Қазақтың ұлттық аспаптарын музыкалық-дидактикалық ойын барысында қолдану тәсілдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
Қызметте қолдану үшін (қажет кезінде)
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
Ш. Б. Құлманова
Педагогика және музыкалық білім беру әдістемесінен
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптарын музыкалық-дидактикалық ойын барысында қолдану тәсілдері
050106 - Музыкалық білім мамандығы бойынша
Орындаған: Жәкеева Ә. Қ.
IV к. 4ж. (к/б)
Ғылыми жетекшісі:
П. ғ. к., проф. м. а. : Бекмұхамедов Б. М.
Алматы, 2010
Мазмұны
Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінгі күні, экономикалық, идеологиялық және мәдени дағдарыстар кезінде белсенді шығармашыл және жеке дара тұлға тәрбиелеуде үлкен мән жатыр. Қазір белсенді шығармашыл балалар тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінуде. Себебі өмір жан-жақты күннен-күнге қызықты әрі күрделеніп барады. Қазіргі өмір адамдардан жаттанды, үйреншікті істерден гөрі, ойдың тездігі, үлкен және кіші кедергілерден шығармашылық түрде өтуін қажет етеді, және де зеректілік, жаңаша ойлау, өз-өзіне баға беру, байланыстарды табу секілді ойдың ерекше сапалары шығармашылық қабілеттерді құрайды.
Мектептің, мұғалімдердің, ата-аналардың алдында тәрбиеленіп жатқан бала тек қана саналы қоғам мүшесі, денсаулығы мықты азамат болуымен шектелмеуі керек деген үлкен күрделі мақсат тұр. Ол бала тағы да инициативты, шығармашыл, жаңаша ойлау қабілеті бар, өмірді жақсы жағына өзгерте алатын, не болмаса соған үлесін қосатын азамат болуы керек. Ойын - баланың шығармашылдық қабілеттерін дамытуда, қиялдау және өздік жұмыс атқаруда жақсы тәсіл болып табылады. Ойынның білімділік және тәрбиелік маңызы зор екендігі туралы атақты педагог-психологтар (Д. Эльконин, К. Ушинский, П. Блонский, Л. Рубинштейн) көп айтқан. Ал музыкада ойынды әртүрлі жағынан көруге болады. Нақтырақ айтса ойын жеке тұлғаның әртүрлі, соның ішінде музыкалық қабілеттерін дамытуға жол салады.
Музыкалық-дидактикалық ойындардың балалардың шығармашылық дамуында үлкен мәні бар екендігін Н. Кононова, Н. Ветлугина, Л. Венгер, Е. Зворыгиналар атап айтқан. Музыка педагогикасының басқада белгілі зерттеушілері (Г. Радвил, О. Апраксина, Г. Ригина, П. Халабузарь, Т. Орлова, Э. Эксанишвили т. б. ) музыкалық-дидактикалық ойындардың тәрбиелік және білімділік мүмкіндіктеріне көп көңіл аударады. Бірақ көптеген авторлар музыкалық-дидактикалық ойындардың балалардың білімділік, тәрбиелік және шығармашылық дамуына үлкен әсері бар екенін атап көрсетседе, оны көбіне мектепке дейінгі балалармен жұмыс істегенде ғана пайдаланады. Музыкалық педагогика мәселелеріне арнайы шыққан әдебиеттерде, музыкалық-дидактикалық ойындарының жалпы білім беретін мектептерде пайдаланылуын және толық зерттелгенін таба алмадық. Шынымен де іс жүзінде жалпы білім беретін мектептерде музыкалық-дидактикалық ойындар оқушылар арасында ән сабақтарында өте сирек, жеткіліксіз мөлшерде, не болмаса мүлдем өткізілмейді. Осы зерттеудің шешілмей тұрған мәселелерінің бірі ол бастауыш оқушысының бейнелеу, суреттеу арқылы ойлау қабілеті
мен оны музыкаға үйрету түрлері арасындағы қарама-қайшылықтары, бұны жетілген және зерттелген оқу методикасы есепке алмайды. Ал мұғалімдер болса сабақ өткізгенде ескі методиканы пайдаланып, балалардың шығармашылық қабілеттеріне аз көңіл бөледі. Егер оқу материалын түсіндірген кезінде ойын элементтерін пайдаланса, ол баланың ой-өрісін дамытады, сабақты да оқушы жақсы түсінеді. Сол себептен бізді осы тақырып өте қызықтырды, оның қажеттілігі жоғарыда жазылды.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушылар музыка сабақ барысындағы қазақтың ұлттық аспаптарын игерудегі музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастыру.
Зерттеудің нысаны - қазақ орта мектебіндегі сабақ-оқу барысы.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларымен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын музыкалық-дидактикалық ойындар арқылы игеру жолдарын анықтау.
Зерттеудің болжамы - егер «Музыка» пәні бойынша сабақ барысында музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдаланса және сол ойындардың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырса, онда қазақтың ұлттық аспаптарын тану процесі тиімді болады.
Зерттеудің міндеттері:
- «Ойын» ұғымына мінездеме және сараптама беру;
- Бастауыш сыныптарда музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдана отырып музыка сабағының құрамын айқындау;
- Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында қазақтың ұлттық аспаптар бойынша музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын іздестіру.
Зерттеу әдістері: зерттеудің тақырыбына байланысты әдебиетке жалпы шолу сараптау, педагогикалық бақылау, музыка пәнінің мұғалімдерімен сұхбаттасу.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Оқу барысындағы музыкалық-дидактикалық ойынның мән-мағынасы;
- Қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың түрлері мен, оған байланысты музыкалық-дидактикалық ойындардың ерекшеліктері.
Зерттеудың тәжірибелік маңыздылығы: Болашақ музыка мұғалімдердің мектептегі сабақта және сабақтан тыс жұмыс кезінде, педагогикалық машықтау өткізу барысында қолдануға болады.
I ТАРАУ Музыка сабағында музыкалық-дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың теориялық мәселелері
1. 1. Музыкалық-дидактикалық ойындардың білімділік және тәрбиелік мәні
Ойын бала болмысымен тығыз байланысты. Оны бала тәрбиесіндегі маңызды құрал ретінде қолдану ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ол балалардың тату-тәтті ұжымын ұйымдастыруда, еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыруда, шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Барлық аталған тәрбиелік тәсілдер ойын арқылы жүргізіледі, себебі ойын баланың психологиялық дамуына, оның тұлға ретінде қалыптасуына, жігер, қайрат, ұстамдылық, қызығушылық сияқты қасиеттеріне әсер етіп дамытады.
«Ойын», «ойнау» сөздері өте көп мағына береді. Д. Б. Эльконин өзінің «Ойын психологиясы» атты еңбегіңде (1976ж. ) былай деген: «Ойын сөзі көп мағынада қолданылады, тура және астарлап айтылады, мысалы «отпен ойнау» немесе «табиғат ойындары» және кездейсоқ жағдайда - «тағдыр ойыны». Ал «ойнау» сөзі музыкалық шығармаларды және пьесаларда рольдерді ойнағанда көңіл көтеру мағынасында қолданылады, ал астарлап айтылуында - «комедия ойнау»; басқа жағдайда жақтырмау кезінде «жүйкеде ойнау»; бір жерде жақсы жұмыс атқаруда - «басты рольде ойнау»; тәуекел ету - «өмірмен ойнау»; бір нәрсеге үстірт қарау - «отпен ойнау»; «адамдармен ойнау»; ерекше жалтырап көріну - «суда күн сәулесі ойнап тұр», «толқындар ойнап тұр» [1, 13 б] .
Ойынды зерттеуге және сипаттауға арналған ертедегі еңбектердің ішінде Е. А. Покровскийдің «Ерте Россиядағы балалар ойынына жүйелі сипаттама» еңбегі бәрімізге белгілі; ал Ф. Бойтендайк (1933) «ойын» сөзінде еркіндік пен басылу, қуаныш пен көңіл көтеру деген мағына жатады дейді; Ж. Калларитс (1940) У. М. Гелассера және басқа да зерттеушілердің ойын туралы еңбектері көп.
Ойын теориясын бірінші болып зерттеген XIX ғасырдың ойшылдары - Ф. Шиллер [2], Г. Спенсер [3], В. Вундт [4] . Олар ойынды әлемдегі ең көп тараған құбылыстармен салыстырған, ойынның жаратылысы өнер туындауымен бірге шыққан дейді. Олар ойынның бастауы ләззат алуда деп санады. В. Вундт басқаларға қарағанда ойынның туындауына дәлірек деректер айтқан. Ол былай деп жазады: «ойын - еңбек баласы. Ойын күрделі еңбектің түп нұсқасы, ол қашан болса да уақыт бойынша озып келеді. Ойын өзінің нәтижесін еңбектегі пайдалы мақсатта көре алады, сондықтан нәтиже ең жағымды қорытынды болып есептеледі, ал оның артында еңбек тұр емес пе» [4, 181 б] .
Бірақ ойын түсінігіне қарама-қайшы келетін көзқарастар да бар екен. Мысалы, Дж. Калларитс (1940) ойынды мүлдем жоққа шығара отырып, оны басқа шығармашылықтармен теңестіруге болмайтынын айтады.
Ал А. Х. Шлосберг (1947) ойынды ерекше түсінік деп есептейді, оны психологияда да зерттеуге пайдасыз, босқа уақыт кетірумен теңестіреді.
Осы көзқарастарға қарсы шыққан Д. Б. Эльконин «бұл жарты ғасырлық талпыныстар ойынның жалпы теориясын таппағаннан шыққан» дейді. Д. Б. Эльконин айтуы бойынша: «Балалық шақ кезеңіне лайықты ойынды жоққа шығарғым келмейді; бұл жерде сол авторлардың биологиялық және психологиялық тұжырымдары дұрыс дәлелденбегенін айтқым келеді, себебі осыдан теорияны шығаруға болмайды» [1, 85 б] . Автордың пікірі бойынша балалардың білімділік қозғалыстары мен түсініктері ойын кезінде қалыптасады және де оның орны психологияда ерекше болып саналады.
Д. Б. Эльконин «Ойын адамның істерін қайталайды, одан адамның қоғамдық адамгершіліктік мәні яғни адамдардың араларындағы тапсырмалар мен нормалар шығады» - деп қорытады [1, 20 б] .
Ойын бала үшін бұл өмірде негізгі іс екені бұрыннан белгілі. Оның балаға педагогикалық және дидактикалық жағынан алғанда әсері көп.
Бала ойындарын зерттеп жүрген адамдар ойын бала үшін бір рольде ойнаумен тең екендігін айтады (Р. И. Жуковская, Т. А. Маркова, Р. Альт т. б. ) . «Бала ойынға қызығатын себебі, оның нәтижесінде бір көрінбейтін сиқырлы қиял тұрған сияқты. Баланың қиялы қоршаған ортадан шығады: тастарды, құмды көрген бала айтады: «Келіндер, дүкен ойынын ойнайық». Бірақ бұл қосымша шарт. Ойын негізі бір жағымды ой, іс айту үшін шыққан: ол жалпы өнерге жақын болып тұр. Бала үшін бір оқиға үлкен мән алады, барлығы оған икемделуі керек. Ол қоршаған ортаға басқаша қарайды, өз көзқарасы бар. Ойынға берілгендіктен сол жерде тұрған диванның шеті атқа, не болмаса кемеге, т. б. керекті затқа айналады. Баланың қиялдағаны бір рольде ойнап өзін-өзі біреуге ұқсатқысы келгені, яғни шыныменде өмірде сондай болғысы келгені» [5, 45 б] . «Ойын кезінде бала міндетті түрде бір рольде ойнайды, ол жаңаша бір жағдай туғызады» - деп Дж. Селлиде өз пікірін ортаға салады [5, 47 б] .
Тек XIX ғасырдың соңында ғана ойын арнайы зерттеле бастады. Ойын психологиясын зерттегендердің бірі У. К. Гроос. Өзінің теориясын ол «өзін-өзі тәрбиелеу немесе жаттығу теориясы» деп атаған. Оның тезистері төмендегідей: Әрбір тірі жанның туғанынан өз қимылына ыңғайлы бейімділігі бар болып келеді, ал ең жоғары дамыған жануарлар өздерінің табиғи ерекшелігіне байланысты бір іске өзінен-өзі ұмтылып тұрады, ол өскен сайын күшейе түседі.
- Жоғары жетілген тірі жанның, әсіресе адамдардың туа біткен реакция, яғни организм жауабы қаншалықты керек болса да өмірдегі қиындықтарды шеше алмайды.
- Жоғары жетілген, дамыған тірі жандардың барлығыныңда балалық шақтары бар, яғни өсу, жетілу уақыттары, сол кездері ол өзі-өзінің өмірін билей алмайтын кез; сол кездері оны ата-анасы тәрбиелеп, көмек көрсетіп дұрыс бағыт беріп отырады.
- Балалық шағында ол өмірге қажет нәрселерді жинайды, бірақ бұл туа біткен реакция емес, сондықтан адамға өте ұзын балалық шақ берілген екен - себебі дайындық көбірек болса, жұмыста үлгілі болады.
- Балалық шақтың арқасында әртүрлі қабілеттер жиналады. Ең мәнді және ең табиғи жолы осы қабілеттерді жинауда өз-өзінен сыртқа шығуды ойлайды, соған ұмтылады, солай болған сайын тағы да адам бойына жаңа қабілеттер біте береді. Сонымен бар негіздің үстіне тағы да жаңадан қабілеттер жиналып қосыла береді.
- Жас жеткіншектер ересектерге қарап өседі, сондықтан да олардың қабілеттерін өздеріне еріксіз алады.
- Егер сырттан ешкім араласпай, бала өз бетінше өз ойымен, қабілеттерін нығайтып, дамытып жатса, онда біз бұл процесті ойынның алғашқы пайда болуы деп қарастырамыз [6, 70-71 б] .
Ойынның мағынасы туралы К. Гроос өзінің «Баланың жан дүниесі» (1916 ж. ) атты еңбегінде: «Егер икемделу балалық шақтың негізгі мақсаты болып есептелсе, онда ойынға үлкен орын беріледі, сол себептенде біз бала болғандықтан ғана ойнамаймыз, балалық шақ ойнау үшін берілген деп батыл түрде айта аламыз» [6, 72 б] .
Бұл теория туралы жазған авторлардың барлығы ойынды сырт қалдырмаған. Олардың ішінде шетел авторлары - Р. Гаупп, В. Штерн, К. Бюллер, ал орыс психологтарынан - Н. Д. Виноградов, В. П. Вахтеров және басқалар. Ойынға қарсы сын айтқандар да бар. Мысалы, Э. Клапаред «К. Гроос ойынды ең маңызды, ең керекті балалық шақтың элементтерінің бірі деп есептейді, алайда ойынның жаратылысы, табиғаты жайлы еш нәрсе айтпаған» деп жазады [7, 48 б] . Ал В. В. Зеньковский, К. Гроос теориясын психологиялық сараптама бойынша әлсіз дейді, оның ішінде ойын психологиясын бала психикасымен байланыстырғысы келмейді.
Қорыта айтқанда баланың қоғамдық және психологиялық дамуына ойынның үлкен мәні бар және тұлға ретінде қалыптасуында зор үлесі бар. Біздің мақсатымыз ойынның қоғамдық-психологиялық ерекшеліктері туралы емес, себебі бұл аспект нақтылық негізді, және арнайы құрал-сайманды талап етеді. Біздің ойымызша келешек зерттеушілер үшін бұл өте мәнді шешілмеген мәселе.
Ойын психологиясының мәселелері туралы Ф. Бойтендайк, З. Фрейд, М. Ловенфельд, В. Штерн, А. Адлер және т. б. зерттеушілер жазған. Жоғарыдағы зерттеушілер ойынды биологиялық жаратылысы жағынан қараған еді, ал ойынның психологиялық табиғаты шеттеліп қала берген. Олар ойын күрес және бағыну инстинктерін (В. Штерн, А. Адлер), яғни сексуалдық қатынастар (З. Фрейд), туа біткен қайталау және бостандыққа талпыныстарды (Ф. Бойтендайк) оятады, деп есептеген.
Бірақ шығармашылықтың психофизиологиялық маңыздылығы туралы айтылса да, оның үлкен бір кемшілігі, оның қоғамдық бағыттары мүлдем қарастырылмаған.
Ал Д. Б. Эльконин, керісінше, өзінің көңілін осы айтылған ойынның қоғамдық бағыттарын зерттеуге аударды. Ойынның адамның шығармашылық сезімталдығы мен адамдардың арасындағы қарым-қатынастарының икемділігін көрсетеді, ойын өмірден ғана алынбайды, ал өзінің жаратылысы бойынша қоғамдық мәні бар, ол баланың қоғамдағы өмірінен алынады [1, 32 б] .
Көтеріліске дейінгі орыс психологиясында ойын туралы К. Д. Ушинский мен А. С. Сикорский жазған. К. Д. Ушинский жеке тұлғаны дамыту үшін ойынның моральдық жақтарын айтқан [8], ал А. С. Сикорский жеке тұлғаны білім беру және тәрбиелеу жағынан дамытуда ойынның үлкен мәні бар екенін айтқан [9] . Совет өкіметінің кезіндегі психологтар: М. Я. Басов, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Н. Узнадзе ойын туралы өз еңбектерінде жазған. Бірінші болып ойынның ішкі дүниесіне мән беріп қараған М. Я. Басов болды (1931 ж. ) . Автордың айтуы бойынша, ойынның мағынасы және тура бағыттылығы бар болса да, жоқ болса да, негізгі болып саналатыны мақсаты емес, мазмұны да емес, іс жүргізушілігі, мазмұны мен бағыты сыртқы түрін береді, ал ішкі дүниесіне мән берілмейді [10, 344 б] .
Басқа көзқарасты совет өкіметі кезіндегі П. П. Блонский деген психолог білдірген. Ол да Дж. Калларитс сияқты ойынды ерекше шығармашылық деп санамаған, бірақ соңғы зерттеушіден гөрі ойынды баланың драмалық өміріне жатқызған.
П. П. Блонский өзінің «Педология» (1934) еңбегінде былай деп жазған: «Балаға жүргізілген тәжірибелік зерттеулерді ойын деп айтуға болмайды. Өз кезегінде драмалық ойындар мен еліктеу ойындары баланың драмалық өнері болып табылады. Қозғалыс ойындары драмалық іске жатады, онда жүгіру үлкен роль ойнайды, ал интеллектуалдық ойындар өзінің жаратылысы бойынша - көрініске жатады (жауынгерлер соғысы т. б. ) . Сонымен қортып айтқанда «ойын» деп жүргеніміз ол баланың драмалық өнері, құрылыс көрінісі [11, 109 б] .
В. Н. Всеволодский-Гернгросс өзінің «ССРО халық ойындары» (1933 ж. ) кітабында былай жазған: «Жоғарғы мәдениетте педагогика қоғамның ерекше бір түріне айналғандықтан - бала болсада не үлкен адам болсада -өзіне керекті білімді оқу арқылы аз уақытта жоғарғы дәрежеде ұтымды түрде алады. Педагогикалық, дидактикалық ойынның мағынасы түсіп барады» - деп жазған [12, 18 б] .
Ал Д. Б. Эльконин өзінің «Ойын психологиясы» кітабында (1999 ж. ) керісінше айтқан ойын қазіргі бала үшін ең негізгі шығармашылық түрі. Автор ойынды бір-бірінен бөлмей баланың жеке дамуымен бірге қарайды. Эльконин В. Н. Всеволодский-Гернгроссты сынап былай деп жазады: «Егер ойынның дидактикалық міндеті азайса да, ол баланың дамуына әсері азаяды деген сөз емес, әсіресе баланың мектепке бармай тұрған кіші кезінде. Керісінше, бала есейіп үлкендердің істейтін жұмысынан бас тартқан кездерінде, ойынның мәні бала үшін өседі» [1, 24 б] .
Л. С. Выготский ойын психологиясын баланың психикалық міндеттерімен біріктіріп қараған. Ол ойынға қоғамдық мінездеме береді. «Егер біз адам баласының ойнап жатқан кезіне қарасақ, ол өзінің болашақ өміріне дайындалып жатқандай болады. Мысалға, аңшылыққа, аңдардың іздерін табуы, соғысқа, т. б. Бұл ойындардың қоғамдық, әлеуметтік мінездемесі бар. Үлкен адамның жұмыстарын, іс-әрекеттерін көрген бала, оған еліктейді, ойында ол негізгі қоғамдық қарым-қатынастар жасайды және мектепке келген кезінде қоғамдық болашақ өмірге бірталай дайындықпен келеді» [13, 45 б] .
Л. С. Рубинштейн өзінің «Жалпы психологияның негіздері» атты еңбегінде (1989) ойын психологиясын ерекше бір шығармашылықтың түрі деп есептейді. Ол: «Ең біріншіден ойын дегеніміз - саналы түрдегі іс, яғни барлығы да бір мақсатқа байланысты бірнеше шығармашылық істер» [14, 187 б] .
Ойын - бұл шығармашылық, ойын арқылы бала қоршаған ортаға, қасындағы адамдарға өз көзқарасын білдіреді. Бәрін қорыта, барлық психолог - теоретиктердің жұмыстарын алғанда, біздің айта алатынымыз - ойын ерекше, еш нәрсеге ұқсамайтын жоғарғы психикалық міндеттен тұрады, ол өзін-өзі көрсете алатын кез-келген қоғамдық, эстетикалық бағыты бар іс.
... жалғасыОйын арқылы бала тез және дұрыс қабылдайды, себебі ойын бала үшін - шығармашылықтың ең танымды түрі. В. А. Сухомлинский «Ойында баланың шығармашылдық белсенділігі артады. Ойынсыз ойдың дамуы толық бола алмайды, болып та көрген жоқ . . . Ойын - бұл отқа айналатын ұшқын» - деп жазады [15] . Сондықтан ойын кез-келген педагогикалық процестің барысында ең маңызды тәрбие әдісі болып табылады. Ойын кезінде бала бір рольде ойнаса, не болмаса бір ойын оқиғасында жүрсе, оның тәрбиелік мәні бар, өйткені ол іс-әрекет жайшылықта оған жағымсыз не болмаса қиын болып көрінгенімен, дәл сол кезде ол уайымдайды, өз бетінше басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға тырысады. Ойын кезінде бала белсенділік, іскерлік, ұйымдастыру, күш-жігер, батылдық, іздемпаздылық, сезімталдық, артистік қабілеттерін көрсете алады. Сондықтан да ойын кезінде біз балағада адам баласының жан-жақты болып өсуіне қажетті көп қабілеттерді жинай аламыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz