Әуе көлігінің халықаралық туризмдегі мәні
РЕФЕРАТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТУРИСТЕРГЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Көлік саяхаттарын топтастыру мен жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Тасымалдау түрлерінің тиімділігін салыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ МӘНІ ... ... ... ... ... ... .. 17
2.1 Әуе тасымалдауларының дүние жүзіндегі жағдайы,тенденциялары...17
2.2 Құқық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Әлемдегі әуе компаниялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.1 Көлік жүйесінің жағдайы, туризм үшін мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... 31
3.2.Әуе көлігінің қазіргі жағдайы.« Эйр Астана » әуе компания қызметінің жалпы сипаттамасы ... ...34
3.3 « Эйр Астана » әуе компаниясының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .41
3.4 «Эйр Астана» әуе компания қызметінің мәселелері мен болашағы ... ... ... 44
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

МАЗМҰНЫ
РЕФЕРАТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТУРИСТЕРГЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН
КӨРСЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Көлік саяхаттарын топтастыру мен
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Тасымалдау түрлерінің тиімділігін
салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...8
1.3 Әуе тасымалдауларын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .11

2.2 Құқық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .19
2.3 Әлемдегі әуе компаниялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... . ..31
3.1 Көлік жүйесінің жағдайы, туризм үшін мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... 31
3.2.Әуе көлігінің қазіргі жағдайы. Эйр Астана әуе компания қызметінің
жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .34
3.3 Эйр Астана әуе компаниясының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .4 1
3.4 Эйр Астана әуе компания қызметінің мәселелері мен
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..54
КІРІСПЕ
Жер бетімен және сумен тасымалдау түрлерінің қаншалықты жедел
болғанымен, жер өте үлкен, сондықтан алыс мемлекеттер мен континенттерге
саяхаттау үшін айлар мен жылдар кеткен.
Актуалдігі. Адамдардың әуе көлігін ойлап табуы, бұл көлік түрінің
дамуы мен оның саяхаттау мақсатында пайдаланылуы туризмнің қалпын, стилі
мен тәсілдерін өте қатты өзгертіп, туризмнің көпшілік түрінің дамуына,
саяхаттар географиясының және туристік ағымдардың, құрылымының өзгеруіне
әкеп соқты.
Мысалы, Мәскеуден Владивостокқа теміржол арқылы саяхаттау ең аз
дегенде 7 күн алады, демек жалпы 14 күн (барып- қайту үшін). Ал бұл
саяхатшының тасымалдауға бөлетін уақытының нормасынан шығады.Ұшақ болса,
Мәскеуден Владивостокқа 8 сағат ішінде жетуге мүмкіндік туғызады.
Туризм мақсатымен трансконтиненталдық тасымалдауда әуе көлігінің
бәсекелесі жоқ (арнайы мақсатпен саяхаттауды алмағанда).
Көпшілік туризмі әр жұмыс істейтін адамның бос уақытына негізделген.
Еңбек қарым-қатынастарын реттейтін Норма бойынша, жұмысшыларға
берілетін демалыс 2-4 аптаға созылады. Сондықтан, адамдар тек 5-12 күнге
басқа жерлерге, мемлекеттерге қысқа мерзімді саяхаттарға барады және, бұл
мерзімде тасымалдауға саяхатшы ең көп дегенде 2 күн бөліп, қалғанын
демалысқа қалдырады.Осындай туризм түрі тек әуе көлігінің пайда болуынан
кейін ғана мүмкін болды. Бұл көлік түрі саяхатқа шыққан ірі туристік
ағымдарды комфортты және берік тасымалдауға мүмкіндік туғызды. Дәл осы
жағымен әуе көлігі ерекшеленеді және туризм дамуында маңызды орын алады.
Мақсаты. Осы жұмыста жалпы тасымалдау түрлеріне мағлұмат беріп, әуе
көлігінің туризм үшін қаншалықты маңызды екендігін жеткізіп, оны толық
сипаттау,
оның ішінде әуе тасымалдарының дүние жүзіндегі жағдайы, реттелу,
ұйымдастырылу сұрақтарын қарастыру, сонымен қатар, Қазақстан
Республикасындағы көлік нарығын зерттеп, ондағы әуе көлігінің жағдайын
сипаттап, бағалау мақсатқа алынған. Ол үшін мемлекетіміздің әуе нарығындағы
Эйр Астана әуе компаниясы мысалға алынады. Өйткені, бүгінгі күні 2001
жылы құрылған Эйр Астана, Қазақстандағы ұлттық әуе тасымалдау нарығында
басты орын ала отырып, мемлекеттің ең ірі әуе компаниясы болып табылады.
Міндеттері. Әуе тасымалдарының ерекшеліктерін ЭйрАстана
мысалдарында сипаттау. Қазіргі кезде әуе көлігімен саяхат Казақстанда
туристердің қолданатын транспорт саяхатының ішіндегі ең көп тараған түрі.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін еліміз шетел туризмініңгеографиясының
дамуына кең мүмкіншілік алды. Егер ертеректе басқа мемлекетке бару
үшін бірінші Мәскеуге барып, одан кейін ғана самолетпен өзімізді
қызықтырған елге бара алатын едік.Бұған артық уақыт,көп шығын кететін
еді.Қазір Эйр Астана әуе компаниясының ұшақтарымен көптеген елдерге
тура әуе желілері арқылы бара аламыз. Эйр Астана тұрақты рейстерден
басқа чартерлік рейстерді де ұйымдастырады.
Қазақстанда туризмнің дамуына жақында ашылған Алматы халықаралық
әуежайы да ықпал етеді.Бұл әуежай ауыр жүк және ауыр жолаушылар ұшақтарын
қабылдай алады.Мысалы,мынадай ауыр жүк ұшақтары Ан-124
( Руслан ), Боинг-747-400, ауыр жолаушылар ұшақтары ( аэробустар ) -
А-340 , А-380 , Боинг-777 .Бұл аэробустар бортына 800-дей жолаушы
алады. Техникалық көрсеткіштері жоғары мұндай ұшақтар Америка, Корея,
Жапония сияқты алыс жерлерге демалыссыз тура ұшуға мүмкіндіктер береді.
Демек, осындай әуе қатынастары елімізде туризмнің дамуына, экономика
бюджетінің толығуына зор ықпал жасайды.Осындай міндеттердің үлкен пайызы
Эйр Астана компаниясының иығына жүктеліп отыр. Ал Эйр Астана бұл
міндеттерді орындауда өз тарапынан үлкен үлес қосып отыр. Қосымша А және Ә
беттерінде көрсетілгендей әуе компаниясы 15 ішкі бағыттарда, 26 сыртқы
бағыттарда қарым-қатынас жасайды. Ал келесі 2006 жылы Жапония астанасы
Токияға және Франция астанасы Париж қалаларына тікелей әуе жолдарын
ашпақшы. Бұл біздің елімізде туризмнің дамуына тағы да бір мүмкіншіліктер
туғызады.
.
1 ТУРИСТЕРГЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ
1.1Көлік саяхаттарын топтастыру мен жобалау
Қазіргі уақытта көлік саяхаттары туризмнің жеке бір түріне айналды.
Жалпы айтқанда көлік саяхаттары – бұл алдын-ала құрастырылған маршрут
бойынша жолдамасы бар ұйымдастырылған туристердің көлікті пайдалану мен
түрлі қызметтер көрсету (тамақтану, орналасу, экскурсиялық және т.б.)
арқылы саяхаттары.
Көлік саяхаттарының топтастырылуында негізгі мінездемелерінің бірі –
маршрут типі. Туризмде қозғалудың әуе, жер, су және аралас түрлері
пайдаланады. Жер көлігі өз кезегінде темір жол және автомобильді, ал су –
теңіз және өзен болып бөлінеді.
Көлік түрлері моторлы және моторсыз бола алады. Моторлы түріне поезд,
ұшақтар, автобустар, теплоходтар, мотоциклдер және т.б. жатады. Қозғалудың
моторсыз түрлеріне техникалық жабдықтар жатады: қайық, велосипед,
дельтаплан және т.б., сонымен қатар жануарлар да жатады.
Маусымдық көлік түріне және аймақтың табиғи – климаттық жағдайына
байланысты. Әсіресе көліктің навигациялық периодқа байланысты су түрлері
маусымды болып табылады. Турфирмалар тәжірибесінде көлікті негізінен
бірретті тапсырыс бойынша пайдаланады.
Трассаның құрылуы бойынша маршруттар сызықтық (бірінші нүктеден екінші
нүктеге), сақиналы (маршруттың нүктелері бойынша басталған нүкте- ден басқа
пунктер арқылы қозғалу), радиалды (бір пунктен бірнеше түрлі нүктелерге
бару), аралас (бұған әр түрлі құрылысты трассалар кіреді) болады.
Саяхаттың ұзақтығы бойынша ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді саяхаттарға демалыс күндік сапарлар жатады. Өкінішке орай
олардың үлесі қазіргі уақытта қысқарды. Бұл өте қанық және арнайы демалысты
алуды керек етпейтің саяхаттар. Ұзақ мерзімді саяхаттар дема- лыс, емделу,
терең танымдық, т.б. мақсаттар үшін арналған.
Меншік түріне байланысты маршрутта жалдамалы, мамандандырылған, жеке
және жалпыға арналған (демек, графиктік) көлік болып бөлінеді.
Әрине, автобус, әуе және темір жол саяхаттары ең әйгілі, ең жиі
қолданатын саяхаттар болып табылады (көлік саяхаттарының жалпы көлемінің 90
%).
Өзінің саяхатын жоспарлағанда, турист баратын жеріне жету жылдамдығы,
саяхат жайлылығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі мен оның салмағы,
тамақтану жағдайы, шу мен сілкініс деңгейі, ұйықтау мен демалу жағдайы,
сапар барысындағы кең шолу мүмкіндігі, зиянды экологиялық факторлардың
болуы, қауіпсіздік сияқты факторларды ескереді. Бұл факторлардың көлік
түрлеріне әсері келесі кестеден [1] көрінеді.
Кесте 1. Көліктің негізгі түрлерінің халықаралық туристік саяхаттардағы
тартымдылығы (10- балдық рейтинг бойынша) [1]
Көлік түрлері
Бағалау критерийлері
өзен теңіз темір автобустар жеңіл ұшақ
кемесі кемесі жол автом.
Қозғалу қауіпсіздігі 7 5 6 4 5 7
Экологиялық 6 6 7 5 6 8
қауіпсіздік
Тасымалдау ақысы 8 6 9 8 2 1
Жылдамдығы 1 2 6 4 6 10
Туристтің қалауы
бойынша жол бойында 2 1 1 8 10 1
тоқтау мүмкіндігі
Жолда ұзақ өмірлік
қамсыздандыру 8 10 5 3 2 5
мүмкіндігі
Сыйымдылық 7 10 6 4 1 7
Капиталды шығындар 2 1 5 8 10 2
Жайлылық деңгейі 8 10 2 4 6 6
Мобилділік 1 1 1 8 10 5
Барлығы 50 52 48 56 58 52
Осыдан, көлік түрлерінің рейтингі онша ерекшеленбейтіні көрінеді.
Мұнда анықтаушы негізгі рольді қарама-қарсы факторлар ойнайды( бағасы,
капиталды шығындар, эксплуатациялық жылдамдығы, сыйымдылығы және т.б.)
Приоритет бойынша, бұл талаптар келесідей бөлінеді: саяхат
қауіпсіздігі; бағасы және түрлі жеңілдіктердің бар болуы; ыңғайлылық; әкелу
жылдамдығы; т.б. факторлар. Әрине, оңды факторлар көбірек болғанда, көлік
саяхатының бағасы да жоғары болады. Бірақ ешбір көлік түрі барлық
талаптарға жауап бермейді.
Туристік кәсіпорындардың қызметкерлері көлік ұйымдарының негізгі
міндеттерін білу керек:
- Жолаушыларды тасымалдау үшін лицензия алу;
- Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
- Сертификаты бар көлік түрін ұсыну;
- Қызмет көрсетудің жоғары сапасымен қамтамасыз ету(өз уақытында қызмет
көрсету, тазалық, әдептілік, т.б.).
Көлік қызметін көрсетумен байланысты құқық негіздерін білу туризм
мамандарына өзара пайдалы келісім жасауға және саяхат маршрутын дұрыс
құрастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде туристік саяхаттарды жобалаушылар үшін маршруттың
көптеген ерекшеліктерін ескеретін технологиялық карта құрастырылады. Оған
келесі пункттер кіреді:
1) Маршруттың негізгі көрсеткіштері: түрі; қиындық категориясы;
ұзындығы(км) (оның ішінде қозғалыстың активті түрлерімен); саяхат
ұзақтығы(тәулік); туристік топтардың саны; топтағы туристердің саны;
маршрут бойынша жалпы туристер саны; қызмет көрсету күндерінің саны;
бірінші топқа қызмет көрсетудің соңы; жолдаманың бағасы; 1 айдағы
туристердің саны, туристік топтардың ай бойынша келу графигі; 1айдағы
топтар саны; туристік кәсіпорындарының мекен-жайы(одан саяхат басталады).
2) Маршрут бойынша туристерге қызмет көрсету және саяхат бағ- дарламасы:
қоныстанған аймақтар, олардың арасындағы ара- қашықтық, қозғалу әдістері,
нүктеге келу және одан кету уақыты; туристік кәсіпорындардың атаулары және
орналасу жағдайлары; жоспарланған туристік қызметтер; экскурсиялардың,
туристік серуендер мен жорықтардың атаулары (көрсетілетін негізгі
обьекттердің тізімімен); маршрут ішіндегі тасымалдау, 1 адамға экскурсиялық
шығындар; топтарды тапсыру нүктелері;
3) Инструктор – методист, экскурсовод, гид-аудармашы, т.б. қызмет
көрсететін адамдардағы және олардың қосымша дайындықтағы қажеттілік.
4) Жарнамалы – ақпараттық және картографиялық материалдарды дайындау;
саяхаттың қысқаша суреттелуі.
Әрине, көлік саяхаттарын құрастыру туроператорлардың қызметімен
байланысты. Сондықтан, туристік өнімнің сапасы оның тұтынылатын жерінде
тексерілуі қажет. Өйткені, фотовидеобейнелер шындыққа сәйкес келе бермейді.
Сондықтан, алыс жерге және шетелге турларды ұйымдастырғанда қаржы
шығындарын алдын ала қарастыру керек.
Кейде туристерді қарсы алуда мүдделі ақшасы бар туроператор осы
шығындарды өзі өтейді. Мысалы, Фром француз турфирмасы әр жыл сайын жаңа
маршруттар бойынша өзінің турагенттеріне 2 ақысыз әуесаяхат ұйымдастырады.
Фирма жұмысшылары турагенттердің сұраныс азайған саяхатты өзінің
жарнамасына қоспайтынын біледі. Бұндай жағдайда турдың реанимациясы болып,
көптеген адамдар қызық маршрутқа қатыса алмайды.
Осылай, сату көлемін ұзаққа сақтап, турөнім үшін әдеттегідей құлдырау
периодынан қашық болуға болады. Ал оны құрастыру кезегінде көлік түрі, іске
асырылу мезгілі, жеке материалдық базаның болуы, саяхат ұзақтығы және тағы
басқа құрамдастар маршруттың сапасы мен атағына әсер ететінін ескеру керек.
1.2 Тасымалдау түрлерінің тиімділігін салыстыру
Тасымалдау түрлерінің әрбіреуінің өзіндік тарихы, әдіс, тәсілдерінің,
аппарат конструкцияларының, т.б. құрылу және даму кезеңдері болады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, тасымалдау түрі қажеттілік пен рационалдық
бойынша таңдалып қолданылады (Орта жағдайының ерекшелігіне, рельеф,
климаттық жағдай, мақсатына, жылдамдығы мен сыйымдылығына, бағасына
байланысты).
Дүние жүзіндегі туристік және пассажирлік тасымалдаудың механикалық
түрлерін пайдалануын келесідей бағалауға болады (2000 ж) :
автомобильдік 41 %
әуе 44 %
темір жол 7 %
теңіз және өзен 8 %
Баратын жерден қаншалықты алыс екені өте маңызды.
Жақын жерлерге жаяу бара салу немесе велосипедпен бару ұтымды. 5-500
км қашықтықта орналасқан жерге көліктің автомобиль түрін, ал 30-1500 км –
темір жол көлігін пайдаланған жөн.Ал әуе көлігін 500 км аз қашықтықта
орналасқан жерге бару үшін пайдалану ұтымсыз.
Бірақ та тасымалдау түрінің тиімділігін бағалау және таңдау кезінде
келесі принциптерді ескеру қажет: қайда орналасқан, қашан, не үшін және
қандай бағаға. Кейбір жерлерде көлік түрлерін таңдау мүмкіндігі болмайды.
Мысалы, поляр маңы кеңістіктерінде жолдар жоқ, су көлігін мұздық жағдайға
байланысты пайдалану мүмкін емес. Сонда вертолет немесе кіші авиация
түрлері пайдаланады. Ал жергілікті қозғалыс жануарларды жегу арқылы іске
асырылады, немесе мүмкіндік болса – вездеход пайдаланады. Әртүрлі
тасымалдау көліктерінің тиімділігі келесі 1-суретте көрсетілген.
Автомобиль, темір жол және әуе тасымалдауларының тиімділігін
салыстыру[2]
% саяхат
100
0 500
1000 1500
Арақашықтық(км)
--------------------- Автомобиль
--------------------- Жылдам жүретін поезд
--------------------- Ұшақ
Cурет 1.
Мәселен, АҚШ-та жолаушылар мен жүктің автомобильді тасымалдауы
дамыған. Мұнда өте көп автомагистраль салынған. Бұл дамыған мемлекет –
автомобиль отаны және дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерге қарағанда жақсы
автомобильдендірілген. Орташа алғанда әр жанұяға екі жеңіл автомобильден
келеді. Жалпы мемлекетте 6 млн. км автомобиль жолдары бар, оның 67 500 км
негізгі қалаларды қосатын Inter State Highway System ұлттық жол желісінің
шосселік жолдар разрядына жатады. Бұл екі және төрт- сызықты асфальттік
жамылғысы күшті шосселік жолдар. Осы жолдар бойымен АҚШ автомобиль
тасымалдауларының 20 % жүзеге асады.
Европада автомобиль және темір жол көлігі дамыған. Франция мен
Германияда темір жол магистральдарының тығыздығы жоғары. Германияның German
Rail темір жолдарының ұлттық желісіне темір жолдың екі түрі кіреді:
Deutsche Bundesbahn (BD) – жолдарының ұзындығы 28 000 км және German
Reichsbahn (DR) – 1 500 км . Жалпы Германияда 2 500 жабдықталған темір жол
вокзалдары мен станциялары бар.
Германияның темір жолы – маңызды тасымалдаушы. Әр күн сайын онда 30
мың жолаушылар тасымалданады. Темір жол желісі мемлекеттің 50 қалаларын
байланыстырады. Жылдам жүретін поездардың көбісі өте жайлы, вагондары
кондиционермен жабдықталған, жолаушылардың жайлылығы үшін үлкен терезелері
бар.
Испания дүние жүзіндегі туризмнің маңыздылығы мен көлемі бойынша 3-ші
аймағы болып саналады. Туристердің Испанияға келетін көлік түрлері 2-ші
кестеде көрсетілген.
Кесте 2. Туристердің Испанияға келетін көлік түрлері [2]
Туристер саны, млн. адам
1995жыл 1999жыл
Келу көрсеткіші
Көрушілер 57 594 76 392
Туристер 38 803 51 772
Экскурсанттар 18 791 24 642
Тасымалдау түрі
Әуе 27 746 37 701
Темір жол 0 241 0 446
Автомобилді 9 108 11 644
Теңіз 1 707 1 981
Келу мақсаты
Демалыс 33 370 41 973
Іскерлік және 3 376 3 485
мамандандырылған
Басқа 2 057 2 289
Кейбір мемлекеттерде темір жол жоқ . Мысалы, Ауғаныстан, Белиз, т.б.
Норвегия Скандинавия түбегінде орналасқан. Онда негізінен терең фьордтар
мен таулы жер бедер. Сондықтан әуе тасымалдауы дамыған.
Жолаушылар мен туристерді тасымалдау жүйесінде басқа маңызды фактор –
халықтың жүріп-тұру жиілігі. Бұл халықтың салт-дәстүр, өмір сүру қалпы,
төлеу қабілеттілігіне байланысты. Бұған байланысты СССР кезінде тасымалдау
төлем ақысы төмен болып, халықтың қозғалысы жоғары болып көлік нормадан тыс
болып кететін. 1940 ж. СССР-де тасымалдау көлемі жылына 2 050 млн. жолаушы
болды. 1988 ж. қарай тасымалдау көлемі жылына 55 423 млн. жолаушы болды[2].
1.3 Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру
• Әуе билеттері
Жолаушы мен тасымалдаушы арасындағы Контракттың дәлелі – билет болып
табылады. Онда жолаушының аты мен әуекомпания (тасымалдаушы) атауы
жазылады.
Әуе билеті атаулы болып келеді де, онда барлық қажетті атрибуттар бола-
ды (ұшу купоны, жолаушылық купон және ұшу үшін отыру купоны) .
Әр түрлі әуекомпаниялардың билеттері әртүрлі безендіріледі, бірақ
барлық билеттерде келесі атрибуттар жазылады: жолаушылардың фамилиясы;
маршрут; класс; рейс номері мен әуекомпания коды; ұшып шығу күні мен
уақыты; билетті пайдалана алу мерзімі; статусы.
Жолаушылардың фамилиясы билетте (паспортта француз тілінде жазылса
да )ағылшын тілінде жазылады. Әйел фамилиясының алдында Ms (миссис),
еркек фамилиясының алдында Mr (мистер) деп жазылады.
Жолаушылардың тұлғасын куәландыратын құжаттар[3]:
1) Ресейдің және ТМД мемлекеттерінің азаматтары үшін жолаушылардың
куәландыратын құжаттары: паспорт; шетел паспорты; теңізші паспорты;
дипломатиялық паспорт; Ресей азаматтары үшін РФ Мемлекеттік Дума
депутатының куәлігі және жергілікті үкімет органдарының куәлігі; әскери
қызметкердің куәлігі; әскери билет; 16 жасқа дейінгі балалар үшін туу куәлі-
гі; қамаудан шығу туралы справка; Ресей азаматтары ішкі істер органдары-
мен берілген үшін (тек РФ ішінде) № 9 формасындағы справка.
Құжаттарын жоғалтып алған ТМД азаматтарына, мұнда орналасқан консулдық
бөлімдер, олардың қайтуына куәлік беруі тиіс. Бұл куәлікті тек азамат
мемлекетіне қайтып келгенше ғана пайдалана алады.
РФ азаматтары ТМД мемлекеттеріне барған кезде, олардың ресейлік
азаматтығын куәландыратын қағаз паспортында болуы қажет.
2) Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен саяси эмигранттар үшін,
жолаушылық куәлік: ұлттық паспорт; азаматтығы жоқ тұлға үшін куәлік;
атқарушы комитеттің (СОКК) саяси эмигранттары үшін куәлігі; тұратын жерінің
түрі.
Ұшу маршруты ұшақ отырулар жасаса, әлде жолда рейс номері өзгерсе,
т.б. жағдайда ғана көрсетіліеді.
Егер де жолда ұшақ отырып, бірақ ұшақ және рейс номері өзгертілмесе,
билектің “маршрут” графасында тек бастапқы және соңғы пунктер ғана
белгіленеді. Жолда рейс номері өзгерсе, қосымша ауыстырылу пункті
көрсетіледі.
Әуекомпаннияның класы билетте әріпті символ арқылы көрсетіледі: бірін-
ші класс (F); бизнес-класс (C); экономикалық класс (Y); туристік класс (Т).
“Air France” (Франция) ірі әуекомпанияның класы ерекшеленеді:
Espace – 180 (бірінші класқа сәйкес);
Espace – 127 (бизнес-класқа сәйкес);
Economical (экономикалық класс).
Рейс номері және әуе компания коды сәйкес символдармен көрсетіледі:
Мысалы, LM-124, бұл Lufthansa (Германия) әуекомпаниясының 124-рейсі.
Басқа кейбір әуекомпаниялардың кодтары:
SU – Аэрофлот – Ресейдің халықаралық әуе жолдары;
AF – Air France – Франция;
DL – Delta Air Lines – АҚШ;
AY – Finn Air – Финляндия;
BA – British Airways – Англия;
CY – Cyprus Airways – Кипр және т.б.
Күні (мезгілі) “бару” және “қайту” графасында жазылады. Ашық датасы
бар билетте “қайту” күні көрсетілмейді. Ұшу купонының ішкі жағында “ореn” –
“ашық” белгісі қойылады.
Ұшып кету уақыты әрдайым жергілікті сағат бойынша көрсетіледі. Көпте-
ген әуекомпанияларда кейде ұшып келу уақыты да көрсетіледі.
Билеттің пайдалану мерзімі билет типіне байланысты қойылады. Бірақ ол
оның берілуі немесе сапардың басталу мезгілінен 1 жылдан аспау керек.
Әрине, билеттің пайдалану мерзімі сәйкес графада жазылады.
Билеттің пайдалану мерзімі келесі жағдайда ұзартылады:
– егер жолаушы орын сатып алып, рейс іске асырылмаса;
– маршрут бойынша тоқтау болмаған жағдайда (бұл жолаушы үшін саяхаттың
басталу жері болса);
– егер тасымалдаушы күнтізбе бойынша ұшуды іске асырмаса;
– жолаушы сервистің басқа класы ұсынылса;
– егер тасымалдаушы билетте көрсетілген орынды ұсына алмаса.
Бұл жағдайларда билеттің пайдалану мерзімі тасымалдау Ережелеріне
сәйкес ұзартылады.
Жолаушылардың жолда қайтыс болған кезінде ,оның қасында болған
адамдардың билеттері 45 күнге дейін өлімі туралы куәлігі бар болса
ұзартылады.
Статус билетте символдармен көрсетіледі:
OK – бұл рейске орын броньдалған болса
RQ – орын сұралып тұр, бос орын болса, жолаушы ұшып кетеді.
Жоғалып қалған билет ұшудың алдында, оның сатылып алған агенттікте
қайтадан алынады (билеттің дубликаты беріледі). Егер де билетті шетелде
жоғалтса, оны сол мемлекеттен әуекомпанияның өкілеттігі бере алады.
Егер де жолаушы рейске кешігіп қалса, тасымалдаушы оны басқа рейспен
тасымалдай алады (егер орын бар болса), бірақ РЕХ немесе АРЕХ жастарға
арналған тарифтегі билеттерді қоспағанда, бұндай жолаушыларға көптеген
шектер қойылған[10].
• Регистрациялану және тасымалдау шектері
Жолаушы регистрациялану орнына рейстің басталуына дейін тасымалдау- шы
белгілеген уақытта барлық ресми үрдістерден өту үшін алдын ала келу керек.
Егер де жолаушы белгіленген уақытта келмей қалса және оның құжаттары
толық болмаса, демек ол ұшуға дайын болмаса, демек ол ұшуға дайын болма-
са, онда тасымалдаушы оған бөліп қойған орынды жоюға құқылы, өйткені
рейстен қалып қоюға болмайды. Сонымен қатар, тасымалдаушы жолаушы-ның
жасаған шығындарынажауапты болмайды.
Қауіпсіздік ережелері бойынша, тек жолаушы жүгін өткізіп, оның ұшақ
бортында жоқ болса ғана, рейс кешігуі мүмкін.
Көптеген мемлекеттерде аэропорттағы бірінші және бизнес-класс жолау-
шыларын регистрациялау басқалардан бөлек жасалынады:
Бірінші класс жолаушылары арнайы VIP жоғары комфортабелді күту зал-
дарымен пайдалынады.
Егер жолаушы өзінің мінез-құлқымен, ақыл-ес және физикалық жағдайы-
мен басқа жолаушыларға кедергі жасаса, әлде жалпы қауіпсіздік себептері-
мен жолаушыны тасымалдаудан бет бұруы мүмкін.
Тасымалдаушы келесі жағдайларда тасымалдаудан бет бұруы мүмкін:
1) тасымалдаушы белгілеген нұсқаулар мен Ережелерді бұзу;
2) қауіпсіздік және т.б. қызметтерге бағынбау;
3) жолаушының міндетті құжаттарының жетіспеушілігі;
4) егер тасымалдау билеті заңды түрде емес сатылып алынса немесе шындыққа
сәйкес болмаса;
5) егер ұшу купондарында жолаушы аты біреумен өзгертілсе.
Ересек адамдарсыз балаларды, инвалидтерді, екіқабат әйелдерді немесе
ауру адамдарды тасымалдау рұқсаты Ережелермен анықталады немесе тасы-
малдаушымен келісіледі.
• Туристік жүкті тасымалдау
Жолаушы (турист) жүк түрінде келесі заттарды тасымалдауға құқықсыз:
1) ұшақ жолаушыларына, борт мүлкіне қауіпті заттарды;
2) ұшып келу, ұшып кету және транзитті мемлекет заңдары және ереже-
лерімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды;
3) тасымалдаушының ойы бойынша, өзінің салмағы, көлемі, түрі бойын
ша тасымалдауға ыңғайсыз заттарды;
4) тез бұзылатын және сынғыш заттарды;
5) дәрімен атылатын қаруларды (аң аулау және спорттық қарудан басқа)
және амуницийді;
6) ақша, зергерлік бұйымдарды, алтын металдарды, күміс бұйымдарды,
іскерлік құжаттарды, паспорттарды, т.б. заттарды;
7) жабайы аңдарды;
8) Ережеге сәйкес т.б. заттарды.
Одан басқа жүкте келесі заттарды тасымалдауға тыйым салынған: қысыл-
ған және сұйытылған газ, бутан, оттегі, сұйық азот, зарядталған акваланг
баллондарын, уларды, күйдіретін заттарды, сынапты, сілтілерді, аккумуля-
торлық батареяларды, жеңіл жанатын сұйықтарды, радиоактивті элементтер- ді,
агрессивті және пітірентетін газдарды немесе магнитталған материалдар- ды
және т.б. заттарды.
Егер регистрацияланған жүк керекті түрде оралмай, қауіпсіздік ережелер-
ін бұзса, тасымалдаушы оны тасымалдаудан бет бұра алады.
Қауіпсіздікке байланысты жолаушының рұқсатымен тасымалдаушы жүкті
тексеруі мүмкін. Егер де жолаушы қатыса алмаса, оның жүгін онсыз ақтара
алады. Ал егер жолаушы мұндай шарттармен келіспесе, тасымалдаушы жол-
аушыны немесе оның жүгін қабылдамай алуға құқылы.
Егер тасымалдаушы жүкті қабылдап, оны регистрациядан өткізсе, ол жол-
аушы баратын рейспен жеткізілуіне және оның қауіпсіздігіне жауапты.
Кейбір жағдайда, Ережелерде белгіленген, жолаушымен келісіліп, жүкті
басқа рейспен жіберуі мүмкін.
Ережелерде белгіленген нормаларға немесе тасымалдаушы талаптарына
сәйкес жолаушы өз жүгін ақысыз тасымалдай алады.
Әдетте, Ереже бойынша, ақысыз жүкті тасымалдау нормасы – бірінші класс
үшін – 40 кг., бизнес-класс үшін – 30 кг., экономикалық класс үшін – 20
кг.(Weight concept).
Жүктің арттық килограмы үшін Ережеге сәйкес қосымша ақша төленеді.
Кейбір тасымалдаушылар жүктің орын санына байланысты жүкті ақысыз
тасымалдау жүйесін пайдаланады (Piece concept).
Қосымша төлем арқылы жолаушы шектен асып кететін тексерілген жүктің
бағасын жариялауы мүмкін.
Жолаушы өзімен бірге ұшақ салонына алатын жүк регистрациядан өтпей-
ді. Оның көлемі мен салмағы тасымалдаушының ережелерімен реттеледі.
Көптеген жағдайларда қол жүгі бір орынмен шектеледі. Сыртқы киім, бала- лар
тамағы жатқан сөмке, балдақтар қол жүгі болып саналмайды. Көптеген
әуекомпанияларда қол жүгі салмағы 5 кг. аспау керек.
Соңғы нүктеге келгенде, жолаушы жүкті анықтайтын бирка мен квитан-
цияны көрсетіп, өзінің жүгін қайтып алады. Егер де жолаушы бирка немесе
квитанцияны жоғалтып алса, тасымалдаушы оған жүгін жолаушы қажетті
құжаттарды көрсетіп, жүкті анықтауға кеткен шығымдарды өтеген кезде ғана
қайтарып береді.
Жолаушының ешбір шағымсыз жүгін алуы – жүктің тасымалдауға келісім
шарттарына сәйкес жеткізілгенінің нақты дәлелі.
Жануарлар (мысық, иттер, құстар, т.б.) тасымалдауға тек денсаулығы мен
егуі туралы сертификаты, алып шығукіру рұқсаты болған кезде (кету-келу,
транзит мемлекетінің талабы бойынша) жіберіледі. Жолаушының басқа жүгі
болмаса да, клеткадағы тамағы бар жануарлар артық жүк ретінде
қарастырылады.
Соқыр және саңырау немесе физикалық қуатсыз жолаушылардың қасын-дағы
иттер ерекше қарастырылады: олар жүктің қабылданған нормасынан тыс ақысыз
тасымалданады. Жануарлар тасымалдануға жолаушы оларға толық жауапты болып,
тасымалдаушы жарақаттануы, ауруы немесе өлімі жағдайында жауапсыз болған
кезде ғана қабылданады.
• Жолаушыларға қызмет көрсету атрибуттары
Сервис (қызмет көрсету) және комфорт деңгейі әуекомпанияның класына,
бағытқа, тасымалдаушы салт-дәстүріне, тарифтерге, ұшу ұзақтығына, т.б.
байланысты.
Жайлықты құратындардың бірі – жолаушы орнының типі мен орындық- тардың
арасындағы қашықтық, оның ішінде үстел, күл салғыштың, қоқыс жинаушының
және т.б. болуы. Осындай орындықта көп жағдайда жақсы демалуға болады,
өйткені, ол жайлы төсекке жеңіл айналады. Алыс маршрут- тарда бірінші және
бизнес-класс орындарында радиотрансляция жүйесі жаса-лынған, және
жолаушыларға жеке наушниктер беріледі, олар арқылы музыкалық бағдарлама
тыңдауға, әуе “тыныштық” каналына қосылуға бола- ды (демек, двигательдің
шуылдауы естілмейді).
Кейбір жағдайларда орындыққа портативті телевизорлар қосылған. Кейбір
әуекомпаниялар ұшағында бірінші және бизнес-класта спутник байланыс жеке
телефондары бар, онымен кредиттік карточка арқылы пайдаланады. Осындай
телефондар американдық әуежолдарының 70 %-де бар.
Осындай жүйенің лидері SAS әуекомпаниясы болып табылады. Ондағы
халықаралық рейстердің барлығы телефондармен жабдықталған. Бірақ әуе-
компаниялардың барлығы жолаушыларға ұшақ ішінде мобилді телефондар- мен
қодануға рұқсат бермейді. Өйткені, бұл қауіпсіз. Германияда, оған қоса, ұшу
кезінде компакт-дискілердің портативті проигрывательдерін қолдануға тыйым
салынған.
Ұшақ бортынан жерге факс, телеграмма жіберуге мүмкіндік бар. Мұндай
жүйе (GTE, Airfone) басқа ұшақтармен байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Компьютер және тағы басқа оргтехникамен пайдалану мүмкіндігі де бар.
Комфорттың ерекше деңгейімен “Air France” әуекомпаниясы ерекшелене-
ді. Онда жоғары аталынып кеткен атрибуттардан басқа үлкен көңіл тамақтан-
дыруға бөлінеді. Оны билетті сатып алу кезінде таңдап алуға болады (диет-
тік, вегетариандық, комерлік, теңіз өнімдерінен, ұлттық асханадан, арнайы
балалар тағамдары және т.б.).
Трансконтиненталдық рейстерде ыстық тамақ әрбір 4 сағат сайын беріле-
ді. Егер ұшу уақыты 3 сағаттан көп болса 3-4 түрден аз емес ыстық тамақ,
сонымен бірге шай, кофе, шырындар беріледі. Бұл әуекомпания рейстерінде
балалар үшін арнайы бағдарлама “Көк планета” (Planeta blue) бар, олар ой-
найды, тамақтанады. Бұл әуекомпания алыстағы трассалардағы ерекше жоға- ры
комфортабелді “Конкорд” ұшағы арқылы қызмет көрсетуді іске асырады.
Кейбір әуекомпаниялар дәстүрлі емес қызмет көрсетеді: көп рет
пайдалана алатын асхана приборларымен тамақтандыру, спирттік ішімдіктердің
шексіз таңдауы, жеке тапочки, сувенирлер, сыйлықтар, сонымен қатар,
аэропортта автобустар үшін жеке өзінің терминалдары болады (олар төлемсіз
трансферді іске асырады).
Бизнес туризм жолаушыларына комплексті қызмет көрсету үшін әуеком-
паниялар (British Airways, Lufthansa, Air France, Austrian Airlines және
т.б.) элитті класс принципі бойынша қызмет көрсетудің ерекше режимін енгізе-
ді: Concorde class, First class, Club World, Club Europe class, Shuttle
Service және т.б. Мұнда таңдау арқылы тамақтану, байланыстың әр түрлері,
оргтех- ника, компьютер, электрондық ойын-сауықтың әрбір түрі ұсынылады.
Мұндай жолаушыларға VIP залдары, тезделген кеден формальностары, қосымша
(10 кг. дейін) төлемсіз жүк және оны тез алып келу, жылдам транс- фер,
телефон арқылы регистрация, т.б.қызметтер көрсетіледі. Іскер адамдарға
арнайы ұшақтар бар (бизнес-офистер). Олардың көбісі бұл мақсатта әскери
ұшақтарды пайдаланады (ұшатын офис[5].
Комфорттың маңызды атрибуттары – шу мен вибрацияның ұшақ салонын-дағы
деңгейі, қол жүгі үшін арнайы бөлімдердің болуы, қызмет көрсету пер-
соналының квалификациясы, т.б..
2 ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ МӘНІ
2.1 Әуе тасымалдауларының дүние жүзіндегі жағдайы, тенденциялары
Халықаралық туризм адамдардың мемлекеттен мемлекетке қозғалуы туралы
айтады. Оның дамуын зерттеу алдында көлік индустриясымен қарым-қатынасын
анықтау өте маңызды. Туризмдегі сұраныс көлік индустриясының тез дамуын
ынталандырды. Мұндағы маңызды рольді көлік индустриясында-ғы соңғы 10
жылдағы ғылыми-техникалық жетістер ойнады.
Жартысынан аз халықаралық саяхаттар жер жолдары арқылы жүзеге аса- ды.
Әуе көлігінің ролі жылдан жылға өсе береді.
Жылдағы халықаралық саяхаттар Европа ішінде ерекше таралған. Өйтке-
ні, мемлекеттер арасындағы арақашықтық және жоғары дамыған жолдар желісі
көліктің осы түрін пайдалануға олжалы (выгодный) етеді. Сонымен қатар,
иммиграциялық және кеден процедуралары Европалық одақ мемлекет- тері
арасында соңғы жылдары дұмсартылды Жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау
келесі суретте көрсетілген.
Жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау[1]
Сурет 2.
.
1992 ж. саяхатшылардың 5 % ғана халықаралық тасымалдауда темір жол
жүйесін пайдаланып (Европа бойынша әсіресе), 8 % пароходтар мен паром-
дарда саяхаттады (мысалы, Франция мен Ұлыбритания, Италия және Греция,
Швеция мен Дания арасында), ал туристердің 40 % самолётпен ұшқан.
Туризм индустриясында және әлемдік экономикада әуе көлігі маңызды орын
алады және оның өсу темптері өте жоғары - әлемдік жіө (ВНП) өсу тем- пінен
2 есе жоғары. 70 жж. жыл сайын ол 6 % 90 жж. 5 % құрған.
Өсудің жоғары темптері тек индустриалды және жаңа индустриалды мем-
лекеттерге тән.
Тасымалдауда топты тасымалдау өсу темпі басым – жылына 7,5 %.
Әуе көлігі индустриясы экономикалық және саяси өзгерістерге өте сезім-
тал. Мысалы, Парсы шығанағындағы соғыс және экономикалық құлдырау (90 жж.
басталған) әуе тасымалдауларының қысқаруына себеп болды. Азаматтық
авиацияның халықаралық ұйымының (ICAO) статистикасы бойынша, осы периодта
дүниежүзілік әуе тасымалдаулары 3,5 % азайды.
Әуе тасымалдауларына сұраныс реактивті двигательдердің пайда болуы-
нан кейін жоғары өсті. 1950 ж.бастап коммерциялық авиацияның жолаушы- лық
ағымдары 60 есеге өсті, және бұл басқа көліктің түрлерімен салыстыр- ғанда
ең жоғары өсу боды. Сұраныстың өсуіне, одан басқа, халықаралық туризмнің
дамуы ықпал жасады.
Халықаралық әуе тасымалдаулары негізінен Солтүстік Америка, Европа,
Япония және Азияның жаңа индустриалды мемлекеттері арасында жүзеге
асырылып, дүниежүзінің тасымалдауларының 75 % құрайды. Олардың 70 % АҚШ
компаниялары, 10 % Ұлыбритания компаниялары қамтамасыз етеді.
АҚШ ең ірі жоспарланған әуе тасымалдауларының ішкі нарығына ие. Ол
дүниежүзілік ішкі тасымалдаудың 56 % құрайды. Европаның Одақ мемлекет-
теріне дүниежүзілік ішкі тасымалдаудың 22 % келеді.
Солтүстік Атлантика әлемнің ең көп баратын маршруты болып саналады да,
оған әлемнің жолаушыларының 22,3 % келеді.
“Боинг” компаниясының “Current Market Outlook” басылымына сәйкес
әлемдік әуе тасымалдаулары 2000ж. дейін жыл сайын 5,9 % өсе береді, ал 2000-
2013 ж. дейін – 4,9 %. 1980-1990 жж. әлемдік әуе тасымалдауларының 5,9 %
орташа жылдың өсуі нәтижесінде, жыл сайын пайда 51 млрд. ПМП (пассажир –
миля пайдасы) өсті. Компания болжамы бойынша 2000-2010жж. жылына пайдаға
119 млрд. ПМП қосылып отырады. Ал жолаушылық тасы- малдау 1994-2013 жж. 3
есеге көбейеді.
Келешекте толған маршруттар туризм және халықаралық сауда тез темп-
термен дамып жатқан Азияға бағытталатын болады.
Ең толған европалық маршруттар Лондонда басталып, оған Лондон – Париж,
Лондон – Нью-Йорк және Лондон – Амстердам.
№3 кестеден келешектегі өсудің 40 %-і Азия – Тынық мұхиттық аймақ
ішіндегі маршруттарға, транстынық-мұхиттық маршруттарға және Азия – Европа
бағыты бойынша ұшуға келетіні көрініп тұр[2].
Кесте 3. 1994-2013 жж. әуе саяхаттарының ең ірі нарықтары
Туристік бағыттар Тасымалдаудың орташа жылдық
өсімі, ПМП
Европа-Африка 1,9
Латын Америкасы 2,1
Европа-Латын Америкасы 2,5
Солтүстік Америка-Латын Америкасы 3,8
Азия-Европа 8,8
Солтүстікатланттық маршруттар 9,8
Европа ішінде ұшу 11,2
Транстынықмұхиттық маршруттар 13,3
Солтүстік Америка 22,7
ВАТ ішіндегі маршруттар 23,5
2.2 Құқық аспектілері
Жолаушыларды әуетасымалдау халықаралық қатынастарда “халықаралық әуе
тасымалдауларының негізгі ережелерін унификациялау үшін келісім”
(1929 ж. 12 қазанынан 1955 ж. және 1975 жылдың өзгерістері мен қосымша-
ларымен) деген Варшава Конвенциясымен (келесіде – Ережелер) реттеледі.
Бұл Конвенцияның шарттары жолаушылар мен жүкті әуетасымалдаудың
бәріне қолданылады.
Сонымен қатар, мұндай Ережелер ұлттық заңдармен, үкімет қаулысымен,
кодекстермен реттеледі.
Егер де тасымалдау чартерлік режимде жүзеге асырылса, онда ол
Конвенция мен ұлттық заңға қарсы келмейтін чартерлік келісіммен реттеледі.
Осы құжаттар бойынша келесі анықтамалар қабылданды.
Ішкі әуе тасымалдау – бұл ұшып кету, ұшып келу және барлық отыру
пунктері бір мемлекет территориясында болатын әуетасымалдаулары.
Халықаралық әуе тасымалдауы – бұл ұшып кету және ұшып келу пунктері 2
мемлекет территориясында, әлде бір мемлекет территориясында (егер отыру
пунктері басқа мемлекетте болатын болса) орналасқан әуе тасымалдаулары.
Жолаушылардың әуетасымалдауына оның ұшу алдындағы тексеруден өту
кезінен бастап тасымалдаушының уәкілетті адамдардың бақылауымен аэро-
дромнан шыққан кезіне дейінгі кезең кіреді.
Азаматтық авиацияның маңызы зор халықаралық ұйымдары – ICAO және IATA.
Олар халықаралық азаматтық авиацияның дамуының стратегиялық бағы- ты
бойынша рекомендация мен методикалық материалдарын, ережелер мен
процедураларын анықтайды.
Әр ұйымның көпжылдық қызмет ету тежірибесі бар.
ICAO (International Civil Aviation Organization) – 1944 ж. 7 желтоқсан
күні Чикаго қаласында 52 мемлекеттің халықаралық азаматтық авиация
бойын- ша Конвенцияға қол қоюымен құрылды. 1947 ж. қазанда ICAO Біріккен
Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік сұрақтар бойынша Комитеті
(ECOSOC) ішінде мамандырылған агенттікке айналды.
IATA халықаралық ұйымы (The International Air Transport Association)
1945 ж. сәуір айында Гавана (Куба) қаласында құрылды. Оның мақсаты - әуе-
көлігін пайдаланушылар үшін әуекомпаниялардың бірігіп, ұшу қауіпсіздігін
әуетехникасының сапасын және экономикалық тиімділікті жоғарылату жұмыстарын
бірге жасау [20].
Бүгінгі күнге IATA ұйымында дүние жүзінің 130 астам мемлекетінен 230
мүше бар.
Соңғы мәліметтерге қарағанда азаматтық авиация жыл сайын 1 трлн. АҚШ
долл. пайдалы өнім (прибавочный продукт) келтіріп, 22 млн. адамды жұмыспен
қамтамасыз етеді.
Дүние жүзіндегі әуекөлігі дамуын жобалау ICAO, IATA мәліметтерінде,
БҰҰ және т.б. халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтерінде
негізделеді.
Бұл болжамдардың әлемдегі жалпы мемлекеттері бойынша нәтижесі №4
кестеде көрсетілген[2].
Европалық Одақ ішінде тасымалдауларды жаңарту, жақсарту сұрақтары-мен
көлік министрлерінің Конференциясы мен көлік мәселелері бойынша Комиссия
айналысады.
Европалық Одақ жұмыс этаптарының бірі – оған кіретін мемлекеттердің
ауа кеңістігін либерализациялау болды.
Ұшуларды либерализациялау әуекомпаниялар арасындағы бәсекелестікті
шиеленістірді. Бұл бағалардың төмендеуіне (әсіресе, Франция, Германия,
Швецияда), жиі ұшатын жолаушыларға жаңа бағдарламалардың пайда бо- луына,
ұшу барысындағы қызмет көрсету сапасының жоғарылуына және т.б. себеп болды.
Кесте 4. Әуе көлігі дамуының болжамы
Жылдар бойынша Пассажир-километрлер Орташа жылдық өсу
тасымалдау темпі, %
түрлері
1982-19921993-200
1982 1992 1993 2003 3
Халықаралық 496,5 979,4 1045,6 1960 7,0 6,5
Ішкі 640,3 973,2 925,2 1485 4,3 4,0
Барлығы 1136,8 1952,6 1970,8 3445 5,6 5,5
Эксперттердің мәліметтері бойынша, әр жыл сайын европалық
әуетасымалдаушылардың белгіленген уақытында ұшып шықпауынан 250 мыңнан
астам адам азаптанады – маңызды кездесулерден қалып қояды, басқа көлікке
ауысады, соған қоса, әуежайларда отырып, көпке шыдамайды. Одан басқа,
жолаушылардың жүгі жоғалған жағдайлар да жиі кездеседі. Сөйтіп, олар бөтен
мемлекетте ешбір заттарынсыз, киімсіз қалады. Осындай қателіктерді жіберген
әуекомпания жауапкершілігі туралы 1929 жылғы Варшава конвенциясында
жазылған, бірақ нақты жаза түрі белгіленбеген. Сондықтан жақын рада
Европалық Әуетасымалдаушылардың Ассоциациясы қатал айып салу жүйесін
енгізді:
- Егер борт күнтізбеден 2,5 әлде одан да көп сағатқа кешігіп қалса, әр
жолаушыға 250-600 евроға дейін айып төленеді (1500 қашықтыққа ұшса). Бұл
маршруттың қашықтығына байланысты.
- Егер артық билет сатылып, жолаушыға орын табылмай қалса, оған 600
евро көлемінде айып төленеді.
- Жоғалтылған жүк компенсациясы 1000 және одан да жоғары евроға жетуі
мүмкін.
- Егер жолаушыларды күту залында ә сағаттан артық ұстаса, әуекомпания
оларға ешқандай ақысыз сусындар мен тамақтануды ұсынуы, ал егер де керек
болса, қонақүйге орналастыруы міндетті.
- Егер кешігу 5 сағаттан артып кетсе, тасымалдаушыклиентті басқа
тасымалдаушы арқылы баратын жеріне жеткізуі міндетті.
Ресей мен Қазақстанның ешбір әуе компаниясы Европалық
Әуетасымалдаушылар Ассоциациясына кірмейді, бірақ әрбір кешігіп ұшып келген
рейске айып салынады.
Қазақстан әуекомпаниялары рейстердің ұзақ кешігулері кезінде
жолаушылар мүдделерін қорғауын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің заң
шығарушы акттарымен қарастырылған жетіспейтін шаралар кешенін қолданады.
Бұл туралы 23 Наурыз күні болған республиканың Парламент мәжілісінің
пленарлық кеңесінде Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникация
министрі Қажмурат Нагманов депутаттарға хабарлады. Оның айтуы бойынша, бұл
жүйелі рейстерді орындайтын әуекомпанияларға және туристік тасымалдауларды
орындайтын әуекомпанияларға бірдей қатысты.
Министрлікпен нормативті-құқықты базаны жетілдіру, сонымен қатар,
рейстердің ұзақ кешігу жағдайында жолаушыларға өтем төлеу туралы шарт қою
шараларын қолдану жоспарланады [КазИнформ Ұлттық ақпараттық агенттігі] .
Әуе саяхаттарын жоспарлау мен ұйымдастыру барысында мамандарға
келесіні білген жөн:
- әуе ұшуларының нормативті – құқықты базасын;
- класқа байланысты әуекомпаниялардың ұсынатын қызметтерін, және олардың
айырмашылығын;
- әуебилеттерінің резервация жүйесін;
- жүкті дайындау және тасымалдау ережелерін;
- чартерлік тасымалдауларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін;
- аэропорттарда қызмет көрсету жүйесін;
- туристік ұйымның әуекомпаниямен қарым-қатынас тәртібін;
- әуемаршрутындағы туристік топтың бастығының жұмысын ұйымдастыру, оның
міндеттері мен құқықтарын;
- ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін;
- жолаушыларды сақтандыру ережелерін.
Қазақстан Республикасының көлік туралы заңы көлік кәсіп-орындарының
клиент алдындағы жауапкершілік жүйесін анықтап, жолаушылардың ерекше
категорияларына жол төлемақыға жеңілдіктер белгіледі, бірақ бұдан басқа да
жеңілдіктер бар. Мысалы, халықтың аз қамсыздандырылған бөлігін әлеуметтік
қорғау мақсатында кейбір әуеком-паниялар Ұлы Отан Соғысына қатысқандар және
инвалидтер үшін, еңбек инвалидтері үшін, кішкентай кезінен инвалидтерге
және олардың қасындағы адамдарға, кейбір студенттерге, курсанттар мен
азаматтық авиация оқу орны-ның күндізгі бөліміндегі студенттерге,
билеттерді бірден екі жаққа алатын пенсионерлер мен әуежолаушыларына
маусымдық тарифтер енгізді.
Туристік кәсіпорындар мен әуекомпаниялар келіссөзге отырған кезде,
туристер тобын тасымалдауда басқа да шегерімдер қарастырылуы мүмкін.
Мысалы, билеттердің белгілі бір санын алғанда, топ басшысын төлемақысыз
тасымалдау, туристерге лайықты жүк көлемін ақысыз тасымалдау, т.б..
Әуекомпанияларда келісімдердің стандартты формалары бар. Көптеген
жағдайларда туристік мекеме өз реквизитін жазып, қол қойылған жерге мөр
басып қана қояды. Бұл кіші топтарды тасымалдаған кезде ғана, ал егер чар-
терлік авиациалық рейс ұйымдастырылған болса, онда келіссөз әрбір туристік
кәсіпорынмен жеке жүргізіледі.
Ағылшын тілінен аударғанда, Чартер ― кеме иесі мен жалға алушы
(фрактователь) арасында белгілі бір рейске немесе мерзімге кемені, әлде
оның бір бөлігін жалға алу туралалы келісім, дегенді білдіреді. Мұндай
келісім туристік кәсіпорынмен жасалады, бірақ кейде жолдамалар немесе
орындардың бір бөлігі басқа туристік фирмалармен сатып алынады. Сондықтан,
ұшақтың ішінде өзінің жеке бір басшысы болатын бірнеше топ ұшуы мүмкін.
Чартерлік авиациялық маршрутты ұйымдастыру ― негізделген есептеуді
қажет ететін (әсіресе, алыс шетелдегі мемлекеттер үшін) жүзеге қиын
асырылатын процесс әуекомпания рейстің нөмерін мемлекеттермен келісіп, әуе
коридорын дайындап алуы керек; ұшақ тұрағының бағасын, басқа мемлекеттегі
оған құятын отынның бағасын, сонымен бірге т.б. нюанстарды (жүкті арту,
алдын ала төлеу, т.б.) анықтап алуы керек.
2.3 Әлемдегі әуе компаниялар
Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру өте қиын. Ол әуекемелерін, жерде-гі
және ауадағы қамсыздандыру жүйелерін, күрделі және әркелкі аэро-дромдық
шаруашылықты, жөндеу базасын, әуе билеттерін сататын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz