Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе 3

І тарау. Хандық дәуір мен хандық билік мәселелерінің бастаулары мен ерекшеліктері 7

  1. Қазақ хандығы дәуірі мен хандық биліктің зерттелуі мен тарихнамасы 7
  2. Хандық биліктің бастаулары және оның қазақ қоғамындағы маңызы 12
  3. Қазақ қоғамындағы батырлар институты мен билер институтының билік мәселесіндегі рөлі 24
  4. ХХ ғ. бас кезінде хандық биліктін жаңғыру себептері мен салдары 39

ІІ тарау. Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру 45

2. 1 Билер сотын қазіргі заман талабына сай келтіру және қолданыс аясына енгізу 45

2. 2 Жеті жарғы мен Ата заңымыз Конституциямызды салыстырмалы талдау 48

2. 3 Биліктің бөліну принципінің бүгінгі конституциялық ережелерінің қазақ мемлекеттігі тарихындағы көріністері 51

Қорытынды 55

Сілтеме әдебиеттер тізімі 57

Кіріспе

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі күрделі өзгерістер қарсанында тұрғаны анық. Алайда, қандай да саяси құбылысты оның тарихи себептері мен сабақтастығы мәселесін ашпай қарастыру үлкен қателікке алып келу қауіпін төндіреді. Сол сияқты қоғам болсын, мемлекет болсын оның ішінде ғылым да тарихи, дәстүрлі факторларды естен шығармаған абзал және ол нәтижесінде неғұрлым толық жауаптар алуына себеп болады.

Жалпы билік феномені саяси қатынастардың негізі ретінде ежелден бері зерттеліп келеді. Билік мәселесіне, оның іске асу ерекшеліктеріне қатысты әлемдік саяси ілім тарихында ауызша да, жазбаша да қарастырылған көзқарастар мен тұжырымдар жетерлік. Әрине, биліктің табиғаты қай жерде болсын бірдей, бірақ оны жүзеге асыру жолдары, механизмдері әр қоғамда әр түрлі арнада дамиды.

Биліктің бөлінуі принципінің классикалық нұсқасын ұсынған, оның негізін қалаушы болып табылатын Ш. Л. Монтескьенің өзі: мемлекеттің әр кеңістіңтің басқару формасы сәйкес болады және елдің көлеміне сүйенбей оның жазасыз алып қондара салуға болмайды - деп ойын түйіндеген. Бұл ой бүгінгі күні де өзекті. Бұл тұжырымға сүйене отырып, алдыңғы дәстүрлі қазақ мемлекетінде де өзіндік, қоғам мен мемлекет құрылысына жауап беретін билік жүйесі орын алған деп айтуға әбден болады. Сол сияқты, қазіргі Қазақстан Республикасында да орын алып отырған биліктің бөліну жүйесі, атқарушы биліктің басым түсуі мен президенттік институттың күштілігі бүгінгі саяси ахуалға жауап беретін жүйе деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар, құрылымның дұрыстығын дәлелдейтін - одан шыққан нәтиже болып есептеледі.

Дәстүрлі қазақ елінің саяси жүйесіне, билік құрылымына көз жүгіртсек. Қазақ мемлекеті дәстүрлі сипатқа ие болғандықтан да шығар, онда атқарушы, сот жүргізу сияқты арнайы заң шығарушылық орган болмаған деп айтуға негіз бар болғандай. Оның функциясын хандар мен билер, жалпы қазақ Құрылтайы атқаратын. Бірақ, қазақ елінде демократиялық режимнің басты принциптерінің бірі өкілді билік әрқашанда орын алған. Бұлар - билер, билер алқасы, құрылтай, тіпті ханның өзі сайлану арқылы орнатылатын. Дәстүрлі қазақ елінің рухани ұстамдылығы басым болғандықтан, «жазылмайтын заңдар» кеңінен орын алған. Әйтсе де, Е. А. Әбілдің айтуы бойынша ХV-ХVI ғасырларда Қазақ хандығында жоғарғы заң шығарушы билік болып сұлтандар мен көшпелі қоғамдастықтын өкілдерінің съезі болып табылатын. «Мемлекеттік басқару жүйесінде - хан кеңесі мен дуан - биліктің өкілді және каллегиялдық органдары маңызды орын алған. Біріншісіне жоғарғы шенеуліктер, әскери басшылар мен ханның туыстары кірген дуан атқарушы билік органы болатын . . . »

Т. Сұлтановтың тұжырымдауы бойынша Қазақ хандығындағы басқару органдарының эволюциясын екі кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезеңде, ХV-ХVI ғасырларда, мемлекеттік билік органдарының құрылымы Әбілхайыр хандығының басқару органдарынан шамалы ғана айрықша болатын. Екінші кезеңде, XVII мен ХVIII ғасырдың басында болған өзгерістер нәтижесінде ел ішінен шыққан ру басыларының билігі әжептеуір кеңейіп, хандар мен сұлтандардың өкілеттіктері шектелді - дейді Т. Сұлтанов.

Осылайша, біз билік жүйесінде өте күрделі өзгерістердің болғанын байқай аламыз. Алдынғы ханның астамшылық, жеке билігін тежейтін органның құрылуы биліктің бөлінуі концепциясының маңызды бөлшегі болып есептелетін тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің Қазақ хандығы жағдайында орын алғандығын және нәтижелі қызмет еткендігін білдіреді. Биліктің бөлінуінің осындай маңызды көрсеткіштерінің біздің дәстүрлі мемлекетімізде орын алғаны, сол сияқты бұл жүйенің өзіндік формасы Қазақ хандығында да болғаны туралы айтуға негіз береді, яғни біздін де бұл ретте тарихымызға жүгінуімізге болады.

Сонымен, Қазақ хандығы кезінде атқарушы билік жүйесін тежелейтін өкілді билік құрылымы болған. Қазақ хандығында бүкіл атқарушы билік тетіктері хан қолында шоғырланған болатын.

Байқағанымыздай Қазақ елінің басшысы - хан мұралық немесе тағайындау арқылы емес, сайлау арқылы билікке келетін. Бұл, әрине қазақ тарихында, тәжірибесінде демократиялық нышандардың жарқын көрінісі - Елбасын сайлау рәсімі бүгінгі тәуелсіз мемлекет құру үстіндегі ел үшін өте маңызды. Бұндай жүйенің біздін елде қалыптасуының көптеген себептерін атауға болады, алайда мына екеуі айқын: біріншісі, өзінің әскери-саяси құрылымдық ерекшелігіне байланысты қазақ елі басшы ретінде әрқашанда күшті тұлғаны көргісі келетіндігі, екіншісі, мемлекеттің көптеген рулардан құрылуы, олардың арасында ымыра, келісім пайда болу жолдарын үнемі іздестіру талаптарын қоятындығы. Сол себептен де ортақ мүддеге жауап беретін тұлғаны сайлау әдісі орнықты, екінші жағынан бұл Елбасының үш жүзбен бірдей таңылып, оның легитимділігін үш жүзде бірдей қамтамасыз ететін тетік.

Тақырыптың өзектігігі.

Қандай да қоғам өзінің даму барысында белгілі бір кезеңдерді басынан өткізеді. Сол сатыларды зерделеп, әр басқан қадамын аңдап басса, ол қоғамның келешегі де баянды болатындай. Қазіргі еліміздің даму тарихына үңілу, өз шыққан тамырымызды білу біз үшін де барша қазақ үшін де маңызды болып табылады. Бұл өз кезегінде тарихымыздан сабақ ала отырып келешекке бағдар ұстауға да өз үлесін тигізері баршамызға аян.

Бұл тақырыпта қарастырылған негізгі мәселелер Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, оның ыдырау кезеңіне дейінгі аралықтағы Қазақ хандығындағы биліктің іске асу жолдары мен тетіктері, сол қоғамдағы билер институты мен батырлар институнының қоғамдағы рөлі және олардың сол қоғамдағы ықпалы тақырып аясында кеңінен қарастырылады.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы демократиялық принциптердің жүзеге асырылуының негізгі тетіктері, оның ішінде Ханды сайлау негізінде таққа отырғызу мәселесі, Хан мен билер институтының биік жүргізу барысында бір-біріне ықпал мәселесі, ондағы батырлардың рөлі зерттеу жұмысының негізгі арқауы болады.

Сонымен қоса, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер сотын қазіргі жағыдайларға ыңғайласыру мәселесінеде баса назар аударылады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі.

Қазақ хандығындағы билік мәселесі бұған дейін де қарастырылған өзекті мәселе болып табылады. Жұмыс барысында «Қазақ хандығындағын» зерттеу мәселесі жайлы теориялардың негізін қалаушылардың бірі, ғалым

А. Семеновтың [2], Мұхаммед Хайдар Дулати, еңбектері қарастырылған.

Сонымен қоса «Қазақ хандығындағы биліктің жүргізілуі» жайлы өз идеяларын ұсынған ресейлік және отандық ғалымдарды атап өтсек: Ш. Уалиханов Т. И. Сұлтанов, С. К. Ибрагимов, И. Я. Златкиннің, В. А. Моисеевтің еңбектері де кеңінен қарастырылды.

Бұл жоғарыда көрсетілген ғалымдардың барлығы ғылымға өзінше бір үлес қосқан ғалымдар. Олардың идеялары әркезде болса да қолданылады және Қазақ хандығындағы билік мәселелерін қарастыруда бағыт беретін бірден-бір қайнар көз болып табылады.

Жұмыстың зерттеу объектісі.

Жұмыстың зерттеу объектісі болып хандық билік болып табылады.

Жұмыстың мақсаты. З ерттеу жұмысының мақсаты болып Қазақ хандығындағы биліктің қандай жолдармен қалай жүргізілгенін анықтау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер анықталды:

- Хандық билікті зерттеген ғалымдардың концепцияларын анықтау.

- Хандық биліктің негізгі мәселелерін анықтау.

- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы демократиялық принциптерді анықтау

- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер сотын қазіргі жағыдайларға сай үйлестіру мәселесін анықтау.

Зерттеудің пәні

Дәстүрлі Қазақ қоғамының хандық билік негізінде құрылу процестері.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Зерттеу барысында келесі ғылыми нәтижелер алынды:

- Хандық биліктің жүргізілуіне өз тұжырымымыз негізінде анықтама бердік. - Қазақ хандығындағы демократиялық үрдістердің қалай жүзеге асқандығын анықтадық.

- Қазақ хандығындағы билікпен қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы билігін өз тұжырымыз негізінде салыстырмалы талдау жасадық.

- Билер сотын қазіргі заманға лайықтап, бейімдеу жолдары қарастырылды.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі.

Зерттеу жұмысын жазу барысында жалпы логикалық әдістер, салыстырмалы зерттеу әдістері, Сондай-ақ баспасөз басылымдары қолданылды.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы.

Қазақ хандығындағы билікің жүзеге асырылуның кей жақтарын қазіргі билікке үйлестіру мәселесін қарастыруға болады.

Бітіру жұмысының көлемі мен құрылымы .

Бітіру жұмысы екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы бітіру жұмысының көлемі - 60 бет.

І. Хандық дәуір мен хандық билік мәселелерінің зерттелуі. Хандық биліктің бастаулары мен ерекшеліктері.

  1. Қазақ хандығы дәуірі мен биліктің зерттелуі мен тарихнамасы.

Қазақстан тарихнамасында Қазақ хандығы дәуіріне қатысты арнаулы тарихнамалық еңбектер жоқтың қасы. Кез келген тақырыптың зерттелуіне үңілмей мәселенің тамырын көрсету қиын. Мұнда 1945-1991 жылдар аралығында жазылған Қазақ хандығына қатысты негізгі еңбектерді біршама жүйелеуді, оған шолу жасауды жөн көрдік. Өйткені дәл осы уақыттарда тарихнама кеңестік тарих ғылымының ажырамас бір бөлігі болып орныққан еді[1] . Аталмыш дәуірдегі Қазақ хандығына арналған еңбектердің жазылуын белгілі бір кезеңдерге бөлуді мақсат ете отырып, бұл салада Дахшлейгер Г. Ф., Нүсіпбеков А. Н., Сүлейменов Р. Б., т. б. ғалымдарымыздың тарихнамалық еңбектері жарық көргендігін де айта кеткен жөн. Себебі олар осы көтеріліп отырған мәселенің тарихнамасын жасау бағытындағы тұңғыш қадамдар, кеңестік тұжырымдық негізде болса да, алғашқы бағыттар еді.

1945 жылы Қазақ ССР ҒА - сында тарих, археология және этнология институты ашылғаннан кейін, кеңестік идеология институтқа таптық тұрғыдағы зерттеу міндеттерін қоя бастады. 1943-1949 жылдардағы ұжымдық жиынтық еңбектер республика басшы органдарына ұнамады. Өйткенді дәріптеу, хан -сұлтандарды мадақтау көп айтылған деп бағаланды. 1957 жылы «Қазақ ССР тарихының» жаңа екі томдық басылымының бірінші томына бұрынғы олқылықтар ескерілгенімен дерекнемесі жеткіліксіз еді. Мұндай кемшіліктер барлығына тән болатын. [41] Сол себепті де шығыстанушылар алдында көпшілікке беймәлім немесе аз танымал араб, парсы, түрік және қытай тілдеріндегі деректерді ғылыми айналымға енгізу сынды өзекті жұмыстар тұрды.

Шығыс авторларының шығармаларындағы Қазақ хандығы жөніндегі үзік-үзік мәліметтерді топтастыруда тыңғылықты жұмыс атқарған, Қазақстанда шығыстану негізін қалаған ғалымадардың бірі - С. К. Ибрагимов (1926-1960) . Оның тарихи - шығыстанушылық зерттеулеріне қалам тартқан Т. И Сұлтанов пікірінше, тарихшының мақаласының негізгі объектісі XV ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақ пен XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы саяси жағдайлар болған екен. Алайда, ғалымнның XV-XVII ғасырларда Қазақстанның этникалық және әлеуметтік тарихына, қазақ мемелекеттілігінің қалыптасуына қатысты деректік қорды көбейтудегі қызметі өте зор. Шығыстанушының негізгі қолданған деректеріне келсек, олар мыналар: Масуд Бен Осман Кухистанидің «Тарихи Абухайр-хани», Бенайдың «Шайбани-наме», Шодидың «Фатх-наме», Насрруллахидың «Зубдат ал-асар», Рузбеханның «Михмани-наме-и Бухара», Қашқар қолжазбасы, Сейфи қолжазба, Сейфи қолжазбазиде-и носрат-наме» сынды туындылар. Ол көп ретте шығыстанушы А. Семеновтың пікірлерін қолдай отырып ары қарай дамытқан. А. Семеновтың Шайбани-ханның қалай Темір империясын жаулап алғандығы, алғашқы шайбандықтардың Мауреннахр үшін күресі, т. б. Көптеген осындай тақырыптарға арналған еңбектері бар. Қазақ хандығы дәуіріне қатысты көршілес республикаларда ғылыми мақала жарияланған автордың арасынан Б. Ахмедов, Р. Мукминованың еңбектерін атауға болады. [2] Олардың жұмыстарындағы бағыт біздің тарихқа тікелей арнап жазылмаса да беретіні мол. Көршілес республикадағы ғылымдар еңбегін жүйелесек, бір ғанибет іс болар еді.

ХV-ХVIIІ ғасырдағы Қазақ хандықтарының тарихы жөніндегі шығыс деректемелерінен материалдар жинағын жасауды алғаш ұйымдастырушы С. К. Ибрагимов еді. Алайда, ғалымның дүниеден ерте кетуіне байланысты оны құрастырушылар (Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин) ленинградтық әріптестер (Салахетдинова М. С., Акимушкин О. Ф. ) көмегімен 60-жылдардың соңында жинақты аяқтады. Қазақстан медевистикасында басылымның алар орны айрықша. Онда барлық орта ғасырлық шығармаларға, авторларына анықтамалар берілген[38] . Аталмыш жинақ XV-XVIII ғасырлардағы еліміздің тарихының ашылмай жатқан көп беттерін қалпына келтіруге жәрдемдесті

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарынан хабар беретін құжаттар мен материалдар жинақтарын жасау да тарихымыздағы бір қатар проблемаларды қамтыған еді. Бірақ, онда көбінесе кейінгі ғасырлар оқиғаларына тоқталу басым. Біздің зерттеуіміздің аясынан шығып та кетеді.

Белгілі ғалым В. П. Юдиннің моғолдар құрамын және олардың қазақтар мен басқа көршілес халықтармен байланысы жайында, сондай-ақ Мұхаммед Аваз шығармасының құндалығы туралы жазған жекелеген еңбектерінің құндылығы жоғары. Ортағасырлық дәуірдің құнды шығармаларының бірі «Таварих-и гузида-йи нурсат-наменің» А. Акрамов түсініктемелерімен жеке басылып шығуы Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияда ғылыми ортаның зор ынта-ықыласын туғызғаны да рас. Ал, XVI ғасырдың 30-жылдарынан XVII ғасырдың 60-жылдарына, яғни бас-аяғы 130 жылдай мерзімдегі Моғол мемлекетінің сыртқы байланыстарын, саяси шиеленістерді О. Акимушкин еңбектерінен кездестіреміз. Парсы, тәжік және түрік тілдеріндегі деректерге сүйенген автор, Моғолстан мен қазақтардың, өзбектердің арасындағы тартыстың Орталық Азия саяси жағдайына қалай әсері болғандығын да сипаттайды. [41]

Қазақстанның орта ғасырлар тарихының қажымас зерттеушісі К. А. Пишуалина шығыс деректерін талдау нәтижесінде еліміздің өткеніне қатысты көп проблемаларды көтеріп жүрген ғалым. Оның оңтүстік Қазақстандағы Сыр бойы қалаларының XV-XVI ғасырлардағы маңызын ашуы және ол қалалар үшін болған күрестерді суреттеуі еліміздің тарихындағы жаңа беттер еді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының факторы болатын бұл оңтүстіктегі қалаларда мәдениет өркендегенін кейінгі археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр. Бірақ әлі күнге дейін соңғы материалдар мен деректер қабыса әрі матаса өрбімей қалып тұр.

Т. И. Сұлтановтың Орта ғасырлардағы тарихқа қатысты көптеген еңбектері жұртшылыққа кеңінен танымал. Қазақ хандығының құрылуына шығыстанушының өз жорамалы бар. Кезінде С. К. Ибрагимов XVI ғасырдың 30-40 жылдарына, Б. Ахмедов XVI ғасырдың 80-90 жылдарына жатқызады. Ал, Мұхаммед Хайдар Дулати ойын қолдаған К. Пишулина дербес Қазақ хандығының құрылуын 1465-1466 жылдарға апарады. Т. И. Сұлтанов болса, Қазақ мемлекеттілігі бастауы туралы пікірлерінде Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси оқиғалардың қазақ хандығының құрылуымен аяқталғанын атап, хандық туралы жазба мәліметтерден 1470-1471 жылдары Қазақ арасынан Сейфи қолжазбасын (XVI ғ) жоғары бағалайды. Өйткені онда қазақ халқының шаруашылығы, әлеуметтік ортасы, тағыда басқа жайттар қамтылады да, олар мемлекеттілікті зерттеуде маңызды фактор болып табылады. Т. И. Сұлтанов XV-XVII ғасырлардағы деректерді қазақ халқының тарихының негізгі сауалдары бойынша кандидаттық диссертация қорғаған еді. Сол себепті де оның жоғарыда айтылған дүниелерге көп мән беруі заңды деп айтуға болады[1] . Оның ұлттық тарихымызды зерттеуге қосқан үлесі орасан зор. Ғалымның еңбектерін жүйелеу қажет.

Ал, В. Я. Басиннің еңбектерінен XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ - орыс қатынастарын, әр кездегі екі жақ мүдделерін, т. б. көптеген дүниелерді ұшырастырамыз. Онда орыс халқының рөлін күшейтіп көрсету де байқалады.

Қазақ мемлекеттілігінің алтын бесігі - Маңғолстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси тарих сауалдары тұңғыш рет К. Пишулинаның «Юго - Восточный Казахстан в середине XVI-начале XVI вв» атты монографиясында көтерілді. Еңбек - ғылыми көшіліктің жоғарғы бағасына ие болғандығын айта кеткен дұрыс. Онда Моңғолстанның құлдырау себебі мен Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары жан - жақты талданады. Монография негізінде деректанушы кандидаттық диссертация қорғаған. Бұл монография құндылығын қысқаша тұжырымдасақ, ол біріншіден, қазақ халқының тарихындағы Моңғолстанның рөлін айқындайды.

Екіншіден, әлеуметтік - экономикалық сипаттама алғаш рет деректеме негізінде беріледі. Оңтүстік Шығыс Қазақстан экономикасы автордың ойынша аралас (көшпенді, жартылай көшпенді, отырықшы - жер, өңдеуші, қалалық) болады да мұндағы халық ежелден осындай өмір сүрген, яғни автохонды[40] .

1979 жылы «Ғылым» баспасынан бес томдық «Қазақ ССР тарихының» X-XVII ғасырларды қамтитын орысша екі томы шықты. Томды дайындаған авторлар ұжымы қазақ халқының әлуеметтік - экономикалық, саяси және мәдени тарихын, оның ішкі және сыртқы аспектілерін, этногенез проблемаларын аса тиянақтылықпен тұңғыш рет баяндағанды. Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуына бір тарау арналған аталған томды тарихшылар жоғары бағалады. Алғаш рет Ақ Орда және көшпелі өзбектер, Моңғолстан, Ноғай Ордасының саяси тарихы толық көрсетіледі де, Қазақ хандығымен байланыстырылады.

1974 жылы Ш. Ш. Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы, 1979 жылы шығыстану бөлімдерінің ашылуы Қазақ қандығы дәуірін қамтитын деректік қорджың едәуір көбеюіне, тарихи талдауларға жаңа бағыт бағдарлардың ашылуына әсерін тигізеді. Деректанулық сипаттағы М. Әбусейітованың мақалаларының маңызына тоқтап кеткен дұрыс. XVI - XVII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын баяндайтын жаңа деректер ғылыми айналымға енгізілді. Олардың негізіндегі тарихшысөз еңбегінде XVI ғасырдың 2-жартысындағы Қазақ хандығының саяси тарихын егжей - тегжейлі зерттеп шықты. Қазақ хандығының шайбандықтар мен аштар хандықтармен, Орыс мемлекетімен қарым-қатынастары, қазақтардың қырғыз, өзбек, қарақалпақтармен саяси одақ құру тарихы, жоңғарлармен күресі қамтылған. Сырдария қалалары мен Тәшкеннің қазақ хандары билігіне көшуі де айтылады[24] . Қазақ хандығының көптеген маңызды мағлұматтарынан хабар беретін деректер екендігі көпшілікке аян. Сондай деректерді тиянақты талдау ісі назарында. Ол жекелеген деректерге тоқтайды да, орта ғасырлық тарихымыздың кебір тұстарын нақтыландыра түседі.

Жалпы, Қазақстан мен Орта Азияның XVI-XVIII ғасырларындағы тарихы және мәдениетімен, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси тарихымен айналысатын ғалымдар әр жылдары жарияланған бірқатар ұжымдық жиынтық басылымдарға соқпай кетпейді. Олар: МИКХ, «материалы по историй киргизов и киргизы», «материалы по историй туркмен и Туркмений», СМИЗО, т. б. десек, бұрынғы кеңестік Орта Азиялық республикалар тарихын аталған жиынтықтар бірін-бірі толықтырып отыратын болғандықтан олардың маңызы айрықша.

1981 жылы «феодолизм дәуіріндегі Қазақстан» жинаға шыққан еді. Онда К. Пищулинаның Қазақ хандығының XVI ғасыр соңындағы шайбаниттермен ара-қатынас туралы, М. Агуситованың қазақ - орта азиялық байланыстар тарихы, оның ішінде 1598-1599 жылдардағы маңызды оқиғалар дайындағы жазған мақалалары бар. Ал, Т. Сұлтанов болса, XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандығындағы сұлтандар институты жайында ғылыми хабарлама жасап әлеуметтік сатыдағы сұлтандар рөлі мен орнын көрсетеді де, қазақ қоғамының құрылымынаң хабар береді. [2]

Ресей архивтерінің, елшілік бұйрықтарының материалдарының пайдаланы отырып А. Исин XVI ғасырдағы Қасым хан тұсындағы қазақ хандығына, Қасым ханның қайтыс болу жылы нақтыландыратын қызықты мәліметтер тапқан. А. Исиннің пайдаланған қағаздары орта ғасырлық тарихымыздың кей тұстарын егжей-тегжейлі зерттеуге көмектесері анық. Сондай-ақ, XVII ғасырдағы орыс-үнді қарым қатынастарынан да қазақ шаруашылығынан дәлірек айтсақ қазақ көпестерінің Үндістанға мал айдап апарғаны жайлы хабарлар кездестіруге болады. Қазақ хандығының сыртқы саяси, экономикалық байланыстарының барлығын жүйелеу күн тәртібінде тұр. Ол тәуелсіз еліміздің қазіргі ұлттық саясатын жүргізуге, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейту үшін де қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі
Саяси ойлар
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақ хандығындағы діни-идеологиялық ахуал
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы
Әз Тәуке Хан (1626-1718)
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҰЛЫ ҚАЙРАТКЕРІ – ҚАСЫМ ХАН
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Қазақ хандығының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz