Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Жамбыл облысындағы туризм географиясының дамуының алғы-шарттары . . . 7

1. 1 Жамбыл облысының географиялық орналасуы, даму тарихы . . .

1. 2 Аудандар бойынша туристік рекреациялық потенциал . . .

2. Жамбыл облысының әлеуметтік - экономикалық жағдайы . . .

2. 1 Жамбыл облысының үлкен қалалары мен демографиясы . . .

2. 2 Туризм географиясының қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайы . . .

3. Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы

3. 1 Туризмнің қазіргі жағдайы

3. 2 Туристік бағыттар бойынша ұсынылатын турларға сипаттама

3. 3 Жамбыл облысындағы туризм саласының болашағы және 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша мәліметтер

Кіріспе

Қазақстан тәуесіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендетуге негіз қалай бастады. Қазақстандағы туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған алғашқы қадамдардың бірі ─ 1993 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымға толық мүше болып қабылданып, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасай бастағаны белгілі.

Қазақстан өзінің көне тарихын түгендеуге деген бет бұрыс жасады. Оған мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. Себебі тарих ұлттық идеологияның алтын арқауы. Қазақстан аумағындағы туристік әлеуетті зерттей келе, ел туризмінің басым бағыттарының бірі ретінде қасиетті орындарға қажылық-діни туризм түрін дамытуға назар аударыла бастады. Өйткені діни туризмге деген қызығушылық артып, қасиетті орындарға баратын бағыттар ішкі және халықаралық туризмде болашағы бар және үлкен сұранысқа ие болатын туризм түрі ретінде туристік инфрақұрылым жүйелеріне сәйкестеле бастады. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы туризмді дамытудың болашағы мол негізгі бағыты ретінде экологиялық, діни және кәсіби-іскерлік туризм түрлерін атаған болатын. Ол көп кірісті талап етпейді, себебі қасиетті жерлер адамдарды өздерінің тарихи, мәдени, діни мұрасымен, сәулеттік өнердің үлгісі ретінде қызықтырады.

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы Қола дәуір ескерткіштеріне жататын жартастағы петроглифтер ішінде Египет Фараоны Тутанхаманның қызғылт алтын табыты мен маскасына теңесе алатын 4000 жылға жуық тарихы бар ЮНЕСКО- ның қарамағына алынған «Таңбалы» көне сурет галереясы, сондай -ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер, әйгілі бірегей ғибадатханалар, соның ішінде Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай -ақ «Екінші Мекке» атанған Қожа Ахмет Иассауи мавзолейі, Жетісудағы дүние жүзіне белгілі «Алтын адам», Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Тұрбай, Құлан, Мерке, Оңтүстік Қазақстандағы Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, Жамбыл облысындағы мәдени- тарихи кешендер тағы басқа көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Бұл Қазақстан жерінде тарихи-діни ескерткіштердің, әсіресе киелі орындар, әулие-әмбиелер кесенелерінің көп болуымен да байланысты.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты : Ұлы Жібек жолының ізі қалған Оңтүстік Қазақстандағы Жамбыл облысы территориясында орналасқан тарихи-діни ескерткіштердің, әсіресе киелі орындар болып табылатын әулие-әмбиелер кесенелері халықтың мінәжат, зиярат жасау орындарына айнала бастағаны бәрімізге мәлім. Сондықтан діни туризмді дамыту шараларына теоретикалық және практикалық тұрғыдан талдау жасай отырып, Жамбыл облысындағы діни туристік орындарға және олардың ерекшеліктерін қарастыру. Оңтүстік Қазақстан облысының туризм саласына сараптама жүргізу арқылы, Жамбыл облысындағы басым бағытта дамушы туристік сала түрлеріне тоқталу. Аймақтағы туризмді дамытудағы әлеуметтік-экономикалық мақсаттары мен міндеттерін қарастыру. Республикалық бюджеттен аймақтық туристік нысандарды қаржыландыру және қайта қалпына келтіру үшін жасалынған инвестициялық жобаларға тоқталу. Облыстағы туризм саласы бойынша келелі мәселелер және қорытынды күтілетін нәтижелер.

Бұл мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • Туризмнің инфрақұрылымын дамыту, туризм саласының материалдық базасын жаңарту жаңа нысандар құрылысын жүргізу.
  • Дүниежүзілік деңгейге сәйкес ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оның сапасын арттыру.
  • Табиғи - рекрациялық және мәдени- тарихи ресурстарды пайдалану, туристік ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету және туристік қызметтер қажеттілігін қанағаттандыруда ең жоғарғы деңгейге жету.
  • Кіші кәсіпкерлікті қолдау, туризм және қызмет көрсету саласында халықты жұмыспен шұғылдануға ынталандыру.

Жұмыстың өзектілігі : бүгінгі таңда туризм саласы экономикада басымды саланың бірі боп келеді. Жамбыл облысындағы діни туристік орындар адамзат құндылықтары ретінде әлі де ғылыми тұрғыдан зерттелмеген тың тақырып. Сондықтан да адамзат тарапынан ерекше қорғауды қажет ететін діни, тарихи ескерткіштер қатарын анықтау, зерттеу арқылы олардың қатарын үнемі кеңейту шараларын жүзеге асыруға ғылыми тұрғыдан жасалған алғашқы қадам болып табылады. Жамбыл облысындағы туристік саланың дамуы- аймақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайына өз ықпалын тигізуде.

Зерттеу обьектілері : Облыста басым бағытта дамушы туристік сала түрлері:

  • Діни және мінажат ету туризмі
  • Тарихи және мәдени ескерткіштер

Зерттеу пәні: Жамбыл облысының туризм географиясы

Ғылыми жаңалығы - Қазақстанды халықаралық аренада танытудың өзіндік ерекшелігі ретінде діни туристік орындарды туристік турлар ішіндегі еліміздің қайталанбас ерекше мәдени құндылықтары ретінде дамыту арқылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни туристік орындарға деген әлемдік қызығушылықты ояту.

Сонымен қатар, облыстағы діни туристік орындарды Қазақстандағы маңыздылығы ерекше туристік қор базасы ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеу мүмкіншілігіне жол ашу.

Жұмыс барысында қолданылған әдіс түрлері және ақпарат көздері:

  • Біржақты ақпарат түрлері
  • Эксперттік талдау жүргізу
  • Бұқаралық ақпарат коздері
  • Мониторингтік талдау
  • Арнайы сараптамалық талдау
  • Оңтүстік Қазақстанның туристік мүмкіндіктері Веб-сайты ақпараттары
  • Silk way South. kz. атты каталогы
  • Әдебиет коздері
  • Ресми статистикалық көрсеткіштер

Құрылымы - кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

  1. Жамбыл облысындағы туризм географиясының дамуының алғы-шарттарыЖамбыл облысының географиялық орналасуы, даму тарихы

Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында Алматы облысымен шектеседі. Жер көлемі 144, 3 мың км 2 . Тұрғындары 1001 (2006 ж) мың адам. Орталығы - Тараз. Облыс аумағында халық бірдей қоныстанбаған, олар негізінен таулы жерлерде қоныстанған. Облыс әкімшілік ауданға бөлінген: Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Қордай, Шу, Меркі және Тұрар Рысқұлов [1] .

Жері негізінен жазық. Солтүстік бөлігі (Бетпақдаланы есептемегенде) негізінен, Талас және Шу өзендері алаптарында орналасқан. Шу аңғары облысты екіге бөледі. Солтүстік бөлігінің батысы түгелімен ойысты-сортаңды, шығыстан ұсақ шоқыны - жартасты Бетпақдала шөлі алып жатыр. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 350-500 метр. Мұндағы ең биік жері - Байқара тауы (665 м) . Шу өзенінің оңтүстік бөлігі - төбешікті - қырқалы келген Мойынқұм құмды алқабына (теңіз деңгейінен биіктігі 300-600 м) ұласады. Оның орта бөлігіндегі құм бұйраттардың арасында көптеген шұраттар (оазистер) кездеседі. Бұл жерлерде жер асты суы (грунт суы) жер бетіне жақын жатыр.

Облыстың шығысында Шу-Іле тауларының аласа келген Желтау, Айтау, Хантау, Майжарылған таулары және Қопа, Қараой үстіртті жазықтары орналасқан. Осылардың биіктіктері 500 метрден аспайды. Беткейлері көлбеу, жоталары жазық келеді. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Іле Алатауына қабысып, кіндіктас пен Жетіжол таулары жатыр. Шу-Іле тауларынан бастау алатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында кеуіп, құрғақ арналарға айналады. Шу-Іле тауларының оң жағалық аңғарын ала солтүстік - батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан Сарыой үстіртті жазығы мен сексеуілді даласы жатыр. Сарыой жазығында мемлекеттік Андасай қорықшасы орналасқан. Облыстың оңтүстік, оңтүстік-шығысында Қырғыз Алатауының Қазақстанға қарасты солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Облыс аумағындағы оның ең биік жері - Меркі өзені бастау алатын тұсы (4099 м) . Облыстың оңтүстік-батысында облыс аумағына, Талас Алатауының қиыр солтүстік бөлігі кіреді. Таудың облыс аймағындағы бөлігінің ең биік жері - 4027 м. Мемлекеттік Ақсу -Жабағылы қорығының солтүстік-шығыс бөлігі (Жуалы ауданы аумағында) осында ораналасқан. Облыстың оңтүстік-батыс аумағын Қаратау жотасының солтүстік-шығысындағы үлкен Ақтау мен оңтүстік-шығыс бөлігі (кіші Қаратау) кіреді. Оның облыс аумағындағы ұзындығы 150 км шамасында. Ең биік жері кіші Қаратау жотасының орта тұсы (1610 м) . Оңтүстік-шығысында ірі фосфорит кен орындары, полиметалл кентастары бар. Облыстың орталық өңіріндегі сазды-тақтасты, құмды төбешікті жерлерінде бұлақтар, ұсақ тұзды көлдер, құдықтар көптеп кездеседі.

Климаттық тұрғыдан облыс аумағының жазық өңірі Балқаш-Арал, Жоңғар (Жетісу) - Шу -Іле және Қаратау Қызылқұм климаттық облыстарына жатады. Олар өз тұрғысынан бірнеше климаттық аудандарға бөлінеді. Облыс аумағын қамтитын аудандарға орталық Қазақстан климаттық ауданының оңтүстік бөлігі (Бетпақдала), Балқаш маңы климаттық ауданы, (Балқаш көлінің батысы), Мойынқұм климаттық ауданы, Шу-Талас климаттық ауданы жатады. Облыстың климаты біршама құрғақтығымен және континенттілігімен ерекшеленеді. Мұны облыс аумағының Еуразия құрлығының орта тұсында орналасқандығы, мұхиттардан алыстығы, ауа райының ашық болуына мүмкіндік туғызатын атмосфералық айналымның ерекшелігі, сондай-ақ күн шығуының молдығын қамтамасыз ететін оңтүстік ендікте орналасқандығымен түсіндіруге болады. Облыс бойынша ауаның орташа тәуліктік температурасы 0 0 С-тан жоғары кезең 225-245 күнге созылады. Аясыз кезең жазық өңірлерде 5-6 ай, тау бөктерлерінде және тауда 4-6 ай болады. Жазық өңірлерде жауын-шашын аз (100-300 мм) . Қар қабаты жұқа (10-15 см) . Оңтүстік аудандарда тұрақты қар жамылғысы болмайды. Туризмді дамытуға өте қолайлы.

Облыста жер беті ағыны біркелкі таралмаған. Өзендер, негізінен, облыстың оңтүстігіндегі Қырғыз және Талас Алатауларының солтүстік беткейлерінен бастау алады. Олдардың басым бөлігі Шу мен Талас өзендері алқабында жатыр және осы өзендердің салалары болып табылады. Облыс аймағындағы ең ірі және ұзын өзен - Шу (1186 км. ) . Ол Қырғызстан аумағында Тянь-Шань тауларынан басталады. Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасады.

Табиғат көркем Буалы шатқалынан өткен соң облыс аумағына кіреді. Облыстағы оның ұзындығы 800 км. Шатқалдан өткен соң ағысы баяулап жазықтығы кең аңғарлы өзенге айналады. Облыс аумағында оған жалғыз Қорағаты өзені қосылды. Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан жерлеріндегі Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Ірілі-уақты 80 саласы бар. Қорағаты, Меркі, Ақсу, т. б. облыстың Мойынқұм, Бетпақдала арқылы ағады. Арнасының ені 50-100 м, ең терең жері 4, 8 м. Негізінен, мұздық және қар суымен толығады. Жылдың аяғының 15%-ға жуығы көктемде, 58%-ы жаз-күз айларында, 27%-ы қыста өтеді. Жылдық орташа су өтімі 77 м 3 /с. Желтоқсан-Наурыз айларында қатады, мұзының орташа қалыңдығы 64-74 см., шілде-тамыз айларында суы мол болады. Жазда судың орташа температурасы 22-23 0 С, ең жоғарғы температурасы 26, 7 0 С жетеді. Өзенде сазан, табан, жайын т. б. балықтар бар. Шу бойында Тасөткел бөгеті, Тасөткел суару жүйесі салынған. Егіндік пен жайылымды суару және суландыруға Шу өзені суының 55% жұмсалады.

Облыстағы екінші үлкен өзен Талас, Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 661 км су жиналатын анабы 52700 км 2 . Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқома өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1-2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25-30 см көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым-тамыз айларында тасиды. Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық т. б. ) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, ауыз суға жарамды.

Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас-Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдалану үшін Талас-Аса каналы тартылған. Таласқа оның ірі саласы - Аса өзені (ұзындығы 253 км) сол жақтан құяды.

Облыстағы көптеген кішігірім өзендер (Шабақта, Борандай, Бүркітті, Теріс, Шалсу т. б. ) Қырғыз Алатауына, қаратау жотасынан бастау алады. Шу-Іле және қаратау жотасынан басталатын өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап қалады, не жылғаларға айналады.

Облыс аймағын Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Облыс аумағындағы ең ірі көл - Бишікөл. Бишікөл - Шу-Талас алабындағы көл. Тараз қаласының солтүстік-батысында 60 км жерде, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 438 м. Аумағы 88 км 2 , ұзындығы 18 км, ені 7, 5км-ге дейін, орташа тереңдігі 3, 5 м, ең терең жері 8 метр. Жауын-шашын мол жылдары су көп. Суы тұщы. Бишікөлге Аса өзені шығыс жағынан құйып, солтүстігінен ағып шығады. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур, майшабақ, т. б. бар. Көл суын төңірегіндегі шаруашылықтар егін суаруға және демалыс орнына пайдаланады.

Жамбыл облысы - сан алуан жануарлар мен құстардың мекені. Кәсіптік маңызы бар сүтқоректілерден: артаутеке (тау-тасты, тік жарлы, құзды жерлерде тіршілік етеді), елік (аршалы ормандарда), марал (жазда субальпілік белдеуде, қыста тоғайлы жерде), ақбөкен (бетпақдалада) ; қоңыр аю (Батыс Тянь-Шань жаталарында), доңыз (Шу мен Талас өзендері аңғарларында) кездеседі. Басқа жыртқыштардан - қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аңқалық сияқты терісі бағалы аңдар кең тараған, ондатр жерсіндірілген. Қанаттылардан ұлар, үкі, сақалтай (қозықұмай), шымшық, бұлдырық, т. б. кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, қалқантұмсық жылан мен сұр жылан бар. Өзендер мен көлдерде алабұға, қарабалық, сазан, көксерке, табан, қызылқанат балық, жайын тіршілік етеді. Облыс аумағы, сондай-ақ, сирек кездесетін, жылдан-жылға саны азайып, қорғауға алынған, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген бүркіт, ителгі, Қаратау арқары, мензибр суыры, көкқұс, лашын, т. б. құс - жануарлардың мекені. Облыс аумағында Қазақстандағы тұңғыш қорық - Ақсу-Жабағалы қорығы, ақбөкендердің қысқы мекені - Андасай қорықшасы (зоологиялық) және Ақсай қорықшасы орналасқан.

Жамбыл облысының аумағында тас ғасырынан, полеолит дәуірінен бері адамдар өмір сүріп келеді. Бұл жерде андрон мәдениеті мен ұзақ ғасырлар бойы бір-бірін алмастырған сақтардың, үйсіндер және қаңлылар және басқалардың мәдениеттері қалыптасты. Мұнымен қатар өңірдің тарихы мен мәдениеті тамыр жайған Тараз қаласын басып өтетін Ұлы Жібек жолы, және сол кездің Қытай, Үндістан, Византия, Парсы, Батыс Еуропа және ежелгі Русь сияқты ірі елдермен саяси-экономикалық байланыстары өңірдің қарыштап дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Шу, Талас, Аса өзендерін кесіп өтетін бұл өңірде іргетасы шартты түрде біздің эрамызға дейінгі 586 жылы қаланды деп есептелінетін ежелгі Талас қаласының пайда болуына ықпал еткен коңыржай климат, құнарлы топырақ, бай жайылым оны ары қарай өсіп-өркендетті. Қытай саяхатшысы Сюань-Цзяньнің деректеріне қарағанда 630 жылы өзінің көлемі жағынан замандастары Самарқанд, Шашу (Ташкент) қалаларынан кем түспесе, Исфиджаб, Қасан және басқа қалалардан асып түскен. Бұл жерде әр елден келген көпестер тауарларын саудалайтын. Өзінің ең гүлденген сәтінде 11-12 ғасырларда жеткен қаланың қыштан жасалған құбырлар пайдаланылған жерасты су желісі, тас төселген көшелер мен аяқжолдар канализациялық коллектор мен күйген кірпіштен көпкүмбезді ғимарат ретінде соғылған моншасы болған.

1220 жылы Орта Азияның түгелге дерлігін және қазақ елінің едәуір жерін жаулап алған моңғол шапқыншылары ақырына дейін қарсылық көрсетіп баққан Тараз қаласын тыптипыл ғып тастады. Бұдан кейін Тараз өзінің мәні мен мәртебесін жоғалтып алды. Бұл аймақта толассыз жүрген өзара соғыстар, Батыс Еуропа мен Үндістанға ашылған теңіз жолы арқылы Ұлы Жібек жолымен сауда-саттықтың тоқтауына және бұның бойында жатқан қалалардың токырауына әкеп соқты. Тарихта ірі оқиға ретінде Тараз туралы 1513 жылы оған Қасым ханның жорығы кезінде айтылады. Нәтижесінде, бір замандары атағы шыққан қала 15 ғасырдың басында Қазақ хандығына қосылған жай қоныстардың біріне айналды. Археологиялық қазбалардың материалдары, мазарлар мен тастардағы бейнелер ортағасырлық Тараз бен ең ежелгі қазақтарды біріктіретін мәдени байланыстар болғанын айғақтайды. Ұзақ жылғы археологиялық, тарихи-сәулет зерттеулерінің нәтижесінде табылған ескерткіштер облыстың тарихи-мәдени мұрасының құнды қоры болып табылады. 19 ғасырдың басында бұл аймақта шекара мен керуен оларды күзету үшін бірқатар камалдар салынды. Осылай ежелгі Тараздың үйінділерінің орнында орналасқан жері тиімді болғаннан кейін тез дамуға бет алған қамал бой көтерді. Уақыт өте қалаға айналған қамалдың аты Наманган-Коче болды. 1856 жылы ол «Әулиеата» болып өзгертілді. Бұл атын ол Қарахан батырдың құрметіне алды. Әулиеата өзінің сыртқы келбеті мен жоспарлануы басқа ортаазиялық қалалардан ерскшеленген жоқ. Орталығында көптеген сауда орындары мен қолөнершілері орналасқан қалада 2-3 мың тұрғын болды.

Кеңес Өкіметі өзі үстемдік құрған алғашқы күнінен бастап, бұрынғы тәртіпті түбегейлі өзгертіп, жергілікті билікті нығайтуға кірісіп кетті. Осының айғағындай, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата Қазақ компартиясының бірінші хатшысы Мирзоянның құрметіне Мирзоян деп аталды. Ал, 1937 жылы 5 маусымда қала аты Жамбыл тауларында дүниеге келген қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаевтың атымен аталды. Қалаға оның тарихи атауы 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен қайтарылып, Жамбыл қаласы Тараз боп өзгертілді.

Талас . . . Тараз . . . Әулиеата . . . Мирзоян . . . Жамбыл . . . Тараз.

Осылай ғасырлар бойына атауы сан өзгертілген қаланың тағдыры оңай болмаған.

1. 2 Аудандар бойынша туристік рекреакциялық потенциал

Жамбыл ауданы - Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жері 4, 3 мың км 2 . Тұрғыны 75, 6 мың адам Ауданның Әкімшілік орталығы облыс орталығынан 27 шақырым жерде орналасқан Аса ауылы. Аудан аумағында 45 елді мекен бар. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), ауданның орталығы қыратты, ал солтүстікке қарай жазық келеді. Ауданның ең биік жері орта тұсында (Үлкен Бұрылтау, 1138 м) . Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда - 6-7 0 С шілдеде 22-26 0 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250-400 мм. Аудан жерімен Талас, Көделі, Аса өзендері ағып өтеді. Жері тау-шалғынды, сұр, шалғынды батпақ топырақты келеді, жусан, жантақ, сортаң шөп, қамыс-құрғақ, бұталы өсімдіктер, т. б. өседі. Ақбөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл т. б. мекендейді. Аудан аумағында 38 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Жамбыл ауданындағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (95, 5%) . Халық біршама тығыз орналасқан. Халық қоныстануының орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 16 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Аса (7, 9 мың адам), Жалпақтөбе (7, 6) . Жамбыл ауданында 99 мәдени-тарихи ескерткіштеге ие. Оның 89-ы археология, 7-і тарихи, 2-уі сәулет және 1-уі монументалды өнер ескерткіші. Археология ескерткіштері негізінен ең ежелгі керуен жолдарының бойынан табылған. Олардың ішінде Әулиебастау, Бектөбе сияқты ірі қалалар мен ерте темір және орта ғасырдағы Ақтөбе, Күзембайтөбе, Кішімүрде қоныстары, Ақыртас заңғар кешенінің, қарауыл мұнараларының қалдықтары, бейіттер мен қорғандар (қорымдар) бар. Ортағасырлық сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері Айша бибі мен Бабаджы қатын кесенелері де мұнда орын тепкен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
«Жамбыл облысының мысалында туристік қызметті ұйымдастырудың тиімділігі»
Туризм инновациясы
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйе
Туризм саласын дамытуға арналған жиын
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Қазақстан туризмі
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz