Экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеудегі кәсіби біліктілік пен шығармашылық шеберлік


КІРІСПЕ
Қазақ радиодағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың қисындары: кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденіс» тақырыбын таңдап алғандағы басты мақсатымыз заман ағымында, уақыт аясындаең бірінші өмірлік қажеттілікке айналып отырған экономиканың қазақ журналистикасында, соның ішінде қазақ радио журналистикасында жаңа ғана редакция ретінде орнығып, кәсіби бағыт ретінде өмірге енген саланың ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдап, ой қорыту. Тақырыпты осылай деп таңдауымыздың тағы бір себебі, Алаштың ардақты ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының идеясы негізінде 1921 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен мемлекеттік радио болып қалыптасқан Қазақ радиосы содан бері қазақ халқының қуанышы мен қайғысын теңдей бөлісіп келе жатқан үлкен қара шаңырақ. Заман талаптардан тұрады десек, бұрнағы жылдары ұлттың рухани мәселелерін әуе толқынынан әр қилы деңгейде беріп келген Қазақ радиосы, бүгінде Қазақстанның экономикалық даму жолын халыққа жете түсіндіру арқылы халықтық қолдауға ие болу мақсатын ұстануда. Сонымен қатар, дамушы елдер қатарынан дамыған елдер қатарына қарай жылжып бара жатқан мемлекетіміздегі бір тұрақтылыққа тоқтай алмай тұрған елдің әлеуметтік жағдайын да еш бүкпесіз жария етуді өзіне парыз санаған.
Тақырыптың өзектілігі - оның әлі ешкім қозғамаған тың дүние екендігінде. Сол үшін де тақырып БАҚ арқылы берілетін, соның ішінде құрылымы мемлекеттік, қолдаушысы халық болып келетін Қазақ радиосында жарияланатын әлеуметтік-экономикалық хабарлардың асқан шеберлікпен талдануы. Нәтижесінде, радиохабарлардың қоғамдық мәні мен табиғаты ашыла түспек. Мәселен, адамдар арасындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша. Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған, миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады. /1/ Себебі, бұқаралық ақпарат құралы ретінде де радионың табиғаты осы табиғи заңдылықтар мен қарым-қатнастарға негізделген. Ғасырға жуық уақыт аясында радиожурналистика ғылымы дамып, өзінің негізгі ұстанымдары мен қағидаларын қалыптастырып үлгерді. Радиоақпарат таратудың табиғатына келгенде, ғылымда оның басты үш қасиеті бірінші айтылады және бір ауыздан мойындалады.
Радионың бірінші табиғи қасиеті - жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделділікті қамтамасыз ете алмайды. Ол - ақиқат.
Радионың екінші қасиеті - радио тыңдарман үшін аса қолайлы құрал болып табылады. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, болмаса күш жұмсау қажет емес. Үй шаруашылығындағы тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да, тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та, сейіл құрып жүріп те радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз.
Радионың үшінші қасиеті - тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді. Басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Ала адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестететіні белгілі. /2/ Демек бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқаратын радионың көп фукциональдық қасиеті, бүгінгі бет ажары өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан экономикасымен айшықталатын Қазақстан үшін, кеңседегі шенеуніктен көшедегі арба сүйреушіге дейін өз елінің бет алысы мен әлеуметтік жағдайының әлі-ақ қай деңгейге көтерілетінінен құлағдар болып отыруына үлкен үлес қоспақ. Ал, мұның барлығы радиодағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың қисындары: кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің жемісі.
Тақырыптың проблемасына келер болсақ, ол радиохабар таратудың үш топқа бөліп қарастырылатын сан қырлы міндеттерінің ішіндегі екінші топқа жатқызылатын қоғамды әлеуметтік топтастыру міндетін жазу барысында көрініс береді. /3/ Себебі, кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әр түрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды. Белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процестерге араласып, соған ат салысып кетеді, соның жетегінде әр түрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды. /4/ Ал біздің қоғамда керісінше бұған қарама-қарсы пікір қалыптасқан. Және ол ақиқатты да дүние. Мұнымен айтпағымыз, бастапқыда келтіргеніміздей, құрылымы мемлекеттік болып келетін радиоға құрық салушылар да сол мемлекеттік басқару тетіктері екені анық. Бұл, кей жағдайларда, кейбір ақпараттық талдауларды халықтық мүддеден мүлдем басқа арнамен ағызуға итермелейтін факторлардың себепшісі болмақ.
Кеңестік дәуірде бір тұтас идеялық бағытпен дамыған одақтас республикалардың экономикасы да біртұтас болатын. Сол сияқты, халықтың әлеуметтік жағдайы да бір қалыпты. Сол себепті, кеңес кезіндегі қазақ журналистикасында мемлекеттің экономикасы туралы айтқанда бастан аяқ баяндамалар негізіндегі цифрларды сапыра беру - экономикалық журналистика қалыптастыруға көп кедергі келтірді. Одан кейінгі тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық журналистика сол баяғы бір ізділіктен ауытқыған жоқ. Сондықтан да бұл бітіру жұмысы экономикамыз енді-енді ғана әр тараппен дамып, ішкі, сыртқы экономика болып жіктеліп жатқан Қазақстандағы қазақ экономикалық журналистикасының дамуына өз үлесін қоспақ.
Негізгі бөлім
«Бірінші экономика, одан кейін саясат»
(ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев)
Кез-келген елдің дамуы, өркендеуі, өсуі, оның мәдениеті мен әдебиеті, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруы ең алдымен сол елдің экономикасына байланысты. Экономикасы қарыштаған ел - терезесі тең, керегесі кең ел. Адамзат баласының тіршілігін былай қойғанда, қоғам дамуының өзі экономикаға келіп тіреледі. Сондықтан бүгінде жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан мемлекеттер басым бағытты экономикаға негіздейді. Бұл бағытта еліміздің атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел экономикасының қарқынды дамуына ерекше күш салып жатқаны баршаға аян. Қазақстанның бүгінгі өрлеген экономикасы - әлемнің біршама мемлекеттеріне темірқазық, үлгі болып отырғанын айтуға тиіспіз. Ел өмірінің келешегі, бүгіні еңселі экономика деп білетін Президент биылғы халыққа Жолдауында ел экономикасын одан әрі өркендете түсуді қадап айтты: «Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік». /5/
Шынын айту керек, еліміз Тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Бұған басты себеп - орайлы, оң жолмен жүргізілген экономикалық реформа. Басшылықтың сәтті жүргізген экономикалық реформалары негізінде елдің әл-ауқаты арттты. Еңсе тіктелді, жағдай түзелді. Басымыз аман, бауырымыз бүтін. Адамзат баласы үшін ең басты құндылық осы болса керек. Бүгінде еліміз әлемдегі озық елу елдің қатарына қосылуға бар күш-жігерін жұмсауда. Бұл үшін алдымен ел экономикасның қарқынды дамуы шарт. Елбасы халыққа жолдауында «парасатты экономика» негіздерін дамытуды баса айтты. «Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене кіріскен барлық осы заманғы бақуатты мемлекеттер “парасатты экономикаға” сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қарауымыздағы адами капиталымызды дамытқанымыз жөн» деді Нұрсұлтан Назарбаев. /6/
Қалай айтсақ та экономиканың ел өмірінде маңызы үлкен. Экономика - қоғамды, адамзат көшін алға сүйрейтін алып кеме. Осынау алып кемені қай ел қалайша алып жүреді - бұл өз алдына бөлек әңгіме. Біздің айтпағымыз ел экономикасының, жалпы экономика тақырыбының БАҚ құралдарында насихатталуы, көрініс беруі. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпірінде жедел ақпаратпен, тұщымды хабарлар тартып, жұрт көкейінде жүрген жайттарды тап басатын Қазақ радиосының «Экономика және әлеумет» Бас редакцияс хақында. Сөзіміз түсінікті болу үшін алдымен шетелдік және отандық БАҚ-тағы экономика тақырыбының жазылу, берілу ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Ақиқатын айту керек, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында шетелдік БАҚ секілді экономика тақырыбына баса назар аударылмайтыны рас. Тек экономика тақырыбын жан-жақты саралап, талдап жұртшылыққа ұғымды ақпарат ұсынып отырған арнайы газет-журнал, теларна жоқтың қасы. Ал шетелде қалай? Бір ғана Ұлыбритания мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралдарын алайық. Айта кету керек, Ұлыбритания - экономикалық және қаржы жайындағы ақпараттардың маңызын бірінші болып аңғарған ел. Осы елде жарық көретін «Файнэншл таймс» деген газеті әлемдегі беделді басылымдардың бірі. Оның әрбір беті нақты ақпараты бар кестемен толықты. Мысалы, көмірдің бағасынан бастап, бағалы қағаздардың қанша тұратыны бүге-шігесіне дейін жазылады. «Рейтер» ақпарат агенттігі тек экономикалық жағынан өркендеген жоқ, тіпті американдық ірі ақпарат агенттігі ЮПИ-ді де сатып ала жаздады. Себебі экономикалық тұрақтылық пен қаржылық ақпаратқа мойын бұру. Саяси жаңалықтарды сату барысында ақталмай қалған шығынның орнын қаржылық ақпарат жапты. Британияда әлі күнге дейін қаржылық жағынан мәлімет беретін пресс-ұйымдар көбейіп келеді. Көп жылдан бері Англияда журналист болып жұмыс істейтін Спартак Беглов «Британская печать на исходе века» (Москва, 1995) атты еңбегінде тұманды альбион еліндегі «Файнэншл таймс» газетінің Лондон, Париж, Нью-Иорк, Токио, Франкфургте бір уақытта әлемнің бес астанасында таралатындығын тілге тиек еткен. Европалық бизнесмендер мен экономистердің арасында басқа басылымдарға қарағанда «ФТ-ні» жаздырып алушы газет оқырмандардың саны да 4 есеге өскен. Ресейде «ФТ» мен «Известия» газетінің біріккен «Финансовые известия» деген басылым бар. Егер «ФТ» оқырмандарына ақпаратты толық бере білгені үшін баурап алса, ал ағылшындық «Экономист» газеті қысқа әрі нұсқалығымен жұрт көңілінен шығып отыр. Бүгінде «Экономист» басылымына жазылушылардың шетелдегі оқырман саны 80 пайызға жетті. Редакцияның құрамында «Экономист интеллидженс юнит» атты зерттеу қызметі жұмыс жасайтындықтан олар газетте құпия қызмет атқарады. «Рейтер» электронды брокерлік қызметке көшті. Бұл дегеніңіз телеграфты агенттік әлемнің көптеген танктерінен 19 мың диллерлік видеоматериал алады деген сөз. Есесіне 50 пайыздық валюталық келісімдер жасалады. Мұнда 10 мыңнан адам жұмыс істейді. Мәскеудің өзінде агенттіктің 50 тілшісі бар. Әлемнің 150-ден астам елінде тілшілер қосыны бар. «Рейтерге» түсетін 70 пайыз табыс осы экономикалық жаңалықтарды таратудың нәтижесі, ал саяси ақпараттар бар-жоғы 10 пайызды құрайды. Яғни бір жылдың ішінде агенттік бір жарым миллион фунт стерлинг пайда табады. /7/
1990 жылдардың басында «Рейтер» Лондондағы «Висьнюс» видеоқызметін жаулап алды. «Рейтер ТВ» деп аталатын бұл телеарна бүгінде әлемнің 10-даған еліне ақпараттық телесюжеттерді таратумен айналысады. Сондай-ақ «Рейтер» британдық Ай-Ти коммерциялық телеарна негізінде қайта құрылды. Басты мақсат - телеарна негізінде тәуелсіз телеақпарат агенттігін құру. «Дәмсіз», «көңілсіз» деп саналған қаржылық-экономикалық жаңалықтар газет-журналдың немесе телеграфты агенттікте ғана емес, көңіл-көтерушілікке бағытталған телеарналарда да көрсетіледі. «Мир» телеарнасынан шығатын «Телебазар» бағдарламасы ғаламдық телемаркет нұсқасына лайықталған. Бұл супермаркет телеара арқылы тауарды сату, оған тапсырыс беру сияқты жүйені қалыптастырды. /8/
Экономикалық ақпараттың электронды пішініне В. Кулев «Деловая пресса Россий» атты зерттеуінде ерекше тоқталып өтеді. Ғалымды қызықтырғаны экономикалық ақпараттың аудиовизуальді пішінде таралуы. Тауарға ақшасын төлеп қойған тұтынушы кез-келген уақытта оны пошта мен факс арқылы алуына болады. /9/
Ұлыбритания БАҚ-дағы экономика тақырыбы туралы сөз осымен тәмам. Енді солтүстіктегі көршіміз Ресейдің БАҚ-ындағы экономика тақырыбына шолу жасап өтсек. Бүгінде Ресейде де экономикалық ақпараттарға сұраныс жоғары. Мұны «Деловой мир», «Экономическая жизнь», «Финансовые известия», «Коммерсант-Дейли», «Ин-бизнес», «Содружество» басылымдарының жарыққа шығуынан-ақ анық аңғаруға болады. Айта кету керек, алыс шетелдерде бизнес-ақпарат көбінесе газеттің бір бетіне немесе блоктарында ғана жарияланады. Іскерлік ақпараттардың көпшілігі тұтынушыларға электронды арналар арқылы жетеді. Ал Ресейде экономикалық ақпараттар көбінесе қоғамдық-саяси баслымдарда да жарияланады. /10/
Қазіргі таңда ИТАР-ТАСС агенттігі де іскер агенттіктердің біріне айналып отыр. Бұл агенттік қазір ЭКО-ТАСС деген орыс-ағылшын тілдерінде бюллетень шығарады. ИТАР-ТАСС-та сонымен қатар телевизиялық ақпарат агенттігі де бар. Олар РТР телеарнасынан аптасына «Бизнес в Россий» деген бағдарламаларын шығарады. Модемді байланыс бәсекелестердің алдын орауға көмектеседі. Қазір Ресейде іскер басылымдардың саны 300-ге жетті. Мәскеудің бір ауданында ғана 60 басылым жарық көреді. Ал Петербургтегі аудандардың өзінде 10-нан асады. Бұл Ресейдегі қарқынды дамып келе жатқан саланың біріне айналды. Сондай-ақ «Приглашаем на работу», «Акционер», «Рынок», аудандық басылымдардан «Экономика и мы», Уфадан «Деловая провинция» газеттері жарық көреді. Соған ұқсас бізде «Кустанайские вести» деген басылым бар. Бұл газет 43 мың данамен басылып шығады. Қандай да бір республикалық басылым мұндай тиражбен мақтана алмайды. Қазақстандық бұл газет Ресейдің 5 облысына таралады. Басылым ресейлік жарнамаларды да жариялай береді. Бұл газеттер экономикалық, қоғамдық-саяси тақырыпты араластырып жазады. Басылымды ғылым докторы В. Харченко басқарады. Бір қызығы, бұл газет газет жазылушы оқырманды ақшамен емес, астықпен жазылуына мүмкіндік жасаған. Кейде тіпті қарызға жаздырып алады, кейін астық жинау кезінде есеп айырысады. /11/
Бізде қалай? Еліміздің БАҚ-та экономика тақырыбы қалайша жазылады? Мазмұны қандай, мәні қандай? Шынын айту керек, еліміздің БАҚ-та экономика тақырыбының ақсақ құланның күйін кешіп тұрғаны рас. Экономика тақырыбында өндіртіп жазатын журналистер де некен саяқ. Тек қана экономика тақырыбына қалам тартатын, материалдар жариялайтын арнайы басылымдар да жоқтың қасы. Экономика тақырыбы отандық БАҚ-та қалайша көрініс беріп жатыр? Шынын айту керек, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары экономика тақырыбына қалам тартып, қыруар қаржыға кенелтіп жатқан жоқ. Десек те экономика тақырыбы көштен қалмай газет-журнал бетінде жарияланып, телеарналардан көрсетіліп тұрады. Бұл ретте «Хабар», «Қазақстан», «Рахат», «31» арна телеарналарымен «Нұр-Астана», «Жас қазақ үні», «Егемен Қазақстан», «Жас қазақ» басылымдарын атауға болады. Осылардың ішінде «Хабар» телеарнасындағы журналист Азамат Кенженің отандық экономиканы жан-жақты саралап, халықаралық экономикалық жаңалықтарды жұртшылыққа күнделікті ұсынып отыратын хабарлар топтамасын айрықша атауға болады. Бағдарламадан журналистің экономика тақырыбын жетік меңгергендігі анық аңғарылады. Біздіңше осындай тұщымды хабарлардың қазақ журналистикасындағы экономика тақырыбының жазылуына, берілу формаларына тың серпін әкелері анық. «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Инвестиция иірімдері» бағдарламасының да көтерер жүгі салмақты. Бұл бағдарлама еліміз экономикасын, республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды жан-жақты сөз етеді.
Басылымдарға келсек, экономика тақырыбын жазуда «Нұр-Астана» басылымының шоқтығы биік. Басылымда ел экономикасының келешегін, бүгінін жіліктеп, жіктеп саралаған материалдар жиі жарық көреді. Қалалық «Алматы Ақшамы» басылымы да ел экономикасының тыныс-тірішілігін назардан тыс қалдырған емес.
Ресейде тегін газеттер де тәжірибеден өтіп жатыр. Олар көп жағдайда жарнама-анықтамалық бағытта жарияланады. Сол жарнамадан түскен қаржы газетттің шығуына мүмкіндік туғызып отыр, пайдасы болғандықтар газеттер тегін беріледі.
Ал Қазақстанда осыған ұқсас «Ва-банкь» газеті бар. Ол 170 мың данамен таралады. Таратушылар оны пошта жәшіктеріне салады. Сондай-ақ газеттің жарнамалары мен радиодан қайталанады. Мәселен, «31» телеарна мен «Тотем» радио-станциясында көрсетіледі. Содан кейін алматыдағы 6 телеарнаға тарайды. Экономиканың жақсы бағытқа өзгеруі тек телебағдарламалардың мазмұнының немесе газет бағанасының өзгеруіне ғана емес, газеттің толық өзгеруіне әкеліп соғады. Ресейдің өзінде 1990-1993 жылдар аралығында мыңға жуық жаңа газет пайда болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлармен бірлескен баспалық өнімдер пайда болды. 1992 жылы «Известия» газеті американдық бизнесмендермен бірігіп «We - Мы» деген ағылшын-орыс тілдерінде күнделікті газет шығарды. «Московские новости» газетінің ұжымы мен атақты Нья-Иорк таймс газеті орыс тілінде «Нью-Иорк таймс» атты күнделік-дайджесті шығарды. /12/
Қазір әрбір редакция үшін бизнес-жоспар маңызды. С. Гуревич «Газета и рынок: как добиться успеха» деп аталатын еңбегінде шығын мен жетістікке жеткізудің жолдарына арналған 34 тармағын атап көрсеткен.
ШЫҒЫНДАР
І Бүкілредакция шығыны
1. Штаттағы қызметкерлерге төленетін жалақы.
2. Әлеуметтік сақтандыруға кететін шығын.
3. Әлеуметтік сыйақы қоры
4. Әлеуметтік даму қоры
5. Іс-сапарға кететін шығын
6 Телефон, факс, пошта шығындары
7 Өкілдік шығындар
8 Маркетинг бюджеті
9 Құрылтайшы шығыны
10 Баспаға кететін шығын
11 Жиһаз бен бөлмені жалдауға кететін шығын
12 Редакция жабдықтары мен ғимаратты сақтандыруға кететіні шығын
13 Ғимаратты ұстап тұру шығыны
14 Жыл сайын жасалатын жөндеу жұмыстары мен амортизациялық шығындар
15 Кеңсе заттарын сатып алуға кететін шығын
16 Көлік шығыны
17 Газет-журналға жазылу
18 Жан-жаққа өнім даналарын жіберу шығыны
19 Мемлекеттік бюджетке кететін шығын
20 Журқор мен әдебиқорға кететін шығын
21 Журналистердің өмірін сақтандыру
22 Штаттан тыс қызметкерлерге төленетін жалақы
ІІ Баспа мен өндірістік шығындар
23. Қаламақы
а) шығармашылық адамдарға
б) редакциядан тыс авторларға төленетін сыйақы
в) ақшаны жіберу шығыны
24. Әлеуметтік сақтандыру
25. Қағаздың бағасы
26. Баспаханаға кететін шығын
27. Газетті тарату және жеткізуге кететін шығын
28. Фотоиллюстрация мен ақпарат алуға
КІРІСТЕР
1. Газеттің данасын таратудан
2. Жарнамадан түсетін пайда
3. Бүтіндей бетті сатудан түсетін пайда
4. Баспа өндірісінен түсетін түсім
5. Коммерциялық істерден түсетін пайда
6. Банктерде сақталудағы қаржы түсетін дивидент, резервті қордан түсетін пайда. /13/
Қазақ радиосындағы уақыттың талабына орай жаңадан құрылған редакциялардың бірі - «экономика және әлеумет» Бас редакциясы. Құрамында он екі адам жұмыс істейтін бұл редакция бүгінгі күні еліміздің жедел түрде дамып келе жатқан экономикасын тыңдарман қауымға насихаттап, осы саладағы жетістіктерді ел құлағына жеткізіп келе жатыр. Радионың көнекөз қызметкерлерінің айтуынша, бұрын экономика саласында хабар дайындайтын арнайы редакция болмаған. Экономикалық бағдарламар негізінен «Экономика баспалдақтары», «Тәулік тынысы» деген сияқты айдарлармен басқа редакциялардың ішінен белгілі бір уақыт аралығында шығып тұрған.
Дегенмен, бүгінгі күні «Экономика және әлеумет» Бас редакциясында дайындалатын хабарлар осы олқылықтардың орнын толтырды десе де болады. Өйткені редакция ұжымы дайындайтын ірі жобалар «Менің Қазақстаным» және «Атамекен аспаны» сынды хабарлар топтамасында ел үкіметінің іске асырып жатқан бағдарламалары, соңғы уақыттары оң нәтижесін бере бастаған экономикалық реформалар әуе толқынынан жүйелі түрде беріліп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz