Қазақстанның егемендік алуы және дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. КСРО.ның күйреу себептері туралы
1.1 КСРО.ның ыдырауы және ТМД.ның құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ІІ. Қазақстанның егемендік алуы және дамуы
2.1 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік.экономикалық және саяси жағдайлар ..23
2.2 Қазақстан республикасының сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3 Республикамыздағы мәдени құрылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Пайдалынлған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
КСРО-НЫҢ КҮЙРЕУІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЕГЕМЕНДІК АЛУЫ

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. КСРО-ның күйреу себептері туралы
1.1 КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ІІ. Қазақстанның егемендік алуы және дамуы
2.1 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Қазақстан республикасының сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3 Республикамыздағы мәдени құрылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

Пайдалынлған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
Кіріспе

“Қасиетті қазақ жері –
ата-бабаларымыздың даңқты
тарихын атының тұяғымен
жазып кеткен жер”
Н.Ә.Назарбаев

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Еуразияның
кіндік тұсында жаңа мемлекеттің пайда болып, көк жалауын желбіреткеніне
міне 15-ші жылға аяқ басып барады. Осы он жылдан астам уақыт аралығында
елімізде бір ғасырға татырлық оқиғалар болып өтті. Біздің мемлекетіміздің
тәуелсіздікке қарай басқан әрбір қадамын оңай болды деп ешкім айта алмас.
Өйткені, жас мемлекетіміздің алдында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін
оны орнықтыру, қалыптастыру, нығайту сияқты қыруар жұмыстар тұрған болатын.
Оның үстіне бұл жұмыстардың барлығын кеше ғана тоталитарлық режимде болып,
демократияның не екенін білмеген елде және жоспарлы экономикадан бірден
нарықтық қатынасқа көшкен елде іске асыру өте қиын болатын. Десек те, осы
он жылдан астам уақыт аясында біраз шаралардың атқарылғаны белгілі.
Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы
қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-ға жуық ұлттар мен
ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді.
Саяси салада демократиялық қоғамды бетке ала отырып, кең көлемді саяси
процестерді атқарудың сәті түсті. Кейбір ішкі саяси дағдарыстарға
қарамастан Республикамызда Президенттік басқару орнығып, билік
құрылымдарының барлық сатыларының рөлі белгіленіп, ішкі саясат саласының
басты стратегиялары айқындалып іске асырылып келеді.
Экономикалық салада еліміз нарықтық қатынас жолын таңдай отырып,
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалыптсқан экономикалық дағдарысты,
бағаның құнсыздануын жеңе білді, ішкі өнім тұрақтанып келеді. Соның
нәтижесінде нарықтық қатынас жүйелері біршама қалыптасып, экономикалық өсу
көрсеткішіне қол жеткізілді. Еліміз шетелдік инвестицияны тартуда бұрынғы
одаққа кірген елдердің алдыңғы қатарына шықты.
Сырқы саясат саласында Қазақстан Республикасы қолында ядролық қаруы
бола тұрса да, одан бас тартқан тұңғыш ел болды. Сол арқылы ол барлық
елдермен тең құқықты, тең дәрежелі ашық саясат жүргізетінін паш етті.
Қазақстан Республикасының басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сырқы саясат саласында
салиқалы-сабдарлы қадам жасау, көптеген бейбітшілікке бағытталған ұсыныс-
пікірлері, нақты шараларды іске асыруы еліміздің сырқы саясатын баянды ете
түсті.
Мәдени-рухани салада баяу да болса тіліміз, әдет-ғұрып, салт-
дәстүріміз қанатын кеңге жайып дамып келеді. Қазақ тілі мемлекеттілік тілге
айналды. Рухани жан-дүниеміз жаңарып, көптеген мәдени құндылықтарымызбен
қайта қауышудамыз. Мәдени процестер саласында көптеген нәтижелерге қол
жеткізілді. Қазақ ұлтының өнері әлемдік ареналарға шығып өзінің лайықты
бағасын алуда.
Тақырыптың тарихнамасы. Тақырыптың зерттелеу мазмұнына тоқталар болсақ,
тәуелсіздік құжаттары бітіру жұмысымыздың негізгі дерек көздері болып
табылады. Бұл тұрғыда тәуелсіздіктің алдыңғы баспалдағы болып табылатын
1990 жылы 25 қазандағы қаулысымен қабылданған Қазақ ССР мемлекеттік
егемендігі туралы Декларацияны 1 айтуымызға болады. Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы Заңы 2, 1993 3 жылы
қабылданған және 1995 4 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституцияларында, Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер
өзінің көріністін тапты. Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде
болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын
болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент
Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы”5 деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты
еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп
берді. “Қазақстанның болашағы – қоғамдық-идеялық бірлігінде” 6 атты
еңбегінде Елбасымыз тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп, нығаюында қоғамдық
ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтыды. “Ғасырлар
тоғысында”, 7 одан кейін шыққан “Тарих толқынында” 8 атты аса күрделі
еңбектерінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың
басты шарты – қазақтар мен орыстардың және басқа да этнос өкілдерінің
достығын нығайту, Орталық Азия халықтарының бірлігін сақтау, аймақтың тең
құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінің қуатты факторы ретінде
бірлікті нығайту ең басты өзегі ретінде қарастырады. Н.Ә.Назарбаевтың
өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері, соңғы жылдардағы Қазақстанда
болған саяси және экономикалық өзгерістер туралы жазылған “Әділеттің ақ
жолы” 9 еңбегі әрбір Қазақстандық үшін құндылығын арттыра түседі.
Мемлекетіміздің Конституциясы талаптары мен қағидаларын іске асыруда
Президентіміздің “Қазақстан - 2030” 10 бағдарламасының маңызы ерекше.
Сондай-ақ бітіру жұмысымызды жазу барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
“Сындарлы он жыл”, 11 “На пороге ХХІ века” 12, “Без правых и левых”
13 , 2005 жылғы “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы” 14 т.б. еңбектері кеңінен қолданыс тапты.
Осы уақыт ішінде КСРО-ның күйреуі мен Тәуелсіз Қазақстанның тарихы
туралы көптеген жаңа очерктер мен кітаптар, жинақтар мен монграфиялық
еңбектер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жарық көрді. Қ.С. Қаражанов 15

Ал енді біз бұл жұмысты жазу барысында С.Абдильдиннің “Парламент
Казахстана: от Союза к государственности” 16, Е. Бабақұмаров., Ю
Бөлектаев., К.Көшербаевтың “Казахстан сегодня: мир политических партий”
17, Ж.Х Жүнісованың “Республика Казахстан: Президент. Институты
демократии”18 еңбектері КСРО-ның ыдырауы және Қазақстанның егемендік
алуын жайындағы зерттеулері басшылыққа алынды. К.В. Жигалов.,
Б.К.Сұлтановтың “Первый Президент Республики Казахстан – Н.Назарбаев” 19
атты еңбегінде Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық-саяси қызметі жайында баяндалады.
Д.И.Салқынбектің “Тәуелсіз Қазақстанның тарихы” 20 атты еңбегі және
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, қазіргі
уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Автор осы жылдар аясында КСРО-ның ыдырап
ТМД-ның құрылуы, сондай-ақ елімізде бөлып өткен саяси процестер мен ішкі,
сыртқы жағдайларды жан-жақты ашып, нақты деректермен талдайды.
Республикамыз тәуелсіз ел ретінде әлемдік ақпарат кеңістігіне енген
қазіргі таңда жалпы бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде баспасөз
тарихына деген теориялық және практикалық көзқарас өзгерді. 1991 жылдың
аяғынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан Республикасының тарихын,
мәдениетін, қоғамдық-саяси т.б. жағдайларын зерттеуде, ұлттық баспасөздің
алар орны өзгеше. Қазақ баспасөзін тарихи дерек ретінде зерттеген тарихшы
ғалым Қ.Атабаевтың “Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі” 21
еңбегін ерекше атап өтуге болады. Ғалым бұл еңбегінде баспасөз тарихын
қоғам тарихымен байланыстыра зерттеуді ұсынады. Сонымен бірге, ұлттық
баспасөздің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын еліміздің тәуелсіздік
алуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін
айқын бейнелеу мерзімді басылымды Қазақстан тарихы дерегі ретінде алатын
орнын, атқаратын қызметін жан-жақты ашып көрсетіп, бұл басылымдардың
қоғамдық саяси өмірге қатысты жаңа тың мәліметтер беретінін баса айтады.
Тәуелсіз еліміздің тілін, экономикасын, қоғамдық-саяси өмірі мен мәденитеті
т.б. мәселелері қазіргі қазақ баспасөздерінде жиі жазылып та айтылып та
жүр. “Ана тілі”, “Жас Алаш”, “Егемен Қазақстан”, газеттерінің тақырыбының
ауқымдылығы, актуальдығы жағынан жоғары тұрғандығын баса айту қажет.
Б.Белғара “Қазақстан баспасөзіндегі мемлекеттік тіл мәселесі” 22 атты
кандидаттық ғылыми диссертациясында Қазақстандық мерзімді басылымдардың тіл
мәселесін көтері, қазақ баспасөзінің ана тілі үшін арпалысы, мемлекеттік
тіл саясаты – Қазақстандық саяси ахуалдың ажырамас бөлігі екендігін айтады.

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және
мәдени өмірін зерттеуде, “Қазақ тарихы”, “Ақиқат” т.б. журналдары кеңінен
қарастырылды.
Қазақстанның егеменді мен тәуелсіздігіне қатысты жоғарыда айтылған
әртүрлі деңгейдегі зерттеулерді қарастыра келіп, біз бітіру жұмысымызда
қазіргі уақытқа дейін зерттелмеген, ғылыми талдау жасалмаған Тәуелсіз
Қазақстанның Республикамыздағы тарихы мен мәдениті т.б. мәселелері алда әлі
де ғылыми талдауды, сараптауды қажет етеді деп санаймыз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысы КСРО-ның күйреу себептері
мен Қазақстанның егемендік алып, қазіргі таңда дамуы барысында орын алған
проблемалық мәселелердің себебін анықтауды мақсат ете отырып, осы тәуелсіз
еліміздің тарихын, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени дамуын,
бір жүйеге түсіріп, ғылыми талдаудан өткізу болып табылады.
Соған орай бітіру жұмысының алдына мынандай міндеттер қойылды:
- КСРО-ның күйреу себептерін нақты деректер арқылы зерттеп-зерделеу;
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен атқарып отырған қызметіне
нақтылы баға беру;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-
саяси және мәдени өміріне байланысты мәселелерінің көкейтестілігі мен
оларды шешу жолындағы ұстанған бағыттарына баға беру;
- Қазіргі кездегі Республикамыздағы мәдениет құрылысының проблемаларын
жүйелі түрде зерттеп, білім беру мен ғылым саласы және көркем әдебиет пен
өнер мәселелерін көтерудегі атқарып отырған қызметі мен рөлі сарапталады.
Жұмыстың мерзімдік шегі. 1990-2006 жылдар бітіру жұмысының мерзімдік
шегі болып табылады.
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
деректер тізімінен тұрады.
1.1. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы
Кеңес одағының күйреуі және оның орнына ондаған жаңа ұлттық
мемлекеттердің құрылуы - өмірдің табиғи заңының нәтижесі болатын. Әрине,
бұл процесті тездетуге және жүзеге асыруға әсер еткен саяси күштер, жеке
тұлғалар болды.
1990 жылдың аяғы 1991 жылдары КСРО-ның экономикасы және саяси өмірі
бұрынғыдан да шиеленісіп, кері кетуін жалғастыра берді. Ондағы орын алған
экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап
айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ
оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің
әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық
шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық
потенциалы екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери,
әскери техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет.
Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі
артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта
қалып отырды. Соған қарамастан, Одақ ұзақ жылдар бойы әскери-стратегиялық
тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО
бастаған Варшава шарты 1955 жж. арасындағы әскери-стратегиялық теңдікті
сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің капиталистік және социалистік теке
тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда,
әскери шығын 20 триллион долларға жеткен 20, 5. Ал сексенінші жылдардың
аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты
өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі
түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар
экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.
Бұрынғы кеңестік экономикалық құрылым тым күйкі тартып, негізінен
қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз
министірлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып
отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық
есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанмен, шын мәнінде, халық
шаурашылығы мойнына аслыған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер
Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда
артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Африка
елдеріндегі, Ауғаныстандағы майдан далаларында әлденеше рет тойтарыс алып,
соққы жегенінен айқын көрінген еді.
1979-1989 жылдардағы Кеңестер Одағының Ауғанстан жеріндегі соғыс
авантюрасы, оның сыртқы саяси бағытына халықаралық жұртшылықтың сенімін
жойды. Ол социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы шиеленістің
жаңа айналымын бастап берді. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд.
сомға түсті. Бұл соғыста мыңдаған Кеңес отбасылары жақындарынан және
туыстарынан айырылды. Соғыс Қазақстанға да үлкен зардабын тигізді.
Республикадан оған 21979 адам қатысты. Олардың ішінен 780-дей адам қаза
тапты, 393 адам мүгедек болды, 22 адам хабарсыз кетті 16, 35.
КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау
кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарының орындалмауынан өз көрінісін тапты.
Экономикалық артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды.
1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды,
бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы 1990 ж. дейін 25
жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы АҚШ-пен
салыстырғанда үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының
өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 пайыздан астам адам қол
еңбегімен айналысты.
Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1975 жылдары тоқырау кезеңінде
экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық
табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта – 41 пайыз болса, тоғызыншы
бесжылдықта 28 пайыз, оныншы бесжылдықта 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта –
17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның
өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмаған
17, 44.
КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей
қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан одақ құрамындағы ірі
индустриалдық – аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтып келдік. Оған
негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен
Украинадан соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі
төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20
пайызы, әрбір төртінші тонна еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын
қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.
Бірақ бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете
пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика
халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары
кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара
металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды. Оның есесіне
жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе, машина жасау және
халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина
жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1 пайызын ғана қамтыды, ал
Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27,4 пайыз еді. Қазақстанда қазіргі кезеңдегі
талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ
өнеркәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.
Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы
сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның
ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа
жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол
секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау
үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда
өңделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір
кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай
Орал қаласына 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып,
онда қайта өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса
қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу,
консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың бұйырығымен
Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы
өнімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.
Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен
шығарылып, ал шеттен тек қымат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988
жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса,
сырттан шығарылған тауар – 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай
Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан
тәуелді болып келді.
Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек
қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана
іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен
артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске
қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.
Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім
әр шаруашылықта әр түрлі дәрежеде еді 20, 7. 1987 жылы Республикадағы
совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан
тиімсіз шаруашылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен
салыстырғанда төмен еді.
Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші
жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына
шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға
төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды
мадақтап, әсірелеп көрсету, ерекше орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі
қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз
көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді. Қазақстанда қазіргі кездегі талапқа
елдің саяси өмірінде жаңа одақтық шарқа қол қою мәселесі кеңінен талқыланып
жатқан болатын. Бірақ бұл одақ қандай одақ болады, орталық пен одаққа
кірген Республикалардың арасындағы заңдық қатынас қалай жүзеге асырылады
деген сұрақтар төңірегінде қызу талас жүрген еді. Оның үстіне дәл осы
жылдары жер мәселесіне байланысты кейбір республикалар арасында ұлтаралық
қақатығыстар болып жаты. Бұны кейбіреулер Республикалардың тәуелсіздікке
ұмтылуынан туындап жатқан жағдайлар ретінде түсіндіргісі келеді. Ал шын
мәнісінде бұл ұлтаралық қақтығыстардың мәнісі тереңде жатқан болатын.
Қақтығыстардың себебі – соңғы 70 жыл бойы тоталитарлық режим кезінде
жүргізілген өрескел бұрмалаушылықтың салдары болды. Мәселен, 1920 жыл мен
1930 жылдар аралығында одақтас Республикалар мен автономиялар арасындағы
шекара 30 ретке жуық өзгертілген. 1930 жыл мен 1960 жылдар аралығында тағы
да 20-ға жуық өзгеріске ұшыраған. Сол кездегі мемлекеттің басындағылар өз
қалаулары бойынша шекараны өзгертіп ойларына келгенін істеген. Бір ғана
Қазақстанды мысал ретінде алып қарастырсақ, 1924 жылы Қазақ АКСР-інің
астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Республиканың батысындағы 650
мың шақырымға жуық территориясы Ресей Федерациясына берілді. 1960 жылдары
Оңтүстік Қазақстан облысының төрт ауданы көрші Өзбекстанға берілген. 1972
жылы бұл төрт ауданның 2-уі ғана қайтарылып, 2 аудан сол күйінде
Өзбекстанда қалып қойған 20, 9. Бұндай сорақы қолдан жасалған іс-
әрекеттер басқа да респубдикалардың басында бар жағдайлар.
Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы
саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен
тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен
жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары
күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі,
таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселеллерді
шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кеңестік кезеңде
қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар
мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған
басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оның теориялық базасы
жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс
қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.
Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің
егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының
нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық
жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі
туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып,
жеке тәуелсіз мемлекетке айналды.
Сонымен бірге, одаққа кірген барлық Республикалар 1990 жылы өздерінің
егемендіктері туралы Декларациясын жариялады. 1990 жыл 25 қазанда Қазақ ССР
Жоғарғы кеңесі Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік
егемендігі туралы Декларацияны қабылдады. Еліміздің егемендікке ұмтылған
бұл алғашқы құжатында Республикамыздың құқықтары мен орталық арасындағы
қарым-қатынастары айқын көрсетілді 1, 10. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген
Республикалар Одағы ыдырады.
80-ші жылдардың аяқ кезінде ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік
егемендік мәселелері бірінші кезекке шықты. “Тіл туралы” заң жобасы
жарияланғаннан кейін бұл құжат қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс он
төртінші сессиясында қабылданды. Талқылаудан кейін заң мынандай редакцияда
“Қазақ КСР-індегі тіл туралы Қазақ Социалистік Республикасының заңы” деп
қабылданды. Бұл заң қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға және ұлтаралық
қатынасты едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақ КСР-інің мемлекеттік
тілі қазақ тілі болып жарияланып, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі
мәртебесіне ие болды. 1989 жылы Заңға толықтырулар енгізіліп, қазақ тілін
өркендетудің Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда ана тілімізге
алдымен материалдық қолдау көрсету, тілді дамыту ісі көтерілді. Бір жылдың
ішінде, яғни 1990-1991 жылға дейін қазақ бала-бақшаларының саны 482-ге
көбейді, ал республика бойынша оның жалпы саны 1677 болды 22, 142. 155
жалпы білім беретін, 4 кәсіптік-техникалық училище ашылды. Республикада
бірінші рет қазақ тілінде іс жүргізетін және машина басатын мамандар
даярлайтын қалалық кәсіптік-техникалық училищелер ұйымдастырылды. 1988 жылы
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1920-1950 жылдары
саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов тәрізді халықтың даңқты ұлдары ақталып,
есімдері қайта оралды. Қазақстан Компартиясы Ораталық Комитетінің 40-шы
жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың бас кезіндегі идеология мен
ғылым мәселелеріне қатысты бірқатар қаулыларының күші жойылды. Сондай теріс
пиғылды қаулылардың қатарына 1947 жылғы 21 қаңтарда шыққан “Қазақ КСР Ғылым
академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателіктері туралы”
қаулысы да бар еді.
1990 жылы 24 сәуірде жоғарғы Кеңес Президент лауазымын бекітіп, ол
өзінің шешімін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
Н.Назарбаевты республиканың бірінші Президенті етіп сайлады. Одақтас
республикалар КСРО-ны егеменді елдердің одағы етіп қайта құруға дайындады.
1990-1991 жылдары Жоғарғы Кеңес “Мемлекеттік билік пен басқаруды жетілдіру
туралы” және “жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық
депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы” заңдар қабылдады. Бұл заңдар
республиканың билік органдары мен басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістердің
бастамасы болды. Республика үкіметі өзінің сыртқы саясатын дербес жүргізуге
мүмкіндік беретін аса маңызды экономикалық бірқатар заңдарды қабылдады:
“Қазақ КСР-індегі меншік туралы”, “Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің
негізгі принциптері туралы”, “Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақтар
туралы”, “Қазақ КСР-індегі шетелдік инвестициялар туралы” және т.б. Осының
бәрі сауда-саттықтың өсуіне әсерін тигізіп, ол 1990 жылы 1,5 есе артты.
Коммерциялық, инновациялық және т.б. банктердің құрылуы іскерлік қызметті
жақсарта түсті. 1990 жылы қарашада Сауд Арабиясымен бірлесіп, бірінші рет
шетелдіктердің қатысуымен “Аль-Барака Банк Қазақстан” құрылды.
1990 жылы “Экономикалық тұрақтандыру және нарықтық қатынастарға
көшудің бағдарламасы” қабылданды. Бұл құжат мемлекеттік меншікті
жекешелендіру нарыққа өтудің басты шарты ретінде қарастырылды. Мемлекеттік
меншікті жекешелендіруді екі кезеңде өткізу жоспарланды. “Шағын
жекешелендіру” деп аталатын бірінші кезең (1991-1993) мемлекеттік тұрғын
үйді купон механизімі арқылы жеке меншікке беруді және әлеуметтік, мәдени
және тұрмыстық объектілерді жекешелендіруді қамтыды. “Үлкен жекешелендіру”
деп аталатын екінші кезең (1993-1995) қалған мемлекеттік меншікті
азаматтардың жеке меншігіне беруді жүзеге асырды.
1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі “Қазақ КСР
мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын” қабылдады. Бұл декларацияда
негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен Каз КСР арасындағы қатынас
келісім-шарт негізінде жүзеге асады; республика әкімшілік-аумақтық
құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылыстарға
байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. Республика өз аумағында Қазақ
КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;
Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды; бөлінбейді және оның
келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның
аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары
орналаса алмайды; Қазақсатн өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және
қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық
қатынстарды дербес, өзінің мүдделеріне сай сырқы саясатын жүргізеді.
Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын
қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді.
Орталық пен Республикалар арасындағы заңдық теке-тірес күшейе түсті.
Міне осындай жағдайда жаңа Одақтық шартқа қол қою мәселесі күн тәртібінде
тұрды. 1991 жылы 19 тамызда КСРО-да төтенше жағдай жөнінде мелекеттік
комитеттің құрылғандығы туралы (ТЖМК) жарияланды, Фороста демалып жатқан
КСРО Президенті оқшауланып қалды, бұл шын мәнінде мемлекеттік төңкеріс
жасауға жасалған әрекет еді.
1991 жылы жазда КСРО-ның Президенті М.Горбачевтың Ново-Огоревадағы
резиденциясында одақтас респуликалардың басшылары жиналып, қызу талқылаудан
кейін жаңа одақтық шарқа қол қою мерзімі 20 тамызда деп белгіленді.
Төңкерісті ұйымдастырушылар вице-президент Г.Янаев, премер-министр
В.Павлов, МҚК-нің төрағасы В.Крючков және тағы басқалар елде төтенше
комитет құрды. Олар ел Президенті М.Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы
демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас
тартуды талап еткен. Сонымен қатар, 19-20 күндері, әскери бөлімдер күшімен
Россия Жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Сол
күні ТЖМК №1 қаулы шығарып, ол “КСРО Конституциясы мен заңдарына қайшы
келетін билік және басқару органдарының заңдары мен шешімдерінің күші
жойылсын, митінгілер мен демонстрациялар жасауға тыйым салынсын, бұқаралық
ақпарат құралдарына бақылау орнатылсын” деген талаптар қойып, жер аламын
деушілерге 0,15 гектар жер бөлуге және еңбекақыны арттыруға уәде берді.
Ельцин бастаған Ресей Федерациясының басшыларын халық қолдады. Соның
нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады. 21 тамызда
төңкерісшілер жеңіліске ұшырап, оны ұйымдастырушылар тұтқындалды.
М.Горбачев Мәскеуге қайта оралды. Бас прократура бүлікшілерге қарсы
қылмыстық іс қозғады. Төңкерісшілердің неге осы күндерді таңдап алды деген
мәселеге келсек, олар қайткенде де жаңа одақтық шарқа қол қойдырмауды
ойластырған. Өйткені, жаңа одақтық шартта, одаққа кіретін Республикаларға
кеңінен құқықтар беру көзделген болатын. Бұл санасы шовинизммен уланған
кейбір КСРО-ның басшыларына ұнамады. Олар сол бұрынғы қалпында билеп-төстеп
жүре бергісі келді.
Бұл күндері Қазақстандағы жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда
Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитеттің іс-әрекетінің
ешқандай заңға, конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. Осы оқиғадан кейін
Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға одақтың ыдырауын
жеңілдетті. 24 тамыз күні Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының
атына, өзінің, оның құрамынан шығатындығын мәлімдеді, өйткені, КОКП Орталық
Комитеті өзінің әрекеттерімен бүкіл болған күндері өз беделін толықтай
жоғалтқанын алға тартты. Яғни, 1991 жылдың тамызында тоталитарлық жүйені
қалпына келтіру әрекеттері және содан кейін орын алған оқиғалар КСРО
тіршілігінің соңғы нүктесін қойды.
25 тамызда Қазақстан Президентінің “Қазақ КСР аумағындағы КОКП
мүліктері туралы” Жарлығы шықты. Соған сәйкес, Қазақстан аумағындағы КОКП
мүліктері мемлекет меншігіне айналды. 1991 жылы 29 тамызда қазақ КСР
Президенті Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.
28 тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып,
онда Н.Назарбаев ҚКП ОК-нің Бірінші хатшысы міндетін өзінен алып тастады.
1991 жылы тамыздан кейін КСРО-ның ыдырау процесі жеделдей түсті. КСРО халық
депутатарының бесінші (кезектен тыс) съезі “Өтпелі кезеңдегі билік туралы”
конституциялық Заң қабылдап, өзінің өкілеттілігін КСРО Мемлекеттік кеңесіне
берді. М.Горбачевтің Орталықты сақтап қалуға ұмтылған жанталасынан нәтиже
шыққан жоқ. Республикалардың басым бөлігі Мемлекеттік комитетке өздерінің
өкілдерін жібермей қойды. КСРО-да ресми түрде 12 республика қалды.
1991 жылы 7 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 10-да Алматы қаласында
Қазақсатн Компартиясының кезектен тыс төтенше съезі ашылды. Ұзаққа созылған
пікір-таластан кейін, съезд Қазақстан Компартиясын таратып, жаңа партия
құру туралы шешім қабылдады. Жаңадан құрылған партия Социалистік партия деп
аталды. 1991 жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО-сының кезектен тыс ХУІІІ съезі
шақырылып, онда өздерінің атауын өзгерту туралы шешім шығарды. Қазақстанның
Жастар одағы деп аталатын болды. Сөйтіп, партиядан кейін іле-шала комсомол
да, кейін пионер ұйымы да өзінің өмір сүруін тоқтатты. Кәсіподақтар
жекелеген тәуелсіз ұйымдарға таратылды. Олар партиялық өктемдіктен
құтылғанымен, олардың шамадан тыс бюрократтанып алған ұйымдары бұқара
арасында қолдау таба алмады.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 қазандағы қаулысында 1991 жылғы
1 желтоқсанында Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабыдады. 1991 жылы
1 желтоқсанда Қазақ КСР Президентін төте сайлау арқылы сайлады. Дауыс
беруге қатысқандардың сайлаушылардың 8 681 276-сы Нұрсұлтан Назарбаевты
жақтап дауыс берді немесе бұл 98,78 пайыз болды. Соның нәтижесінде,
Н.Назарбаев бүкіл халық болып сайлаған Қазақсатнның тұңғыш Президенті
мандатын алды. 1991 жылы 10 желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ
Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы
шешім қабылдады. Идеологиялық бояуы бар бұрынғы атауы өмір шындығынан алыс
жатқан еді. 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы” 2, 20 конституциялық заңы қабылданып, бұл күн
тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қабылданған құжаттың 1-ші бабында
Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет
екендігі айқындалды. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол
сұғылмайтын болып жарияланды. Заңның екінші тарауында қазақ ұлтымен тарихи
тағдыры ортақ республиканың барлық ұлттарының азаматтары біртұтас Қазақстан
халқын құрайтындығы айтылған. Ол егемендік пен мемлекеттік биліктің бір
қайнар көзі болып табылады. 3-ші тарауда мемлекттік билік пен басқару
органдарының құрылымы келтірілген. Заңда мемлекеттік билік үш прициптен
туындайтыны: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері айқындалған.
Қазақстан Республикасының Елбасы және оның атқарушы билігі Президент
болып табылады. 4-тарауда тәуелсіз мемлекеттің экономикалық негізі дербес
экономикалық жүйе екендігі атап көрсетілген және меншіктің түрлерінің
алуандығы мен олардың бәрі тең екендігі ескерілген. Жер және оның қойнауы,
су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, өзге табиғи ресурстар
мемлекеттің айрықша меншігінде болады деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдстықтың толық құқықты мүшесі
болып табылады. Ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін
нығайту жөнінде шаралар қабылдайды.
1991 жылдың желтоқсанында Ресей, Украйна, Белоруссия басшылары
(Шушкевич, Б.Ельцин, Кравчук) Белоруссияда Беловеж келісіміне қол қойды.
Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы
объективтік процесс және тәуелсіз мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп
көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең
экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс
деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар
арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі
бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағы – Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын ТМД құруға жол ашты. Сол сияқты, Одақтың бөлінісі
славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы қойылуы үлкен
зардаптарға ұрындыруы ықтимал еді. Сондай келеңсіз жағдайларға жол бермеу
үшін 1991 жылдың 13 желтоқсанында Ашхабадта Орталық Азия мемлекеттерінің
басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Ақаев, Р.Нәбиев жиналды.
Кездесудегі ашық әңгіме барысында барлық бұрынғы республикаларды ортақ бір
достыққа біріктіру жолдарын іздестіруге шешім қабылданды. Бір ауыздан
қабылданған мәлімдемеде: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын қалыптастыру
процесінде егемен мемлекеттер достастығы туралы шешімдер мен құжаттарды
дайындауға бұрынғы одақ субъектілерінің тепе-тең құқықпен қатысуы
қамтамасыз етілсін. Достастықты құрушы барлық құрылтайшы ретінде танылатын
болсын және тексте олар мәртебелі келісуші деп атап көрсетілсін делінген.
Кездесуге қатысушылар күллі субъектілерінің мүдделерімен есептесетін
Егемен мемлекеттер достастығының тең құқылы құрылтайшылары болуға әзір
екендіктерін мәлімдеді.
Ашхабат мәлімдемесінде бұрынғы одақ басшыларының оң қабақ танытып
отырғанын ескерген Н.Назарбаев ондағы мәселелерді талқылап, бірігіп, шешім
қабылдау үшін Алматыда бас қосуды ұсынды.
Бұл ұсыныс қабылданды. Кездесуге бұрынғы одақтас республикалардың 11-
басшысы – А.Муталибов (Әзербайжан), Л.Тер-Петросян (Армения), С.Шушкевич
(Белоруссия), Н.Назарбаев (Қазақстан), А.Ақаев (Қырғызстан), М.Снегур
(Молдова), Б.Ельцин (Ресей), Р.Набиев (Тәжікстан), С.Ниязов (Түркменстан),
И.Каримов (Өзбекстан) және Л.Кровчук (Украина) қатысты 20, 7. 1991 жылы
21 желтоқсанда кездесуге қатысушылар Алматы Декларациясына қол қойды.
Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік
мәселелрдің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған достастық мемлекет
басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды.
Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары
Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл Тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы
халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен
қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық
жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз
Мемлекеттердің Достастығы ТМД осы кезге дейін кеңестер Одағы қол қойып,
халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз
мойындарына алады деп көрсетті. 1992-1993 жылдары ТМД-ы өзінің
ұйымдастырушылық, атқарушылық ұйымдарын құрды. Осы жылдары Достастықтың
ұйымдық құрылымы – мемлекет басшыларының кеңесі, үкімет басшылырының
кеңесі, ТМД-ның Парламентарлық ассамблеясы жасақталды. 1993 жылдан бастап
Минскіде ТМД-ның Атқарушы хатшылығы жұмыс істеді. Сыртқы істер
министірлерінің кеңесі, Қорғаныс министрлерінің кеңесі және басқалар
құрылды. Көпжақты және екі жақты жүздеген келісімдер әзірленіп, қол
қойылды. ТМД құрылып қалыптасқаннан кейін, бұл достастықтың аясында
проблемалық мәселелер де көрініс беріп жатты. Мәселен, әлеуметтік-
экономикалық шиеленіс белең ала бастады, экспортталатын шикізатқа баға
саясатының үйлестірілмеуі елеулі проблемаға айналып, экономикаға кері
әсерін тигізді. Екіншіден, демпинг қалыптасқан әлемдік шаруашылық
байланыстарына тұрақсыздық элементін кіргізіп, үшінші елдерді тиісті
шаралар қолануға мәжбүр етті. Мұндай жағдай көп ретте бүгінгі күнге дейін
сақталып отыр. ТМД органдарының құрылымы шын мәнінде өз функцияларын
атқарған жоқ және қабылданған шешімдері іске асырылатын күйде бола алмады.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыс салдарынан ТМД-ға кіретін
кейбір елдер бір-бірімен әскери қақтығысқа дейін барып жатты.

1.2 Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аса қиын да
мәртебелі қызметінің барлық қыр-сырларын, қуанышы мен сүйінішін күнде
көгілдір экран, радио, түрлі баспасөз арқылы көріп, естіп, біліп отырамыз.
Қазір міне, Қазақстан 1991 жылдан бастап әлем таныған тәуелсіз мемлекеттке
айналды. Бұл күнде дүниежүзінің қырықтан астам елінде Қазақстан елшілігі
мен өкілеттілігі жұмыс істейді. Қазақ елінің осындай айтулы дәрежеге
көтерілуіне Президентіміздің зор еңбек сіңіргенін ешкім жоққа шығара
алмайды.
Елбасының ел үшін, халық үшін істеген іргелі істерін санамалап айтсақ
та болады. Ол Семей полигонын жапты. Ядролық қарудан бас тарқан әлемде
бірінші ел Қазақстан болды. Өз алдына отау тіккен елдің іргесін бекітуді,
шекара мәселесін реттеуді жүзеге асырды. Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен,
Қырғыз елімен шекараны ресми жүйеге келтірді. Түрлі халықаралық ұйымдарды
құруда ол белсенділік танытты. Халықаралық құқыққа сай Қазақстанның тарихи
рөлін, беделін көтеруді қамтамасыз етті. Елдің жетістіктерін бүкіл әлемге
паш етті, өзін де, халқын да барша дүниеге мойындатты. Оларға қазақ деген
халық, ел барын таныта білді. Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың белді
мүшесіне айналды.
Жер жүзіне сапар шегіп, елінің белсенді насихатшысы бола алды.
Халықаралық көлемде кез келген ірі державаның, дамушы елдердің басшыларымен
тең отырып, мәселе шешуде өзінің қабілетті саяси қайраткер екенін танытты.
Ойы да, тұлғасы да, өзін ұстасы да ешкімнен кем соқпады. Өркениетті елдің
жаңа тұрпаттағы сауатты да іскер басшысы екендігін дәлелдей білді.
Халықаралық зор беделге ие болды. Бұл жайында “Атамұра” баспасынан шыққан
“ХХІ ғасыр: әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы” атты кітапта: эпиграф
ретінде алынған еуропа елдері қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының
парламенттік ассамблеясының Президенті Борис Джорждің Н.Назарбаев “Қазіргі
заманның ең атақты көрнекті лидерлерінің бірі” 18, 24 деген, Сингапур
кереметінің авторы Ли Куан Юдің “Егер Назарбаев республика басында тұрса,
Қазақстанның табысқа жету мүмкіндігі көп болмақ” деген сөздерін келтірсек
те жеткілікті. Елбасының әлемдегі бағасын осы екі сөз арқылы-ақ білуге
болады. Н.Назарбаев әлем таныған, жер шары мойындаған осы заманғы саяси
қайраткерлердің алдыңғы шеңберінде келеді. Бұл, біз, Қазақстандықтар үшін
үлкен мақтаныш, зор абырой. Ал қарапайым қалың жұрт үшін Н.Назарбаев
несімен сыйлы, несімен қымбат? Ең алдымен, ол туған халқына жақындығымен,
соның сөзін сөйлеп, мүддесін жақтаулығымен, ұлтына адалдығымен қымбат. Ел
жайын ол асфальт көшеде өсіп білген жоқ, шаң-тозаңның, ауылдағы қайнаған
қызу тіршіліктің нақ ортасында жүріп, үйреніп сезінді. Қырық жасында үкімет
басқарған Назарбаев үшін мансап – қызығу, құмарту нысанасы болудан
әлдеқашан ұмыт болған. Ол үшін – биік лауазым өз халқына, туған жеріне, төл
топырағына адал қызмет етудің құралы ғана.
Сондықтан да ел басқару тізгінін қолға алғаннан бері халыққа қызмет
етуден, оның тұрмысын, жай-күйін жақсартудан басқа елбасының еш ойы болған
жоқ. Бар күш жігерін, ақыл-ойын, жинаған өмірлік тәжірибесін осы мұратқа
жегіп келеді.
Ендігі кезекте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянына тоқталып өтсек.
Халқымызға мәлім, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1940 жылы 6 шілдеде Алматы
облысы Шамалған селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1948 жылы бірінші
класты туған ауылындағы мектепте бастады. 1958 жылы Қаскелеңдегі орта
мектепті бітірді. Іле-шала комсомолдық жолдамамен Теміртауға аттанды. Онда
ол небәрі 18 жаста еді 23, 3.
1960 жылы техникалық училищені бітіргеннен кейін “Қазметаллургқұрылыс”
басқармасы тресінің жұмысшы, соңыра тау-кен домна пешінің шойын құйғыш
машиналарының шойын құюшы, Қарағанды металлургия комбинаты домна цехының
жұмысшысы болып істеді.
1960 жылы мамыр айында Н.Әбішұлы Днепродзержинскіден екінші дәрежелі
горновой болып оралған екен. Екі жылдай ондағы техникалық училищеде оқыған
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды политехникалық институтында сақталған №
1672-ші нөмірлі куәлігінде былай деп жазылған: “Назарбаев Нұрсұлтан окончил
полный курс технического училища № 8 в г. Днепродзержинске
Днепоропетровской области. Решением экзаменационной комиссии Назарбаеву Н.
присвояна квалификация второй горновой восьмого разряда... Свидетельство
выдана 26 апреля 1960 года” 23, 7.
Алайда, жаңа домна пешінің бастығы В.Долматов “екінші горновой” деген
дәрежесі бар маманды алғашқыда ауыр бетонға салды. Содан кейін барып, шойын
құюшы жұмысына қабылдады. Біраз уақытша газовщик болып істеп жүрді. Үш-төрт
ай өткен соң төртінші дәрежелі горновойға көтерді. 1961 жылы оған үшінші
дәрежелі, 1963 жылы одан да жоғары дәрежелі атақтар берілді. Кейін домна
пешінің аға горновойы міндетін атқарды. “Еңбек екпіндісі” деген атаққа да
ие болды 19, 42. Қазақстан комсомолының Х съезінде, БЛЖКО-ның ХІУ
съезінде делегат болып қатысты. Дүниежүзі жастарының Хельсинки қаласында
өткен фестиваліне де барды. Енді бір жолы БЛЖКО Орталық Комитетінің
мүшелігіне сайланды. Сонымен, 1960 жылы 1 шілде күні мемлекеттік комиссия 1-
домнаны қабылдау актісіне қол қойып, тұңғыш Қазақстан шойынын ағызуға
рұқсат еткен болатын.
1961 жылғы 15 шілдеде Теміртау қалалық газетіне басылған “Молодым
везде у нас дорога” деген суреттемеде Борис Яговитовтың тобындағы Төлеген
Адам-Юсупов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың қол жеткен жетістіктері көпке жария
етілді. Бұдан кейін, келесі 1962 жылы 25 қазанда қалалық газетке домна
цехының смена жетекшісі Василий Веретенниковтың “Обязательство будет
выпонена” деген мақаласы жарияланды. Ол Қазақстан шойынын еселеп, от
дариясын күндіз-түні ағызып жатқан екі алып домнаның қуатты еңбек ырғағына
шолу жасалыпты.
Үстіміздегі 1999 жылдың 10 қаңтарындағы Президентті сайлау алдында
Қарағанды облысы сайлаушыларымен Нұрсұлтан Назарбаев кездескенде былай
деген болатын: “Қарағанды жерінің менің жеке басым үшін ерекше де ыстық
екенін сіздер жақсы білесіздер. Осы жерге жап-жас, жігіт күйімде келіп,
жұрт таныған азамат, елдің тұтқасы болып аттандым” 9, 17.
Шынында да, Президентіміздің жастық дәурені негізінен осы жақта өткен.
Оны дәлелдейтін мысалдарды архивті ақтарғанда жиі ұшыратамыз.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы зауыт-втузды
(жоғарғы техникалық оқу орны) және КОКП ОК-нің жанындағы жоғарғы партия
мектебін бітірді. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп
және транспорт бөліміне меңгеруші болып ауысады.
Қазақстан ЛЖКО Теміртау қалалық партия комитетінің бірінші
хатшылығына, Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы
(1969-1971 жж.), сосын қалалық партия комитетінің екінші хатшылығына (1971-
1973 жж) жоғарлайды. Екі жылдан соң, Қарағанды металлургия комбинатының
партком хатшысы (1973-1977 жж.) міндетін атқаруға кірісті. Екі жылдай (1977-
1979 жж) Қарағанды облысының халқына ізгі істерімен жағып, талай
жақсылықтарды дүниеге келтірді.
1984-1989 жж. Н.Ә. Назарбаев – ҚПК ОК-нің бірінші хатшысы. 1990 жылы
он екінші шақырылған Жоғарғы кеңестің І-сессиясында Қаз.КСР-інің Президенті
болып сайланды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп көрсетілген:
“Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға”.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ел экономикасы барлық байланыстарынан
айырылып, дағдарысқа ұшырады. Құлазып, шөгіп қалған өндірісті аяғынан тік
тұрғызу міндеті алға қойылды. Қаржы тапшылығы бой жазуға мұрсат бермеді.
Шикізат көздерін игілікке айналдыруға көп қаржы қажет болды. Елге
инвестиция тарту, шетелдіктер арасында жарнама жасау, оларды елге тарту көп
күш-жігерді талап етті.
Қаңырап қалған ауылдарды жаңғырту, реформалау қажет болды. Аграрлық
саясат қайта жасақталды. Ауыл жылдары жария етілді. Селоға көңіл бөлу
күшейді. Ауыл-аймақта қайта жаңғыру басталды. Елдің көңіл күйі түзелді,
ертеңге деген сенімі артты, нарықтық саясатқа бетбұрыс жасалды. Нарықтық
сана қалыптаса бастады. Өз күнін өзі көруге жаппай талпыныс күшейіп, жұрт
мал өсіріп, жер егуге дағдыланды. Елді мекендерді қалпына келтіру, жол
қатынастарын жақсарту, ауыл-селодағы дәрігерлік көмек, мектеп, мәдениет
ошақтары қолға алынды. Ел ішінде жаңа тұрмыс, жаңа кәсіпке бейімделу
басталды. Елдің рухани жаңғыруы, ұлттық рухтың есеюі мемлекеттік саясат
деңгейіне көтерілді. Елбасының тапсырмасымен “Мәдени мұра” бағдарламасы
жасалып, жүзеге асуда. Ежелгі руханияттың көрнекті туындылары жинастырылып,
зерттеліп, көпшілік кәдесіне аса бастады. Көне мұралар, дала ойшылдарының
еңбектері жарыққа шығып, өз оқушыларын тапты.
“Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыруды Н.Назарбаев соңғы Жолдауында
өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту деп
түсіндірді. Әрбір көне құндылық ежелгі ғасырдың туындысы болғанымен ғана
қымбат емес, бүгінгі ұрпақтың рухани кәдесіне жарауымен қымбат.
Елбасы оқу ағарту, білім беру ісін жаңа ғасыр деңгейіне көтеруді
ұсынды. Білім сапасын әлемдік стандарттар дәрежесіне жеткізіп, техникалық
және кәсіптік білімді меңгеру қажеттігі алға қойылды.
1992 жылы 16 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
“Қазақстан егеменді мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемен мемлекеттің құрылуы
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация
Тәуелсіз Қазақстан – Менің болашағым
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік декларациясы
Егемендік және Тәуелсіздік
Қазақстандағы ұлттық идеология мәселелері
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Тіл туралы заң
Ата Заң - Тәуелсіздігімнің айғағы (эссе)
Пәндер