Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.

Философия және саясаттану факультеті.

Социология кафедрасы.

Курстық жұмыс.

Тақырыбы: Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі.

Орындаған: Кенжебаев А. А.

Тексерген: Жаназарова З. Ж.

Алматы 2007 ж.

Мазмұны:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім:

2. 1. Ерлі - зайыптылардың отбасындағы арақатынастары, құқықтары мен міндеттері.

2. 2. Ата - ана және балалар арасын құқықтық реттеудегі әйелдің орны және ролі.

2. 3. Бала асырап алу және қамқорлық жасау мәселелері және әйелдің құқықтық мәртебесі.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет - ғұрып дәстүрін арнайы бақылап, оны жүйелі түрде зерттеп - зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуіріне барып тіреледі. Сол кезден бастап сахара жұртының әдет заңдары хатқа түсіріліп, оларды іздеп, жинау, жарияланған - зерттеу ісі бірте - бірте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер көшпелі қазақ әдет - ғұрып заңдарының зерттелу барысын Ресейдің қол астына ену кезеңінен бастауға ғана мүмкіндік береді.

Сахара жұртының әдет құқығын зерттеуді осы уақыттан бастап алғанда шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар Ресей өкіметі кезеңінде әдет заңдарын жинап, жариялау, Кеңес дәуірінде оларды зерттеп - зерделеу қазіргі таңда ғылыми сарапқа алу.

Ресей империясы тұсында әдет - ғұрып дәстүрін зерттеудің өз ерекшеліктері болды. Бұл уақытта әдет заңдары көшпелі қазақ қоғамындағы басты құқықтық жүйе болғандықтан ол жайлы деректер жинап, жүйелеу және сарапқа салу патша органдарының ресми қызметі болды. Сондықтан бұл кезеңде әдет құқығы нормаларын іздестіріп, жинауға, оларды дұрыс ұғынып, түсінуге көп мән берілді. Екінші жағынан, ол нормаларды патшалы Ресей заңдарымен салыстыра қарап зерттеуге, өкімет саясатына және жарлықтарына қарсы келмейтіндерін қолдап, пайдалануға, ал қарсы келетіндеріне шектеу, тосқауылдар қойып, не оларды өмірден аластату шараларын іске асыруға көңіл бөлінді. Демек, жергілікті халықтың құқықтық нормаларын жинақтап зерттеу, көп жағдайда ресми органдардың тапсырмасымен, бақылауымен және солар тарапынан іске асты. Әрине бұл жайт осы уақыттағы қазақ әдет - ғұрып құқығының жариялану және зерттеліну барысына әрі деңгейіне әсер етпей қалған жоқ. Тіпті, жеке - дара зерттеушілердің өздерінің еңбектері де әдет заңдары жайлы ресми органдардың бағыт - бағдарын, сарынын және бағасын ескеріп отыруға мәжбүр болды.

Халқымыздың құқықтық болмысы 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап жан - жақты зерттеле бастады. Зерттеу еңбектерінің ең алғашқыларының бірі- А. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген атақты монографиясы. Оның еңбегі сол ғасырдың басындағы қазақ өмірінің шынайы шындығын жан - жақты сипаттаудың ең жақсы үлгісі болды. Оның ішіндегі аса құндылары әйел құқына байланысты: құдалық, қалың мал, үйлену әдет - ғұрыптары, өлікті жерлеу, ас беру салттары мен Тәуке ханның әйгілі “ Жеті Жарғысы ” жайындағы сипаттамалары болып есептеледі.

19 ғасырдың 60-70 жылдарында жазылған Ф. Лазаревский, Ы. Алтынсарин, В. плотниковтың, И. Ибрагимовтың еңбектерінде де әйел құқықтары жөнінде көптеген қызықты деректер келтірілген. Торғай облысының әскери губернаторы генерал - лейтенант Л. баллюзек жариялаған еңбектегі қыруар деректерді губернатордың тапсыруымен қазақ әкімдері мен билері, қазақтың оқыған азаматтары жинаған. Бұл кітапта қазақтың өте көне әдеттері мен сол замандағы ғұрыптардың салыстыра қатар баяндалуы да құптарлық.

Осы ғасырдың 80 жылдарында қазақтың әдеттік құқығы туралы үлкен-кішілі үш еңбек жарық көрді.

Оның бірі - 1882 жылы шыққан И козловтың мақаласы. Тиісті деректер негізінде жазылған П. Маковецкийдің, 1889 жылы жарық көрген Н. Гродековтің еңбектерінен де тек құқықтық мәселелер ғана емес, сонымен бірге отбасы және неке тарихына байланысты әдет - ғұрыптар, әйел құқы этнографиялық деректерді көп кездестіреміз. Сондай - ақ Н. Малышев, И. Аничков, А. Диваев, ал Кеңес өкіметі кезінде бұл мәселені көтерген Т. Күлтелеев, С. Юшков, С. Фукс еңбектері қазақ әйелінің құқықтары туралы мәлімет берді. Ал өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ әдет - ғұрып құқығының проблемаларын зерттеумен Қазақстан Ғылым академиясы жанындағы философия және құқық институтының бірнеше ғалымдары шұғылданды. Саяси және идеологиялық қысымшылықтарға байланысты тоқталып қалған қазақ әдет - ғұрып заң нормаларын зерттеулер 70-жылдары академик С. Зимановтың бастауымен өз жалғасын тапты.

Ол кісінің өз еңбектері және оның шәкірттерінің ізденістері қазақ әдет - ғұрып құқығының әйелдің құқықтық мәртебесін зерттеуде айтарлықтай нәтиже берді.

Көптеген зерттеушілер қазақ халқының және құқық тарихын оқып - үйренуде шариғаттың қазақ әдет - ғұрпы қалыптасуының қайнар көзі бола отырып, негізгі роль атқарғанын жоққа шығарады. Әдеттік қағида - ережелердің ең басты қайнар көзі - әдетке терең үңіліп, оның қалайша пайда болғаны, түзілісі мен мазмұнына мән бермейді. Содан келіп, әдет ежелден бері ауыздан - ауызға, атадан - балаға ауысып келе жатқан қағида - ережелер деген жалаң пікірден әрі бара алмайды.

Қазақ халқы қалыптасып, аренаға шыққан кезде өзіндік сипаты бар әдеттік заңдары да қалыптасып үлкен және кіші заңкодекстерін іздестіріп, ол құқықтық нормаларды қоғам өмірінің әр алуан тармақтары үшін лайықты түзеп, әрі олар арқылы қоғамдық қарым - қатынастарды реттеп бір арнаға келтіруге арналған ізденіс жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бұл еңбектерде әйел құқының көшпелі қоғамдағы мәртебесі туралы мәліметтер бар.

1. Ерлі - зайыптылардың отбасындағы арақатынастары, құқықтары менміндеттері.

Қазақ ұғымында отбасы өмірдің тұтқасы, үй ішінде от жағылатын ошақтың төңірегі, оттың маңайына тартқан жан балқытар жылуы. Отау қазақ дәстүрі бойынша тұңғыш ер баланың үйленгеннен кейін өз алдына шаңырақ көтеріп, өз үйінің түтінін түтеуі, жеке қазан асуы. Қазақ өмірінде баласына отау тігіп, бөлек шығару ата-ананың борышы саналады және жүзеге асқан адамдық арманы. Мақсаттың орындалуы жеке отаудың шаңырақ көтеріп, ошақ асуы. Соның арқасында өмірде жаңа бір үй еңсе көтереді де, қоғамнан өзінің орнын иемденеді. Мұны жұрт өздерінің орталарында бір үйдің қосылғаны деп, мейірлі қуанышпен мақтаныш етеді.

Екі үш баласы бар отағасы тұңғышы бас құрғаннан кейін жағдайына қарай енші беріп, отаулап шығарады. Балаларына енші беріп бөлек шығару әдеті негізінен олардың үйленуіне байланысты болды. Жаңа түскен келін әдетте бір-екі жыл ата енесімен бірге тұрып, әр нәрсеге үйреніп, өз бетінше өз алдына отау болып бөлінетін де еншісін алатын. Отбасылық әрекет соған бағындырады. Ержетіп үйленген балаларды енші беріп жеке шығарудың зор саяси-шаруашылық маңызы болды. Бұл әсіресе, әкенің қоғамдық ықпалын көтеруге себін тигізетін. Оның үстіне қазақ жанұясында әкенің бірнеше үйленген балалары, оладан туған немерелерімен бірге үлкен семья қалпында тұра беру көпке созылмайтын. Өйткені бөтен елден өз отауымен, төсек-орнымен, киім-кешек, ыдыс-аяқ, мінер ат, сауар сауын және көлігімен түскен келіндер арасындағы келіспеушіліктерге байланысты және ауылындағы түтүн санын көбейтіп, жаңа қатынастарға ие болу үшін шамасы келген әрбір әке үйленген балаларын бірінен соң бірін бөліп отыруға өзінің борышы санайтын. Ол болса, үйленген, өз шаруашылығын өзі басқаруға жараған балаларды отау иесі ретінде жараған балаларды отау иесі ретінде бөлу, күнделікті өмір, талабына сай қалыптасқан қажеттілік және әр баласын жеке ауыл етуде етуі ірі байлар жұрт алдында мақтан ететін.

Көп әйел алған қазақ байлары олардың әрқайсысын балаларымен бөлек ұстайды, әрқайсысына енші бөліп береді. Мұндағы мақсат әке өлген соң, әр әйелдің балалары бір-бірімен тату, тыныштық сақтап тұрсын деген тілек еді. Әдетте бәйбіше балалары тоқал балаларына қиянат жасауға тырысатын. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, үй қожасы әр бір әйеліне өзі жеке-жеке шаруа бөліп беретін де, оған әрбір әйелдің кенже балалары мұрагерлік ететін әр әйелдің үлкен балалары өз шешесінің еншісінен үлес алып бөлек шығады. Кенже балаларға тиісті үлес, басқа балаларға қарағанда екі есе артық болады. Өйткені, бірі өз үлесі болса, екіншісі шақырақ үлесі, яғни үлкен үйдің сыбағасы болып есептеледі. Қазақ дәстүрінде бәйбіше балалары мен тоқал балалары әке мұрасына байланысты салмағы бірдей болмайды. Сондықтан әкесінің нағыз қара шаңырағыра бәйбішеден туған кенже бала ие болу керек. Кенже баланы бөліп шығармай, оның қолында болу дәстүрі тіпті осы кезге дейін сақталып келеді.

Көп балалалы ата-аналар ержеткен балаларын мезгілінде үйлендіріп, енші беріп, бөлек шығарып отырады. Әдетте кенже бала ержетіп үйленгенше, тіпті одан кейін де шаруашылыққа қартайғанша әкенің өзі басшылық етеді. Кей жағдайда, әсіресе, әке-шеше мүгедек болып, кенже ұлы ержетіп үйленгенше, шаруаға үйленген үлкен ұлы қарайтындықтан, ол әкесінен бөлінбей көп уақыт бірге тұрады. Халық дәстүрі бойынша кенже інісі үйленіп, шаруашылықты өз қолына алғанша қартайған әке-шешесінің шаруасына үлкен бала мен келін көмектесу керек.

Мұндай жағдайда әкенің басшылығымен бір семья болып үш ұрпақ(әке шеше, үйленген бала әйелімен және немерелер ) бірге тұрады. Бұл семьяда әкенің үйленбеген інілері мен кіші балалары да бірге тұруы ықтимал. Кейбір өзгеше жағдайларда, мәселен бұрыңғы өлген әйелінен туған балаларын үйлендіріп, енші беріп, бөлек шығаруда, онымен бірге үйленген ірілерін бірге шығарып оларға да енші беретін. Қазақ ғұрпы бойынша мұндайларды еншілес аға, іні дейтін. Әдетте ағасымен еншілес болған ініге қалындық айттырып, қалың мал төлеу әке мойнында болады. Кейде қалың малды еншісіне қосып та беруі, не өзінде қалдыруы да мүмкін. Мұның бәрі тікелей әке еркімен семьядағы әр әр түрлі жағдайларға қарай шешілетін. Үйленген баласына енші беріп, бөлек үлкен баласының қолына жіберудің өзі, жоғарыда айтылғандай, екі не көп қатын алған байлардың немесе әйелі өліп, екінші әйел алған кездегі жағдай. Өйткені алғашқы әйелден туған үлкен балаласы үйленіп бөлек шыққанда онымен бірге туған жас інісі кей уақытта соның қолына шығады да, оған енші бөледі. Мұндай балалар біріншіден, ағасының шаруашылығына себін тигізсе, екіншіден, тоқалдан туған басқа да баласы бар әкеге жеңілдік туғызады. Мұның өзі көбінесе өгей шеше және оның оның балаларымен сыйыспайтын жағдайда істеледі.

Отау иесі атанатын жігіттің барлық іс-қимылы, жүріс-тұрысы, пайым-парасаты үміт күткен әкенің сынағынан күнбе-күн өтіп жатады. Көңілі толса, отаулап шығарады. Алда-жалда баласының қылығынан шалғайлық тауып, шаруаға қырсыздығын байқаса, бөлек шығарып, жеке қазақ астыру ниетін орындауды кешеуілдетеді. Оған күнбе-күн жол сілтеп, тәрбиелеуді жалғастырады. Бұл болашақ отаудың іргесі берік, тұрмысы толыққанды болуының қамы.

Қазақ қай баласына болсын енші беріп, бөлек шығарарда ағайын туыстарын жинап, малың сойып кішігірім той жасайды. Әке шама шарқына қарай отандың еншісін атайды. Ол ешқандай дау тудырмауы керек. Қария адамдар жас отауға береке бірлік тілеп, мал мен бастық көп болуы туралы батасын береді. Әке шаңырағынан туыстары өз әлінше мал мен мүлік қосады, оны халық тілінде “тамыздық”, “жылу”, “немеурін” деп атайды. Бір әдеттің бұлайша үш түрде аталуы бертінде, көмектін аз көптігіне қарай қалыптасқан. Оның ең көбі “жылу”. Отауға берілетін барлық меншікті малға жаңа ен салып, бата берісетін.

Отау көтергенде ең алдымен ұлдың әкесі бір түйе береді. Мұнысы ел көшкенде жүртта қалмасын, шаңырағын артқын дегені. Шешесі бұзаулы сиыр береді. Бұл бала шағасына сусын болсын, ақтан қақтықпасын дегені. Осы екеуін білсе отаудағылар көліктен де, құрт, майданда тарықпайды.

Әке үйінен бөлінетін еншісінің негізгі түрі мал, шабындық, қора болатын. Еншіге салт мінетін ат, жүк артатын көлік, сауын сиыр, сауын бие және қой түліктерінен бөлінетін. Әкенің бергені балаға құт саналады. Бұл шара енші алған баланың бұдан былайғы жерге әкеге иек артуы тоқтатылады деген әдет-ғұрыптық келісім. Отау иесі бұдан әрі өзіне берілген малға өзі қожалық етеді. Ыстығына күйіп, суығына тонады, қиындығын иығымен көтереді Сөйтіп, үй шаруасын өз бетімен жалғастырады.

Тағы бір ерекшелігі үлкен үйден, яғни әке отырған үйден кейінгі беделді үй болып саналады. Сондықтан тұнғыш отаудың иесі өзінен кейінгі інілеріне үлгі көрсетіп, қамқорлық жасайды. Әдет-ғүрып бойынша бұл да бірінші отаудың өтеуге тиісті міндеті.

Қазақ өміріндегі бала өсіріп, тәрбиелеу ісінің мақсаты ұрпағының қызығын көрумен бағаланады. Отауға енші бөліп беру, сол мақсаттың орыңдалуы.

Жанұяда әке үкімі шексіз болған. Халық әдебиетінде отбасында әке сөзі “заң” еді. Ол соғанлайық болуға тырысты. Әкесінің іс-тірлігі балаларына үлгі болаты, ол қандай қиын қыстау кезенде де дінін сақтап, имандылық қасиеттерге үйрететін шариғат заңдарың насихаттап отбасындағы тазалық, ыңтымақарқылы салиқалы-салдарлы үлгілі ұрпақ өсіруге талпынды. Балалары әке тілегін, беделін жоғары ұстайтын. Ал әке өлген соң оның орнына семья бастығы боп қалған үлкен ағаның үкімі барлық басқа семья мүшелері үшін заңды болған. Жеке семья болып кеткен ұлдарына әкесінің не үлкен ағасының белгілі мөлшерде ықпалы жүретін. Шаруашылығы, яғни мал мүлкі бөлек болғанымен, барлық балалары әкесіен ақылдасып, оның айтқанын, көпшілік жағдайда, екі қылмайтың. Кейде, тіпті, әр түрлі жағдайларға байланысты малсыз қалған отауларға әкесі тарапынан екінші рет бөліну сияқты жағдайлар да кездесіп тұратын. Революцияға дейінгі қазақ қауымында қоғамдық мәселелерге байланысты әйелдердің орны еркектерге қарағанда әлде қайда кем саналатындығы кімге болса да аян. Ел арасындағы әр түрлі мәселелер мен ауыл, отбасы тағдыры лөбінесе ерлер арасында, онда да ақсақалдар шешетін. Ел арасындағы қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге былай қойғанда ерлердің өзі тел қатысқан жоқ, әр тайпаның өзіндегі белді ақсақалдарыөзара ақылдасып, ұйғарым жасайтын болды.

Қазақтар басқа шығыс халықтарына қарағанда әйелге өте бір ілтипатқа бөленген кеңдікпен қарағаны белгім. Сондықтан да көшпелі қазақ өркениетінде Томирис, Зарина Домалақ ана, Нарғыз, Бопай ханым, Топшай, Зере, Айғаным, Ақын Сара тағы басқалар даналық қасиеттерімен еліміздің намысын асқақтатқан ақылына көркі сай жандар шыққан. Әйелге деген құрметтін бастауыда әрі көрінеді. Л. Гумилев кезіндегі даланы мекен еткен ухуаңдар мен сәнби жұртында әйел қатты құрметтелген: оған қол жұмсауға болмаған, қыз сүйгенімен тұрмыс құрған және қалың малына өзі қожайын болған, әскери іс-әрекеттен басқа жұмыстың бәрін әйел шешкен дейді. Бұл дәстүрді басқа да сол кездерде қазақ жерін мекендеген тайпалардың, елдердің тарихынан аңғаруға болады. Ғұн елінде әйел сонымен қатар кең тараған “бейбітшілік пен іліктілік” келісімінде ел мен елді бітістіруші, жақындастырушы, татуластырушылық қызметін атқарған. Жалпы, қазақ әйелдері, теңсіздікте жүрген десек те, бұлар әртүрлі тарихи кезең перзенттері ретінде, ел мақтанышы болып, ер жүгін көтере білгендеріне тарихтың өзі куә.

Қазақ әдет-ғұрып заң нормалары бойынша әйелдерді масқаралау, оларға өсек таңу, кемсіту қылмыс саналады. Өйткені, әйел ана, ұрпақ жалғастырушы, бала тәрбиелешісі. Сондықтан да әдеттік заң қағидаларында олардың құқықтары жан жақты қорғалады. Мысалы, әйелдің күрек тісін сындырушы, емшегіне зиянкестік жасаушылар қатаң жазаланады. Өйткені, әйелдің тісі-тігін ісінде құралы, емшегі-нәрестенің тамағының қайнар көзі. Кейбір зерттеушілер анаға деген ықыласты теріс аударып, олардың халі құлдардан да жаман болған, куәлікке қатыстырылмаған, ерінен қалған сарқытпен ғана күнелткен, -деп заңсыз күйе жағуға тырысады. Әрине бұл барды көрмеушілік. Көптеген зерттеушілер Орта Азияның басқа отырықшы халықтармен салыстырғанда, қоғамдық өмірде қазақ әйелдерін салыстырмалы дербестілігі және еркіндігі атап өтеді. Ері жоқта кез-келген қазақ әйелдеріқонақ күтіп оның қонақасын, сый-сияпатын өздері жасай берген. Екі әйел бір еркектің барлық құқықтарына ие болған. Кезінде мұндай қылықтарға әйелдер үшін еркектермен бірдей айып салынған, -деген Л. Ф. Баллюзактің дерегінің жөні бар. Ал, Н. Гродеков ”әйелдер әлсіз, нәзік болғандықтан, өз намысын арашалай алмайды, ”-дейді. Сол себепті билер еркектерге қарағанда әйелдерге қарсы қылмыс жасаушыларға айыпты көбірек салатынын жазады. Қалай десек те, қазақ халқы басқа туыстас түркі халықтарына қарағанда әйелдердің елдің анасына балаған, қадір-қасиет тұтқан, ұстамды, тұрақты, ақылды болуын талап етіп, барынша нркіндік беріп ерлермен тең құқықта ұстағанын біз әдет-ғұрып заң нормаларының кез-келген тармақтарынан көре аламыз. Тіпті, өлең-жырлар, қиссаларда әйел образын, әсіресе қазақ әйелдерін жағымсыз кейіпкер ретінде көрсетпейді. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар т. б. жырларда қазақ әйелдері ерлермен терезесі теңдес, кейде олардан асып түседі. Қазақ әйелдері мұндай құқықтарға өздерінің аналық мейірімімен, мінез-құлқымен, жүректілігімен ие болғаны даусыз. Отбасында ана орны мәртебелі болған. Оған: “Жаман еркекті жақсы әйел есіктегі басын төрге сүйретеді”, “Әкесі өлсе жарты жетім, анасы өлсе толық жетім” тағы басқа мақал-мәтелдер куә болады.

Революцияға дейінгі әдебиеттердің көпшілігінде қазақ әйелдерінің қоғамдық қатынастарда правосыздығын орыды баяндаумен бірге, олардың семьядағы орнын, Орта Азия халықтары әйелдерімен салыстырғанда әлдеқайда еріктілігін негізінен дұрыс көрсетеді. Мысалы, Х. Сүлейменовтың “Уголовное закодательство в Казахстане в период интервенции и гражданской войны “ атты идссертациясынан біз мыманы оқимыз: “как местные суды жестоко карали узбечек, которые осмеливались открыть свое лицо или же одевать европейское платье. Следует указать на присуждение женщины за появление на улице с открытым лицом к к тюремному заключению, иногда на несколько месяцев. Такое же наказание назначалось за ношение сортянками русского платья. “

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар
Дәстүрлі құқықтық жүйе
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Некені бұзу және ажырасу түсінігі
Құқықтық жүйе
Еркекті адам ететін әйел
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz