Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің семантикасы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І тарау. Етістік түбірінің салттылық, сабақтылық мағыналарының теориялық негізі.
1.1. Қазақ тілі түбір сөздерінің сипаттамасы мен қалыптасуы ... ... ... ... ...5.7
1.2. Жалаң түбір тұлғалы етістіктердің мағынасы және зерттелу жайы ... ...7.11
1.3. Етістік түбіріндегі салттылық мағына мен сабақтылық мағына және олардың тілде танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.16
1.4. Етістік мағынасының салт және сабақтылық мағыналарына даралануы... 16.22
1.5. Тілдегі салт етістіктер мен сабақты етістіктердік айырмашылықтары ... ..22.24
ІІ тарау. Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін жалаң түбір салт етістіктердің мағыналық түрлері, грамматикалық түрленуі.
2.1 Етістік семантикасының зерттелуі жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.27
2.1.1. Лексика.семантикалық топтарға бөлудің алғы шарттары ... ... ... 27.33
2.1.2. Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін жалаң түбір салт етістіктердің тұлғалық ерекшеліктері ... ... ... ..33.37
2.2 Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін салт етістіктердің мағыналық топтары.
2.2.1.Таза қалып мәнді етістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38.39
2.2.2. Сапаның қалпын білдіретін етістіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39.41
2.2.3. Биологиялық ауысу (өзгеру) қалып етістіктері ... ... ... ... ... ... .41.43
2.2.4. Физиологиялық ауысу (өзгеру) қалып етістігі ... ... ... ... ... ... ..43.45
2.2.5. Өсімдіктер жүйесіндегі қалып етістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... 45.46
2.2.6. Психологиялық ауысу (өзгеру) қалып етістіктері ... ... ... ... ... .46.48
2.2.7. Амал.әрекет нәтижесін білдіретін қалап етістіктері ... ... ... ... ...48.50
2.2.8. Табиғат құбылысы мәніндегі ауысу қалып етістіктері ... ... ... ... 50.52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53.55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56.58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді
№ хаттама, 05.2009
Кафедра меңгерушісі
-------------------------
проф. Ф.Ш.Оразбаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің семантикасы.
Орындаған:
4 ҚБ 2-топ студенті
Сафиева Гүлфайруз
Ғылыми жетекші:
Ф.ғ.к., профессор
Қасабек Қ аламқас
Алматы қаласы, 2009жыл.
ЖОСПАР
Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
-------------------3-4
І тарау. Етістік түбірінің салттылық, сабақтылық мағыналарының
теориялық негізі.
1.1. Қазақ тілі түбір сөздерінің сипаттамасы мен қалыптасуы.---------------
---5-7
1.2. Жалаң түбір тұлғалы етістіктердің мағынасы және зерттелу жайы-------7-
11
1.3. Етістік түбіріндегі салттылық мағына мен сабақтылық мағына және
олардың тілде танылуы---------------------------- ---------------------------
-----------11-16
1.4. Етістік мағынасының салт және сабақтылық мағыналарына даралануы---
16-22
1.5. Тілдегі салт етістіктер мен сабақты етістіктердік айырмашылықтары-----
-22-24
ІІ тарау. Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін жалаң түбір салт
етістіктердің мағыналық түрлері, грамматикалық түрленуі.
2.1 Етістік семантикасының зерттелуі жайы------------------------------- ----
-----25-27
2.1.1. Лексика-семантикалық топтарға бөлудің алғы шарттары------------
27-33
2.1.2. Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін жалаң түбір салт етістіктердің
тұлғалық ерекшеліктері---------------------- ---------------------------
----------------33-37
2.2 Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін салт етістіктердің мағыналық топтары.
2.2.1.Таза қалып мәнді етістіктер------------------------- ----------------
---------38-39
2.2.2. Сапаның қалпын білдіретін етістіктер------------------------- ------
-----39-41
2.2.3. Биологиялық ауысу (өзгеру) қалып етістіктері-----------------------
--41-43
2.2.4. Физиологиялық ауысу (өзгеру) қалып етістігі---------------------
-----43-45
2.2.5. Өсімдіктер жүйесіндегі қалып етістіктері------------------------
--------45-46
2.2.6. Психологиялық ауысу (өзгеру) қалып етістіктері-----------------
----46-48
2.2.7. Амал-әрекет нәтижесін білдіретін қалап етістіктері--------------
-----48-50
2.2.8. Табиғат құбылысы мәніндегі ауысу қалып етістіктері--------------
--50-52
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -----
-----------53-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----------------
-----56-58
Кіріспе
Сөз мағынасының ішкі қасиеті, даму жолдарын, мағыналық өзгерістерін
анықтау мәселесі ғалымдарды ерте бастан-ақ қызықтырған.
Түркі тілдерінде сөз мағынасын зерттеу XX ғасырдан басталады. Сөз
мағынасы жайлы алғаш пікір айтқан ғалымдар Г.Бетлинг, М.А. Казембек.
Түркітануда ғылыми негізде К.Юдахин, А.М. Щербак, Н.Сауранбаев,
І.Кеңесбаев тағы басқа ғалымдар зерттеді. Ал семантикалық зерттеудің
методологиясы В.Радлов, В.В.Виноградов, А.Покровская, В.Г. Гак, Н.Д. Шмель
тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қалыптасты. Осы еңбектер біздің
зерттеуіміздің негізгі теориялық бағытын белгілейді.
Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің семантикасы арнайы зерттелмесе
де, көптеген ғылыми теориялық мәселелері сараланған. Ы.Маманов, А.Хасенова
( Қалыбаева), А. Ысқақаов, М. Оразов, Қ.Қасабек тағы басқа ғалымдар
еңбегінде терең талданған.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақ тіл білімінде түбегейлі ғылыми
зерттеуді күтіп жатқан мәселелер аз емес. Солардың бірі – жалаң түбір
тұлғалы салт етістіктердің семантикасы.
Етістік грамматикалық категорияға бай, күрделі сөз табы екендігі
белгілі. Түрлену аясы, қолдану жиілігі жағынан бірде - бір етістікпен
теңдесе алмайды. Осымен байланысты етістіктің мағыналық өрісі де кең болуы
заңды құбылыс.
Етістіктің мағыналық қырын анықтау қазақ тіл білімінде толық
зерттеліп біткен мәселе емес. Көптеген еңбектерде етістіктер көбінесе
морфологиялық тұрғыда қарастырылады. Етістіктің сөз тудырушы, форма
тудырушы, грамматикалық категориялары анықталып, ал таза семасиологиялық
аспектіден зерттеу мәселесі тасада қалып отырады. Қазақ тіл білімінде
мұндай зерттеулер көп емес.
Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктерге семантикалық зерттеу жүргізу
оның ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қазақ тіліндегі жалаң түбір тұлғалы салт етістіктер
семантикасы алғаш рет дипломдық жұмыс деңгейінде зерттеліп отыр.
Дипломдық жұмыс нысаны: Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің
семантикасы, мағыналық құрылымы, семалық жіктелісі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты
– жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің лексика - семантикалық сипатын
анықтау. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
– Қазақ тілі түбір сөздерінің сипаттамасы мен қалыптасуына шолу;
– Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің мағынасы және зерттелу жайы;
– Етістік түбіріндегі салттылық мағына мен сабақтылық мағына және олардың
тілде танылуы;
– Етістік мағынасының салт және сабақтылық мағыналарына даралануы;
– Тілдегі салт етістіктер мен сабақты етістіктердің айырмашылықтары;
– Етістік семантикасының зерттелу жайы;
– Лексика – семантикалық топтарға бөлудің алғы шарттары;
– Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін жалаң түбір салт етістіктердің
тұлғалық ерекшеліктері;
– Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін жалаң түбір салт етістіктерді лексика
–семантикалық топтарға жіктеп, олардың құрылымын, жасалу, даму жолдарын
зерттеу;
Зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы: Қазақ тіліндегі жалаң
түбір тұлғалы салт етістіктерге талдау жасау тіл білімінің морфология,
семасиология, сөзжасам, лексикология салаларының кейбір теориялық
мәселелерін шешуге өзіндік деңгейде үлес қоса алады.Сөздердің мағыналық
дамуы жайлы талдаулар этимологиялық зерттеулер үшін де маңызды.
Етістіктерді семантикалық талдау ретінде жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулықтар мен оқу құралдарына синтаксистік талдау, морфологиялық
талдау, сөзжасамдық талдау дәстүрімен тең дәрежеде қолдануға болады.
Зерттеу әдістері: Кез келген сөз мағынасының қазіргі қалпы болуымен
бірге, оның тарихи даму жолы болады, сондықтан жұмыста тарихи –салыстырмалы
әдіс пайдаланылды.
Ғылыми жаңалығы:
– Қазақ тілі түбір сөздерінің сипаттамасы берілді;

тілде танылу табиғаты ашылды;
– Тілдегі салт етістіктер мен сабақты етістіктердің айырмашылықтары
анықталды;

тұлғалық ерекшеліктері анықталды;
– Ауысу (өзгеру) қалпын білдіретін жалаң түбір салт етістіктерге талдау
жүргізіліп, олардың 8 мағыналық (лексика – семантикалық) тобы анықталды;
Жұмыстың құрылысы: Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады, бірінші тарау 5 тармаққа, екінші тарау 2
тармаққа бөлінген. Екінші тараудың бірінші тармағы 2 тақырыпқа, екінші
тармағы мағыналық жағынан 8 тақырыпқа бөлініп берілді.
Етістік түбірінің салттылық, сабақтылық мағыналарының теориялық негізі
1.1. Қазақ тілі түбір сөздерінің сипаттамасы және қалыптасуы .
Қазақ тілінде ғана емес, түркологияда, тіпті, советтік тіл білімінде
соңғы жылдары көп зерттелген сөз және оның түбірі деген проблемалық
мәселеге келсек, мұның өзінде шешілмеген алдағы уақытта ғылыми – теорияық
тұрғыдан басын ашып алатын жақтары көп десек, артық айтпаған болар едік.
Мұның өзіндік бірнеше себебі бар, дейді А.Хасенова Етістіктің лексика-
грамматикалық сипаты(1) деген еңбегінде. Біріншіден, түбір деген ұғым әрі
кең және әр қилы. Екіншіден, жұрнақ қосылу арқылы жасалған туынды түбір
сөздер сол әрқилы түбірдің бір түрі ғана. Соның өзінде аналитикалық
тәсілдің неше алуан түрімен, сондай-ақ мағыналық өзгеріске ұшырап тағы да
басқа амалдармен пайда болғандарын былай қойғанда, синтетикалық туынды
түбірлердің өзі әлі де болса әрі қарай зерттеле беруге тиісті объектілер
тобына жатады. Үшіншіден, түбір деген ұғымның ең кіші единицасы – негізгі
түбір делінетін атаудың өзі де түрліше талданып, әр алуан тұжырымдауға
түсіп жүр.
Ахмеди Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі(2) оқулығында түбірге мынандай
анықтама береді: Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын әрі қарай
бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі, әдетте, түбір немесе негізгі
түбір немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы: біл, білім, білгір, білім,
білдір, біліс, білімпаз, т.б. Бұл сөздердің бәрі бірдей түбір сөздер емес,
- түбірлес сөздер. Олардың ішінен біл деген форма ғана түбір сөз болады.
Бұл сөз осындағы өзге сөздердің бәріне форма жағынан да, мағына жағынан да
төркін ретінде қызмет етеді.
Қазақ тіліндегі түбір сөз форма жағынан да, өз алдына жеке сөз ретінде
қолданылатын дербес сөз болуы шарт. Мысалы: ал, біл, айт, сөз, ес, іс, шал,
қат, тас сияқты сөздердің әрқайсысы өз алдына, әлденеше туынды сөздердің
мағынасына, ұйытқы бола алса, ал формасы жағынан дербес сөз ретінде
қолданылмайтын түбірлер де кездеседі. Мысалы: момын, момақан; шалқақ,
шалқасынан, шалқаң, шалқалау, шалқалақтау, шалқаңдау деген сөздерді алайық.
Әрине, бұлар да - өзара түбірлес я төркіндес сөздер. Олардың да бастапқы
түбірі қайсы екенін тұлғалық жағынан ажыратуға әбден болады: мұндағы
бірінші топтағы түбірлес екі сөздің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлшегі
– мом – деген морфема да, екінші топтағы түбірлес алты сөздің ең түпкі
бөлшегі- шалқ – деген морфема. Бірақ бұл морфемалардың қайсысы болса да,
сол қалыптарында қазіргі тілімізде дербес сөз ретінде қолданылмайды; олар
тек сол қосымшалы формаларда тұрған да ғана жеке-дара сөз ретінде
жұмсалады. Жалаң түбір сөз ретінде жұмсалмайтын, тек белгілі формаларда
ғана қолданылатын мұндай түбірлер әдетте, өздерімен түбірлес сөздердің
формаларын салыстыру арқылы анықталады. Грамматикада мұндай түбірлер (мом,
шалқ сияқтылар) өлі түбірлер я көнерген негіздер деп аталады. Ал, осыған
орай, сөз етілген алғашқы түбірлер (бас, ал, айт, ас, іс, тәрізділер) тірі
түбірлер деп аталады.
Жалпы тілдегі бір буынды сөздерді зерттеу мәселесі жөнінде қазақ тіл
білімінде үлкен жетістіктер бар екені, қазақ тілі ғалымдарын былай
қойғанда, бүкіл түркологияда танылған және жоғары бағасын алған қазақ тіл
білімінің екі ғалымының еңбегіне ерекше қатысты. Олар академик А.Т.Қайдаров
және филология ғылымының докторы Е.З.Қажыбеков.
Академик А.Т.Қайдаровтың еңбегі қазақ тіліндегі бір буынды сөздер мен
негіздерге арналған (3). Сондықтан бір буынды сабақты етістіктер де осы бір
буынды сөздерге арналған еңбектің ішінен тиісті орын алған. Ғалым
етістіктерді грамматикалық тұрғыдан емес, лексема сөз ретінде зерттеген.
Зерттеуде бір буынды сөздердің әрқайсысының мағынасы барынша талданып
берілген.
Жас ғалым Е.З.Қажыбеков өзінің зерттеулерінде түбір сөздегі синкретизм
мәселесіне ерекше көңіл берген (4). Е.З.Қажыбековтың еңбегі қазақ тіл
білімінің аумағына шығып, бір буынды түбір сөздерді түркологиялық аспектіде
тарихи-салыстырмалы әдіспен зерттеген. Ол бұл түбірлердің түркі тілдеріне
ортақ құбылыс екенімен бірге, одан да кең тұрғыда, жалпы алтайлық
синкретикалық түбірлерді бөліп қараған.
Қазіргі түбірлердің бәрі де – лексикалық, грамматикалық және дыбыстық
жақтарынан тұрақты бір бүтін тұлғалар. Ол түбірлер практикалық тілде жеке-
дара сөз ретінде де, жаңадан әр алуан сөздер тудыратын негіз ретінде де
жұмсала береді. Мысалға: ол, бұл, кел, кет, ас, ат, шаш, бас, тас, сөз,
мен, сен, біз, сіз, үміт, үйрет, ояу, оят, жан, жақ, жалын, жалаң, жалқы,
жалғыз, қайт, қайыр сөздерінде осы қасиеттердің бәрі де бар. Бірақ тарихи
тұрғыдан қарағанда бірте-бірте мағына жағынан да, дыбыстық (фонетикалық
және морфологиялық) жағынан да дамып қалыптасады. Мысалы, қазіргі кез
тұрғысынан алғанда, жоғарыда жақ, жан, жалын, жалаң, жалқы, қайт, қайыр
сөздері – түбір сөздер. Ал, тарихи тұрғыдан алсақ, осылардың бәрі де –
туынды сөздер: өйткені жақ, жан, жалын, сөздері -қ, -н, -л + ын қосымшалары
арқылы бастапқы жа деген түбірден жалаң, жалқы, жалғыз сөздері –аң, -қы,
-ғыз қосымшалары арқылы әуелгі жал деген түбірден қайт, қайыр сөздері –т,
-ыр, жұрнақтары арқылы қай деген түбірден туған. Айт, айтыс, айқай –
ортақ түбір – ай, сонда айтыс сөзінің құрамындағы қосымша тек –ыс қана
емес, -т, элементі де сондай, ал айқай алдындағылармен түбірлес екені
мағыналық байланысынан көрінеді (2.70). Демек, ерте замандарда түбір
есебінде қызмет еткен бұл морфемалар кейінгі замандада көнеріп, туынды
сөздердің құрамына еніп, ол құрамнан бөлінбейтіндей күйге жеткен де,
жаңадан сөз тудырарлықтай түбірге айналған. Осындай көнеленген сөздер
көнеленген түбір деп аталады, делінген А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі
оқулығында. Ал Томановтың Қазақ тілінің тарихи грамматикасында былай
дейді, - Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы сөз
қозғағанда, түбірдің фонетикалық құрылысы мен сипаты, аумақ көлемі жайлы
мәселеге соқпай өтуі мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің түбір
морфемасы бір буынды болып келеді. Сөйтіп, түбір морфема екінші жағынан
буын ретінде де ұғынылады. Сондықтанда алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін
ұғымдар сол түбірді құрайтын буынның сипаты жайлы ұғыммен тығыз байланысты
қаралып отырады. Лексикалық қордың ұйытқысы бір буынды түбірлер болуы тек
қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ
ерекшелігі. Бұл ерекшелік, яғни байырғы түбірдің бір буындылығы қазіргі
түркі тілдерінің бойында да сақталған. Сөз таптары ыңғайынан қарастырғанда,
етістіктер құрамына бір буынды түбірлердің саны екі буындыларға қарағанда
әлдеқайда аз, бірақ сол аз ғана топ бір буындылар барлық етістіктердің
ұйытқысы болып отырады (5).
Сонымен, байырғы түбір бір буынды, ал көп буынды түбірдің қалыптасуы,
орнығуы түркі тілдерінің солардың бірі қазақ тілінің, типологиялық
ерекшелігінен туған құбылыс. Бір буынды түбірлер аффиксациясының
нәтижесінде көп буындыға (екі буынды, кейде үш буынды) айналып отырған да,
кейін осының өзі тұрақты құбылысқа ауысқан. Қазіргі тілде екі буынды
байырғы түбірлер ретінде қалыптасып кеткен сөздердің кейбірі байырғы түбір
мен қосымшаға ажырайтыны байқалады. Келтірілген фактілерге қосымша
мыналарға да назар салу мақұл: аршы, айық, үрік тәрізді етістіктерді арық,
ашшы, үркек есімдерімен және айыр етістігімен салыстырғанда ортақ түбірлер
ар-, аш-, ай-, үр- шығады.
Дегенмен, екі буындылардың (тіпті, кейбір үш буындылардың) қалыптасуын
да бері де болған деп қарауға болмайды. Егер хронологиялық жүйемен
қарастырсақ, бір буындылармен қатар екі, үш буынды түрлердің актив
қолданылуын V-VIII ғасырлар ескерткішінен ұшыратамыз. Орхон – Енисей тобына
жататын ескерткіштер ішіндегі ежелгілерінің бірі, тарихи зерттеулерге
қарағанда, Енисей ескерткіштері И.А.Батманов бір буындылармен қатар екі
буынды түбірлердің, сондай-ақ үш буынды түбірлердің де Енисей ескерткіштері
тілінен кездесетіндігін, бірақ бір буындылардың басымдығын көрсетеді (6).
Сөйтіп, түбір сөз және түбірлік сөз деген ұғымдардың арасында елеулі
айырмашылық бар: түбір деген ұғым – статистикалық ұғым динамикалық ұғым да,
түбірлік сөз деген ұғым статикалық ұғым. Бұл екі ұғымның шегін ажырату
мәселесі тілдің динамикалық және статистикалық күй-жайын анықтау, тексеру
үшін аса қажет.
1.2. Жалаң түбір тұлғалы етістіктер мағынасының зерттелу жайы.
Қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір тұлғасы, я ол негізгі түбір
болсын, я болмаса туынды түбір болсын сырт қарағанда етістіктің кейбір
грамматикалық категорияларының формаларымен сәйкес келетіндігі айқын.
Етістіктің түбірі ІІ-жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның
осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның категориялары
бұйрық райдлы түбір етістіктен өрбіп жатады. Мысалы: оқы –р; -йтын,
-ғалы, -й, -ған, -ып, -ыс, -ды, -оқы- п-ты тағы сол сияқты.
Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталған термин тұрғысынан қарағанда
етістіктің тағы бір ерекшелігі етістік екінші жақтың жекеше анайы түрінде
қаратыла айтылып, бұйрық райдың келер шақ мәнін білдіретіндігі Былайша
айтқанда бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттен (1) -
екендігін А.Қалыбаева (Хасенова) атап көрсеткен еді.
Бүгінгі түрік тілдеріндегі етістіктерді тек семантикалық тұрғыдан
танып қоймай, тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-
грамматикалық категория деп тұжырымдаудың бірнеше себептері бар. Ең басты
себеп: сабақты етістік пен салт етістік түбір деген ұғыммен біте қайнасып
жатады. Оның өзіндік бірнеше себебі бар. Біріншіден, түбір деген ұғым әрі
кең және әрқилы. Екіншіден, жұрнақ қосылу арқылы жасалған туынды түбір
сөздер сол әрқилы түбірлердің бір түрі ғана, ал туынды түбір дегеніміздің
өзі - әрі қарай зерттеуге тиісті объектілер тобына жатады. Үшіншіден, түбір
деген ұғымның өзі ең кіші единицасы негізігі түбір делінетін атаудың өзі де
түрліше талданып, әр алуан тұжырымдарға түсіп жүр.
Сөз етілген алғашқы түбірлер: бас, ал, айт, ас, іс тәрізділер – тірі
түбірлер деп аталады. Қазақ тілінде түбірлердің бәрі де – лексикалық,
грамматикалық және дыбыстық жақтарынан тұрақты бір түтін тұлғалар. Ол
түбірлердің практикалық тілде жеке-дара сөз ретінде де, жаңадан әр алуан
сөздер тудырушы ретінде де жұмсала береді; кет, кел, ас, ат, шеш, бас, сез,
үйрет, оят, жан, жақ, жалын, жалық, қайт, қайыр етістіктері – түбір сөздер.
Ал тарихи тұрғыдан алсақ, осылардың бәрі де туынды сөздер. Өйткені жақ,
жан, жалын етістіктер арқылы бастапқы жа деген түбірден, қайт, қайыр
етістіктері –т, -ыр жұрнақтары қай деген түбірден туған. Демек, ерте
замандағы түбір есебінде қызмет еткен бұл морфемалар кейінгі замандарда
көнеріп, туынды сөздердің құрамына еніп, ол құрамдардан бөлінбейтін күйге
жеткен де жаңадан сөз тудырарлықтай түбірге айналған. М.Томановтың Қазақ
тілінің тарихи грамматикасындағы(5) қазіргі тілдердің жалпы түркі
тілдерінің түбір морфемалы жайлы сөз қозғағанда түбірлердің фонетикалық
құрылысы мен сипаты, аумақ-көлемі жайлы мәселеге соқпай кету мүмкін емес.
Мәселе мынада: түркі сөздерінің түбір морфемасы бір буынды болып келеді,
сөйтіп түбір морфема бір буынды болып келеді. Сөйтіп, түбір морфема екінші
жағына буын ретінде де ұғынылады. Сондықтан алғашқы түбірлер, негізгі түбір
дейтін ұғымдар сол түбірді буынның сипаты жайлы ұғымдармен тығыз
байланысты. Лексикалық қордың ұйтқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана
түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ
ерекшеліктері болып табылады. Бұл ерекшелік, яғни байырғы түбірлердің бір
буындылығы қазіргі түркі тілдердің бойында да сақталған. Сөз таптарынан
ыңғайын қарастырғанда, етістіктердің құрамында бір буынды түбірлердің саны
екі буындыларға қарағанда әлде қайда аз, бірақ сол аз ғана топ бір буынды
барлық етістіктердің ұйтқысы болып отырады. Етістіктердің объектіні керек
ету – етпеу етістіктердің лексика – семантикалық мәні мен ұштасып жатады.
Олардың түбір тұлғада тұруы, сөйтіп, тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі
грамматика саласынан танылады да, сабақты және салт етістіктерді семантика
және грамматикалық тұрғыдан баяндауға мүмкіндік береді.
Салт, сабақты етістіктердің түркологияда зерттелуі онша дамымаған
деуге болады, өйткені сабақты, салт етістіктерді арнайы зерттеуге бірлі-
жарым еңбектер ғана арналған. Бірақ сабақты, салт етістіктер басқа
проблемаға арналған еңбектерде, грамматикаларда жиі кездесіп отырады.
Мұндай жол-жөнекей айтылған көзқарастар, зерттеулер баршылық. Сабақты, салт
етістіктердің зерттелуін Қасабекова Қаламқас Бір буынды негізгі түбір салт
етістіктердің семантикалық құрылымыдеген диссертациялық жұмысында төрт
топқа бөліп көрсеткен (7).
1. Бір топ түрколог ғалымдардың еңбегінде етістіктің салт, сабақтылық
мағынасына мүлдем көңіл бөлінбейді. Бұлардың біразы ертеректе шыққан
еңбектер. Оларға Н.П.Дыренкованың (8) ойрот, шор тілдеріне арналған
грамматикалары жатады, бірақ ол кейінірек жазылған грамматикаларда кездесіп
қалады.
2. Түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың біразы етістіктің сабақтылық,
салттылық категориясын жеке категория ретінде танымай, етіс категориясының
ішінде етістіктің салт, сабақты мағынасын көрсеткен. Бұл ғалымдардың ішінен
Н.А.Баскаковты(9), Қ.М.Мұсаевті(10), Л.А.Покровская(11), М.А.Хабичевті(12)
, Д.Г.Тумашеваны (13) атауға болады.
3. Үшінші топтағы ғалым-түркологтар етістіктің салттылық, сабақтылық
категориясын етіс категориясынан бөліп, оның жекелігін таниды. Мұнымен
бірге етістіктің етіс категориясын талқылай отырып, етістіктің салттылық,
сабақтылыққа әсеріне де тоқтала келе, етіс көрсеткішінің етістіктің
салттылық, сабақтылығын жасайтынын да көрсетеді. Басқаша айтқанда етістің
жұрнақтарының салт етістіктен сабақты етістік жасау, сабақты етістіктен
салт етістік жасау қабілетін де атап отырады.
Етістіктің сабақтылық және салттылық құбылысы қырғыз тілінің
грамматикасында да категория түрінде берілген: Категория переходности
непереходности является специфической характеристикой лексемы и определяет
отношение глагольного действия к объекту(14).
4. Төртінші топтағы ғалымдар етістіктің салт, сабақтылық мағынасын
бөліп жеке көрсетеді де, бірақ оны категория санамайды, тек сабақты, салт
етістіктер деп қана атайды.
Қасабекова Қаламқас еңбегінде сабақты, салттылық категориясын таныған
ғалымдардың арасында пікір алалығы барын және ол сабақты, салттылықты
қандай категория деп танумен байланысты екендігіне тоқталған:
Башқұрт тілінің ғалымдары сабақты, салт етістік категориясын лексика-
грамматикалық категория деп санаған пікірлерін мақұлдай келе, тофалар
тілінің грамматикасында салттылық, сабақтылықты лексика-семантикалық
категорияға жатқызылған болса, профессор А.Хасенова – Қалыбаева (1)
сабақты, салт етістік категориясын семантико-синтаксистік категория деп
санайтынын айтады.
Бұдан байқалатын нәрсе – түрік тілдерінде етістіктің салт, сабақтылық
құбылысының арнайы зерттелмеуі мәселенің түрліше қаралып, түрліше пікір
айтылып, әлі бір көзқарастың ғылымда қалыптаспағанын көрсетеді, - деп
түйіндейді.
Дегенмен түркологияда бұл проблеманы арнайы зерттеу өріс алмағанын
атай отырып, бұл тұрғыда жекелеген арнайы зерттеулер барын айту қажет.
Ондай еңбекке Гасан Ибрагимоғлы Мирзоевтің Категория переходности
непереходности глаголов в современном азербайжанском языке (15) деген
докторлық диссертациясы жатады.
Қазақ тіл білімінде салт, сабақты етістіктер тұтас түрде де, не
олардың әрқайсысы жеке-жеке түрде де, арнайы зерттеу объектісі болған емес
деуге де болады.
Етістік проблемалары қазақ тіл білімінде ең көп зерттеген ғалым
А.Қалыбаева (Хасенова) дедік, бірақ бұл ғалымның негізгі еңбектері етіс
проблемасымен, туынды түбір етістіктермен, етістіктің сөзжасамымен
байланысты. Осы мәселелерді зерттеу үстінде ол сөз жоқ етістіктің салт,
сабақтылық мағынасына да қысқаша тоқталып отырған. Солардың ішінде алғашқы
еңбегі қазақ тіліндегі –ла-ле аффиксті туынды түбір етістіктер (16)
деген 1957 жылы шыққан еңбегінде туынды түбір салт етістіктерге тоқталған,
бірақ онда салт, сабақты етістіктер туралы сипаттама берілмеген, тек туынды
түбір етістіктер жасаушы жұрнақтардың әрқайсысының қандай сабақты
етістіктер және қандай салт етістіктер жасайтыны айтылған. А.Қалыбаева
(Хасенова) Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты (1) деген еңбегінің
тарауында салт, сабақты етістіктер мәселесіне тоқталған.
Салт-сабақты етістіктердің оқулықтардағы көрінісіне келсек, мынаны
атауға тура келеді. Қазақ тілінің мектепке арналған оқулықтарының, жоғары
оқу орындарының оқулықтарының, академиялық грамматикалардың қайсысында
салт, сабақты етістіктерге қысқаша тоқталу, ол туралы белгілі дәрежеде
мағлұмат беру ертеден келе жатқан дағдылы құбылыс деуге болады.
Алғашқы ғылыми грамматикада сабақты, салт етістіктер жеке тақырып
ретінде алынып, оған екі беттей түсінік берілген.
Е. Ы. Маманов жоғары оқу орнына арналған қазіргі қазақ тілінің етістік
бөлімін жазған, ол жеке кітап болып шыққаны белгілі (17). Осы оқулықты
салт, сабақты етістіктер және олардың бір-біріне ауысуы туралы мәлімет
берумен бірге сабақты, салт етістіктерге анықтама берген.
1967 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты Қазақ
тілінің грамматикасын баспадан шығарды(18). Онда сабақты, салт
етістіктерге төрт бетке жуық сипаттама берген.
1974 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілінің морфология (19) оқулығында
сабақты, салт етістіктерге Салттық және сабақтылық категориясы деген
тақырыпта екі жарым беттік қысқаша түсінік айтылған болса, 1991 жылғы
қайта басылымында Салт және сабақты етістік деген тақырыппен мазмұны еш
өзгеріссіз берілген.
С.Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты атты
1998 жылы шыққан монографиясында салт етістік пен сабақты етістікті
етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы ретінде танығаны көрінеді
(20).
2002 жылы Астанадан шыққан Қазақ граматикасына (21) Салттылық-
сабақтылық категориясы деп ендірілген болса, соңғы 2007 жылы Н.Оралбайдың
авторлығымен шыққан Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы (22) оқулығында
Салт, сабақты етістіктер деген тақырыппен беріліп, оның етіске қатыстылық
жағы айтылған.

олардың тілде танылуы.
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктер басқа түрік тілдеріндегі сияқты
ешбір косымшасыз түбір күйінде салт етістік және сабақты етістік болып екі
топқа бөлінеді. Яғни, тілдегі түбір тұлғалы қай мағыналы етістік болмасын,
олардың бәрі – осы екі топтың бірінің мағыналық тобына жатады.
Жалпы етістік түбіріндегі салттылық, сабақтылық мағыналар – тілдің
грамматикалық құрылысындағы басты категория. Өйткені етістіктің түбірінде
лексикалық мағынамен бірге, қатарлас грамматикалық мағына да болады.
Етістіктің түбір күйіндегі лексикалық мағынасы жағынан қоршаған орта
заттарының жалпы қимыл-әрекетін білдірумен шектеліп қалмай, сол негізгі
білдіретін лексикалық мағынаның үстіне қосымша жалпы грамматикалық мағынаны
жамауы, оның мағыналық құрылым аясының кең, бойында семантикалық
сыйымдылықтың мол екендігін көрсетеді.
Етістік сырт тұлғасы жағынан да, мағынасы жағынан да өзгеріске түспей-
ақ қимыл-әрекетті білдіре алуымен бірге, жалпы қимылдың орнын, басталу
жерін, қарқынын т.с.с. мағыналарды да көрсете алады. Ол өздері тіркесетін
сөздердің түрлі грамматикалық формада тұруын және олардың түрлену сипатына
негіз бола алатын қасиетімен де тығыз байланыста тұрады. Етістікте қимыл-іс
әрекеттік қасиетпен қоса, обьектілік қасиет те бар . Осы обьектілік қасиет
етістік түбірінің салттылық және сабақтылық мағынасына да ықпал етеді. Ал
етістік мағынасының салт, сабақты болып бөлінуі, қазіргі кезеңде жалпы
құбылыс ретінде әбден калыптасқан категория. Мысалы, Ә.Т.Қайдаров дербес
қолданылмайтын өлі түбірлер қатарына жатқызған синкретичный түбір қай –
поворачивать, повернуть назад, окинуться назад, выгнуться\\обратный,
противоположный; зад, задняя часть, задний, западный\ мағыналарын
білдіретінін және де, ол түбір мынадай үш сөздің құрамында: қайқы –
вогнутый; қайыр –поворачивать; қайт – возвращаться түрінде бар (3,235)
екенін табады. Осы мысалдан етістік мағынасының әуелде салттылық пен
сабақтылық мағыналарына ажырамағаны анық көрінеді. Оны салт, сабақтылыққа
немқұрайды қарайтын қай түбір етістігінен қайыр сабақты, қайт салт
етістіктерінің жасалғандығынан айқын көруге болады. Бір түбір етістіктен
оның салт және сабақты түрінің жасалуы, салттылық, сабақтылық мағынаның
жіктелуінен, өзара бөлінуінен туған қажеттілікке байланысты болған құбылыс.
Сонымен бірге ол алғашқы түбір етістіктің салттылық, сабақтылық мағынаға
немқұрайлы болғанын да, әрі салт, сабақтылық кейінгі құбылыс екенін де
дәлелдейді. Алғашқы салттылық, сабақтылық мағыналарына немқұрайлы қай
түбір етістігінің сол мағынада тілден шығып қалуы, біздің ойымызша, қай,
қайыр, қайт етістіктерінің лексикалық мағынасында онша үлкен айырма
болмағанын көрсетсе керек. Ал етістік мағыналарының салттылық және
сабақтылыққа ажырауына байланысты, тілде сабақтылық мағынада қайыр,
салттылық мағынада қайт етістігі қолданылатын болған. Сондықтан бұл
мағыналарға немқұрайлы қарайтын қай етістігінің қолданылу қажеттілігі
болмай қалған. Осы жағдай оның тілден бұл мағыналарды білдіруінен шығып
қалуына себеп болған деген қорытынды жасауға тура келеді. Аталған тілдік
деректерді талдаудың нәтижесінде қай етістік түбірінің салттылық,
сабақтылыққа бейтараптылығынан, тілде қолданудан шығып қалуын, біз заңды
құбылыс деп есептейміз.
Салт, сабақты етістік атаулының бәрі тек қана алғашқы түбір
етістіктерден үнемі жоғарыдағыдай жолмен жасалған деуге болмайды. Алғашқы
салт, сабақтылыққа бейтарап түбірден салттылық, сабақтылық мағыналардың
бөлінуі тек морфемалар арқылы ғана жүзеге асқан десек, тілдегі басқа
жағдайларды ескермеген болар едік...
Өте көне кезеңдегі мағынасы салт, сабактылыққа бейтарап етістіктердің
қазіргі түркі тілдерінде негізгі түбірлерінің салт, сабақты болып
қалыптасуында бірсыпыра айырма бар. Мысалы, іл етістік көптеген түркі
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де, сабақты етістік болса, ол барлық
түркі тілдерінде сабақты емес. Мысалы, іл етістігі түрікмен тілінде салт
етістіктің мағынасында жұмсалады. Керісінше, салт түрінде жұмсалатын
етістіктер кейбір тілдерде сабақты болып келеді. Мысалы, қон етістігі
көптеген түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де тек салт етістік
болса, ол төлеуіт тілінде сабақты етістік мағынасын білдіреді. Ал ұна
етістігі қазақ, ноғай тілдерінде салт етістік, қырғыз тілінде сабақты
етістік.
Бұл арада бір етістіктің бір тілде салт, бір тілдерде сабақты болып
қалыптасуы, ешбір қосымшасыз етістік мағынасының дамуы немесе айқындалуы
арқылы жүзеге асқаны көрінеді. Сол сияқты бір тілдің өзінде әрі салт, әрі
сабақты етістік түрінде жұмсалатыны да ұшырасады. Мысалы, жет етістігі
қырғыз, ноғай, қарақалпақ, башқұрт тілдерінде әрі салттылық, әрі сабақтылық
мағынада жұмсалады. Шөк етістігі қазақ тілінде тек салттылық мағынада
келетін болса, қырғыз тілінде әрі салт, әрі сабақты. Қырғыз, қазақ
тілдерінде ас, арт, өр етістіктері әрі салт, әрі сабақты етістік
мәніндерін білдіреді.
Қазіргі түркі тілдерінде салт, сабақты етістіктердің саны бір буынды
етістіктердің өзінде де тең емес. Мысалы, әзербайжан тілінде сабақты
етістік барлық бір буынды етістіктің үштен екі бөлігін ғана құрайды екен .
Ал қазақ тілінде бір буынды салт етістіктердің саны- 106, сабақты
етістіктің саны – 130-дай (7). Бұл келтірілген тілдік дерек түркі
тілдерінде салттылық, сабақтылық мағынаның даму және қалыптасу жүйесінде
бірізділік болмағандығын көрсетеді. Әр тіл өзінің ішкі заңдылықтары бойынша
дамитындықтан, салт, сабақтылық мағынаның түркі тілдерінде толық сәйкес
келуі міндет емес. Бір етістіктің бір тілде сабақты, ал ендігі бір тілде
салт етістік болып қолданылуын, бүгінде осылай дәлелдеуге болатын болса
керек. Сондықтан да қазіргі түркі тілдеріндегі салт және сабақты
етістіктердің дәл саны туралы есеп әлі жоқ.
Бұл айтылғандар етістіктің алғашқы түбір тұлғасы салттылық, сабақтылық
мағынаға бейтарап карағандығын, ал салттылық және сабақтылық мағынаның
етістік бойында кейіннен қалыптасқан категория екендігін дәлелдейді. Бұдан
Қазіргі кездегі етістіктің түбірі ұзақ уақыт семантикалық және
грамматикалық дамудың нәтижесінде екіжақтылықтан \двойственности\, яғни
бейтараптылықтан құтылды, сөйтіп ол – салт, сабақтылыққа ажырады (23.26),
- деген Э.В.Севортян айтқан пікірдің дұрыс екенін көрсетеді.
Етістіктің жалпы грамматикалық семантикасын, яғни тура объектіні қажет
ету – етпеуін білдіретін сабақтылық және салттылық категориясын а қатысты
салт етістік пен сабақты етістікті Ахмет Байтұрсынов етіс тобында
қарастырады.
Сабақты етіс дегеніміз - өткен іске бір нәрсе сабақталуы болса, мысалы
Хат жаздым дегендегі жазу ісіне хат сабақталынып тұр дейді. Ал салт
етіс - өткен іске сабақталынып, байланысып тұрған еш нәрсесі жоқ; мен
жүрмін, ол отыр. Яғни, тіліміздегі салттылық және сабақтылық категориясының
А.Байтұрсыновтың салт және сабақты етіс деп етіс категориясы тұрғысынан
атап көрсетуінің айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Олай болса салттылық және
сабақтылық категориясына басты назар аударатын болсақ, түркі тілдерінде
салттылық және сабақтылық категорияларына тарихи жағдайларын бірінші рет
1958 жылы мәселе етіп қойған Э.В.Севортян болды (25).
Оған дейін бұл мәселені ешкім көтерген емес. Бұл жайында
Э.В.Севортянның Етістіктің алғашқы немесе затталуы, салт немесе сабақты
болуы туралы көзқарас түркі тіл білімінде теориялық жағынан да, ғылыми
анықтама беру жағынан да негізделмеді, арнайы түрде мәселе қойылмадыдеп
анықтама бергені шындыққа ұласады (23). Тек грамматикалық көрнекіліктер мен
зерттеулерде сабақты етістіктер жөнінде жол-жөнекей айтылып жүрді. Ал
зерттеулерде түркі тілдеріндегі етістіктер жүйесінде айтылған
категориялардың тарихи жағдайлары жайлы арнайы мәселе қойылмаған. Қазіргі
түркі тілдеріндегі салт және сабақты етістік категориялары дәстүрлі
көрініс. Бұл көзқарастың түркі тілдерінің тарихи даму кезеңдерінің
барысында таралуы түркологияны дәстүрлі жағдайларына қатысты болғандығын
Э.В.Севортян көрегендікпен айтқан. Түркі тілдерінің тарихи үңіле қараған
сайын, салт және сабақтылық етістіктер арасында шекара тұрақсыз бола
бастайды, осы грамматикалық категориялар мазмұны да белгісіз және
көмескілене түскен-дейді ол.(23) Салт етістік пен сабақты етістіктің қазақ
тілінде пәлендей айырмашылығы жоқ, бірақ олардың бір-бірінен мағынасымен
қызметі жағынан айырмашылығы бар. Етістіктің салттылық және сабақтылық
болуы тіл тағылымында бар және негізігі категориялардың бірі болғандықтан
тілде көп заманнан бері тиянақты орын алып келеді. Бұл категория орыс
тілінде переходный глагол салт деп аталады. Тіліміздегі етістіктің
салттылық және сабақтылық категориясы қазақ тіліндегі грамматикалық
семантикасымен тығыз байланысты болғандықтан А.Қалыбаева Хасенова
Етістіктің салттылық және сабақтылық сипатын – етістіктің грамматикалық
категориясы деп те таныған жөн деген тың пікірге келген(1). Қазақ
тіліндегі кейбір етістіктерді басқа түркі тілдеріндегі немесе ескерткіштер
тіліндегі сөздермен салыстырудан олардың біздің тілімізде сабақты болып
жұмсалатынын қосымшаларына байланысты екенін байқаймыз. Қазақ тіліндегі
еркеле – салт етістік, ал сабақтылық мәні еркелет -т тұлғасы арқылы
беріледі. Бір сыпыра түркі тілдерінде алтай, шағатай еркеле -т
қосымшасыз тұлғасы да сабақтылық мән беретін көрінеді. Бұл айтылғандар салт
және сабақтылық мәндерін беруге байырғы етістік түбірінің бейтарап
болғандығын көрсетеді. Э.В.Севортян Етістіктердің алғашқы бөлінуі және
жасалынуында тарихи жағынан сабақтас та, салт мағынасын да болған деп
қарайды (23). Және салт, сабақты етістік бір-бірімен ажырататын
морфологиялық көрсеткіштер деп -р, -т, -з, -м, -л аффикстерін көрсетеді.
Сол сияқты, -л, -р қа+р аффиксі: құтыл – салт етістік, құтқар – сабақты
етістік. Бұларға ортақ құт- бейтарап сөз болса керек. С.Малов бұл
етістіктің құт+рұл салт мәнді тұлғасында келтіреді. Ал Э.В.Севортян оны
әзербайжан тіліндегі гуртул, гуртар етістіктерімен түбірлес, қазақ
тіліндегі құтыл етістігі соның қысқарып, ықшамдалған түрі деп қарайды. Дәл
сол сияқты -л, -т аффикстерінен жасалған етістіктерді қарастыратын болсақ,
тарт – сабақты етістік, ал салт тұлғасы – тарыл. Енді осы етістікті
тармас етістігімен салыстырсақ, мәндес ортақ түбір тар болып шығады.
Сонда тарт деген сөздің құрамындағы -т – ны қосымшасы деп қарауға дәлел
бар. Қазақ тіліндегі тарыл және тарын етістіктері тек салт мәнінде ғана
айтылады. С.Малов тару быть тесным етістігін келтіреді (26). Бұл тұлға
есім туынды болуы керек: тар+у, тар кәдімгі сын есімі, соңғы туынды
түбірдің салт мәні -л, -н аффикстеріне байланысты.
Етістіктердің қай-қайсысы болсын – мейлі ол іс я әрекетті атасын,
мейлі қимыл я қозғалысты атасын – бәрібір, - субъекті жасайтын амал -
әрекетті немесе процесті білдіреді. Сондай-ақ іс я процесс сөйлеу тілінде,
әдетте, объектіге не тікелей тіреліп, сабақтылып, не тірілмей, жаңай жүзеге
асырлып жатады. Етістіктің осылайша тікелей объектіні керек етуі я етпеуі
оның жалпы грамматикалық семантикасына байланысты. Мысалы кейбір етістіктер
сөйлемде қолданыланда, табыс септіктегі сөзді – тура толықтауышты керек
етіп, сабақталуды тілеп тұрса, кейбір етістіктер табыс септіктегі сөзді
қаламай–ақ, оған сабақталмай-ақ, салт күйінде жұмсалып тұрады.
Етістіктердің табыс септіктегі сөзді керек ету я етпеу қасиеті олардың
синтаксистік жағынан тура толықтауышты меңгеру я меңгермеу қабілетіне
байланысты қалыптасқан.
Сен кітапты ал да, үйге қайт деген құрмалас сөйлемнің алғашқысындағы
амалды (ал) бірдеңені (кітапты) алуды керек етіп, соған тірелетіндей,
сабақталатындай қабілет болса, соңғы сөйлемдегі амал (қайт) ондай объектіні
керек етпей, оны жанай (соған соқпай-ақ) тек үйге қарай кету бағытын ғана
білдіріп тұр.
Аш, айт, бақ, бер, ек, ем, жаз, жай, қи, ер, сеп, сыз, тап, тер, үз,
үй, шеш, ыс, іл, іш, айда, апар, әкет, болжа, бүрке, еге, жалға, жама,
жасыр, жұмса, игер, күре, қама, қуыр, мата, мүжі, сапыр, теже, тез, тұса,
түзе етістіктерін алсақ, бұлардың бәрі де, қолдана қалсаңыз, кімді? Нені?
Деген сұрауларға жауап беретін табыс септіктегі сөзге сабақталады. Әдетте,
сөйлеу тілінде табыс септіктегі сөзді, демек, тура толықтауышты керек
ететін семантикасы бар осындай етістіктер сабақты етістіктер деп аталады.
Етістіктердің ішінде кімді? Нені? деген сұрауларға жауап күтпейтін,
табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретін етістіктер де көп.
Мысалы: ау, бар, бұқ, жат, жет, жұқ, жүр, кет, кен, күл кір, қал, қаш, нан,
ес, піс, сал, ти, тол, тоқ, тоз, тұр, түс, ұш, шық, ық, іс, айны, анық,
ақса, бекі, есір, елті, жарыс, жүгір, зерік, күрес, қажы, қуан құлшын,
отыр, өкін, сергі, ұмтыл, үде, арпалыс, т.б. Мұндай табыс септіктегі сөзге
(тура толықтауышқа) сабақталмайтын етістіктер, әдетте, салт етістіктер деп
аталады, деген анықтама берілген А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі деген
еңбегінде (2).
Ал Ә.Төлеуов Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категориясы
деген еңбегінде мұның бірінің мағынасы – объектіге сабақталынбай, жадағай
дара тұрады да, екіншісі – объектіге сабақталынып, өздеріне басқа бір сөзді
тілеп тұрады. Осындай ерекшеліктері етістіктің ішкі мәні деп аталады,-
дейді (27).
Етістіктердің бәрі бірыңғай я салт, я сабақты бола бермейтіндігін
А.Ысқақов былай деп түсіндіреді: Олардың ішінде әрі салт, әрі сабақты
болатындар да бар. Әдетте, мұндай қасиеттер не омоним етістіктерде не
полисемиялы (көп мағыналы) етістіктерде болады (2). Мысалы, арт, жүр,
тара... етістіктерін қолдана қалсақ, олардың әрқайсысынан жүкті арттық
және ақылы артты, сен жетілік қарғаны жүр және сен үйге жүр,
шаштарыңды тараңдар және үйді – үйлеріңе тараңдар деген сөйлемдер
құруға болады. Ал мұндағы етістіктің әрқайсысы әрі салт, әрі сабақты болып
қызмет атқарып тұр.
Салттылық, сабақтылық қасиет тек негізгі түбір етістіктерге ғана емес,
жалаң түбір тұлғалы етістіктердің бәріне де тән қасиет Мысалы: арқала,
шегеле, қамала, сына, міне, бекіт, өсір, салдыр... дегендер сабақты да,
көбей, ағар, көгер, мұзда, шөлде... – сияқтылар салт етістіктер. Ал апар,
әпер, әкет, түрегел, ән сал, құлақ қой, айта сал, тапсыра көр, қызмет ет,
сақ бол... сияқты күрделі етістіктердің ішінде салт етістіктер де (түрегел,
сақ бол, құлақ қой, ән сал, қызмет ет), сабақты етістік. Екінші сөзбен
айтқанда, құрамы мен құрылымына өзгеріс енуіне қарай, салт етістік
сабақтыға, сабақты етістік салтқа ауысады. Мысалы, ал (сабақты), бер
(сабақты), кел (салт), бар (салт) етістіктерінің семантикасы мен олардан
құралған әкел, әпер, әкет, бара бер, бере бер тәрізді күрделі
етістіктерінің семантикасын синтаксистік қабілетін салыстырыңыздар. Осындай
өзгерісті етіс жұрнақтарынан да көруге болады. Мысалы, жу, қорға, тара
сабақты етістіктеріне өздік етіс жұрнағы (-н, -ын) жалғанса туынды
етістіктер салттқа айналады (жуын, қорған, таран); ортақ етіс жұрнағы (-с,
-ыс, -іс) жалғанса, сабақтылық сипаты өзгермейді (жуыс, қорғас, тарас); ал
сол етістіктерге ырықсыз етіс жұрнағы (-л, -ыл, -іл) жалғанса, олар салт
етістік сипатына ие болады, (жуыл, қорғал, тарал). Керісінше жет, кел,
күл... тәрізді салт етістіктерге өзгелік етіс жұрнағы (-кіз, -тір)
жалғанса, туынды етістіктер (жеткіз, келтір, күлдір) сабақтыға айналады.
Салттылық пен сабақтылық категориясы қазақ тілі етістіктерінің
грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан құбылыс. Бірақ бұл
категорияның сырттай білініп тұратын, өзіне тән, арнаулы болмаса да,
субъекті мен объектінің грамматикалық (синтаксистік) қатынасын өзгертіп
отыратын ішкі семантикалық мазмұны болады. Ол мазмұн етістік негіздеріне
(түбір не, туынды негіз бе, күрделі негіз бе – шарт емес) табыс септікті
(кімді? Нені?) қалау я қаламау қабілетін түпкілікті семантика –
синтаксистік қасиеттің бірі етіп таққан.
Дегенмен салттық пен сабақтылық семантика қазақ тіліндегі етістік
негіздерінің бірден-бір ғана грамматикалық (синтаксистік) қасиеті емес, тек
етістік атаулының бойынан табылатын түпкілікті, тұрақты бір қасиеті ғана.
Өйткені қазақ етістіктері тек табыс септіктегі объектіні (толықтауыш)
меңгеру я меңгермеу аясында ғана қалып қоймайды, онан басқада септіктерді
меңгере алады. Мысалы: жау, тан, шық тәрізді салт етістіктер амалдың
бағытын да, шыққан орнын да білдіреді. (Мен үйден көшеге шықтым; ол төбеден
жерге түсті т.б.) айда, жібер, түсір... сияқты сабақты етістіктер екі-үш
септікті бірден меңгере береді. (Малды өріске атпен айда; баланы үйге
тамаққа жібер).
Етістіктердің сабақты, салт болуы – тіл ғылымында бар және негізгі
категорияның бірі болғандықтан, көп заманнан бері белгілі бір жүйеде тілден
тиянақты орын алып келеді. Бұл категория орыс тілінде переходный глагол
(сабақты етістік), непереходный глагол (салт етістік) деп аталса, европа
тілдерінде транзитивный (латынша), интранзитивный деп әр түрлі
грамматикалық терминмен аталғанымен, олардың грамматикалық категориясы,
қызметі барлық тілде бірдей болып келеді.
1.4. Етістік мағынасының салт және сабақтылық мағыналарына даралануы.
Етістік мағыналарының салттылық және сабақтылыққа даралану процесін
түркі тілдерінде дәл көрсету өте қиын. Ол үшін ұзақ уақытты қамтитын Орхон
кезеңіне дейінгі жазба ескерткіштер қажет, ал ол жоқ. Жазба ескерткіштер
арасында бірнеше ғасыр үзілісі бар әртүрлі кезең жатады. Егер қазақ тіліне
байланысты жазба ескерткіштердің барын айтсақ, олар негізінен берідегі
кезеңге тән. Сондықтан хроникалық жақтан жүйесіз жазба ескерткіштерге
сүйенуге тура келеді. Мұның барлығы мәселені шешуге қиындық келтіреді. Ал
салттылық және сабақтылық категориясының қалыптасуы ұзақ процесс екендігіне
еш дау жоқ. Бұл мәселедегі барлық қиындық, салт және сабақтылық
категориясы қашан және қалай дамығанына келіп тіреледі. Бұл туралы бұрын
біз түрколог ғалымдардың еңбектері мен көне жазба ескерткіштерінің
фактілеріне сүйене отырып, орхон-енесей жазба ескерткіштерінің тілінде
етістік мағыналары негізінен аздаған ауытқулары есептемегенде, салттылық
жеке сабақтылыққа жіктеліп ажырап біткендігі (28), басқаша айтқада
сабақтылық және салттылық категория орхон-енесей жазба ескерткіштері
тілінде және категория ретінде қалыптасқан еді деген пікірді айтқан едік.
Дегенмен, көне түрік тілдерінде етістіктің салттылық және сабақтылыққа
жіктелу процесі аяқталған деуге болмайды. Өйткені, бір етістік салт
етістік қызметін атқарып тұрса, екінші бір сөйлемде сабақты етістік болып
тұрғанына Орхон жазба ескерткіштеріндегі мына сияқты тіл фактілері дәлел
бола алады. Мысалы, Анта ічрәкі будун көп маңа көтур. Там находящиеся
внутри народа – все мне подвластны Памятник Кюль-Тегина. М.12. Буну көру,
білің. Смотри на него знайте Там же. Бұдан біз салттылық, сабақтылық
категориясының дамуының басы орхон-енесей кезеңінен көп бұрын басталған деп
жорамалдаймыз.
Бір буынды түбір және негіздің құрылысының құрамындағы белгілі бір топ
құрайтын аффикстердің бар екені ғылымның даму сатысынды еш дау туғызбайды,
оларды түрколог ғалымдар тыңғылықты дәлеледеген. Бірақ ең қызығы, бұл
сияқты түбірлер мен негіздер көне түркі тілінде орхон жазбаларында осы
қалпында жұмсалған. Олардың түбіріндегі қосымшалардың түбірге сіңісуі Орхон
кезеңіне дейін болған. Бұл біздің салттылық және сабақтылық
категорияларының дамуының басы Орхонға дейінгі кезеңге жатады деген
жорамалымызды дәлелдей түседі.
Енді біздің алдымызда салттылық және сабақтылық категорияларының
дамуына не әсер етті деген сұрақ тұрады
Ал, етістік мағынасының салт, сабақтылыққа жіктелуіне, даралануына не
себеп болды деген сұрақ туады. Біздің пікірімізше, бір жағынан, етістік
түбірінің тым бейтарап, жалпылық мағынасы осы нақтылауда және даралануды
қажет етті, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz