Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 САЯСИ ПАРТИЯ ИМИДЖІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Имидж ұғымы: түсінігі, түрлері, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Саяси имидж ұғымы: мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Саяси партия имиджі ұғымы: мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ИМИДЖІ
2.1 Қазастан Республикасындағы саяси партиялар: саясаттанулық талдау ... ... 21
2.2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың имиджі ... ... ... ... ...25
2.3 Қазақстан Республикасының «Нұр.Отан» Халықтық.Демократиялық саяси партиясы мен Ресей Федерациясының «Единая Россия» саяси партиясының имидждерін салыстырмалы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 САЯСИ ПАРТИЯ ИМИДЖІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Имидж ұғымы: түсінігі, түрлері,
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Саяси имидж ұғымы: мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Саяси партия имиджі ұғымы: мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ИМИДЖІ
2.1 Қазастан Республикасындағы саяси партиялар: саясаттанулық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың имиджі ... ... ... ... ...25
2.3 Қазақстан Республикасының Нұр-Отан Халықтық-Демократиялық
саяси партиясы мен Ресей Федерациясының Единая Россия саяси партиясының
имидждерін салыстырмалы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .46

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 51

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Демократиялық мемлекеттерде кеңінен танымал саяси имиджді құру
теориялары мен әдістерін Казақстан жағдайына бейімдеу және оларды дамыту
отандық саяси ғылымдағы өзекті мәселердің бірі болып табылады. Бұл
мәселемен бір қатарда демократиялық мемлекеттердің қоғамдық-саяси өмірінің
айырылмас бөлігіне айналған модельдер мен технологиялардың жиынтығы –
имиджелогия, қоғаммен байланыс, саяси маркетинг, саяси жарнама тұр.
Саяси технологиялар институы жылдан жылға саяси ортада үлкен ықпалға ие
бола отырып барлық деңгейдегі саясаткерлер мен саяси ұйымдарды саяси
қызмет барысында қоғамдық пікірмен кәсіби түрде жұмыс жасау қажеттігін
мойындауға итермелеуде.
Сайлаушыға дөрекі ықпал етіп, пікірлерді міндеттеу мен қатаң насихаттау
тек кейбір экзитикалық режимдерде ғана сақталды. Бүгінгі күн сайлаушының
сұранысымен, пікірімен санасытын нәзік технологиялардың заманы. Осы тұста
саяси имиджелогияның маңызы туындауды.
Еліміздің саяси модернизациялау мен демократиялық реформаларды
жүргізуіс аясында саяси имиджді соның ішінде партиялық имиджді зерттеудің
маңыздылығын зор. Бұл әсіресе еліміздің саяси жүйесіндегі партия
институтының рөлін көтеруге қатысты жүріп жатқан қызу пікір-таластар
тұрғысында арта түсуде. Ағымдағы жылдың 16-мамырыда Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы
Парламенті палаталарының бірлескен отырысында елді демократияландыру
реформасына байланысты сөйлеген сөзінде парламенттің мәжіліс депутаттарын
пропорционалдық жүйе бойынша сайлау саяси партиялардың рөлін арттыруда
тарихи маңызды қадам болып табылады деп атап көрсетілді. Партиялық
институттың қоғам өміріндегі рөлінің өсуі - партияның саяси ғылымдардың
зерттеу пәні ретіндегі рөлін көтерді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Саяси партия имиджі мәселесін зерттеуе бағытталған қадамдар бұрындары да
жасалған. Дегенімен де Қазақстан Республикасында бұрындары партияның
имиджін қалыптасуы мәселесінде жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізілмегендігін
айта кеткен жөн.
Жұмысыты жаз барысында имидж және саяси мәселесін зерттеген батыстық
және ресейлік ғалымдардың еңбектері зор көмегін тигізді.
Батыстық ғалымдардан Д. Наполитан [1], Ж. Сегеле[2], A. Гоулд [3] Д.
Дороти [4] және т.б.
Ресейлік ғалымдардан Г.Г. Почепцов [5], А.Ю. Панасюк [6], В.М. Шепель
[7] А. Цуладзе [8] және т.б. авторлардың имидж мәселесін зерттеуде үлкен
көмегін тигізді.
Имидж мәселесімен жүйелі түрде айналысып жүрген қазақстандық ғалымдардан
Л.Ф Адилованы [9] айтуға болады.

Жұмыстың мақсаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты болып Қазақстандағы саяси партиялардың
имиджін зерттеу болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер анықталды:
- саяси имидж мәселесін зерттеген ғалымдардың концепцияларын анықтау;
- саяси партия имиджінің негізгі мәселелерін зерттеу;
- Қазақстандық саяси партиялардың имиджіндегі негізгі құрамаларды
анықтау;
- Нұр-Отан Халықтық-Демократиялық партиясы мен Единая Россия
саяси партияларының имиджін салыстырмалы зерттеу.
Жұмыстың зерттеу пәні.
Жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстандық саяси партиялардың имиджі
табылады.
Жұмыстың зерттеу объектісі.
Жұмыстың зерттеу объектісі болып саяси партия имиджі табылады.
Зертеу жұмысының әдістемелік негізі.
Зерттеу жұмысын жазу барысында жалпы логикалық әдістер, салыстырмалы
зерттеу әдістері, сондай-ақ қазақстандық басылымдарды контенттік-анализдеу
қолданылды.
Жұмыстың деректік негізі.
Жұмысты жазу барысында қазақ, орыс тіліндегі кең көлемдегі дерек көздері
пайдаланылды.
Пайдаланылған барлық дерек көздері маңыздылығына қарай келесідей
топтарға бөлінді:
Бірінші топқа, имидж, саяси имидж және партия имиджіне арналған
теориялық дерек көздері кірді.
Екінші топқа, мерзімдік басылымдар мен интернет желісінде жарияланан
дерек көздері кірді, қазақстандық және ресейлік социологиялық зерттеулер
Үшінші топтағы дерк көзлерін Қазақстан Республикасының Саяси партиялар
туралы Заңы, Қазақстан Республикасы саяси партияларының партиялық
бағдарламалары мен жарғылары, сондай-ақ Ресей
Федерациясының Единая Россия саяси партиясының партиялық құжаттары
құрайды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы.
Зерттеу жұмысын теориялық және танымдық мақсаттарды пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен, қосымшадан тұрады.
Жұмыс көлемі 50 бет.

1 САЯСИ ПАРТИЯ ИМИДЖІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Имидж ұғымы: түсінігі, түрлері, қызметі
Имиджге арналға арнайы әдебиеттерді анализ жасау нәтежиесі
көрсеткендей имидж ұғымы күрделі және көп мағыналы болып табылады.
Ағылшын тілінен дәлме-дәл аударғанда image – бейне деген мағына білдіреді
[11, 7-б].
Алғаш рет image ұғымын 1956 ж. АҚШ президенттігіне үміткер болған
Дуайт Эйзенхауэрдің сайлау алды кампаниясында Рассел Ривз қолданған. Ривз
сол кезең үшін қорлау болған гипотезаны ұсынды. Ол бойынша кез-келген өнім
жарнамасынадағы әдістерді саяси жарнамада да қолдануға болады: ең
маңыздысы тауардың жарнамасын адамдар көрген кезде қызығып сатып алатындай
әдемілеп орау керек. Ривз пікірі дұрыс болып шықты. Ол басты назарды
кандидаттың айтқандарына емес, оның сыртқы көрінісіне аударды. Ривздің
ойынша Эйзенхауер жүздесетін адамдарға оның сыртқы бейенесі тартымды болып,
ұнауы керек. Нәтежиесінде Эйзенхауер сайлауда жеңіске жетті.
Имидж бен шындық арасында әрқашанда белгілі бір арақашықтық облады.
Имидж шындықтық бояп, қаралап, өзгертіп көрсете алады. Имидж мақсатты
түрде қалыптастырылған бейне-көрініс. Ол ассоциациялардың көмегімен
объектіні қосымша құндылықтарға бөлейді және осы арқылы оны мақсатты және
эмоцианалды түрде қабылдауға ықпал етеді.
Алайда имиджелогияның негізгі қағидаларын ХV ғасырдағы итальян саяси
ойшылы Никколо Макиавелли өзінің Патша еңбегінде жазып кеткен болатын.
Ойшыл кеңестерінің бірінде патшаны көрген немесе тыңдағандағандардың
барлығына ол мейрімшіл, әділ, адамгершілігі жоғары, тақуа адам ретінде
танылуы тиіс, өйткені адамдар көбіне сыртқы бейнеге қарап баға береді-
дейді [12, 158].
Жалпы имидж ұғымы көптеген анықтамаларға ие. А.В. Петровский мен М.Г.
Ярошевскийдің редакциялығымен шыққан қысқаша психологиялық сөздік имиджді
объектінің бұқараның санасындағы стериотиптеген нақты бейнесі. Негізінен
имидж түсінігі нақты адамға қатысты айтылады, дегенімен белгілі бір
тауарға, ұйымға, мамандыққа т.б. қатысты таратылады деп анықтама береді.
Басқару әлеуметтануы мен имиджелогия саласындағы маман В.М. Шепель
келесідей анықтама береді: Имидж – өзіне назар аударту мақсатында
бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлеуметтік топтармен немесе тұлғаның өз
күшімен жасалынатын индивидуалды кескін мен бөлену (ореол).
Маркетолог Ф. Котлер имиджді қоғамның компанияны немесе оның
тауарларын қабылдауы деп анықтайды.
Менеджмент саласындағы маман О.С. Виханский имидждің жалпы анықтамасын
береді: Имидж құбылыс. Бұл осы құбылыстың ерекшеліктері және өзіндік
қасиеттері мен қырлары туралы тұрақты түсініктер.
Коммуникативтік технологияларды жасау маманы А.Б. Зверинцев имиджді
белгілі бір объекті туралы салыстырмалы тұрақты түсінік деп анықтайды.
С.К. Сергиенко имидж ұғымына анықтама беруде келесідей
өзарабайланысты қарама-қарсы категорияларды ескеруді ұсынады:
1. Объективті-субъективті. Имидж тек қана бұқаралық немесе жеке тұлалық
сананың мазмұны ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның, оның тауарлары мен
қызметтерінің, оның жарнамалық өнімдерінің т.с.с. нышандары
(атрибуттары) ретінде болуы мүмкін (мысалы, логотип, ұран, іскерлік
этиканың ерекше айырмашылықтары).
2. Табиғи-жасанды. Ұйым имиджі қалай жасалынады деген мәселеде екі қарама-
қарсы түсінік бар: 1) Имидж ұйым жұмысының табиғи нәтежиесі ретінде,
осы қызыметтің қоғамдық ортада процестері мен өнімдерінің шынайы
қасиетерін бағалау ретінде белгілі бір дәрежеде стихилы түрде
қалыптасады. 2) Ұйым арнайы әлеуметтік және психотехникалық құралдарды
пайдалана отырып өзіне пайдалы имиджді мақсатты түрде жасайды. Мұндай
имидждің ұйымның шынайы жағдайымен сәйкесітгі болмауы мүмкін.
3. Когнитивті-эмоционалды. Имиджде (субъективті құрылымдағы сияқты)
когнитивті (вербалдық ұғымдар, есту, көру және т.б.) және эмоционалды
(сезімдер, толғаныстар, аффектілер және т.б.) элементтер болады. Бұл
методологиялық алғышарттан имидждің индивидуалды және топтық санаға
тәуелді субъективті ғана еместігін, жасанды түрде ғана істелмейтіндігін
(имиджмейкерлердің, БАҚ және жарнама көмегімен), эмоционалдық, сезімдік
ғана еместігін байқаймыз. Имидж ұйымның немесе жеке тұлғаның қызметінің
объективті қасиеттерінен, сондай-ақ табиғи түрде ұйымның немесе
идивидтің эволюциялық дамуы нәтижесінде қалыптасады.
Сонымен имидждің келесідей анықтамасын беруге болады: Имидж – нақты бір
ұйым, адам немесе өзге бір әлеуметтік объектіге қатысты адамдардың
санасында қалыптасатын, қабылдау объектісіне қатысты эмоционалды боялған
ақпараттан тұратын және белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық (поведение)
тудыратын синтетикалық бейне.
Қоғам өмірінде ақпараттық құрамалар маңызының өсуіне байланысты имиджді
қалыптастыруға деген талап та өсуде. Ол тек эмоционалдық қабылдауға
негізделген бейне ғана емес, толық мәнді ақпараттық өнімге айналуда.
Имиджбен жұмыс істеу объективті заңдылықтар мен процесстерге негізделеді,
ол өнерден алшақтай отырып ғылымға жақындады. Сондықтан да имиджді тек
иррационалды әсер ету құралы ретінде сипаттамау қажет [12, 168-б.].
Имидж – рейтинг, атақ (репутация), белгілілік, мәртебе (престиж), бедел
сияқты ұғымдармен қатар тұрады.
Имидждің ерекшеліктері.
Имиджге қатысты жазылған еңбектерге сүйене отырып, оның келесідей
белгілерін көрсетуге болады:
□ имидж объектінің көпшіліктік бейнесі болып табылады және оған
қарағанда оңайлатылған. Оның басты белгісі объекті туралы ақпараттың
аз ғана символдармен берілуінде;
□ имидж объектінің өзгешелігі мен бірегейлігіне көңіл аудартады;
□ имидж нақты, бірақ өзгермелі болып келеді. Ол уақыттың сұранысы мен
аудиторияның қажеттіліктеріне әрдайым бейімделіп отырады;
□ имидж кері байланысқа ие коммуникация түрі. Объекті туралы хабар
халықтың сұранысын ескере отырып таратылады;
□ белгілі бір дәрежеде имидж жарнамаға ұқсас болып келеді, осыған қоса
имидж объектіні идеалдандырады, немесе қосымша әлеуметтік,
идеологиялық, психологиялық құндылықтармен бөлей отырып, оның кейбір
қажетті қырларын ұлғайтып көрсетеді;
Имидж қызметтері.
Имидждің негізгі төрт қызметін бөліп көрсетуге болады. Олар:
коммуникатвті, номинативті, эстетикалық және адрестік қызметтер. Енді
әрқайсысына тоқталып өтсек.
Имидждің коммуникативтік қызметі. Имидж аудиторияның саясаткер туралы
ақпаратты қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге бағытталған; аудиторияның
саясаткерді жағымды қабылдауын қамтамасыз етеді, осы тұста нақты
электоралды ортаның күтіміне орай объектінің қасиеттері қалыптастырылады;
ұсынылып отырған объектіні таңдататын ұстанымдарды қалыптастыратын
алғышарттар жасайды.
Имидждің номинативтік қызметі. Имидж объектінің басқалардан бөліп алып,
оның айырмашылығына, ерекшелігіне, артықшылығына баса назар аударады;
Имидждің эстетикалық қызметі. Коммерциялық жарнамаларда имидж товар,
фирма, ұйым туралы жағымды пікір қалыптастыруды көздейді. Бұл мәселе саяси
имиджге де қатысты. Бір жағынан, қоғамда қалыптасқан саясаткердің бейнесіне
(сыртқы кескіні, тұлғалық тартымдылағы мен стиліне) сәйкестілік, екінші
жағынан саясаткер тұлғасында адамгершілік идеалдары мен қоғамдық
құндылықтардың орын алуын білдіреді.
Имидждің адрестік қызметі имидж бен оның мақсатты аудиториясының
өзарақатынасын, электораттың сұранысына, қажеттіліктеріне жауап беруді
көрсетеді.
Имидж тпологиясы.
Имиджге қатысты көптеген анықтамалар және оларды классификациялауда
әр түрлі тәсілдер бар. Бұрл имиджді әр түрлі контексте (құрылымдық,
функционалдық, пәндік) қараумен байланысты. Коммуникативтік кеңістікте әр
түрлі бейнелер айналымын байқауға болады. Олар:
□ Субъект (үміткер немесе ұйым) санасындағы бейне;
□ Объекті (аудитория) санасындағы бейне;
□ Мақсатты түрде жасалынатын бейне.
Осыдан келіп имидждің келесідей типологиясын ұсынуға болады:
Қалаулы имидж. Ұйымның (партия немесе кандидат) басқалардың алдында ие
болуға ұмытылатын, қалайтын имиджі.
Субъективті имидж. Бұл кандидат пен оның командасының лидердің
сайлаушылар алдындағы бейнесі туралы пікірі. Субъективті имиджді сонымен
қатар айналы имидж деп те атайды.
Объективті немесе шынайы имидж. Үміткердің бейнесі туралы саялаушылар
көңіліндегі пікір; Объективті имидж тұрақты шама емес: ол саяси
контекстінің ауысуымен және саяси компания стратегиясын жасаушылардың
күшімен өзгеруі мүмкін;
Идеалды имидж. Бұл электоралды топтардың лидердің бойынан іздейтін
бейнелер. Идеалды имидж ешеқашанда жүзеге аспайды.
Электораттың бастапқы сұраныстарына сай кандидат имиджін жасау
нәтижесінде бастапқы имидж қалыптасады.
Бастапқы имидж идеалды имиджге ұқсас болып келеді, бірақ кейбір қырлары
бойынша ерекшеленеді. Кампания барысында бастапқы имидж қалыптасқан саяси
шындыққа сәйкес негізгі белгілерін сақтай отырып, өзгеріске ұшырайды. Пайда
болған имидж қосымша имидж деп аталады. Қосымша имидж бірнеше саяси
лидерлердің бәсекелі күресі барысында ғана туындайды.
Модельденген имидж. Бұл үміткер командасы мен арнайы мамандардың жасауға
тырысатын бейне. [6, 79-б.].
Негізінен аудиторияға таратылатын бейнелерден тұратын имидждер (идеалды,
объективті, және модельденген) үлкен қызығушылық тудырады. Модельденген
имидждің объективті имиджге айналуы ұтымды стратегияны көрсетеді.
Имидж типтері:
Имиджді корпоративтік (компания, фирма, кәсіпорын, мекеме, саяси партия,
қоғамдық ұйым және т.б.) және жеке (саясаткер, бизнесмен, артист, жетекші,
қоғамдық қозғалыс лидер т.б. имиджі) деп бөлуге болады. Бұл имидждердің
мазмұны мен қалыптастыру механизмдері әр түрлі болады, бірақ олар өзара
байланысты.
Жеке тұлғаға және ұйымға қатысты ішкі және сыртқы имидж туралы айтуға
болады. Ұйымның сыртқы имиджі деп ұйымның сыртында, қоршаған ортасында
контрагенттерінің (клиенттері, тұтынушылар, бәсекелестері, билік
орнгандары, БАҚ) санасында қалыптасатын ұйым туралы бейне, түсінік.
Индивид имиджі әр түрлі формадағы ауызша (вербалды), көзбен көретін
(визуалды), этикалық, эстетикалық көріністер мен жүріс-тұрыстардан
қалыптасады, ал субъектісі болып онымен тікелей немесе жанама қатынасқа
түсетін адамдар табылады.
Зерттеушілер имиджді классификациялауда үш түрлі тәсілді ұсынады:
имидждің әр түлі қызметіне байланысты типтерге бөлетін функционалдық тәсіл,
аталмыш типтердің әр түрлі контекстерде тұруына байланысты – контекстік
контекстік және жақын имидждерді салыстыруға байланысты – салыстырмалы
тәсіл.
Функционалдық тәсілді ұстанушы Ф. Джевкинз имидждің келесідей түрлерін
ұсынады:
1. Айналы имидж – біздің өзіміз туралы түсінігімізден туындайтын имидж.
2. Ағымдағы имидж – сырт көзден туындайтын имидж нұсқасы.
3. Қалаулы имидж – біздің ұмытылыстарымыздан туындайды.
4. Корпоративтік имидж – жалпы ұйымның имиджі.
5. Көпеше имидж – бір корпорацияның орнына бірнеше тәуелсіз құрылымдар
болуы нәтежиесінде қалыптасады.
Имиджді бөлудегі контекстік тәсіл оның біртұтас, келісілген сипатқа ие
болу керектігін, жүзеге асыру шарттарын ескеру қажеттігін, ал кейбір
қырларының бір-біріне қарама-қайшы болмау керектігін білдіреді. [7, 59-61-
бб.]
Ағылшын зерттеушісі Э. Сэмпсон, жек тұлғалық имидж туралы айта отырып,
ішкі және сыртқы факторлардың үйлесімдеріне байланысты имидждің үш түрін
көрсетеді. Олар: өзідік, қажетті және қабылданатын имидждер. Бұл типология
имиджді әр-түрлі қырынан қарайды: өзінің Мен тұрғысынан және өзге адамдар
тұрғысынан, шындықар тұрғысынан және ықылас, тілектер тұрғысынан.
Өздік имидж өткен тәжербиеден туындайды және қазіргі жағдайдағы өзін-өзі
сыйлау, өзіне сенуді көрсетеді;
Қабылданатын имидж - өзгелердің санасындағы бейнелер. Бұл пікірдің
алдыңғы пікірден айырмашылығы болатындығы табиғи нәрсе. Біз көбінесе біздер
туралы елдердің шын мәнісінде не ойлайтынын біле бермейміз.
Қажетті имидж кейбір мамандықтардың (рөлдер) белгілі бір имидждік
қасиеттерді талап ететіндігін білдіреді. Кей жағдайларда бұған киім кію
ықпал етеді. Әскер форма, сот мантиясы, патша тәжі – нақты рөлдерді
ойнайтындарды көрсететін барлығы да имдждік белгілер.
Кейбір зерттеушілер имидждің өзіндік түрі ретінде харизматикалық имидж
типін алға тартады. Харизма, харизмалы жетекші ұғымын социология классигі
Макс Вебер ғылыми айналымға еңгізген болтын. Ол: Пайғамбардың немесе
соғыстағы қолбасшының немесе көрнекті демагогтың халық жиналысы мен
парламенттегі харизмасына берілушілік мұндай типтегі адамның халықты
басқаруға деген ішкі құщтарлығын көрстеді. Ал халықтың өз кезегіндегі
жетекшіге бағыну себебі орныққан дәстүр мен ұстанымдарға байланысты емес,
сенімге негізделеді.
Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе телеарананың
дамуына байланысты харизманы сақтап, ұстап тұру мәселесін туындатып отыр.
Өйткені харизма көбінесе жабықтыққа, көсемге, батырға шындықтан алшақ
атақтарды беруге негізделеген. Дегенімен жаңа бағыт пайда болуда. Лидердің
көпшілікке ашықтығын барынша пайдалану арқылы харизмаға бөлеуде (мысалы,
президент, поп-жұлдыз).
Жабық имиджді де имидждердің түріне жатқызуға болады. Бұл әсіресе
кеңестік жетекшілерге тән болды. Әр адам бұл имиджге өзі сенген қасиеттерді
жатқыза алды. Қаншалықты түрде аудитория аз ақпаратқа ие болса, жетекшінің
бейнесі соншалықты едәуір, анғұрлым болып көрінеді (мысалы, Ким Чен Ир).
қалыптасатын қызмет саласына, әр түрлі әлеуметтік контекстіне
байланысты имиджді саясаттағы имидж, бизнес имиджі, масс-медиа имиджі, ұйым
имиджі және мемлекет имиджін айтуға болады [10, 86-б.].

Саяси имидж ұғымы: түсінігі, типтері, қызметі
Саяси имидж құрылымы.
Бейнені құрайтын сипаттамаларды топастырып қарастыру қажет.
Имиджді құрылымдық бөлуде Никколо М саяси кенес беру орталығы
мамандарының нұқасы дәлірек. Олардың типологиясы бойынша имидж тұлғалық,
әлеуметтік және символдық сипаттамалар топтарынан тұрады.
Тұлғалық сипаттамалар:
□ физикалық еркшеліктер (сыртқы келбет, денсаулық, жас);
□ психофизиологиялық ерекшеліктер (мінез, темперамент, тұлға типі,
табандылық, адалдық, күш, белсенділік, ақыл, жігерлік, қайраттылық);
□ кәсіби ерекшеліктер (тәжірибе, интеллект, өзіндік шешім қабылдау
стилі, сендіре білушілік);
□ харизманың болуы;
□ батыл, өз-өзіне сенімді адам ретінде көрсетіп, тартымды бола білу.
Аталмыш сипаттамалардың көбісі өзгерістерге тәуелді емес.
Харизманың бар болуы бәсекелестердің алдында сөсіз басымдық болып
табылады. Бейненің харизматикалық құрамы комуникация тұрғысынан ұтымды
болып келеді. Бұқара мен лидер арасында эмоционалды, тығыз байланыс
орнайды, коммуникаторлар тарапынан қосымша дәлелдерді жасауды талап
етпейді, манипулятивтік технологиларды пайдаланудың қажеті болмайды, себебі
харизмаға ие тұлға бұқара халықты ешбір билік институтысыз артынан ертетін
қасиеттерге ие.
Имидждің әлеуметтік сипаттамалары:
□ лидердің біріктіруші және жұмылдырушы идеяларды жинақтай және
оларды жария ете білу қабілеті;
Әлеуметтік сипаттамалар арнассында лидер мен аудитория арасындағы
қатынас процесі қоғамда қолдауға ие саяси идеялардың сәйкестігі деңгейінде
жүзеге асады. Ал идеялар оларды қорғаушылар мен жақтаушылардан аз
болатындықтан, лидер алдында осы идеяға құқықтығын, ал бәсекелестердің
дәмелінің дәлелсіздігін дәлелдеу міндеті туындайды. Бұл идеяның әр түрлі
символикалары мен нышандарын, пайдалану, немесе осы идеяны кезінде
көтерген партия тарихын иелену арқылы іске асуы мүмкін.
□ лидердің жанұясымен, жақындарымен әр түрлі әлеметтік топтармен,
сайлаушылармен, қарсыластар мен ашық жаулармен әлеуметтік
байланыстары;
□ Танымалдылық;
□ Бедел;
□ Тұлға статусы (тек ресми қызметімен ғана емес, шығу тегі, әл-
ауқатымен байланысты );
□ Әлеуметтік тиістілігі. (лидер ұстанатын нормалар мен құндылықтарды
көбінесе анықтайды);
Әлеуметтік сипаттамалар – саяси шындықпен байланысты имидждің ең
жылжымалы бөлігін құрайды [12, 46-47-бб.].
Символдық сипаттамалар. Саяси имидждің коммунмкативтік кеңістігінің ең
тұрақты құрамасы.
□ Өмірбаян;
□ Саясаткердің дүниетанымы;
□ Идеология;
□ Бағдарлама – іс-қимылдардың белгілі бір бағыты, әлеуметтік-
экономикалық концепция (идеологиялық, саяси пікірлердің, экономикалық
шаралардың жиынтығы), және оның электораттың ойынан шығатын жүзеге
асыру жоспары;
□ лидердің өзекті әлеуметтік мәселелерге қатысты ұстанымы;
□ сайлаушылар санасындағы лидердің орны мен рөліне қатысты тұрақты
мәдени архетиптер және лидермен байланыстырылатын белгілердің тұрақты
жиынтығы.
Саяси имиджді қалыптастыру алгоритмі
Маретингтік технологияларды пайдалана отырып саясаткер немесе саяси
ұйым имиджін қалыптастыру – сайлаушылардың барынша дауысын алуға
бағытталған, электоратты зерттеуге негізделеген кандитаттың айтулы
қасиеттерін оңтайландыру мен мақсатты аудиторияға ақпараттық ықпал ету
жүйесі болып табылады.
Саяси имиджді қалыптастыру келесідей кезеңдерден тұрады:
• Аудиторияның талаптарын анықтау (аудитория сегменттерінің);
• Үміткер сипаттамамлрын зерттеу;
• Бәсекелестердің имиджін зерттеу;
• Үміткердің шынайы қасиеттері мен аудиторияның көңіліндегі қасиеттерді
салыстыру және имидж ядросын қалыптастыру;
• Қосымша қасиеттерді таңдау;
• Имиджді құраушыларды таңдау жіне жіктеу;
• Позизиялау (позиционирование);
• Позициялау стратегиясының тиімділігін бағалау.
Аудиторияның талаптарын анықтау (аудитория сегменттерінің)
Сайлаушылардың үміткерге қатысты көңіл-күйін анықтау – ұтымды саяси
коммуникацияның қажетті шарты болып табылады. Модельденетін бейне жоспарлы
реакция тудыруы үшін электораттың көңілінен шығуы тиіс. [12, 48-49-бб.]
Үміткердің қасиеттерін зерттеу
Кейбір жағдайларда үміткерге өзі туралы, әр түрлі сипаттағы сұрақтардан
тұратын сұрау қағазы беріледі. Нәтежиесінде саясаткердің күшті және осал
тұстары, өмірбанындағы артықшылықтар мен кемшіліктер анықталады, көпшілікке
мәлім қасиеттері мен жақындарға ғана мәлім қасиеттер белгіленеді.
Имиджмейкерлер бейнені барынша адами және эмоционалды жасайтын
ақпаратқа ие болулары керек. Кандидатқа келесідей анкета ұсынылуы мүмкін:
Жеке мәліметтер
□ Ата-анасы: мамандығы, тұрғылықты жері, денсаулығы.
□ Жұлдыздық және туған жылының белгісі.
□ Әйелі қай жерде және кім болып жұмыс жасайды? Жасы, білімі,
денсаулығы.
□ Балалары: жасы, білімі, денсаулығы, тұғылықты жері, жұмыс орны.
□ Денсаулық.
□ Сіздің біліміңіз.
□ Шет тілдерінбілу.
□ Спорттық жетістіктер.
□ Сіздің тәрбиеңізге кім негізгі себепкер болды.
Көзқарастары мен қызығушылықтары:
□ Хобби.
□ Басты өмірлік құндылықтар.
□ Дін мен сенімге қатынасы.
□ Сүйікті басылым.
□ Сүйікті қала.
□ Сүйіп оқитын философ.
□ Сүйікті мұғалім.
□ Сүйікті түс.
□ Достарыңыз көп па? Олар кімдер (аттары, қызметтер).
□ Сүйікті киім кию стилі.
□ Сүйікті сусын.
□ Сүйікті өнер туындысы.
□ Күнделікті не оқисыз, теледидардан не көресіз, тыңдайсыз.
□ Қайда және қалай дем аласыз.
□ Сүйікті жыл мезгілі.
□ Сүйікті анекдот
□ Сүйікті мақал
□ Сүйікті спорт түрі.
□ Сіздің кемшіліктеріңіз.
□ Сіздің артықшылықтарыңыз.
□ Сіздің өміріңізде ақшаның орны.
□ Сіздің күнделікті жұмыс күніңіз.
□ Қандай саяси партияның мүшесісіз немесе ұнатасыз.
□ Сіздің арманыңыз.
□ Өзіңіздің шежіреңізді, ата-бабаңыздың кім болғанын білесіз бе?
Сайлауға қатысу мотивациясы туралы сұрақтар:
□ Парламентте округ тұрғындарына қатысты не істей аласыз.
□ Парламенттің қандай комитетінде жұмыс істей аласыз. Қандай
депутаттық топқа немесе фракцияға кірмексіз?
□ Парламентте өткен жылы не бітірдіңіз? Нені бастадыңыз, нені
бітірдіңіз? Сіз кеткеннен кейін сіздің бастамаларыңыз ааяқсыз қалмайды
ма?
□ Сізге саяси карьераның қаншалықты керкегі бар?
□ Қандай топтардың мүддесін қорғадыңыз және қорғамақшысыз№
□ Заңнамаларды жасауда қандай тәжерибеңіз бар; Парламентке қандай
заңдарды ұсынбақсыз?
□ Шет елдерде көп болдыңыз ба? Қайда?
□ Округтегі басқа кандидаттардан сіздің қандай артықшылықтарыңыз бар.
□ Әскер қатарында болдыңыз ба?
□ Неше бөлмелі үйде тұрасыз?
□ Қоғамдық көліктерде жүресіз бе?
□ Қылмысқа және қылмыстыққа қатысыңыз.
□ Парламентке сайланудағы сіздің жеке мүддеңіз қандай?
□ Өткен жылы төлеген салығыңыздың көлемі қандай?
Бәсекелестер имиджін зерттеу.
Сайлауалды зерттеулер аясында бәсекелестерді, олардың имидждерін
келесідей сипаттамалар бойынша талдау жасау қажет:
□ бсекелестердің тұлғалық сипаттамалары, өмірбаяндары, өмір сүру
тәсілдері, кіріс көздері, таныстары, байланыстары;
□ бәсекелестерінің нақты мәселелерге қатысты қаынастары;
□ бәсекелестерінің күшті және осал тұстары;
□ кампанияны жүргізу стратегиясы мен қолданылатын әдістері;
□ коммуникациялық стратегиясы;
□ имидждік стратегиясы;
□ сайлаушылар алдынады танымалдылыға мен танымалды еместігінің
себептері.
Дегенімен, тек ғана бәсекелестердің имиджін зерттеумен шектелмеу керек.
Бәсекелес-саясаткермен салыстыра отырып, саясаткердің артықшылықтарын
тұжырымдау қажет. Не себепті дәл осы кандидат үшін сайлаушылар дауыс
берулері тиіс? Салыстымалы зерттеулер барысында бірінші кезекте қайта
сайланатын саясаткерлерді ескеру қажет, өйткені олар туралы бейне
сайлаушылар санасында қалыптасқан, ал бұл өз кезегінде саясаткердің өз
бейнесін ұтымды етіп қалыптастыру жолында ескеретін жағдай [12, 79-б.].

1.3 Саяси партия имиджі ұғымы: мәні мен мазмұны
Саяси партия имиджінде қажетті электоралдық нәтижелерге жеткізетін оның
негізгі мінездемесі мен нақты қызметі көрсетілуі керек.
Саяси партия идеялардан, бағдарламалардан, сондай-ақ лидерлерден,
партияның жекелеген мүшелерінен және партиялық ұйымдардан, олардың
қызыметінен, партия мен оның фракцияларының саяси мәселелерге қатысты
қатынасынан т.б. тұратын күрделі конгломерат болып табылады. Сайлаушы
сайлау кезіндегі дауыс беру процесінде партияның саяси жүйедегі қызметі
жөніндегі кешенді ақпаратқа ие болмайды. Ол санасындағы партия туралы
қалыптасақан бейнеге сүйене отырып, оны жалпы қабылдайды.
Саяси партия имиджін қалыптастыруға бағытталған жұмыстың мәні- сайлау
кезінде қолдайтын аудиторияға бағытталған партияның күрделі бейнесін
жасау болып табылады.
Саяси партияның имиджі жеке тұлға имиджі сияқты қоғамдық сұрауларға,
талаптарға және сайлаушылардың мақсатты тобының сұраныстарына жауап беруі
тиіс. Имиджді әлеуметтік күтімдерге құру жұмысы қоғамдағы басты
құндылықтарды, мәселелерді, үрейлерді, қажеттіліктерді т.б. анықтауға
бағытталған әлеуметтік-психологиялық және әлеуметттанулық сұрауларға
негізделіп жүргізіледі. Саяси партия имиджі саяси жүйе мен ел шындықтарына
ұшсатырылуы тиіс.
Сондай-ақ, саяси партия имиджі тұлғалық имидж іспеттес саяйлаушыларға,
саяси процесстің өзге де қатысушыларына ашық, әрі түсінікті болуы керек.
Партияның қоғамдағы, мемлекеттегі, саясаттағы орнын көрсететін шектеулі,
бірақ жеткілікті ассоциациялар тудыруы тиіс. Қарапайым сайлаушы партияны
ашық саяси топ ретінде қабылдауы қажет[13, 34-б.].
Саяси партия имиджі бірқатар факторлар әсерінен қалыптасады. Оларды
келесідей төрт құрамаға бөлуге болады:
□ бағдарламалық-идеологиялық (концептуалдық);
□ қызметтік (интерактивтік);
□ тұлғалық (лидерлік);
□ сыртқы (атрибутивтік).
Бағдарламалық-идеологиялық (концептуалдық) құрама саяси партияның
құрылуы мен қызметінің мәнін сипаттайды. Бұл арқылы саяси партия өзін
нақты ұстанымы бар саяси ұйым ретінде анықтаумен қатар әр түрлі әлеуметтік
топтардың мүддесін қорғаушы ретінде көрсетеді.
Партиялық бағдарламалар мен идеологиялар саяси партияларды бірін-
бірінен ажыратудың басты белгісі болып табылады.
Саяси партия имиджінің бағдарламалық-идеологиялық құрамасы
жоспарланылған коммуникативтік әсер етуге, федералдық және аймақтық сайлау
процестерінің мақсаттарына бейімделу тиіс. Осы мақсатта бағдарламалық-
идеологиялық қағидалар бойынша партияаралық бәсекелестік кеңістігін зерттеу
жұмыстарын, жүргізу қажет.
Бағдарламалық-идеологиялық құрама арқылы саяси партия имиджін
қалыптастыру мен оны алға жылжыту жұмыстары келесідей іс-шараларды қамтиды:

• саяси партияның бағдарламалық құжаттарын және оның жеке электоралдық
топтар мен аймақтарға арналған қосымшаларын жасау;
• партиялық бағдарламалардың қолданбалы түрлерін (манифесттер,
декларациялар, үндеулер, ашық хаттар, бағдарламалық-идеологиялық
принциптер, сұрақ-жауаптар) жасау;
• партиялық бағдарламаларды халық арасында танымал ету мен
насихаттауға арналған технологияларды жасау және оларды жүзеге асыру;
• бағдарламалық слогандар мен саяси партияның үндеулерін жасау;
• партия көсемдері мен өкілдерінің федералдық және аймақтық деңгейдегі
бағдарламалық сөз сөйлелері мен интервьюлерінің текстрін әзірлеу.
Саяси партия имиджінің қызметтік құрамасы сайлаушының саяси ұстанымдарын
қалыптастыратын саяси партияны көрсететін негізгі элементтердің бірі болып
табылады. Саяси партия қызыметінің мазмұны сыртқа – потенциалды электоратқа
(партиялық органдардың партияның танымалдылығын және сайлаушылардың сайлау
кезінді дауыс беру мотивациясын арттыруға бағытталған арнайы ПР-акциялар
өткізу) және ішке – партиялық ұйымға бағытталған саяси оқиғаларға және
ақпараттық себептерге бастамашыдық жасаудан, әр түрлі акциялар мен іс
шараларды жасаудан тұрады [15, 45-б.].
Сонымен қатар, жалпы партиялық стратегияны басшылыққа ала отырып саяси
партияның әр түрлі элиталық топтармен тиімді қарым-қатынасын жүзеге
асырудың іс-шаралар кешенін жасап шығу керек.
Бұл жағдайда имидждің қалыптасуы қарым-қатынастың барлық түрлеріне
негізделеді. Бұл саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстарынан бастап
парламенттегі қызметіне дейінгі қатынастар. Саяси коммуникация процесі
қаншалықты ұйымдастырылған, екі жақты байланысты орнатуда партия қандай
әдітер мен пошымдар қолданады, ұйымның көсемдері мен қатардағы мүшелерінің
сайлаушылармен қарым-қатынасы қандай деңгейде тұр сияқты мәселелерге
партияны қабылдау ғана емес, түбіне келгенде оның имиджі тәуелді.
Саяси партия имиджінің қызметтік құрамасы үздіксіз өзеріп тұратын саяси
жағдаймен рацоналды түрде қатнасы анықталып, жедел өзгерістерге ұшырау
қабілетіне ие болы тиіс.
Саяси партия имиджін қызыметтік құрама арқылы қалыптастыру мен алға
жылжытудың тиімді тәсілі – имиджді алға жылжытудың сценариі болып табылатын
- оқиғалық тізбегін пайдалану.
Оқиғалық тізбек саяси партия имииджін оның қызметі арқылы көрсететін
іс-шаралар сериясынан тұрады. Саяси партияның оқиғалар мен іс шараларға
қатынасуы, саяси өтініштермен шығуы және көпшілік саяси акцияларды
(шерулер, демонстрациялар) ұйымдастыру жұмыстары партияның толыққанды
имиджін қалыптастыруы тиіс. Оқиғалық тізбектің тиімділігін арттыру үшін
үнемі қоғамдық ой мен бұқаралық ақпарата құраладарына мониторинг жүргізіп,
өткізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижелілігін өлшеп, қадағалап отыру қажет.

Оқиғалық тізбекті қалыптастыру үшін әр түрлі қарапайым және арнайы іс-
шаралар өткізілуі мүмкін. Соның ішінде:
• құрылтай, қайта құрушы, кезекті және кезектен тыс съездер, саяси
партиялар мен олардың аймақтық бөлімдкрінің конференциялары;
• саяси партия өкілдерінің қатысуымен өтетін ғылыми-тәжірибелік
конференциялар, форумдар, конгресстер т.б.;
• партия мен оның ұлттық және аймақтық деңгейдегі көсемдерінің
танымалдығын арттыруға бағытталған имидждік акциялар және басқа да ПР-
іс-шаралар;
• саяси партияның ақпараттық кеңістіктегі қатысуын арттыруға бағытталған
саяси оқиғалар мен ақпараттық себептер;
Партиялық имиджді қалыптастырудағы тұлғалық құрама партия лидерлерінің
имиджімен байланысты. Қарастырылып отырған мәселе аясында партияның
имидждік стратегиясының міндеттерін оның көсемдерінің имиджмен арақатынасын
анықтаған маңызды болып табылады. Партия лидері партияның бет-бейнесі
ретінде басылымдармен және сайлаушылармен байланысқа түсіп отырады,
сондықтан лидер имиджі жалпы партия имиджіне дариды, ал кейбір жағдайларда,
ассоциациялар қалыптасады.
Дегенімен, партия бұқаралық саяси ұйым болып табылғандықтан саяси
лидерлік бірнеше саясаткерлерге тиісті болуы мүмкін. Әсіресе, сайлай
кампанияларының кезінде бірнеше лидердің имиджін ұсынудың маңызы өте жоғары
болады. Партия имиджін қалыптастыруда лидерлік имиджге жүгіну – партия
қолдаушыларын айтарлықтай көбейтеді. Сондықтан да партия тізіміндегі
алғашқы үштікті қалыптастыруға баса назар аударылады.
Имиджлдік стратегияны анықтаудағы маңызды элементтердің бірі партия
қатарына танымал саяси және қоғамдық қайраткерлерді тарту болып табылады.
Бұл мәселенің сайлау кезіндегі маңызы зор болады, өйткені бұл тұста саяси
партия өзін жетекшілері мен өзге де қоғамдық пікірдің лидерлерінің имиджі
арқылы танытады. Саясаткерге білдірілетін сенім дұрыс ПР арқылы партияға
ауысы мүмкін.
Имидждің сыртқы (атрибутивтік) құрамасы саяси партияның нышандарының
бірыңғай стилі мен дизайнын қамтиды. Имидждің сыртқы құрамасы саяси
партияға қатысты жақсы пікірдің қалыптасуына, партияларды бір-бірінен
ажыратуға, партияның өзінділігін көрсетуге көмектеседі. Бірыңғай стиль –
партияны басқа партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден, мемлекеттік
ұйымдардан ажырататын стилистік шешімдері ұқсас насихаттық және ақпараттық
материалдар мен саяси партияның өзге де полиграфиялық өнімдерін, өзіндік
эмблеманы, түстер палитрасын қамтиды.
Саяси партия эмблемасы – бірыңғай стильдің маңызды құрамасы, партияның
танымалдығы мен өзінділігін және идеологиялық ерекшеліктерін көрсетуге
бағытталған. Саяси партия эмблемасы сайлау кезінде ғана оның ажырамас
нышаны болмайды, ол сондай-ақ партиялық байрақтарда, ресми құжаттарды
дайындауда, баспалық қызметте, сувенирлік өнімдерді жасауда, саяси
партияның ұйымдастыратын барлық іс-шараларында қолданылады. Эмблема
көптеген элементтерге асыра толтырылмаған, қарапайым болуы тиіс. Партиямен
және оның құндылықтар жүйесімен ассоциация тудыратын бір ғана басты
элементтен тұратын эмблема ұтымды болып табылады.
Эмблемалар мен партиялық материалдарды дайындауда бірыңғай стильден
басқа, партиялық гимнің де қолданысы орын алуы мүмкін. Имидждің сыртқы
құрамасының маңызды бөлігі болып партиялық интерент-ресурстар табылады.
Партия интернет-ресурстарының мазмұны мен сырт бейнесі саяси партия имиджін
қалыптастыру мен жылжытудың тиімді тәсілдерінің бірі болып таблады [19, 28-
29-бб.].
Психикалық бейне ретінде имиджге – келесідей сипаттамалар тән:
• имидж – адамдардың санасында пайда болатын идалды объект;
• эффективті имидж біртұтас және қарама-қайшылықсыз болуы тиіс;
• идеалды құрама ретінде имидж тұрақсыз болып келеді, сондықтан оны
үнемі түрде жарнама және әр-түрлі мақсатты акциялар арқылы күшейтіп
отыру керек;
• имидж стереотип ретінде неғұрлым аз құрамалардан тұруы тиіс, өйткені
құрылымның күрделілік сипаты оны қабылдауға кедергі жасайды,
сәйкесінше оған қатынасты та әр түрлі болады;
• имидж бұлдыр бейне, дегенімен шынайылық қасиетке ие болуы тиіс,
өйткені асыра боушылық оған деген сенімсіздікті тудыраты;
• имидж прагматикалық болуы тиіс, яғни ұйымның мақсаттарынан туындайтын
міндеттеріне немесе қалыптасқан жағдайдың ерекшеліктеріне бағытталуы
керек;
• эффективті имидж вариабельдік қасиеттерге ие болу тиіс, қаттып қалған
немесе өзгермейтін құрылым тиімсіз, өйткені имиджді тарату
динамикалық сипатқа ие, өзгертулер мен түзетулер еңгізу жағдайы
туындауы мүмкін;
• имидж күшті көңіл-күйлік (эмоционалдық) пікірлерді туындату тиіс;
Ғылыми зерттеулер мен PR-тәжерибе көрсеткендей, имидждің басты қызметі
білгілі бір нәрсеге жағымды қатынасты қалыптастыру болып табылады. Егер
жағымды қатынас қалыптасқан болса, артынша әлеуметтік байланыстардың
ықпалының нәтежиесінде сенім және өз кезегінде жоғары бағалаулар мен
таңдау пайда болады. Сондай-ақ жағымды имидж мәретбенің, сәйкесінше бедел
мен ықпалдың жоғарлатады. Жағымды имидж жоғарғы рейтингті анықтайтын
себептердің бірі. Сондықтан болар американдықтар жағымды имидж
миллиардтаған долларларға бағалайды.
Тиімді имиджді қалыптастыруда қандай имидждің қажетігін анықтап алған
дұрыс. Әрине жағымды, тартымды имидж қажет, дегенімен бұл жерде PR-
қызметінің сипаты мен бағытын анықтайтын нақтылық керек. Осы тұста имидждің
типологиялары жасалған. Олар жалпылама және арнайы негіздеулерде ұқсастық
және айырмашылық критерилері бойынша жасалды. Мысал ретінде ұйымның имиджін
алуға болады.
Типологияны жасаудағы бірінші негіз имидждің көрініс беру бағыты, яғни
имидж қандай белгірі бойынша қалыптастады. Бұл жағдайда сыртқы және ішкі
имидж деп бөлінеді.
• сыртқы имидж, сыртқы ортада көрініс беретін, клиенттер мен
тұтынушыларға бағытталады.
• ішкі имидж – корпоративтік қатынастар, жүріс-тұрыс этикасы, іскерлік
байланыстың ерекшеліктері, дәстүрлер және т.б.
Бұл имидждердің арасында функционалдық байланыстар болуы мүмкін, тіпті
болу тиіс, өйткені олардың арасындағы қарама-қайшылықтар ұйым мен оның
қызыметіне деген сенімсіздікті тудырады.
Екінші негіз – имидждің эмоционалдық реңі. Бұл бойынша имидждің екі типі
анықталады:
• жағымды имидж;
• жағымсыз имидж (негізінен қара PR мен антижарнама арқылы саяси
қарсыластар қалыптастырады).
Үшінші негіз – PR-қызметтің мақсаттылығына байланысты:
• табиғи имидж, стихиялы түрде, арнайы PR-акциялардың және жарнаманың
көмегінсіз тәжербиелік қызметтің барысында қалыптасады;
• жасанды имидж, арнайы жарнаманың немесе PR-акцияның көмегімен
қалыптасады және шынайылықты бояулатып көрсететін, ұйым қызметінің
сипаты мен табыстылығына толыққанды сәйкес келе бермейтін имидж түрі.
Мамандардың пікірінше, ұйымның PR және жарнамалық қызметінің алғашқы
кезеңдерінде шынайылықты бояулатып көрсететін жасанды имидж басымдыққа ие
болады.
Төртінші негіз – қабылдаудың рационалдылық деңгейі. Бұл жағдайда имидж
келесідей болады:
• когнитивті, яғни құрғақ арнайы ақпарат береді (арнаай мамандарға
бағытталған);
• эмоционалды, сезімділік имидж (мұндай имидж кең аудиторияға және күшті
көңіл-күйлік пікірлерді тудыруға бағытталған) [7, 58-59-бб.].
Имидждің жалпылама сипаттамаарына, қызметіне және түрлеріне сәйкес
ұйымның жалпыланған имиджінің моделі жасалынды. Бұл модельді жасаушылардың
пайымдауы бойынша ұйым туралы көзқарас ұйым туралы әр түрлі ақпараттардың
(оның қызметі, іскерлік деңгейі, қызметкерлерінің жүріс-тұрысы т.б.)
жиынтығы нәтежиесінде қалыптасады. осы тұста зертеушілер әр түлі теориялық
схемаларға жүгінді немесе әлеуметтік-психологиялық эмпирикалық зерттеулер
жүргізді. В.В. Меньщикова мен Э.П. Утликтің мәліметтері бойынша ұйымға
деген сенім мен сәйкесінше жағымды имидж адамдардың ұйым туралы келесідей
түсініктерінен қалыптасады:
• ұйымның қаржылық жағдайы (өсу үстінде, тұрақты, жоғары кіріске
ие және т.б.);
• ұйымның тарихы, оның дәстүрлері мен атағы (ұзақ уақыттан бері өмір
сүруде, дәстүрі бар, беделді ұйымдармен жұмыс істейді және т.б.);
• жетекші тұлғасы (жетекшісі беделді, адал адам, жаңаша ойлайтын,
ақылды және т.б.);
• паблисити – жарнамалық танымалдылығы (жақы жарнама, жақсы ой-
пікірлер, көп жақсы мақтаулар етідім және т.б.);
• жұмысшыларға деген қамқоры (басшылықтағы паттернализм,
қызметкерлері бір жанұяның мүшесіндей және т.б.);
• қоғамалдындағы әлеуметтік жауапкершілігі – жұмыс сапасы, қызмет түрі,
тұтынушыға бағытталуы (қажетті және спалы өнім өндіреді және т.б.);
• ұйымның басқарылуы (әр үрлі қиын жағдайлардан аброймен шығады,
жаңашыл ғылыммен негізделген басқару және т.б.);
• қызмет пен қатынастағы этика (адал, ашық, клиенттерді алдамайды
және т.б.);
Айта кету керек, авторлардың пікірінше аталмыш түсініктерде сабырлылық
пайымдаулар басым, бағалауларда эмоционалдық көріністер аз.
Т.Н. Пискунованың мәліметтері бойынша ұйымның жағымды имиджін және оған
деген сенімді ол туралы келесідей түсініктер қалыптастырады:
• қызметінің сапасы;
• қызметінің ыңғайлылық деңгейі;
• қызметінің бағасы;
• жетекші тұлғасы мен оның командасы;
• жұмысшылардың сипаттамалары;
• сыртқа нышандары (атрибуткасы).
Имидждің құрылымын, оған әсер етететін түсініктерді зерттеу нәтижесінде
екі қорытынды модель туындады.
Бірінші модель келесідей жеті құрамадан тұрады:
• сыртқы атрибутикасы (ұйымның аты; эмблемасы; символикасы; орналасқан
жері; және т.б.);
• қаржылық жағдайы;
• жетекші мен оның командасының имиджі;
• қызметінің сапасы;
• офистік дизайн;
• ұйым мен қызметкерлерінің іскерлік коммуникациясы.
Екінші модель келесідей тоғыз құрамадан тұрады:
• сыртқы атрибутика;
• ұйымның тарихы, дәстүрлері;
• қаржылық жағдайы;
• өнім бейнесі, қызмет сапасы;
• жетекші мен оның командасының имиджі;
• қызметкерлер имиджі; корпоративтік мәдениет;
• іскерлік коммуникациялар, ұйымды басқарудағы ерекшеліктер;
• қызмет пен өнім бағасы;
• паблисити, жарнамалық танымалдық;
• өнім мен офис дизайны.
және т.б. [7, 86-87-бб.]

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ИМИДЖІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар: саясаттанулық талдау
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікті және егемендікті алғаннан кейін жаңа
саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өлшемдерге аяқ басып, бірінші
міндеттердің бірі құқықтық-демократиялық мемлекетті құру, азаматтық қоғам
институттарын қалыптастыру болды. Қазіргі кезде ескі қоғамдық және
мемлекеттік құрылымдарды жою процесі және демократия дамуының қазіргі
уақыттағы деңгейлеріне және қажеттіліктеріне сай жаңа құрылымдарды құру әлі
де жалғасуда. Осы жаңа өлшемдерінің сапалы көріністерінің бірі- партиялық
құрылысты зерттеу болып табылады.
Қоғам динамикалық құрылым болғандықтан, оның негізгі бөлшектері
экономикалық, саяси жүйелер болып табылады. Қоғамда мемлекетпен қатар
маңызды орынға әртүрлі қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, соның ішінде саяси
партиялар да ие болады. Сондықтан республикада партиялық құрылыстың
интенсификациясы Қазақстан қоғамының заңды құбылысы және талабы болып
табылады. Бірақ, қазақстандық көппартиялық мәселесі бойынша көптеген
еңбектердің бар болғанымен, қазақстан қоғамының трансформация контекстінде
партияның саяси процесінің субъектісі ретінде рөлі туралы сұрақтар
тұжырымдалмаған, саяси партиялардың қалыптасуының және
институционализацияның ерекшелігі анықталмаған, транзиттік қоғам
жағдайындағы партогенездің заңдылықтары толық түрде зерттелмеген.
Қазіргі саяси ғылымда саяси партия түсінігінің көптеген анықтамалары бар.
Ең біріншіден саяси партия бұл-азаматтық қоғамының едәуір саяси белсенді
мүшелерінің ұйымдасуы. Осы ұйымдасуының негізі-идеологиялық доктрина,
әртүрлі әлеуметтік топтардың және белгілі бір жетекшінің ерекше
қызығушылығының жиынтығы түрінде көрінетін ортақ саяси көзқарастар және
мақсаттар болады [22]. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы
заңында саяси партиялардың түсінігі былай анықталады: Азаматтардың,
әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және
атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарда білдіру және оларды
қалыптастыру Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси
партия деп танылады [23]. Қазіргі таңда республикада ресми түрде 10 партия
тіркелгенімен, болашақта жаңа саяси партиялардың құрылуы да мүмкін. Бірақ
осы партиялардың болуы Қазақстанда шынайы көппартиялық жүйе қалыптасқанын
білдірмейді. Осындай жағдай көптеген себептермен түсіндіріледі. Осы
себептер Қазақстан Республикасында оптимальді партиялық құрылысқа
бөгет жасайды [24]:
1 себеп. Ауыспалы кезеңде қазақстан қоғамы жаңа қоғамдық-тарихи
өзгерістерді бастан кешіп отыр. Осы жағдайларда азаматтардың көпшілігі
болашақ күнге сенімсіздікпен қарайды. Әлеуметтік стратификация әлі де
аяқталмаған. Әлеуметтік бөлініс орта таптың қалыптасуына әлі де әкелген
жоқ. Берілген жағдайда саяси партияларға өзінің әлеуметтік базасын айқындау
қиын болады.
2 себеп. Саяси партиялардың қызметімен және олардың жүргізетін
саясатымен байланысты. Көптеген саяси партиялар қалыптасқан саяси
коньюктураның қызығушылығында құрылған, яғни белгілі бір саяси шараларға
және парламенттік сайлауды өткізуге қатысу қажеттілігі туындаған кезде
қалыптасты. Сонымен қатар көптеген саяси партиялар жоғарғы жақтың
инициативасы бойынша құрылып, оларды құру инициаторлары мемлекеттік
биліктің атқарушы органдарының өкілдері және парламенттің депутаттары
болды. Саяси тәжірибе көрсеткендей осындай жолмен құрылған саяси партиялар
халықтың жағынан кең қолдауына ие болмайды. Саяси партиялардың
әрекетсіздігі партияаралық қатынастарда бәсекелестігінің болмауымен
анықталады. Сонымен қоса, қазақстандық партиялардың әрекетсіздігі үгіт-
насихат жұмысын әлсіз жүргізуімен анықталады.
3 себеп. Мемлекет тарапынан саяси партияларға қатысты жүргізілетін
саясатпен байланысты. Осы себеп бойынша келесі жағдайларды көрсетуге
болады:
• саяси партиялардың парламенттік сайлауға қатысуы шектеулі сипатта,
өйткені мәжілісте 77 орыннан тек қана 10 орын саяси партиялардың
өкілдеріне берілген;
• мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын құру механизмі партиялық емес
сипатта, яғни Қазақстанда Үкімет Президент тарапынан құрылады.
Транзиттік қоғамындағы саяси партиялардың институционализацияның
үрдісінде келесі объективті, тұрақты және қайталанатын тенденцияларды бөліп
көрсетуге болады. Мемлекеттің модернизациясының стратегиялық бағыты
партияның институционализация процесіне тікелей әсер етеді, мұндағы
көппартиялықтың дамуы бөлшектенген түрінен ұлттық ерекшелігімен
континентальді-еуропалық модельге қарай бағытталып ауысады.
1. Транзиттік қоғамда мемлекет саяси партиялардың институционализация
процесіне әсер етеді.
2. Ауыспалы қоғамдарда партиялардың институционализациясы ұлттық
мемлекетке тән әлеуметтік, идеологиялық, діни, тарихи, этникалық, мәдени
факторлардың ықпалымен жүзеге асады.
3. Мұндай қоғамдарда саяси партиялар оңшыл, солшыл идеологиялық бағытта өз
бағдарламаларын жүзеге асырайды.
Қазақстан Респупликасында саяси партиялардың институционализациясы екі
өзара байланысқан бағытта жүзеге асады: Конституцияға негізгі жағдайларды
енгізу жолымен және саяси партиялар туралы арнайы занды қабылдау жолымен.
Осылай, Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси партиялардың құрылуы
және қызметі үшін конституциялық негізді қалыптастырды. Бір жағынан, саяси
плюрализмді қамтамасыз ету үшін жеткілікті конституцияық өріс бар, ал
екінші жағынан, азаматтардың құқықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партияның қызметтері
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы мәліметтер
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Имидж және өзіндік ұсыну
Мемлекеттік тіл саясаты
Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі
Партияның басшы органдары
Мемлекеттік басқару қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын нығайту
Пәндер