Әлемдік қаржы орталықтарының ролі мен іс-әрекеті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет
Халықаралық қатынастар факультеті
“Әлемдік экономика” кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “ Әлемдік қаржы орталықтарының ролі мен іс-әрекеті ”
Ғылыми жетекші
Орындаған студент
“Қорғауға жіберілді”
Кафедра меңгерушісі
““ 2006жыл
Алматы, 2006 жыл
Тақырыбы: Әлемдік қаржы орталықтарының ролі мен іс-әрекеті
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . …3
- ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 7Халықаралық қаржы жүйесінің мәні . . . 7Әлемдік қаржы нарықтары - әлемдік қаржы келісімдерінің орталығы ретінде . . . 11
- ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ МЫСАЛЫНДА) . . . 18
2. 1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау . . . 18
2. 2 Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығы ретінде қалыптасуының негізгі алғышарттары . . . 25
2. 3 Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының негізі ретінде бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың қажеттілігі . . . 33
3 ТАРАУ. ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ . . . …. 43
- Қазақстан Республикасында әлемдік қаржы ұйымдарының іс-әрекеті . . . 43
- Аймақтық қаржы орталықтары мен олардың даму болашағы . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Әлемдік қаржы жүйесі - бұл әлемдік ақшалардың әрекеттесуімен байланысты және елдер арасында шаруашылық байланыстардың сан алуан түрлеріне қызмет көрсететін экономикалық қатынастар (сыртқы сауда, капиталды шетке шығару, пайданы инвестициялау, займ және субсидия бөлу, ғылыми-техникалық алмасу, туризм, мемлекеттік және жеке аударулар және т. б. ) болып табылады. Әлемдік қаржылық жүйенің дамуы және тұрақты қызмет етуі - өндірістік күштердің жоғарылауымен, әлемдік нарықтың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, әлемдік шаруашылықтың жүйесін қалыптастырумен және шаруашылық байланыстардың байланысты. Олар дамыған және тұрақты әлемдік қаржылық институттары болмаса дұрыс қызмет ете алмайды, өйткені әлемдік масштабта қаржы жүйесін қалыптастырудың принциптері - ол, ұлттық заңдары немесе мемлекет аралық келісімдермен бекітілген ақша қатынастарының реттеуі мен ұйымдастыру формасы болып табылады.
Әлемдік қаржы орталықтары - бұл халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операциялары мен бағалы қағаздар, сонымен қатар алтын көмегімен жасалынатын келісімдерді жүзеге асыратын банктер мен арнайы қаржы-несиелік мекемелердің шоғырлану орталықтары болып табылады. Тарихи тұрғыдан алсақ, олар ұлттық нарықтар негізінде, ал кейіннен - әлемдік валюталық, несиелік және қаржы нарықтары негізінде пайда болған [1] .
Бүгінгі таңда мемлекеттің әлемдік экономикалық қауымдастыққа интеграциялауының бағытын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ол әлемдік нарықтар мен ұлттық экономиканың интеграциясымен сипатталады. Халықаралық қаржы және несие қатынастары нарықтық шаруашылық сферасының ең күрделі құрама бөлігі екені бәрімізге белгілі, мұнда ұлттық және әлемдік экономиканың негізгі проблемалары айқындалады. Кез-келген мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа интеграциялануына қарай - тауар, қызмет көрсетудің халықаралық ағымдарының өсуінің қажеттілігі туындайды, бұл әсіресе капиталдар мен инвестицияларға байланысты. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық валюта және несие қатынастары қаржы орталықтарының дамуын алдын ала болжайды.
Бәсеке нәтижесінде Нью-Йорк, Лондон, Цюрих, Люксембург, Франкфурт-на-Майне, Сингапур және т. б. әлемдік қаржы орталықтары қалыптасқаны бәрімізге белгілі.
Қаржы орталықтары әлемнің жетекші компаниялары, қаржы институттарының бар болуымен бизнес-инфрақұрылымы дамыған және коммерциялық опрециялардың қол жетерлігі сияқты, экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Жоғары мамандандырылған жұмысшы күшінің болуы да, қаржы орталықтарын дамытудың негізгі факторларының бірі болып келеді.
Халықаралық қаржы жүйесі мен халықаралық қаржы нарықтары және де халықаралық қаржы орталықтарының қызметі мен ролі шетелдік және ресейлік экономист-ғалымдарымен жете зерттелген. Олардың ішінде Кидуэлл Д., Петерсон Р., Блэкуэлл Д., Хэррис Д. М., Красавина Л. Н., Михайлов Д. М., Рыбалкин В. Е., Максимова Л. М., Котелкин С. В., Первозванский А. А. сияқты ғалымдарды атап кетуге болады. Ал, қазақстандық қаржы жүйесі мәселелерімен және Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығын құру туралы мәселелері мен оның негізі ретінде бағалы қағаздарды қалыптастыру қажеттіліктерінің жеке аспектілерін зерттеумен Сейітқасымов Ғ. С., Исқаков У. М., Жатқанбаев Е., Бохаев Д. Т., Көшенова Б., Аймурзина Б., Гайсин С. және т. б. сияқты қазақстандық экономист-ғалымдар да өз еңбектерінде зерттеген.
Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығын құру идеясы алғашқы рет 1995 жылы айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2004 жылдың 15 қарашасында Алматы қаласында өткен финансистердің IV Конгрессінде «Барлық финансистер мен қаржы институттардың алдына қойған жеті міндеттердің бірі халықаралық қаржы орталығын құру болу керек» деген. “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Алматы - қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі аймақтық орталығы ретінде дамыту» керек екендігі айтылған. Орталық Азия өңірінің басты қаржы орталығы ретінде Алматының серпінді дамуы, Қазақстанның ірі қаржы ұйымдарын өңірлік үлкен бизнес-жобаларға арналған займдар беру, сақтандыру мен қаржы қызметін көрсету саласында негізгі “мердігерлерге” айналдыру үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу мақсатында бағытталуғы тиіс.
Қаржы орталығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылымдар, соның ішінде, ең алдымен - телекоммуникациялар жүйесін жасақтап дамыту қажет. Сонымен қатар, іскерлік қасиетімен танылған әрі осындай орталықтар мен сырт жерлерде еркін аймақтар құру жөніндегі жұмыс тәжірибесі мол мықты менеджерлер тарту қажеттілігі де анық.
“Еркін” қаржы-экономикалық аймақтарында ілеспе қызмет көрсету нарығын дамытуға да ерекше назар аудару қажет” делінген [2] .
Оңтүстік астананың Алматы қаласында аймақтық қаржы орталығын құру жағдайларына сай келетіні туралы әр түрлі деңгейде қызмет етушілер мен ғалымдар көп ойларын айтты. Алматы қаласының Іле Алатауы тау бөктерінде орналасу фактісінің өзі, тек өмір сүру және дем алуға тартымды жер ғана болып қоймай, сонымен бірге бизнесті дамытуда да ең қолайлы жер болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның Оңтүстік астанасы Алматы қаласы - өзінің саяси, қаржы, өнеркәсіптік, мәдени, спорттық, туристік және ғылым орталығы, білім беру ортасы ретінде тартымдылығын сақтай отырып, елдің ең динамикалы түрде дамып келе жатқан аймағы болып табылады.
Қаржы секторын алатын болсақ, Алматы қаласында Қазақстанның қаржы институттарының шоғырлану орталығы, мықты қаржы нарықтарын құрған басқа елдердің филиалдары, өкілдіктері орналасқан. Екінші деңгейдегі 35 банктің жиырма тоғызы осы қалада шоғырланған, соның ішінде, ең ірілері «Казкоммерцбанк», «Халық банкі», «ТұранӘлем банкі», «Қазақстан халық жинақтау банкі», «АТФ банк», «Банк Центр кредит» болып табылады. Сонымен бірге, Алматы қаласында көптеген жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары да орналасқан.
Экономика ғаламдануының қазіргі кезеңінде, қаржы әрекеті халықаралық экономикалық қатынастардың дамып келе жатқан саласы болып табылады. Оның ең масштабты секторы болып капиталдардың халықаралық орын ауыстыруы болады, ол тауар саудасына қарағанда жылдам өседі. Қазіргі кезде әлемде осы сектор бәсекеге түсетіні жайында жоғарыда айтылып кеткендей, бірнеше негізгі орталықтар бар. Ұзақ уақыт бойы әлемде капиталдың ең басты экспортері ролінде Америка болды. XX ғасырдың соңғы он жылында Германия, Англия, Франция сияқты Батыс Еуропа елдері өзінің шетелдік инвестицияларының масштабы бойынша Американы әлдеқайда озды. Үшінші қаржы орталығы болып Жапония саналады. Сонымен бірге соңғы жылдары жаңа қаржы базалары қалыптасты, әсіресе Сауд Аравиясы, Кувейт, БАЭ сияқты бай елдері өзінің 80% мұнайдоллары өндірісін дамыған елдерге бағыттап отыр.
Осыған орай дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Оңтүстік астанасы Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы ретінде құрылуы және дамуына байланысты әлемдік қаржы орталықтарының іс-әрекеттері мен алатын ролін анықтап негіздеу және кейбір тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы қойылған мақсат келесі міндеттерді шешу керектігін алдына қояды:
- халықаралық қаржы жүйесінің, әлемдік қаржы орталықтарының теоретикалық негізін талдап қорытындылау;
- ұлттық қаржы жүйесін бағалау үшін Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау;
- Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы ретінде қалыптасуының алғышарттарын анықтау;
- Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының негізі ретінде болатын бағалы қағаздар нарығының жалпы жағдайы мен оның даму деңгейін баяндау;
- Қазақстанда қызмет ететін халықаралық ұйымдардың іс-әрекетін талдау;
- Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығы ретінде қалыптасуының тәжірибелік ұсыныстарын дәлелдеу.
Әлемдік қаржы орталықтарының қалыптасуы мен дамуы және іс-әрекеттерінің мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалым- экономисттерінің еңбектері мен зерттеулері теоретикалық негіз болып табылды. Әлемдік қаржы орталықтарын және басқа осыған жақын салалардағы іс-әрекеттерді реттейтін заң шығаратын нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің, Өкіметтің және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының мемлекеттік бағдарламалары және басқа да ресми құжаттар - зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын құрады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің мәліметтері бітіру жұмысының ақпараттық негізгі қайнар көзі болды.
Бітіру жұмысы құрылымы бойынша кіріспе, үш тараудан, түйіндеу мен ұсыныс түрінде жасалған қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының әрбір бөлігі алдына қойылған мақсат пен міндеттерін толығымен қамтыған.
- ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ. Халықаралық қаржы жүйесінің мәні
Халықаралық қаржы жүйесі ол тауар, капитал және жұмысшы күші қозғалысына байланысты елдер арасында пайда болатын валюталық, несиелік, есеп-айырысу және төлемдік қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Халықаралық қаржы қарым-қатынастары материалдық өндіріс сферасына да, сонымен бірге тарату, алмастыру, тұтыну сферасына да жататын халықаралық экономикалық қатынастарды жанамалайды. Қаржылық қатынастардың объективті негізі ретінде тауарлар, капиталдар, қызмет көрсетулердің халықаралық алмасуын туындататын қоғамдық ұдайы өндіріс процесі болып табылады. Қаржылық қатынастардың хал-жайы ұлттық және әлемдік экономика, саяси жағдайымен, елдер мен аймақтар арасында күштердің ара-қатынасымен анықталады. Халықаралық қаржылық қатынастарында саясат пен экономика, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда, жеке елдердің экономикалық және қаржы саясаты тығыз байлансытып жатыр.
Халықаралық қаржы қатынастары ұдайы өндіріс қатынастарынан туындайды, бірақ біршама дербестілікке ие және оған кері әсер етеді. Шаруашылық өмірдің жалпы интернационализациясы болу жағдайында әлемдік өндіріс динамикасына, ғылыми-техникалық даму темпына, тауар мен қызмет көрсетулердің халықаралық алмасу интенсивтілігіне, капиталдардың құюларына сыртқы факторлардың әсері күшее түседі. Жеке елдер, аймақтар және бардық әлемдік шаруашылықты дірілдететін халықаралық қаржы қатынастарының тұрақсыздығы, қаржы кризистері ұдайы өндіріс процесіне теріс әсер етеді.
Халықаралық қаржы жүйесінің қызмет жасау сипаты әлемдік шаруашылық құрылымы мен қажеттіліктеріне, алдыңғы қатарлы елдердің күштері мен мүдделерінің ораналасып қоюларына қаншалықты сәйкес екеніне байланысты болады. Осы сәйкестілік бұзылғанда халықаралық қаржы жүйесінің кризисі болады, ол оның қызмет жасауының негізгі принциптерін трансформациялау арқылы шешіледі.
Әлемдік шаруашылық халықаралық қаржы жүйесіне белгілі бір талаптар қояды, ол өз кезегінде мынаны қамтамасыз ету керек [3] :
- сенімге кірген төлем құралдарының жеткілікті санымен халықаралық алмасу;
- валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығы;
- ақша ресурстары жеткілікті елдерден ақша ресурстары жетпейтін елдерге олардың еркін жылжуы;
- сенімді есеп-төлем механизмдері;
- халықаралық экономикалық қатынастарға қатысатын барлық елдердің мүдделерін ескеру;
Халықаралық қаржы жүйесінің ең қарапайым құрылымдық элементі ұлттық қаржы жүйесі болып келеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, алдымен, ұлттық қаржы жүйесі пайда болған, ал сонан кейін халықаралық құқықтық нормаларды ескере келе, олардың ұлттық заңдармен реттелуі бекітіліп отырды. Кейінірек, елдер арасында шаруашылық байланыстарының дамуы бойынша, халықаралық қаржы қатынастары біртіндеп белгілі бір ұйымдастыру формасына ие болды. Халықаралық қаржы қатынастарын ұйымдастыру және реттеу формалары XIX ғасырдың ортасында халықаралық қаржы жүйесінің ерекше қызмет жасау және басқару механизмін қалыптастырды.
Халықаралық қаржы жүйесі мемлекет аралық қатынастарды өзіне енгізетіндіктен, ол ұлттық заңға бағынбайды. Бірақ бұл халықаралық қаржы сферасында толық анархия билеп тұр дегенді білдірмейді. Халықаралық қаржы жүйесі деңгейінде процестерді реттеу екі- немесе көпжақты мемлекетаралық келісімдер арқылы және ұлтық-халықаралық несие-қаржылық ұйымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық және халықаралық қаржы жүйесінің өзара байланысы сыртқы экономикалық әрекетті қызмет көрсететін ұлттық банктер арқылы, сонымен бірге мемлекет аралық қаржы-несиелік реттеу және әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің қаржылық саясатын координациялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық қаржы жүйесін құру ұлттық қаржы жүйесін толығымен қосылуын білдірмейді. Олар өздерінің дербестілігін сақтайды және өзінің ұлттық мақсаттары мен мүдделерінен сәйкес едәуір қызмет жасайды. Бірақ-та халықаралық қаржы жүйесінің ұлттық қаржы жүйесіне әсері өте үлкен.
Ұлттық қаржы жүйесінің даму ерекшеліктері елдің даму деңгейі, экономикасының хал-күйі әне сыртқы экономикалық байланыстарына байланысты болады. Ұлттық қаржы жүйесінің әлемдік қаржы операцияларына қатысуы біршама факторлармен анықталады:
- шаруашылықтың әлемдік жүйесінде елдің алатын орны мен оның валюта-экономикалық потенциалы;
- дамыған несиелік жүйесі мен жақсы ұйымдастырылған қор биржасының бар болуымен;
- салық салудың орындылығы;
- шетелдік заемшының ұлттық нарыққа және шетелдік бағалы қағаздың қор биржасына кіруге рұқсат беретін валюталық заңдар ерекшеліктері;
- ыңғайлы географиялық орналасуы;
- саяси режимнің біршама тұрақтылығы және т. б.
Ұлттық қаржы жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Шаруашылық өмірдің жағдайында, ұлттық қаржы жүйесі ұлттық шекарадан шыға бастайды. Қазіргі замаңғы халықаралық қаржы жүйесінің сипаттық ерекшелігі ол көрші елдердің экономикалық және валюталық интеграция базасы негізде жаңа құрылымдық бірліктер - аймақтық жүйелердің пайда болуы болып табылады.
Батыс-европалық қаржы жүйесі ең аяқталған формасына ие. Бұл жүйе Европалық одақ рамкасында Батыс Европа елдерінің терең экономикалық және валюталық интеграция нәтижесінде пайда болды. Батысеуропалық интеграцияның бірінші кезеңінде 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастықты құру туралы Римдік келісімге қол қойылғаннан кейін және 60-жылдардың соңына дейін Қауымдастықтың алты ел-қатысушыларының кедендік одағы құрылды. Осы кезеңде кеден салығы жойылды, екі жақты саудада сандық шектеулер алынып тасталынды, үшінші елдерге қатысты біріңғай кедендік тариф енгізілді.
1993 жылы аяқталған екінші кезеңде біріңғай ішкі нарық құру мақсаты шешіліп жатты, онда “төрт еркіндік” деп аталатындар қамтамасыз етіледі: тауарлар, қызмет көрсетулер, капиталдар және азаматтардың (жеке тұлғалардың) еркін қозғалуы. Осы кезеңде Еуропалық одақтың елдер-қатысушыларының экономикалық және валюталық саясатының кейбір бағыттарын координациялау қамтамасыз етілді. Еуропалық одақ деңгейінде біріңғай нормалар мен ережелер шыға бастады, оған өзінің экономикалық және валюталық саясатында елдер-қатысушылар бағынды. Еуропалық одақ елдерінің ұлттық қаржы жүйелері қосыла бастады, атап айтсақ Еуропалық валюталық жүйе рамкасы негізінде. 70-жылдардың соңынан бастап, еуропалық есептік валюталық бірлік - ЭКЮ (European Currency Unit) қызмет жасай бастады, ол 1999 жылдың басында басқа біріңғай ақша бірлігі - Евроға орын берді. Батыс Еуропа интеграциясы арқасында бағалы қағаздар, несиелер біріңғай евронарығы қалыптасты. Осының нәтижесінде біріңғай экономикалық кеңістік қалыптастыруға, экономикалық және валюталық одақ бағытында Еуропалық одақтың ары қарай жылжуына жағдайлар туындады.
Еуропалық одақтың қазіргі заманғы даму кезеңі 1993 жылдың қараша айында қабылданған Маастрих келісімімен байланысты, онда 1999 жылдың басынан бастап экономикалық және валюталық одақтың үшінші кезеңіне өту және біріңғай валюта - евроны енгізу міндеттері қойылды. Экономикалық және валюталық одақтың үшінші кезеңіне дайындалу үшін 1994 жылы Еуропалық валюталық институт құрылған - Еуропалық орталық банкінің болашақ үлгісі және жол салушысы. Еуропалық орталық банкінің толыққанды қызмет жасауы 1999 жылдың қантар айынан бір уақытта евроны енгізумен басталды. Орталық банктер және евро зонасының 11 ел-қатысушыларымен бірге Еуропалық орталық банкісі Еуропалық орталық банктердің Жүйесін құрады.
Функционалды көзқарастан алатын болсақ, халықаралық қаржы жүйесі келесі құрылымдық бөліктерден тұрады [4] .
- халықаралық валюталық жүйе;
- халықаралық есептік-төлем жүйесі;
- халықаралық несие жүйесі;
- халықаралық несие-қаржылық ұйымдар.
Халықаралық қаржы жүйесі капиталдың айналымы процесінде қалыптасатын ақша капиталының тұрақты құюлуын қамтамасыз етіп отырады. Халықаралық қаржы ағымдары ұдайы өндірістің материалды процестерінің көрінісі болып табылады. Олардың көлемі, бағыты, құрылымына мыналар әсер етеді:
- Әлемдік экономиканың хал-жағдайы. Өндірістің басылуы елдер арасында сыртқы экономикалық байланыстардың азаюына алып келеді, капиталдар ағымының спекуляциясын жоғарылатады. Керісінше, экономикалық өсу жағдайында сыртқы экономикалық байланыстар кеңейеді, ол қаржы ағымының қозғалысын ынталандырады.
- Елдер арасында сыртқы сауда байланыстарының либерализациялау процестері дамиды, соның ішінде кедендік тарифтер және басқа да шектеулерді төмендеті не жою өзара сауда қатынастарын жоғарылатады.
- Әр түрлі себептер әсерінен жеке елдер экономикасын құрылымдық қайта құру: АҚШ-та әскери шығындар және өндірістің қысқартылуына байланысты, Германияда - бұрынғы ГДР экономикасымен интеграциялау процесі жүру бойынша, Ресей және басқа постсоциалистік елдерде - “ашық” экономикаға өтуге байланысты.
- Өндірістің шетелге масштабты түрде тасымалдау, соның ішінде қоршаған ортаны ластайтын, немесе жоғары технологиялық өндірісті арзан жұмыс күші бар елдерге тасымалдау, мысалы, АҚШ-тан - Мексикаға, Жапониядан - Оңтүстік-Шығыс елдеріне, Батыс Европадан - Шығыс Европаға.
- Капиталды шетке шығарудың едәуір мөлшерлері өзінің өсу темптері бойынша тауар және қызмет көрсету саудасынан асып кетеді.
- Балансталмаған халықаралық есептердің өсуі алдыңғы қатарлы елдердің төлем баланстарының дефициті салдары ретінде.
Халықаралық қаржы ағымдары, әдетте ақша формасында, әр түрлі қаржы-несиелік құралдар түрінде болады. Олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысына және әлемдік нарықта бәсекелесетін агенттер арасында ақша капиталының ел аралық үлестіруге қызмет көрсетеді. Халықаралық қаржы ағымдарының қозғалысы келесі каналдардан болады:
- Тауар мен қызмет көрсетуді сату-сатылуының валюталық-несиелік және есептік қызмет көрсетулері;
- Негізгі және айналым капиталға шетелдік инвестициялар;
- Бағалы қағаздар және әр түрлі қаржы құралдармен операциялар;
- Валюталық операциялар;
- Ұлттық табыстың бір бөлігін бюджет арқылы дамушы елдерге көмек түрінде және елдердің халықаралық ұйымдар және т. б. жарна үлестіру; . Әлемдік қаржы нарықтары - әлемдік қаржы келісімдерінің
орталығы ретінде
Келісім объектісі ретінде ақша капиталы болатын нарықтық қатынастардың спецификалық сферасы ретінде әлемдік валюталық, несиелік және қаржы нарықтары болып келеді. Функционалды көзқарас тұрғыдан - бұл ұдайы өндірістің үздіксіздігі және рентабельдігі мақсатында әлемдік қаржы ағымдарын жинақтау және үлестіруді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі болып табылады. Институционалды көзқарастан қарайтын болсақ, ол халықаралық қаржы ағымдарының қозғалысы жүзеге асатын банктер, арнайы қаржылық-несиелік мекемелер, қор биржалар жиынтығы болады.
Әлемдік валюталық, несиелік және қаржы нарықтары дамуының объективті негізі - ол іс-әрекеттегі капиталдың айналым заңдылығы. Бір учаскілерде уақытша бос капиталдар босатылады, ал басқа учаскілерде әрдайым оларға сұраныс пайда болып отырады. Капиталдар іс-әрекетсіз отыра алмайды. Ол олардың табиғаты мен нарықтық экономика заңдарына қарама-қайшы болады. Әлемдік валюталық, несиелік және қаржы нарықтары осы қарама-қайшылықты бүкіләлемдік шаруашылық деңгейде шешеді. Нарықтық механизм арқылы уақытша бос ақша капиталдары жаңадан капитал айналымына тартылады, ол ұдайы өндіріс және кәсіпкерлер пайдасы процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz