсеткен еді. 7

Менің ойымша, бұл мәселенің маңызы үлкен, халықты құқықты тәрбиелеуде, денгейін көтеруге көп үлес қосқан болар еді. Сондықтан мұндай сот отырысы тұрғылықты жерде немесе жұмыс орынында көп болса, және өскелең ұрпақ үшін құқықтық тәрбиесі ұлғаяр еді.

АІЖК 177 бабына сәйкес сотта іс қарау тікелей және ауызша жүргізіледі.

Бұл дегеніміз-істі сотта қарау кезінде сот іс боыйнша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге, тараптардың және іске қатысушы басқа тұлғалардың басқа түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының

қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, және дыбыс жазбаларын тыңдауға, бейне жазбаларды, кино-фото материалды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті.

Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зеррттеген кезде сот маман консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптары мен қарсылықтары негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы. Сот жалпыға белгілі деп танылған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.

Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Істі қараушы сот ісіне қатысушы адамның басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді. Істі қараушы сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.

Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі.

Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті және ол алынған сәттен бастап он күнге дейінгі мерзімде орындалуға тиіс.

Соттың тапсырмасын орындау осы АІЖК белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі.

Іске қатысатың тұлғалар отырыстың өтетін уақыты мен орны туралы құлақтандырылады, алайда оған келмеу тапсырманы орындауға кедергі болып табылмайды.

Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар дереу істі қарап жатқан сотқа жіберіледі.

Егер іске қатысатын адамдар немесе тапсырманы орындаушы сотқа түсініктеме немесе айғақ беруші куәлар істі қарайтын сотқа келсе, олар жалпы тәртіпте түсініктеме мен айғақ береді.

Өздері үшін қажетті дәлелдемелер ұсыну соңынан мүмкін болмайды. Немесе қиындық келтіреді деп қауыптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.

Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуі тиіс.

Азаматтық істер сотқа арыз түскен сәттен бастап 2 айға дейінгі мерзімде қаралып шешіледі. Тек кейбір жағдайларда, мысалы, алимент өндіріп алу, жұмысын қалпына келтіру бір айға дейінгі мерзімде қаралуы тиіс.

Жоғарыда аталып кеткен істің қаралу тәртібінің дұрыс сақталуы көп жағдайда сотқа байланысты, яғни төрағалық етушіге. 8

Ол істің барлық мән-жайының толық жан-жақты және обьективті анықталуына, іс жүргізу әрекеттеріне дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруы және олардың өз міндеттерін орындауын, процестін тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды.

Қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі.

Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарсы шығуға байланысты қандай да бір мән-жайлары сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалар сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктеме бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы жəне жалпы шарттары
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру
Азаматтық істі сот мәжілісінде талқылау – іс жүргізудің негізгі сатысы ретінде
Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Жасырын тергеу әрекеттері
Сот отырысына келмеу себептері
Жауап алу және тергеп-тексеру
Қылмысты жедел және толық ашу және тергеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz