Геожүйенің ластауындағы техногендік факторлар анализі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері сияқты адамдар да ішкі ортаның әсерін сезеді және сезіне береді. өмірінің алғашқы күндерінен-ақ адам олардың әсерінен қарым-қатынаста болады. Адам организмі қоршаған ортамен тығыз байланыста болады және биосфера жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Қоршаған ортаны тіршілік көзінсіз немесе адамды қоршаған ортасыз елестету мүмкін емес. Өмір, адамдардың өзі тұрған мекен-жайларындағы табиғи факторларының әсері тарапынан алғанда тіршілік етуіне әр түрлі жағдайлар ұсына отырып, орасан зор эксперимент жүргізеді. Басқа да тірі организмдер сияқты адамдар да орта жағдайларында өзгеруі; тіршілік ету үшін жағымды түрде қалыптасады немесе қалыптаса алмай ол қоршаған ортаның әсерінен өмір сүруін жояды.
Қазір Алматы қаласының экологиялық жағдайы өте нашар. Үш жағынан тау қоршаған қалада ауа қабаты қозғалысының ауысуы қиын. Шыққан қалдықтар өздерінде қалады. Сондықтан ондағы ауаның біршама ластынуына алып келді. Қаланың ауа бассейніне жыл сайын өнеркәсіп орындары мен көлік қалдықтарынан жүздеген, кейде мыңдаған тонна әр түрлі зиянды заттар түседі. өнеркәсіп қалдықтарының құрамының сапасы мен санына байланысты, олардың периодттығы мен өмір сүру ұзақтығына, сондай-ақ тасымалдауын анықтайтын жағдайларына, қалдықтардың таралуы мен атмосфералық жауын шашындар арқылы зиянды заттардың шайылуына, атмосферадағы фотохимиялық реакциялардың интенсивтілігіне және де көптеген басқа да факторларға байланысты атмосфераның ластану дәрежесі қалыптасады.
Көптеген қала тіректерінде кейбір қоспалардың концентрацияларының белгілі мөлшерде жоғарлауы ауа райы жағдайын жою үшін қолайсыз әсер етуі мүмкін. Метеорологиялық факторлардың әсерінен ауаның ластануын болжауда қала көшелеріндегі жұмыс күнінің басындағы және аяғындағы автокөлік санының өсуі, ауаны қыздырудың ерекшеліктері ескеріледі.
Қала ортасының адамдардың денсаулығына әсер етуі - күрделі үрдіс, себебі ол әр түрлі қосапалардың төменгі мөлшердегі созылмалы периодында әсер етуші факторладың үлкен мөлшері болып табылады. Өнеркәсіп, энергетика, көлік транспорттарының өсуінен пайда болған атмосфераның ластануы ірі қалалардағы адамдардың организміне әсер тетін ішкі ортаның маңызды факторы.
Алматы қаласындағы ластанудың себептерін анықтау және оның қала тұрғындарының денсаулығына әсерін білу, сондай-ақ этиологиялық факторлардың қала тұрғындарының денсаулығына әсері туралы мағұлмат алу осы жүргізілген жұмыстың мақсаты болып табылады.
Зерттеу әдісін таңдауда келесі мәселелер ескеріледі:
- Адам зерттеу объектісі ретінде оның қызметі қоршаған ортаның ластануының негізгі себебі болып табылады.
- Алматы белгілі табиғи ортасы бар ірі, қазіргі талапқа сай қала ретінде қарастырылады. Қала жағдайында территорияға, тұрғындарға қоршаған ортаның әсер ету факторларының комплекстері: медико-географиялық, экологиялық және географиялық орналасу ерекшеліктері болып табылады. Қала территориясындағы қоршаған орта факторларының біркелкі еместігі анықталған, олай дейтініміз оларды территориялық- кеңістіктік аспектілерінде, қала масштабында зерттеу керектігін көрсетеді.
- Қоршаған ортаның ластануы қала тұрғындарының денсаулығына әсер етуші фактор ретінде. Қаланың қоршаған ортасын негізгі ластаушысы болып табылатын: шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, көмірқышқыл газы, көміртегі.
Қазақстан жағдайында ішкі ортаның адам денсаулығына әсері 50%-ды құрайды, берілген анықтамаларға қарағанда 77% ауыру жағдайлары, өлімнің жартысынан астамы және 57%- дұрыс емес физикалық дамуы қошағана ортаның қолайсыз факторларымен байланысты. Аурудың 80%-на экологиялық факторлар әсер етеді.
Адам әсіресе қоршаған орта тарапынан күшті әсерді сезінеді. Қаланың ластануы қалдықтар үшін өзекті мәселе болып отыр, себебі ол Адам организміне қолайсыз әсер етеді. Берілген жұмыста мен ауа бассейнін тазарту, негізінен Алматы қаласын улы газдардан тазартуды қарастырдым.
Өзектілігі болып табылатын, ол адамдарда аллергиялық аурулардың жаңа түрлерінің пайда болуы, және де басқа аурулардың түрлері ерте кездерде де адамға мұндай өлімші әсерін тигізбеген.
Осылардың барлығын адамдар есере отырып, өздерінің ұлтарақтай жерлеріне қамқорлық жасап, өздерінің тұратын қалаларын да ұмытпауы керек, себебі қала -ол оның үйі, ол әрқашанда ретті болуы керек. /18, 25/
1- ТАРАУ. Алматы агломерациясының қалыптасуының табиғи ерекшеліктері
1. 1 Геологеоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктер
Алматы - Қазақстан Республикасының басты қаласы. Ол Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь-Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле алатауының солтүстік беткейі баурайында, теңіз деңгейінен 700-900 метр жоғары, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында жайласқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады. Атырабының 900 метрден жоғары орналасқан өңірі - әртүрлі шөп өскен далалы, далалы-орманды шұрайлы алқап.
Алматы - еліміздегі аса ірі қалалардың бірі. Халқы 1 млн. 200 мыңнан астам ( 1994 ж. ), 1700 шаршы километрден астам жерді алып жатқан бір жарым ғасырға жуық тарихы бар қала. Ресми астана Ақмолаға көшкенімен, Алматы қаласы - Республикамыздың ғылымы, мәдениеті дамыған оңтүстік астана болып қала беруі күмәнсіз. Алматы қаласы Қазақстан Республикасының оңтүстiк-шығысында, Iле Алатауы жотасының солтүстiк баурайында, Үлкен және Кiшi Алматы өзендерiнiң айырылым бұрышында орналасқан. Алматы Тянь-Шань тауы бөктерiнде және евразиялық континенттiң орталығында, Қазақстан Республикасының оңтүстiк-шығысында, шығыс ұзындығының 77 0 және солтүстiк кеңдiгiнiң 43 0 ширегiнде жатыр. Қала территориясы оңтүстiктен солтүстiкке қарай бiртiндеп төмендеуде. Бұл жағынан қарағанда, өз территориясының экологиялық ерекшелiктерiн қалыптастыратын физико-географиялық және табиғи-климаттық сипаты бойынша қала айрықша болып табылады. Алматы планетамыздағы “жоғары” орналасқан аз ғана қалалардың бiрi, Алматының солтүстiк нүктесi теңiз деңгейiнен 650 м биiктiкте, ал оңтүстiк нүктесi 950 м астам биiктiкте орналасқан. Қаланы көбiнесе “еңiс қала” деп атайды.
Қаланы оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс жағынан тау сiлемдерi белдеулеп жатыр. Бұл аймақ солтүстiк және солтүстiк-шығысқа қарай әр түрлi бұрышпен төмендейдi (көбiнесе 3 пен 1 градус аралығында) . Сонымен қатар, қаланың орталық бөлiгi өзендердiң шығарылым конусы арқылы пайда болған екi еңiс жазықтықтың кездескен жерiнде орналасқан. Осылайша, Алматы үлкен бiр шұңқырда тұрған тәрiздi, бұл - Алматы территориясындағы экологиялық жағдайдың төмендеуiнiң бiрден-бiр себебi. Қала жағдайының ерекшелiктерi де осы айрықша орналасумен байланысты болса керек.
Алматы төңірегі негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі - Іле Алатауы жатыр. Тау етегіндегі шайынды жанас абаттарынан түзілген ысырынды конус элементтері көп кездеседі. Үлкен және Кіші Алматы өзеңдерінің аралығы дөңбектасты-малтатасты шегінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конус пен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан. Алматы территориясының оңтүстік бөлігі, оның орталық, әсіресе солтүстік бөлігіне қарағанда қатты тілімделген.
Альпілік техтоникалық қозғалыстар Іле Алатауына күрделі кейіп берді. Биік таулы ярус ( 3000-5000 ) бедері альпілік сипатта, тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі, шаңырау сайлы боп келеді. Гляциалдық белдеудің біраз бөлігін мұз басып жатады. Бұл аймақта тау жыныстарының үгілу және тік беткейлермен төмен қарай сусу қарқыны күшті болғандығы байқалады. Бұған шектес төменгі ярустың ( 1500-2000 ) бедері терең сайлар мен жыраларға толы. Өзен аңғарының беткейі тік ғұлама келеді. Алматы төңірегінің ең биік жері - Іле Алатауының Талғар шыңы ( 4973 ) . Қала маңындағы Іле Алатауының солтүстік сілемі аласа төбе, адырлы келеді, мұнда бөктерлік биік шоқылар көп. Тау етегіне ұштасып жатқан жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты шөгінділерден түзілген. Беті лессті, құмды-сазды қабаттан тұрады. Сотүстікке қарайғы атырап бедері едәуір еңіс келеді де бірте-бірте тегістеле бастайды. Бұл өңірде Үлкен және Кіші Алматы, Есентай ( Весновка ), Рмизовка өзендері бар. Солтүстік батысқа қарай сай-жыралар мен құрғақ аңғарлар көп, жер беті сәл еңістеу, антропоген кезеңінің аллювий және зол ( жел ) шөгінділерінен түзілген жазық дала. Мұнда биіктіктері 60-80 метр шамамен қырқалар мен төбелер жиі ұшырайды. Құмды қырқалардың беткейлерінде қуаң далаға бейімделген ксерофитті өсімдіктер өседі.
Алматы альпілік сипаттағы тау массиві - Іле Алатауы антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде. Ендікке жуық бағытта созылған геологиялық құрылымдар мен тектоникалық жарылыстар зоналарының жалпы бағытына сәйкес келетін бұл жота граниттен, габбродан, эфузиялар мен олардың туфтарынан, эффузиялық шөгінді жыныстардын, аздап құмтастардан, тақтатастардан, мәрмәрдан түзілген. Іле Алатауының қазіргі сипаты палеогеннің ақырында басталған тектоникалық процестердің нәтижесінде қалыптсқан.
Бүкіл антропоген кезінде таулардың биіктеуіне байланысты Іле Алатауының солтүстік беткейлеріндегі өзен аңғарлары мен шатқалдарында дөңбектас, қиыршықтас, малтатас, құм-саз қрамдыкесек жыныстар мол жиылды. Бұлар тау етектерінде ысырынды конустарды түзіп, төменіректе ені 10-15 км., қалыңдығы 2000-3000 метрлік тұнба жыныстар қабатына ұласады.
Қала атырабының жоғары сейсмикалығы неогендік-антропогендік тектоникалық қимылмен, көне және тас терең жарылыстарымен байланысты. Мұнда үлкен апат болған. Верный 28 мамыр ( 9 мамыр ) 1887 жылы және Кемин 22 желтоқсан 1910 ( 4 қаңтар 1911 ) жер сілкінулері болды. Сейсмиологиялық және геофизикалық кешендік зерттеулер жер сілкінудің қалыпты 9 болдық зонасын және одан да жоғары сейсмикалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді, ірі ғимараттар тұрғызуға қажетті антисейсмикалық шараларды анықтады.
Алматы күшті лайлы тасқындардың қаупі бар аймаққа орналасқан. Кіші Алматы өзенінің арнасында 1921 және 1973 жылдары болды. 1921 жылы қалаға 3 млн. кубометрден астам балшық пен тас қаптады. Мореналық Тұйықсу көлінен басталған 1973 жылғы лайлы тасқынды Медеу платинасы бөгеп тоқтатты. 1977 жылы тамызда Үлкен Алматы өзені аңғарларында 6 млн. кубометр көлемдегі сел тасқыны болды. Одан қаланы қазіргі Үлкен Алматы платинасы сақтап қалды. Қазіргі кезде елді мекендер мен халық шаруашылық обьектілерін лайлы тасқындар мен қар көшкіндерінен сақтандыру жобаларының жүйесі іске қосылды. Алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен жүргізілуде.
Қаланы кеңейту үшін жер бедері қолайсыз, ылғалы мол босаң топырақты алаңдар кеңінен игерілуде. Қала шегіндегі антропогендік қабаттардың қалыңдығы 10-15 метр болғандықтан, ірі ғимараттардың ірге тасы тереңдікте орнатылды. Қала іші мен оның төңірегінен табылған құм, қиыршықтас, малтатас, құрылыстық және беттеме тас, ізбестас тағы басқа кендері кеңінен қолданылады. /2/
1. 2Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар
Алматы өзінің гидрогеологиялық жағдайы жөнінен Іле артезиян алабына, Іле Алатауының солтүстік бөктерлік терең ойпаңы аймағына жатады. Қалыңдығы 3200 метрден астам палеоген-неоген, антропоген шөгінділерінде түзілу тегі мен құрамы әртүрлі жер асты суы жиылған.
Палеоген мен төменгі неогенннің құм қабаттарында тұзды ( 37-54 г / л), хлоридті натрийлі, ыстық ( 70-80), арыны күшті ( 250-300 атмосфералық қысымдағы) жер асты суы бар. Суының құрамы ( г / кг ) : иод - 0, 007, бром - 0, 060, бор - 0, 006-0, 018, кремний қышқылы - 0, 017, фтор - 0, 007.
Жоғары неоген жыныстары қабатының 1750 метр тереңдігінен ыстық ( ұнғы забойында 81 С ), сәл тұздылау су шығады. Құрамы ( г / кг ) : иод - 0, 001-0, 002, бор - 0, 020, бром - 0, 012-0, 017, кремний қышқылы - 0, 036, фтор - 0, 003, газдары ( % ) : азот пен сирек газдар - 85%, оттек - 13%, метан - 2%. Судың емдік қасиеті анықталды. Мұнда қол-аяқ, жүйке, ішек-қарын ауруларын емдейтін санаторий салынуда.
Антропогеннің дөңбектасты-малтатасты, құмды-саздақты шөгінділерде ( қалыңдығы 500 метрден астам ) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су арынсыз келеді, ал таудан 16-20 км қашықтағы сазды қабаттарда арынды судың бірнеше горизонттары қалыптасқан, суы тұщы ( 0, 2-0, 3 г /л ), гидрокорбонатты, кальцийлі және салқын. Бұл горизонттарда 50-60% өзен суы, 20-25% ирригациялық су, 10% атмосфера суының үлесі бар. Антропоген жыныстарының сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда.
Тауда жарықшақтық және өте тұщы ( 0, 1-0, 3 г /л ), гидрокорбонатты, кальцийлі-магнийлі су көздері өте көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің жапсарларындағы су сәл ащы ( 1-3 г /л ), сульфатты-натрийлі болады. Тектоникалық жарылыстар мен минералды жылы су аймақтары байланысты. Бұл сулардың шипалық қасиеті бар. Алма-арасан санаторийі осындай судың негізінде жұмыс істейді.
Қала және оның төңірегіндегі өзендер Іле алабына жатады. Негізінен бұлар ағыны қатты, арналы енсіз ( 10-15 м ) және терең шатқалды ( 800-1000 м ) келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай бұлар екі топқа бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер мен мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер. Негізінен атмосфералық жауын-шашын суымен толысатын болғандықтан, су көздерінің ең жоғары деңгейлері көктемгі қар еруге шілде айларындағы таудағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты байқалады. Өзен суы июльдің басында, яғни ауа температурасының шұғыр жоғарылауына байланысты мұздықтардың көп еритін уақытында молыға түседі. Осы кезде сел тасқындары жиі болады. Таңертеңгілікте су деңгейлерінің тәуліктік ауытқуы аз, ал кешкілікте мұздықтардың күндіз еруінен су деңгейі 15-20 см-ге дейін көтеріледі.
Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және бұлардың салалары - Есентай ( Весновка ), Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Бұлар 3000 метрден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен толысады, деңгейінің төмендеуіне не көтерілуіне жуын-шашын мен жер асты суы әсер етеді.
Үлкен Алматы өзені Іле Алатауының 3500 м биіктіктегі беткейлік мұздықтан басталады. Негізінен мұздық суымен толысады. Орта биіктік ( зонасында) аймағында мұның бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасымен көмкерілуінен Үлкен Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырымен СЭС-тің тізбегіне беріледі. Одан сәл төменіректе өзен аңғарында Үлкен Алматы су бөгені салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан 52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдың орташа су шығыны 4 м / с. Қаланы электр энергиясы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздығынан басталады. Аңғарында лайлы тасқынға тосқауыл ретінде Медеу су бөгені бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші Алматыға Кімасар және Бұтақты ( Бутаковка ) салалары құяды. Қаладан үш тармақ - Кіші Алматы, Есентай ( Весновка ), Казачка өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай арналары қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп жағасы бетондалған. Кіші Алматы қаланың солтүстігінде Қапшағай бөгеніне құяды.
Қала өміріне байланысты көлдер негізінен гляциялық аймақта орналасқан. Олар шапшаң еритін мұздықпен көмкерілген көл және мореналық немесе ерімейтін мұздықпен байланысқан көлдер боп екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы сілендерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Бұлар - тұщы су көзі, сондай-ақ таулық көлдер лай тасқындарының қалыптасу процесінде үлкен роль атқарады. Тұйықсу мұздығының етегінде Кіші Алматы аңғарында осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі өзгереді, кейде мүлде тартылып қалады, соңынан қайтадан пайда болады. Қала өмірі үшін Ақсай бөгені, Ащыбұлақ бөгені, Қапшағай бөгені, Мыңжылқы бөгені, Сайран бөгені сияқты жасанды айдындардың маңызы зор. Іле бойындағы Қапшағай тағы басқа бөгендер қала халқының демалыс орындарына айналып отыр.
Қалаға тiкелей әсер ететiн Iле Алатауы жотасының солтүстiк баурайында жалпы аумағы 308, 3 км 2 болатын 307 мұздық бар. Солтүстiк баурайдың мұздық аумағы батыста Ұзынқарғалы өзенiнiң бас жағынан шығыста Түрген өзенiнiң бас жағына дейiн созылып жатыр. Қарлы белдеу 3800-3900 м биiктiкте өтедi. Iрi мұздықтар жотаның орта бөлiгiндегi шыңдарда 4700-4900 м биiктiкте орналасқан. Тұйықсу мұздығы Кiшi Алматы өзенiнiң бастауындағы Кiшi Алматы мұздықтар тобының iшiнде ең iрiсi болып саналады. Оның ұзындығы 5 км-ге жуық, аумағы 4 км2. Тұйықсу инесi мұздығының ұзындығы 4 км, аумағы 2, 5 км 2 , Молодежный мұздығы - 2, 5 км және 2 км 2 , Мәметова мұздығы - 2, 2 км және 0, 7 км 2 . Тұйықсу мұздығындағы мұз қабатының қалыңдығы төменгi жағында 15 м жуық, ортасында - 60-70 м, ал жоғарғы жағында - 100 м. Мұздықтардың төменгi бөлiктерi күштi (200-230 м) моренамен қапталған. Морена гляциалдық талқандаушы селдердi қалыптастыру көзi болып табылады. Соңғы онжылдықта 1951, 1956, 1973 және 1999 жылдары iрi селдер болды.
Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы - желсіз, тымық ауа-райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көпжылдық орташа температурасы +9 С, ең жоғары температурасы +42 С, ең төменгісі -38 С ( 1. 4. 1. - кестені қараңыз ) .
Бозқырау шамамен 14- қазан мен 18- көкек арлығында байқалды, ерте түсетін кезі 28-ші қыркүйек, кешіккенде 30-шы мамырға дейін созылады. Ауаның 0˚ С-тан жылы кезі жылына орташа есеппен 240 тәулікке дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 176 тәулік, 10 - наурыздан 18- қарашаға дейін созылады. Тұрақты аяз, яғни ауаның 0˚С - тан төмен мәні орташа есеппен 67 тәуліктей, шамамен 19 желтоқсаннаң 23 ақпанға дейінгі кезеңді қамтиды. Ауа температурасы 30˚ С - тан жоғары ыстық күндердің саны орташа есеппен 36 күндей.
Қуаңщылығы басым кез - тамыз айы, бұл айда қалаға орташа есеппен 24 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғал мол түсетін кезең - көктем мезгілі мамыр айы - 93 мм. Жылдық жауын-шашынның кезең - көкек пен мамыр айлары, бұл құбылыс кейде қазаң-қарашы айларында байқалады.
Қардың тұрақты жатуы шамамен 30 - қазаннан, толық еру мезгілі 2 - көкекке дейін созылады. Тұманды күндер қала және оның маңында орта есеппен жылына 50-70 күндей болады. Күн күркіреу, найзағай жарқылдаужылына орташа есеппен 23-45 күндей болады. Аспанды көбіне орта және жоғарғы ярусты бұлт басады. Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%. Күн ашықтығының қайталануы жыл бойына 70% - ке жуықтайды. Сібір антициклонының қалыптасуына байланысты қала үстінде атмосфералық қысым артады. Ең жоғарғы қысым гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы сианциясы деңгеінде 1930 жылы байқалды. Ол 951 гПа ( гектопаскаль) тең болды. Радиация толқынының ұлғаюынан және ауаның жылынуынан атмосфаралық қысым кемиді. Алматы гидрометеорологиялық станйиясы деңгейіндегі ең төменгі қысым - 897, 5 гПа 1964 жылы байқалды. Қысым ауытқуының жылдық орташа ауытқуы - 13, 6 гПа-ға тең. Жыл ішіндегі қысым максимумы - 926, 3 гПа қарашада, минимумы - 912, 7 гПа шілдеде болады. Қысымның өзгеруі жыл бойында бірқалыпты болмайды, күн сайынғы өзгеріс шамасы - 2-4 гПа тең. Циклон әрекетінің күшті кезінде өзгеріс шамасы шілдеде 10, 5 гПа, желтоқсанда 37, 7 гПа-ға жетуі мүмкін. Қаланың бір-бірінен 30 км қашықтықтағы оңтүстік пен солтүстік шекарасы аралығындағы қысымның жылдық орташа ауытқуы 110, 5 гПа шамасында.
Гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел басым байқалады (30%), жазда мұның тұрақтылығы артады (37%), қыста кемиді (19%) . Қаланың солтүстік шығыс бөлігінде ( Боралдай және аэропорт маңында) жел көбіне солтүстік-батыстан слғады. Жылдамдығы 15 м/с, не бұдан да
күшті жел жыл бойына 15 тәуліктей соғады. Басқа ірі қалалардағыдай Алматы қаласының орталығында да “жылы аралда” ауа қыста -0, 8 -3, 8 С, жазда -2, 2 -2, 6 С -тай жылы. Қаланың солтүстік шетіне қарағанда орталық бөлігінде аяз жеті тәулік кеш түсіп, 3 тәулік ерте шығады. Сондықтан да қаланың солтүстік шетіне қараіанда орталық бөлігінде аязсыз уақыт он күн ұзақ болады. /1/
Алматының климаттық ерекшелігінің қалыптасуына қала аумағының ұліаюы, тас құрылыстардың, темір шатырлы үйлердің және асфальт төсеніші ауданының артуы, өнеркәсіптік және көліктің қалдықтары айнала қоршаған ортаға көптеп шығарылуы тағы басқа жағдайлар ықпалын тигізуде. Алматы қаласының орналасқан территориясының табиғи жаідайын, оның ішінде жер бедері мен климаттық көрсеткіштерін бағалай келіп айтарымыз:
1) Қаланың оңтүстігі түгелдей биік таумен қоршалғандықтан оның қала аумағының табиғи климаттық және экологиялық жағдайларына әсері орасан зор.
а) Бұл аса биік таулар солтүстіктен де, оңтүстіктен де келген ауа ағымдарын ешқайда жібермей ұстайтын экран. Негізгі ылғал әкелетін ауа ағымдары солтүстіктен болғандықтан оның басым бөлігі осы тау етектері мен таулардың әртүрлі биіктіктерінде түсіп, таудан әрі өтпейді десе де болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz