Ғылымның тарихи-әлеуметтік жағдайлары



Ғылым пайда болғаннан бергі 2,5 мың жыл бойы ол ұдайы дамуда, өйткені ол адамның үздіксіз дүниетану процесінің, бүгін білмегенді ертең білуге бағытталған практикалық іс әрекетінің нәтижесі, қорытындысы. Ғылым мазмұны жағынан тереңдей түсіп, көлемі жағынан ұлғая түседі. Бірақ ғылымның даму процесі әрдайым біркелкі жүре бермейді: білім кейде инемен құдық қазғандай там-тұмдап жинақталса, ал енді бірде бұған дейінгі дүние жайлы көзқарасты, түсінікті мүлдем өзгертетіндей жаңалық ашып, түбірлі сапалық өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Ғылымның пайда болуы біздің эрамызға (дәуірімізге) дейінгі УІ-У ғғ. деп есептеледі, өйткені оның тууына қажетті тарихи-әлеуметтік жағдайлар осы кезде қалыптасты — осы кезде Ертедегі Грецияда алғашқы теориялық системалар (Фалес, Демокритгің т.б. ілімі) туды, ал теориялық системалар бұған дейінгі мифологиялық түсініктердің негізсіздігін көрсетіп, ғылыми білімдерге жол ашты. Ғылымның тууы үшін, сонымен қатар, материалдық өндірістің жоғары деңгейде дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгерісі, дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегін бір-бірінен бөліп тастап, ғылыми еңбекпен арнайы айналысатын адамдар тобының пайда болуы қажет еді. Сол кезден бергі ғылым тарихы оның дамуының бірқатар жалпы заңдылықтары мен логикасын ашып берді.
Ғылым дамуының XX ғ. дейінгі сипаттамасынан, түсінігінен қазіргі заманғы түсініктің елеулі айырмашылығы бар. Бұрын ғылымда ғылыми білім үздіксіз осіп, жиналады, жаңа ғылыми жаңалықтар ұдайы жинақтала отырып, табиғатты танып білудің түрлі бағыттарына аса күшті әсер етуі тиіс деп қарайтын. Ал казір ғылымның даму логикасы басқаша екені анықталды: ғылым жаңа фактілер мен идеялардың үздіксіз жинақталуы нәтижесінде ғана күн сайын дамымайды, табиғат жайлы бұған дейінгі көзқарасты, түсініктерді түбірінен өзгертетін аса ірі теориялық жаңалықтар ашылуына байланысты дамиды екен. Сонда жайлап жүріп

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ғылымның тарихи-әлеуметтік жағдайлары

Ғылым пайда болғаннан бергі 2,5 мың жыл бойы ол ұдайы дамуда, өйткені
ол адамның үздіксіз дүниетану процесінің, бүгін білмегенді ертең білуге
бағытталған практикалық іс әрекетінің нәтижесі, қорытындысы. Ғылым мазмұны
жағынан тереңдей түсіп, көлемі жағынан ұлғая түседі. Бірақ ғылымның даму
процесі әрдайым біркелкі жүре бермейді: білім кейде инемен құдық қазғандай
там-тұмдап жинақталса, ал енді бірде бұған дейінгі дүние жайлы көзқарасты,
түсінікті мүлдем өзгертетіндей жаңалық ашып, түбірлі сапалық өзгеріске
ұшырауы мүмкін.
Ғылымның пайда болуы біздің эрамызға (дәуірімізге) дейінгі УІ-У ғғ.
деп есептеледі, өйткені оның тууына қажетті тарихи-әлеуметтік жағдайлар осы
кезде қалыптасты — осы кезде Ертедегі Грецияда алғашқы теориялық системалар
(Фалес, Демокритгің т.б. ілімі) туды, ал теориялық системалар бұған дейінгі
мифологиялық түсініктердің негізсіздігін көрсетіп, ғылыми білімдерге жол
ашты. Ғылымның тууы үшін, сонымен қатар, материалдық өндірістің жоғары
деңгейде дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгерісі, дене еңбегі мен ақыл-ой
еңбегін бір-бірінен бөліп тастап, ғылыми еңбекпен арнайы айналысатын
адамдар тобының пайда болуы қажет еді. Сол кезден бергі ғылым тарихы оның
дамуының бірқатар жалпы заңдылықтары мен логикасын ашып берді.
Ғылым дамуының XX ғ. дейінгі сипаттамасынан, түсінігінен қазіргі
заманғы түсініктің елеулі айырмашылығы бар. Бұрын ғылымда ғылыми білім
үздіксіз осіп, жиналады, жаңа ғылыми жаңалықтар ұдайы жинақтала отырып,
табиғатты танып білудің түрлі бағыттарына аса күшті әсер етуі тиіс деп
қарайтын. Ал казір ғылымның даму логикасы басқаша екені анықталды: ғылым
жаңа фактілер мен идеялардың үздіксіз жинақталуы нәтижесінде ғана күн сайын
дамымайды, табиғат жайлы бұған дейінгі көзқарасты, түсініктерді түбірінен
өзгертетін аса ірі теориялық жаңалықтар ашылуына байланысты дамиды екен.
Сонда жайлап жүріп жататын эволюциялық өсудің орнына терең мазмұнды ғылыми
революция болады.
Ғылымның даму процесі ғылыми білім қорының тек жинақталуынан ғана
көрінбейді. Ол сонымен қатар ғылымның бүкіл құрылысын да өзгеріске
ұшыратады. Әрбір тарихи кезеңде ғылыми таным түбірлі ғылыми категориялар
мен ұғымдарды, әдіс-тәсіддср мен принциптер сияқты танымдық формалардың
белгілі бір жиынтығын, яғни ойлау стилі деген ұғым қамтитын таным
аспаптарын пайдаланады. Мысалы, антик заманының ғылыми ойлауы бақылауды
жаңа білім алудың негізгі тәсілі деп түсінген болса, жаңа дәуір (17-18 ғғ.)
ғылымы экспериментке және талдау әдісіне сүйенді, ал қазіргі заманғы ғылым
зерттелетін объектілерді біртұтас және жан-жақты қарастыруға тырысады.
Ғылыми революция мәселелерімен көп айналысқан, физиканың тарихын
зерттеуші американдық философ Т.Кун ғылыми танымның даму логикасын,
құрылымдық моделін (нұсқасын - Ә.Т.) білдіретін ұғымдар системасын ұсынып,
оны "парадигма" деген жаңа терминмен атады; оны сөзбе-сөз аударғанда "үлгі"
деген ұғымды, яғни белгілі бір уақыт ішінде ғылыми қауымдастықка зерттеу
проблемаларын ұсынып, оларды шешудің моделін көрсетіп беретін, көпшілік
мойындаған ғылыми жетістіктерді білдіреді. Т.Кунның пікірінше, “парадигма”
бүкіл ғылыми қауымдастық мойындаған теорияны да, зерттеу әдіс-тәсілдерінің
стандартты жүйесін де, ғылыми жұмыстар практикасының ережелерін де
білдіреді. Ғылыми қауымдастық қабыл алған парадигмалар ұзақ жылдар бойы
ғалымдардың назарын өзіне аударған проблемаларды анықтап береді, сөйтіп
олардың айналысып жатқан зерттеулерінің нағыз "ғылымилығының" ресми
дәлелдемесі сияқты болып табылады. Кун ғылым тарихындағы парадигмаларға,
мәселен, Аристотельдің динамикасын, Птолемейдің астрономиясын, Ньютонның
механикасын т.б. жатқызды. Ескі парадигмалардың жаңамен ауысуын ғылыми
революция деп санады. Оның нақты мысалы — классикалық физиканың (Ньютондық
физиканың) орнына Эйнштейннің релятивистік (салыстырмалы) физикасының
келуі.
Ғылымның жалпы даму барысында оқтын-оқтын революциялық өзгерістер
болып тұратынына қазіргі кезде ешбір ғалым күмән келтірмесе керек. Алайда,
"ғылыми революция" деген ұғымның мазмұнын әркім әртүрлі түсінбес үшін, оның
логикалық ғылыми мәнін ашып алу қажет.
"Революция" деген сөз қазақ тілінде төңкеріс дегенді білдіретіні
белгілі. Бұл сөзді ғылымға қолдансақ ол ғылымның барлық элементтерінің,
фактілердің, заңдылықтардың, теориялардың, дүниенің ғылыми көрінісінің
(бейнесінің) түбірлі өзгерісін білдіруі тиіс. Әрине, дәл және айқын
анықталған фактіні өзгерту мүмкін емес, өйткені ол адамның еркін тәуелсіз
болатын құбылыс. Бірақ ғылым үшін маңыздысы - фактінің өзі емес, оның
ғылыми түсіндірмесі, мәні. Белгілі бір тұрғыдан жасалған түсініктеменің
мазмұнына қатысы жоқ фактінің ғылымға керегі жоқ. Тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным және ғылым философиясы
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Еңбек социологиясы
Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде
Ғылым туралы пікірталастар: сциентизм және антисциентизм
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі – сараптама жайлы ақпарат
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Ғылыми теорияның қурылымы
Құқық бұзуға бейім мінез - құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы
Гегель мектебі тарихи үрдіс концепциясы
Пәндер