Ауыз әдебиеті арқылы бала қиялын дамыту



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Халық ауыз әдебиетіндегі бала қиялының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... 10

I тарау
1.1. Қиял туралы теориялық ойлар мен пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының ерекшелігі ... ... ... ... ... ...21
Iтарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

II тарау
Баланың шығармашылық қиялын қалыптастырудағы қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.1. Қиял .ғажайып ертегілердің бала өміріндігі мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2. Аңыз .әңгімелердің бала психикасын дамытудағы ықпалы ... ... ... ... ... ..29
2.3. Қиялды дамытудың жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар) ... ... .45
II тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ

Орындаған: Семсерхан Г.

050103 педагогика және психология

мамандығы күндізгі бөлім

4-курс студенті,409-топ

Ғылыми
жетекшісі: жалпы психология кафедрасының аға
оқытушысы

Нығметова Қ.Н. ________

АЛМАТЫ, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Халық ауыз әдебиетіндегі бала қиялының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ...10

I тарау
1.1. Қиял туралы теориялық ойлар мен
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының
ерекшелігі ... ... ... ... ... ...21
Iтарау бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .23

II тарау
Баланың шығармашылық қиялын қалыптастырудағы қазақ халық ертегілерінің
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24
2.1. Қиял –ғажайып ертегілердің бала өміріндігі
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2. Аңыз -әңгімелердің бала психикасын дамытудағы
ықпалы ... ... ... ... ... ..29
2.3. Қиялды дамытудың жолдары (коррекциялық ойындар мен
жаттығулар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
II тарау бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...65

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .66

ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..69

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Диплом Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Білім және ғылым министрлігінің оқушылар білімі мен тәрбиесі сапасын
көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына, қиялын
қалыптастыруға байланысты қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды
көздейді.Бастауыш мектепте халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі
шығармашылығынан білімді оқушылар Әліппе, Ана тілі сабақтарында
меңгереді. Алайда шектеулі жоспармен өтілетін бұл сабақтарда халықтың
ауызекі шығармашылығы түгіл, оның бір ғана бағыты – ертегіні толығымен
меңгертіп шығу мүмкін емес. Бұл мәселені шешуде оқушылардың қиялына қарай
ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың рөлі ерекше.Сыныптан тыс
жұмыстарда оқушылар пән сабақтарында ертегіде меңгерген білімін тереңдете
түседі: халықтың тұрмыс – қарекеті, наным – сенімі, салт – дәстүрлері,
мінез – құлқы, үлгілі өнегесі сияқты білім негіздерін меңгереді. Ертегіні
оқып – білу оқушылардың эстетикалық талғамын, құндылық көзқарасын
қалыптастырумен бірге, эмоциялық сезімін және адами асыл қасиеттерін
жетілдіреді.
Халықтың ауызекі шығармашылығының мүмкіндіктерін бала тәрбиесінде
пайдалануды тек бүгінгі күннің проблемасы деп қарауға болмайды. Ол қайсыбір
кезеңдерде болмасын психология ғылымының,зерттеу объектісінен түскен емес.
Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттігін
кезінде көптеген алыс және жақын шетел психологтары (Л.С. Выгодский, С.Л.
Рубинштейн, А.Я. Дудецкий), ғұлама ағартушылары (Ш.Уәлиханов,Ы. Алтынсарин,
А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, т.б.) өз еңбектерінде айтып, іс – тәжірибелерінде
дәлелдеп берген [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7;].
Бұл проблеманың тағылымдық идеясы, тәрбиедегі әлеуетті қазақстандық
ғалымдардың іргелі (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Бегалин, М.Балтабаев,
К.Қожахметова т.б.) зерттеулерінде қарастырылады [8; 9; 10; 11;12].
Халықтың ауызекі шығармашылығы тарихшылар, этнографтар, өнер
танушылардың еңбектерінде (М. Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Қасқабасов, А. Жұбанов,
т.б.) көрініс тауып отыр[13;14;15;16].
Психология ғылымында қызығушылылықпен оқыту проблемасы да бүгінгі
күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблема да көптнген ғалымдардың
назарын өзіне аударған.
Қазіргі зерттеулерде ( Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн, Г.И. Шукина,
Н.Г. Морозова, т.б.) бала қиялының дамуына жан – жақты талдау берілген
[17;18;19;20].
Қиялды қалыптастыру проблемасы қазақстандық ғалымдардың бірқатар
зерттеулерінде қарастырылған Б.Т. Набиеваның ( сабақ және сабақтан тыс
жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге шығармашылық қиялын
қалыптастыру).
Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау авторладың өздерінің зерттеу
объектісіне қарай психология ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың
зерттеу нәтижелерінің практикада қолданылып жүргенін, сондай-ақ
қарастырылып отырған 6-7 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде
шығармашылық қиялын қалыптастыру мәселесінің бұл еңбектерде
қарастырылмағанын дәлелдейді.
Балалардың ұлттық мұраға шығармашылық қиялын қалыптастыруға қоғамның
сұранысы мен бұл мәселенің мектептегі қазіргі жағдайы арасында; қазақ
халық ертегілерінің тағылымдық мүмкіндіктері мен оларды
сыныптан тыс жұмыс процесінде бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қиялын қалыптастыру мақсатында жүйелі пайдаланбау арасында;
бастауыш сынып оқушыларының халық ертегісінде шығармашылық қиялын
қалыптастыру қажеттілігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми -
әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қайшылықтар бар екені анық
байқалады. Осы қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу
проблемамызды айқындауға және тақырыпты Халық ауыз әдебиетіндегі бала
қиялының дамуы деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: 6 – 7 жастағы баланың шығармашылық қиялын
қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының дамуындағы
қазақ халық ертегілерінің маңызы.
Зерттеу мақсаты: 6-7 жастағы балалардың қиялының қалыптасуындағы
қазақ халық ертегілерін теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде
әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Қазақ халық ертегілерін меңгерту
балалардың танымдық қабілетін, ой-өрісін, адами қасиеттері мен эстетикалық
талғамын дамытуды, оны меңгеруге шығармашылық қиялын қалыптастыруды талап
етеді. Ал бұл болса, жеке тұлғаның ішкі көзқарасына сыртқы жағдайдың әсері
барысында психологиялық заңдылықтарды пайдаланғанда, оқушыларда
шығармашылық қиялын туындататын жолдары табылғанда ғана жүзеге асады.
Балалардың қазақ халық ертегілерін оқып білуде шығармашылық қиялын :
- қазақ халық ертегілері туралы жүйелі теориялық қағидаларды
ендіргенде;
- халық ертегілерін талдай білу дағдысын қалыптастырғанда
қамтамассыздандыруға болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қиял, шығармашылық қиял ұғымдарының өзара байланысын зерттеудің
теориялық негізі тұрғысында қарастыру;
2. 6-7 жастағы балалардың шығармашылық қиялының мазмұны мен өзіндік
ерекшелігін анықтау;
3. Қазақ халық ертегілерінің 6-7 жастағы балалардың қиялының дамуының
мүмкіндіктерін негіздеу;
4. Қазақ халық ертегілерінің 6-7 жастағы балалардың шығармашылық қиялын
қалыптастыру моделін жасау;
5. 6-7 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын
қалыптастырудағы қажетті ғылыми әдістемелік нұсқаулар жасау.
Жетекші идея: 6-7 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде
шығармашылық қиялын қалыптастыру міндетті түрде өзінің жалғасын табуы
керек.Өйткені ол 6-7 жастағы балалардың психикасының жетекші құралы болып
саналады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін философтардың,
психологтар мен педагогтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің
рөлі туралы білімнің мәнін, 6-7 жастағы балалардың қазақ халық
ертегілерінде шығармашылық қиялын қалыптастыру проблемасын зерттеудегі
тұлғалық-әрекеттік көзқарасын ашып көрсететін тұжырымдамалар құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары
(заңдар, қаулы-қарарлар), Білім және ғылым Министрлігінің халық
психологиясын, ұлттық мұраны дәріптеуге байланысты тұжырымдамалары, кешенді
бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары; Қазан төңкерісіне дейінгі
қазастандық және шет ел ғалымдарының (тарихшылар, этнографтар,
әдебиетшілер, психологтар мен педагогтар) қазақ халқының рухани мәдениеті
жөніндегі еңбектері; бала бақша тәрбиешілерінің қазақ халық педагогикасы
шығармаларын оқу процесінде пайдалану туралы озық тәжірибелері,сондай-ақ
автордың жеке басының психологиялық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педогогикалық, фольклорлық әдебиеттерге тақырып бойынша
теориялық талдау жасау; бала бақшада жүргізілетін жұмыстарды талдап,
қорытындылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу;эксперимент нәтижелеріне баға
беру;математикалық тұрғыда өңдеу;

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1.Қиял, шығармашылық қиял ұғымдарының өзара байланысының мәні
зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;
1. 6-7 жастағы балалардың шығармашылық қиялын қалыптастыру механизмі
жасалды;
2. Қазақ халық ертегілерінің психологиялық жіктемесі негізделді және
олардың мектепке дейінгілердің шығармашылық қиялын қалыптастырудағы
мүмкіндіктері айқындалды;
3. 6-7 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын
қалыптастырудың моделі жасалды және оны жүзеге асырудың психологиялық
шарттары айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәні мынада:
1. 6-7 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын
қалыптастырудың диагностикалық деңгейінің әдістемесі;
2. 6-7 жастағы балаларға арналған Ертегілер әлемінде атты жұмысының
бағдарламасы.
3. Тәрбиешілерге арналған Ертегілерге саяхат іс-шаралар жоспары.
Зерттеу нәтижелері бала бақшаларда, мектептерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазақ халық ертегілерінде 6-7 жастағы балалардың шығармашылық
қиялын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген
теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады:
жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік )
2. мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) тұрақты
танымдық қызығушылық (ертегіге).
3. Қазақ халық ертегілерінің психологиялық жіктемесі. Бұл біріншіден,
қазақ халық ертегілерінің мектеп жасына дейінгі балалардың
шығармашылық қиялын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға
ықпал етеді.Екіншіден, қазақ халық ертегілерін нақты өлшемдер
бойынша сұрыптауға көмектеседі, үшіншіден, қазақ халық
ертегілеріне балалардың шығармашылық қиялын және құндылық
көзқарасын бағдарлайды.
4. 6-7 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық
қиялын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін
психологиялық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық,
интелектуалдық, еріктік компоненттері бірлігінде байқалады және
нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.
5. 6-7 жастағы балалардың қазақ халық ертегілерінде шығармашылық
қиялын қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеудің базасы. Тәжірибелі- эксперимент жұмысы

Алматы қаласының №146; №136 қазақ орта мектептерінде өткізілді.
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі,
міндеттері, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні,
қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
Халық ауыз әдебиетіндегі бала қиялының қалыптасуы атты бірінші
тарауда қиял, шығармашылық қиял түсініктерінің өзара байланысы
зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады, мектеп жасына дейінгі
баланың қиялының мазмұны, өзіндік ерекшеліктері, функциялары анықталады,
қазақ халық ертегілерінің баланың шығармашылық қиялын қалыптастырудағы
психологиялық мүмкіндіктері айқындалады. Зерттеу проблемасының бүгінгі
жағдайы мазмұндалады. Қазақ халық ертегілері нақты өлшемдер бойынша
сұрыпталады.
Баланың шығармашылық қиялын қалыптастырудағы қазақ халық
ертегілерінің мүмкіндіктері атты екінші тарауда 6-7 жастағы балалардың
қазақ халық ертегілерінде шығармашылық қиялын үйірме іс-шараларында
қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері негізделеді; тәжірибелі-
эксперимент жұмысының әрбір кезеңіндегі білім деңгейлерінің кесіндісі,
нәтижесі баяндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен қорытынды
және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Қиялдың қалыптасуы.

Систематикалық оқу балалардың маңызды психикалық қабілетін қиял
арқылы қалыптастырады. Көптеген жаңалықтар мектепке дейінгілердің тәрбиеші
мен және кітаппен сурет, сызба арқылы көрсетеді. Балалар әрдайым өздерінде
шындық бейнесін қалыптастыру керек (әңгімедегі батырлардың көрінісі,
ландшаф, айналадағы геометриялық фигуралардың қойылуы және т.б.).
Қиялдың қалыптасуы екі маңызды саты арқылы жүреді.
Бірінші маңызды бейне объектіні мінездейді. Бұл сатылық бейнелер.
Бұндай бейнелерді құрастыру сурет пен жазбаны керек етеді. Мектеп жасына
дейінгі балалар көбінесе қозғалмалы бейненің басын және аяғын бейнелей
алады. Бірінші сыныптағы оқушылар көптеген бейнелерді есіне түсіріп және
оны көрсете алады.Міне, оқушылар әңгіме бойынша кішігірім шығарманы жаза
алады.
Репродуктивті қиял әр жастағы балалардың бәрінде сабақ арқылы
қалыптасады. Біріншіден, ақыл-ойдың объектіні көрсетуі және бейнелеуі.
Екіншіден, кейбір объектілердің шартын түсіну.
Репродуктивті қиялда шындық бейнесі қалыптасады. Әңгіменің сюжетін
өзгертіп, оны қысқаша көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың маңызды
психологиялық қиялы шығармашылық қиял болып саналады.Бұл қиял балалардың
еңбек сабағындағы бір затты жасауына, өздерінің ойларын жеткізуіне
көмектеседі. Бұған көбінесе сурет сабағындағы балалардың қиялдың бейнесін
салуы және де анық заттарды салуы жатады.
Оқу процесі баланың қиялын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылар ана
тілі сабағында мұғалімнің айтқанын есте сақтап қоймай пейзажды, өткен
суреттерді ешқашан көрмеген адамдарды бейнелейді.
Баланың қиялын қалыптастырудағы маңызды бағыт- бұл кезең дұрыс және
толық шындық елесінде білімге бейімдеу.Бастауыш сынып оқушыларының мектепке
дейінгілерден айырмашылығы фантазиялық шартын түсіне алады. Өсе келе
балалардың қиялы жоғарлайды. Бұл білімнің қоры және ойдың дамуы.Мектепке
дейінгілердің қиялы біріншіден сыртқы көріністер арқылы дамиды. Балалар
ойын ойнағанда көргендерін және өмір сүрген ортасын бейнелейді. Кейін келе
баланың шығармашылық қиялы дамиды.Мысалы, бірінші сынып оқушысы орманға
барғандағы серуеннің қай жерде болғанын есіне түсіре алады.
Төменгі сынып оқушыларының қиялының тірегі нақты заттар болып
табылады. Олар ойында ойыншықтарды, үй заттарын және т.б. қолданады, бұл
заттарсыз өздерінің қиялдарын қалыптастыра алмайды. Әңгімені оқыған кезде
суреттер арқылы нақты бейне қалыптастыра алады. Онсыз оқушылар өздерінің
қиялын елестете алмайды.
Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы.
Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш
көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме
тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің
және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы
кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің
тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеңдегі
өзгешелік – балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа
бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады. Бала
бақшадағы бүлдіршіндер Темір жол ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі
рөлді орындайды. Осындай ойын әрекетінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа
рөлдер тауып алады.
Бұл шығармашылық қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.
Ойын әрекеті бала қиялын тәрбиелеп, дамытуда күшті рөл атқарады. Сондай-
ақ, ол балалардың табиғи белсенділігін, қозғалғыштығын, дара психикалық
процестерін де дамыта түседі. Мысалы, құрылыс ойындары темір жол салу, үй
тұрғызу, зауыт- фабрикалар орнату т.б.
Жеткіншектер қиялын дамытудағы әрекет – сурет салу. Сурет салуда олар
түрлі елестерін, есте қалғандарын сыртқа өздерінше шығарады. Мектеп
жасындағы балалар қиялының жүйелі дамуы ғылым негіздерін меңгерумен
байланысты. Олар өз қиялының өнімін енді сын елегінен өткізіп, шындыққа
жақын бейнелер жасауға ұмтылады.
Ересек адамдар қиялы олардың өмір сүрген ортасы мен тіршілік
тәжірибелерінің нәтижелеріне орай дамып отырады. Әр алуан ғылыми
жетістіктер, техника мен өнердегі орасан зор табыстар, өндіріс пен ауыл
шаруашылығындағы жаналықтар, мұның бәрі ырықты қиялдың жемістері.
Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиял шындық болмыспен ұштасып, адамды
жаңа істерге, меңгерілген нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер
мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырып отырады.
Қиялдың маңызы.
Қиял басқа психикалық процестермен табиғи байланыста Л.С.Рубинштейннің
ойынша, дүниені өзгертуге қандай да болса қатысы бар ой, әр сезім, кез-
келген еріктік әрекетте қиялдың элементтері бар. Қиял тіпті бейнелендірудің
адамның қабылдауы түріндегі формасына да енеді. Ес әрекеті, есте қалдыру
және қайта жаңғырту процесінде қиял бейнелері болады. Ес елестері сана
тізбегінде белгілі дәрежеде қияли бейнелермен толықтырылып, үйлесіп
отырады. Соңғылары әсіресе, ес елестері уақыт өткен сайын ескіріп, бұрын
қабылданған объектіні тұтас бейнесі өз кескіні мен тән сипатын жоғалта
бастағанда айқын көрінеді.Адамның психикалық әрекетінде қабылдау бейнесі,
ес елесі әлде қиял бейнесі екенін оның өзі де айта алмайтын бейнелердің
көрінуі аз кездеспейді. Осы тектес құбылыстардың себебін, қабылдау мен ес
процестерінің бір тізбекте қатар келмей, өзара әсер етісіп, өзара сіңіп,
айнала қоршаған заттық дүние жөнінде тиісті елестерді қамтамассыз
ететіндігінен іздеген жөн.
Адамның таным әрекетіндегі қиялдың маңызын айта келе В.И. Ленин: Бұл
қабілетті ақынға ғана қажет деп ойлау бекер. Бұл – есуастық соқыр сенім!
Қиял математикада да қажет, тіпті диференциялдық – интегралдық есептеулерде
қиялсыз ашылмаған болар еді,-деп жазды.
Заттың қозғалысын меңгеру арқылы
бала заттарды дұрыс меңгере
бастайды.Бала өзінің икемі арқылы әр
1-кезең ,2-3 жас аралығы. түрлі бейнелерді сала алады. Мысалы:
Заттық қызметтің шағы. төрт бұрышты үй, дүңгіршек және т.б.
Қиялдың бейнесі суретті салғанда
пайда болады. Айталық алдымен бала
өз бетімен салуды білмейді.
Қиялдағы заттар әр түрлі
бөлшектермен толықтырылады:
2- кезең, 4-5 жас аралығы. Рөлдік Мен үй саламын деген жоспар
ойын, сурет салу, құрастыру шағы. құрылады.

Содан кейін үй негізі бөлшектермен
толықтырылады (мұржа,терезелер,
гүлдер және т.б.)
Бала өз ойын толықтыру арқылы
заттарды өзгерте бастайды: Көкке
дейін жететін зәулім сарай саламын.
Сөздік қоры жетілу арқылы бала
шығармашылыққа бейімделеді.Өлең,
ертек құрастыру.
Бала үйреншікті стандарттардан
шегіну арқылы оларда әр түрлі
3-кезең, 6-7 жас аралығы. Ырықты құрастырады. Негізгі бейне қиялды әр
түрде даму. түрлі бейнелеуі мүмкін. Көбінесе
мақсатты жоспарда бейнеленеді.
Ойдың жоспар бойынша дамуы.

Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуда, ересектердің әңгіме, ертек
айтуларындағы бейнені құрастыруда қорытындыланады. Мысалы, бала естігендері
арқылы ертегіні еркін құрастыра алады.
Қиялдың бейнелері баланың білімі және ептілігінен көрінеді.Бірақта
баланың икемділігі кедей, қабылдауы төмен, қиялдың бейнелері көбінесе
идеялды біршама алыс болады.
Жағдай (ситуация).Көбінесе баланың қиялы үлкендерге қарағанда өте
бай болады.
Шынымен де солай ма?
Шешім:
Бұл туралы Л.С. Выгодский былай деп жазады: Балалық шақ баланың қиялы мен
фантазиясының нағыз дамитын шағы.
Ептіліктің арқасында олар дұрыс бейнеленеді. Олардың қиялы эмоционалды,
жарқын бейнелі және епті болады. Шығармашылық қиялдың негізі, шығармашылық
қызметте үлкендердің дамыған фантазиясына жатады.
Бала қиялының бейнесінде:
- Әр түрлі араласқан элементтер.
- Фантастикалық ертегілік айқын заттардың араласуы.
Бұл күш емес қиялдың әлсіздігі:
- Критикалық ойлаумен ептіліктің жеткіліксіздігі.
- Мүмкін және мүмкін емес заттарды айыра алмау.
Бала қоршаған ортаны түсінуге тырысады. Ал үлкендер болса, көбіне
оларды қиялдайды деп ойлайды. Ол теориялық ойлауымен бірге дамиды
және танымның біркелкі процесі арқылы дамиды. Егер ойлау дүниедегі
айқын түсініктерді таныса, ал қиял бейнелерді таниды. Мектепке
дейінгілердің қиялы айқын заттардан бөлектенбейді. Қиялдың негізгі
тіреуі болуы тиіс.
Қиялдың негізгі бейнелері болып:
- Олардың эмоционалдығы және айқындылығы.
- Болмыстың жеңілділігі.
- Себептің әртүрлілігі.
- Бала үшін ол шындықтың дамуы.
Бала қиялының дамуы:
- Процестегі қызметтің барлық түрі;

- Өмір, тәрбие және арнайы оқытудың шарттары.
Қиялды дамыту үшін:
- Ептіліктің жинақталуы.
- Бейнені жаңа құрам арқылы ойша біріктіре алу.
Арнайы оқытуда:
- ептіліктің жинақталуы тез жүреді.
- Жаңа бейнелерді әртүрлі әрекет арқылы жасай білу.
- Ұжымдық шығармашылықты дұрыс жасау.
Қиялдың арқасында кейінірек өндіруші суретші ғалымның кәсіптік қиялы
дамиды. Бірақта бұл бір уақыттағы теориялық ойлаудың
негізі.Продуктивті қиял шығармашылық ойлау Баланың Шығармашылық
Дамуының Біркелкі Мәтінімен байланысты. Бұл бірлік В.В.Давыдовтың
және В.Т. Худрявцеваның көзқарастары бойынша мектепке дейінгі және
мектеп білімдерінің дамуына ықпал етеді.
Шығармашылық қиялының дамуының біркелкі мәтіні.
Шығармашылық Кіші мектеп Шығармашылық
Мектепке даму. оқушыларының даму
дейінгі теориялық ойлаудың
балаларда қысқаша құрылымы мен
жинақталатын формасы Жаңа
қиялдың ебі. заттық
аудан.




Бұның барлығы қиялдың заттық өзгерісімен және баланың көрнекі бүтіндігі мен
байланысты. Оның жеке тұлғасы бүтін дамиды.
Қазіргі шығармашылық қиялдың дамуы шығармашылық сұрақтарды шешу
жолында назар аударуда. Баланың барлық көрнекі психикалық процестері бір –
бірімен байланысты және олар үлкендерге өте қажет.
Өзіндік дамуда үлкендер баланың белсенділігін басқарады. Оған тәуелсіз
болуға және дамуды бақылауға бағыт береді. Баланың даму деңгейінің
өскендігіне жүгініп, үлкендер оларға жаңа және өте қиын тапсырмаларды
орындауға бағыттайды.

I тарау
1. Қиял туралы теориялық ойлар мен пікірлер.

В.Г. Короленко өзінің бауырымен саяхат кезінде суреттейді.Олар
қоқыстың ішіндегі ескі астаудың ішінде сағат бойы ештеңе жасамай отырды.
Бауыры жолдағы аттарға қараса кішкентай Короленко адамдармен сөйлескен.
Олар алыс жерге барғандарын, қай жерлерге барғандарын жолда талай
қиындықтар көргенін қиялдайды.
Маңызды өзгерістер бастауыш сынып оқушыларында қиялдың өзіндік
бейнесінде қалыптасады. Келе –келе бейнелер толық бола бастайды және заттар
өсе түседі.
Е.И. Игнатьеваның зерттеуінше егер балаларды сурет салуға үйретсе,
қиял тез өзгеруі мүмкін.Бастауыш сынып оқушылырының қиялын А.Я. Дудецкий,
Д.Д. Альхимовтар зерттеген:
Балалар сурет салған кезде объектіге сәйкес әртүрлі заттарды салған.
Зерттеу бойынша бірінші сынып оқушылары сызбалық мінездеме болып табылған.
Суретте тек объектінің сызбасы және сәйкес бейнелері
көрсетілген.Оқушылардан вулканның атқылауын көрсетуін талап еткен.
Екінші, үшінші сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларына қарағанда
бір –екі нақты заттарды көрсеткен. Ал төртінші сынып оқушылары объектінің
бірнеше қимыл –қозғалыстарын көрсеткен. Төмендегі кестеде бейнелерді қалай
салғанын көрсетілген.
Эксперименттік Эксперименттік Оқушылардың суретіндегі
объектілердің кескіннің саны. кескіннің саны.
атаулары.
сыныптар

I II III IV
Жыланбалық 10 3 4 5 8
Субұрқақ 11 4 5 4 8
Жанартау 9 3 5 5 7

Кестеден көріп тұрғанымыздай сыныптан –сыныпқа негізгі бейнелер көбейе
түседі.
Төртінші сынып оқушылары да толық кескінді бере алмаған. Бұлардың
негізгі себебі болып, қабылдауларының және қадағалауының төмен болуы. Олар
тек жарқын түстерді ғана ажырата алады.
Е.И. Игнатьеваның зерттеуінше бірінші сынып оқушыларының көріністері
мектепке дейінгілердің деңгейімен бірдей. Олар суреттерін сол суретке ұқсас
етіп салады.
Көрсетілген затқа сурет ұқсас болуы үшін сапалық көрсеткішін
пайдаланады. Бұл бірінші сынып оқушыларының ойлауы мен қабылдауының
маңыздысы болып табылады. Оқушылар толық бейнені қамту үшін оларға оқудағы
негізгі тапсырма ретінде берілуі тиіс.
Бейненің біртұтастығы оның сапасы ғана емес сонымен қатар
композициялық орналасуы. А.Я. Дудецкий мен Д.Д. Альхимованың зерттеулері
бойынша сыныптан –сыныпқа қарай композициялық орналасулар жақсара түседі.
Бұған мысал ретінде бірінші –үшінші сынып оқушыларының салынған суретін
алатын болсақ, қайықтың төрт бейнесін көрсеткен (қайық, екі қанат, артқы
қанатының қосалқы бөлшектері). Бірақ бірінші сынып оқушыларының суреттері
дұрыс салынбаған ( қанаттары жоғары).
Бірінші –төртінші сынып оқушылары И.А. Крыловтың Қарға және түлкі
мысалындағы иллюстрацияларды салған. Олардың суреттері әңгіме түрінде
баяндалып айтылған және персонаждар бірінен соң бірі суреттелген.
Персонаждар арасында ешқандай байланыс болмаған. Төртінші сынып оқушылары
әр бөлімдерін құрастыра білген. Олар Қарға және түлкі арсындағы қарым
–қатынасты өте қиын композиция арқылы құрастырған. Құрастырған бейнеде олар
тек қана әңгімедегі заттарға ғана емес көптеген артық заттарды салған.
Бұл жастағы балалардың қиялының дұрыс қалыптаспауы
С.Т. Аскакованың еңбегінде жақсы көрсетілген. Детские годы Пагрова –внука
повестін, Мың бір түн ертегісін тыңдағанда күшті қиял қалыптасқан,
әңгімелеп берген кезде ертегіде жоқ қосымша сөздерді айтқан. Бір күні
тәтесі оның болмаған нәрселерді айтқанын тыңдаған. Бұдан кейін С.Т.Аскакова
Мен абайлап өзімді қарадым, ештеңені ойламадым, ашуланғанда қиялымдағы
барлық нәрселерді ұмытып қалатынмын -деп жазды.
Білімнің қоры және ойдың жоғары деңгейі шығармашылық қиялда маңызды
орын алады. Ол барлық нәрсеге тәуелді және де арнайы білім мен
іскерлігінде. Өтпелі кезеңде балалар бәрін тастайды. Мысалы, сурет салу,
әдеби шығармашылығы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының қиялын
қамқорлыққа алу керек.
Мағжан адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай
болады,-дейді. Жанның өзінде бұрыннан бар суреттерден жаңа суреткерлер
жасай алуы қиял деп аталады. Қиял терең, бай болуы үшін жанды суреттеулер
көп болуы керек. Бала қиялын тәрбиелеу жолдарын Мағжан былай сипаттайды:
жаратылыстың құшағында, меруерт секілденген көк шатырдың астында, хош
иісті жасыл кілем үстінде Күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп сауық
сайран далада туып өскен қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға
тиіс. Ол үшін баланың қиялын қалыптастырытын ғылымдармен: (әдебиет, тарих,
жағрафия, жаратылыстану) таныс болуы керек.
Баланың қиялы ерте оянады. Оның қиялының өркендуіне ойынның тигізер
әсері зор. Ойында бала айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді.
Бала қиялын дамытуда ойыншықтардың түрлері және онымен қалай, қандай
жағдайда ойнап отырғаны маңызды, -дейді Мағжан.
Мағжан жас баланың ақыл ойын кеңейтіпт, құлқын түзететін, тілін
байытатын –ертегінің маңызына тоқталады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды.
Жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады -дейді. Мысалы, балаға өтірік
айтпа деген құрғақ сөзің желге айтылғанмен бірдей. Егер балаға өтірікші
туралы ертек айтсаң, сол ертекте өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян
көргенін суреттеп алып келсең, міне, бала өтірік айтпау керек екендігін
сонда ұғады, -дейді Мағжан.
К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша қиялдың естен айырмашылығы –елестету,
жаңа байланыстар арқылы есте қалған бейнелерді көз алдыңа әкеледі. Қиял –ес
нәтижесінде пайда болатын процесс.
Қайраткер ұстаз педогогика мен педогогикалық психология мәселесіне
көп тоқтала отырып, психофизиологиялық тұрғыда емес рухани құбылыстар
ретінде пікір айтады, ассоциациялық байланыс ұғымын кеңейтеді. Бұл мәселе
жөнінде мынандай тоқтамға келеді: психикалық құбылыстар мидың жеке
бөліктеріне орналасқан деген пікірге келіспей, адам мен жануар арасындағы
әрекетте тек қана сана жағынан емес, сапа жағынан да айырма бар екенін атап
өтті. Ол психологияны жеке адамның өсу тұрғысындағы психологиялық әрекеті
жағынан зерттейтін ғылым екенін көрсете келе, психология ғылымын дамытып,
алға бастырудың дұрыс жолна түсті.
А.Байтұрсынов: Ертегі –қиял мен қисынын келтіріп, қызықты ету сияқты
мақсатпен шығарылған әңгімелер. Ертегінің ішіндегі уақиғалар, уақиғаға
қатысқан нәрселердің көбі дүниеде жоқ, қиялдағы уақиғалар мен нәрселердің
болуы. Балалардың әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын
тәрбиелеуге көп кедергі бар нәрсе, баланы қилдандыруға, сөйлеуге үйретеді,
-деп баса айтады.
Қазақ ертегілері сан алуан, оларды: хайуанаттар туралы ертегілер,
қиял –ғажайып ертегілер, тұрмыс –салтқа байланысты ертегілер, батырлық
ертегілер, күрделі ертегілер, отбасындағы ертегілер деп бірнеше топқа
бөлугет болады. Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, баланың
болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі
ертегілер –қиял –ғажайып ертегілер.
Отбасында балаларға үлкендердің ертектерін таныту немесе ертегі оқу,
ертегілерді теледидардан көру, ертегі айтысу, т.б. тәрбиелік жұмыстарды
ұйымдастыру өте пайдалы.
Психолог Л.С.Выготский баланың қиялы біртіндеп, өмір тәжірибесінің
молаюына байланысты қалыптасады деген тұжырымды айтады, өйткені қиялдың
кейпі балада қаншама таңқаларлықтай болса да, оның негізі өмірдегі көрген
–білген жайлардан туады. Баланың қиялы тұрақсыз болады. Ол бегілі бір
тапсырмаға бағынбайды, бір затты қиялдап отырып, екінші заттқа ауысып
кетеді. Сондықтан да белгілі бір бағытқа қиялды бағындыру, біздерге,
үлкендерге байланысты. Қиялды дамытудың белгілі бір жолы –ойын, ертегі
немесе ойша әңгіме құрастырып айтқызу.
Ол үшін балаға белгілі бір тақырыпқа әңгіме құрастырып тапсырма беру,
оның ойын жеткізе білуіне көмектесу керек. Кейде мектеп жасына дейінгі
балалар бір зат туралы әңгіме құрастырудан сөз ойлап табудан бас тартады
немесе ауырсынады. Алайда балалардың қиялын дамыту мен осы сезімтал
кезеңдерінде жүйелі айналысқан жөн.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының ерекшелігі.

Өзінің бастамалары жағынан баланың қиялын сәбилік шақтың соңында
пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер
функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа балалармен және олардың
бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді
пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі
нақты бұйымдарды, оқиғаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен кеңеюіне,
жинақталған түсініктердің материалына жаңа бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял
заттарды қабылдаудан және ойын іс -әректтерін орындауынан
ажыратылмайтындай. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол
–салт атты, ал астындағы таяқ –аты. Бірақ ол шауып өте шығарлықтай ештеңе
жоқ кезінде, таяқ пен қимыл жасамағанда өзі ойша таяқты шын ат дей алмайды.

Үш –төрт жастағы балалардың ойында баламалардың заттың орнына тұруға
тиісті заттың ұқсастығы басты орын алады.
Ересек балалардың қиялы мүлде ұқсамайтын алмастырылатын заттарды да
тірек етуі мүмкін.
Ойын еденде өтіп жатыр. Ойыншықтар кішкентай ит, ақтиін, борсық, екі
матрёшка қуыршақ және ашқыш. Ашқыш –Оле –Лукойе екі матрёшка қуыршақ
–Саусақшалар. Кирилл бәрін ұйқыға жатқызды. Оле Лукойе бәріне келдіде
желкелеріне үрлеп қояды. (Кирилл өзі үрледі.) Жануарлар оянды да секіре
бастады: кітап сөресінен суретке, суреттен кітап сөресіне секіруде болды.
18 рет осылай жасады. Сосын жануарлар Саусақшалар дайындаған шырынды ішуге
кетті. Сосын Оле Лукойе (ашқыш пен екі Саусақшаны тойыи болды. Осыдан
кейін бәрі шаршады да өздерінің кәдімгі орнына сөреге кетті) (В.С. Мухина
күнділігінен).
Бұл жағдайда ашқыш бала үшін сиқыршыны қиялдауға жетерліктей тірек
болады.
Біртіндеп сыртқы тіректердің қажеттілігі жоғалады. Әдеттегі бой үйрету
шындығында жоқ затпен ойын әрекетіне және заттың ойын үстінде
түрлендіруіне оған жаңа мағына берілуіне, шынайы іс -әрекет жасамайынша
елестетуіне көшу орын ала бастайды. Бұл ерекше психикалық процеске жататын
қиялдың туа бастауы болып табылады.
Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс -әрекетінің
түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда ертегілер мен тақпақтарды ойлап
шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.

Бірінші тарау бойынша қорытынды

1. Ғылыми - әдебиеттерге жасаған талдау қиял шығармашылық қиял
ұғымдарына берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, мазмұндық сипатын ашуға,
сондай-ақ зерттеу пәніне байланысты өз анықтамамызды беруге түрткі болды.
2. Психология ғылымында шығармашылық қиялды оқыту құралы бала қиялының
ерекше бір түрі, жеке бастың тұрақты қасиеті, оқу әрекетінің мотиві ретінде
қарастырылады.
3. Шығармашылық қиял адамның жас кезеңдеріне қарай жетіліп, дамып
отырады, өзіне тән мазмұндық сипаты, ерекшеліктері болады. 6-7 жастағы
балалардың шығармашылық қиялының мазмұны мен өзіндік, ерекшеліктерін,
функцияларын, шарттарын жан-жақты негіздеп көрсету олардың қазақ
ертегілерін меңгертудегі мүмкіндіктерін алдын-ала айқындауға көмектеседі.
4. 6-7 жастағы балалардың қиялын психологтар ұсынған мына жүйе арқылы
қалыптастыруға болады, жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) →
мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестену) → тұрақты танымдық
қызығушылық (ертегіге). Біз бұл жүйені оқушылардың қазақ ертегілерінде
шығармашылық қиялын қалыптастырудың механизмі ретінде қарастырамыз.
5. Психология, педагогика ғылымдары саласында жарық көрген еңбектерге
жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың арнайы зерттеу объектісі
болмағандығын дәлелдейді.

2-Тарау
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиялын қалыптастырудағы
қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктері.

Балалардың шығармашылық қиялын қалыптастырудағы тиімді құралдардың
бірі- ертегі. Оларда халықтың тыныс тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрі,
бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез
құлықтары, қазақ халқының ең жақсы қасиеттері-еңбексүйгіштігі, өз халқына,
Отанға, туып-өскен табиғатқа және т.б.деген сүйіспеншілігі бейнеленген.
Ертегі көркем-әдебиет шығармалары болғанымен, онда көптеген білім
салалары теориялық көрініс тапқан. Ертегі-халық психологиясының қайнар
көзі. Ертегінің балаларға ұнау себебі халық шығармашылығының
қарапайымдылығында, оның балалар психологиясына сәйкес келуінде.
Ертегілердің арқасында балалардың жүрегінде керемет тамаша поэтикалық бейне
орын алады, ақылдың дамуы фантазия мен сезімнің дамуымен қатарласа жүреді.
Ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский ертегілердің психологиялық маңыздылығы және
олардың балаға психологиялық ықпалы туралы мәселені егжей-тегжейлі
қарастырады; ол халық ертегілерін әңгімелерден жоғары қойды, өйткені
педагогтың пайымдауынша, әңгіме-қолдан жасалған жасанды шығарма.
В.Г.Белинский ертегілердің халықтығын, олардың ұлттық сипатын
жоғары бағалады. Оның пайымдауынша, ертегілердегі фантазия мен жалған
көріністер ақиқат өмір мен нағыз әлеуметтік көзқарасты танытады.
Н.А.Добролюбов болса ертегілер мен аңыздар арқылы халықтың
аңыздар арқылы біздің көз алдымызды осы аңыздарда сақталған халықтың бет-
әлпетінің бейнесі қалады деп тұжырым жасады.
Ертегілердің танымдық – тағылымдық мәнін А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский өте жоғары бағалады. В.А.Сухомлинский ертегісіз,
шығармасыз, қиялсыз тәрбие толыққанды жүзеге аспайды-дей келе, ертегіні
өзінің педагогикалық тәжірибесінде мектеп оқушыларын тәрбиелеу және олардың
дүниетанымын, көзқарасын дамытуда кеңінен пайдаланды.Ертегі тыңдау арқылы
оқушыларға бірінші сыныптан бастап шығармалар құрастыруға үйретті.
Ертегі- дегеніміз, бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің
шығармашылығы.Балалар ертегіні тыңдайды, және оған әуестенеді, өздері ойдан
шығарады.Ертегіні ойдан шығару – мұғалім үшін балалармен рухани көзқараста
болу болса, балалар үшін теңдесі жоқ ойдың қуанышына айналады. Мәселен,
осындай көріністі бақылаған В.А.Сухомлинский өз тәжірибесінде балалардың
түсінігіне қиын болмайтын жайлар туралы қарапайым ертегілер ойлап шығарған.
Ертегіде терең ойдың болуын қалаған .
Ертегіні өмір оқулығы десе болады. Өйткені, қуаныш та, шаттық
та, уайым-қайғы да бәрі ертегі мазмұнынан табылады. Сондықтан балалардың
ертегісіз өмір сүріп, өсіп-жетілуі мүмкін емес.
Қай халықтың болмасын ертегілері балалардың жас
ерекшеліктеріне, мақсат- мүддесі мен талап – тілектеріне сай құрылады,
өзінің тартылымдылығымен, бейнелігімен және сезімге ықпал етуімен
айрықшаланады.

2.1 Қазақ халық ертегілері ішінде көркемдік қиялға толы, ең
қызықтысы – қиял-ғажайып ертегілердің бала өміріндегі мәні.

Ол балаларды өзінің көркемдігімен, әсемдігімен, тартымдылығымен
баурайды.Олардың қиялын ұштайды, қиындықты жеңуге, қиналған кезде ақылмен
шешімді әрекет етуге, зерек, тапқыр болуға итермелейді. Айналадағы
әдемілікті түсініп, қабылдай білуге үйретеді. Мәселен, Қара батыр деген
ертегіде түрікпен жортуылшыларының қолына түскен Қара батыр деген баланың
төзімділігі, ақылдылығы, кішкене кезден үлкендерден естіп, көңілге
тоқығанын өмірде орынды қолдана білуі суреттеледі. Мәселен, құстарға мұңын
шағып, көмек сұрауда (қарға, сауысқан, тырна, қаз, аққу, қарлығаш, т.б).
олардың өзіндік ерекшелігін, қылықтарын тауып айтуы, қарлығашты өзіне
сенімді дос санай білуі сүйсіндіреді. Ертегідегі мына бір үзіндіге назар
аударайық: Қарлығаш ұшты аспанмен, баланың айтқан жоспарымен, асқар-асқар
таулармен, айдын-шалқар көлдермен, батбақ лай шөлдермен, түрлі-түрлі
жерлермен; қос қанатын қамшылап, аспаннан қатер көрінсе, таса жерді
жамшылап, үстінен тері тамшылап, неше мерзім жерді өтті, нақ отыз күн
болғанда, бір ауылға сол жетті. Мұндағы қарлығаштың қайырымдылығы мен
табиғаттың әсерлі көріністері суреттелетін жерлер баланың ертегіні әсерлі
сезіммен қабылдауына, көркемдік-эстетикалық талғамының дамуына әсерін
тигізеді.
Сондай-ақ әкесінің: Ау, шырағым, құлыным, маңдайымда тұлымым,
көлге біткен құрағым, жалғыз ұлым, шырағым!; шешесінің: Жалғыз біткен
талшыбық, келбетті келген қарағым, бір дерегін білуге, дүниені кезіп
қарадым, аш бурадай жарадым, он екі мүшем сөгілді, аш күзендей бүгілді,
тауарлардың насат тасындай, берік-ақ еді сүйегім, өрт шалғандай
егілді.Қайда да кеттің сұңқарым, үміт еткен тұлпарым, бір көрсетіп алмады,
сол ғана болды-ау іңкәрім; қарындасының: Наркескен деген алмастай, асыл
еді негізің,бірге туған егізім, сен тұрғанда ойлаушы ем арғымақ ат
мінермін, асыл киім киермін, тең құрбымнан ілгері, мен жарқырап жүрермін,
биіктен талап тілермін, ойын-күлкі сауықпен, қызық дәурен сүрермін-деген
жоқтау өлеңдерінде Қара батырдың әдемі келбеті, мінез-құлқы, жақсы
қасиеттері небір тамаша теңеулер арқылы жырланады. Мұндағы әке-шеше мен
баланың аға мен қарындастың арасындағы қарым-қатынас, сыйластық,
сүйіспеншілік,
ізеттілік тыңдаушыларына үлкен ой салып жоғары адамгершілік белестеріне
жетелейді.
Батырлық ерлік жайындағы ертегілер өзінің мазмұны,сюжеті жағынан
қиял-ғажайып ертегілерінің қатарынан орын алады. Өйткені батырлар жайындағы
ертегілердің оқиғасы өте қызықты,адам санасына сыймас фантазияға
толы.Мұндай ертегілердің басты кейіпкері – ғажайып күш иесі,-
батырлар.Ертегідегі оқиға желісі басты кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты
өрбіп отырады.Ерлік-батырлық жайындағы барлық дерлік ертегілерде батырдың
дүниеге келуі сәті адам баласына тән емес таңғажайып құбылыстар арқылы
суреттеледі.Ертегідегі батырға тән сипаттар – олар елі үшін қызмет етеді,
елін жаудан қорғайды, үнемі жорықта жүреді, көпшілік тартыс, қақтығыстарда
жеңіспен оралады. Мәселен , Керқұла атты Кенде бай,ертегісін
алайық.Ертегі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде - Кендебайдың дүниеге
келуі, халқына деген аялы көз қарасының қалыптасуы мазмұндалса, екіншісінде
оның ерлік істері суреттеледі. Бұл ертегілердің ішіндегі өзінің тілі
жағынан да, көркемділік ерекшелігі жағынан да балалар үшін тартымды
ертегінің бірі болып саналады.
Ертегінің басты кейіпкері – Кендебай,Қазанқап деген кедейдің
жалғыз баласы Кендебайдың әкесі құс ұстап, балық аулап күн көреді, шешесі
ау тоқып, жамау жамайды. Күндерде бір күні Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты,
тоғыз ай, тоғыз күн толғанда ол толғатып, босаныпты, торсық шеке, аппақ ұл
тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат
қойыпты.
Ертегінің мазмұны осылайша қызықты да тартымды баяндалады. Ондағы
оқиғалар желісі Кендебайдың дамып, жетілуімен байланысты өте әсерлі
суреттеледі.
Мысалы, Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті;алты күнде
күліпті; сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті;күрескенін жыға
беріпті;шыңырау құдыққа құлаған аттарды жалғыз тартып, шығара беріпті;аң
аулап әкесіне жәрдемдесіпті; бара-бара құлан атыпты; құралайдың көзінен
тигізген мерген болыпты; арқар мен киікті, құлан мен маралды мая-мая қып
үйіп тастапты. Қара судың бойындағы қара үйлі кедейлер қарық болыпты да
қалыпты -деген суреттеулер оның ерен ерлігін, жаста болса қиялының
зеректігін, ойының ұшқырлығын танытады.
Ертегі оқиғасы тыңдарманын өзінің шынайылығымен баурайды.
Кейіпкерлерінің санаушы болуына қарамастан, ертегідегі оқиға желісінің
қандай көркемдік бағытта ұсынатынын байқау қиын емес. Оны ертегідегі мына
көріністен аңғаруға болады. Күндерде бір күні Кендебай аң аулап жүрсе,
Қаратаудың ойында, терең құздық бойында арыстан көкжал бөрі бір буаз биені
жаңа ғана жарып жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды
құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс
етіп аузын қисаңдатып өліпті де қалыпты. Кендебай биенің қасына
келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжармен биенің
қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Талыстай еркек құлын екен.
Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын
күн сайын өсіпті. Алты айдың ішінде кез ат болып шығыпты. Аттың түсі
керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп аң
аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен
жүйрік. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша
жөнелген құланды, көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп құйрығынан ұстайтын
болыпты.
Немесе, Кендебай қайырымды болыпты, жылағанды жұбатып, қысылғанға жәрдем
беріп, өзімдікі дегенді білмепті,жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел
ортақ болыпты. Кендебай батыр атанып,әлемге аян беріпті.
Кейбір ертегілерде олардың адамдарға жасаған қастығының әр
түрлі амал-айламен, алдап – арбаумен, жүзеге асырылуының өзі жасап
суреттелді. Ондай ертегіге балалардың сүйіп оқитын Алтын сақа ертегісін
жатқызуға болады.
Жоғарыда айтылған ертегінің қайсібірі болмасын баланың сана
сезіміне, қиялының дамуына әсер етеді. Яғни баланың қиялын қалыптастырудағы
ықпалының өзі осыдан басталады.
Ертегілер арқылы балалардың шығармашылық қиялы дамиды.
Адамға ауа мен су қандай қажет болса, қиял да балаға сондай қажет.

2.2.Аңыз әңгімелердің бала психикасын дамытудағы ықпалы.

Қазақ халқының оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып ауызша
шығарған көркем шығармаларының елеулі бір саласы- аңыз-әңгімелер.
Аңыз - әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және
тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай
адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған
әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.
Олардың аты, іс ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген,
тек халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.
Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы деректерге
негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын аңыздары болып
кеткен.
Аңыздардың әңгімесі тарихта болып өткен адамдар жайынан алынады
дегенді біз шартты түрде айтамыз. Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын
Алдар көсе, Асан қайғы туралы тарихи деректер жоқ, тек аңыз әңгімелер бар.
Олардың қай ғасырда жасағанын да дәлелдеп айту қиын. Бірақ солардай адамдар
тарихта болуы мүмкін. Ерте кезде жазу-сызууы болмаған халық жаңағы адамдар
жайында тек аңыздар қалдырған, онда тарихи адамдарды ауыз әдебиетінің
кейіпкері етіп жіберген.
Алдар көсе - Қазақ арасында туған аңыз - әңгімелердің бір
сыпырасы Алдар көсе жайында айтылады. Бұлардың бәрінде ол халықтың ақылды –
айлалы ұлы, тапқырлығына қулығы сай, ер көңілді, өжет жігіті болып
суреттеледі.
Алдар көсеге байланысты аңыз-әңгімелер тек қазақта емес,
ағайындас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен елдерінде де бар. Осы
елдерде айтылатын аңыздардың бәрінде Алдар көсе халық ұлы, көпшілік атынан
күреске шыққан, қанаушы тап адамдарымен алысып өткен азамат бейнесінде
келеді.
Алдар көсе жайында қазақ арасында айтылатын аңыз - әңгімелердің
тақырыбы, мазмұны әр алуан болып келеді. Соның бәрі еңбекші бұқараның
тұрғысынан айтылады. Мұны біз Алдар көсе мен Алаша хан, Алдар көсе мен
шық бермес Шығайбай, Алдар көсе мен саудагер т.б. аңыз - әңгімелерден
көреміз.
Ақбоз ат
Бұқарбай жас, балғын еді, сол үшін ақымақтау болатын. Ақ көңіл
адамды екінің бірі алдап кете береді ғой. Бұқарбай да осындай болды. Әкесі
өлгенде, Бұқарбай көп дүниеге ие болып қалғанды. Жап-жаңа үй, бір үйір
жылқы, отарлы қой, тағы басқа мал – мүліктер оның еншісіне тиді. Жас
Бұқарбай атадан қалған мүлік өмір бойы жатып жесем де таусылмас деп ойлап,
өмірін ылғи ғана жолдастарымен ойын – сауықта өткізетін болды. Басқалар
жұмыс істейді, Бұқарбай сауық құрады. Не керегімнің бәрі бар, маған жұмыс
істеу не керек?
Кедейлер жұмыс істесін-деп ойлады Бұқарбай.
Шешесі баласына ылғи басын шайқап:
- Ай, Бұқаржан, мына қылығың жақсы емес ! – деуші еді.
Шешесі бұлай дегенде, Бұқарбай ішінен өмір бойы үйден шықпаған,
бие сауғаннан басқаны көрмеген әйел не білуші еді деп ойлайтын.
Шіркін, алаңғасар жастық–ай! Бұқарбайдың жас жүрегі аласұрып ойнай
береді. Қанша сауық құрса да оған аз көрінді. Байдың дос - жарандары
болады ғой, Бұқарбайдың да досы көп еді Олардың бірінен бірі артық , күні –
түні Бұқарбайдың қасында: қойын жейді, қымызын ішеді, мырзаны мақтайды.
Ойын – сауықтың қызық болуы үшін қымыз, қазы, қозыдан басқа қант, шай, ұн
сияқты қаланың түрлі тәтті тағамдары да керек қой. Бұларды алдыруға ақша
керек. Бұқарбай кәрі шешесіне білдірмей, атадан қалған ақшаны құрта
бастады. Қартайған соң ақшаны өзі де табады мыс.
Күндерде бір күн ақша да бітті. Бұқарбай үйірлеп мал сатуды ойлады,
бірақ шешесінен ұялды: кемпір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
Балалар қиялын дамытуда ертегі әңгімелердің тигізетін ықпалы
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Аңыз ертегілері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Пәндер